Жолда деп саналатын ақшалай қаражат кассаға
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 Ағымдағы активтердің жалпы сипаттамасы мен маңызы және оларды жіктеу.
1.1 Ағымдағы активтердің мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Ағымдағы активтерді анықтау мен оларды жіктеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2 Халықаралық қаржылық есеп стандарты кезіндегі ағымдағы активтердің
ерекшеліктері мен өзгерістері
2.1 Халықаралық қаржылық есеп стандарты кезіндегі ағымдағы активтердің
ерекшеліктері мен қалыптастыру
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.2 Халықаралық қаржылық есеп стандарты кезіндегі ағымдағы активтердің
өзгерістері мен жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
38
ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе
жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына
сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын
иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті
ел болуын қалаймыз.
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік- экономикалық жаңару мен саяси
демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазақстан
Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық
тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды
жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар
әзірленіп жасалған. [1, 9 бет]
Курстық жұмыстың өзектілігі: қысқа мерзімді активтер есепті жыл
ішінде қойылатын активтер, алынатын өнімдер құнын төлеу, тапсырыс
берушілерден қабылданған дайын болған қызметтердің бөлігін төлеу үшін
берілген аванстар және басқалай берілген қысқа мерзімді аванстар есебі,
сондай-ақ есепті жылы нақтылы жұмсалған, алайда келесі есепті жылдар
кезеңдеріне жатқызылған шығындар және басқалай қысқа мерзімді активтер
есебі жүргізілуін көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - қысқа мерзімді қаржылық активтер, бұларды
алу немесе келтіру себептеріне қарамастан алдағы қысқа мерзімді кезеңде
пайда түсіру мақсатында болуы қажет. Мұндай пайда келтіруді анықтап есепке
алу үшін қысқа мерзімді қаржылық активтер қаржылық қор портфелінің
белгілі бір бөлігінде саналуы керек.
Курстық жұмыстың міндеті:
1.ұйым өткізетін дайын өнім, тауар, жұмыс, қызмет көрсету, өндірісінде
басқа активтермен қосылу немесе жеке қолдану;
- басқа активтерге айырбасталу;
- міндеттемелерді өтеу үшін пайдалану;
- ұйымның меншіктеушілері арасында бөлінсе алынуы.
Бірінші бөлімде, ағымдағы активтердің жалпы сипаттамасы мен
есептеудегі ұйымдастырылу және жіктелуін сипаттап жаздым.
Екінші бөлімде, Халықаралық стандарт бойынша ағымдағы активтер
есебінің жетілдіру жолдары мен ерекшеліктерін, өзгерістерін зерттеп
жаздым.
1. Ағымдағы активтердің жалпы сипаттамасы мен маңызы және оларды жіктеу
1.1.Ағымдағы активтердің мәні мен маңызы
Бухгалтерлік есеп стандарттарына тұжырымдамалық негізіне сәйкес
активтер жатады, бұлар - мүлік, субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және
мүліктік емес игіліктері мен құқықтары. Активке айналған болашақ
экономикалық пайда -субъектінің ақшалай қаражат түсіміне тікелей немесе
жанама, болуы ықтимал салым.
Есепте кассалық операцияларды жүргізу мен көрсету тәртібі. Ақшалай
қаражатты басқару қаржы рыногындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты
үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай
жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етеді.
Сондықтан ақшалай қаражатпен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен
сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет [2, 12 б].
Ақшалай қаражаттың козғалысы туралы есеп 7 бухгалтерлік есеп
стандартында ақшалай қаражат кассадағы және банктегі шоттардағы қолма-қол
ақша ретінде белгіленген. Ақшалай қаражат қозғалысы - олардың операциялық,
инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.
Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп 7 қаржылық есеп беру
стандарттарына сәйкес ақшалай қаражатка қолма-қол ақша мен талап етілгенге
дейінгі салымдар кіреді.
Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп
саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық
операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.
Касса - бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған
бөлме. Операция жүргізілетін уакытта есіктер ішкі жағынан жабылады, сейфтің
және темір шкафтың кілттері кассирде сақталады, ал кілттердің көшірмелері
мөрленген пакетте кәсіпорын басшысында болады. Қабылдаған құндылықтардың
сақталуы үшін материалдық толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық
операцияларды жүргізеді. Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық
шыққаннан кейін басшы оны кассалық операция-ларды жүргізу тәртібімен
таныстыруға міндетті және толық жеке жауапкершілік жайлы шарт жасасады.
Шартта қарастырылған тараптардың міндеттері мен жауапкершіліктері әкімшілік
өкілі мен кассирдің қолымен бекітіледі. Кассир болмаған кезеңде толық
материалдық жауапкершілік жайлы шарт жасасқан бухгалтер кассалық
операцияларды атқарады.
Кәсіпорындар өздерінің есеп шоттарынан қолма-қол ақша алады, бұл
мақсаттар үшін оларға банк чектік кітапша береді. Субъект чек жаза отырып,
онда талап етілетін соманың тағайындалуын (еңбекақы төлеуге, жәрдемақыға
және шаруашылық шығындарына және т.б.) көрсетуге міндетті. Қолма-қол ақша
алу үшін субъект банкке алдын ала талап етілген сомаға тапсырыс жолдайды.
Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер
немесе өкілетті тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен ресімдейді.
Ұйым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін қолмен өңдегенде
де, ақпаратты компьютерде өңдегенде де қолданылады. Кірістік кассалық
ордерді бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер
немесе уәкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдің мөрімен
куәландырады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында
тіркеледі және ақша тапсырушының қолына беріледі, ал ордер кассада қалады
[2, 15 б].
Қолма-кол ақша берумен байланысты операциялар шығыстық кассалық
ордермен № КО-2 ф. немесе басқа құжаттармен (төлем тізімдемесі, ақша беру
туралы өтініш) және фискальды коды бар бақылау-кассалық аппараттар арқылы
жүргізіледі.
Ұйым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін (ЖКО) қол-мен
өңдеуде де, ақпаратты компьютерде өндегенде де қолданылады. Бухгалтерия
қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер мен ұйым басшысы немесе
соған уәкілетгі тұлға қол қояды, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды
тіркеу журналында тіркеледі.
Ақша беру туралы құжаттарға басшы және бас бухгалтер қол қояды. ККО,
ШКО және оларды ауыстыратын құжаттар сиямен немесе шарикті қаламмен (қызыл
мен жасыл түстен басқасымен) анық, түсінікті толтырылуға тиісті, не болмаса
машинкада басылады. Бұл құжаттардың түзетілген жері, түзетуі болмауы керек.
ККО, ШКО-лерінде оны жасау үшін негіз көрсетіледі және оларға тіркелетін
құжаттар аталады.
Кассалық ордерлер бойынша ақша қабылдау мен беру оларды толықтырған
күні ғана болады. ККО, ШКО-лерді алған кезде кассир мыналарды тексеруге
міндетті:
- кұжаттарда бас бухгалтердің қолы бар-жоқтығын, растығын; ал
ШКО-да басшының да қойылған қолы бар екендігін тексеру;
- құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын;
- құжаттарда аталған тіркемелердің бар-жоқтығын.
Егер осы талаптардың бірі орындалмаса, кассир құжаттарды бухгалтерияға
қайтарады [3, 65 б].
Түсу мен жұмсау бойынша барлық операцияларды кассир 1 жылға ашылатын
кассалык кітапқа жазады. Оны ашқан кезде кітаптың барлық парақтары
нөмірленіп, жіппен қайымдалуы тиіс және парақтардың жалпы саны кассалық
кітаптың соңғы бетінде көрсетілуі тиіс. Кітап мөрмен мөрленіп, бас
бухгалтер мен басшының қолдарымен бекітіледі. Кассалық кітаптағы жазбалар
көшірме арқылы 2 дана болып жүргізіледі. ККО, ШКО жазбалары басталмас бұрын
кассалық кітапта күн басындағы ақша қалдығы көрсетіледі. Жұмыс күнінің
соңында кассир күні бойғы операциялардың қорытындысын есептейді және күн
соңындағы ақшаның қалған қалдығын шығарады. Кассалық кітап беттерінің
екінші даналары жыртылады және кассирдін есебі болып қызмет етеді. Есеп
оған тіркелген бастапқы құжаттармен (ККО, ШКО) бірге бухгалтерияға
тапсырылады. Егер кәсіпорында күніне көп емес кассалық операциялар
атқарылса, онда кассалық есептер 3-5 күнде 1 рет жасалады. Кассирден
қабылданған есеп пен құжаттарды бухгалтерия қызметкерлері тексереді, ал
кассалық кітаптың дұрыс жүргізілуін бас бухгалтер бақылайды. Алушының ШКО-
нда қолхатпен расталмай, кассадан ақша берілуі табылса, бұл сома кем шығу
деп саналады және кассирден төлеттіріп алынады, мұндайда кассирдің атына
шығындық кассалық ордер жазылады. Егер қолма-қол ақша сомасы кірістік
кассалық ордермен кіріске алынбаса, онда ол касса артығы деп саналады және
кірістік кассалық ордер көшірмесі жолымен субъект кірісіне есептеледі.
Касалық операциялардың синтетикалық есебін 1010 “Кассадағы қолма-қол
ұлттық ақша” , 1020 “Кассадағы қолма-қол шетелдік валюта” шттары кіретін
1000 “Кассадағы қолма-қол ақша” бөлігіде жүргізіледі [3, 69 б].
1010,1020 шоттарындағы операцияларды жазу үшін кассалық есептер негіз
болып табылады.
Кесте -1 Дебет бойынша 1010,1020 шоттарда кассаға түскен қолма қол
ақша сомасы
№ Операциялар мазмұны Дебет Кредит
1 Банктегі есепшоттан кассаға түскен ақшалай 1010 1040
қаражат (еңбекақы беруге, шаруашылық шығындары
және т.б.)
2 Тапсырыс берушілерден сатып алушылардан кассаға1010 1210
көрсеткен қызмет, өнім үшін түскен қолма-қол
ақша
3 Өнім өткізіп, қолма-қол есеп айырысу 1010 6010
(өткізуден, жұмыстан, көрсеткен қызметтен) түсім
4 Өткізілген негізгі құралдар, МЕА құнды қағаздар 1010 6210
үшін төленген түсім
5 Жолда деп саналатын ақшалай қаражат кассаға 1010 1030
түсті
6 Жұмсалмаған есеп берілетін сома кассаға 1010 1250
қайтарылды
7 Банктен қысқа мерзімдік қарыз қолма-қол ақшамен 1010 3010
алынды
8 Алдағы кезеңдер анықталып, кіріске алынған 1010 3520
кассадағы ақшаның артық шығуы
9 Түгендеу кезінде анықталып, кіріске алынған 1010 6160
кассадағы ақшаның артық шығуы
10 Өкіметтің атқару органдарынан қолма-қол субсидия1010 6140
алынды
11 Жабдықтағаны, орындалған қызмет үшін аванс 1010 3310
түскенде
12 Еншілес серіктестіктерден (тәуелді, бірлесіп 1010 1210
бақыланатын) қайтқан берешектер
Қайнар көзі: В.Н Радостовец, В.В Радастовец, О.Н Шмит Кәсіпорындағы
бухгалтерлік есеп Алматы: Центераудит – Қазақстан, 1998 450бет.
Кесте - 2 1010 шотының кредиті бойынша кассадан төленген ақшалай
қаражат сомасы.
№ Операциялар мазмұны Дебет Кредит
1 Қолма-қол ақша төленген НҚ, МЕА сатып алынды 2411-2417, 1010
және кіріске алынды 2730
2 Кассадан шотқа ақшалай қаражат тапсырылды 1040 1010
3 Кассадан еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы берілді3350 1010
4 Қолма-қол ақша төленген, өнімді тиеу мен өткізу7110 1010
шығындары
5 Қолма-қол есеп айырысумен алынған акциялар, 1150 1010
облигациялар
6 Жабдықтаушылардың шоттарына кассадан қолма-қол3310 1010
ақша төлеу
7 Кассадан есеп ьерілетін ақша берілді 1250 1010
8 Жанға қолма-қол ақшамен төлегенде 3360 1010
9 ТМҚ жабдықталған, орындалған жұмыспен 1610 1010
көрсетілген қызмет үшін берілген аванстар
сомасы
10 Қарыздарды (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімдік) 3020 1010
жеке және заңды тұлғаларға кассадан берілген
аванстар сомасы
11 Алынған аванстың қайтарылуы 3310,3320 10410
12 Түгендеу кезінде анықталған кассадағы ақшалай 2940 1010
қаражаттың кем шығуы
13 Анықталған кем шығу кінәліге қойылады 1250 2940
14 Кінәлі кем шығуды өтеді 1010 1250
15 Егер кінәлі табылмаса немесе сот өндіруден бас 7450 2940
тартса
16 Түсім банкке инкассатор арқылы тапсырылды 1030 1010
Қайнар көзі: В.Н Радостовец, Т.Ғ Ғабдуллин, В.В Радастовец, О.И Шмидт.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп Алматы, 2003ж 75бет.
Субъектілер заңдар рұқсат еткен жағдайларда шетелдік валютамен
кассалық операциялар жасауға рұқсат беріледі. Шетелдік қолма-қол валюта
есебі Шетелдік валюта операциялары есебі 1020 шотқа өтеді. Валютаның әр
түрі бойынша атқарылған операциялар шетелдік валютамен көрсетілетін жеке
кассалық кітап жүргізу қажеттігін каперде ұстаған жөн. Шетелдік валютаға
қатысты бағамдық айырмалар теңге бағамы төмендеуге байланысты, теңге бағамы
өскен жағдайда көрсетіледі [4, 109 б].
Шетелдік валютамен операциялар жөніндегі бухесептегі жазбалар операция
атқарылған күнгі ҚР ұлттық банкінің бағамы бойынша саналған ҚР валютасымен
бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі тиіс.
Кесте - 3 Валюталық қаражат түсуі бойынша операциялар
№ Операциялар мазмұны Дебет Кредит
1 Банктегі валюта шотынан кассаға түскен қолма-қол 1020 1050
шетелдік валюта
2 Өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет үшін сатып 1020 1210
алушылардан, тапсырыс берушілерден кассаға түскен
қолма-қол ақша
3 Есеп берілетін валюталық соманың жұмсалмай кассаға 1020 1251
қайтарылуы
Қайнар көзі: Қ.К Кеулімжаев, З.Н Әжібаев, Н.А Құдайбергенов.
Бухгалтерлік есеп принцептері Алматы: Экономикс, 2003ж. 83 бет.
Кесте - 4 Валюталық қаражатты жұмсау бойынша операциялар
№ Операциялар мазмұны Дебет Кредит
1 Есеп берілетін валюталық қаражаттың кассадан берілуі 1251 1020
2 Шетелдік валютамен валюталық шотқа тапсырылған ақшалай1050 1020
қаражат
3 Бағамдық айырма:
а) жағымды 1020 6250
б) жағымсыз 7430 1020
Қайнар көзі: Т.Ә Әбдіқалықов. Аудит және бухгалтерлік есеп Алматы:
Қазақ университеті, 2000ж. 87 бет.
Кассадағы ақшаның кірісі мен шығысы бойынша топтастырылған кассалық
есептердін корреспонденттелетін шоттар тұрғысынан күн сайын немесе 3-5
күнде бір рет кассир есептерінін негізінде №1 журнал-ордерге және №1
тізімдемеге жазылады [4, 112 б].
Есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз түрі. Өзіндік балансы бар және
меншікті айналымдық қаражатқа ие, заңды тұлға болып табылатын әрбір субъект
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Баскармасының 2000 ж. 2 маусымдағы №266
Клиенттердің Қазақстан Республикасы банктерінде банктік шот ашу, жүргізу
және жабу тәртібі туралы нұсқаулық Қаулысына сәйкес бос ақшалай қаражатты
сақтау мен есеп жүргізу үшін банктерде ағымдағы, корреспонденттелетін
немесе жинақ шоттарын ашады.
Ағымдық және жинақ шоттары - жеке және заңды тұлғалардың заңды
тұлғалардың жекелеген бөлімшелерінің (филиалдарының және өкілдіктерінің)
банктік шоттары.
Корреспонденттік шоттар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін
атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары. Аударылымдық
операцияларды жүзеге асыратын субъектілерге корреспонденттік шоттар Ұлттық
банктін операцияларға лицензиясы бар болса ғана ашылады.
Банктік шоттар банк шоты шарты бойынша ашылады.
Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарды ашқан кезде банк клиенттің
пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші
тұлғаларға тиісті ақша сомасын аудару туралы ұйғарымын орындауға және
банктік шот шартында қарастырылған басқа да қызметтерді көрсетуге
міндеттенеді.
Банктік шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттар ұсынады:
1) Қазақстан Республикасының Заңды тұлғалары - резиденттер мен олардың
жекелеген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері): қаражат бөлушілердің
(басшының, бас бухгалтердің) қойған колдарының үлгілері бар
құжат және нотариалды куәландырылған, екі дана мөр
бедерлемесі; клиенттің салықтық есепке қойылған фактісін растайтын салық
кызметі органы берген құжаттың түпнұсқасы; мемлекеттік тіркеуден өту
фактісін растайтын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, статистикалық
карточка, уәкілетті орган берген, белгіленген формадағы құжаттың
көшірмесі; фирмалар мсн өкілдіктер үшін - Қазақстан Республикасы заңды
тұлға-резиденті филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхаттың
көшірмесі; жарғынын нотариалды куәландырылған көшірмесі, не болмаса
клиенттің үлгі жарғы негізіндегі қызмет фактісін растайтын құжат; банк
белгілеген үлгідегі өтініш [5, 78 б].
Бірінші қол қою құқығы кәсіпорын басшысында, екіншісі бас бухгалтерде.
Банктік шотқа субъектке хабарланатын нөмір беріледі және ол операцияны
ресімдейтін барлық құжаттарға қойылады. Ағымдағы шотқа оның иесіне тиесілі
төлемдерінің негізгі массасы - тауарларды, қызмет көрсетулерді, материалдық
құндылықтарды өткізуден түскен түсімдер, банкте несие алу және т.б. түседі.
Ағымдағы шоттан жабдықтаушылардың алынған тауарлық-материалдық қорлар
үшін қойған шоттары төленеді, бюджетпен есеп айырысулар, еңбекақыға,
зейнетақыға, жәрдемакыға және шаруашылық қажеттіліктерге қолма-қол ақша
беру жүргізіледі. Ағымдағы шотқа соманы есептеп жазу немесе есептен шығару
жөніндегі операцияларды шоттың жазбаша өнімі негізінде ақшамен немесе
олардың келісімімен, шаруашылық істері жөніндегі алқаның, соттардын, салық
және қаржы органдарының шешімі бойынша даусыз тәртіппен өндірілетін
төлемдерден басқасы, жүргізіледі. Ағымдық шоттағы қаражат жеткіліксіз
немесе мерзімінде төленбеген барлық құжаттар қаржы түскен мүмкіндігіне
қалай төленеді.
Банктегі ақшаны пайдаланғаны үшін банк шартпен белгіленетін мөлшерде
және тәртіппен сыйақы төлейді. Мұндайда мынадай бухгалтерлік жазба
жасалады:
6110 Ағымдық шоттағы ақша шот кредиті
Клиент банктік қызмет ету шарты бойынша көрсеткен қызметі үшін шартта
қарастырылған жағдайлармен, тәртіппен төлейді. Мұндайда мынадай
бухгалтерлік жазба жасалады:
7210 Жалпы және әкімшілік шығыстар шот дебеті
1040 Ағымдық шоттағы ақша шот кредиті [5, 81 б].
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының
1998 ж. 29 маусымдағы №237-1Төлемдер мен ақша аударымдары туралы Заңына,
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2000 ж. 25 сәуірдегі №179
Қазақстан Республикасы территориясында төлемдік құжаттарды қолдану мен
қолма-кол ақшасыз төлемдер мен аударымдарды атқару ережелері атты
қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының Қазақстан
Республикасы территориясындағы банктік шот ашпай, қолма-қол ақшасыз төлем
мен ақша аударымдарын атқару Ережелерін бекіту туралы қаулысына, Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2000 ж. 25 қарашадағы №433
Клиенттер мен оған қызмет ететін банк арасында қолма-қол ақшасыз төлем
жүргізу Ережелерін бекіту туралы атты қаулысына сәйкес жүзеге асады. Осы
заңнамалық және нормативтік құжаттармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың
мынандай негізгі формалары ұсынылады: төлем тапсырмасы, чек, вексель,
төлемдік талап-тапсырма, аккредитив, инкассолық өкім, салық
қызметі органдары мен кеден органдарының инкассолық өкімі,
ұлттық банктің құқықтык-нормативтік актілерімен белгіленген басқа да төлем
құжаттары.
Төлеуші мен алушы арасындағы қаражат есептеу формалары шартпен немесе
келісіммен белгіленеді. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу дегеніміз - ақша
жіберушінің тапсырмада көрсетілген сомада бенефициар пайдасына ақша аудару
туралы қызмет көрсететін алушы-банкке тапсырмалары. Ақша жіберуші төлем
белгілеуі жолында атауды, негізінде ақша аудару атқарылатын құжаттың
нөмірі мен ай-күні, жылын, сондай-ақ Төлем белгілеуінің коды жолында
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2000 ж. 16 мамырындағы
№195 қаулысына сай - төлемнің кодтық белгілерін көрсетуге міндетті [6, 97
б].
Сонымен қатар төлем тапсырмаларына деректемелерді толтырғанда
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 1999 ж. 15 қарашадағы
№388 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышын - төлем
белгілеудегі бірыңғай сыныптауышты қолдану ережелері атты қаулысын
басшылыққа алған жөн.
Төлем белгілеудегі бірыңғай жіктеуді кодтау құрылымы цифрлық және
әріптік рәміздер жүйесінің көмегімен құрылған.
I - ақша жіберушінің резиденттік белгісі резидент - Қазақстан
Республикасында мекен-тұрағы бар немесе Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес құрылған заңдық және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан
Республикасынан тысқары тұратын дипломатиялық, сауда және басқа ресми
өкілдіктер; резидент емес - Қазақстан Республикасындағы немесе одан тыс
жерлердегі барлық заңдық және жеке тұлғалар, сондай-ақ резидент
түсінігінде көрсетілмеген филиалдар мен өкілдіктер; II - ақша жіберушінің
экономика секторы; III-бенефициардың резиденттік белгісі; IV-бенефидиар
экономикасы секторы;V, ҮІ, ҮІІ - валюта мен бағалы металдардың коды; VI -
операция түрлері; VII - төлем сипаты; VIII - төлемдерді нақтылау.
ТББС (төлем белгілерін бірыңғай сыныптауыш) қойғаны үшін
жауапкершілікті төлем бастаушысы көтереді.
Жоғарыда аталған құжаттарға сәйкес төлем тапсырмасында Қазақстан
Республикасының валюталық заңнамасына сай анықталған резиденттіктің белгісі
көрсетіледі және мынандай тәртіппен қойылады: 1 - резидент, 2 -
резидент емес. Сонымен қатар субъектінің ұйымдастыру түріне мемлекеттік,
мемлекеттік емес; қаржыландыру көзіне республикалық бюджет, жергілікті
бюджет, өзін-өзі қаржыландыру; кызметтің негізгі түріне өндірістік,
қоғамдық іс-әрекет, қаржылық немесе қаржылық емес қызмет көрсету байланысты
көрсетіледі [6, 99 б].
Валюта кодтары тек қана шетелдік валютамен ақша аудару туралы өкініште
көрсетіледі және ақ шетінде хальщаралық стандарттарға сәйкес Валюта деп
қойылады. Тапсырмалар тауарлық емес есептеулер немесе көрсетілген қызметпен
жұмыстарға алдын ала төлеу бойынша операциялар жүргізе алады. Бенефициар-
резидент емес пайдасына ақша аударған кезде, банк ақша жүберуші болған
жағдайларды есептемегенде, ақша жіберуші қызмет көрсететін банк-алушыға
белгілеген формадағы бланкпен ақша аудару туралы өтінішті ұсынады. Мұндай
өтініш қызмет көрсететін банк-алушыға акша жіберушінің ақша аудару туралы
төлем тапсырмасы болып табылады.Төлем тапсырмасыақша аудару өтінішті банк
жазылған ай-күні, жылы көрсетілуімен он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.
Сонымен қатар төлем құжаттарына төлем негізділігін растайтын құжаттар
тіркеледі.
Төлемдік талаптар-тапсырмалармен есеп айырысуда бенефициар банкке
тиелген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін төлеу туралы ақша
жіберушіге талабы бар, көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде
ұсынылатын есептік құжат береді.
Бұл есеп айырысулар төлеушінің акцепті бойынша немесе акцепсіз
атқарылады. Төлемдік талап-тапсырмасын төлеуші толығымен немесе бөліп
төлеуге қарсылығын оған қызмет көрсететін банк төлемдік талап-тапсырма
алғаннан бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды. Төлеуге немесе төлеуші
алған төлемдік-тапсырмасын тиісті қолдар қойылған, мөр бедерлемесімен
барлық данада рәсімдейді, оны қызмет көрсететін банкке тапсырады.
Инкассолық өнім ақша өндіру туралы сот шешімдері, үкімдері,
белгілеулері мен қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетін орындау
қағазының түпнұсқаулары тіркеліп, заңнамалық актілерде қарастырылған
жағдайларда, осы өндірудің негізділігін растайтын көшірмелерді қосып,
сондай-ақ салық пен кеден қызметі органдарының инкассолық өкімдері, оларға
растаушы құжаттар тіркелмейді, бюджеттік сыныптауыш код пен операция түрі
көрсетіледі, ақша жіберушінің келісімінсіз банк шоттарынан ақша алу үшін
қолданылады.Инкассолық өнім ақша жіберушінің банкісіне үш дана болып, ал
бенефициар банкіне – төрт данамен ұсынылады.
Аккредитив дегеніміз - шарт бойынша контрагенттің пайдасына клиенттің
талсырмасымен берілетін банктің шартты ақшалай міндеттемесі, ол бойынша
аккредитив ашқан банк керсетілген бенефициармен төлем жасайды немесе
аккредитивте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда немесе аккредитивтің
басқа шарттарын орындағанда басқа банкке мұндай төлемдерді атқаруға
өкілеттілік беру [7, 124 б].
Банк Заңды тұлғалармен келісім бойынша белгіленген мерзімде немесе
күнделікті оған үзінді көшірме, яғни банк шотындағы ақшалай қаражаттың
қозғалысы жөнінде жазылған жазбалардың көшірмесін береді. Үзінді
көшірмелерде Қазақстан Республикасьшың Ұлттық банкісінің 22.07.04 №102
(1.10.04 енгізіледі Клиенттің жеке шотынан алынатын үзінді көшірменің оның
банктік шоты бойынша ақша қозғалысы жайлы үзінді-көшірме мазмұнында болуға
тиісті мәліметтерді белгілеу туралы қаулысымен белгіленген деректемелер
болуы керек. Мұнда негізіне сүйеніп, ақшалай қаражаттың есепке алынғаны
немесе есептен шығарылған құжат нөмірлсрі көрсетіледі. Банк акшалай-есеп
құжаттарын өзі жүргізген банк шоттары операцияларын дәлелдеу үшін үзінді
көшірмеде көрсетілген сомалардың дұрыстығын тексереді және қате табылса,
бұл жайында бірден банкке хабарлайды. Даулы сомаға заңдар мен және банктік
қызмет туралы шартпен белгіленген мерзімде наразылық білдіруге болады.
Банктік шоттардағы ақшалай қаражатты есептеу үшін субъектінің қаржылық-
шаруашылық қызметі шоттарының Үлгі жоспарының 4 бөлігі шоты арналған.
Ағымдық шоттағы операцияны көрсету үшін 1040 Ағымдық, корреспонденттік
шоттардағы ұлттық валюта ақша шоты қолданылады. Бұл шоттың дебеті бойынша
ақшалай қаражаттың түсуі, ал кредит бойынша - азаюы көрсетіледі. Банктің
ақтаушы құжаттармен тіркелген үзінді көшірмелері есеп шот бойынша жазбаға
негіз болады. Үзінді көшірмелердін 1040 шот кредиті бойынша №2 журнал-
ордерге 1040 шот дебеті бойынша әр түрлі журнал-ордерлерде көрсетіледі.
Алайда, есептің дәл болу маңызын және бақылау қажеттілігін ескере отырып,
№2 журнал-ордерге қосымша №2 тізімдеме жүргізіледі, онда 1040 дебетіне
жатқызылған барлық сома есептелінеді. Банктің үзінді кошірмелері
тексеріледі және өңделеді, яғни сомалармен қатар шот корреспонденциялары
жасалады [7, 126 б].
Кесте - 5 1040 шот бойынша субъектінің есеп шотына түскен сомасы
№ Операциялар мазмұны Дебет Кредит
1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өнім, 1040 1210
жұмыс, көрсетілген қызмет үшін шотты төлеу
сомасына
2 ТМҚ мен жабдықтағаны, орындалған жұмыс және 1040 3310
көрсетілген қызмет үшін алынған аванстар
3 Аккредетивтің лимиттік чек кітапшаларының 1040 1070
пайдаланылмаған сомасы есепшотқа жазылды
4 Құрылтайшылардан Жарғы капиталына салым ретінде 1040 5020
ақшалай қаражат түсті
5 Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды1040 1250
тұлғалармен борыш өтелді
6 Артық аударылған соманың орнын бюджет толтырылды 1040
2940
7 Қолма-қол ақшамен жарна туралы хабарландыруға №11040 1010
түбіртек. Өткізілген өнім үшін түсім есеп шотқа
тапсырылды
8 Банк мекемелерінен алынған кредит есепшотқа 1040 3010
есепке жазылды
9 Занды және жеке тұлғалардан қысқа мерзімдік және1040 6260
ұзақ мерзімдік қарыздар алынды
10 Инкассатор арқылы берілген ақшалай қаражат 1040 1030
есепке қосылды
Қайнар көзі: В.Н Радостовец, Т.Ғ Ғабдуллин, В.В Радастовец, О.И
Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп Алматы, 2003ж 105бет.
Кесте - 6 Субъектінің есеп шотынан төлем тапсырмасы немесе төлемдік
талап-тапсырма, чек бойынша есептен шығарылған сомасы
№ Операциялар мазмұны Дебет Кредит
1 Заңды және жеке тұлғаларға төленіп МӨА (НМА) 2730 1040
алынды
2 Акциялар, облигациялар алынды 1150 1040
3 Бюджетке аударылған салық сомасы
а) коорпоративті табыс салығы 3110 1040
ә) ҚҚС 3130 1040
3190 1040
б) жеке табыс салығы 8048 1040
3180 1040
в) көлік салығы
г) мүлікке
4 Зейнетақы қорына аударылған сома 3220 1040
5 Қарыз бойынша сыйақы төлеу 3380 1040
6 Банкке қарыз қайтару 30101040
7 Банк мекемелерінен алған қарызды өтеу 3020 1040
8 ТМҚ-ды жабдықтаушылар мен мердігерлерге 3310 1040
орындалған жұмыс пен қызметке төлеу
9 Есеп берілетін аударылыммен ақша беру 1250 1040
Қайнар көзі: В.Л Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі
бухгалтерлік есеп Алматы: Экономика, 2005ж. 125бет.
Есеп шотта деп саналатын ақшалай қаражатты сақтау мен пайдаланудан
басқа заңдык тұлғалар банктерде арнайы шоттарды қаржы ұстайды. Бұл
қаражатты есептеу үшін 1000 Ақша каражаттарыының банктегі арнайы шоты
қарастырған. Бұл шоттың бөлімшелері - нақты ақша қаражаттарының халықтык
және шетелдік акпараттарды қамту үшін қызмет етеді [7, 128 б].
1070 Аккредитивтегі ақша
1070 Чек кітапшаларындағы ақша
1070 Карт-шоттардағы ақша
1070 Банктегі басқа да шоттардағы ақша.
Есептесулердің аккредитивтік нысаны - бұл тауарлар мен қызметтер үшін
өзге қалалармен есеп айырысу нысанының бірі, бұл жағдайда есеп айырысу
құжаттарының төлемі сатып алушының банк ісінде осы мақсат үшін арнайы
сақталған қаржылар есебінен жабдықтаушының банк ісінде жүзеге асырылады.
Аккредитив сатып алушының немесе банк кредитінің меншікті қаражаты есебінен
қойылады. Аккредитив бір ғана жабдық-таушымен есеп айырысу үшін және тек
өтініште көрсетілген тауарлар мен қызметтер ғана төленеді және қайта
жалдануына болмайды. Оның есебінен қолма-қол ақша төлеуге рұқсат етілмейді.
Аккредитив мерзімін сатып алушы 25 күн шегінде, кей жағдайларда жабдықтау
шарттары бойынша қажет болса, жабдықтаушының банкінде аккредитивтің әрекет
ету мерзімі алушының банк басшысының рұқсатымен 45 күнге дейін белгілене
алады. Әдетте жабдықтаушы мен төлеуші арасындағы шартты мерзім белгіленеді.
Аккредитив бойынша төлеу тауарлар үшін ұсынылған шоттар тізілімі бойынша
атқарылады. Аккредитив мерзімі өткен соң төлемге рұқсат етілмейді. Банктегі
аккредитивті жабу былайша жүргізіледі.
1) Аккредитив мерзімі өтуі бойынша.
2) Жабдықтаушының аккредитивті одан әрі қолданудан бас тартуы.
3) Сатып алушының өнімі бойынша [8, 149 б].
Кесте - 7 Банктегі аккредетивті жабу
№ Операциялар мазмұны Дебет Кредит
1 Меншікті қаражаты есебінен аккредитивке ақшалай1070 1040
қаражат қосып есепту Банк кредиті есебінен
аккредитивке ақшалай қаражат қосу
2 Банк кредиті есебінен аккредетивке ақшалай 1070 3010
қаражат қосу
3 Өнім, жұмыс көрсетілген қызмет үшін 3310 1070
жабдықтаушалар мен мердігерлерге аккредитивпен
төлем құжаттарын төлеу
4 Алынған материалдық құндылықтарға төлеу үшін 1310,13151070
аккредитив қаражатын пайдалану ,
1317,1330
5 Алынған МЕА төлеу құндылықтарға төлеу үшін 2730 1070
аккредитив қаражатын пайдалану
6 Пайдаланылмаған аккредитив қаражатын аударылған
шоты есебіне қосу
- меншікті қаражаты есебінен 1040 1070
- банк кредиттері есебінен 3010 1070
Қайнар көзі: В.А Назарова. Бухгалтерлік іскерлік корреспонденция
Алматы: Экономика, 2002ж. 147бет.
1070 шот бойынша талдаушы есеп кәсіпорынға қойылған әрбір аккредитив
бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасындағы чектерді қолданып, төлемдерді атқару
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 1998 ж. 5 желтоқсандағы
№266 Қазақстан Республикасы территориясында чектерді қолдану ережелері.
Чек - чек берушінің банк-алушыға жазбаша бұйрығы бар, олардың
арасындағы шартқа негізделген, осындай бұйрықта көрсетілген чек ұстаушыға
ақша сомасын төлеу төлем құжаты [8, 152 б].
Чек кітапшалары қолма-қол ақшасыз төлемдерді атқару (көлік
ұйымдарымен, жабдықтаушьшармен, байланыс болімшелерімен есеп айырысулар),
қолма-қол акшалай қаражатты алу үшін қолданылады. Чек кітапшасын алу үшін
кәсіпорын банк - чек берушімен шарт жасасады және арнайы шотта соманы
депозитке салу туралы өтініш-тапсырма көрсетеді.
Кесте - 8 1070 шотта чек кітапшасында бар ақшалай қаражат қозғалысы
есептеледі.
№ Операциялар мазмұны Дебет Кредит
1 Субъектінің меншікті қаражаты есебінен чек 1070 1040
кітапшаларын беріп, қаражатты депозитке салу
2 Банк кредиттері есебінен чек кітапшаларын беріп, 1070 3010
қаражатты депозитке салу
3 Банкте чек кітапшалары бойынша алынған сома 3310, 1070
объектілер берген чектерді төлеу шамасына қарай, 3390
яғни жабдықтаушылармен басқадай кредиторлар ұсынған
чектермен банк жапқан сома есептен шығарылады
4 Чекпен төленген пошта-телеграфтық шығындар 7210 1070
5 Іс-сапар адамдары үшін чектермен авиа, темір жол 1250 1070
билеттері алынды
6 Чек кітапшасының пайдаланылмаған қалдығы депозитке 1040, 1070
салынған қаражат есебіне қайта қосылды3010

Алматы: Экономика, 2002ж. 154бет.
Берілген чектер бойынша, бірақ банк төлемеген сома 1070 шотта қалады.
1070-шоты бойынша талдаушы шот алынған әрбір чек кітапшасы бойынша
жүргізіледі.
Ұйымдар чек кітапшаларымен қатар карт-шотарды қолдана алады. Карт-шоттар
1070-шотта есептеледі жэне ТМҚ алу, іссапарлық және есеп беретін адамдардың
басқа да шығындары бойынша есеп айырысулар үшін арналған
1070 шотта банктегі арнаулы шоттардағы қолма-қол акша есептеледі, яғни
банктегі сақталатын мақсатты қаржыландыру қаражатының қозғалысы мен
жекеленуі, көбіне мынандай қаражат:
1)Әлеуметтік мекемелерді (балалар үйін, мектептер, ауруханалар) ұстау
үгаін ата-аналардан немесе басқа пайдаланушылардан.
2)Ұзақ мерзімдік инвестицияларды қаржыландыру үшін алынған, жеке
шоттан инвестордың өтініші бойынша және жұмсалатын қаражат есебінен.
1.2.Ағымдағы активтерді анықтау мен оларды жіктеу
Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес ағымдағы активтер былайша
жіктеледі :
1) Қысқа мерзімдік (ағымдағы). Оларды қолдану мерзімі - бір жылдан
кем. Бұлар:
- қайта өндеу мен өткізу мерзіміне тәуелсіз қорлар;
- жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін болашақ кезеңдер шығыны;
- ақша қаражаттары;
- егер ол баланстық құннан басқа болса, ағымдағы құнын көрсеткен
қысқа мерзімдік қаржылық инвестициялар;
- есепті уақыттан санағанда бір жыл ішінде алынған дебиторлық берешек;
ағымдағы активтерді сатып алғаны үшін аванстық төлемдер; алуға арналған
шоттар; алынған вексельдер; негізгі серіктестіктер мен олардың еншілес
тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалары арасындағы топ ішілік
операциялар нәтижесінді пайда болған дебиторлық берешек; акционерлік қоғам
лауазымды адамдарының дебиторлық берешегі; басқа да дебиторлық берешек [9,
85 б].
2) Ұзақ мерзімді активтер пайдалану мерзімі бір жылдан астам, бұларға
мыналар жатады:
- материалдық емес активтер, лицензиялық келісімдер, бағдарламамен
қамтамасыз ету, патенттер, гудвилл, басқа да материалдық емес активтер;
- негізгі құралдар, яғни жер, ғимараттар мен үйлер, машиналар мен
жабдық, көлік құралдары, басқа да негізі құралдар;
- ұзақ мерзімдік инвестициялар, яғни еншілестерге, тәуелді
және бірлесіп бақыланатын заңдық тұлғалар;
- ұзақ мерзімдік дебиторлық берешек; алуға арналған шоттар, алынған
вексельдер, негізгі серіктестіктер мен оның еншілес, тәуелді және бірлесіп
бақыланатын заңды тұлғалары арасындағы топ ішілік операциялар нәтижесінде
пайда болған дебиторлық берешек, акционерлік қоғам лауазымды тұлғаларының
дебиторлық берешегі, басқадай дебиторлық берешек;
- алдағы кезең шығындары.
Босалқылар. Босалқылар ағымдағы активтер түрінде өндірістік үрдіске
бір-ақ рет қатысып, өзінің физикалық үлгісін жояды. Ағымдағы қаражат
ретінде бүлардың құны толығымен жаңадан өндірілген өнімнің өзіндік құнына
қосылады. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ресми құжаттарда босалқылар
термині жиі қолданылады. Босалқылар термині бір нәрсенің құрамындағы
қосымша немесе қыстырма түрінде танылған, өзінің жеке экономикалық маңызы
жоқ сияқты. Сондықтан босалқылар терминін құндылықтар терминімен
ауыстырған жөн. Бухгалтерлік есеп жүйесіне түсетін барлық фактілердің құны
болатындығын есте сақтау керек [9, 87 б].
Босалқылыр тармағындағы счеттарда -бір жылға дейінгі аралықта
сатылатын өндірістік және қызмет көрсету процесіне жұмсалатын, сондай-ақ
келесі жылдың бухгалтерлік балансына түгенделіп, қайта бағаланып жазылатын
шикізаттар мен материалдар, дайын өнімдер, тауарлар, аяқталмаған өндіріс,
басқалай босалқылар және босалқылар құнын таза сату құнына дейін
теңестірудегі құнның төмендеуіне, босалқылардың жарамсыздыққа айналуына,
моральдік тұрғыда ескеруіне байланысты қалыптастырылған активтік резервтер
жөніндегі операциялардың есебі жүргізіледі.
Тауарлы-материалды құндылықтар бұларға: өнімдер өндіруге қажетті
материалдар, шикізаттар, тауарлар, отындар және аяқталмаған өндіріс жатады.
Тауарлы-материалды құндылықтар ағымдағы активтердің негізгі бөлігін
құрайды. Тауарлы-материалды құндылықтарды дұрыс бағалау - үлкен мәселе.
Бағалау үшін тауарлы-материалды құндылықтарды түгендеп, қолда барын анықтау
керек. Бастапқыда тауарлы-материалды құндылықтар сатып алу бағасымен
бағаланып, бұл баға тауарлы-материалды құндылықтардың бастапқы құны болып
есепке алынады. Тауарлы-материалды құндылықтарға тән касиет: бұлардың қанша
көлемі осы жылғы өндіріске жұмсалғандығы, қаншасы келесі жылға
қалғандығы жөнінде, толық мәліметтер алып, дұрыс бағалау мүмкіндігі әрқашан
да бола бермейді. Бұлардың бухгалтерлік есебін жүргізуші бухгалтерлер
көбіне ТМҚ қозғалысы мен қолда барын ортақ өлшемге келтіру арқылы
бағалайды. Тауарлы-материалды құндылықтарды бағалау үшін бухгалтерлік
есеп
тәжірибесінде ФИФО, ЛИФО және орташа өлшеу әдістері қолданылады.
Экономикалық мақсат тұрғысынан қарағанда тауарлы-материалды
құндылықтар сату, тауарлар өндіру, тауарларды сатып алып, қайта сату
үрдісінде осы ұйымның айналым қаражаты түрінде сипатталған. Ұйымдардың
қалыпты жағдайда өз шаруашылық қызметін атқару барысында және болашақта
табыс келтіруді қамтамасыз етуде тауарлы-материалды құндылықтардың
атқаратын рөлі зор [10, 106 б].
Материалдар. Ағымдағы активтер құрамында есептелінетін, шаруашылық
операцияларын жүргізетін және өндірілетін өнімдерге жұмсалатын, көзбен
көріп, қолмен ұстауға болатын заттарды - материалдар деп атаймыз. Бұларға:
құрлыс материалдары, егістік жерге отырғызылатын, себілетін тұқымдар,
машиналар мен механизмдерді жөндеуден өткізу материалдары жатады. Тауарлар
мен дайын өнімдерге қарағанда, өндірістік технологияға арналған материалдар
сатылмайды. Бұлардың есебі өндірілетін өнімдер мен тауарларға жұмсалатын
жалпы шығындардың бір элементі түрінде жүргізіледі.
Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржылық активтер счетында
туындаған қаржылық активтер немесе қаржылық аспаптар ұғымы берілген.
Егер мұндай активтер тиімді қаржылық аспаптар түрінде қаралып, саудаға
түсетін қаржылық активтерден түсетін табыс алдағы кезеңде бағаның өсуінен
қорғалатын жағдайда болса, онда туындаған қаржылық активтер саудаға
арналған активтер сапасында танылады. Осы берілген анықтамаға сәйкес
қаржылық активтер сатуға арналған болып қаралады, егер мұндай активтер
хеджирлеудің тиімді аспаптары болып танылмаған жағдайлардың барлығында.
Өшірілуіне дейін бастапқы құнынан ұсталынатын қысқа мерзімді
инвестициялар счетында өшіру мерзімі келгенге дейін ұйым қатаң түрде өз
меншігіндегі қысқа мерзімді активтерге сенімділік танытқандағы төлеушілігі
анықтаған немесе өшіру мерзімі белгіленген қысқа мерзімді қаржылық активтер
есебі жүргізіледі. Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларға тән бірнеше
счеттарға қысқаша сипаттама берейік [10, 109 б].
Берешектердің қысқа мерзімді қарыздары тармағындағы счеттарда - бір
жылға дейінгі аралықта сатып алушылар және тапсырыс берушілермен, еншілес
ұйымдармен, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен, филиалдар және
құрылымдық бөлімшелермен, еңбеккерлермен есептелінген еңбек ақы, жалдау
операциялары, қызметкерлердің міндетті есеп айырысу жауапкершілігіне
берілген ақша қаражаттары, еңбеккерлерге берілген займдар, шеккен
материалдық зиянның орнын толтыру, акцияларға есептелінген дивиденттер,
сондай-ақ қаржылық жалдау, берілген займдар, алынған қаржылық
инвестициялар, басқаруды сеніп тапсыруға есептелінген сыйақылар бойынша
есеп айырысу операциялары және басқалай; алынған вексельдер, сақтандыру,
күмәнді қарыздар бойынша қысқа мерзімді берешектердің қарыздары жөніндегі
есеп айырысу операцияларының есебі жүргізіледі. Берешектердің қысқа
мерзімді қарыздары сомасы ары қарай өзгермейтін, туындамайтын және төлеу
сомасы белгіленген базарлы саудаға түспейтін осы ұйымның басқалардан алатын
алашақ қарыздары.
Берешектер борышы. Жөнелтілген тауарлар, орындалған жұмыстар,
көрсетілген қызметтер үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz