Торғай өзені алабы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ТОРҒАЙ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Жер
бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Геологиялық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...4
1.3 Топырақ және өсімдік
жамылғысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.4
Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.4.1 Климаттың жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..5
1.4.2 Ауа
температурасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..6
1.4.3 Атмосфералық жауын-
шашын ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.4.4 Ауаның
ылғалдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...7
1.4.5 Жел режимі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .7
1.5
Гидрографиясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2 ӨЗЕНДЕР МЕН СУАҒАРЛАР СУ РЕЖИМІНІҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1 Беттік ағындының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 12
2.2 Өзендер мен уақытша суағарлар
режимі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .13
2.2.1 Су тасу кезіндегі ең жоғарғы су өтімі және өзендердің жайылмаға
шығуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2.2 Жазғы-күзгі және қысқы судың сабасына түсу
кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . .16
2.2.3 Су деңгейінің
амплитудасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 16
3 АЛАПТЫҢ ГИДРОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ
ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
3.1 Гидрологиялық
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...17
3.2 Гидрологиялық
зерттелгендік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .17
4 БЕКЕТ МАҢЫНДА АРНАЛЫҚ ДЕФОРМАЦИЯЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ ... ... 19
4.1 Тасындының механикалық құрамын талдау және гидравликалық сипаттамаларын
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..19
4.2 Арна ағынының берілген жылдамдығына байланысты түптік шөгінділердің
жалпы орнықтылығын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...25
4.3 Арна ағынының орташа тасымалдау қабілетін
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ..28
4.4 Құмтізбектің бөлшектерін және сүйретпе тасындылардың өтімін
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
4.5 Өзен арнасының(каналдың) өзгерісінің
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .41
қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . .42
КІРІСПЕ

Қарастырылып отырған аудан Шалқар-Теңіз шұңғымасының алабында
орналасқан. Бұл аумақта Қазақстан Республикасының төрт облысының (Ақтөбе,
Қостанай, Ақмола және Қарағанды) әкімшілік аудандары орналасқан. Бұл аудан
анық сипатталған ылғал тапшылығымен ерекшеленеді. Табиғи жағдайы, қосымша
суармалау жүргізсе ауыл шаруашылығында үлкен жетістіктерге жеткізеді. Бұл
жерде айта кететін жағдай, бұл аудан осы кезге дейін гидрологиялық
тұрғыдан аз зерттелген аумаққа жатады. Бұл көптеген бекеттердегі бақылау
қатарының қысқа болуына және олардың кеңістік бойынша орналасуына
байланысты. Осы ауданға қатысты шыққан беттік сулар ағындының ресурстары
туралы анықтаманың шыққанына 35 жыл өткенін есепке алсақ, оның үстіне
климаттың жылынуына, антропогендік жүктеменің күшейгеніне байланысты бұл
аумақтың гидрологиялық сипаттамаларын, жылдық ағынды үлестірімін қайтадан
бағалаудың қажеттілігі жөнінде мәселе туындайды.
Бірақ бұл аумақта әрекет етіп отырған гидрологиялық бекеттердің тым
аздығы ағынды сипаттамаларын бағалау үшін, осы аумақтың су ресурстарын
анықтау үшін гидрологиялық бақылау деректері жоқ болған жағдайда ағынды
сипаттамаларын бағалаудың жаңа әдісін әзірлеуді, бұрынғы әдістерді
қайтадан қарастыруды күн тәртібіне қойып отыр. Жылдық ағындының
үлестірімін бағалау Торғай өзені алабы үшін өте өзекті мәселе.
Зерттелген өзендердің қалыпты ағындысына сүйене отырып зерттелмеген
кіші өзендердің жылдық ағынды үлестірімін анықтау әдістемесін нақтылау
керек.
Осыған байланысты зерттеу барысында мынадай жұмыстар атқарылды:
Бірінші тарауда Торғай өзені алабының физикалық-географиялық
сипаттамасына қысқаша тоқтала кеттік. Бұл тарау негізінен беткі сулар
ағындысының ресурстары туралы анықтамаға сүйене отырып жасақталды.
Екінші тарауда Торғай өзені алабының жалпы гидрологиялық режиміне
шолу жасалады. Беттік ағындының қалыптасуы мен өзендер және суағарлардың
су режимінің қалыптасуының негізгі заңдылығы анықталады. Бұл тараудағы
нәтижелер де беткі сулар ағындысының ресурстары туралы анықтамаға сүйене
отырып жасақталады.
Үшінші тарауда алаптың гидрографиялық ерекшеліктері, гидрологиялық
зерттелгенділігі қарастырылды. Ал төртінші тарауда Торғай алабы
өзендерінің және уақытша ағынсуларының қалыпты жылдық ағындылары
бағаланды. Қамтамасыздыққисығы тұрғызылып, оның параметрлері бағаланды.
Бесінші тарауда тірек бекет Торғай өзені – Тосын құмы тұстамасындағы
жылдық ағынды үлестірімі бағаланды.
1 ТОРҒАЙ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Қарастырылып отырған Торғай өзені алабының табиғи ландшафтысы өзінің
құбылмалылығымен ерекшеленеді - бұнда орманды даладан шөлді жерлерге дейін
кездеседі. Негізгі ландшафтыларына жазық дала мен шөлейіт жатады.
Қарастырылып отырған аумақтың солтүстігінде орманды жерлер аз ауданды
қамтыған.
Жазықтық аудан аумағының барлық дерлік солтүстік аудандарының
жартысын және оңтүстік-шығыс аудандарын түгел қамтиды. Аумақның жазықтық
жерлерінің барлығы ауыл-шаруашылық базасының негізі.
Шөлейітті аудан оңтүстік-шығыс жағында орналасқан. Бұл аудан
негізінен мал-шаруашылығына бейімделген.

1. Жер бедері

Қарастырылып отырған аумақтың көп бөлігі Тұран ойпатына жатады.Бұл
аумақты егер құрылымы бойынша қарастырсақ, онда екі ауданға бөлуге болады:
1) Торғай үстірті
2) Қазақтың ұсақ шоқысының батыс бөлігі.
Торғай үстірті аумағының орталық және оңтүстігінде орналасқан шөлді
Тұран ойпаты мен солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығы арасындағы ауыспалы
аудан ретінде қалыптасқан. Батыста бұл аудан Мұғалжар тауларының
тізбегімен және Оңтүстік Оралмен, ал шығыста – Қазақтың ұсақ шоқысымен
шектелген. Торғай үстірті солтүстігінде Батыс-сібір жазығына қарай, ал
оңтүстігінде Тұран ойпатына қарай еңіс келеді. Торғай үстірті ертедегі кең
Торғай-Обаған меридианды бөлігі болып келеді. 2 ең төмен бөліктерінің
кейбіреулері теңіз деңгейінен 80-100 м тереңдікте жатыр. Екі ортасының ені
30-40 км-ге, ал тереңдігі 50-100 м-ге жетеді. Төменгі жазық Торғай-Обаған
өзендерінің суайырығында бірнеше ағынсыз көлдер орналасқан, олардың ең
үлкендері – Ақсуат және Сарымойын. Торғай үстірті рельефі айтарлықтай
әртүрлі. Қыраттар мен тау жоталары бірте-бірте төмендейді. Торғай үстірті
беті Қабырға, Теректі, Сары-Өзен, Сары-Торғай, Торғай және Ырғыз
өзендерімен қиылған.
Жазықтықтың батыс және солтүстік-батысындағы (Мұғалжар тауларының
бөктерінде) жоғарылаулардың биіктігі шамамен 320-280 м, ал оңтүстік-шығыс
жағында (Торғай, Ырғыз өзендері жағалауларында) тек шамамен 70-50 м дейін
жетеді.

2. Геологиялық құрылымы

Қарастырылып отырған аумақда ең көп таралған қалдықтар палеоген және
неоген қалдықтары.
Топырағы негізінен құм-сазды, кей жерлерде тұзды қалдықтар кездеседі.
Жазықтық кей жерлерде қалың әрі күшті үштік және төрттік жастағы
қалдықтармен төселген. Үштік қалдықтар көбіне сазды және топырақты
қабаттармен болса, кейінгі төрттік қалдықтар көлдік аллювиалды саздары мен
құмдарынан тұрады.
Топырақ құраушы негіз тұзды полеоген қалдықтарынан да, тұщы
қалдықтардан да тұрады.
Қазақтың ұсақ шоқысының батыс бөлігінің геологиялық құрылымы жоғарыда
айтылған орографиялық аудандарға қарағанда күрделірек. Ол негізінен
палеозой жастағы қалдықтардың орны. Төменгі бөліктерінде үштік және
төрттік кезең қалдықтары, элювиальді, делювиальді, құмды-сазды пайда
болулар кездеседі. Торғай шұңғымасында ені көптеген км-ге жететін,
меридиан бағытында 450-500 км-ге созылған кенді жолақ жатыр. Аудан
аумағында сонымен қатар көмірдің бай жатақтары (Жыланшық алабы) бар.

1.3 Топырақ және өсімдік жамылғысы

Аталған ауданның топырақ жамылғысы топырақ типі мен оның механикалық
құрамы бойынша әртүрлілігімен ерекшеленеді. Қарастырылып отырған ауданның
солтүстігінде, орманды дала және дала зонасында қаратопырақ бүкіл ауданның
шамамен 30 % алады. Шеткі солтүстік аудандарда шірікті және қарашірікті
топырақ кең таралса, оңтүстікке қарай бұлар аз кездеседі. Бөлек жерлерде
құмдар да кездеседі.
Солтүстікке қарай қара-каштанды, ал оңтүстікке қарай ақшыл-каштанды
топырақ болып келеді.
Ең ылғалданған аудандарда сарғылт және қоңыр топырақ шоғырланған.
Ең аз ылғалданған аудандарда тұзды, сорлы шөлдерде өсетін өсімдіктер
таралған. Бұл жерлерде негізінен жусанды және жартылай бұталы өсімдіктер
өседі. Өзен аңғарының түбінде тоған өсімдіктері бар жерлер тараған.

1.4 Климаты

1.4.1 Климаттың жалпы сипаттамасы

Ағындының қалыптасуына қарағанда климат қолайсыз. Ол континенталді
және қолайсыз. Алап Еуразия материгінің тереңінде, Атлантика ылғалының
әсерінен алыс орналасқан. Бірақ, мұнда Орта Азия шөлінің құрғақ
субтропиктік ауасы кедергісіз енеді және арктикалық ауаның ылғалы енеді.
Жылы жартыжылдықта бұл жерде құрғақ және ыстық: ауа температурасы
жоғары, ауа құрғақ. Қысы суық, аязды. Қар жамылғысы тұрақты.
Температуралық фон жоғары, жауын-шашын аз түседі.

1.4.2 Ауа температурасы

Жаздық, қыстық айларда изотермалар алап аумақсында ендік бойынша
жүреді. Ауаның орташа жылдық температурасы солтүстікте шамамен плюс 2
°С, ал оңтүстікте 6-7 °С-қа дейін.
Қаңтар айының орташа температурасы минус 15–16 °С-тан минус 13,5-
14 °С аралығында тербеледі. Бірақ кейбір жылдар мен күндерде нормадан
ауытқуы мүмкін. Аязды күндерде минус40-47 °С-қа дейін жетуі мүмкін.
Кейде қыста оң температуралы плюс 4-10 °С жылынулар облып тұрады, бұл
құқбылыс қардың еріп кетуіне әкеледі.
Шілде айының орташа температурасы плюс 20-26 °С-ты құрайды. Бірақ
кеуіп, жаздық жауын-шашындар ағындының қалыптасуына ықпал етпейді. Шілде-
тамыз айларының 2-4 күні бойы құрғақ жел соғады, бұл кезде ылғалдылық 40 %
төмен болады, ал ауа температурасы 23 °С-тан асады.
Ауа температурасының абсолютті жылдық амплитудасы 90 % артық.
Көктемде ауа температурасының 0 °С арқылы ауысуы шамамен 10 сәуірде
байқалады. Ауа тез жылынады, 10-12 күннен кейін ол шамамен
10 °С-қа көтеріледі, бірақ кейбір көктемде бұл период 15-20 күнге
созылады.
Күзде шамамен 29-31 қазанда ауа температурасы теріс мәнге ие болады.
Осылайша орташа тәуліктік оң температура периоды 200 күнді құрайды, ал
аязсыз-118-180 күн.

1.4.3 Атмосфералық жауын-шашындар

Аумақ бойынша жылдық жауын-шашын мөлшері 150-350 мм аралығында
тербеледі. Алаптың үлкен бөлігінде 300-350 мм құрайды.
Жылы период кезінде жылдық жауын-шашын мөлшерінің 70-80 % түседі.
Оның аса көп мөлшері сәуір-шілде айларына тиесілі, қазан айында да жоғары.
Жаңбырсыз периодтың ұзақтылығы 70 күнге дейін жетеді, ал бұлтты күндердің
орташа саны айына 4-5 күннен аспайды. Жылы период кезінде жауын-шашынды
күндердің жалпы саны 6-10 күнді құрайды. Жазда жауын-шашын көбіне нөсерлі,
олардың кейбір аудандарындағы тәуліктік максимумы 50-60 мм жетеді, ал
жазықтықта 30-35 мм. Бірақ, жоғарыда айтылғандай,ауа ылғалдылығының
жетіспеуі жер қабатының тез кебуіне әкеледі, және әдеттегідей жазғы жауын-
шашын ағынның калыптасуына өте аз мөлшерде әсер етеді.

1.4.4 Қар жамылғысы

Торғай өзенінің алабының бүкіл ағындысын қалыптастырады деуге болады.
Жер асты суымен коректену мөлшері өте аз. Аумақ бойынша қар жамылғысының
жайылуы, негізінен, жергілікті жердің ендігімен байланысты, ендігімен
байланысты, ендіктің жоғарылауымен бірге қар қоры да өседі. Жергілікті
жердің бедеріне байланысты ендік зоналары бұзылады.
Бірінші қар, әдетте, қазан айының басында түседі. Тұрақты қар
жамылғысы, әдетте, қараша айында байқалады, аумақның оңтүстігінде-
желтоқсан айының басында, ал кейбір жылдары-қаңтар айының ортасында ғана
байқалады. Бұл даталардың көп жылдық вариациясы 1,5-2 айға дейін жетеді.
Уақыт бойынша көктемге дейін қар қорының вариациясы жоғары: әр жылда
оның мәні 4-5 рет өзгеруі мүмкін, бұл өзен ағындысының үлкен тербелісін
орнықтырады. Ең жоғары қар қорына жетудің орташа датасы оңтүстіктен
солтүстікке қарай 25 ақпаннан 13-14 наурызға дейін жылжиды. Қардың негізгі
массасының жиналуы қыстың бірінші жартысында болады.
Үлкен су жинау алабында жергілікті жердің биіктігіне байланысты қар
қоры сағаға қарай азаяды. Кішігірім су жинау алабында аудан бойынша қар
қорының өзгеру дәрежесі жер бедерінің қиылысуыменен және гидрографиялық
тордың қалыңдығымен анықталады. Арнаны қармен басу мәні үлкен, су жинау
алабындағы қар қорының арнаға тиісті бөлігі аз-1-5 %, бірақ қары аз қыста
және жиі жел байқалатын жағдайда кіші су жинау алабтарында бұл мән 10-15 %
дейін жетеді. Қары өте аз қыста ағынды арнаның қар қорының көмегімен
қалыптасады. Қоршаған жергілікті жерге қарағанда қардың ең үлкен
аккумуляция жерлерінде ол 5-10 күнге кем ериді. Көктемгі ерудің ұзақтылығы
10-25 тәулік.

1.4.5 Ауаның ылғалдылығы

Бұл аумақта ауаның бу серпімділігі жылына орташа есеппен 5-6 гПа
құрайды, ылғалдылық 60-70 %. Орташа ылғалдың жетіспеуі 6-8 гПа құрайды, ал
оңтүстікте-13-20 гПа дейін жетеді. Ең үлкен жетіспеушілік жаз айына тән-13-
20 гПа және одан көп. Түскі уақыттағы максимумымен жылдың жылы мезгілінде
ол жақсы айқындалған тәуліктік жүріске ие. Қыста ылғалдың жетіспеушілігі
өте аз-0,4-0,6 гПа.

1.4.6 Жел режимі

Қыстық желдер қардың қайта жайылуына әсер етеді, бұнымен қоса қар еру
процесіне және ағындының қалыптасуына да әсерін тигізеді. Жылдың бұл
мезгілінде белгілі шамадағы жел режимі осі шамамен праллельдер бойымен 49-
50 ° созылатын сібірлік антициклонның орналасуымен анықталады. Аяғында
одан оңтүстікке солтүстік-шығыс бағытындағы желдер жетеді.
Қарастырып отырған аумақның орташа жылдық желдің жылдамдығы жалпы -
3,5-5,5 мс аралығында өзгеріп отырады. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай
азаяды. Оның ең үлкен мәні көктемде, ал ең кіші мәні жазда байқалады.
Сонымен бірге, жазда жел жылдамдығы анық тәуліктік жүріске ие, максимумы-
күндіз, минимумы-түнде. Қыста боран мен дауылдар жиі болып тұрады, әсіресе
оңтүстік-батыс желі. Жылы период, құрғақ кезде шаңды да дауылдар болуы
мүмкін. Орташа есеппен жылына 6-20 шаңды боран болады, бірақ кейбір
жылдары оның саны екі есеге өсуі мүмкін, ал басқа жылдары мүлде болмауы
мүмкін.
1.5 Гидрографиясы

Қарастырылып отырған аудан ағынсыз Шалқар құламасы алабына жатады
(Шалқар-Теңіз). Жазықтық рельефімен қоса бұл ауданның құрғақ климат
жағдайы аталған аумаққа өзіндік гидрографиялық сипат береді: төмен
жерлерде ағынсыз көлдердің, көтеріңкі жерлерде өзен желілерінің
қалыптасулары.
Аудан аумақсында шамамен жалпы ұзындығы 52833 км, 9669 суағарлар бар.
Ұзындығы 10 км-ден асатын суағарлар саны 696. Ең көп суағарлар саны 8707,
олардың ұзындықтары 10 км аз. Ұзындықтары 26-50 км асатын өзендер саны –
190, 51-100 км – 44, 101-200 км – 23, 201-300 км – 4, 301-500 км – 3, 501-
1000 км – 2, ал одан үлкен ұзындықты өзендер бұнда жоқ.
Ауданның өзендер желісі негізінен Торғай, Ырғыз, Жыланшық өзендеріне
келеді.
Ырғыз өзені алабы. Ырғыз өзені басын Мұғалжар тауларының шығыс
бөлігінен алады және оң жағынан жалпы ұзындығы 100-180 км болатын
салаларды қосып алады.Ырғыз өзенінің сол жағалауында немесе жазық
бөлігінде анық айқындалатын суағарлар жоқ.
Жоғарғы және орта ағысында Ырғыз өзенінің ені 5-7 км-ге жетеді, арна
көлдермен қиылысады .
Өзен төменгі ағысында нашар айқындалған (Мамыт, Ақ-құм және тағы да
басқалары) құмды массивтерден өтеді. Өзен желісіне сонымен қатар көктемгі
су тасу кезінде су жиналатын шұңғымалар мен көлдер кіреді, сол себепті бұл
жерде ағынды азаяды.
Төменгі бөлікте өзен жыл сайын жаздың ыстық күндері кеуіп, тереңдігі
1,5-3 м және ұзындықтары 25 км бөлініп қалады.
Торғай өзені алабы. Торғай өзені Қостанай облысының орталық ауданында
орналасқан (жоғарғы бөлігі Ақмола және Қарағанды облыстарында жатыр).
Биіктігі 3-5 м өзен жағалаулары көптеген жерлерге дейін өсімдіктермен
қаптап кеткен. Өзеннің ені 20-150 м-ден, 2-10 м-ге дейін, ал тереңдігі 2-4
м-ден 0,3-0,1 м-ге дейін азаяды.
Торғай өзенінің желісі негізінен төрт су жүйесінен тұрады: Қара-
Торғай өзені, Жалдама және Ащы-Тасты өзендері, Сары-Қопа көлі және Ұлқаяқ
өзенінен.
Қара Торғай өзенінің су режимі Торғай өзені алабының ірісі. Су жинау
алабының жоғарғы бөлігі Қазақтың ұсақ шоқысының батыс бөлігінде
орналасқан. Мұнда өзен желісі жақсы дамыған, ең маңызды өзендерге: Сары
-Торғай, Сабасалды-Торғай, Қайыңды жатады.
Биіктігі 3-7 м болатын жағалауларға көптеген жерлерге дейін
өсімдіктер қаптап кеткен.
Аумақтың оңтүстігінде Ұлы-Жыланшық өзені ағып жатыр. Ол ағынсыз Жақсы-
Ақкөл көліне құяды. Бұл өзен де уақытша суағарларға бай болып келеді.
Жазда өзенде ағын аз мөлшерде болады. Тереңдігі орта есеппен 2-6 м жетеді.
Арал теңізіне келіп тірелетін, ағынсыз оңтүстік бөлікте өзен желісі
өте жиі орналасқан өзендермен сипатталады.Бұл өзендерде ағын тек көктемде
ғана пайда болады. Бұлардың ең маңыздылары- Шаған, Манысай, Қауылжыр
өзендері.
Қауылжыр өзені ғана көктемде өзінің суын Шалқар көліне құяды, ал
қалғандары құрғап қалады.

2 Өзендер мен суағарлар су режимінің жалпы СИПАТтамасы

2.1 Беткі ағындының қалыптасуы

Қарастырып отырған аймақ сумен аз қамтылған аудандар қатарына жатады.
Беткі ағынды негізінен еріген қар суынан қалыптасады. Жаңбыр суы көктем
кезінде еріген қар суына тек аз ғана үлесін қосады. Жазда ауаның ылғал
тапшылығы мен топырақтың құрғақшылығы өте үлкен болады, сондықтан жаңбыр
суы тек топырақ бетін ылғалдандыру мен булануға жұмсалады және де беттік
ағынды қалыптастыруға мүлдем қатыспайды. Аумақтың өзендері үшін жер асты
суларының қоректендіруі үлкен емес, және суағарлар үшін тіптен жоқ деуге
болады
Беттік ағынды қалыптастыруда қар суының рөлі бұл ауданда өте үлкен
болғандықтан көктемгі су тасу едәуір білінеді.
Құрғақ континентальді ауа-райы мен тегіс жазықтық рельеф өзендері
ерекше, қазақстандық өзендер типіне жатады, және ол келесідей көріністе
болады:
1) орташа ағынды қабатының кіші мәнділігі (5-15 мм);
2) жылдық су өтімдері мәндерінің құбылмалылығы; ең үлкен орташа
жылдық су өтімдері көпжылдық орташа су өтімдерінен 10-12 есе артық болады;
3) көктемгі су тасу күрт басталады және толқыны өте үлкен болады. Су
тасудың ең жоғарғы су өтімі тіпті ірі өзендердің өзінде көпжылдық орташа
су өтімінен 300-400 есе артық болады;
4) жылдық ағынды үлестірімінің суы орташа жылдыры, әсіресе суы мол
жылдары барынша әркелкілігімен сипатталады. Суы мол жылдары су тасудың
үлесіне ағынсудың су жинау алабының өлшеміне қарай жылдық ағынды көлемінің
жуықтап 90-100 %, ал негізгі декадаға 80-85 % сәйкес келеді. Өте аз ең аз
су өтімдерімен және алаптың далалық бөлігінде барлық өзендердің құрғап
кетуімен сипатталады.
Тұйық өзен алаптары үшін көпжылдық орташа ағынды көлемі алапқа түскен
жауын-шашын мөлшеріне және жамылғы бетінен булануға тәуелді.
Қарастырылып отырған аумаққа түсетін қалыпты жауын-шашын мөлшері аз
және оңтүстікте 175 мм-ден солтүстіктте 300-350 мм-ге дейін. Жауын-шашаын
мөлшерінің жуықтап 70-80 % жылдың жылы кезеңінде түседі және булануға
шығындалады. Жауын-шашын мөлшерінің шамасына және оның аумақ бойынша
үлестіріміне жергілікті жердің жер бедері және оның тілімделгенділігі
үлкен әсерін тигізеді. Мысалы, Ұлытау ауданының тұсында жиынтық жылдық
жауын-шашын мөлшерінің әрбір 100 м-ге орташа градиенті шамамен 30-40 мм.
Жер бедерінің тілміделгенділігінің әсіресе қысқы жауын-шашынның таралуына
тигізетін әсері үлкен. Сайлар мен жыралардағы қардағы су қорының үлесі
ашық далаға қарағанда үш есе үлкен.
Су жинау алабының бетінен болатын булану жуықтап 95-98 % құрайды.
Жер бедерінің жазық ойпатты болып келуі беткі ағындылардың көптеген
көлдер мен ойыстарда жинақталып қалуына жағдай туғызады. Олардың бетінен
болатын булану құрлықтан болатын буланудан 2,5-3,0 есе арты болады.
Ағындының айтарлықтай шығыны тек су жинау алабының бетінен жүрмейді,
сондай-ақ өзен арнасының жайылмасы үлкен болғандықтан, олардың су айдыны
да үлкен болады, осының салдарынан булануға кететін шығын мол болады.
Қарастырылып отырған аумақты ағындының абсолюттік шамасы алапқа
түскен жауын-шашын мен алаптан болатын буланумен салыстырғанда аса
мардымсыз, осы элементтердің әрқайсысын анықтау қателігінің шегінде жатыр.
Жауын-шашын мен буланудың зоналдық өзгерісі жергілікті жер бедерінің
биіктігіне, жер бедерінің сипатына, топырақ-грунтқа тәуелді болғандықтан
ағындыда осы жергілікті факторларға жанама түрде тәуелді болады.
Су теңдестігінің сипаты бойынша қарастырылып отырған аумақ
өзендерінің алаптары үш зонамен сипатталады: ағынды қалыптасу зонасы,
ағындының транзиттік зонасы және ағындының шығындалу зонасы. Бұл өзендерге
салыстырмалы кішкентай кеңістіктің шегінде тұйықталу тән. Мұндай ағынсулар
өздерінің суларын тұйық көлдерге апарып құяды. Мысалы Торғай, Улы-
Жыланшық, Қауылжар өзендері өздерінің жолында кездесетін көлдерге құяды,
немесе қатты шығындалатыны соншалықты су қоймаларына жетпей құрғап кетеді.

Су жинау алаптары айтарлықтай үлкен өзендер дала аудандарының шегінде
жекелеген оқшау кіші және орташа өзендерден құралады. Бұл өзендердің
алаптары тұйық болып келеді, ағындылары жазда булануға шығындалады да өте
сирек болатын суы мол жылдары ғана ағын негізгі өзендерге барып жетеді.
Су жинау алабы тұйық өзендерде ағынды олардың ұзына бойымен
төмендейді. Ағындының абсолюттік шамасы фильтрация және булану салдарынан
қатты азаяды. Қарастырылып отырған аумақтың тағы да бір ерекшелігі
көктемгі су тасу кезінде өзендердің ортаңғы және төменгі бөліктерінде
фильтрация қатты жүреді. Әсіресе өзен арнасы әктастарды кесіп өтетін
жерлерде фильтрацияға кететін шығын үлкен болады. Торғай, Ырғыз, Байқоңыр,
Жыланшық өзендерінің төменгі ағысында өзен арнасынан фильтрация
айтарлықтай мол болады. Тәжірибе мынаны көрсетеді: жекелеген жылдары
арнадан болатын шығын жоғарғы тұстамадағы көктемгі ағынды көлемінің 50 %
тіпті одан да көп құрайды. Жерге сіңген су жер асты суларын толтыруда
үлкен рөл атқарады. Сонымен, ағынды модулінің өзеннің ұзына бойымен
төмендеуі жер бедерінің өзгеруімен және су жинау алабының геологиялық
құрылымымен тығыз байланысты.
Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады:
1. Өзендер мен уақытша ағынсулардың ағындысы ауданның микрорельефімен
және топырақ-грунттың сипатымен тығыз байланысты;
2. Микро жер бедерінің сипаты жалпы алғанда су жинау алабының орташа
биіктігімен, ал толықтай алғанда – су жинау алабының орташа еңістігімен
айқындалады.
3. Бір биіктік зонасының шегінде су жинау алабының орташа еңістігі
әртүрлі ағынсулар кездеседі. Осыған байланысты қарастырылып отырған
аумақта бір биіктік зонасында су жинау алабының кішіреюіне қарай ағынды
модулі ұлғаяды.
4. Булануға кететін шығын су жинау алабының өлшеміне тәуелді. Су
жинау алабының ауданы ұлғайған сайын тұйық су қоймаларына ұмтыла жапсарлас
орналасқан ауданның үлесі де артады, ағындының жүру жолы ұзарады, жыра-сай
желісінің жиілігі төмендейді, осының барлығы ағынды модулінің кішірюіне
алып келеді.
5. Ірі, орташа өзендердің жылдық ағындысының 95-98 %, ал кіші
өзендердің барлық жылдық ағындысы тұтастай көктемгі қар еру кезінде
қалыптасады. Қарастырылып отырған ауданда жазда алапқа түскен жауын-шашын
мөлшерінің жылдық ағындыдағы үлесі елемеуге болатындай өте аз, өйткені
жаңбырдың жауу қарқындылығы мен ұзақтығы басым жағдайда үлкен емес.
Жылдық ағындыны айқындайтын негізгі факторларға мыналар жатады:
1) қар ерудің алдындағы қардағы су қоры және олардың су жинау алабы
бойынша таралуы;
2) су тасу кезінде алап бетіне түсетін сұйық жауын-шашын;
3) қар ерудің алдындағы топырақтың ылғалдану дәрежесі және оның қату
тереңдігі;
4) қардың еру қарқындылығы.
Қардағы су қоры өзендерді қоректендіретін негізгі су көзі болып
табылады. Бірақ, осыған қарамастан қардағы су қоры мен көктемгі су тасу
кезіндегі ағынды көлемінің арасында бірмәнді байланыс жоқ, мұны көктемгі
ағындыға басқа да факторлардың айтарлықтай әсерін тигізетіндігімен және
қар жамылғысы жөніндегі деректердің дәлдігінің төмендігімен түсіндіруге
болады.
Су тасу кезінде алапқа жауған жаңбыр қарастырылып отырған аумақта
көктемгі ағындының қалыптасуында қосалқы маңызға ие. Олар орта есеппен
алғанда қардағы су қоры шамасының 5-10 %, тек жекелеген жылдары ғана 20-30
% құрайды. Көктемгі су тасу кезіндегі ағынды көлеміне топырақтың күзгі
ылғалдылығы ықпалын тигізеді.

3. Өзендер мен ағынсулардың режимі

Торғай алабының өзендері жалпы табиғи сипаттарымен қатар, жекелеген
жергілікті ерекшеліктерімен сипатталады. Ол ерекшеліктері өзендерің су
режимінен айқын байқалады. Сонымен, барлық өзендер қардағы су қорымен
қоректенеді. Қардағы су қоры су режимінің негізгі фазасы – көктемгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Торғай өзені алабының гидрографиялық ерекшеліктері
Тобыл алабы өзендерінің соңғы онжылдықтардағы су ресурсын бағалау
Торғай өзенінің су режимін сипаттау
Сарысу өзені алабының зерттелмеген өзендерінің ағындысын есептеу
Қазақстанның географиялық орны, ірі физикалық георафиялық нысандарына қысқаша сипаттама
Қазақстан өзендері. Өзен және олардың маңызы
Тобыл өзенінің көпжылдық ағынды тербелісін бағалау
Тұщы судың қоры, өзендер
Ойыл өзені алабының негізгі өзендерінің жылдық ағынды үлестірімін есептеу
Жем өзенінің ең аз ағындысын есептеу
Пәндер