Отбасы қатыгездіктегі жедел көмек
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Аймақтағы тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің
теориялық аспектілері
1.1 Әлеуметтік қызмет көрсету қағидалары және олардың жіктелуі
1.2 Аймақтағы тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің құрылымы
1.3 Аймақтағы тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін
басқарудағы шетел тәжірибесі
2 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызмет көрсету
жүйесінің іске асырылуын талдау
2.1 Аймақтағы тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің
іске асырылуының қазіргі жағдайы
2.2 Аймақтағы тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсету
жүйесінің ұйымдастырылуы мен атқарылуын талдау
2.3 Павлодар облысы бойынша жол картасының әлеуметтік
қызмет көрсетуінің іске асырылуын талдау
3 Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсету
жүйесінің қазіргі заманға даму үрдісінің мәселелері
және шешу жолдары
3.1 Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін басқарудағы
жаңа бағыт-бағдарын жүзеге асыру жолындағы негізгі
мәселелері және оларды шешу жолдары
3.2 Аймақтағы тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсету
жүйесінің тиімділігін жоғарлату мен жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Елімізде экономикалық реформаларды іске асыру кезінде экономика мен
әлеуметтік саясаттың өзара байланысты күшейту қажеттігін туындап отыр.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған әлеуметтік жүйеге
бағытталып, әлеуметтік дамыту бірінші кезекте адам факторын есепке алу,
адамның хал-ахуалын, денсеулық жақсарту жанұяға қамқорлық көрсету.
Осының бәрі мемлекеттің конституциясында бекітілген. Қазақстан
Республикасы өзін демократиялы, құқықтық, мемлекет деп жариялайды. Оның
жоғарғы құндылыққа жататын адам, оның өмірі, құқығы және еркіндіктері.
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету экономикалық категорияның дәрежесіне
көтерді. Бұл Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет ретінде
дамуының, нығайтудың негізгі мақсаттары мен міндеттерді бейнелейді.Қазіргі
кезде елімізде жеке адам әлеуметтік қорғаудың жүйесін құруға толық
мүмкіндік бар. Сонымен қатар адамның құқықтың сақталуы халықтың аз табыс
табылатын бөлігі-нақты қолдау көрсету денсаулық қорғау, білім беру,
қылмыспен және әлеуметтік шиеленістің алдын алу мәселелері іске асырылып
отыр.
Нарыққа өту әлеуметтік құқықтық және әлеуметтік кепілдіктің айырықша
жаңа жүйесін қалыптастыруды талап етеді. Ол әрбір адамға өмір сүру деңгейді
төмендеу мүмкіндіктерін әлеуметтік қорғаудың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз
ету тиіс.
Сондықтан әлеуметтік саясат дегеніміз- бұл мемлекет және халықтың әр
түрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға байланысты болып келетін
қызмет бөлісі.
Әлеуметтік қамтамасыз ету әр түрлі ұйымдастыру- құқықтық түрлерде
жүзеге асырылады. Бұлардың негізгі мемлекет әлеуметтік қамсыздандыру болып
табылады. Сондай-ақ Республикалық бюджет есебінен тікелей қаржыланып
отырады.
Әлеуметтік көмек көрсету ең тиімді механизмі және нарықтық
экономиканың көптеген әлеуметтік өзекті мәселелері шешуге мүмкіншілік
жасайды. Сонымен қатар ол әлеуметтік еңбектік қатынастарын көптеген негізгі
субъект ең жетілдірілген түрі болып есептелінеді.
Қазіргі таңда кай мемлекетті алмасақта әлеуметтік мәселесі алғашқы
орында тұр. Өйткені 90 - шы жылдары басталған аумалы - төкпелі заманның
салдарынан халықтың тұрмыс- тіршілігіне айтарлықтай өзгерістер енігізілді.
Көп жылдар бойы елімізде экономикалық күйзеліс салдарынан және тағы да
басқа жағдайлар салдарынан әлеуметтік қиыншылыққа тап болған адамдар саны
күннен - күнге көбеюде. Әсіресе, карттар мен мүгедектер, балалар мен отбасы
және тұрғындардың басқа санаттарындағы адамдар әлеуметтік қызмет көрсету
сферасынан көмек алуға мәжбүрлі.
Қазақстан Республикасында 90-шы жылдары құрылған әлеуметтік қызмет
көрсету жүйесі осындай жағдайлардың алдын алу мен реабилитациялық шараларды
жүргізуді мақсат етеді.
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің әрекеті, өмірдің киын жағдайларына
душар болған адамдарға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету аркылы
сипатталады.
Кез - келген қоғамда өмірде әртүрлі қиыншылыққа тап болған адамдар
қатары жеткілікті. Осындай жағдайларға душар болған адамдардың ел қатарлы
өмір сүруі үшін, қоғамда өз орнын табу үшін және осы қоғамда өзінің
құқықтарын корғай білу үшін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі әрекет етеді.
Әлеуметтік жұмыстың негізгі мақсаты әлеуметтік қызмет көрсету
-тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың жаңа бағыты екенін анықтау. Сол арқылы
әлеуметтік қызмет көрсету сферасының маңыздылығын және оның мәнін жете
түсіну.
Қазіргі жағдайда қандай мемлекетті алып карасақта, әлеуметтік қызмет
көрсету жүйесінсіз саясат жүргізбейді. Өйткені бүгінгі таңда әркімге
әлеуметтік көмек көрсету қажет.
Бүгінгі таңда әркім әртүрлі жағдайларға байланысты қиыншылыққа тап
болады. Көбі еліміздегі жүргізіліп отырған жаңа реформаның салдарынан қиын
жағдайларға душар болып отыр.
Солардың арасында тұрғындардың кейбір санаттарына әлеуметтік қызмет
көрсетуге зәру адамдар, отбасылар мен адамдар тобы көп.
Қазіргі заманда басына түскен ауыртпалыкпен күресуге әрбіреуінің күш -
жігері жете бермейді. Көпшілігі өзіне - өзі деген сенімділігін, жақсы
өмірге деген үмітін жоғалтып алды.
Осындай жағдайларда бұл адамдарға біреулердің көмектесуі қажет. Мұндай
жағдайда кімнен көмек сұрауға болатынын білудің маңызы зор.
Яғни, әлеуметтік жұмыстың клиенттерін аныктап, оларға қажетті көмек
деңгейін анықтап алу, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің жұмысын тиімді
етеді деген пікір пайда болады.
Кез — келген шараның жүзеге асуы үшін, ең алдымен оның бағыты мен
мақсатын анықтап алу қажет.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты: қарт адамдармен әлеуметтік
жұмыстың мағынасын ашу.
Дипломдық жұмыстың тапсырмасы:
1. Қарт адамдардың проблемаларын анықтау.
2. Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мағынасын ашу.
3. Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың сапасын жақсартуға
ұсынылатын ұсыныстар
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: қарт адамдар
Дипломдық жұмыстың зерттеу болжамы: егерде қарттар мәселелерін
анықтап, олардың қолайлы жолдарын қолдансақ, онда қарт адамдарды оңалту
жеңіл өтеді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу көзі: әлеуметтік жұмыс, психология,
геронтология салалары бойынша әдебиеттер, ғылыми еңбектер мен зерттеулер
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс
Дипломдық жұмыстың зерттеу құрамы: кіріспе, екі бөлімнен,
ұсыныстардан, корытынды және пайдаланған әдебиеттер
1. Әлеуметтік қызмет көрсету қағидалары және олардың жіктелуі
Әлеуметтік кызмет көрсету - бұл әлеуметтік қолдану, әлеуметтік-
тұрмыстык, әлеуметтік- медициналық, психоло- педагогикалық, әлеуметтік-
құқықтык кез-келген материалдык көмек көрсету болып табылады.
Аталған көмек пен жәрдемақылар өмірдің киын кезеңдеріндегі адамдар мен
отбасыларына көрсетіледі.
Әлеуметтік кызмет көрсетудің негізгі мазмұны:
- материалдық көмек;
- стационарлык жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету;
- әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде бір тәулік ұйымдастыру;
- консультациялык көмек;
- азаматтардың, отбасылардыи әлеуметтік патронажы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары жеке әлеуметтік топтарға кызмет
көрсетуді толықтырып, оның мазмұныны кеңітті.. Заңнамалық негізде
әлеуметтік қызмет көрсету өрісіндегі қарт адамдардың, мүгедектердіц
катынастардың реттеуге бағытталған. Бұл халыкты әлеуметтік қорғаудыц бір
түрі болып саналады.
Әлеуметтiк жумыста ерекше орынды жалғыз басты, еңбекке
кабiлетi жок азаматтарға үйге барып әлеуметтiк көмек көрсету
қоғамын жаткызуға болады. Үйге барып әлеуметтiк көмек беру
жұмыстарымен айналысатын әлеуметтiк қызметкерлер, ең бастысы қарт
адамдармен ортақ тiл табыса алу керек. Ол жалғыз басты
адамдарға күнде барып, солардың iшiнде жүрүге қабiлетсiз адамдарды
жалғыздықтан босатуға тырысады және осындай жұмыстарымен айналысу
керек.
Әлеуметтiк кызметкер өздерiнiң клиенттерiне барлық кызмет
түрлерiн көрсетедi. Әлеуметтiк орталық келiсiмiнше мұндай қызметтерге
мыналарды жатқызуға болады:
– үйге дүкен немесе базарлардан әр түрлi азық – түлiк түрлерiн
жеткiзiп беру;
– асханалардан ыстық тамақтарды жеткiзу;
– дәрi – дәрмекпен қамтамасыз ету;
– гуманитарлык көмек көрсету;
– коммуналдық төлемдердi төлеу;
– жөндеуден өткiзетiн құралдарды жөндеу орындарына апару.
Әлеуметтiк кызметкер сонымен қоса өзiнiң клиентiне керек
кезiнде нотариуспен жолығып, дәрiгер шақырады, керектi
документациялық қағаздарды жинайды, пәтер немесе үй мүлiктерiн
жөндеушi шакырады.
Әлеуметтік кызмет көрсету біркатар принциптерге негізделеді.
1) атаулы;
1.2) қол жеткізу деңгейіндегі;
1.3) еріктілік, кайырымдылық;
2) Өмірдің киын жағдайларындағы қарт адамдарға, мүгедектерге
басымдылык жағдайда бірінші кезекте көмек көрсету;
3) конфеденциалдык принципі;
4) алдын-ала көмек көрсету;
5) адамнын және азаматтың құқықтарын сақтау;
6) әлеуметтік кызмет көрсетудің барлық түрлерін беру, олардың
жалғасып жатуы.
Шын мәнінде әлеуметтік қызмет көрсетудің мәні осы өрісте жұмыс
істейтін мекемелердің әлеуметтік жұмыстарының әртүрлі субъектілерін талдау
арқылы айқындалады.
Әлеуметтік кызмет көрсетудің тиімділігі нақтылық органдар бар кезде
ғана іске асырылады: мемлекеттік, муниципалдык жеке қызмет көрсету түрлері.
Қызмет көрсетудің келесідей түрлері бар:
1) Материалдык көмек көрсету, ақшалай каражат, тағам өнімдері,
медицииалык көмектер, тазалық, денсаулык сақтау кұралдары, аяк киім,
бірінші қажеттіліктегі заттар, арнайы көлік техникалык құралдары,
мүгедектерге көмек көрсету;
2) Бөтен беруден стандартты емес, мұқтаж болып отырған азаматтар мен
отбасылық әлеуметтік патронаж. Әлеуметтік тұрмыс қажеттіліктерін өтейтін
көмек, медициналық көмекпен қамтамасыз ету, жартылай және толық өзін-өзі
қамтамасыз етуге қабілеті жоғары адамдарға көмек көрсету: медициналық,
психилогиялық, әлеуметтік еңбек қызметін ұйымдастыру;
3) Тұрақты тұрғын үй, пәтері жоқ адамдарға, яғни қорғаныссыз қалған
балалар мен жасөспірімдерге уақытша бөлме беру;
4) Өз бетімен жүріп тұратын кабілеттілік сақтаған қарт адамдарга,
мүгедектерге өмірдің қиын жағдайындағы адамдарга бір тәулік бойы баспана
беру;
5) Азаматтарлың отбасыларга әлеуметтік-экономикалык салада
консультациялық көмек көрсету жэне өмірлік қызметін медициналык- әлеуметтік
көмек көрсету, психологиялык, педагогикалық, құқықтарын қорғау қызметтерін
ұйымдастыру;
6) Реабилитациялык қызметтер: адамдарды кәсіби-әлеуметтік
психологиялык реабилитациялауда көмек көрсету. Жасөспірімдермеи
реабилитациялык жұмыс жүргізу.
Әлеуметтік қызметтер- әлеуметтік қызмет көрсетудің түрлеріне сәйкес
әлеуметтік органның қызметіне көмек беру іс- әрекеті.
Қызметтер акылы және тегін болып келеді. Тегін кызмет түрлері
келесідей жағдайда беріледі:
1) Жасынан ауыруына, мүгедектігіне байланысты өзін-өзі күтуге
кабілетсіз адамдарға;
2) Кәмілетке толмаған жетімдер мен қорғансыз балалар;
3) Жиынтық табысы әрбір отбасы мүшесіне есептегендегі 4- айлык
көрсетікіш тек төмен отбасыларға.
Қазакстан Республикасының мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі
басқаратын органдары қызметтерді тегін берудің бөтен де бір қосымша
негіздерін белгілей алады. Акылы әлеуметтік қызметтен мемлекеттік және
тегін берудің бөтен де бір қосымша алады.
Ақылы әлеуметтік кызметтер мемлекеттік жэне муниципалдык әлеуметтік
органдарда қолданып жүрген заңнамалардыц тәртібі бойынша көрсетіледі. Жеке
немесе басқа органдарда дербес түрде және келісім шарт негізінде
көрсетіледі.
Әр түрлі отбасы клиент категориясына қарай: мүгедектер, зейнеткерлер,
әскери қызметкерлер, босқындар т.б. әлеуметтік тұрмыстын, әртүрлі
технологиялары колданылады.Олардың мақсаты-отбасын әлеуметтік кызметін
реттеу, сақтау. Әлеуметтік қызмет көрсетудің келесі түрлерін белгілеуге
болады.
1) Отбасының қатаюына бағытталған:
а) жедел көмек көрсету, шұғыл әлеуметтік көмек;
б) Отбасының тұрактылығын қолдауға отбасын және оның мүшелерінін
әлеуметтік дамуына бағытталған.
Отбасы қатыгездіктегі жедел көмек. Мұндай карым-қатынаста жасырын
болады. Біздің елімізде осы проблема ғылыми тұрғыдан казіргі кезде ғана
қарастырылып отыр.
Патронаж- бұл маманның жеке кызметі, оның көмегімен отбасы әлеуметтік
кызметтен накты көмек және қолдау алады. Қазіргі уакытта отбасы әлеуметтік
патронажының 2 бағытын ажыратуга болады.
1) Ерекше тәуекелді отбасылар және балаға қатысын әлеуметтік кызметті
жүзеге асыратын іс-әрекеттер сипатында негізделеді. Сонымен қоса ол өзіне
патронаждың бірнеше түрлерін камтиды:
- әлеуметтік;
- әлеуметтік- медициналык;
- әлеуметтік педагогикалық;
- әлеуметтік- психологиялык;
- әлеуметтік- экопомикалық (жәрдемақы);
2. Патронаж обьектінің сипатына негізделеді. Олар:
- жасы бойынша (балалар, жасөспірім);
- жынысы бойынша (қыз бала, үл бала);
- медициналык көрсетумен бойынша (мүгедектер, жүкті әйелдер);
- Әлеуметтік статусы бойынша (қараусыз бала, зорлық-зомбылық құрбаны);
- Отбасы проблемасы бойынша (бей берекетсіз отбасы, ішімдікке
салынған ата-аналар, балалар) бөлінеді.
Балалардың медициналық - әлеуметтік мекемелерінде әлеуметтік
қызметтер көрсету жүйесін одан әрі дамыту тақырыбына арналған дөңгелек
үстел өтті.
Кемтар, басқа адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж балаларға әлеуметтік
қызметтер көрсету жүйесін республикадағы интернат-үйлері мен үйде
әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің жүйесі көрсетеді. Қазіргі уақытта
дамуында терең ментальды ерекшеліктері бар балалардың - 18 интернат - үйі
қызмет етеді. 10 мыңнан астам кемтар балаларға үйде қызметтер көрсетуді
90 бөлімше жүзеге асыруда.
Үстіміздегі жылы сәуір айында Қазақстан Республикасында мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына орай
түрлі меншік құқығындағы медициналық-әлеуметтік ұйымдарды ашу мүмкіндігі
пайда болды.
Әлеуметтік қызметтер көрсету мекемелерінің қызмет істеуі Әкімдер
шешімімен бекітілетін жекелеген Ережелер негізінде жүзеге асырылады,
практикада бұл, бұрын қолданылып жүрген Қазақстан Республикасында
мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заңды іске асыру үшін қабылданған,
ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің көлемі мен сапасын айтарлықтай
салааралық және функционалдық саралауға әкеліп соғады.
Қазіргі уақытта медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметін реттеуде
нормативтік-құқықтық негізді жаңарту қажеттілігі туындады.
Министрлік көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасына біріңғай
талаптарды көздейтін Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек
көрсету бөлімшелерінде, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету
орталықтарында, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және
мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызметтер
көрсету Мемлекеттік стандарттың жобасын әзірледі.
Әлеуметтік қызметтер көрсетудің үлгі ережесінің жобасы әзірленді, ол
мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде сияқты, мемлекеттік емес
медициналық-әлеуметтік мекемелерде де әлеуметтік қызметтерді көрсету
тәртібін көздейді.
Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер жүйесін қайта құру
қажеттігі туындады, үйде әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшелерінің
жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру талап етіледі. Осыған байланысты Дөңгелек
үстелде, Кеңес мүгедектер қоғамдық бірлестігінің базасында сынамадан
өткен Кемтар балаларды кешенді оңалтудың бағдарламасы қаралды. Кеңес
кешенді оңалту бағдарламасы дамуында ерекшеліктері бар балаларды оқытудағы
жаңа тәсілдерге құрылған. Бағдарламаның негізіне өмірге қажетті, әлеуметтік
жағынан мағыналы машықтарды үйрету жөніндегі қызмет салынған. Бағдарлама,
дамуында ауыр паталогиялар бар балаларға әлеуметтік машықтар мен танылатын
процестердің деңгейін жетілдіре отырып, балаға сатыдан сатыға көшу
мүмкіндігін береді.
Кемтар балаларды кешенді оңалту мұқтаж балаларға техникалық көмекші
(компенсаторлық) құралдар беруді қамтамасыз етуді көздейді. Министрлік
қызметтер көрсету рыногынде белгілі Otto Bock (Германия), ЭШЕД-
прогрессивті ортопедия (Израиль) фирмаларының қатысуымен протездік-
ортопедиялық бұйымдар әзірлеу жөнінде келіссөздер жүргізуде:
1) Осы Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің қарттар мен мүгедектерді
қабылдаудың шарттарын және оларға бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін
әлеуметтік қызметтерді көрсетудің тәртібін айқындайды;
2) Үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді (үйде қызмет көрсетуді) жергілікті
атқарушы органдар, мемлекеттік емес ұйымдар жүзеге асырады;
3) Үйде қызмет көрсету жалғізілікті, сондай-ақ жалғыз тұратын
қарттарға және бөгде адамның күтімі мен әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж
бірінші, екінші топтағы мүгедектерге (бұдан әрі – қызмет көрсетілетін
адамдар) көрсетіледі.
Мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап
ететін ауру процесінің белсенді стадиясындағы туберкулездің, невроздарды
қоспағанда, психикалық аурулардың, соматикалық ауру кезіндегі невроз ұқсас
жай-күйлердің, жарыместің жеңіл дәрежесінің, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке
басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен
артық емес) тырыспалы синдромдардың, карантинді инфекциялардың, жұқпалы
тері мен шаш ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖҚТБ болуы үйде
қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болып табылады;
4) Үйде қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Конституциясына,
Қазақстан Республикасының заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық
актілеріне, сондай-ақ осы Үлгілік Ережеге сәйкес жүзеге асырылады;
5) Әлеуметтік қызметтерді қарттар мен мүгедектерді күту жөніндегі
әлеуметтік қызметкерлер (бұдан әрі - әлеуметтік қызметкерлер) қызмет
көрсету аумағы мен аймағының көлемі ескеріле отырып, әлеуметтік қызметтерді
көрсетудің мемлекеттік стандарттарында көзделгендерден кем емес көлемде
және түрлерде көрсетеді;
6) Әлеуметтік қызметкерлер үйде әлеуметтік қызметтер көрсету
бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың және үкіметтік емес
ұйымдардың штат санында болуы мүмкін;
7) Әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде қызмет көрсетілетін адамдардың
жасы мен денсаулық жай-күйі, оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі -
ОЖБ) мазмұны, қозғалу белсенділігінің төмендеу дәрежесі мен басқа да
объективті факторлар ескеріледі.
2) Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің міндеттері мен функциялары.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі міндеттері қызмет
көрсетілетін адамдардың үйреншікті әлеуметтік ортада болуына қолайлы
жағдайлар туғызу, гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру жағдайларына
қолдау жасау, әлеуметтік қызметтерді көрсетудің мемлекеттік стандарттарына
сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсету және оңалту іс-шараларын жүргізу болып
табылады.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсету функциялары:
1) жалғызілікті (жалғыз тұратын) қарттарды және үйде қызмет көрсетуге
мұқтаж мүгедектерді анықтау және олардың есебін жүргізу;
2) қызмет көрсетілетін адамдардың дербес құқықтылығын және
қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету;
4) қызмет көрсетілетін адамдарды олардың құқықтары, көрсетілетін
әлеуметтік қызметтің көлемі мен түрлері туралы хабардар ету;
5) әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру;
6) әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру және
олардың біліктілігін арттыру;
7) Заңды тұлғалардың Жарғыларына сәйкес өзге де функциялар.
Әлеуметтік қызметкерлердің қызметін басқару:
1) Қызметтерге тапсырыс беруші басшылықты, практикалық көмекті және
қызметтерді жеткізушілердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
2) Әлеуметтік қызметкер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық
уәкілетті орган бекіткен Біліктілік сипаттамаларына сәйкес болуы керек;
3) Үйде қызмет көрсетудің іс-қағаздарын жүргізу олардың болуы, үйде
қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру, әлеуметтік
қызметкерлердің қызмет көрсетілетін адамдардың құқытары мен заңды
мүдделерін бұзуына жол бермеу мақсатындағы бақылауды жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін құжаттарды қамтуға тиіс;
4) Іс-қағаздарын жүргізудің тәртібін уәкілетті орган бекітеді және ол
қызметтерді жеткізушілер мен әлеуметтік қызметкерлердің назарына
жеткізіледі;
5) Іс-қағаздарын жүргізу мынадай міндетті құжаттамалардың болуын
көздейді:
1) жылға, тоқсанға арналған жұмыс жоспары;
2) қызмет көрсетуге келіп түскен адамдарды тіркеу журналы (осы Үлгілік
Ережеге 4-қосымша);
3) қызмет көрсетілетін адамдарға жақындарының келіп-кету кестесі;
4) көрсетілген әлеуметтік қызметтер есебінің журналы (осы Үлгілік
Ережеге 5-қосымша);
6) Іс-қағаздары мен жұмыс есебінің жай-күйі, олардың дұрыс жүргізілуі
үшін әлеуметтік қызметкер, бөлімше меңгерушісі, орындаушы мен қызметтерді
жеткізуші жауаптылықта болады;
7) Үйде қызмет көрсетудің сапасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында
Осы Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында әлеуметтік
қызмет көрсетудің аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет
тәртібін, қарттар мен мүгедектерді қабылдаудың шарттарын және оларға
әлеуметтік қызметтер көрсетудің тәртібін айқындайды;
2) Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – аумақтық
орталық) заңды тұлға болып табылады және оны құрылтайшысы қолданыстағы
заңнамаға сәйкес құрады.
3) Аумақтық орталық өзінің қызметін құрылтай құжаттарына сәйкес
медициналық қызметке берілетін лицензияның негізінде, ал әлеуметтік-
педагогикалық қызмет түрлерін көрсеткен жағдайда – білім беру қызметіне
берілетін лицензияның негізінде жүзеге асырады;
4) Аумақтық орталықтар өз қызметінде Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, осы
Үлгілік Ережені басшылыққа алады;
5) Аумақтық орталық жеке оңалту бағдарламасына немесе медициналық
ұйымның қорытындысына сәйкес бөгдее адамдардың күтіміне және әлеуметтік
қызмет көрсетуге мұқтаж қарттар мен бірінші, екінші, үшінші топтағы
мүгедектердің, оның ішінде мүгедек балалардың (бұдан әрі – қызмет
көрсетілетін адамдар) медициналық-әлеуметтік және оңалту қызмет түрлерін
алу, бос уақыты мен демалысын өткізу мақсатында күндізгі уақытта болуына
арналған.
Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді талап ететін процесі
белсенді стадиядағы туберкулездің, карантинді инфекциялардың, тері мен шаш
жұқпалы ауруларының, венереологиялық ауруларының, ЖҚТБ, соматикалық ауру
кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлерді қоспағанда, психикалық
аурулардың, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі
жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі
тырыспалы синдромдардың болуы аумақтық орталықта медициналық қызмет
көрсетуге қарсы айғақтамалар болып табылады.
Аумақтық орталықтың міндеттері мен функциялары
Аумақтық орталықтың негізгі міндеттері қызмет көрсетілетін адамдарға
үйдікіне жақындатылған қолайлы тұрмыс жағдайларын жасау, әлеуметтік қызмет
көрсетудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсету және
оңалту шараларын жүргізу болып табылады.
Аумақтық орталықтардың функциялары:
1) қызмет көрсетілетін адамдардың дербес құқықтылығын және
қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) әлеуметтік қызметтер көрсету;
3) медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі іс-шаралар
жүргізу;
4) балалардың оқыту бағдарламаларын игеруіне жағдайлар жасау
(әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету кезінде);
5) қолайлы моральдік-психологиялық климат жасау;
6) қызмет көрсетілетін адамарды олардың құқықтары, әлеуметтік қызмет
көрсетудің көлемі мен түрлері, Ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;
7) қызметкерлер еңбегінің ұйымдастырылуын жетілдіру және олардың
біліктілігін арттыру;
8) әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру;
9) аумақтық орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
10) аумақтық органның Жарғысына сәйкес өзге де функциялар.
Медициналык әлеуметтік патронаж- отбасының ауру жэне еңбеккс жарамсыз
мүшелеріне қатысты жұмыс жасайды. Медициналық- әлеуметтік патронаждың
мазмүны аталган клиенттердің категорияларына байланысты болып келеді.
Оларға дәрілерді жеткізу, түнгі кезекшелік, гигиеналық кызмет көрсету соның
бәрі жатады.
Әлеуметтік психологиялық патронаж- отбасына ұзақ психологиялык және
әлеуметтік көмек көрсетудің әртүрлі формада жүзеге асады. Бұл отбасы
дағдарыс стрестік жағдайда басынан кешеді, эмоционалдық жағдайда болады.
Әлеуметтік патронаж клиенттің әлеуметтік және психологиялық жағдайын есепке
ала отырып мән-жайды зерттеугс себепші болады. Ол сонымен катар отбасында
қалыптасқаи күйзелісті немесе күйзеліс жағдайын жою бойынша нақты көмек
көрсетуге және тұрақты тенденцияларды тұрақтандыруга бағытталган.
Әлеуметтік патронаж әлеуметтік жұмыс маманының әртүрлі әдістер іс-
әрекетін қарастырады.
Әлеуметтік педагогикалық патронаж- әртүрлі проблемалары бар отбасына
жан-жақты сонымен бірге әрекет ететін көмектерді жатқызады.
Отбасының әлеуметтік патронажы келесідей бағыттарды құрайды:
1) Қолайсыз немесе қауіпті сияқты жағдайлардың қалыптасуына
байланысты ақпараттық аналитикалық мәліметтер;
2) Жағдайларға тура араласу;
3) Ынтымақтастығы немесе оны жоспарлау туралы әлеуметтік жұмыс
келісімдерін жасау;
4) Патронаж клиенттерін тікелей қорғау;
5) Клиенттермен жұмысты бакылау, бағалау, аяқтау. Патронаждык жұмыстың
нысандары мен әдістері.
Клиенттермен жұмыстардың барлық кезеңде патронажга жауапты мамандар
клиенттермен жұмыстың негізгі мазмұнын арнайы есеп карточкаларына тіркейді.
Отбасын патронаждаң әртүрлі формалар немесе әдістер қолданылады.
Материалдық колдау, әлеуметтік кеңес, психотерапия немесе т.б.
Сондықтан патронаж өзінің жүйесінде келесілерді білдіреді:
1) Клиент деңгейінде -оның бастамасы өзі үшін клиенттің өмірлік
жағдайының қиын немесе тіпті қауіпті екендігін анықтау кезеңінен басталады;
2) Патронаждык жұмыстың мазмұнының деңгейінде-әдеттегі дәстүрлі түрде
әлеуметтік көмек шеңберінен шыққан міндеттемелерді көтеру;
3) Патронаждың әдістемелік деңгейінде көмек көрсетуге арнайы косымша
жолдарды қолдану;
4) Ұйымдастыру деңгейінде клиенттермен қатынасты ұйымдастыру.

Әлеуметтік қызметтер — іс әрекеті адамның дамуын қолдауға және
игілігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдар.
Әлеуметтік қызметтер — әлеуметтік қызмет көрсету түрлеріне сәйкес
әлеуметтік қызметтің клиентке көмек көрсетуі.
Әлеуметтік диагноз — эксперттік бағалау, клиент жайындағы мәліметтер
мен оның өмір сүру жағдайы жайлы мәліметтер жиынтығын, сонымен қатар көмек
көрсету жоспарын өңдеуге қажет ақпаратты талдауды болжамдайды.
Әлеуметтік паналау орны — қиын өмірлік жағдайға тап болған адам
тәулік бойы паналап, тамақтанып қажетті көмекті қамтитын әлеуметтік көмек
мекемесі.
Әлеуметтік қызметкер — әлеуметтік қызмет қызметкері, клиенттерге
кеңес берушілік, оңалтушылық, педагогикалық және әлеуметтік-тұрмыстық
қызмет түрлерін көрсетеді.
Отбасылық терапия — отбасы мүшелерінің қарым қатынасы арасында пайда
болған проблемаларды шешуде отбасына көрсетілер көмектің жолдары мен
әдістерінің кешені.
Білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкер — әлеуметтену үрдісінде
балаға әлеуметтік және психологиялық проблемаларды жеңуге жәрдемдесетін
маман.
Қиын өмірлік жағдай— нормалы тіршілігін объективті бұзушы болып
табылатын немесе адамның қабылдауынша жеке басына қиын деп есептелетін
жағдай (мүгедектік, жетімдік, жұмыссыздық және т.б.).
Кәсіби құзыреттілік – әлеуметтік жұмыс маманының мінездемесі,
мамандығының талаптарына деген оның сәйкестік дәрежесі.
Кәсіби даярлық – кәсіби бағдарлық пен кәсіби білімі, біліктілігі мен
машықтарының жүйесі және кәсіби бағдарлығының қалыптасуы, әлеуметтік
жұмыстағы кәсіби жағдаяттар мен тапсырмалардың теориялық және практикалық
шешімінің тәжірибесін меңгеру.
Заңдылыққа сәйкес анықталған: - үйде әлеуметтік қызмет көрсету
тұрақты немесе уақытша стационарлық емес әлеуметтік қызметке мұқтаж
азаматтарға әлеуметтік қызмет түрлерін ұсыну - жасының үлкендігіне
байланысты өзіне өзі қызмет көрсету қабілеттері төмен, ауыру, мүгедектігі
және жалғызбасты азаматтарға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық
және басқа көмек түрінде үйде қызмет көрсетіледі. Әлеуметтік сала маманы
жиі кеңес беруші ролін де атқарады, сондықтан кеңес беру тәжірибесі басқа
адамдарды дұрыс түсінуіне көмектеседі, олардың мұқтаждарына көңілімен
ортақтас боуға, өз тарапынан байланыс құруға қолдау болады. Кеңес берудің
негізгі принциптері қызмет көрсету сапасының мониторингінде көрсетіледі:
Белсенділік принципі: қарт адамдардың позитивті (оң) мінездеріне көңіл
аударылады, Бейімделу принципі: қиындықтарды өздігінше жеңу қабілеттеріне
сүйену және сол үшін оларға мүмкіндік беру Тәуелділік принципі: өміріне
деген бақылауы қалатындай қарт адамдардың мұқтаждарын қанағат ету. Кеңес
беру арқылы қарт адамдардың ойын, мұқтаждығын білуге болады, олардың
қолданылып отырған қызметіне деген көзқарасын. Көмек көрсету арқылы қарт
адамдармен қарым қатынас құру әлеуметтік қызметкер үшін өте күрделі. Оның
клиенттерінің түрлі сезімдері болады: қайғыру, мұңайу, уайымдау, тастанды
сезімі, қажетсіздік сезімі. Олар басқа адамның көмегіне мұқтаж болуымен
қатар өздігінше қабілеттерінен айырылу сезімімен де күйзеледі. Бұндай
күрделі жағдайларда әлеуметтік қызметкер қарт және қария адамдармен қарым
қатынас құру мен соны сақтау қабілетімен меңгеру керек, олардың психикалық
құбылыстарын реттеуге тырысып тәуелсіздік орнын көрсете білу керек. Қарт
адамдар оларды басқаруға, кеңес беруге, өмірлерін реттеуге қарсы келеді.
Олармен жұмыс атқарғанда әлеуметтік қызметкердің міндетінде: - қарт
клиенттерге деген мінсіз сыйластықты көрсету - олардың өмірлік тәжірибесіне
жүгіну - қажетті психологиялық климатты құрып сақтауға тырысу, ол маңызды
проблемаларды талқылауда екі жақты сенімділікке қолдау болады - қарт
адамдарға деген шынайы қызығушылығы мен оларға көмек көрсету ынтасын
көрсету - бар ойын айтуға толық мүмкінді беру - жай және түсінікті тілде
сөйлеу, психологиялық терминологияны қолданбау - сұхбаттасуды 25-30
минутпен шектеу, өйткені қарт адамдар ұзақ әңгімелесуді көтермейді - жұмыс
барысында жұбату мақтауды қолдану, өйткені қарт адам ұзақ сөйлейді және бір
тақырыптан бір тақырыпқа ауыса береді Қарт адамға әлеуметтік қызмет көрсету
сұрақтарымен, қайғысына, қызметтік қабілеттерін жоғалтуы бойынша, қарым
қатынастағы қиындықтар мен жанжалдар бойынша, өткен мен болашақтың
байланысы жөнінде, жаңа өмір әрекетіне және жағдайларға бейімделу бойынша
кеңес беруге болады. Психологиялық кеңес берудің келесі түрлері маңызды
және әсерлі: - жас ерекшелігі мен психологиялық - отбасылық психологиялық -
психологиялық бағдар - жеке психологиялық Жас ерекшелікті психологиялық
кеңес беру. Қарт адамдар екі топқа бөлінеді 60-75 жастағылар, және 75тен
жоғары жастағылар, психологиялық және медициналық жағдайы бойынша бірдей
емес. Бірінші топ өкілдерінің белсенділігі жоғары болады, олар үшін маңызды
проблемалар - әлеуметтік-психологиялық бейімделудің бұзылуы және осыған
байланысты болған психологиялық дискомфорт. 75тен жоғары жастағы топта
бірінші орында медициналық проблемалар, денсаулығының төмендеуіне
байланысты, әлсіздігіне және үнемі күтімге мұқтаждығына байланысты. Қарт
адам үшін зейнетке шығу кезеңі – нормативті жас ерекшеліктік дағдарыс, онда
өмірдің жағдаяттары арасында қарамақайшылық туады (әлеуметтік статусының
өзгеруі) және адам мұқтаждығы (әлеуметті маңызды әрекетін жалғастыру,
отбасы мен қоғамдағы орнын сақтай білу). Зейнетке шығу қарт адамның нормалы
өмірлік ырғағын үзеді, экономикалық мағынада өнімдіктен өнімсіздікке ауысу
болады, сондықтан ол күйзеліске соғуы мүмкін. Жас ерекшеліктік
психологиялық кеңес беру нормалы жас ерекшелігінің дағдарысын біліп
сәйкесті өзгерулерді қабылдауға дайын болуға қарт адамға мүмкіндік береді.
Жас ерекшеліктік психологиялық кеңес беру барысында екі проблеманы шешу
қажет: зейнеткер статусын меңгеру көмек көрсету, бар өзгерулерімен қатар
өз кәрілігін қабылдай білу, көптеген әлеуметтік байланыстарын жоғалту мен
физикалық сұраныста жоқтығын түсіну. Батыс елдерінде зейнетке шығу алдында
арнайы курсатр жүргізеді, зейнет жасының алдындағы адамдарға өміріндегі
жаңа кезеңге дайындалуға көмек көрсетеді. Кеңес беруде отбасы мүшелерімен
де араласу қажет, олар қарт адамның өмірлік өзгеруін қабылдауға қолдау
көрсетеді. Және осы жерде келесіні ойдан шығармау керек: - анкеталық
мағлұматтар және отбасы туралы толық мәліметтер - қарт адамның өмірлік
жолын өту ерекшеліктері: оқудағы табыстылығы, кәсіби өсу кезеңдері, жұмыс
орнының ауысуы, жетістіктері, марапаттаулары.
Әлеуметтік қызмет көрсету осыған құқығы бар адамдарға меншік нысанына
қарамастан, үйде немесе әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде ұсынылатын
әлеуметтік қызмет көрсетулердің жиынтығын (күтім, тамақтандыру,
медициналық, құқықтық, әлеуметтік-психологиялық және заттай түрде көмек
алу, кәсіби дайындауға, жұмысқа орналастыруға, әдет-ғұрыптық қызмет
көрсетуді ұйымдастыруға көмек және басқалары) қамтиды.
Әлеуметтік қызмет көрсету термин сиякты мінсіз жоғары дәрежеде
калыптаскан деп санайды. Бұл объект көптеген жүйелерге кіретін
элементтерден тұрады. Формальды тұрғыдан қарағанда әлеуметтік кызмет
көрсету- бұл клиенттерге әлеуметтік кызмет түрлерін берегін әлеуметтік
жұмыстың түрі .
Сондықтан да әдістемелік түрғысынан қарағанда Әлеуметтік кызмет
үғымының мәнін түсіну, танып білудің практикалық маңызы арта түседі.
Отандык әдебиетге әлеуметтік қызмет әдетте әлеуметтік жұмыстың
ұйымдастыру түрі ретінде құрастырылған. Кейбір авторлар әлеуметтік қорғау
қызметінің ішінде көптеген жүйелердің, элементердің барлығын айырыкша атап
көрсетеді. Олар әртүрлі функционалдық жүктемелерді көтереді, өзара күрделі
іс-әрекетте болады. Әдебиеттер келесідей қызмет түрлерін ажыратады:
1) Отбасындагы әлеуметтік қызмет көрсету;
2) Әлеуметтік- медициналық қызмет көрсету;
3) Психологиялык көмек көрсету қызметі;
4) Әлеуметтік қамтамасыз ету кызметі;
5) Құкыктық комек көрсету кызметі;
6) Экологиялык қызметтер;
7) Жұмыспен камту кызметі;
8) Балалардың әлеуметтік кызметтері.
Екінші жагынан аймақтық әлеуметтік кызметтер-ведомствааралык,
муниципалдық әлеуметтік қызметті ұйымдастыру проблемасы, аймақтық сондай-ақ
ведоствааралык позиция тұрғысынан қарастыру қажет. Бірақ әртүрлі
министрліктер мен ведомствалардың әлеуметтік торабының ажыратылмайтын
компоненті болып табылады. Әлеуметтік қызметкерлік мекемелері екі жақты
әкімшілік бағыныштылықта болып келуі және қаржыландырудың көптеген көздерін
иеленуі жекелеген ведомствалардың қарамағында жұмыс атқаратындағы атап
керсетеді. Мысалы: ведомствалардың құрамында ішкі істер органдарында
әлеуметтік кызмет көрсетудің мәні келесідей проблемаларды ажыратып көрсету
арқылы аныкталады:
1) Әлеуметтік кызмет көрсету түрлері мен тәсілдері;
2) Халыкка әлеуметтік көмек көрсету кызметінің және мекемелерінің
құрылымдары;
3) Аймақтық және ведомствалык әлеуметтік кызметтін компоненттері мен
элементтері;
4) Мемлекеттік, муниципалдық, қоғамдық, діни жеке мекемелер;
5) Әлеуметтік кызмет көрсетуді ресурстармен қамтамасыз ету: мүліктік,
қаржылық, кадрлық, ғылыми- әдістемелік, ақпараттық.Әлеуметтік кызмет
көрсетудің жоғарыда аталған компоненттері мен элементтерінің құрылымы бұл
жүйенің тұрақтылығын сапалық жағынан анықталғанын сипаттайды.
2.1 Аймақтағы тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің іске
асырылуының қазіргі жағдайы
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы қаңтардағы Қазақстан
халқына Жолдауы әлеуметтік саланы жаңғырту үдерісіне тың серпіліс әкелсе,
Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20
қадам бағдарламалық мақаласы жаңа бағыттарды айқындап, міндеттерді
нақтылап берді.
Атап айтқанда, Президент құқық пен әділдік қағидаттарына негізделген
әлеуметтік қатынастарды қалыптастыруды жүктеп отыр. Оған бізде толық
мүмкіндік бар. Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау
туралы, Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау туралы тиісті заңдар да қабылданған. Дей тұрғанмен,
әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамыту кешенді тұрғыдан
қарастырылмағандықтан, стандарттары мен нормативтері жан-жақты
ойластырылмағандықтан, кемшіліктері болды. Көрсетіліп отырған қызметтердің
сапасын бағалау, бақылау және кепілдік беру тетігі болмағандықтан, балама
нысандар мен таңдау құқығы дамытылмағандықтан, білікті кадрлардың
тапшылығынан азаматтардың қажеттілігін толық қанағаттандыра алмай келеміз.
Осындай кемшіліктер ірі интернат үйлерінің көбейіп кетуіне, отбасылық
байланыстардың әлсіреуіне, қызметтер сапасының төмендеуіне, сондай-ақ, бұл
салада мемлекеттік монополияның күш алуына әкеліп соқтырды.
Әлеуметтік қызмет көрсету саласын кеңейту, олардың сапасын арттыру
мақсатында Мемлекет басшысы өзінің Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа
серпіліс жасау қарсаңында атты Қазақстан халқына Жолдауында кепілді және
қосымша әлеуметтік қызметтердің тізбесін әзірлеп, заң жүзінде бекітуді,
оларды көрсету тәртібіне өзгеріс енгізуді, әлеуметтік қызмет көрсету
стандарттарын енгізу және қызметкерлерді аккредиттеуді тапсырған болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2008 жылғы желтоқсанда Арнаулы
әлеуметтік қызметтер туралы заң қабылданып, әлеуметтік қызмет көрсету
жүйесін реформалауға және қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдардың,
оның ішінде мүгедектердің құқықтарын қорғауға жол ашылды. Осы заңға кеңірек
тоқталатын болсақ, біріншіден, мұнда арнаулы әлеуметтік қызметтерді бағалау
және оларға деген қажеттілікті айқындау арқылы тең мүмкіндіктерге
негізделген қоғамды қалыптастыру идеологиясы айқын аңғарылады; адамдарды
қиын өмірлік жағдайларға тап болған деп танудың негіздемесі айқындалған.
Сол сияқты, заң көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің көпаспектілігі
арқылы қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдар үшін мүмкіндіктерді
молайтып отыр.
Заңға сәйкес қиын өмірлік жағдайларға тап болған адам құқықтық
мәселелерін шешу үшін заңгерлерден, медициналық-әлеуметтік консультация алу
үшін арнайы мамандардан, психологтардан ақыл-кеңес, басқа да көмектер ала
алады.
Заң арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінің тізбесі арқылы
қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдар үшін мемлекет қамтамасыз ететін
басты кепілдіктерді, әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары мен оларды
көрсету тәртібін, көрсетіліп отырған қызметтердің сапасын бағалау, бақылау
және кепілдік беру тетігін, әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттауға
қойылатын талаптарды, тамақтану нормаларын анықтады.
Осы арада реформаның негізгі бағыттары арнаулы әлеуметтік қызметтердің
мемлекет кепілдік берген және қосымша көлемін белгілеуге, олардың
стандарттарын әзірлеуге бағытталған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
үлгісін жаңартуды, бәсекеге қабілетті орта құруға және қызметтер сапасын
жақсартуға мүмкіндік беретін үкіметтік емес ұйымдарды қатыстыру арқылы
қызмет көрсету рыногын кеңейтуді көздейтін арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету жүйесін институттық тұрғыдан жетілдіруді, үкіметтік емес секторда
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігін
енгізу арқылы қаржыландыру жүйесін одан әрі дамытуды, әлеуметтік
қызметкерлер институтын қалыптастыруды қамтитынын айта кеткен жөн.
Реформаны іске асыру үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең дайындық кезеңі
жалпы оңалту қызметтерін көрсетуден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге
ауысуды қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен іске
асыруды көздейді. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді беймонополияландыру
және толыққанды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету рыногын құруда басты
мақсаттар болып табылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды іске асыру мақсатында 2009
жылдан 2011 жылға дейін әлеуметтік қызмет көрсету саласында арнаулы
әлеуметтік қызметтерді енгізуге жұмсалған республикалық бюджет шығыны
(нысаналы ағымдағы және жалпы сипаттағы трансферттер) 17,5 млрд. теңгеден
асып түсті. Бұл қомақты қаражат арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
стандарттарын енгізуге, медициналық-әлеуметтік ұйымдарда штат санын 78-ден
149 бірлікке дейін, шамамен 2 есе көбейту арқылы қосымша штат бірліктерін
ашуға жұмсалды. Егер бұрын мамандандырылған мекемелердің штатында кіші
медициналық қызметкерлер мен тәрбиешілер басым болса, бүгінгі таңда олардың
орнын мүгедектердің қажеттіліктерін бағалау және айқындау жөніндегі
әлеуметтік қызметкерлер, арнаулы әлеуметтік қызметтердің алуан түрлерін
көрсететін мамандардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ететін әлеуметтік
жұмыс жөніндегі консультанттар, көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау
функциясын орындайтын әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар басты.
Біз сөз етіп отырған мәселеде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің
балама нысандарын дамыту және үкіметтік емес секторды тарта отырып,
әлеуметтік қызметтер желісін кеңейту маңызды орын алады. Бұл бағытта
тындырылған істер баршылық. Соның нәтижесінде 2008-2011 жылдары арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер желісі көбейді. Нақты айтсақ,
республикалық бюджет қаражаты есебінен Қарағанды облысының Саран қаласында
психоневрологиялық интернат үйін салу және Шығыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz