Көмір сутекті газдарды тазалаудың технологиялық параметрлерін автоматты бақылау


Аңдатпа

Курстық жоба, яғни «Көмір сутекті газдарды тазалаудың технологиялық параметрлерін автоматты бақылау» тақырыбындағы жоба бірнеше бөлімдерді қамтыды. Осы бөлімдерді қысқаша шолып өтетін болсам, бұл курстық жобада 40 бет, 10 сурет және 5 параметрлердің функционалдық схемасы көрсетілген. Олар: «Кіріспе», «Көмір сутекті газдарды тазалаудың технологиялық параметрлерін автоматты бақылау», «Курстық жобаның мақсаты», «Көмір сутекті газдарды тазалаудың технологиялық параметрлерін таңдау және негіздеу», «Көмір сутекті газдарды тазалаудың технологиялық параметрлерін автоматтандыруға керекті техникалық құралдарды таңдау мен талдау», «Автоматты бақылау жүйесін құрастыру», «Автоматты бақылау құралдарының спецификациясы», «Қорытынды». Бұл бөлімдерде жалпылама түрде технологиялық процестің физика-химиялық сипаттамалары мен оның технологиялық процесі қарастырылды. Сонымен қатар технологиялық процестер жүретін қондырғылар туралы мәліметтер көрсетілді.

Курстық жобаның негізгі мақсаты мұнайдың құрамындағы газдардан тазарту үшін мұнайды физикалық тұрақтандыру процесін қолдана отырып, технологиялық параметрлерін автоматты бақылау.

Технологиялық процестерді басқару мен бақылау үшін сезгіш элементтерден келіп түсетін сигналдарды дер кезінде керекті басқару құралдарына жеткізу керек. Сол үшін технологиялық параметрлерді қабылдайтын сезгіш элементтерді дұрыс таңдап, сол процестерді басқаруға керекті деп таңдап алынған контроллерлерге жеткізу курстық жобаның негізгі мақсаттарының бірі.

Мазмұны

Аңдатпа . . . 4

Нормативті сілтемелер: . . . . . . 6

Анықтамалар. . …… . . . ………7

Белгілер мен қысқартулар . . . 8

Кіріспе . . . … . . . 9

1 Көмір сутекті газдарды тазалаудың технологиялық параметрлерін автоматты бақылау . . . 11

1. 1 Мұнай және оның қасиеттері . . . 14

1. 2 Мұнай кен орындарын игеру жүйесімен технологиясы……… . . . … . . . 15

1. 3 Мұнай сипаттамасы . . . 17

1. 4 Көмір сутекті газдарды өңдеу . . . 19

1. 5 Көмір сутекті газдарды тазалаудың технологиялық параметрлерін автоматты бақылау . . . 21

2 Курстық жобаның мақсаты. . . . 23

2. 1 Көмір сутекті газдарды тазалау процесінің бақыланатын технологиялық параметрлерін таңдау және негіздеу . . . 23

2. 2 Көмір сутекті газдарды тазалау процесін автоматты бақылауға керекті құралдарды таңдау мен талдау . . . 23

2. 3 Автоматты бақылау жүйесін құрастыру . . . ………21

2. 4 Автоматты бақылау құралдарының спецификациясын жасау…… . . . 21

3 Көмір сутекті газдарды тазалау процесінің бақыланатын технологиялық параметрлерін таңдау және негіздеу . . . 24

3. 1 Температураны таңдау және негіздеу . . . 25

3. 2 Қысымды таңдау және негіздеу . . . 22

3. 3 Деңгейді таңдау және негіздеу . . . 23

3. 4 Шығынды таңдау және негіздеу . . . 24

3. 5 Концентрацияны таңдау және негіздеу . . . …24

4 Көмір сутекті газдарды тазалау процесін автоматты бақылауға керекті техникалық құралдарды таңдау мен талдау . . . 25

4. 1 Температураны өлшеу құралдарын талдау және негіздеу… . . . 26

4. 2 Қысымды өлшеу құралдарын талдау және негіздеу…… . . . 27

4. 3 Деңгейді өлшеу құралдарын талдау және негіздеу… . . . 28

4. 4 Шығынды өлшеу құралдарын талдау және негіздеу… . . . 29

4. 5 Концентрацияны өлшеу құралдарын талдау және негіздеу… . . . 30

4. 6 Қалқанда орналасатын өлшеу құралын таңдау . . . 35

4. 7 Контроллер таңдау . . . 35

Қорытынды . . . …. . 37

Пайдаланған әдебиеттер . . . 38

Нормативті сілтемелер

Курстық жобада келесі нормативті сілтемелерге сүйендік:

  • техникалық регламенттер;
  • мемлекеттік стандарттар (СТ РК) ;
  • мемлекет аралық стандарттар (ГОСТ) ;
  • халықаралық стандарттар;
  • техникалық шарттар, т. б.
  • ГОСТ 2. 106-96 - Единая система конструкторской документации. Текстовые документы;
  • ГОСТ 2. 109-73 - Единая система конструкторской документации. Основные требования к чертежам;
  • ГОСТ 2. 302-68 - Единая система конструкторской документации. Масштабы;
  • ГОСТ 2. 708-81 - Единая система конструкторской документации. Правила выполнения электрических схем цифровой вычислительной техники;
  • ГОСТ 2. 301-68 - Единая система конструкторской документации. Форматы;
  • ГОСТ 2. 710-81 - Единая система конструкторской документации. Обозначения буквенно-цифровые в электрических схемах;
  • ГОСТ 2. 781-96 - Единая система конструкторской документации. Обозначения условные графические. Аппараты гидравлические и пневматические, устройства управления и приборы контрольно-измерительные;
  • ГОСТ 2. 102 -68 ЕСКД. Виды и комплектность конструкторских документов;
  • ГОСТ 2. 104-2006 ЕСКД. Основные надписи;
  • ГОСТ 2. 201-80 ЕСКД. Обозначение изделий и конструкторских документов;
  • ГОСТ 2. 301-68 ЕСКД. Форматы;
  • ГОСТ 2. 304-81 ЕСКД. Шрифты чертежные;
  • ГОСТ 2. 321-84 ЕСКД. Обозначения буквенные;
  • ГОСТ 2. 601-2006 ЕСКД. Эксплуатационные документы.

Анықтамалар

Автоматика - адамның қатысуынсыз - ақ жұмысты белгілі бір механизмдердің көмегі арқылы немесе орындалып жатқан процесті реттеп отыру.

Автоматтандыру - өндірістік процестерді адамның қатысуынсыз басқару мен қадағалау.

Өлшеу - белгілі техникалық құралдардың көмегімен физикалық шаманың тәжірибе арқылы мәнін табу.

Қате - өлшемнің шын мәні мен оның өлшенген кездегі мәндерінің арасындағы айырмаға тең шаманы айтады.

Өлшеу құралдары - өлшенетін мәліметтерді ыңғайлы түрде көрсететін құрал - жабдық.

Өзгерткіштер - өлшенетін мәліметтердің көзі болып табылатын және алыс жерге жеткізетін сигналдың көзі ретінде пайдаланылатын өлшеу құралы.

Өлшенетін шама - өлшеу үшін таңдап алынған физикалық шама.

Сезгіш элемент - технологиялық параметрдің мәнін [2] өлшейді.

Электр тоғы дегеніміз - электр зарядын тасымалдаушы электрондардың бір бағытты қозғалысы.

Белгілер мен қысқартулар

Курстық жобада келесі белгілер мен қысқартулар пайдаланды:

Т. б - тағы басқа;

т. с. с - тағы солар сияқты;

кг - килограмм (салмақ бірлігі) ;

P - қысымы;

F - шығын

T - температура

т - тонна

L - деңгей

м - метр (ұзындық бірлігі)

мм - милиметр (ұзындық бірлігі)

млн. т - миллион тонна (салмақ бірлігі)

мА - миллиАмпер

мВ - миллиВольт

ºС - Цельсийдің шкаласы

ВА - вакуумдік айдау

т. с. с - тағы солар сияқты

t r - уақыты

V r - көлемі

С 1 4 - көмірсутектер

h - шыңның биіктігін

Px(%) - анықталушы компоненттің мөлшерін

K s , K h - компонент массасы - шың биіктігі (немесе ауданы) координаталарындағы графиктердің бұрыштық коэфициенттері.

Па - Паскаль.

Кіріспе

Қазіргі заманда дүниежүзілнің экономикасында мұнай мен газдың алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда миллиардтаған адамдар есептеп жатпастан мұнай мен газды күн сайын, сағат сайын қолданады.

Қазақстан әлемнің байырғы мұнай шығаратын елдерінің бірі болып табылады, оның табиғи байлықтары орасан зор, атап айтқанда табиғи жанғыш қазбалар қорлары : мұнай, газ және көмірге өте бай мемлекет. Мұнайдың жер бетіне шығуын Каспий теңізінің жағалауында 500 жыл алдын, ал газдың жер бетіне шығуын Кавказда және Орталық Азияда біздің заманнан 6 мың жыл бұрын ғалымдар байқаған. Мұнай өндірістік мәнге XYIII ғасырдан бастап ие бола бастады.

1970-1980ж аралығында дүние жүзілік отын-энергетика балансында, мұнай мен газдың үлесі жоғары темппен өсті, бірақ ол кейін баулады. ОЭБ дүние жүзі елдерінің мұнай мен газды пайдаланудағы үлесі әртүрлі. Мұнай мен газды энергия қоры есебінде пайдалануда 1987 жылы АҚШ-та - 64, 7%, Италияда - 82, 4%, Францияда - 56, 4%, Жапонияда - 64, 8%, ГФР және Ұлыбританияда - 56-60 %, Канадада - 47, 7%, Норвегияда - 28, 9 %, ал бұрынғы КСРО-да көмірсутекті отындар үлесі 1985-1990 жж шамамен 73% құрады. Бұл көрсеткіштер барлық елдерде де, мұнай мен газдың (оларды өндірмейтін елдерді қоспағанда) энергия қорының негізін құрайтынын көрсетеді.

Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің атасы Ембі өңірі деп айтуға болады. Ембінің 70 жылдық тарихында байлығын барлау және игеріп өндіріске қосу үшін 30-жылдан астам кен орындары жұмыс істеді. Жаңадан ашылған мұнай-газ кен орындарының қоры өндіріліп жатқан шикі зат шоғырларынан әлдеқайда асып түсті. Жаңа кен орындарының Орал- Ембі аудандарының әр тұстарынан табылуы оның келешегінің зор екенінің айғағы.

Мұнайлы кең өлке Солтүстік және Оңтүстік Ембіні қоса жанастыра Каспий маңы ойысының бүкіл оңтүстік-шығыс қанатында белгіленді.

Қазіргі Қазақстан Республикасының " Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы мен оның салаларындағы негізгі инженер-техникалық құрам мұнай факультетінің түлектерімен жасақталған . Онымен қоса Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің түлектері мұнай-газ өнеркәсібінің техникасы мен технологиясын саяси және тікелей басқару жүйелерін басқарып отырады.

Бұрынғы КСРО өзін мұнаймен толық қамтамасыз етумен қабат, оны көп мөлшерде Батыс және Шығыс Европа елдеріне, өркендеуші елдерге экспортқа шығарып, мемлекеттің валюталық қорын толтырып, шет елдерден өндірістік және тұрмыстық тауарлар алып келді.

Қазақ мемлекеті де келешекете мұнай мен газконденсатын экспортқа көп мөлшерде шығару арқылы, елдің валюта қорын көбейтуде, өндірістің техникасы мен технологиялық жабдықтарын жаңартып, экономикасын көтеруде көптеген шаралар жоспарлауда.

Кең-байтақ Қазақстанда мұнай- газ кен орындарын барлау Батыс Қазақстан (Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Орал) өлкелерінде ғана емес, Шығыс Қазақстанда Торғай ойпатында жүргізілді. Соынң арқасында Оңтүстік Торғайдағы Құмкөл кен орны 1990 жылы пайдалануға берілді. Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің бастауы бар, бірақ тоқтауы жоқ, өйткені туған жеріміздің тұла бойы тұнған байлық . . .

Автоматты түрде өндірісті басқару үшін электронды есептеу машинасының алатын орны бөлек. Микроэлектронды есептеу машинасының көмегімен объектіде болып жатқан шексіз мәліметтерді өңдей отырып, технологиялық процестерді ең жақсы, үйлесімді жүйеге келтіруге болады. Автоматты басқарудың жүйесін жобалаған кезде объектідегі жүріп жатқан технологиялық процестердің негізгі [2, 3] деген параметрлерін өлшеу құалдарының дәлдігінің төмендегінің салдарынан анықтауға мүмкіншілік болмай қалатын жағдайлар кездеседі. Сонымен қатар, технологиялық процестерді білетін технологтар, өлшеу құралдарының өлшеу мүмкіншіліктерін және метрологияға қатысты сұрақтарды біле бермейді.

Технологиялық процестерді автоматты түрде реттегіш жүйенің негізі сол процестерді атоматты түрде бақылау болып табылады. Яғни, технологиялық процестерді бақылау үшін, процестердің қайсыбір қасиетін сипаттайтын шаманы (параметрін) өлшеу қажет. Өлшеу үшін арнайы өлшеу құралдарының құрылыстары бір-біріне ұқсамайтын әрқилы болуы да мүмкін.

Өлшеу кұралдарының көмегімен әртүрлі технологиялық параметрлерді өлшеу және өлшеу құралдарының, сезгіш элементтердің схемалары қарастырылған. Сонымен қатар, шет елдердің өлшеу құралдарына да көңіл бөлінген. Атап айтатын босақ Хонневелл, Сименс, Фишер, Метран, Комбит фирмаларының өлшеу құралдарының өзгешіліктері мен артықшылықтарана, олардың технологиялық процестер мен өндірістерді басқарудағы алатын орындарына қарай салыстыра отырып таңдау.

  1. Көмір сутекті газдарды тазалаудың технологиялық параметрлерін автоматты бақылау

1. 1Мұнай және оның қасиеттері

Мұнай - сұйық каустобиолеттср катарына жататын табиғи ішкі зат. Мұнай _ ашық сары, жасыл жәнее қоңыр қош-қыл. кейдс қара түсті болып келетін, өзіне тән иісі бар, ультракүлгіп сауле жарығын шығаратын сұйықтық. Оның түсі құрамындағы элементтерге баиланысты. Кей жағдайларда түсі ақшыл мұнай да кездеседі, мысалы: Әзірбайжан мемлекеттеріндегі [8] Сурахаиа кен орнынан ақтүсті мұнай өндіріліп келеді. Генетикалық тұрғыдан алғанда мұнай шөгінді тау жыныстары орталығында пайда болған, басқаша айтқанда мұнай тектерінің езгерістсрге ұшы-рауынан пайда болған органикалық заттардың қалдығынан өз алдына көшу (миграция) арқылы шоғырланып жиылған табиғи концентрат болып саналады.

Химиялық жағынан мұнай сұйық көмірсутектерінің метандык, нафтендік, ароматтық қатарларының күкіртті, азотты және оттекті қосылыстарының коспаларынан тұрады. Мұнай құрамындағы шекті көмірсутсктері (парафиндер) метаннан (СН 4 ), этаннан, пропаппан, бутаннан бастап гексакантанға дсйінгі көмірсутсктерінен тұрады. Ароматтық көмірсутектері: бензол мен дефелинніц (С 6 Н 5 ) туындылары. Бұларда нафталин сияқты қоюланған жүйелср де үшырайды. Нафтсндср шекті және ароматтық көмірсутектер аралығынан орын алады. Мүнайда 82, 5-87% -ке дейін көміртек, 11, 5-14, 5% сутск ксздеседі.

Мұнайдың физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы жағады. Бұл көрсеткіш тұщы судың тығыздығымсн 1г(см) салыстырылады. Салмағына қарай мұнай ауыр және жеңіл мұнай деп екіге бөлінеді. Жеңіл мұнай қатарына тығыздығы 0, 9 г/см : -ден жоғарғы мұнайлар жатады. Мүнайдың тығыздығы жоғарылаған сайын қайнау температурасы арта бастайды. Мұнай құрамында 0, 001-1, 8% азот, 0, 7% оттегі, 10%-тен көбірек парафин заттар болады. Мұнайдың кұрамьн зерттеу мақсатында элеметтік және фракциялық анализдер қолданылады. Фракциялық құрамына байланысты метанды, метан-нафтинді, аз күкіртті және құрамында 2%-ке дейін күкірті бар мұнайлар көбірек тараған. Негізіндс мұнай өз денсінен электр тоғын нашар өткізеді, көбінсе өткізбейді. Мұнай суда ерімейді, бірақ тұрақты эмульсия кұрауы мүмкін. Мұнайдьң жылу бөлгіштік қабілеті 10400-11000 ккал/кг шамасында, бұл ең жоғарғы жылу беретін отын қатарына жатады.

Жер қойнауындағы мұнайдың физикалық жағдайын оны жер бетіне шығарғандағы қасиетімен салыстыруға болмайды. Себебі, жер астында мұнай шығару температура және қабат кысымымен байланысты сақталады. Ал, оны жер үстіне шығарғанда температура төмендейді, қысым жойылады. мұнайдан газ бөлініп шығады, мұнайдың көлемі кішірейеді.

Мұнайдың қабат бойындағы физикалык қасиеттерін білу, әсіресе мұнай қорын есептеу, мұнай өндірудің технологиялық схемаларын орындау, техникалық және технологиялық шараларды іске асырып, меңгеру жүмыс салаларында өте қажет.

Мұнайдың негізгі қасиеттерінің бірі - тұтқырлық. Мұнай тұтқырлығының өндіріс саласындагы маңызы өте зор. Ол арқылы мұнай өндіру үрдісімен, оны кұбыр арқылы айдағанда жұмыс қарқынына көптеген әсер келтіретіні белгілі. Тұтқырлығы төмен, жеңіл, суйық мұнайлар құбыр арқылы тсз өтеді, ал тұтқырлығы басым, қою мүнайды өндіру, жинақтау, құбыр арқылы жүргізу жұмыстары көптеген қосымша еңбекті керек етеді.

Негізінде мұнайдьң тұтқырлығына әсер ететін жағдайлар оның кұрамындағы парафин, шайыр қосымшалары және температура.

Мұнайдың тсмпературасы әр түрлі болып келіп, үлкен кезекте орын алады. Мысалы: Грозныйдағы парафинді мүнай 11°С салқындықта тоңазып коюланады да жылжып ақпайтын жағдайға келеді. Ал, сол кен орнының парафинінің мұнайы 19°С салқындықта да сүйық күйінде сақталады. Манғышлактағы Жетібай және Өзен алаңдары мұнайының парафині көп болғандықтан +34 С жылылықта қоюланып жылжып ақпайтын жағдайга келеді. т. б.

Мұнай кейбір органикалық - бензин, хлопофарм, эфир сияқты ерітінділерде тез ериді. Сонымен бірге ол иод, күкірт. Каучук өсімдік майлары ерітетін еріткіш ретінде пайдаланылады. Бірақ мұнай суда ерімейді. Бұл қасиет жер қойнауынан қосымша мұнай өндіру жұмыстарында, қабатқа су айлау процестерінде мол колданылып, оның мұнай бергіштік коэффи-циентін өсіруде пайдасы мол.

Сұйық отын. Бұл мұнай өнімдерінің үлкен тобына бензиндер (карбюратор отыны), реактивті, дизельді, газтурбинді, қазанды және пеш отындары жатады.

Бензиндердің - авиациялық және автокөліктік сорт-тары ұшқыннан оталатын қозғалтқыштарға арналған.

Авиациялың бензиндер тіке айдау, әрі каталитикалық крекинг және риформинг үдерістерінің бензиндік фракциялары мен алкилат-бензиннен және дүмпуге (детонацияға) қарсы және тотығуға қарсы қоспалар қосылған басқа да компоненттердің қоспасы болып табылады. Келесі маркаларда шығарылады: Б-100/130*, Б-95/130, Б-91/115, Б-70. Қайнау температурасы40-180°С.

Автокөлік бензиндері тіке айдау, әрі термиялық және каталитикалық крекинг, каталитикалың риформинг үдерістерінің бензиндік фракцияларының, алкилат -бензиннің және пентанды-гександы фракциялардың изомеризаттарының қоспасы болып табылады. Олардың маркалары: А-66, А-72, А-76, АИ-93, АИ-98. Алғашқы үшеуі үшін цифрлар мотор әдісі бойынша, ал қалғандары үшін зерттеу әдісі бойынша октан сандарын көрсетеді. Бұл бензиндердің қайнау температурасының басталуы 35°С төмен емес, ал қайнау температурасының соңы А-66 үшін 205°С, басқалар үшін 185-195°С.

Авиациялық реактивті қозғалтқыштар үшін отын (авиақеросиндер) негізінен тіке айдау үдерісінен алынатын өнімдердің қоспасы. Оларды екі сортқа бөледі: дыбысқа дейінгі жылдамдықта ұшатын ұшақтар үшін отын (Т-1, ТС-1, Т-2 маркалары) және дыбыстан жоғары жылдамдықта ұшатын ұшақтар үшін отын (Т-6, Т-8, РТ маркалары) . Бұл отындардың түрлі маркалары бір-бірінен фракциялық құрамы, жалпы және меркаптанды күкірттің мөлшері бойынша ерекшеленеді. Көпшілік авиакеросиндер үшін кристалдануының басталу температурасы - 60°С-тан жоғары болмауы керек.

Дизельді отын қысылудан оталатын қозғалтқыштар үшін үш сортта шығарылады: жылдам жүретін дизельдер үшін және кеме газ-турбиналар үшін (ДА, ДЗ, ДЛ, ДС - арктикалық, қыстық, жаздық және арнайы маркалары) отын. Бұл маркалар - қату температуралары (- 60-тан - 10°С-ңа дейін) мен күкірттің мөлшері бойынша ерекшеленеді. Автотракторлық, тепловоздың және кеме дизельдері үшін отынның (А, С, 3, Л маркалары) қату температурасы - 55-тен-10°С-қа дейін болады.

Орташа айналымды дизельдер үшін (ДТ, ДМ маркала-ры) отынның қату температурасы - 5-тен +10°С-қа дейін болады.

Газ-турбиндік отын - 50°С кезіндегі шартты тұтқыр-лы 60°С-тан төмен емес локомотивтік қозғалтқыштарға арналған отын (кокстеу және термиялық крекингілеу дистилляттарынан алынған) .

Бұл отындарда ванадийдің мөлшері 0, 002-0, 0007%-дан артық болмауы нормаланады, себебі ванадийдің болуы турбиндік бөлшектерді коррозияға ұшыратады. Жоғары категориялы отындар үшін (ЖКГО) жану жылуы 39800 кДж/кг-нан кем болмауы, сонымен қатар натрий, калий және кальцийдің аздаған мөлшерлерінің болуы да нормаланады.

Қазандық отын үш сортта шығарылады: флоттық мазут (Ф-5, Ф-12 маркалары), жылыту мазуты (40, 100, 200 және аз күлді 40М, ІООМ маркалары) және мартен пештеріне арналған мазут (МП және МПС маркалары) . Олар негізінен шартты тұтқырлығы бойынша ерекшеленеді (50°С кезінде ШТ 5°-тан 100°С кезінде ШТ 9, 5°) . Қату температурасы 25-тен 42°С-ңа дейін болады. Пештік отын (ТПО) тұрмыстық мақсаттарға арналған. Оның фракциялық құрамы: 10% 160°Скезінде, 96% 360°С кезінде қайнайды. Оталу температурасы - 15°С жоғары болмауы нормаланады.

Отындар тобына, сонымен қатар, коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған көмірсутектік қысылған отындық газдарды жатқызуға болады. Үш маркасы бар: СПБТЗ (смесь пропана и бутана техническая зим-няя) - 75% мөлшерде пропаны бар, техникалық қыстық пропан мен бутан қоспасы, СПБТЛ - дәл сондай жаздық бутан мөлшері 60% және БТ - бутан техникалың (60% бутан) . Бұл газдарда күкіртсутектің мөлшері 100 м 3 газға шаққанда 5 г-нан аспауы, ал күкірттің жалпы мөлшері 0, 015% -ға дейін болуы қажет.

Мұнай өнімдерінің бұл үлкен тобына сонымен қатар, жарық беруші керосиндер мен еріткіштер кіреді (бен-зиндер мен сольвенттер) . Жарық беруші керосиндердің қайнау шектері шамамен 180-300°С құрайды. Керосиннің түрлі маркалары (КО-30, КО-25, КО-22, КО-20) күйеленбейтін жалынының биіктігі, түсі және тығыздығы бойынша ерекшеленеді.

1. 2 Мұнай кен орындарын игеру жүйесімен технологиясы

Игеру обьектісі - жер қойнауынан кен көлеміндегі белгілі топ скважиналарымен өндірістік көмірсутектер қоры бар, геологиялык құрауларды бөліп қарастыру. Егер, кен шегіндегі барлық түсініктеме бір мағыналы болады. Көп қабаттарды бір объектіге жаткызсақ, металл, құбыр және басқа материалды үнемдеуге мүмкіншілік береді. Бірақ, басқа жағынан, кабаттардың саны көбейген сайын технологиялық жағдайынан әрбір жеке қабаттан мұнай өндіру үрдісі қиындай бастайды және көп жағдайда мұнай объектісінің бергіштігі oтe жылдам төмендейді.

Объектілсрді айырып қарастырғанда келесі мәліметтерді ескеру керек:

1. Жыныс - коллекторлардың геологиялық, физикалык қасиеттері. Қабаттардың қасиеттерінің, бірдей және жайылым көлемі, бір жерде орналасқан, орта параметрлері, бір игеру объектісіне кірістіруге болады. Өнімділігі мен қабат кысымының өзгсруі, қабаттардың игеру әдісі, мұнай қорының игеру жылдамдығы және скважиналар өнімдерінің сулануы объект қабатшаларьнда әртүрлі болады. Бүның бәрі объект бойынша, жалпы мұиай бергіштікті азайтады.

2. Мұнай, су және газдардың физикалык, химиялык қасиеттері. Мұнайлардың қасиеттері бірдей емес қабаттарды бір объсктігс біріктіру орынды болмайды, өйткені өнім алу үшін өндіру технологиясында, скважина орналастыру сызба нұсқасы және олардың сандары әртүрлі болу керек. Мұнайлардың компоненттік құрамдары, жекс кабаттарды игергенде, бөлек объект деп, озін жеке қарастыруға себеп болуы мүмкін. Осы мәселені шешуге қабат суларының физикалық, химиялық касиеттерінің елеулі мәні бар. Мысалы, қасиеті белгілі қабат суын, кабат ішіне су ендіргенде, химиялык реакциялар болуы мүмкін, олардың нәтижесінен сұйықтарының сүзгілік шарттары кемиді.

3. Көмірсугектердің фазалық жағдайлары және қабаттар режимі (тәртібі) . Геология-физикалық қасиетгері үқсас екі қабатты алсақ, оның біреуінің көлемі үлкен, газ бөркімбесі болса, екіншісінде серпімді су арынды режим болады. Мұндай жағдайда, оларды, бір объектіге біріктіру нәтижелі емес, өйткені оларды игеруге скважина орналастыру схемасы және мұнай мен газ өндіру технологиясы әртүрлі болуы қажет.

4. Скважиналардың техникасы мен технологиясы. Бірнеше қабатгарды бір игеру объектісіне біріктіру, скважинадағы сұйықтарды жоғары көтеруді қазіргі қолданатын скважина, құралдары және пайдалану технологиясы қамтамасыздыра алмайды (тіпті пайдалануға болмайды) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнайды дистилляциялау қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау
Қазақстанның мұнай - газды комплексі
Табиғи газды өңдеуге дайындау
Пласттық мұнайдың құрамы
Мұнайды қайта өңдеу процестері арасында гидрогенизациялық каталитикалық процестердің үлесі
Кокильді жұмысқа дайындау
Мұнайға ілеспе газдарының қабатқа шығаруға дайындау процесі
Дизель отынын гидротазалау қондырғысын механикаландыру
Ағынды сулар
Шикізаттық аксиалды қозғалысы бар дизель жанармайын гидротазалау реактор жобасы.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz