Тіл біліміндегі сөйлем мәселелері


Мазмұны.
Кіріспе 3
І. Тіл біліміндегі сөйлем мәселелері
1. 1. Құрмалас сөйлемдер туралы жалпы түсінік . . . . 6
1. 2. Тіл біліміндегі шылаулы жалғаулықтар мәселесі . . ………. . 13
ІІ. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі себеп-салдарлы жалғаулықтардың негізгі қызметі
2. 1 Ағылшын тіліндегі себеп-салдарлы жалғаулықтар және олардың негізгі қызметі . . 14
2. 2. Қазақ тіліндегі себеп-салдарлы жалғаулықтар және олардың негізгі қызметі . . 25
Қорытынды . . 40
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . 43
Қосымшалар.
Кіріспе.
Зерттеу жұмысының тақырыбы.
Дипломдық жұмысымыздың негізгі тақырыбы - Ағылшын және қазақ тілдеріндегі себеп-салдарлы шылаулардың негізгі қызметі.
Тақырыптың өзектілігі .
Таңдалған тақырып өзекті деп санаймыз, өйткені бүгінгі таңда шет тілін үйренуді халықтардың өзара түсініспеушілігін жойып, дүрдараздығын бәсеңсітудің құралына айналдырудың қажеттігі туып отыр. Мемлекеттік тіл - қазақ тілі қыпшақ тобына жататын түркі тілдерінің бірі болғандықтан, өзінің тереңге жайылған тамыры мен әдеби нормалары бар. Соңғы жылдарда дүние жүзілік білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер орын алуда, оның көпшілігі шет тілін оқытумен байланысты. Шет тілін оқыту деңгейі қоғамдағы экономикалық процестермен қатар жүреді. Ұлттық мектепті бітірушілерге ағылшын тілінің ережелерін оқыту әдістемелік құралдарының жоқтығы көптеген қиыншылықтар туғызуда. Сонымен қатар жоғарғы оқу орындарында шет тілін ана тілімен салыстыра оқыту проблемасы жиі көтеріліп отыр.
Бір-бірінің тілін білмегендіктен болған кедергі - «Бабыл (Вавилон) у - шуына» жол бермеу үшін ұлттардың өзара тығыз қарым - қатынас жасап, рухани байлық алмасып, өнер-білімінен сусындаудың маңызы зор. Бүл міндетті атқара алатындардың бірден бірегейі - шетел тілін үйренушілер.
Шетел тілін үйренуші ол тілдің сөздік қорын игеріп, грамматикалық ережелерін меңгеріп, мәтіндерді аудара алу қабілетіне жетіп қана қоймай, сол тілді тудырған халықтың мәдениетін өз халқының мәдениетінен кем білмеуге тырысу керек. Мәдениет деген ұғымға халықтың өнер-білімі ғана емес, ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру стилі, ойлау ерекшелігі, ұлттық салт-дәстүрі, тұрмысы, өмірге деген көзқарасы да кіреді.
Құрмалас сөйлем мәселесі жай сөйлемнен бұрын қарастырылған мәселе болып табылады. Құрмалас сөйлемдер синтаксисін зерттеуді 30-50 жылдары С. Жиенбаев, С. А. Аманжолов, Н. Т. Сауранбаев және тағы басқа да лингвистер зерттеген. Ал кейіннен М. Б. Балақаев, Т. Қордабаев, М. Х. Есенов, Р. С. Амиров, Н. Х. Демесинова, С. С. Құнанбаева, К. К. Садирова және С. С. Айжановалар сияқты қазақ синтаксистерінің еңбектері пайда болды.
Осындай мәселелердің салдарынан дипломдық жұмыстың тақырыбын жөн деп таптық.
Зерттеу жұмысының мақсаты.
Зерттеу жұмысының мақсаты - Ағылшын және қазақ тілдеріндегі құрмалас сөйлем құрамындағы себеп-салдар жалғаулықты шылауларының сөйлемдегі негізгі қызметін анықтау.
Жұмыстың міндеттері.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындауымыз керек:
- құрмалас сөйлемдер табиғатына жалпы шолу жасау;
- салалас құрмалас сөйлемдердегі жалғаулықтарға тоқталу;
- ағылшын тіліндегі себеп-салдарлы шылаулардың негізгі қызметін анықтау.
- қазақ тіліндегі себеп-салдарлы шылаулардың негізгі қызметін анықтау.
Зерттеу объектісі.
Зерттеу объектісі - ағылшын және қазақ тілдеріндегі құрмалас сөйлемдер құрылысы.
Зерттеу нысаны.
Зерттеу нысаны - себеп-салдарлы жалғаулықтар және олардың сөйлемдегі негізгі қызметі.
Ғылыми болжам .
Ғылыми болжамымыз - бұл ағылшын және қазақ тілдеріндегі құрмалас сөйлемдердің құрылымындағы себеп-салдарлы жалғаулықты шылаулардың сөйлемдегі негізгі қызметін анықтау.
Зерттеу әдістері.
Зерттеу барысында біз төмендегі әдістерді қолдандық - сипаттау, талдау әдісі және салыстырмалы-типологиялық әдістер және құрылымдық сипаттау әдістері.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы .
Дипломдық жұмысты орындау кезінде біз көптеген белгілі лингвист, грамматистердің еңбектеріне сүйендік. Олар - А. Байтұрсынов, Ш. Бектұров, М. Серғалиев, Е. М. Гордон, М. Б. Балақаев, Т. Қордабаев, М. Х. Есенов, Р. С. Амиров, Н. Х. Демесинова, С. С. Құнанбаева және негізгі мысалдарды талдауда негізінен С. Ж. Тәжібаеваның «Каузальные полипредикативные конструкции казахского языка. (сопоставительный аспект) » атты монографиясы бойынша қарастырдық. [22; 6]
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы.
Әр тілдердегі күрделі сөйлемдердің жасалу тәртібін, аудару тәсілдерін, олардың құрамындағы жалғаулықтардың қызметін анықтай отырып, біздің практикалық метариалымызды теориялық грамматика пәні бойынша лекциялық және практикалық сабақтарда қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылысы.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық және практикалық бөлімдерден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Тіл біліміндегі сөйлем мәселелері.
1. 1. Құрмалас сөйлемдер туралы жалпы түсінік.
Қазіргі синтаксисте сөйлем табиғатын зерттеудің үш жағы бар - олар: құрылымдық ұйымдастыру, коммуникативті (байланысты) бағытталуы және семантикалық құрылымы.
Морфология сияқты синтаксис те грамматиканың құрамына кіреді. Былайша айтқанда, морфология мен синтаксис грамматиканы құрайды. Ал синтаксис өз ішінде екі салаға бөлінеді: сөз тіркестері синтаксисі және сөйлемдер синтаксисі.
Сөз тіркестері синтаксисі сөйлем ішіндегі сөздердің өзара тіркесіп, байланысу тәсілдері мен түрлерін қарастырады.
Сөйлемдер синтаксисі жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің құрылымы, олардың өзіндік ерекшеліктері туралы заңдылықтарды қамтиды.
Яғни синтаксис - грамматиканың сөз тіркесін, сөйлем жүйесін құрылысын зерттейтін саласы.
Тіл білімінде құрмалас немесе күрделі сөйлемдерді зерттеудің әр түрлі жолдары бар, яғни әр автордың өзінше ойлары бар. Енді осы авторлардың пікірлеріне тоқталатын болсақ: А. А. Шахматов, А. Федоров сияқты лингвистер құрмалас сөйлемді құрамына енген екі жай сөйлемнің синтаксистік байланысқа енуі нәтижесінде жасалатынын дәлелдеген. Ал В. А. Белошапкова құрмалас сөйлемді тұтас синтаксистік құрылым ретінде қарастырып, оның инитонацилық, коммуникативтік қасиетінің де бөлінбейтінін анықтаған.
Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А. Байтұрсынов өзінің «Тіл тағылымы» атты кітабында құрмалас сөйлемге келесі анықтаманы берген - ол- мағына жақындығынан басқа, қисын жақындығы бар сөйлемдер. Автор мұндай сөйлемдерді екі түрге бөледі: 1 - сыйысулы құрмалас және қиысулы құрмалас сөйлемдер. Сыйысулы құрмалас сөйлемдер зерттеле келе кәдімгі бірыңғай мүшелері бар жай сөйлемдер болып шықты. Ал екінші түр - қиысулы құрмалас сөйлемдер - бұлар біріне-бірі тең болып та, бірінен-бірі кем болып та қиысатын сөйлемдер. Егер олар бір-бірімен тең болмай, бір-бірінен кем болып қиысса, онда сабақтас деп аталынады. Сабақтас сөйлемнің басты белгісі - бірнеше сөйлемнің бірігіп, біріне-бірі сабақталып, байланысып айтылуы. Яғни ондай сөйлемдер сабақталып біріккенде, бірі басыңқы болып, екіншісі бағыныңқы болып бірігеді.
Енді жалпы құрмалас сөйлемдерді қарастырмай тұрып, біз алдымен сөйлемге тоқтала кетеміз. Тек сөз тіркесі ғана емес, сөйлем де синтаксис зерттейтін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Біршама аяқталған ойды білдіретін жеке сөзді немесе сөз тізбегін сөйлем деп атайды.
Қазіргі уақыттағы синтаксисте сөйлем табиғатын зерттеудің үш тәсілі бар: оның құрылымдық, коммуникативтік бағыты және мағыналық құрылымы.
Сөйлем - тіл бірлігі деген ғылыми түсінік XIX ғасырдың соңында қалыптасты. Құрмалас сөйлемнің синтаксистің екі жақтық бірлігі ретіндегі анықтамасы кейін пайда болды, мұндай түсінік құрылымдық және функциональды-семантикалық типология құруға әр түрлі тәсілдерге байланысты мүмкін болды.
Құрмалас сөйлем айтылу тұрғысындағы тіл бірлігі ретінде құрылымдық дербестігін сақтайтын, екі немесе одан да көп предикативті бірліктерден тұратын синтаксистік құрылым болып табылады.
Мағыналық тұрғыдан алып қарағанда, құрмалас сөйлем бір-бірімен байланысқан екі немесе бірнеше пропозициялар көмегімен өңделетін, екі немесе бірнеше экстралингвистикалық оқиғалар арасындағы объективті байланыстың белгісі.
Соңғы онжылдықтарда осы заманғы синтаксис теорияларында тіл білімі мамандары құрмалас сөйлемді барынша терең зерттеп келді. Лингвистикалық зерттеулердің ерте заманғы дәстүрлері бар, барынша көп зерттелген Үндіеуропа тілдерінде де бұл мәселеде көптеген түсініксіз жағдайлар бар.
Өткен ғасыр аяғында бұл салада көптеген істер атқарылды, бірақ құрмалас сөйлем табиғатына байланысты сұрақтар ауқымы көбейіп және тереңделңп жатыр. Қазір құрмалас сөйлемнің жаңа мәселелері, түсініктері мен тәсілдері талқыланып жатыр. Жалпы тіл білімі теориясында құрмалас сөйлемді зерттеудің әр түрлі тәсілдері бар. Мысалы, орыс лингвистикасында құрмалас сөйлем табиғатына деген екі көзқарас бар. Бірінші теорияның жақтаушылары құрмалас сөйлемдерді синтаксистік байланыстар негізіндегі жай сөйлемдердің байланысы деген анықтама береді. Бұл көзқарасты А. А. Шахматов, А. М. Пешковский, А. К. Федоров және басқа да лингвист-ғалымдар ұстанған.
Екінші көзқарасты алдымен В. А. Богородицкий алға қойған, ейін оны Н. С. Поспелов, С. Г. Ильенко, В. А. Белошапкова, И. П. Распопов және тағы да басқа тіл білімі мамандары қолдаған. Бұл ғалымдар құрмалас сөйлемді бір коммуникативті бірлік ретінде көрсетілетін және сөз тәртібі мен интона
циясы бірдей тұтас синтаксистік құрылым деп түсінеді. [8; 96]
Қазіргі уақыттағы синтаксис теориясында В. А. Белошапков құрмалас сөйлемге анықтама берген. Ол құрмалас сөйлемді бір құрылымдық схеиа бойынша (яғни құрмалас сөйлем формуласы) құрылған предикативтік бірліктердің немесе олардың контекстік баламаларының және бір коммуникативті бірлік ретінде қызмет етуге арналған байланыс деп атайды. Коммуникативті тұтастық құрмалас сөйлемнің ажыратылмайтын көрсеткіші болып табылады.
Тіпті түркі тілдерінде де орыс тілі сияқты құрмалас сөйлемнің табиғатын зерттеуде көптеген тәсілдер қолданған. Түркі тілдерін зерттеуші мамандардың көпшілігі құрмалас сөйлем бірнеше дербес сөйлемдердің байланысы ғана емес, өзінің компоненттерінің мағыналық және грамматикалық бірлігін көрсететін күрделі механизм. Олар құрмалас тұтастықтың прадикативті бөліктерінің өзара байланысқан кезде ғана коммуникативті қызмет көрсетеді.
Демек, құрмалас сөйлем дегеніміз аталған оқиғалар арасындағы байланысты көрстеуге арналған предикативті бірліктер байланысы. Байланыстарды білдіру тәсілдері әр тілдерде әр түрлі болып келеді. Мысалы, орыс тілі сияқты флективті тілдерде предикативті бөліктер аналитикалық көрсеткіштермен байланысады: яғни жалғаулықтармен немесе оның баламаларымен. Жалғаулық байланысқа жалғаулықсыз байланыс қарсы тұрады. Мұндай жағдайда оқиғалар арасындағы байланыстар предикативтік бірліктердің лесикалық толықтырылуына байланысты, ал бұл байланыстардың тәсілі болып интонация үлкен қызмет атқарады.
Ал түркі тілдерінде болса, предикативті бөліктер арасындағы байланыс септік жалғаулары жалғанатын етістіктің инфинитивті формалары арқылы белгіленеді. [1; 58]
Тіл білімінде құрмалас немесе күрделі сөйлемдерді зерттеудің әр түрлі жолдары бар. Енді осы авторлардың пікірлеріне тоқталатын болсақ:
А. А. Шахматов, А. Федоров сияқты лингвистер құрмалас сөйлемді құрамына енген екі жай сөйлемнің синтаксистік байланысқа енуі нәтижесінде жасалатынын дәлелдеген. Ал В. А. Белошапкова құрмалас сөйлемді тұтас синтаксистік құрылым ретінде қарастырып, оның инитонацилық, коммуникативтік қасиетінің де бөлінбейтінін анықтаған. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А. Байтұрсынов өзінің «Тіл тағылымы» атты кітабында құрмалас сөйлемге келесі анықтаманы берген - ол- мағына жақындығынан басқа, қисын жақындығы бар сөйлемдер. Автор мұндай сөйлемдерді екі түрге бөледі: [5; 68]
1 - сыйысулы құрмалас және қиысулы құрмалас сөйлемдер. Сыйысулы құрмалас сөйлемдер зерттеле келе кәдімгі бірыңғай мүшелері бар жай сөйлемдер болып шықты.
Ал екінші түр - қиысулы құрмалас сөйлемдер - бұлар біріне-бірі тең болып та, бірінен-бірі кем болып та қиысатын сөйлемдер. Егер олар бір-бірімен тең болмай, бір-бірінен кем болып қиысса, онда сабақтас деп аталынады. Сабақтас сөйлемнің басты белгісі - бірнеше сөйлемнің бірігіп, біріне-бірі сабақталып, байланысып айтылуы. Яғни ондай сөйлемдер сабақталып біріккенде, бірі басыңқы болып, екіншісі бағыныңқы болып бірігеді.
Енді жалпы құрмалас сөйлемдерді қарстырмай тұрып, біз алдымен сөйлемге тоқтала кетеміз. Тек сөз тіркесі ғана емес, сөйлем де синтаксис зерттейтін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Біршама аяқталған ойды білдіретін жеке сөзді немесе сөз тізбегін сөйлем деп атайды. [2; 52] Мысалы:
Ленинград. Нева. Мәдени-демалыс паркі. Қалың көк парктің іші гүлдерге толы.
It is summer. The central park is full of people.
Келтірілген сөйлемдер әр түрлі дәрежеде болғанымен, біршама аяқталған ойды білдіріп тұр. Оған қоса, сөйлемге тән басты-басты белгілер де бұл мысалдардан табылады.
Сонымен кез-келген сөйлемде мынандай үш түрлі қасиет болуға тиіс.
1) предикаттылық;
2) модальділік;
3) интонация.
Енді осылардың әрқайсысын жеке-жеке қарастырып көрейік.
Предикаттық дегеніміз - сөйлем ішінде бірдеңе жайлы қостаудың немесе теріске шығарудың көрінісі. Тұрлаулы мүшелер әлдебір құбылыстың, оқиғаның не әрекеттің, белгінің, қасиеттің болған немесе болмағанын, бар немесе жоқ екенін білдірсе, бұл - предикаттылық болады. Мысалы: Жағалауға соғып, сарқырап ыңыранған алып теңіз ұйықтап кетті. (М. Г. ) деген сөйлем жансызға жанжының қасиетін беріп көркем баяндау арқылы белгілі бір әрекеттің орындалғанынан хабардар етеді. Мысалы:
Олардың не айтқанын мен ұққаным жоқ. (Ә. Нұрш. )
- деген сөйлемде болуға тиісті жайды теріске шығару бар, солай болса да, предикаттық қасиет болғандықтан, сөйлем екені дау туғызбайды. [3; 26]
Модальділік деп сөйлем мазмұнының шындыққа қатынасын айтады. Осындай қатынас шындық, мүмкіндік, қажеттілік түрінде көрініс береді. Мысалы:
- Вокзалдан жамырай шыққан көп жұрт топ-топқа бөлінсе де, бір-бірін нысанаға алып, қарайлап келе жатыр еді, енді ұзаған сайын бір-бірінен қаралатын үзіп, ыдырай берді. (шындық) .
- Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. (қажеттілік) (Абай) . Қалтасынан қиылар, Қырғыздың манап шоңдығы. Қазақтың да тыйтылар, Байшыл-сасық зорлығы (мүмкіндік ) (І. Ж. )
Сөйлемдегі ауызша айту кезіндегі дауыс ырғағы интонация деп аталады. Әдетте ағылшын тіліне қарағанда қазақ тіліндегі сөйлемдер біршама бәсең дауыспен аяқталады. Сөйлем ішіндегі сөздердің аралығында болатын екпін мен сөйлем соңында кездесетін интонацияның елеулі айырмашылығы бар. Мысалы:
Мектептің қасында мұнайшылар клубы бар (З. Қабд. ) - деген сөйлемнен әлгі айтылғанды байқауға болады. Басқа бір жағдайларда Мектептің қасы. Мұнайшылар клубы - деген сөйлемдер де әбден болуы мүмкін. Ондайда бұлардың әрқайсысында сөйлемге тән интонацмя болып отырады. Ал мына жағдайда мектептің қасында мен мұнайшылар клубы түріндегі сөз тіркестерінің арсында сөйлемге тән интонация емес, сөйлем құрамындағы сөз аралығында болатын логикалық екпін бар. Солай болғандықтан, олар бірыңғай бәсең екпінмен айтылып, бір сөйлемді құрғанымен, өздігінше жеке сөйлем бола ала тұр.
Сөйлем құрылысына қарай екі түрге бөлінеді:
1) жай сөйлем және
2) құрмалас сөйлем.
Бір предикаттық орталығы бар сөйлемді жай сөйлем деп атайды. Мысалы. Кеше кешке кітаптан біреудің алғашқа махаббаты жайлы әңгіме оқыдым. - Yesterday I read a story about one’s first love.
Екі немесе одан да көп предикаттық орталығы бар сөйлемді құрмалас сөйлем деп атайды. Мысалы: Жуан сары майорды жандаралдай көріп Тәкештің көңілі жуандап қайтқан еді, еліне жетер-жетпестен Мәдидің сәлемі келіп жетті де, үмітін үзіп кетті. (Ә. Ә. )
Сонымен, мағыналық жағынан, интонациясына байланысты, грамматикалық тұлғаларына қарай екі не одан да көп бөліктен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем деп атайды. [2; 63]
Құрмалас сөйлемнің әр бөлігі бастауыш пен баяндауыштан кейін, кейде олардың біреуінен ғана (негізінде, баяндауыш) тұратын предикаттық оралыққа ие болады. Әдетте бір жай сөйлемде бір предикаттық орт алық болады. Бұған қарап, құрмалас сөйлемнің бөліктерін жай сөйлем деп есептеуге болмайды. Сөйлем болған соң, онда біршама аяқталған ой қамтылады, ал құрмалас сөйлемнің сыңарларында ондай қасиет жоқ. Құрмалас сөйлемнің бір сыңарларында ой біршама тиянақталғанымен, басқа сыңарларында олай бола бермейді. Міне, сондықтан да құрмалас сөйлемнің барлық сыңарларын жекелеген жай сөйлемдер екен деу дұрыс болмай шығады. Мысалы:
1. Қыстың басы тақау болғанмен, әлі қар түсе қойған жоқ.
2. Біреулер мені шетелден келгеніммен құттықтауға келсе, екінші біреулер Дағыстанға бара жатқан сапарыма жол болсын айта келіпті де, үшінші біреулері жай әншейін келе салыпт. (Р. Ғ. ) [3; 45]
Бірінші мысалда құрмалас сөйлемнің алғашқы алғашқы бөлігінде айтылған ойға екінші бөлігінде айтылған ой қарсы болып тұр. Әлі қар түсе қойған жоқ деген жай сөйлем болатыны рас, бірақ қыстың басы тақау болғанымен деген жай сөйлем блмайтыны белгілі, сондықтан да оны сөйлем деп айтуға келмейді.
Екінші мысалдың мазмұнында сәл айырмашылық байқалса да, құрылымы жағынан, осындай жайға көзді жеткізеді. Құрмалас сөйлемнің үш бөлігінде айтылған ой бір-бірімен тығыз байланысты: біоінсіз екіншісін жеке сөйлем түрінде жұмсауға болмайды. Солай болғандықтан олар - құрмалас сөйлемнің бөліктері, алайда жай сөйлемдер емес.
1. 2. Тіл біліміндегі шылаулы жалғаулықтар мәселесі. .
Жалғаулықтар өзара тең бірыңғай сөздердің, бірыңғай сөз тіркестерінің және бірыңай сөйлемдердің аралығында келіп, олардың аралығында әр қилы қатынастарды білдіреді. Яғни айтайын деген ой негізінен біреу-ақ боады, дегенмен ой бірінші сөйлемге қарағанда екінші сөйлемде анағұрлым айқынырақ, дәлірек, басымырақ.
Жалғаулықтардың тағы бір қасиеті олар жеке өзі тұлғаланып өзгермейді. Шығу тегі мен қалыптсауы жағынан қарасақ, жалғаулықтар да біркезде дербес атауыш сөздер болған, кейін мағыналары солғындап, соның нәтижесінде қызметтері де өзгерген. Сөйтіп кейбір шылаулар бірігу арқылы жалғаулықтарға айналған. Мысалы ; дегенмен (де-ген-мен), себебі (себеп-і), сондықтан (сон-дық-тан) т. б. [3; 52]
Құрмалас сөйлемнің синтаксистің екі жақтық бірлігі ретіндегі анықтамасы кейін пайда болды, мұндай түсінік құрылымдық және функциональды-семантикалық типология құруға әр түрлі тәсілдерге байланысты мүмкін болды. Құрмалас сөйлем айтылу тұрғысындағы тіл бірлігі ретінде құрылымдық дербестігін сақтайтын, екі немесе одан да көп предикативті бірліктерден тұратын синтаксистік құрылым болып табылады.
Мағыналық тұрғыдан алып қарағанда, құрмалас сөйлем бір-бірімен байланысқан екі немесе бірнеше пропозициялар көмегімен өңделетін, екі немесе бірнеше экстралингвистикалық оқиғалар арасындағы объективті байланыстың белгісі. Соңғы онжылдықтарда осы заманғы синтаксис теорияларында тіл білімі мамандары құрмалас сөйлемді барынша терең зерттеп келді.
ІІ. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі себеп-салдарлы жалғаулықтардың негізгі қызметі.
2. 1 Ағылшын тіліндегі себеп-салдарлы жалғаулықтар және олардың негізгі қызметі.
Ағылшын тілінің жалғаулықтар тарихы өте әріден басталады, яғни жалғаулықтар туралы көптеген ой-пікірлер қалыптасқан. Солардың ішінен алдымен ең бастыларына назар аударып көрелік. Лингвист С. П. Ахметова өзінің «К вопросу о путях становления отыменных составных сщюзов в английском языке» атты еңбегінде былай деп жазады: (Пікір орыс тілінен қазақ тіліне аударылған) - «Қазіргі ағылшын тілі шылаулы жалғаулықтары сөз табының басқа да түрлері сияқты көп ғасырлар бойғы грамматикалық қатарлар дамуының нәтижесі».
Жалғаулықтар - көмекші сөздер болып табылады, олар сөйлем мен сөйлем мүшелерін байланыстырады. Жалғаулықтардың лексиалық мағынасы тар немесе осал десек те болады, өйткені олар сөйлемде сөйлем мүшесі бола алмайды және сөз табының өзгермейтін бөлігі болып табылады.
Келесі лингвист Е. Т. Черкасова жалғаулықтарды лексикалық та, грамматикалық та мағынасы бар, бұл жерде лексикалық мағына кең түрде қолданылады, яғни лексикалық мағына заттық қатыстығы жоқ сөздерде де бар.
Академик А. А. Шахматовтың пікірінше, жалғаулықтар дегеніміз - синтаксистік бірлік, олардың тек грамматикалық мағынасы ғана бар. Мұндай қарастыру лексикалық мағынаны тар көлемде анықтауға негізделген, ол кезде тілдік бірліктер арасындағы байланыстар лексикалық мағына деген ұғымға жатпайды, ал лексикалық мағына ол лингвистердің ойынша шынайы өмірдегі құбылыстар мен заттарды, нәрселерді әрекеттерді және белгілерді анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz