Электрондық курстың құрылымы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

  1. Электрондық курсқақойылатын талаптарЭлектрондық білім беру ресурстарыЭлектрондық курстың құрылымы
  1. Web құжаттар құру негіздеріWeb-парақтар және жасалу жолдарыFront Page редакторыFrontPage редакторының мүмкіндіктеріFront Page-тiң компоненттерiн қолдану
  2. «Web-құжаттар құру негіздері» тарауына арналған электрондық курс«Web-құжаттар құру негіздері» электрондық курстың құрылымыСабақ жоспарлары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі заман талабы: білімді, сауатты, білікті оқушыларды және жеке тұлғаларды дайындап шығаруда жаңа технологияны қолданып, оқытудың әр түрлі тиімді жүйелерін қолдану болып табылады. Соған орай оқушыларды дайындауда әр түрлі жаңа технологияларды қолдану енгізіліп келеді. Білім беруде электрондық оқулықтарды пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Электронды курс «оқушы - компьютер - мұғалім» жүйесін қалыптастырады. Электронды курспен оқыту жүйесінің құрылымдық элементтерін қарастырайық. Оның құраушы элементтері «оқушы - компьютер - мұғалім» арасындағы қарым-қатынас. Осы элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез келген сабақта электрондық курсты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Қазіргі таңда ақпаратттық-комуникациялық технологиялардың дамыған заманы болғандықтан ақпараттарды түсінікті, артықшылықсыз және көрнекі түрде беру тиімді тәсілдердің бірі болып табылады. Ақпаратты мұндай тәсілмен беру көптеген салаларда қолдануда. Олар телебағдарламада, жарнамаларда, интернетте, ғылым және білім саласында, тіпті тұрмыстада қолданылады. Электрондық оқулықты қолдану саласы өте кең: электрондық оқыту жүйесі қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы білімге деген талпынысы бар оқушыларға өте тиімді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Информатика пәнінен 11 сынып оқушыларына «Web-құжаттар құру негіздері» тақырыбына арналған электрондық курс құру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Әдебиеттер жинақтап, тақырыптың мазмұнын ашу;
  • Оқушылардың білімдерін тексеруге арналған тапсырмалар мен тест сұрақтарын әзірлеу;
  • Электрондық оқу материалдарына қойылатын талаптар қарастыру;
  • Электрондық курс құруға арналған Front Page редакторымен танысу;
  • «Web-құжаттар құру негіздері» тақырыбына арналған электрондық курс құру.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану заман талбына сай. Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.

  1. Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар

Білімді ақпараттандыру оқушылардың білім сапасын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіптік білімділігін күшейтуге негізделген. Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның даму деңгейі дәуірдің телекоммуникациялық мүмкіндіктерімен артықшылықтарын көрсететін толыққанды сапалы және бәсекеге түсуге қабілетті білімді қамтамасыз ететін нақты алғы шарттар болып табылады. Яғни нақтылы анықтамаға келетін болсақ: - электрондық оқулық дегеніміз - дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, - ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі көпсатылы жүйе.

Электрондық оқулықтар ғылыми негізінде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулықты жасаудың тұжырымдық негізі модулдық оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулықты жасаудың пелагргикалық ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді.

Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін еске ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады. Ең бастысы электрондық оқулықтарды жасаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болу керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды жасауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:

  • Белгілі пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтардың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болу керек.
  • Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулармен тақырыптарда дәріс конспектісін қамтитын негізгі зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарды қатысты анықтама бибиографиядан тұратын көмекші аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауға пайдаланған әдебиеттер тізімі қамтылуы керек.
  • Электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнының қайталанбауын яғни берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты және қысқа берілуін ескеру керек.
  • Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал екі және үш экрандық беттен артық болмауы керек. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жақ тік төменгі көлденеңнен жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануға тура келеді.
  • Оқушыларға тақырыпты семинар ретінде нақты ұғынықты қысқа түрде беру.
  • Қашықтан оқытуға оқушының өздігінен оқып үйренуіне, өзіндік жұмыс қабілетін дамытуға жағдай жасау керек.

Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі, және мәтінді жоғары, төмен, оңға солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына әсер етеді.

Электрондық оқулықтың тиімділігіне жету мақсатында электрондық оқулықтың мазмұнын толтыру үшін ақпаратқа қойылатын талаптарды ескеру керек:

  • Логикалық ақпараттың құрылымы мен байланысы
  • Семантикалық - пайдаланылатын ұғымдарға аралық түсіндірме берілмеуі керек, ол материалды қабылдауды және оны меңгеруді жеңілдетеді.
  • Тұтастық - иерархиялық топтаманы және ұғымдардың тектік қатынастарын пайдалану.
  • Түпнұсқалық - бейімделмеген ақпаратты яғни оқу мәтіндері мен құжаттар емес нақтыларды қолдану.

1. 1 Электрондық білім беру ресурстары

Электронды білім беру ресурстарының басты мақсаты студенттер мен оқушылардың білім сапасын арттыру, оқытушыларға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету. Электронды ресурстарды қолданып білім беру барысында дәстүрлі сабақтың ауқымын кеңейтіп, ақпараттық ортаны едәуір жоғарылатып, білім беру үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеді, яғни бұл басты ерекшелігі пен тиімділігі студент пен оқытушының арасындағы байланыс көзбен көру арқылы жүргізіледі.

Электрондық басылым - бұл графикалық, мәтіндік, цифрлік, музыкалық, видео, фото және т. б. ақпараттар, сонымен қатар басылым мәліметтерінің жиынтығы. Электронды басылым магниттік (магниттік таспа, магниттік диск, т. б. ), оптикалық (СD-ROM, DVD, CD-R, CD-I, CD+ және т. б. ) электронды тасушыларда болуы және электронды компьютерлік желілерде жариялануы мүмкін.

Электронды оқу басылымдары (электронды оқулықтар, электронды оқу құралдары (пособие) ) -білімді бақылауға және автоматтандыруға, сондай-ақ тиімдеуге негізделген, оқу курсы мен оның жеке бөлімдеріне сәйкестелінген, білім беру траекториясы мен әр түрлі оқу жұмыстарын анықтауға мүмкіндік беретін электронды басылым.

Электронды оқулық - оқу курсы мен оның тарауларының жүйелік мазмұнынан тұратын, мемлекеттік білім беру стандартына сәйкестеліп жасалған, өзінде қарапайым оқулықтың, анықтамалық, тапсырма-жаттығулардың және лабраториялық практикумдардың және т. б. -ң қасиеттерін қамтыған мемлекеттік органдармен нақты бекітіліп мәртебеге ие болған электронды оқу басылымы.

Электронды оқу құралы (пособие) - толық және жартылай электронды оқулықты алмастыра алатын, мемлекеттік білім беру стандартымен нақты бекітілген басылым. Электронды оқу құралы болып, мамандықтар мен оқу бағыттарындағы аса маңызды мемлекеттік жалпы білім беру стандартындағы пәндер бөлімдері, типтік пәндер мен оқу жоспары бойынша жаттығулар мен тапсырмалар жинағы, сызбалар мен карталар альбомдары, атлас конструкциялары, пәндер хрестоматиясы және оқу жоспары, оқу жоспарын жүргізудегі нұсқау, практикумдарға байланысты нұсқаулар, кустық және дипломдық жұмыс жобалары, анықтама-энциклопедиялар, жаттықтырушылар (тренажеры) саналады.

Бұдан басқа да электрондық білім беру өнімдері белгілі. Олар:

Диагностикалық бағдарламалар - оқушылардың қате қимылдарының алдын алу, білімін, іскерлігін, дағдысын бағалау, интеллектуалдық даму деңгейін тексеру үшін қолданылатын бағдарламалар.

Пәндік бағытталған орта - оқылып отырған объектілерді немесе олардың белгілі бір пәндік ортадағы қарым-қатынастарын модельдеуге мүмкіндік береді. Олардың көмегімен оқу іс-әрекеті, кейбір пәндік аймақтарға байланысты заңдылықтар ұйымдастырылады.

Жаттықтырушылар (тренажеры-оқытушы бағдарламалар) - оқу іс-әрекетіндегі іскерлік пен дағдыларды жетілдіретін арнайы бағдарламалар. Сондай-ақ өздік жұмыстар, өткенді қайталауға арналған бағдарламалар.

Оқыту мақсатындағы мәліметтер қоры - нақты құрылған және ұйымдастырылған электронды ақпараттар жиымы.

Электронды курстық кейстер - CD дискта орналасқан, берілген курс және мамандықтың оқу жоспарында көрсетілген барлық пәндердің оқу және әдістемелік материлдар жиынтығы.

Электронды дәрістер - бірнеше слайдтан тұратын, видеоақпарат, әртүрлі дыбыстар мен анимация элементтерімен толықтырылған компьютерде Power Point дестесімен жасалған дәріс.

Жоғарыда айтылған электронды білім беру ресустары осымен шектеліп қоймайды. Олардың практикалық түрлері де бар: тест, тестер, тапсырмалар және т. б.

Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу үрдісіне электронды білім беру ресурстарын енгізу. Өйткені бүгінгі білім беру саласында тек мұғалімдердің айтқанын орындау және оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқу құралдарын пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

  1. Электрондық курстың құрылымы

Жалпы алғанда электронды оқулықтың құрылымы әр кітаптарда әр қалай беріледі. Мен солардың ішінен «Электронды оқу басылымдары туралы ережеде» көрсетілген электронды оқу басылымдарының құрылымы мен «Қайнар» университетінің хабаршысы журналында жарияланған А. Б. Искакованың мақаласында көрсетілген электронды оқулықтың құрылымына қысқаша тоқталып кеткім келіп отыр.

Электронды оқу басылымдарының құрылымы екі бөлімнен тұрады: инварианттық және вариативтік бөлім.

Инварианттық бөлім:

  • Титульдік бет - электронды басылымының тақырыбы, авторы, яғни жасап шығарушысының аты-жөні, шығару уақыты, т. б. мәліметтер көрсетіледі;
  • Аннотация - курстың мақсатын, өзектілігін, нәтижелілігін және потенциалды қолданушылары туралы қысқаша мәліметтерді қамтиды;
  • Тақырыбы - жасалып отырған оқу курсының және семантикалық оқу бірліктерінің тақырыптары (бөлім, параграф, т. б. ) кіреді;
  • Бағыттауыш - электронды оқу басылымдарының элементтері арасындағы байланысты және электронды оқу басылымы бойынша жылжу мен бағдарлауға қажетті құралдарды көрсетеді. Бағыттауыш электронды оқу басылымының әрбір бетінде болуы керек;
  • Мазмұны - электронды оқу басылымының есептері мен мақсаттарына байланысты оқу материалдарының барлық көлемін қамтиды;
  • Тапсырмалар - өткен материлды меңгеру мақсатымен әртүрлі қиындық деңгейдегі тапсырмалар мен түрлі типтегі тапсырмалар берілуі керек. Дұрыс жауапты белгілегенде жай табу әдісі болмас үшін, сұрақтар мен жауаптар жеткілікті ойланып жасалуы керек. Дұрыс емес жауаптар мазмұны бойынша дұрыс жауаптарға өте жақын болуы тиіс. Тек қана терең білімі және жұмыстың барысын түсінгенде, оқу материалын тиянақты меңгергенде ғана, оқушы дұрыс жауабын таба алатындай жағдай жасалуы қажет;
  • Қолданылған әдебиеттер тізімі;

Вариативтік бөлім:

  • Тестер - сәйкес қарастырылып отырған оқу курсы немесе оның жеке бөлімдерінің білімдерін бақылау және оқуды оптимизациялау мен автоматтандыруға арналған;
  • Анықтама - оқу курсының әрбір модулі бойынша ақпаратты оқу материалының тесттік, кестелік және т. б. оқу-әдістемелік мағлұматтарын қамтуы керек;
  • Көмек - электронды оқу басылымының жұмысын басқаратын ақпарат пен минималды жүйелік талаптар болуы қажет, электронды оқу басылымын іске қосқаннан бастап оған констексттік қатынағанда көмек көрсетуі тиіс;
  • Дыбыс, видео, анимация элементтері - курстың алдына қойылған мақсаты мен есептеріне байланысты вариативтік компонент болып табылады;
  • Глоссарий - оқылып отырған пәнге байланысты негізгі терминдер мен олардың анықтамаларын қамтиды;
  • Және т. б. элементтер .

Басқа әдебиет, яғни Искакованың мақаласындағы электронды курстың құрылымы былай берілген:

  1. презентациялық бөлімі;
  2. оқу құралының негізгі ақпаратынан құралған тапсырма бөлімі;
  3. оқушыларды немесе студенттерді объективті түрде бағалау үшін зертханалық жұмыс бөлімі.

Электрондық курстар қаншалықты тиімді болғанымен, кәдімгі оқулықтар әлі көп уақытқа дейін негізгі оқу құралы ретінде қолданылады. Себебі, кез келген мәтінді экран бетінде емес, басып шығарылған түрде оқыған ыңғайлы. Соған байланысты электрондық курсты құру кезінде оны қандай жаңа қасиеттермен кәдімгі оқулықтан өзгешелеуге болатынын ескеру керек. Осындай қасиеттерге:

  1. интерактивтік қасиет - қайтымдылық шарты;
  2. тез арада керекті ақпаратты табу мүмкіншілігі;
  3. түсіндірмелерге көп рет қатынау кезіндегі жұмсалатын уақытты үнемдеу қасиеті;
  4. мәтінді экранға шығарып қана қоймай, оны түсіндіріп көрсетуге, модельдеуге және т. б. мүмкінділік беру - осы жерде мультимедиялық технологиялардың мүмкіншілігі байқалады (көркемділік және қатынау ) ;
  5. кез келген адам үшін тез арада белгілі бір бөлімге қатысты өзінің білімін тексеру мүмкіншілігі;
  6. керекті оқу ақпаратын мысалы, Интернет арқылы жаңарту, өңдеу қасиеттері жатады.

Қорыта келе, электронды оқулықтың құрылымы жоғарыда аталып кеткен титул беті, мазмұны, аннотация, оқу материалының толық мазмұны (сызбалар, графиктер, иллюстрация, кестелер, т. б. ), тапсырмалар жүйесі, бақылау тесттік жүйесі, мәтін бөлігін іздеу жүйесі, авторлар жөніндегі мәлімет және бағдарламамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс.

Білім беру саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін ғана арттырып қоймайды, қисынды ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай туғызады.

  1. Web құжаттар құру негіздеріWeb-парақтар және жасалу жолдары

Web - парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішіндеп көрсететін тілге жатпайды, өйткені әрбір тұтынушы әр түрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын браузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі браузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әр түрлі болып келеді. Ал, үшінші компьютердегі Web - парақтарының мәтіндері зағиптарға арналған Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады.

Құжаттарды әр түрлі тұтынушының әр түрлі құрылғыларда және әр түрлі браузер бағдарламалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішіндеу (форматтау) тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, оларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.

Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алынған соң, оны браузер - бағдарлама өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп, ірі әріптермен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып қана көрсетуіне де болады. Ал, егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, онда тақырып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін.

HTML тілінде мәтінді пішімдеу тәсілдерінің де бар екенін айтып кету керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы, тілдің соңғы HTML 4. 0 нұсқасында мәтінді пішіндеу командаларын пайдалану ұсынылмаған.

Web - (немесе Web - бет) құжат - бұл әр түрлi ақпараттық қорларға өздiң сiлтеме болатын гипермәтiн құжаты: басқа Webлар - құжаттар, график түрiнде, дыбыстық файл, сонымен бiрге басқа сервистердiң ақпараттық қорлары тағы сол сияқтылар.

Web бiр жағынан - құжат сияқты ол жағдайда суреттелуге табандатқан бiртұтас қолданушысымен қабылданады файлдардың өз қосатын табандатқан жиынтығымен:

  • құжаттың болатын мәтiнi және бағдарлаушы белгiнi HTML тiлдiң көмегiнен дайын тұрған негiзгi файл - "Команда" (тегтер ) арнайы, құрам және Webның құрылым суреттейтiн анықтайтын құжаттың кескiн-келбеттерi, сонымен бiрге басқа құжаттары бар оның байланысы және объекттермен;
  • статикалық график түрiнде иллюстрациялардың GIF, JPEG және PNGнiң қалып көрсетiлген файлдары
  • анимациялалған график түрiнде суреттердiң GIF-тiң қалып көрсетiлген файлдары
  • WAV, MIDI, RMIнiң қалып көрсетiлген дыбыстық файлдар
  • бейнероликтердiң AVI-нiң қалып көрсетiлген файлдары
  • сыртқы программалар - сценариды, жеке файлдар, сонымен бiрге (Java applets) Javaдың программалау тiлi аппаратты-тәуелдi болмаған жазылған ептеген бағдарламалар сияқты көрсетiлген;
  • (стиль, Cascading Style Sheets, CSS-тiң каскадты кестелерi) стильлердiң кестелерi - Webның жиынын оңай құрылуға мүмкiндiк беретiн құжаттардың бiр стилистикалық шешiмдерiнде құжаттың Webның элементтерiнiң (стильлер) қалыптасуының ережелерiнiң сипаттама болатын файлдары;
  • мысалы, Webның кеңейтулерiнiң объекттерiнiң қосымша программалық модулдардың қою талап ететiн басқа түрлерi - Macromediaдiң игерiлген фирмасының Flash немесе Shockwaveнiң технологиялары бойынша салынған компьютер анимациялары клиент.
  • Құжат тек қана мәтiндiк мәлiметтi болады ол Web ең оңай жағдайда белгiлi бiр HTML-ден тұра алады - файл

Web-парақтарды көрсетуді басқару Шолушы мүмкіндіктерін қарапайым түрде басқару Түр менюі арқылы орындалады. Бұл меню командаларының алғашқы тобы Internet Explorer терезесінің сыртқы түрін өзгерте алады, олар аспаптар тақтасының, қалып қатарының және қосымша тақталардың бейнелеуін басқарып отырады.

Қаріптер командасы Web-парақтарының қаріп түрлерін, олардың мөлшерін және қолданылатын символдардың кодталуын өзгерте алады. Соңғы мүмкіндік әр түрлі тілдерде жазылған құжаттардың дұрыс бейнеленуін қамтамасыз етеді.

Тоқтату және Жаңарту командалары экранда ашық тұрған Web-парағына қатысты орындалады, бұл екеуінің алғашқысы - парақтың жүктелуін доғарса, соңғысы - оны қайталап, жүктеу ісін орындайды, өйткені бұл құжатты оқығаннан кейін оның өзгертілуі мүмкін, сондықтан оның өзгертілген нұсқасын қайталап, жүктеу ісін орындаған абзал.

Кез-келген Web-парағының ішкі мазмұны HTML атты арнаулы тілде жазылған. Шолушылар Web-парақты экранда осы тілдің кодтары арқылы жазылған бастапқы мәтінге сәйкес бейнелейді. Internet Explorer шолушысы - тек Web-парағын бейнелеуді ғана емес, оның кодтарын қарауға да мүмкіндік береді.

Толық экранға шолушы батырмасын шертіп, толық экранды режимге көшіріп, оның парағын экранға толық бейнелейтін күйге жеткізуге болады.

Аспаптар тақтасы мен меню қатарындағы басқару элементтерінің көмегіне қарамастан, Шолушы бағдарламасының параметрлерін өзгерту мүмкіндігін көрсету шектеулі. Параметрлерді толық масштабты бастаудан өткізу үшін арнайы Түр - Шолушы қасиеттері командасын пайдалану қажет.

Web-парақты қалай жасауға болады

  1. Web-парақтардағы мәліметтердің орналасуы қарапайым, әрі логикалық түрде қарап шығуға, оқуға ыңғайлы болуы тиіс. Парақтардағы мәліметтердің оларды қабылдауға жеңіл болуының бір тәсілі - экран бетінде мәтін де, сурет те орналаспаған бірсыпыра бос орындардың қалдырылуы болып табылады. Парақта мәлімет көп болса, ол оқушыны жалықтырып жібереді.
  2. Экрандағы ақпараттарды тізім немесе кесте түрінде жасауға тырысу керек, сонда маңызды мәліметтерді оңай тауып алуға болады.
  3. Бір суреттен кейін бірден екінші сурет орналаспағаны дұрыс, олардың ара қашықтықтарын біркелкі етіп, араларында мәтіндік ақпараттар игерген дұрыс.
  4. Ақпарат бөліктерге бөлініп берілсе, оларды оқу, түсіну жеңіл болады. Абзацтардың да өте ұзын болмағаны дұрыс, олардың көлемдерін бірнеше шағын абзацтарға бөлген абзал.
  5. Егер Web-парақ көлемі үлкен болса, онда құжат бөліктеріне жылдам ауысуға мүмкіндік беретін сілтемелер жасау қажет. Кейде бір мәселеге арналған ақпараттарды тақырыптарға бөліп, оның мазмұнын негізгі бір параққа жазып, ал әр тақырыпты басқа беттерге сілтемелер арқылы орналастыру керек.
  6. Суреттер мен графикалық бейнелерді пайдалану көптеген тұтынушыларды қызықтыруы мүмкін, бірақ суреттерді желі арқылы қабылдау ұзақ уақыт алатыны есте болуы керек. Егер бір әдемі суретті көру үшін 5 минут уақыт кететін болса, оның әдемілігі ешкімді қызықтыра қоймас.

WWW (Дүниежүзілік тармақталған желісі) - бұл Интернеттің ең кең тараған күннен күнге өсіп келе жатқан қызмет түрі. World Wide Web - бұл Интернеттегі барлық құжаттар және мультимедиалық ресурстарды сипаттайтын термин. World Wide Web - бұл серверлерде сақталатын жүздеген миллион өзара байланысты электрондық құжаттардан тұратын ортақ ақпаратты кеңістік. Web кеңістігінде жекелеген құжаттарды Web-парақтар деп атайды. Тақырыптарына қарай біріккен Web-парақтарды Web-тораптар дейді.

Қарапайым мәтіндерге қарағанда Web-парақтар белгілі бір жүйеге бекітілгендіктен айырмашылықтары бар. Мысалы, қағазға басылған құжат белгілі бір ұзындығы, ені, өріс өлшемі бар баспа парағының параметріне байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Функцияны интерполяциялау материалдары негізінде электрондық курс құру
Электрондық курс құру
Электрондық курс және оны құру
Мәліметтер базасын жобалау бойынша электрондық оқулық
Электрондық оқу құралын lcds жүйесі бойынша ұйымдастыру
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беруде қолданылуы
Информатика пәні бойынша электрондық оқыту кешенін дайындау
Электрондық кестелер тақырыбының Электрондық кестені құру және толтыру
Интерактивті оқыту әдістерінің тиімділігі
Ақпараттық технология тиімділігі және мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz