Тіл мәселесінің шиеленісу тарихы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1. Кіріспе . . . 2

2. Негізгі бөлім . . . 4

1) Тіл мәселесінің шиеленісу тарихы . . . 4

  1. 1937 ж. ҚазССР-ның 1-ші конституциясы . . . 4
  2. 1978 ж. ҚазССР-ның конституцияның қабылдануы . . . 5

2) Тіл мәселесінің шешілу тарихы . . . 7

2. 1. 1989 ж. Тіл мәселесіне байланысты Заңдар . . . 7

2. 2. Тіл мәселесінің қоғамдық дамуы . . . 18

2. 3 Қазақтың ұлт зиялыларының тіл мәселесіне көзқарасы . . . 19

Қорытынды . . . 25

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 28


Кіріспе

Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Алайда, Қазақстанда мемлекеттік тілді енгізу және дамыту мәселесі қазіргі уақытқа дейін толық шешілген жоқ. Бұл мәселе уақыт еншісінде деп санаймыз. ХХ ғасырдың басында Абай өзінің жиырма бесінші сөзінде «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. » - деген болатын. Әрине, мақсат орыс тілінен бір күнде бас тарту емес, қазақ тілі мен орыс тілін бір біріне қарсы қою да емес. Дегенмен, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін шын мәнінде алуы ғана мемлекетті мемлекет ете алады. Сондықтан, мемлекеттік, яғни қазақ тілін оқу қажеттілі туып отыр.

Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақ тілі - батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер - қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы VI ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі - ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар. Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз - мейлінше жетілген ұлттық тіл. Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі - бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады. Қазақ тілі тарихында орын алған түрлі қиындықтар мен дағдарыстардың объективті себептері бар. Біріншіден, қазақ халқы екі ғасырға жуық орыс отаршылдығының қыспағында болып, ұлт ретінде жойылып кетудің бірнеше сатыларын бастан кешірді. Екіншіден, Кеңес өкіметі жетпіс жылдан астам уақыт бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен ұсақ ұлттардың тілдеріне қысым жасап келгені белгілі.

Жұмыстың мақсаты: Қазақ тілі туралы, ҚР-ның тіл мәселесінің шешу жолдарының тарихи деректеріне сүйене отырып, тіл мәселесін шешу жолдарын табу.

Зерттеу кезеңдері:

  1. Қазақ тілі тарихы туралы материалдармен танысу
  2. Қазақстан тарихындағы тіл мәселесін шешу жолдарының тарихын қарастыру

Жұмыс істеу әдісі:

  1. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс
  2. Тарихи деректермен жұмыс
  3. Тіл мәселесінің шешу тарихымен танысу

Ғылымилығы: Қазақ тілі тарихының, Қазақстан тарихындағы тіл мәселесін шешу туралы тарихи деректерді жинақтап, тіл мәселесін шешуі туралы қарастарып, жүйелендіру

Тіл мәселесінің шиеленісу тарихы

1. 1. 1937 ж. ҚазССР-ның 1-ші конституциясы

1935 ж. ВКП (б) Орталық Комитетінің Пленумында ССРО Конституция туралы мәселені қарағанда, сайлау жүйесін демократияландыруға, толық тең емес сайлауды тең сайлаумен ауыстыру, көп сатылыны-тікелейге, ашықты- жабыққа өзгетуге, сонымен бірге, Конституцияның әлеуметтік - экономикалық негізін нақтылауға бағытталған өзгерістердің қажеттілігі туралы шешім қабылданды. 1936 ж. 5 желтоқсанда Советтердің төтенше VII съезінде, Конституция жобасын бес айлық бүкіл халықтың талқылаудан кейін, Советтер Одағының Конституциясы бекітілді.

ҚазАССР-інің одақтас Республика болып қайта құрылуына байланысты Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Конституциясының жобасын жасау үшін комиссия құрылды. 1937 жылдың ақпанында комиссия өз жұмысын аяқтап, Қазақ Орталық Атқару Комитетінің Президинумының қарауында Конституция жобасын ұсынды. Президиум жобаны қолдап Советтердің Бүкілқазақтың Кеңестерінің Х съезінде 1937 жылғы 26 наурызда Республика Конституциясы қабылданды.

Қазақ КСР Конституциясы 11 тараудан және 125 баптан тұрды. Онда «КСРО Конституциясының 14-бабының шегінен тыс Қазақ КСР-і өзінің егенмендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті дербес жүзеге асырады», - деп жазылған. 1937 жылғы Конституцияда сондай-ақ экономикалық, саяси қорғаныс, басқа тең құқықты республикалармен ерікті бірігу, ҚазКСР келісімінсіз аумағының өзгертілмейтіні, республиканы басқару мәселелері бекітілген, сондай-ақ жоғарғы республикалық және жергілікті өкімет органдарының, заңнамалардың орындалуын бақылау, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті және азаматтардың құқықтарын қорғау, салық салу т. б. мәселелер қарастырылған.

ҚазССР Конституциясы: 99-бап. Қазақ ССР-ның азматтарының оқып, білім алуға құқығы бар. Бұл құқықты жаппай міндетті бастауыш оқу, оқудың ішінде жоғарғы дәрежелі оқудың да тегін оқытылуы, жоғарғы дәрежелі мектепте оқушылардың аса көпшілігіне мемлекеттен степенния беру сипаттамасы оқудың мектепте ана тілінде оқытылуы, зауыттарда, савхоздарда, машина-трактор станцияларында және колхоздарда еңбекшілерге өндіріс, техника және агрономия білімдерінің тегін үйретілуі қамтамассыз етіп отырады.


  1. 1978 ж. ҚазССР-ның Конституцияның қабылдануы

ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлімнен, 19 тараудан, 173 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды. Өкімет билігі мен басқару жүйесінің үстінен Қазақ КСР Коммунистік партиясы бақылау орнатты. Республиканың экономикалық жүйесі мемлекеттік, кооперативтік-колхоздық және кәсіподақ және басқа да ұйымдардың меншігі деп жарияланды.

1978 жылғы Конституцияда республиканың ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылысы, жоғарғы және жергілікті билік пен басқару құзыреті, сайлау жүйесінің принциптері, халық депутаттарының құқықтық мәртебесі, экономикалық және әлеуметтік даму мемлекеттік жоспары институттары, мемлекеттік бюджет, сот тәртібі, төрелік соты, прокурорлық қадағалау және т. б. мәселелер қамтылды.

1990 жылдардың басында Қазақ КСР-інде, одан кейін Қазақстанда 1978 жылғы Конституцияға елеулі өзгертулер енгізген бірқатар заңдар қабылданды. «Мемлекеттік өкімет құрылымдарын жетілдіру туралы» 1990 жылғы 20 қарашадағы Заңға сәйкес Президент атқарушы және өкім етуші билік басшысы болғаны туралы ереже енгізілді, Министрлер Кеңесі Министрлер Кабинетіне өзгертілді және жергілікті өзін өзі басқару, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту, ҚР азаматтығы туралы Заңдар және басқа да құжаттар қабылданды.

ҚазССР Конституциясы: 34-бап. Казақ ССР-інің нәсілі мен ұлты әр түрлі азаматтары тең праволы.

Бұл праволардың жүзеге асырылуы СССР-дегі барлық ұлттар мен халықтарды жан-жақты дамыту мен жақындастыру саясаты арқылы, азматтарды советтік патриотизм рухында тәрбиелеу арқылы, ана тілін және СССР-дегі басқа халықтардың тілін пайдалану мүмкіндігі арқылы қамтамасыз етіледі.

Азаматтырдың нәсілдік және ұлттық белгілеріне қарап праволарын қандай да болсын тікелей немесе жанамалап шектеу, оларға тікелей немесе жанама артық белгілеу, сондай-ақ нәсілдік немесе ұлттық ала бөтендігі, араздықты немесе менсінбеушілікті уағыздаудың қай-қайсысы да заң бойынша жазаланады.

ҚазССР Конституциясы: 43-бап. Қазақ ССР-ның азаматтары білім алуға құқылы.

Бұл құқық оқудың барлық түрінің теңдігі арқылы, жастарға міндетті түрде жаппай орта білім беруді жүзеге асыру арқылы, оқудың өмірмен, өндіріспен байланысты болуы негізінде кәсіптік-техникалық, арнаулы орта және жоғарғы білім берудің кеңінен дамытылуы арқылы; сырттай және кешкі оқуларды дамыту арқылы; оқушылар мен студенттерге мемлекеттік степендия мен жеңілдіктер беру арқылы; мектеп оқулықтарын тегін беру арқылы; мектепте ана тілінде оқу мүмкіндігі арқылы; өздігінен білім алуға жағдай жасау арқылы қамтамассыз етіледі.

Осындай мәлеметтерге қарағанда қазақ тілінің мәселесі осы жылдары аралығында мүлде қарастырылмаған, керісінше 1950 жылдарда төте жазудың орнына Латын кириллица әріптерімен ауыстырды.

Қазақ тіліне өзінің мәртебесін тәуелсіздігімізден айырылғаннан кейін мүлде назар аударылмаған. Ал 1930-1932 жылдар аралығында өзіміздің тіліміз емес өзімізде құрып кетуге аз қалдық. Осыдан кейін қазақ халқына жаны ашыған ұлы тұлғаларымызды репрессия ұшыратып, қазақ халқын 70 жыл бойы қараңғылықта жүргізді. ( Оған дәлелі 1910 жылы П. П. Румянцев жазған «Киргизский народ в прошлом и настоящем» осы кітапта қазақ халқының тәуелсіздігінен айырылып, халқымыздың жері Ресей патшалығының меншігіне айналып, өзіміздің жерімізде жат елден келген тұрғындардай болдық десе болады. )

Негізінен алғанда, Қазақстанда мемлекеттік тіл мәселесі 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заңында алғаш рет заңды түрде көтерілген болатын. Алайда қазақ тілі өзінің мемлекеттік тіл ретіндегі тиісілі дәрежедегі мәнін тек қана 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» қабылданған Заңында тапты. Бұл Заңның І тарауының 4 бабы бойынша қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. Ал орыс тілі аталған Заңның І тарауының 5, ІІ тарауының 8 -15 және ІІІ тарауының 16-18 баптарында Қазақстан Республикасы Конституциясының І бөлімінің 7 бабына сәйкес мемлекеттік тілімен қатар қолданылатыны заңдастырылды. Аталған Заңды жүзеге асыру бойынша кейінен бірқатар маңызды құжаттар қабылданғаны белгілі. Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы» Үкіметтің №769 қаулысы қабылданды. Қаулыда іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы айтылды. Әрине, бұл мемлекеттік тілді дамытудағы ең маңызды құжат деп айтуға болады. Өйткені жетпіс жыл бойы барлық одақтас республикаларда орыс тілі интернационалдық тіл есебінде үстем болғаны мәлім. Ал жоғарыда айтылған қаулы қабылданған соң қазақ тілінің мәртебесі өсіп, шынайы мемлекеттік тіл ретінде көтерілуіне бірден-бір негіз болғаны сөзсіз. Сондай-ақ, бұл іс-шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы №3186 Жарғысымен қабылданған «Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасында» өзінің логикалық жалғастығын тапты.

Тіл мәселесінің шешілу тарихы

2. 1. 1989 ж. Тіл мәселесіне байланысты Заңдар

80-жылдардың аяғында 90-жылдардың басына дейінгі уақыт кезеңі бүкіл СССР териториясында ұлттық сананың өзінің тарихы, мәдениеті, тіліне деген қызығушылықтың өсуінен сипатталады. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу құралы ретінде қазақ тілінің беделін арттыру қажеттілігі туды. 1989 жылы 22 қыркүйекте «ҚазССР-інің тілдер туралы» Заң республикада тілдердің қызмет етіп және дамуының құқықтың негіздерін бекітті. Атаулы заң 1990ж. 1 шілдесінен, ал оның кейбір баптары қоғамдық өмірдің барлық санасына бірте-бірте орнығу арқылы бірнеше жыл ішінде заңды күшіне енетін болып белгіленеді. Мысалы, мемлекеттік билік пен басқару, қоғамдық ұйымдар мен кәсіп орындарда тілдің қызмет етуін реттейтін 16 - бап Заң күшіне енген сәттен 5 жыл ішінде, ал 19 және 20 баптар 10 жыл ішінде енгізілуі керек болды. «ҚазССР-інің тілдер туралы» Заңының 1-тарауында қазақ тілі - мемлекеттік тіл, ал орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі мәртебесіне ие болды. Басқа тілдерге республика аумағында еркін қызмет ету қамтамассыз етілді, тіпті, ұлттық топтардың тіліне жергілікті ресми тіл құзіреті берілді.

Заң барлық азаматтарға тіршілік ету барысында тіл таңдау бостандығын қамтамассыз етеді. Бұл Қазақстанның барлық тұрғындарының ұлттық мәдениетінің үйлесімді дамуы үшін тең мүмкіндік беріледі, туған және мемлекеттік тілінде, сондай-ақ ұлтаралық қатынас тілінде сөйлей алатын полилингвистикалық тұлғаның қалыптасуына алғышарттар жасайды. Заңда бекітілген тәрбиелеу және оқыту тілін таңдау бостандығына берілген құқық, мемлекеттің тілдік белгілері бойынша ұлттық мәдени орталықтарды, қоғамдарды және т. б. бірлестіктерді құруға ықпал ету міндеті, соңғыларға кең көлемдегі құқықтар беру, ұлттық топтардың өзіндік болмысын сақтап қалуына себін тигизді.

1989 ж. «ҚазССР-нің тілдер туралы» заңы шыққаннан бері мемлекеттік тіл саясаты, орыс және басқа тілдер құзіреті бірқатар өзгерістерге ұшырады. Дегенмен, аталған Заң мәдени, тілдік қызметтестікті нормативтік - құқықтың қамтамассыз етуге, сонымен бірге, ұлттардың мәдени және тілдік үйлесіміне бастама болды.

1989 жылғы 22 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңындағы 70-бап. Қазақ тілі Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.

Қазақ ССР-інде орыс тілінің мемлекеттік тілмен бірдей еркін қолдануын қамтамассыз етеді.

Қазақ ССР-інде ұлттық-орыс және орыс-ұлттық қос тілдігінің жарасымды дамуы және ұлттық топтар жинақы тұратын аймақтарда олардың тілінің еркін қолдануы қамтамасыз етіледі.

Белгілі бір тілді пайдалануда қандайда шектеуліктерге жол берілмейді.

1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған. Елбасы Н. Ә. Назарбаев “Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз - өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю.

Сүйемін туған тілді - анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп С. Торайғыров ағамыз жырлап өткен.

Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санаған. Мысалы: “Өнер алды - қызыл тіл”, “Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады”, “Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар” сөздері халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Абайдың даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өмірімізге азық етеміз.

2. 2. Тіл мәселесінің қоғамдық дамуының жолдары

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында мыналар атап көрсетілген: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi. ». Конституцияға сүйене отырып, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заң қабылданды. «Тіл туралы» заңға сәйкес 4-бапта: «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi. ».
Қазақстан Республикасының тiл саясатының тұжырымдамасы және Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы қабылданып, онда 2010 жылға қарай барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік тілді кезең кезеңмен енгізу жоспарлады. Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында мынадай міндеттер қойылған : «Мемлекеттік тіл бірқатар мемлекеттік басқару органдарында қолданылмайды немесе мардымсыз қолданылады. Осыған байланысты мемлекеттік органдар іс жүргізуді, есептік-статистикалық, қаржылық және техникалық құжаттаманы 2010 жылға дейін мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабының 2-тармағындағы қағиданы сақтай отырып жүргізуі қажет:

  1. 2006 жылы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының және Алматы қаласының жергілікті өкілді және атқарушы органдары;
  2. 2007 жылы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Алматы, Павлодар облыстарының және Астана қаласының жергілікті өкілді және атқарушы органдары;
  3. 2008 жылы - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жергілікті өкілді және атқарушы органдары;
  4. 2009 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының өңірлік қаржылық орталығы қызметін реттеу агенттігі. ». Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті мемлекеттік тілді дамыту және енгізу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі көші - қон процестерінің мәселелері
Қазақстанда ұлт және ұлтаралық қатынастар
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Пациентке бағдарланған кеңес берудің негізгі дағдылары
Көші - қонның шарықтау шегі
Оралмандардың әлеуметтік демографиялық мәселелері
Қобыланды батыр жырының композициялық құрылысы
Көркем шығарманың пішіні
Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметтері
Философия - адамзаттың рухани табысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz