Миномата шығанағына ұзақ уақыт сынап қосындылары бар қалдықтарды төкті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Су қорлары және олардың пайдалану проблемалары

1. 1. Қазақстан су қорларының жалпы сипаттамасы . . . 8

1. 2. Су көзін ластаушы көздер . . . 17

1. 3. Су қорын пайдалану проблемалары . . . 21

2. Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының қазіргі экологиялық жағдайын зерттеу және оның нәтижелері

2. 1. Зерттеу материалдары мен әдістері . . . 29

2. 2. Суару мақсатында қолданылатын су сапасының

негізгі көрсеткіштері . . . 31

2. 3. Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының экологиялық жағдайы . . . 35

2. 4. Алынған нәтижелер және оларды талдау . . . 38

2. 4. 1. Теріс-Ащыбұлақ суының гидрофизикалық және гидрохимиялық көрсеткіштері . . . 38

2. 4. 2. Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының төменгі сатыдағы гидробионттары . . . 42.

2. 4. 3. Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының балықтар қорының қазіргі жағдайы . . . 45

Қорытынды . . . 49

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 51

Қосымша . . . 53

Кіріспе

Адам баласы тіршілігінің алғашқы күнінен бастап-ақ өзін қоршаған ортамен тікелей қатынас орнатты. Ол кездегі адам әрекеті мен табиғатты пайдалануы қазіргі жабайы хайуандардың табиғат пен қарым-қатынасынан аспайды. Табиғат туыдылары бір-бірімен тығыз байланысты, тәуелді етіп жаралған.

Даму ырғағы бір-бірімен үйлесімді байланыста жүргенде ғана табиғат заңы бұзылмайды. Осыған орай табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше.

Сусыз жерде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Орта Азия мен Қазақстан жерлері суға кедей деп есептелінеді. Ал көне замандарда бұл жерлердің көп бөлігін су басып жатқандығын ғылым дәлелдеп жатыр. Мыңдаған жылдар бойғы тарихында адам баласы тұщы судан таршылық көрмей, өзінің тұрмыс қажеттерін толық қанағаттандырып келеді.

Ғалымдардың есебі бойынша жер шарындағы барлық суды адам баласына бөленетін болса, әр адамға 3800 млрд. текше метрден су келеді екен. Суландыру жүйелері жөнінде бірінші мәлімет Европа елдерінде ХII ғасырда шыға бастады. Өзі ағатын су құбыры бірінші рет Парижде ХII ғасырдың аяғында құрылды. Су қорының Қазақстан үшін өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Су климат пен ауа райының өзгеруіне байланысты әр бір ауданның климаты өзгеріп тұрады. Мұны теңіздер мен көлдердің деңгейінің өзгеруіне байланысты ауа райының өзгеруінен байқауға болады.

Өндіріс дамыған елдердің көпшілігінде қалалар және кәсіпорындардың лас сулары, өндіріс қалдықтары кесірінен су дүниесінің ластану қауіпі кең өріс алды, бұл өсімдік және жануарлар өміріне ғана емес, адамдар денсаулығына да қорқыныш туғызады. Қазіргі уақытта табиғи суларды қорғау проблемасының экономикалық тұрғыдан дамыған елдердің қай-қайсысына болса да белгілі қатысы бар. Капиталистік елдердің кейбір аудандарында су кеңістіктерінің кірлі сулар мен нағыз улануы байқалады. Су көздерінің аса ластануы кейбір жағдайларда қайғылы оқиғаларға апарып соғады. Мысалы: Аламогордо қаласында және оның төңірегінде ойда жоқ-жерде ғажап бір аурулар байқалады, ол ересектерді де балаларды да аяған жоқ.

Зерттеулер барлық аурулар да сынаппен суланғандығын көрсетті. Суды ластаудың әр қилы түрлерінің ішінде термальдық түр, яғни электростанциялар мен өндіріс орындары жылытқан сулардың кірі кең өріс алып келеді.

Қазіргі уақытта су қоймаларынан шаруашылық және тұрмыстық мақсаттар үшін алынатын барлық сулардың үштен бір бөлігі жылу және электростанциялардың мұқтажына жұмсалады. Су дүниесіне лас атмосферадан көп түседі. Мамандардың есептері бойынша су бетіне жыл сайын 200 мың тонна қорғасын, 1 мың тонна көміртегі, 5 мың тонна сынап түседі. Мұхиттардағы пестицидтердің жартысы ауадан барады. Су қоймаларын ауыл шаруашылығында қолданылатын басқа да химикаттар ластайды. Су қоймаларының ластануынан туатын бақытсыздықтың сипаты мен мөлшерін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының санитарлық зерттеулерінің нәтижелері мен көптеген елдерде ол жинастырған статистикалық материал көрнекті түрде бейнелейді.

Әдебиеттегі деректер бойынша дүниеде жыл сайын шамасы 500 млн. адам судың ластануынан туатын аурулардан зардап шегеді. Судың сапасына, әсіресе ылғал аз аудандарда, жер суарудан кейін су қоймаларына құйылатын сулардың мөлшері тұрмыстық және өндірістік кірлі суларды қоса есептегендегі мөлшерінен артық суармалы жерден қайтқан судың су қоймаларына әсері әлі жеткіліксіз зерттелген мен де, ол судың минералдығын арттыратыны, қышқылдығын өзгертетіні, суға биогендік заттарды ауыл шаруашылығында қолданылатын химиялық заттардың қалдықтарынан енгізеді. Су қоймаларына түскен биогендік заттар қалыптасқан экономикалық жүйелердің табиғи тепе-теңдігін бұзады, ал азот пен фосфор мөлшерінің артуы су өсімдіктерінің күрт өсуіне себеп болады, бұл каналдар, өзендер, әсіресе ағысы шамалы бөгендердің кір-қоқысқа толып, көктеп кетуін тудырады.

Бөгендік элементтердің көпшілік мөлшері су қоймалары мен су жолдарына еріген күйде сыртқы және дренаж ағыстарымен түседі. Су қоймалары мен су жолдарының ластануы көптеген факторларға тәуелді, олардың ішіндегі негізгілері мыналар: тыңайтқыштардың мөлшері, оны енгізудің мерзімі мен тәсілдері; минералдық элементтердің ерігіштігі, сыртқы ағыстың көлемі мен және жауын-шашын; эрозия процестерінің интенсивтігі. Қазіргі уақытта су қоймаларының ластануына әсер ететін барлық факторлар жеткілікті зерттелген. Негізгі көңіл алдын ала қолданылатын шараларға бөліну керек, олар химиялық препараттардың су көздеріне түсу мүмкіндігін кемітеді. Осыған байланысты су қоймаларының биогендік элементтермен ластануын кеміту жөніндегі комплексті шаралар өткізудің аса үлкен маңызы бар. Қазіргі уақытта еліміздің орталық және солтүстік аудандарында бөгендер белгілі шипалық тиімділікке жеткізілуде. Бөгендердегі су сапасы бұрынғы кірлі сулармен салыстырғанда әлбетте анағұрым жақсарады, себебі судың көлемі өскен сайын ондағы кір заттың концентрациясы азаяды.

Су қоймаларына түскен пестицидтер өсімдікке, балыққа сіңіп жиналады. Сонан соң биологиялық жолмен адам организіміне жетеді де, бүкіл организм үшін ауыр әсер етеді.

Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді. Соның нәтижесінде олар бірте-бірте су түбіне шегудің орнына тұщы су көздерінің немесе теңіздерінің бетіне жиналады.

Бөгендердің су қоймаларына таяу бөлігінде жүзгіш заттардың тұнбаға түсуінің арқасында су өте мөлдір және жүзгіш заттар тым аз болады. Ақпайтын үлкен су қоймаларында түйіскен өзендердің биологиялық режимі өзгере бастайды, ол айрықша биоценоздар пайда болуына себеп болады. Ондай су қоймаларының биологиялық ерекшеліктерінің бірі оларда жылдың жылы мерзімінде көк-жасыл су өсімдіктердің күшті дамуы болып табылады.

Шілде, тамыз айларында бөгендерді өсімдік басып кететіні соншалық ол нағыз кесапатқа айналады. Су көздерінің сапасы төмен болуы мал шаруашлығының дамуына, атап айтқанда мал суару ісіне теріс әсерін тигізеді.

Су қоймаларының ластануы балық аулау өнімін күшті кемітеді, тіпті халық шаруашылығының гидроэнергетика және су транспорты сияқты сырт көзбен қарағанда судың тек мөлшеріне ғана байланысты салалары үшін де судың сапасының маңызы зор. Лас су пайдалану үшін мүлдем немесе ішінара жарамсыз болуымен қатар, өзін қоршаған барлық табиғи ортаға елеулі, көбінесе орны толмас зиян тигізеді.

Осыған орай, дипломдық жұмыстың мақсаты - Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының қазіргі экологиялық жағдайын анықтау.

Дипломдық жұмыстың мақсатына қол жеткізуде төмендегі міндеттер қойылды:

  1. Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының гидрологиялық және гидрофизикалық көрсеткіштерін анықтау.
  2. Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының гидрохимиялық көрсеткіштерін анықтау.
  3. Су қоймасының биоресурстарын анықтау.
  4. Теріс-Ащыбұлақ су қоймасын қорғауға және тиімді пайдалануға арналған ұсыныстар жасау.

Тақырыптың көкейкестілігі - Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы Жамбыл

облысының біраз аудандарында егістік жерлерді суару мақсатында қолданылатындықтан, оның қазіргі экологиялық жағдайы, яғни оның суының молдығы, жеткіліктілігі, сапалық көрсеткіштері, ластану дәрежесі, өздігінен тазару қабілеті, минералдануы және т. б. егістік өнімінің молдығына және сапасына тәкелей әсер етеді. Сонымен қатар су қоймасында балықтардың біраз түрлері кездеседі, Қызыл кітпқа енген Түркістан шаяны кездеседі. Олардың өсіп-өнуі, көбеюі алдағы уақытта су қоймасын кәсіптік балық өндіруге бағытталған кішігірім шаруашылықтар ұйымдастыруға мүмкіндік берері сөзсіз. Осы айтылғандарға байланысты дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі заманғы көкейкесті экологиялық проблемалар қатарына жатады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының жаңалығы білімгерлік ғылыми жұмыстар ішінде алғаш рет Теріс-Ащыбұлақ су қоймасына толық экологиялық сипаттама беріліп отыр. Қойма суының толық химиялық құрамы анықталған, судағы төменгі және жоғарғы сатыдағы гидрокарбионттарға толық сипаттама беріліп, олардың сандық мөлшерлері келтірілген.

Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Су қорлары және олардың экологиялық проблемалары

1. 1. Қазақстан су қорларының жалпы сипаттамасы

Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Сондықтан «Су - өмір нәрі» деп бекер айтылмайды. Суды басқа затпен алмастыру мүмкін емес. Мысалы, металл жоқ болса да оны пластмассамен ауыстыруға мүмкіндік бар немесе оның орнына басқа қатты затты қолдан жасап алуға болады. Өсімдік және жануар болуы жетпейтін болса, оны синтетикалық жолмен жасап алуға болады. Тіпті кейде ауаның орнына кейбір газ қоспаларын пайдалануға болады. Жер бетіндегі тіршіліктің барлық формасы үшін су қажет, онсыз тіршілік процесі жүрмейді.

Планетамыздағы мұхиттардың, өзен, көл, теңіздердің, мұздық-тардың, жер асты ауа суларының басын қосып гидросфера дейді. Органикалық қосыластардан тұратын судың табиғаттағы мәні өте күшті. Биосферадағы толып жатқан организмдер үшін су алдымен тіршілік және эволюциялық даму ортасы болып табылады. Бұл судағы организмдердің сыртқы температураға байланысты тіршілік құбылыстарын реттеп отырады. Организмдер температураның баяу өзгеруіне байланысты тіршіліктегі қимыл-әрекеттерін өзгертіп отырады. Мұның организмдердің жалпы эволюциялық дамуында мәні зор.

Сұйық судың құрамында біраз ерітінді заттар болады. Олар қозғалмалы су арқылы тасымалдап тұрады. Су атмосферамен, тау жыныстарымен және организмдермен үздіксіз қарым-қатынаста болады. Бұл кезде көптеген химиялық элементтердің әлгі заттардың арасында алмасуы жүреді. Мұның ол заттар үшін мәні зор, биогеоценоздың су режимі реттеліп, тіршілік процесінің қалыпты жүруі қамтамасыз етіледі. Жер шарындағы атмосфера суы күн радиациясының фильтрінің қызметін атқарса, жер үстіндегі су температураны кемітеді.

Су өсімдіктер мен жануарлардың бойында, адам ағзасының құрамында кездеседі.

Су табиғатта, су айналымы заңының негізінде таусылмайтын табиғат қорына жатады. Ол - ерекше қасиеті бар минерал. Сусыз өмір жоқ. Суды пайдаланбай, ешбір халық шаруашылығындағы өнеркәсіпті процесс іске асуы мүмкін емес. Сол себепті де халық суды өмір нәрі, өмірді алға жылжытатын қозғаушы күш, денсаулық кепілі, көркемдік көзі ретінде атайды. Жер бетіндегі су қорының 98%-і тұзды су, оны ауыз су ретінде тұрмыста, шаруашылықта қолдануға мүлдем болмайды.

Сондықтанда халық арасында «Су да отырып та шөлдеп өлуге болады», - деген нақыл сөзі тараған. Бірақ тұщы су - өмір нәрі қызметін атқара алу үшін ең міндетті түрде таза, ластанбаған, уланбаған болуы керек. Ал суды былғап, улайтын адамның өзі ғана. Кейбір жағдайда, табиғат құбылыстарының әсерінен су табиғи жолмен де ластанып уланып жатуы мүмкін. Ал адам баласының парықсыз іс-әрекетінің әсерінен уланып, былғанып жатқан су көздерін табиғат адамның көмегінсіз, өзі тазартып алуға дәрменсіз.

1956 жылдан бастап осы күнге дейін республикамыздың облысында жүргізілген зерттеулер халықтың ең қадірлі табиғат қорына жататын байлығы - тұщы су екенін дәлелдеп отыр. Ғасырлар бойы өмірлерін табиғаттың аясында, тау қойнауларында, орман алқаптарында, халқымыз табиғат сырын түсінген. Су көздерін ластану мен уланудан қорғау дәстүрі халықтың суға адалдықпен қарауының, оны мәңгілікке таза сақтауға арналған іс-әрекеттерінің бір түрі. Есптеулер көрсетіп отырғандай, жер шарында жыл сайын әр түрлі мақсатқа 150 км³ су жұмсалады, ал өзендер мен жер асты суларының есебінен жылына 600 км³ су жинауға болады. Бірінші қарағанда, жер шарындағы су мөлшері жеткілікті сияқты. Бірақ өзендерге т. б. су қоймаларына жыл сайын 150 км³ ластанған су жіберіледі [1, 60-62 б. ]

Су жер шарындағы ауа райын өзгертіп отыратын негізгі күш. Бұл процесте су буының ролі күшті. Атмосферадағы бу күйінде болатын су негізінен мұхиттардың булануынан құралады. Жер бетінде буланатын су мен жауын түрінде жерге түсетін судың мөлшерін өлшесе азды-көпті бірдей. Жыл сайын шамамен жерден 100 см³ су буланатын болса, осы мөлшерде қайтадан жаңбыр, қар жауады.

Судың ағыстарының да табиғатта мәні күшті. Судың теңіздегі ағысы арқылы суық немесе жылы суларды алыс жақтарға алып кетіп, аумақты аймақтарды жылытып немесе салқындатады. Мысалы, Атлантиканың шығыс жағалауының жылы болуы оған баратын жылы ағыс Гольфстримге байланысты болса, сол жердің батыс бөлігінің суықтығы суық Лабрадор ағысының әсерінен болады. Өзен сулары өзімен бірге көптеген ерітінділерді, топырақ лайын ала жүреді.

Судың адам баласының күнделікті қимыл әрекетіндегі мәні де өте зор. Орыс және советтік геология ғылымының атасы А. П. Карпинскийдің сөзімен айтсақ, судан қымбат қазба байлық болмайды, себебі онсыз тіршілік болуы мүмкін емес. Тіршілікте және ауыл шаруашылығында судың ең қымбат қазба байлығы екендігі дәлел талап етпейді. Қазіргі заманда тұщы су табиғаттың ең құнды байлығы болып тұр.

Адам баласы суға тапшылықты екінші дүниежүзілік соғыстан кейін сезе бастады. Осы кезде Европа өндірістері алғаш рет су тапшылығының не екенін түсіне бастады. Су қоймалары мен өзен суларын ең көп пайдаланатын - суландыру жүйелері. Екінші орында өндірістер мен энергетикалық өндірістер, үшінші орында қалалардың тұрмыстық шаруашылықтары тұр. Ауыл шаруашылығы ең ірі су жұмсайтын жүйе, олар жұмсаған судың төрттен үш бөлігі қайтып оралмастан мәңгі жоқ болады [1, 60-70 б. ]

Ауыл шаруашылығының суды қаншалықты мол жұмсайтындығына мынадай мысал келтіруге болады: бір тонна бидай өсіру үшін вегетациялық дәуірінде 1500 тонна, 1 тонна күрішке - 7 мың тонна, 1 тонна мақтаға - 10 мың тонна су жұмсалады. Бір адамға жететін тағамдар жасау үшін 6 м³ су керек екендігі есептелді. Мал шаруашылығының дамуы да көп мөлшерде су қажет етеді. Өндірістік негізде қалыптасқан мал шаруашылық комплекстері үшін де көп мөлшерде жоғары сапалы су қажет. Суармалы жер өнімді мол беретіндіктен жер шары бойынша оның көлемін көп арттырады. Жер шарында суармалы жер 200 миллион гектарға жетеді. Барлық егістіктің алтыдан бір бөлігі ғана қамтитындығына қарамастан суармалы алқап жер шарында барлық ауыл шаруашылық өнімінің тең жартысын береді.

Су өндіріс үшін көмір, мыс, темір т. б. табиғи байлықтар сияқты зат болып қалуда. Мысалы: бір тонна синтетикалық талшық шығару үшін 1 мың м³ су жұмсалады. Егер жыл сайын дүние жүзінде 7-8 млрд. тонна минералдық байлық табиғаттан алынатын болса, мұндай мөлшердегі су тәулігіне ғана жұмсалады.

Ірі жылу энергия станциялары үшін де өте көп мөлшерде су қажет. Қуаты 300 мың кВт болатын бір ғана станция үшін 120 м³ су немесе жылына 300 миллион м³ су қажет. Ал бұл қажеттілік болашақта 9-10 есе артпақшы [2, 40-45 б. ]

Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бір і - су. Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ. Су адамдар мен жануарлардың дене құрылымына кіріп онда болатын зат пен және энергия айналымына қатысады. Бұл айналымдар тек сулы ортада жүретінін де ескерген жөн. Денедегі су мөлшері 10-12% кемісе адам әлсіреп, шөлдеп, аяқ-қолы дірілдей бастайды.

Су - түсі, иісі және дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, үстіңгі кернеуі өте жоғары, айқын капиллярлық қасиеті бар. Судың жылуды аз жоғалтып көп жинайтын қасиеттерін адамдар жылу тарату жүйесінде көп пайдаланады. Жер шарындағы сулар үнемі қозғалыста болып, барлық бос сулар олардың агрегаттық (сұйық, бу, мұз түрлерінің жиынтық атауы) күйіне қарамастан, жердің гидросфера деп аталатын қабатына жатады.

Жер бетінің 77, 5%ін су алып жатыр. Су қорларына өзен, көл, теңіз, жер асты, таулар мен поляр шеңберіндегі мұздар, атмосфералық ауадағы ылғал кіреді. Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, тұрмыстық қажетке көбіне өзен, көл және жер асты тұщы сулар жұмсалады. Олардың қоры бүкіл гидросферадағы судың тек 1% ғана. Көлемі және су қорларының мөлшері жөнінде гидросфераның ең ірі бөлігі - мұхиттар. Мұхит суларында пайдалы кендер, биологиялық ресурстар, энергия қуаты, химия және дәрі-дәрмек өнеркәсіптері үшін қажетті шикі заттар қоры өте көп.

Құрлықта жыл сайын азайып бара жатқан пайдалы кендер орнын мұхит суларынан алып толтыруға әбден болады.

Гидросферадағы су қорлары төмендегі мөлшерде бөлінген (кесте-1) .

1-кесте - Гидросферадағы су қорлары

Гидросфера бөлшектері: Гидросфера бөлшектері
Көлемі (мың м³): Көлемі (мың м³)
Үлес салмағы: Үлес салмағы
Айналым жылдамдығы (жыл): Айналым жылдамдығы (жыл)
Гидросфера бөлшектері: Жалпы қордағы
Көлемі (мың м³): Тұщы судағы
Гидросфера бөлшектері: Мұхит сулары
Көлемі (мың м³): 1. 33800
Үлес салмағы: 9654
Айналым жылдамдығы (жыл): -
2600
Гидросфера бөлшектері: Жерасты сулар
Көлемі (мың м³): 23400
Үлес салмағы: 1, 69
Айналым жылдамдығы (жыл): -
2000
Гидросфера бөлшектері: Олардың ішіндегі тұщы сулар
Көлемі (мың м³): 10530
Үлес салмағы: 0, 76
Айналым жылдамдығы (жыл): 30, 06
880
Гидросфера бөлшектері: Топырақтағы ылғал
Көлемі (мың м³): 16, 5
Үлес салмағы: 0, 001
Айналым жылдамдығы (жыл): 0, 047
1
Гидросфера бөлшектері: Таудағы және поляр шеңберіндегі мұздар
Көлемі (мың м³): 24064, 1
Үлес салмағы: 1, 74
Айналым жылдамдығы (жыл): 68, 7
9700
Гидросфера бөлшектері: Жерасты көп жылдық мұздар
Көлемі (мың м³): 300
Үлес салмағы: 0, 022
Айналым жылдамдығы (жыл): 0, 857
1
Гидросфера бөлшектері: Көл сулары
Көлемі (мың м³): 176, 4
Үлес салмағы: 0, 013
Айналым жылдамдығы (жыл): -
17
Гидросфера бөлшектері: Оның ішіндегі тұщы сулар
Көлемі (мың м³): 91
Үлес салмағы: 0, 007
Айналым жылдамдығы (жыл): 0, 26
-
Гидросфера бөлшектері: Оның ішіндегі тұзды сулар
Көлемі (мың м³): 85, 4
Үлес салмағы: 0, 006
Айналым жылдамдығы (жыл): -
-
Гидросфера бөлшектері: Батпақ сулар
Көлемі (мың м³): 11, 5
Үлес салмағы: 0, 0008
Айналым жылдамдығы (жыл): 0, 03
5
Гидросфера бөлшектері: Өзен сулары
Көлемі (мың м³): 2, 1
Үлес салмағы: 0, 0002
Айналым жылдамдығы (жыл): 0, 006
бір жылда 32 рет
Гидросфера бөлшектері: Биологиялық сулар
Көлемі (мың м³): 1, 1
Үлес салмағы: 0, 0001
Айналым жылдамдығы (жыл): 0, 003
-
Гидросфера бөлшектері: Атмосферадағы ылғал
Көлемі (мың м³): 12, 9
Үлес салмағы: 0, 001
Айналым жылдамдығы (жыл): 0, 037
Бір жылда 64 рет
Гидросфера бөлшектері: Гидросферадағы барлық сулар
Көлемі (мың м³): 1, 385985
Үлес салмағы: 100, 0
Айналым жылдамдығы (жыл): -
2400
Гидросфера бөлшектері: Оның ішіндегі тұщы сулар
Көлемі (мың м³): 35029
Үлес салмағы: 2, 53
Айналым жылдамдығы (жыл): 100, 0
-

Теңіз суында алтынның, магниттің, платинаның, алмаздың тантал-ниобиттің, цирконийдің, тағы басқаларының қоры, құрлықтағы мөлшерге тең. Онда көмірдің, темірдің, мыстың, никельдің, қалайының қорлары да көп [ 3, 135-137 б. ]

Теңіз суында минералды заттар аз емес. Ондағы ас тұзын, натрий сульфатын, калий тұзын, бромды, магнийді иодты бірқатар елдер қазірдің өзінде пайдаланып жүр. Теңізде құрылыс минералдары да бар. АҚШ пен Ұлы Британия жыл сайын 600 млн. тонна құм, қиыршық және ракуш тастарын алады. Теңіз түбінде фосфорит, қызыл саз, әк қорлары да жеткілікті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суды ластаушы көздер
Судың сандық мөлшерінің ластану мәселелері
Ластаушы заттар мен токсиканттар
Гидросфераның ластануы
Қазақстан Республикасының су ресурстары
Судың сапасы
Ауыр металдармен ластану
Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралу көздері
Экологиялық кауіпсіздік
РАДИАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz