Дүниежүзілік EXPO көрмесінің даму тарихы және символдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ
1 EXPO КӨРМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Дүниежүзілік EXPO көрмесінің даму тарихы және символдары
1.2 EXPO көрмесінің маңызы мен мақсаты
1.3 EXPO көрмесінің мемлекетке әкелетін пайдасы

2 ТУРИЗМДЕГІ EXPO КӨРМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ
2.1 EXPO көрмесінің туризмде алатын орны мен маңызы
2.2 Әлем бойынша EXPO көрмесінен түскен пайданы талдау
2.3 EXPO көрмесінің туризмнің дамуына әсері

3 EXPO КӨРМЕСІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨРСЕТУДІҢ МҮМКІНДІГІ

3.1 Астананың EXPO-2017 көрмесі өткізілетін орын ретінде таңдалуы -
Қазақстанның жетістіктерінің танылуы
3.2 EXPO-2017 көрмесіне арналған туристік бағдарлама және оның болжамы
3.3 EXPO көрмесі арқылы Қазақстан туризмінің даму болашағы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Көрме — экономика, ғылым, техника, мәдениет, өнер және т.б. қоғамдық
салалардағы жетістіктерді жариялап көрсететін демонстрация. Бұл ұғым сол іс-
шараны немесе оның өткізілу орнын сипаттайды. Көрменің көптеген түрлері
бар: жергілікті, ұлттық, халықаралық, дүниежүзілік, жалпы және салалық.
Салалық көрмелерге көркемөнер, өнеркәсіптік,ауыл шаруашылық көрмелері
жатады. Уақытына байланысты көрмелер уақытша және тұрақты болып жіктеледі.
[1]
Көрмелер кез келген елдер мен халықтар үшін үлкен тәрбие мен
нәтижеліліктің көрінісі болып табылады. Көрмелер тақырыбын ашатын болсақ,
адамзат мәдениетінде Экспо (Expo) көрмесінің орны ерекше.
Экспо техникалық және технологиялық жетістіктерді әйгілейтін
халықаралық көрме. Ол ең алғаш рет 1851 жылы Лондонда Гайд-паркте Альберт
ханзаданың бастауымен өткізілді. Бұл көрме Джозеф Пакстонның Хрусталь
сарайымен танымал болды. [1]
Лондон көрмесінен кейін ЕХРО үздіксіз дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді
және оны өткізуге Қазақстан да өз ниетін білдірген болатын. Бұл оқиға 2017
жылға жоспарлануда, алайда, ол үшін Халықаралық шешім мен қолдау керек,
оның шешімі 2012 жылдың желтоқсан айында жарияланады. Қазақстан (Астана)
көрмесі Бельгияның (Льеж) көрмесімен бақталастырып отыр.
Осының негізінде реферат өзектілігі — ЕХРО көмесінің маңыздылығы мен
оның біздің еліміз үшін беретін артықшылығын қарастыру. Бұл тікелей
экскурсиялардың дамуымен тығыз байланысты болып отыр. Сонымен қатар
көрмелер мемлекет үшін экономикалық табыс көзі болып та табылады.

1 EXPO КӨРМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Дүниежүзілік EXPO көрмесінің даму тарихы және символдары

Экспо техникалық және технологиялық жетістіктерді әйгілейтін
халықаралық көрме. Ол ең алғаш рет 1851 жылы Лондонда Гайд-паркте Альберт
ханзаданың бастауымен өткізілді. Бұл көрме Джозеф Пакстонның Хрусталь
сарайымен танымал болды. Осы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2011 жылы
160 жыл толады екен.
Лондон көрмесінен кейін ЕХРО үздіксіз дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді
және оны өткізуге Қазақстан да өз ниетін білдірген болатын. Бұл оқиға 2017
жылға жоспарлануда, алайда, ол үшін Халықаралық шешім мен қолдау керек,
оның шешімі 2012 жылдың желтоқсан айында жарияланады. Қазақстан (Астана)
көрмесі Бельгияның (Льеж) көрмесімен бақталастырып отыр.
Өткен 160 жыл өндірушілер және олардың тауарларын жалпы халықаралық
қараудың маңыздылығы мен мақсатқа лайықтылығын растады, бұған көптеген
елдерде жыл сайын өткізілетін көптеген көрмелер және жәрмеңкелермен қатар,
анағұрлым жарқын, әрі беделді бүкіләлемдік көрмелер қала беретіндігі куә.
Әрине, осындай үлкен мерзім ішіндегі мұндай көрмелердің мазмұны мен сипаты
едәуір өзгерген болар, бірақ оларға деген ерекше ілтипат пен абыройы сол
күйінде қала берді.
Бүгінгі күннен бастап олардың тұрғысынан қарастыра келе, бүкіләлемдік
көрмелер – бұл, белгілі бір деңгейде ұлттық формалардағы шоғырланған түрде
бейнеленген адамзат дамуының тарихи ретроспективасы деп пайымдауға болады.
Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылған экспонаттардың талдаудары,
құндылықтар мен басымдықтарды, сондай-ақ олардың жеке елдерде үстемдік
ететін басымдықтарымен қатынастарының жүйесі туралы қорытынды шығаруға
мүмкіндік береді. Осы құндылықтардың серпінділігі бүкіләлемдік көрмелердің
ұлттық өнеркәсіп пен мәдениеттің дамуына белгілі бір ықпалы туралы айтуға
мүмкіндік береді.
Әр бүкіләлемдік көрме экспонаттардың және идеялардың бірегейлігімен,
ұйымдастырушылар және қатысушылардың тұрғызған кешендер мен павильондардың
өзінділігімен, өткізілетін шаралардың көркемділігі және мерекелігімен
ерекшеленеді.
Бүкіләлемдік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және эконмикалық
мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады.
Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму
келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт
алдындағы шеруі.
Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың
дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Бүкіләлемдік көрмелер әр-түрлі елдерде
тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен
адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды. Қазірдің өзінде 63
көрме өткізілді.
Ел ішінде ХКБ-нің өзіндік мұрасы пайда болды: Лондондағы Хрусталь
сарайы; Париждегі Эйфель мұнарасы; Париждегі Александр III көпірі; Венадағы
Ротонда – әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон; Мельбурндегі
патшалық көрме павильоны.
EXPO бес жылда бір өткізіледі және алты айға созылады. ЕХРО
мамандандырылған халықаралық көрмелері екі Дүниежүзілік көрмелердің
аралығында өтеді. Міндетті түрде ХКБ бекіткен тақырыпқа ие болады әрі үш
айға жалғасады.
Оңтүстік Корея, 1993 жыл, Дамудың жаңа жолын таңдау:
ЕХРО-93 бүкіләлемдік көрмесі Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында 1993
жылғы 7 тамыздан 7 қарашаға дейін жалғасты. Көрменің тақырыбы - дамудың
жаңа жолын таңдау.
Осы жылы өткен ЕХРО-ның басты символы - ғарыштан келген Кумдори сәбиі.
Символды ойлап тапқандардың пікірінше, сәби техникалық жаңғыртуға жетелеуі
керек. Кумдори адамның ғылым мен техника туралы арманын бейнеледі.
ЕХРО-93 мақсаты – түрлі елдердің қоршаған әлемді танып білудің ғылыми-
техникалық әдістерін әзірлеуге әртүрлі елдердің қосқан үлесін көрсету,
адамның қоршаған ортаны қорғау арқылы болашақ алдындағы жауапкершілігін
көрсету болып табылады. ЕХРО-93 ашылуына EXPO Bridge көпірі салынды.
Өткізілген орны үш бас облыстан тұрды – халықаралық, корпоративтік және
саябақтың қызықты зонасы.
Мамандандырылған көрме болғандықтан, халықаралық зонадағы
павильондардың көбі дайын болып, бағдарлама уақытына түрлі халықаралық
қатысушыларға жалға берілді. Жүз сегіз мемлекет Тэджонда бұрын-соңды
өтпеген ірі көрмелердің бірі ЕХРО-93 көрмесіне қатысты.
Корпоративтік зона да ерекше сиқырға ие болғандай. Корейліктер әдемі
сәулет, мазмұнды көрме ұйымдастырды. Сондай-ақ, ЕХРО символы Kumdori
құрметіне Kumdori Land қызықты саябақ зонасы да сән-салтанатымен
қызықтырды.
Көрменің орталығы - биіктігі 93 метрлік pinnacled Hanbit немесе Үлкен
Жарық Мұнарасы. Жалпы ЕХРО-93 көрмесі үлкен технологиялық көрсетілімдер
арқылы танымал болды.
Испания, 1992 жыл, Жаңалықтар ғасыры. ЕХРО-1992 Испанияның Севильес
қаласында 20 сәуірден 12 қазанға дейін өтті. Көрменің басты тақырыбы –
Жаңалықтар ғасыры.
Оның символы – Curro болды. Curro - ұзын тұмсығы, түрлі-түсті айдары,
пілдің аяғы бар үлкен ақ құс. Оны жасаған неміс жобалаушысы Хайнц Эделман.
ЕХРО-1992 Христофор Колумбтың (1492-1992) Американы ашқандығына 500
жыл толуына орай ұйымдастырылды. Көрмені өткізуге Чикаго қаласы да қатыспақ
болды, дегенмен қаржыландырудың жеткіліксіз болғандығынан аталмыш қала
қатыспады.
215 га аумақта 100-ден астам ел қатысты. Халықаралық көрме бюросыың
мәліметтері бойынша, келушілердің саны 41 814 571 адамды құрады.
Австралия, 1988 жыл, Техника ғасырындағы бос уақыт:
Жасыл құрлықта өткен бүкіләлемдік алғашқы көрме Австралиядағы Брисбен
қаласында 1985 жылғы 30 сәуір-30 қазан аралығында ұйымдастырылды. Көрме
тақырыбы - Техника ғасырындағы бос уақыт.
1988 жылғы көрме символы ЕХРО Оз аталатын австралиялық platypus. Оны
әзірлеген Диснейдің Imagineering бөлімшесі.
ЕХРО-1988 көрмесін 30 сәуір күні Австралия Корольдігінде Элизабет II
ашты. Жәрмеңке 18 млн астам келушіні тартты. ЕХРО-1988 көрмесі Квинсленд
қаласын Австралияның дамыған қаласына айналдырды.
Көптеген мүсіндер мен ғимараттар бүгінгі күнге дейін сақталды. ЕХРО-88
52 үкіметтен 100-гу жуық павильонды тартты. Көрмеге көптеген елдер қатысты.
Ванкувер, 1986 жыл, Көлік және байланыс: қозғалыстағы және
байланыстағы әлем:
ЕХРО-1986 - Ванкувер қаласының жүз жылдығына орай 1986 жылғы 2 мамыр
мен 13 қазан аралығында өткізілген II санатты дүниежүзілік көрме. ЕХРО-86
ресми символы Эрни болды. Ол адамға ұқсас робот. Он жылдар өтсе де, ол
Ванкувердегі танымал символдардың бірі болып табылады.
Көрменің тақырыбы: Көлік және байланыс: қозғалыстағы және
байланыстағы әлем. Қатысаушы елдер саны жүзе жуық, ал келушілер қатары 6,5
млн адамды құрады. 86 жылғы Экспоны 1986 жылғы 2 мамырда ханзада Чарльз
Уэльский, ханшайым Диана Уэльская және премьер-министр Брайан Малрони ашты.
Жапония, 1985 жыл, Адам тұрмысын жақсарту үшін ғылым мен
технологияларды дамыту:
ЕХРО -1985 Бүкіләлемдік көрмесі 1985 жылғы 17 наурыздан 16 қыркүйекке
дейін жапондық Цукуба қаласында өтті. Көрменің тақырыбы - Адам тұрмысын
жақсарту үшін ғылым мен технологияларды дамыту.
ЕХРО-1985 ресми символы - Cosmo Hoshimaru. Көрме техникалық
Диснейлендке ұқсады. Көрмеде роботтар басым болды. Экспозиция 3500 шаршы
метр аумақты алды. Көрмеге жалпы 20 млн адам келді және 111 мемлекет
қатысты.
Дүниежүзілік ЕХРО көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді
көрсетуге арналған ашық халықаралық алаң болып табылады.
Сонда осындай керемет көрменің табыстары мен шығындары қандай болады?
Бұл жөнінде жұрт пікірі әрқалай. Мысалы, 2000 жылы Ганноверде (Германия)
ұйымдастырылған көрме кезінде көрмені тамашалаушылар үшін күніне 261 мың
билет сатылады деп шамаланғанымен бұл жоспар орындалмай қалған деседі. Ал
кейбір сарапшылардың есебінше, осы көрмеге қатысқан Нидерланды елі өз
жетістіктерін көрсету жолында 35 миллион доллар шығындапты. Дегенмен
жетістіктерін қажетті дәрежеде көрсете алуының арқасында кейін елге
тартылған инвестиция арқылы Нидерланды бұл шығынын 10 есеге дейін өндіріп
алған көрінеді.
Қорыта айтқанда, ЭКСПО көрмесінің осындай кереметтері бар. Ал 2017
жылы Астанада өтетін көрмені ол өткізілген уақыт ішінде кемінде 5 миллион
адам тамашалайтын болады деп болжануда. Ол Болашақтың қуат көздері деген
негізгі тақырыппен өтпек. Қысқасы, онда адамзатты толғандырып жүрген қуат
көзінің баламалы түрлеріне көшуге байланысты жаңа технологиялар
көрсетілетін болады.

1.2 EXPO көрмесінің маңызы мен мақсаты

EXPO көрмесін өткізудегі мақсат – әлемге Қазақстанның мүмкіндіктерін
таныстыру, екіншіден, керісінше, әлемде бар тиісті мүмкіндіктерді елімізге
алып келіп, кәсіпкерлерге көрсету. Қазір дүниежүзінде жаһандану үдерісіне
үлкен көңіл бөлініп отыр. Бұл үдеріске біздің мемлекетіміз де белсенді
қатысуда. Осының барлығы EXPO көрмесін өткізу нәтижесінде бізге тиісті
экономикалық міндеттерді белгілеп береді
EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік
қауымдастыққа Болашақ энергиясы тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде
де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін
дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне,
әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны
жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді
достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту
– жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы. Әрине, бұл оңай
шаруа емес.
Астанада EXPO өткізуге арналған тақырып кездейсоқ таңдап алынбаса
керек. Жерінде табиғи байлықтың мол қоры бола тұра Қазақстан баламалы
энергетика мәселесін қозғауы тегін емес, әрине. Өйткені, шикізат көзіне
айналып отырған еліміз оның түбінде бір түгесілетінін жақсы түсінеді.
Сондықтан да тұрақты энергияны, баламалы энергетиканы пайдалану және табиғи
ресурстарды сақтау барлық энергетикалық саланы дамытудың басым бағытының
бірі болып табылады. Болашақ энергиясы – жел, күн, су, ғарыш баламалы
энергетика, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын төмендету
мәселелерін терең қозғайтын өте ауқымды түсінік.
Шындығында да еліміздің географиялық орналасу жағдайын, жел және күн
энергиясын пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ мұнай және газ ресурстарының
энергетикалық әлеуетін ескерсек, бұл қажеттіліктің орнын толтыруға тамаша
мүмкіндік туып отыр. Қазақстанның сағатына 1 трлн кв энергия өндіруге
мүмкіндігі бар. Оның үстіне Астана көрмені өткізу құқығын жеңіп алған
жағдайда, ЭКСПО-2017 көрме қалашығы толықтай баламалы энергия көздері
арқылы жұмыс істеуге көшеді. Мұны көріп-біліп отырған сарапшы мамандар
еліміздің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын толық мойындауда.
Демек, бұдан шығатын қорытынды, әлемдегі белді ұйымдар Қазақстанның
EXPO көрмесін өткізуіне бір жағынан мүдделі болып отырса, екінші жағынан
Қазақстан мен оның энергия тақырыбына деген қызығушылығын көптеген елдер
қолдауда. Қазір елуден астам ел Астанада көрмені өткізуге жазбаша келісім
берсе, қырықтан астам мемлекет ауызша растаған.
Тағы да мамандардың пікіріне тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз. КХБ бас
хатшысы Висенте Лоссерталес Астананың EXPO-2017 өткізуге мүмкіндігі жоғары
деп есептейді. Ол біздің еліміздің үш артықшылығына бас мән беретінін
жеткізді. Оның пайымынша, біріншіден, Қазақстан басшылығының саяси
еркіндігі бар, екіншіден, бұл істі абыроймен атқаруға қажетті қор
жеткілікті, үшіншіден, біздің еліміз ұсынып отырған Болашақ энергиясы
тақырыбы бүгінде бүкіл дүние жүзінде маңызға ие болып отыр. 
Қазақстан елордасы сайлауалды бәсекеде жеңіске жетсе, осы саладағы үздік
әлемдік үрдістер мен әзірлемелерді көрсетіп, оны талқылау үшін тиімді
алаңға айналары сөзсіз. Қазірдің өзінде Болашақ энергиясы тақырыбында
жұмыстар басталып кетті. Қазақстан жаңа энергия көздерін енгізу бойынша
халықаралық пікірталастарға белсенді түрде қатысып келеді. Айталық, 2012
жылдың маусымында Астанада өткен Болашақ энергиясы халықаралық симпозиумы
ғаламшардың назарын қайта жаңартылатын энергия көздерін күшейту
мәселелеріне аударды. Мұның өзі Қазақстан үшін EXPO-2017 көрмесін өткізуде
маңызды шаралардың бірі болғаны анық.
Қорыта келгенде, күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды
тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия
көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді.
Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай,
көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз.
Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін
өткізудің маңызы өте зор.

1.3 EXPO көрмесінің мемлекетке әкелетін пайдасы

Бүкіләлемдік көрме немесе ЭКСПО (ЕХРО) – индустрияландыру символы және
техникалық, технологиялық жетістіктерді көрсету үшін ашық алаң болып
табылатын халықаралық көрме. ЭКСПО-ның бүкіл халықаралық көрмелердің
арасында бөлекше орынға ие екенін айтудың өзі артық. Бүкіләлемдік
көрмелерде елдер адамзаттың ең көкейкесті мәселелерін шешуге жол ашатын
ғылыми-техникалық, технологиялық, экономикалық шешімдерді көрсетуге,
таныстыруға, талқылауға мүмкіндік алады. Және соның бәріне бір мезгілде,
бір жерде қол жетеді.
Ұсынылып отырған EXPO-2017 көрмесі 3 айға – 2017 ж. 10 маусымынан 10
қыркүйегіне дейін созылады.
Көрмеге әлемнің 100-ге тарта елі мен 10 халықаралық ұйым қатысады,
көрмеге 5 миллион адам келеді деп күтілуде. Бұл Қазақстанның халықаралық
деңгейде алға жылжуында үлкен қадам болмақ.
EXPO-2017 өткізу елорданың да, тұтас республиканың да экономикалық
және инфрақұрылымдық дамуы үшін қосымша ынталандыру болады.
Астанадағы және оның маңындағы кіші және шағын бизнес, ең алдымен
қызмет көрсету саласы, қонақ үй бизнесі мен ішкі туризм дамуға елеулі дүмпу
алады. Бұл шара көрме нысандары мен астананың инфрақұрылымын салуға жеке
ивестицияның елеулі көлемін тартуға мүмкіндік береді.
Көрме әлемді қазақстандықтардың көпұлтты мәдениетімен, көне тарихымен,
өнерімен, дәстүрлері мен қонақжай мінезімен таныстырды, Қазақстанның
әлемдік қоғамдастықтағы танымалдылығы мен тартымдылығын жоғарылатады.
Елорданың мәдени дамуы да маңызды іс. EXPO өткізу кезінде Астана
қаласы дүниенің әр бұрышынан келген әр түрлі мәдениет үндеріне толады. Күн
сайын көрме аумағында концерттер, шоу, Ұлттық Күндер және басқа ойын-сауық
шаралары өтетін болады.
Туристтер мен көрмеге қатысушылардың көп саны оларға қызмет көрсетуші
жеке қызметтердің белсенді дамуына жол ашады.Өйткені келушілерге тұратын
орын, сапалы тамақ, аудармашылар, экскурсиялар мен ойын-сауық қажет болады.
Сондықтан қосымша жұмыс орындары мен табыс табу мүмкіндіктері пайда болады.
Кіші және орта бизнес иелері үшін Астанадағы EXPO-2017 көрмесін өткізу
жаңа энергия сақтағыш технологиялармен танысуға және кейіннен оларды
енгізуге, инвесторлар мен бизнесті одан әрі дамытуға идеялар іздеуге тамаша
мүмкіндік бола алады.
Студенттар мен жоғары сынып оқушылары үшін бұл тамаша тіл ұстарту
практикасы, жетекші әлемдік ғылыми мектептермен танысып, бұдан былайғы
кәсіби өсу үшін идеялар табу мүмкіндігі.
Жаңа қызықты кездесулер мен танысуларды да ұмытпаған жөн, өйткені
Қазақстанға барша әлем өкілдері келеді.
Бүкіләлемдік көрмені өткізудің мәртебелі екендігі де, пайдалы екендігі
де талас тудырмайды. ЭКСПО өткізген елдің де, қаланың да аты өркениет
тарихында қалатындығын, мемлекеттің мерейін асыратындығын айтпағанның
өзінде, құрылысқа, туристік инфрақұрылымға, қонақүй бизнесіне салынатын
инвестицияның мультипликативтік тиімділігін айтпағанның өзінде, оның
зияткерлік тұрғыдағы әсер-ықпалы бүкіл елдің дамуына қуатты қозғау
қосатындығы күмәнсіз. Біз Астанадай қала салу арқылы өз күшімізге, өз
мүмкіндігімізге сене түссек, айналасы 14-15 жылдың ішінде атын бүкіл
адамзат баласы білген, экономикасы қуатты, саясаты сарабдал, халқы тағатты
елдің бас қаласында бүкіл әлемнің басын қосып, Біздерде мынандай бар,
мынандай бар дегізу арқылы, күллі адамзаттың технологиялық жетістіктерін
жайып салып, ақыл-ой қазынасын жарыстыру арқылы өзіміз де өркениеттің өріне
көтеріле түсеміз.
Қазіргі ЭКСПО индустрияландыру символына және елдің әртүрлі
салаларындағы барлық елеулі жетістіктерді танытудың ашық алаңқайына айналып
отыр. ЭКСПО-ның әр көрмесіне миллиондаған адамдар келеді. Елдің ЭКСПО-ға
қатысуы мәселесі үкіметтік деңгейде шешіледі. Үміткер мемлекеттердің ЭКСПО-
ны өткізу жолындағы күресі таласының тартыстылығы тұрғысынан Олимпиялық
ойындарды өткізу құқын иелену үшін күресті еске салады, деп жазды.
Негізінде ЭКСПО-ның әлемдік оқиғалар арасындағы орны жаңағы айтылған
Олимпиялық ойындар мен футболдан әлем чемпионатынан ғана кейін тұратыны
айдан анық.
Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында, оның үстіне Мексика
шығанағында мұнай платформасындағы, Фукусима атом электр стансасындағы
апаттардан кейін техногендік трагедиялардан әбден зәрезап болған адамзат
үшін Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Болашақтың энергиясы идеясы айрықша
көкейкестілігімен өте тартымды шығып, Астана кандидатурасын алға сүйреген
себептердің бірі десек, бұл жағынан Қазақстан әлі игерілмеген тыңның
алдында тұрғандай.
365 күннің шамамен 300 күні бұлтсыз болатын қазақ жерінде күн
энергиясын пайдаланудың мүмкіндігі ересен. Жел энергиясы жөнінде де осыны
айта аламыз. Сонау Жоңғар қақпасынан бастап, екіленетін Ебінің желі, қара
ағаштарыңды қисайтып жіберетін Арыстанды-Қарабастың желі, аспан астын
шаңытып соғатын Шақпақтың желі сияқтыларды айтып жатпай-ақ қояйық, сайын
сахарадағы салқын самал-ақ кілтін тапқан кісіге күшті кернеудің көзі,
табиғат-ана сәт сайын қалпына келтіріп тұратын сарқылмас қуаттың тап өзі.
2017 жылы, енді небәрі төрт жарым жылдан кейін зу етіп келіп қалатын ЭКСПО
елдіктің ерен сынағы екенін әрбір қазақстандық көкірегіне түюге тиіс.
Біріншіден, бұл еліміз үшін үлкен абырой болмақ. Ауқымы жағынан
Олимпиада ойындары мен әлемдік футбол чемпионатынан кейінгі орында тұрған
көрмені ТМД кеңістігінде тұңғыш рет Қазақстан өткізгелі тұр. Бұл бізге
берілген сенім квотасы һәм Елбасының дәрежесін сыйлау болса керек. Әрі
сыртқы саясаттағы табысымыз бен елді біріктіріп, тұтастыра түсетін уақыттық
нышан.
Екіншіден, Астанаға 3 айдың ішінде 5 миллионның үстінде адам келеді
деп күтіліп отыр. Бұл миллиондардың ішінде инвесторлар да, туристер де,
журналистер де болады. Демек, Қазақстанға ақпараттық шу, туристік
қызығушылық һәм инвестициялық климат жағынан болсын, бұл көрме әбден
тиімді.
Үшіншіден, көрме Астананың инфрақұрылымына үлкен серпіліс әкеледі.
Жаңа қонақүйлер салынады, жаңа жұмыс орындары ашылады, жеңіл рельсті
трамвай жолдары салынып, сауда-саттық дамиды. Шағын және орта бизнес
өркендейді. Және бұл көрме елдегі новаторлық рухты жанудың, ғылымға
ұмтылуға құлшыныс берудің таптырмас тетігі.   
Төртіншіден, Астана көрмесінің бас тақырыбы – Болашақ қуаты. Жасыл
технологияларды дамыту, балама қуат көздерін табу мәселесі өзекті боп
тұрған заманда 2017 жылғы көрме талай бастаманы іске асыру кілтіне
айналады. Мысалы, 1939 жылы Нью Иоркте өткен әлемдік көрмеде Рузвельттің
телеэкранда пайда болып, жиналғандарды таң қалдыруымен әлемде телевидение
өрістей бастады. Ал Эдисонның фонографы үшінші Парих көрмесінде танымал
болып кетті. Ендеше, Астана көрмесінде де жаңа технологиялар мен ғылыми
жетістіктердің бағы жанып кетеді деп білеміз.
Бесіншіден, ЭКСПО-ны өткізу тарихына қарасаңыз, үлкен көрмелердің
құрметіне әр ел өзінің техникалық мүмкіндігін паш ету үшін сәулет
туындыларын салуға тырысқан. Мысалы, алғашқы ЭКСПО-дан Лондонда Хрусталь
сарайы қалған еді, ол 1936 жылы өртке оранып кетті. Парижде Эйфель
мұнарасы, Брюссельде Атомиум, Монреальда Хабибат деген ерекше тұрғын үй
кешені тұрғызылғанын тағы білесіздер. Ендеше, Астана көрмесінде де сәулет
тарихына ұялмай кіретін туындылар салынады деп сенейік.
Алтыншыдан, көрме өтіп біткен соң қалған павильондардың біразы ғылыми
зертханалар, ғылыми орталықтар, зерттеу институттары ретінде қолданылады.
ЭКСПО – Бүкіләлемдік көрме. Оны өткізу мүмкіндігі елге жүз жылда бір
рет қана берілуі мүмкін. Кей елдерге жүз жылдап та берілмеуі де мүмкін.
Қазақстан – сондай мүмкіндікке тәуелсіз дамуының алғашқы ширек ғасырында-ақ
қол жеткізген сирек елдің бірі. Осы табысымыз арқылы біз Астананың 20
жылдығына қазірден тамаша сый дайындап жатырмыз. ЭКСПО-2017 –
мемлекетіміздің мығымдығын, еліміздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмдегі ЭКСПО көрмесінің маңызы
Туризмдегі EXPO көрмесінің рөлі
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
Экспо көрмесі – Қазақстанның әлеуетін көрсетудің мүмкіндігі
Туризмнің экономикалық қызметтері
Көрме ұйымдастыру арқылы еліміздің туристік әлеуетін жарнамалау
Экспо - 2017 көрмесі - елдіктің ерен жеңісі
Көрме арқылы Қазақстанның әлеуетін корсетудің жолдары
Қазақстан Республикасы оңтүстік аймағында мәдени туризмнің даму ерекшеліктері
Қазақстандағы туризмнің дамуына ықпал ететін ЭКСПО-2017 көрмесі
Пәндер