Тергеу барысындағы тергеушінің кәсіби шеберлігі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. ТІНТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Тергеу барысындағы тергеушінің кәсіби шеберлігі . . . 4
1. 2 Тергеу іс-әрекеттеріндегі тінту процесі мен ұсталған тұтқындардың психологиялық жағдайы . . . 11
ІІ. ТІНТУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
2. 1 Тергеу іс-әрекеттері барысындағы тінту психологиясының ерекшеліктері . . . 19
2. 2 Тергеу қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру және қалыптастыру жолдарына байланысты практикалық-әдістемелік нұсқаулар . . . 21
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 25
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қоғамдағы адам өмірі көптеген жазылған және жазылмаған нормаларға тәуелді. Қоғамның негізгі міндеті- өмір сүріп отырған қоғам талап етіп отырған мінез-құлық нормаларымен үлгілеріне сай жеке адамды қалыптастыру. Заң психологиясы мен заңтануды біріктірген қолданбалы білім саласы болып табылады. Заң психологиясы пән ретінде заң аясында пайда болған психикалық құбылыстардың даму заңдылықтарын үйрету болып табылады. Заң психологиясы ғылым ретінде өзінің алдына біршама міндеттер қояды.
Тергеу - іс-әрекеттің бастапқысы, аса қауіпті тұлғаның қылмыстық ісімен жұмыс осы оқиға орнын тінтуден басталады. Жұмыстың сәтті, не сәтсіз болуы дұрыс нұсқа берілсе, қылмысты ашса, айыпталушыны ұстағанына байланысты.
Басқа жағынан қарасақ, оқиға орнын тінтуде тергеушінің жіберген қатесі оның ары қарай жұмыс жасауына, тергеу жұмысының ашылмауы мен қате жолға түсуіне себеп болады.
Тінту(қарау) тергеудің жеке іс-әрекеті болып табылады. Ол қылмыстың ізіне түсуге, басқада заттардың дәлелдеме, оқиға жеріндегі жағдайларды іске қатысты барлық нәрселерді қарауға негізделген. Сонымен бірге тінту: ұстау, қарау, эксперимент, болған жерде жауап алу болып табылады.
Тергеу органдарының кәсіби іс-әрекеті мемлекеттік іс-әрекет мемлекет бұл органдар алдына азаматтардың қылмыстық зиянкесті әрекеттерінен қорғауға бағытталған белгілі бір мақсатпен міндеттеуді қояды.
Біздің тәуелсіз жас мемлекетіміз жаңа, түбірлі өзгерісті, яғни сапалы күйге көшуді жүзеге асыруда және демократия, әрі нарықтық қатынастар бәсекелестік жағдайына икемделгіш, әрі белсенді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаларды қажетсінеді.
Тергеуші жеке тұлғасының қалыптасуы барысында сезіну мен өзіндік сана-сезімнің рөлі артуы тиіс. Егер де қызығу, қажеттіліктер, мотивтер мен мақсат жұмыс мазмұнына сәйкес келіп жетсе, бұл жағымды оң нәтижелерге жеткізетін болады.
Психикалық заңдылықтарды білу, оны оперативті іздеу іс-әрекетінде қолдану және арнайы психологиялық әдістемелерді қолдана білуі тергеушінің жұмысын жеңілдететін әбден мүмкін. Өйткені өзіне қажетті адамдармен бірге қарым- қатынасқа терең түскен жағдайда өз әрекетін реттеп жүйелей алуы, заң бұзушы адамдардың мотивтерін терең түсінуі, объективті объекті тани біліп оны дұрыс бағалап, нәтижесін практикалық іс-әрекетінде қолдана білуі абзал.
Курстық жұмыстың мақсаты. Тергеу әрекетін жүргізуді және тергеуші тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін анықтау, тінту және ұстау психологиясын талдау болып табылады. Осы мақсатқа сүйене отырып, мына міндеттерді алға қоямын:
1. Құқық психологиясы, яғни тергеушінің жеке тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін тереңнен талдау жүргізу.
2. Тінту және ұстау процесінің психологиялық ерекшелігін анықтау.
3. Тергеушінің кәсіптік іс-әрекеті жеке тұлғасының психологиялық ерекшеліктеріне қатысты ғылыми ұғымдарды нақтылап таңдау.
4. Тергеушінің, құқық органдары қызметкерлерінің жеке психологиялық ерекшеліктерін айқындайтын ғылыми - зерттеу әдістемелерін іріктеп таңдау. Ол әдістемелерді қазақ тіліне бейімдеп аудару.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ТІНТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Тергеу барысындағы тергеушінің кәсіби шеберлігі
Қазіргі психология ғылымының жағдайын біршама даму үстінде деп бағалауға болады. Соңғы онжылдықта психологиялық зерттеулер ауқымы кеңіді, жаңа ғылыми бағыттар пайда болды. Психологиядағы талданып жатқан мәселелердің көлемі өсіп, оны түсіну құралы өзгеруде. Зерттеу әдіснамасы мен әдістері жетілуде.
Психология ілімінің түп-төркінін білмейінше, психологияның құрылымы мен бағытын, әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен процестерді, тіпті психологиялық факторларды білмейінше кез келген әрекетті, оның ішінде қылмыстық әрекетті түсіну мүмкін емес. Ал мұндай ілімді «тірі» қылмыскерді көрмей, оның күрделі де қиын, кейде қойғылы тағдырын, жеке басының ерекшелігін, қызығушылығы мен мұқтажын білмейінше, тек қылмыстық істер туралы еңбектерді оқып қана ала алмайсыз. Бұл жеке тұлға мен оның іс-әрекеті арасындағы үзілмес байланыстың барлығын тағы да дәлелдейді.
Тергеу ісінің мақсаты - негізгі әлеуметтік құндылықтарды қорғау, құқық бұзушылықты тексеруде шындықты ашып, кінәліні сотқа беру. Сондықтан тергеушінің жеке басының кәсіби-психологиялық ерекшеліктері оның тергеу қызметіндегі әлеуметтік-саяси, адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерімен байланысты [1, 146б] .
Алдын ала тексеру - бұл белгілі бір мақсатқа бағытталған процесс, ол мақсат тергеушінің бұрын болған қылмысты қазіргі кезде қалпына келтіруі болып табылады. Тергеуші қызметін анықтайтын негізгі құрамдас бөлігі болған оқиғаны, осы іске қатысты әрбір адамның өзара қатынасын қалпына келтіре отырып, қылмыс жасаған субъектінің жеке тұлғасын тану үшін әр түрлі деректер жинауы мен зерттеуі болып саналады. Дәл осы алдын ала тексеру барысында болған қылмыстық оқиғаның көрінісін қалпына келтіру процесі іске асады. Деректерді енді ғана жинай бастаған тергеуші бұл мәліметтердің соңы қайда апарып соғарын білмейді, болған оқиғаны көз алдына толық елестете алмайды. Танымдық әрекеттің бұл ерекшелігі жиналған мәліметтерді таңдап-талғауда көп қиындық әкеледі, сол себепті үлкен көлемдегі әр қилы деректерді бір арнаға жинауға, бөлек-бөлек пікірлерді өзара байланыстыруға тура келеді. Тергеуші қызметінде қажет ақпаратты іздеуге, оны дұрыс таңдауға, қолда бар ақпаратты түсінуге жетелейтін білім мен тәжірибе жинақталады. Бұл білім мен тәжірибе оның қиялын дамытатын алғышарт болып табылады[1, 147б] .
Тергеушіге керек қасиеттің бірі - оның оқиғаның даму барысын болжай білуі, соған қарай өз әрекетін дұрыс жоспарлап, жолға қоюы. Тергеушінің өз әрекетін дұрыс жоспарлауы оның сезгіштік (рефлекстік) ой-өрісіне байланысты. Оның әрекеті қылмыскерге тек оң әсер етпей, кейде кері әсер етуі тиіс. Сондықтан тергеуші тергеуді жалпы жоспарлағанда алдын ала нақты әрекеттерді көп жоспарлауды саналы саналы түрде шектеуі керек. Көп жағдайда тергеудің жақсы жүргізілуі оның басында дұрыс жоспарлануына байланысты болады. тек тәжірибе, білім мен интуиция нақты дұрыс жоспар құруға көмегін тигізеді. Өз әрекетін дұрыс таңдауы үшін тергеушіге кең әрі жылдам көзқарас керек. Әйтсе де бұл үшін ол тергеудің барлық мүмкін деген бағыттарын көре білуі және әр бағыттағы өз әрекетін дәл жоспарлай білуі тиіс. Тергеу әрекетінің табысты болуы - тергеушінің жағдайға жылдам бейімделуіне көмегін тигізетін жан-жақты ақпараттан хабардар болуына байланысты.
Тергеуді жоспарлау құрылымының негізгі элементтері:
а) өз версиясын ұсыну;
ә) тергеудің жалпы стратегиясын анықтау;
б) тергеу әрекеттері жүйесін және оған қатысты адамдарды анықтау;
в) жекелеген тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері мен тактикалық тәсілдерін анықтау;
г) тергеу қорытындысына сын көзбен қарау.
Тергеушінің кәсіби біліктілігі тергеу аппаратын жинақтағанда, жеке тергеу топтарын құрғанда, әр түрлі үлгідегі қылмыстарды тексеруге тергеушілерді дұрыс пайдалана білу де керек.
Тергеу әрекеттері мен өндірісін құру ісі қылмыс кердің, көп жағдайда жәбірленушінің қандай психологиялық топқа жататынын білу, сол психологиялық ерекшеліктерін ескеру сияқты мәселелерге сүйене отырып іске асады.
Тергеу әрекетінің мақсаты - негізгі әлеуметтік құндылықтарды құқықтық қорғау, орын алған құқық бұзушылықтың шындығын анықтау, жазықты адамды сотқа беру. Сол себепті тергеушінің жеке басының кәсіби-психологиялық қасиеттері оның тергеу қабілетінің саяси-әлеуметтік, адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерімен көрінеді.
Алдын ала тергеу - бұл бұрын болған оқиғаны тергеу барысындағы дәлелдермен қалпына келтіру мақсатын көздейтін мақсатты процесс.
Тергеуші әрекетінің психологиялық құрылысының негізгі ерекшелігі оның болған оқиғаны толық елестете алатындай, осы оқиғаға қатысты адамдардың қарым-қатынасын, қылмысты субъектінің жеке тұлғасын тани алатындай әр алуан деректерді жинай білуі болып табылады [2, 65-66Б] .
Дәлірек айтсақ, алдын ала тергеуде болған оқиға үлгісін құру процесі жүреді. Алғаш дерек жинай бастаған тергеуші болған оқиғаның толық келбетін көз алдына елестете алмайды, бұл істің соңғы қорытындысын біле алмайды. Танудың бұл ерекшелігі ақпарат жинау, оны екшеу, бағалау ісінде қиындықтарға әкеледі, әр деректің табиғатын тану үшін немесе жеке-жеке деректердің бір-бірімен байланысын анықтау үшін бір-біріне ұқсамайтын үлкен көлемдегі версияларды тексеруге тура келеді.
Тергеуші әрекетінде жинақталған криминалдық білім мен тәжірибе керекті ақпаратты іздеуде, оның қажеттісін таңдап ала білуде, қолдағы ақпаратты дұрыс түсіне білуде көмегін тигізеді. Бұл білім мен тәжірибе тергеуші қиялының дұрыс бағытта дамуына да керекті алғышарттар болып табылады.
Осыған байланысты ойша деректердің өзара байланысты жобасын өткен оқиға мен қазіргі құбылыстардың байланыстырып құру қажеттігі туады. Таным танылуға тиісті деректер мен құбылыстарды тексеруге, бағалауға бағытталған іс-тәжірибе әрекеттерін қамтиды.
Бұл қызметтің орындалу барысында танымдық іс-әрекет кезінде пайда болған объектілермен эксперименттер жасалады. Алдын ала тергеуде танымдық процесс түскен ақпараттың бір тәртіпке түспегендігімен ерекшеленеді. Түсіп жатқан ақпараттар ағыны танымды іске асырушы тұлғаның қалауына бағынып, қалай бұрғысы келсе, солай кете бермейді. Ақпараттар көлемі, жылдамдығы, түсу у ақыты таным іске асатын жағдайларға байланысты болып келеді.
Зерттеу пәні ретінде қылмыс - күрделі де жан-жақты құбылыс, бір де бір куәгер оның барлық элементтерін бірден көре алмайды:
- дайындық әрекеттерін;
- қылмыскердің келісімін;
- субъективті жақтарын;
- іс-әрекет пен оның қорытындысы арасындағы байланысты, қылмыс жасауға себеп болған жағдайлар мен салдарларды және т. б.
Мұның бәрі басқа деректердің араласуымен дәлелденеді.
Алдын ала тергеу - бұл теориялық-танымдық емес, ең алдымен қылмыстық іс-әрекет арқылы реттелетін тәжірибелік іс-әрекет.
Заң тек жекелеген тергеу әрекеттерін реттеп қана отырмайды, сонымен бірге бүкіл тергеу барысын белгілі бір тәртіпке салып отырады. Ол:
Тергеушінің қылмыстық процесс мүшелерімен, азаматтармен, лауазымды тұлғалармен, мекемелермен, ұйымдармен қарым-қатынасын реттейді, әрбір іс-әрекеттің орындалу барысын, тергеудің аралық міндеттерін шешудің кезегін реттейді, белгілі бір кезеңдегі іс-әрекеттер кешенін орындауға және тергеуші қызметін белгілі бір мерзіммен шектеуіне міндеттейді.
Бұл тергеушінің жұмысына басқа мамандық иелеріне тән емес, нақты нормалық сипат береді. Тергеуші қызметі әр қилы төтенше тапсырмаларды дұрыс шешу үшін жан-жақты білімділік пен іскерлікті керек ететін белгісімен ерекшеленеді. Сонымен бірге тергеуші жеке тұлғаны диагностикалау әдістерін білу, одан ақпарат алу мен оны қайта тәрбиелеу ісін дұрыс ұйымдастыра білу қабілеттерімен өзін қамтамасыз ететін психологиялық бағдарламасы болуы керек. Тергеуші әр істің табысты аяқталуына құлқы жоқ адамдардың қарсылығын жеңе білуі де тиіс. Дәл тергеуші қызметіндей істің табысты аяқталуына кедергі келтіретін қарсыластары көп қызмет жоқ шығар.
Тергеуші қызметінде кінәлі адамдардың ұйымдасқан түрде қарсы әрекет етуі істі тергеу мен ашуға елеулі қиындықтар туғызатынын ескеру қажет.
Әсіресе тергеушіге барлық күш-жігерімен қарсы әрекет істейтін адам - қылмыскердің өзі осы жолда ол барлық амал-айласын: өтірік айту, алдау, жала жабу, бопсалау, пара беру т. б. көптеген шегі жоқ мүмкіндігінің бәрін де пайдалануға тырысады.
Тергеуші тек заңға және өз ар-ұжданына сүйене отырып әрекет етуге ғана құқұлы. Тергеуші әр түрлі тактикалық тәсілдерді, оның ішінде психологиялық реагенттерді қолдануға құқылы (мәселен, тергеуші қылмыскерге оның сыбайластарының өз қылмысын мойындағаны туралы төтеннен айтып, өзінің негізгі мақсатын жария етпей қалуына болады) .
Дегенмен психологиялық реагентті пайдалану шектен шықпауға тиіс, тергеуші қылмыскердің әр жауабын өзі жақсылап тексеруді, қылмысты істің шындығын ашу жолында өз әрекетін құқықтық және әдептілік жағынан заңдастыруы керек.
Тергеуші мен іске қатысы бар адамдар арасындағы теңсіздік мынадан көрінеді: тергеуші болған іс туралы толық және жан-жақты хабардар емес, ал соңғылар өз қолымен жасаған не көрген жағдайдың қайсысын жасырып қалуды біледі. Тергеу жүргізуші тексеру барысында қылмыс ізімен жүріп келе жатса да, ылғи оқиғаның ең соңында болады [3, 184Б] .
Ал қылмыскер уақыт пен жағдайды тиімді пайдаланып, тергеушіні қиын қыспаққа қалдырып отырады. Мұның бәрі кейде тергеу ісіне қиян-кескі күрес сипатын береді. Қауіпті жағдаятты жеңе білу сияқты эмоциялық кері әсерлер тергеушінің үнемі ерік күшін жігерлендіріп, ақыл-ойының белсенділігін арттыруын керек етеді. Тергеушінің тағы бір міндеті - шиеленіскен жағдаятты шешуде әділ баға бере білуі, ол іске жүйелі түрде талдау жасауына көмегін тигізеді.
Тергеуші әділ тергеуге кедергі келтірушінің мақсатын біліп алып, оны есепке алып отыруы керек. Өз жолын айқындау үшін тергеуші өз таңдауының және тратегиясының дұрыстығын көптеген дерек көздері арқылы анықтап алуы тиіс. Тергеуге тән нәрсе тек қана күрес емес екенін атап айту керек. Сонымен бірге нағыз тергеушіге тән қасиет - тергелушіге психологиялық әсер етуі, қылмысты ашу үшін оның бағыты мен көңіл күйін өзгерте алуы.
Еңбектерде «психологиялық реагент» пайдалану тәсіліне рұқсат етіледі, оның ролін зат, дерек, адам, құбылыс, мәлімет ойнауы мүмкін. Бұл тәсілдің негізгі мақсаты: күдіктіге «реагент» ұсына отырып, яғни оған психологиялық шабуыл жасай отырып, оның өтірік айтуына шамасын келтірмеу.
Бұл жағдайдың кінәсіз адам үшін маңызы жоқ, ал қылмыскерге психологиялық кері әсерін тигізеді. Тергеу ісінің басында тергеуші де толық мағлұмат болмағандықтан, оған белгісіздік жағдайында шешім қабылдауына тура келеді. Тергеуші ақпаратқа мұқтаж жағдайда жұмыс істейді. Осыдан барып оның жұмысында эмоционалдық қиындықтар болады, сол себепті оның болжам жасау мен шешім қабылдауда эвристикалық қасиеттерді пайдалануы заңды [3, 186б] .
Осындай жағдайда әр қилы ақпараттар пайдаға асады: ауызша мәліметтің мәні мен мағынасы, сөйлеу интонациясы, бет қимылы, дене қимылы, сыртқы келбеті, эмоционалдық-жағдаяттық әсерлері, жеке тұлғалар арасындағы психикалық ерекше қасиеттер көрінеді.
Тергеу кезінде жеке тұлғалардың қарым-қатынасы көбіне екі жақтың бірін-бірі қатаң бақылауы, белгілі бір деңгейде психикалық тітіркенушілік, кейде тіпті қатты қобалжу жағдайында өтеді. Тараптардың әрқайсысының әрекеті қарсы байланыс негізінде болып, психикалық жағдайлары өзгеріп отырады. Тергеушінің пс ихикалық жағдайы оның әлеуметтік-маңыздылық статусымен, жеке тұлғалық-кәсіби сапасымен, нақты сол іс бойынша ақпараттық қаруланумен, өз мақсатына жету жолындағы сенімділігімен, жағдаяттық әрекеттермен байланысты.
Тергеушінің жалпы сыртқы көрінісі оның тергеуші адамдармен арадағы психикалық белсенділігінен көрінеді. Ал куәгер, жәбірленуші, күдікті мен кінәлі адамдардың психикалық жағдайлары белгілі бір деңгейде өз әрекетіне құқықтық жауапкершілік, өзінің жазаға кесілу мүмкіндігін сезіну, өзінің мәжбүрлі әрекетін мойындау, жалпы сырт көрінісінде психикалық қобалжу болады.
Әрине, бұл адамдардың психикалық жағдайы оның құқықтық жағдайына, яғни оның күдікті не кінәлі, жәбірленуші не куәгер болуына байланысты.
Түсіп жатқан мәліметтерді ой елегінен өткізгенде қателіктер жіберіп алмау үшін тергеушіге қисынды заңдылықтар мен ойлау үлгілерін сақтап, ылғи белгілі деректердің байланысы мен нақтылығын тексеруге диалектикалық көзқараспен қарауы керек.
Бір шешімге келу үшін өз қолында дәлелдер жеткілікті ме, жоқ па - соны үнемі қадағалап отыруы тиіс.
Қылмыстық істі тергеу процесін тергеуші төмендегі істерді шешу үшін қажет деп білсе болады:
Тергеу жағдаятының психологиялық аспектісі - бұл жалпы субъект іс-әрекеті психологиясында жеке оқиға [4, 158б] .
Тергеу жағдаяты - бұл динамикалық ақпараттық жүйе, оның элементтері болып белгілі бір қылмыстық істе маңызды белгілер мен қасиеттер, тергеу процесіне қатысушылардың қарым-қатынасы, тараптардың болып жатқан не енді болатын қорытындылары.
Тергеу жағдаятының үлгісін құру - бұл тек ақпарат қабылдау ғана емес, оған қисынды аспект ретінде, процестің қорытынды кезеңіндегі ерікті әрекет ретінде жан-жақты баға беру. Сондықтан тергеу ситуациясының моделі тек болуы мүмкін қисындық қорытынды ғана емес, тексеріліп жатқан қылмыстық іс бойынша не болды, алда не болатыны туралы ақпараттық шешім болып табылады. тергеу ситуациясының табысты шешілуі көбіне-көп тергеушінің кәсіптік тәжірибесіне байланысты болып келеді.
Тергеуші үшін психологиялық күрделі жағдаят - бір өндіріске бірнеше үлкен істер шоғырланған кезі, себебі олардың әрқайсысы тез шешуді талап етеді, әсіресе қиын жағдаят тергеу мен қамауда ұстау өндірісінің мерзімі бұзылған кез болып саналады. Мұндай ситуциялар істі шебер жоспарлау, көңіл күйдің тұрақтылығы, өзін-өзі ұйымдастыра білу, мақсатқа ұмтыла білу, халықты ұйымдастыра білу сияқты іскер қабілеттер мен шеберліктің арқасында табысты шешіледі. Белгіленген уақытта қылмыстыларды анықтауда тергеушінің басқарушылық қабілеті, қылмысты ашуға қатысы бар адамдарды соңынан ерте білу қабілетінің үлкен маңызы бар [4, 159б] .
Тәжірибе көрсеткендей, әсіресе ауыр қылмысты (кісі өлтіру, тонау, зорлау, жаппай тәртіпсіздік, терроризм және т. б. ) тексеру, оны ашу ісі ұзаққа созылып кетсе, бұл жағдай тергеуші психикасына әсер етеді.
Бұл істе көптеген қауіп-қатер төнуі мүмкін, оларды үнемі есепке алу керек. Солардың бірі - тергеу өндірісіндегі асығыстық пен шалалық. Қылмысты жылдам ашып, кінәліні уақытында табу сияқты іске тергеуші әбден ойланып, шығармашылықпен келуі тиіс, ол үшін тергеудің бағытын, мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын анықтап алу керек.
Ойға алған іс-шараларды тездетуге тырысып, әділдік принциптері мен тергеуді толық әрі жан-жақты жүргізуді ұмытуға болмайды. Тергеуші әрдайым тергеудің алдыңғы кезеңінде кеткен қателіктер мен олқылықтардың кейін орнын толтыру қиын боларын естен шығармағаны жөн. тергеуші алдында тұрған тағы бір қауіп - оның істі шешу жолында неге болса да баруы, барлық заңды-заңсыз әдістерді пайдалануы.
Бұл жерде тергеуші алдында тұрған қылмыс тек құқытық-процессуальдық заңда көрсетілген жолмен ғана ашылуы тиіс екенін естен шығармау керек.
Жақсы да білгір тергеушіні өзі жинаған немесе әр орыннан жиналған материалға әділ баға беруінен және дұрыс талдау жасай білуінен танимыз. Істің тез аяқталуына керек-ақ, тиімді бір дерек келіп түссе, егер ол басқа дәлелденген деректерге қарама-қарсы болып шықса, одан дереу бас тарту - тергеу ісінің табысты болуының кепілі екенін тәжірибелі тергеушілер баса айтады.
Бұл жағдаяттардың өзіне-өзі жала жабу, кәмелетке толмағандар қылмысы, тапсырыспен кісі өлтіру сияқты істерде жиналған деректер жеткіліксіз болғанда маңызы бар.
Тергеушіге берілген билік оны басқа кәсіп иелерінен ерекше орынға қояды. Оның заңға негізделген қаулылары мен бұйрықтарын барлық азаматтар, лауазымды тұлғалар, мемлекеттік және қоғамдық мекемелер мен ұйымдар орындауға міндетті.
Тергеуші мемлекет атынан әрекет етеді, оны биліктің беделді күштері қолдайды, оның әр түрлі санкцияларды қолдану мүмкіндігі бар. осы билікті заңды әрі орынды пайдалану - тергеушіге қойлатын маңызды кәсіби талап.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz