Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері



Төл музыка дәстүр тереңінен тамыр тартып, біліктілік пен кәсіпқойлық деңгейде шыңдалса ғана өрге шабады. Қазақтың дәстүрлі музыкасын жоғары кәсіптік деңгейде өркендету мәселесіне түбегейлі бет бұрылып, ұлттық ділге, мемлекеттік тілге деген көзқарас оңғарыла бастаған сыңайлы. Бұл нышан таяуда Алматыда Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 60 жылдығына арналып өткізілген «Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік мәслихат барысында айқын танылды. Әрі бұл мәслихаттың осыған дейін өткізілген шаралардан өзгешелігі айтарлықтай болды. Мұнда 120-дан астам баяндама тыңдалып, алысты-жақынды шет елдің музыкалық жоғары оқу орындарынан келген 170-тен астам өкіл, ұстаздар қазақтың дәстүрлі музыкасының жанрлық және салалық тұрғыдан өркендеп, классикалық өнермен қатар дами бастағандығына көз жеткізді.
Бұл жиынның бір ерекшелігі консерватория тарихында тіл мен өнердің бірлігі, музыкалық оқу орындарындағы мемлекеттік тілді қолдану мәселесі тұңғыш рет ауқымды деңгейде қозғалып, мәслихат аясында қазақ тіліне қатысты мәжіліс тұңғыш рет өз алдына дербес өткізілді.
Профессор, даңғайыр күйші Қаршыға Ахмедияровтың «Тіл мен музыканың бірлігі» баяндамасында да нақ осы мәселе әңгімеге арқау болды. Ол музыканың тілді дамытудағы рөлі туралы айта келіп, «нарды тіл емес, күй иіткені рас, дегенмен, «өнер алды – қызыл тіл», ал сол тілді үйретудің барлық әдіс-мүмкіндіктерін жеткілікті қолдана алып жүрміз бе? Жоқ! Неге? Өйткені, бүгінгі күнге дейін таза жеткен тілдің бірден-бір қолдаушысы ән, саз, әуез, ырғақ, мақам екендігін ескермей отырмыз! Әрі, табиғатынан сазды, үнді қазақ тілінің мәйегі, мақамы жойылып, теледидар мен радио арналарындағы сөйлеу мәдениетінен жұрдай жүргізушілер мен

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Музыкалық білім және музыкалық
ғылымның өзекті мәселелері

Төл музыка дәстүр тереңінен тамыр тартып, біліктілік пен кәсіпқойлық
деңгейде шыңдалса ғана өрге шабады. Қазақтың дәстүрлі музыкасын жоғары
кәсіптік деңгейде өркендету мәселесіне түбегейлі бет бұрылып, ұлттық ділге,
мемлекеттік тілге деген көзқарас оңғарыла бастаған сыңайлы. Бұл нышан
таяуда Алматыда Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 60
жылдығына арналып өткізілген Музыкалық білім және музыкалық ғылымның
өзекті мәселелері атты ғылыми-тәжірибелік мәслихат барысында айқын
танылды. Әрі бұл мәслихаттың осыған дейін өткізілген шаралардан өзгешелігі
айтарлықтай болды. Мұнда 120-дан астам баяндама тыңдалып, алысты-жақынды
шет елдің музыкалық жоғары оқу орындарынан келген 170-тен астам өкіл,
ұстаздар қазақтың дәстүрлі музыкасының жанрлық және салалық тұрғыдан
өркендеп, классикалық өнермен қатар дами бастағандығына көз жеткізді.
Бұл жиынның бір ерекшелігі консерватория тарихында тіл мен өнердің
бірлігі, музыкалық оқу орындарындағы мемлекеттік тілді қолдану мәселесі
тұңғыш рет ауқымды деңгейде қозғалып, мәслихат аясында қазақ тіліне қатысты
мәжіліс тұңғыш рет өз алдына дербес өткізілді.
Профессор, даңғайыр күйші Қаршыға Ахмедияровтың Тіл мен музыканың
бірлігі баяндамасында да нақ осы мәселе әңгімеге арқау болды. Ол музыканың
тілді дамытудағы рөлі туралы айта келіп, нарды тіл емес, күй иіткені рас,
дегенмен, өнер алды – қызыл тіл, ал сол тілді үйретудің барлық әдіс-
мүмкіндіктерін жеткілікті қолдана алып жүрміз бе? Жоқ! Неге? Өйткені,
бүгінгі күнге дейін таза жеткен тілдің бірден-бір қолдаушысы ән, саз, әуез,
ырғақ, мақам екендігін ескермей отырмыз! Әрі, табиғатынан сазды, үнді қазақ
тілінің мәйегі, мақамы жойылып, теледидар мен радио арналарындағы сөйлеу
мәдениетінен жұрдай жүргізушілер мен жекелеген журналистер қазақ тілінің
қадірін әбден түсірді деп қынжылды. Оның пікірінше, көпшіліктің қазақ
тіліне деген ықыласын арттырудың бір жолы ретінде консерваторияның
ұстаздары музыканттарымен және орындаушылармен бірігіп жұмыс жүргізуі
керек.
Осы мәслихатта қазақтың дәстүрлі музыкасын жетілдірудің жолдары мен
бағыты қайта пысықталып, ән мен күй орындаудың шеберлігін кәсіптік деңгейде
дамыту турасында келелі мәселелер қозғалды.
Бұрын-соңды Мәскеу белгілеп берген оқу бағдарламасынан артық бағыт-
бағдар, жоспар жоқтай сезілген оқу әдістемесінің де барынша ұлттық сипатта
жүргізіле бастағаны музыкалық білім беру мәселелеріне арналған талқылаулар
барысында анық танылды. Ахмет Жұбанов, Бекен Жылысбаев, Мағауия Хамзин,
Жүсіпбек Елебеков, Әйткеш Толғанбаев секілді тұлғалардың шығармашылығына
талдау жасалып, өнегесі насихатталды. Қазақтың төл музыкасын салалық-
кәсіптік деңгейде дамыту мәселесі басты тақырыптардың біріне айналды. Халық
орындаушыларын республика жоғары оқу орындарында кәсіби маман есебінде
дайындаудың өзекті мәселелері айтылып, Дәстүрлі өнер - жыр, Дәстүрлі
өнер - ән, Дәстүрлі өнер - күй мамандықтары қатарына болашақта Дәстүрлі
өнер - би мамандығы қосылу керектігіне назар аударылды. Ұлттық
классикалық өнеріміздің негізіне айналған хореографиялық би қойылымдарды
жоққа шығармаймыз. Дегенмен, ежелден қазақтың халықтық би өнері өте жоғары
деңгейде дамығандығын ескере отырып, консерваторияда танымал биші Шұғыла
Сапарғалиқызы бастап қазақтың дәстүрлі бишілік мамандығына баулитын шағы
жетті деген Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
профессоры, жырау Алмас Алматовтың пікірін тірілткен Құрманғазы атындағы
қазақ ұлттық консерваториясының халық әндері кафедрасының аға оқытушысы
Қанат Құлымжанов дәстүрлі әншілердің даусын шыңдау ерекшеліктеріне
тоқталды. Мәслихатта қазақ тілінде жасалған Қайдасың сен, қоңыр үн?,
Қазақ халқының мәдени мұрасын сақтаудың негізгі тұтқасы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагог-музыкантты дайындауда музыкалық-тарихи және музыкалық-теория мәселелері
Халық музыкасы
Психологиялық сауаттану
Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері
Орталық Азия халықтарының ортағасырлық мәдениеті
Азияның ортағасырлық мәдениеті
Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық әдістерге енгізу
Қазақстан Республикасының Университеттік білім беру жүйесінде тұлғаға этномәдениеттік білім беру мен тәрбие берудің ұлттық моделін құру
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда кәсіптік білім берудің педагогикалық шарттары музыка пәндерінің материалдары негізінде
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби даярлауда көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдас-тырудың педагогикалық шарттары
Пәндер