Аймақтық саясатты жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі


Жоспар
Кіріспе…… . . . . 3
1бөлім. Аймақтық саясатты мемлекеттік реттеу негіздері . . . 5
1. 1. Аймақтық басқару- аймақтық саясатты жүзеге асыру құралы ретінде . . . 5
1. 2. Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясат ерекшеліктері . . . 8
1. 3. Аймақтық саясатты жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі . . . 11
2бөлім Аймақтық саясатты мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары . . . 17
2. 1. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу саясатын талдау . . . 17
2. 2 Экономикалық саясатты аймақтық деңгейде жүргізу және үйлестіруді қамтамасыз ету . . . 24
Қорытынды . . . 29
Қолданылған әдебеттер . . . 31
Кіріспе
Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебаб үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихы дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да өз еліміздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді
Курстық жұмыстың мақсаты-аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, аймақтық саясаттың жасақталу барысын, оның жүзеге асыру бағыттарын, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің әдіс, тәсілдерін, аймақ экономикасын басқарудың бүгінгі күнгі өзекті мәселелері болып табылады.
Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі, оның аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан экономикалық механизм келесілермен қалыптасу керек:аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс; бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады; басқару органдарының біріккен әрекеті, территориялық өндірісітің дамуына орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі; аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау, қаржыландыру, несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады.
Аймақтық басқару аймақтық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі аймақтық ерекшелігін, олардын шешетін стратегиялық және тактикалык міндеттерінің сипатын ескеретін, икемді және сараланған болуы керек.
Сонымен аймақтарды басқару келесілерді талап етеді:
- республиқалық және аймақтық деңгейлердегі басқару органдарының функциялары мен өкілеттіліктерін шектеу. Бұл басқару функцияларыньң қайталануына жол бермеуге, басқарудың ұйымдық құрылымыньң иерархиялылығын белгілеуге, әpбip деңгейдің шаруашылық жүргізу нәтижелерне жауапкершіліктерінің шамасын анықтауға мүмкіндік береді;
- республикалык басқару органдарының, сондай-ақ шаруашылық жүргізудің аймақтық жүйелерін басқаруға аймақтық басқару органдарының қатысуның негізгі нысандарын табу.
Аймақтық басқарудың маңыздылығы мен қайтарымы әлемдік шаруашылық жүргізу тәжірибесі мен де дәлелденіп отыр. Атап айтқанда, экономикалық даму трұғысынан алдынғы қатарға шығу үшін міндетті түрде нарықта сұранысқа ие аймақтық ресурстардың жеткілікті болуы, экономикалық әлеуметке ие болу шарт емес. Көбінесе дамудың, оның ішінде аймақтық дамудың да жоғары деңгейінің кепілі басқарудың озық түрлерін қолдану, басқару өнерін игеру, шаруашылық айналымға аумақтағы экономикалық әлеуетті тарту, аймақтық өзі үшін, басқа аумақтар үшін экономикалық қызмет нәтижелерін пайдалана білу екендігі шет ел тәжірибесімен айқындалған.
Курстық жұмысты орындау барысында заңнамалық және нормативтік актілер, оқулықтар және оқу құралдары, мерзімдік басылымдар мен монографиялар қолданылды.
1бөлім. Аймақтық саясатты мемлекеттік реттеу негіздері
1. 1. Аймақтық басқару - аймақтық саясатты жүзеге асыру құралы ретінде
Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады. Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым. Академик Н. Н. Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді".
Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н. Н. Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы.
Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н. Барановский, Н. Комосовский және тағы да басқа АҚШ, Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан.
Аймақтық басқаруға қойылатын негізігі міндеттерге:
- Республика мен ТМД елдерінде кәсіпорындардың дамуы мен жұмыс істеуінде қорықтық қатынастар мен тауар - ақша, жоспардың арақатынасы;
- өзін-өзі басқару механизміндегі экономикалық және ұйымдастырушылық - әкімшілік әдістері мен экономикалық арақатынасы;
- аймақтық басқару процесіндегі орталықтанған және орталықтан-дырылмаған басқару шешімдерінің арақатынасы.
Басқарудың экономикалық механизмінің маңызды элементіне ақша айналымын үздіксіз нығайту кезінде жоспарды қаржымен қамтамассыз ету жатады. Сондықтан да жергілікті шаруашылықтың аймақтық жүйесінің дамуы мен қызмет етуіне кешенді әлеуметтік - экономикалық дамуға қызмет ететін механизм қажет, ол механизм мыналарды қарастыруға тиіс:
- аймақтық экономикалық мүмкіндігінің материалдық өндірістік саласының тиімді қызмет етуіне байланысты болуы;
- аймақтық жүйенің барлық тармақтарының тепе - тең болуы;
- аймақтық әлеуметтік - экономикалық дамуының кешенді жоспарын қаржылай және материалды - техникалық қамтамасыз ету;
- әлеуметтік саланың дамуының нәтижелілігі мен аймақтың шаруашылық қызметінің тиімділігін есепке ала отырып бюджеттік жоспарлауды қайта құру;
- әрбір өндірушінің жағдайының жақсаруы әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты болады.
Аймақтық басқарудың методтары аймақтың өндірісітік және өндірістік емес сфералар жиынтығы мен кәсіпорындар мен ұйымдарға шаруашылық әрекеттің пайда болуын қамтамассыз етуі тиіс. Соның ішінде:
- республикалық стратегиялық тұжырымдардың әлеуметтік - экономикалық даму жағдайына біртұтас мақсатты бағыттанушылық;
- жергілікті өзін - өзі басқару органдарының саяси және әкімшілік қызметтерінің біртұтастығын сақтау;
- әлеуметтік - экономикалық, құрылыс - инвестициялық және табиғатты қорғау саясатының жылдық жоспарын жан-жақты және біртұтас мамандануын қадағалау;
- аймақтық басқару мен жоспарлаудың тікелей және керсінше иерархиялық жүйе бөліміне біртұтас бюджеттік және қаржы - несиелік негізіне территориялық әкімшілік білім беру.
Аймақтық басқару органдарының экономикалық компетенциясын кеңейту барлық сұрақ территорияның әлеуметтк - экономикалық дамуымен байланысты болса, аймақтық органдар кәсіпорын коллективімен бірлесе отырып шешімін табуы қажет, өйткені жергілікті әкімшілік құқығы нақты экономикалық мүмкіндіктермен сәйкестенуі тиіс.
Аймақтық саясат механизмдерін жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік -экономикалық ұдайы өндірістің қоршаған ортамен тепе теңдігінің бұзыуына байланысты, экологиялық қауіпті аймақтарға арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасап нақты аймақтардың дамуының өзекті проблемалары шешімін табуы қажет.
Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі, оның аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан экономикалық механизм келесілермен қалыптасу керек:
- аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс;
- бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады ;
- басқару органдарының біріккен әрекеті, территориялық өндірісітің дамуына орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі ;
- аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау, қаржыландыру, несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады.
Біздің пікірімізше, аймақтық инновациялық-өнеркәсіптік бағдарламаларды қалыптастырудың негізі мемлекеттік-жеке әріптестікке сүйенуі тиіс. Бұл мемлекеттік билік органдары мен жеке корпоративтік құрылымдар - шаруашылық жүргізу субъектілері арасындағы алуан түрлі келісім-шарттар формалары арқылы жүзеге асар еді. Инновациялық салада (бұл, ең алдымен, біз ұсынып отырған, жоғары оқу орындарының, салалық және академиялық ғылымның инновациялық әлеуетін тартуды қажет ететін инновациялық жобалар) ынталандырушылық рөлді венчурлық капитал атқарар еді. Осы капитал ғана, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ғылым мен техниканың мүмкіндігінше перспективалы, үдемелі бағыттарының индикаторы бола алмақшы. Бұл ретте Республика Үкіметі мен облыстық мәслихаттардың венчурлық инвесторлармен қарым-қатынасы белсенді болуы керек. Ал бұлай болуы үшін өнеркәсібі дамыған елдердің тәжірибесіне жүгініп, олар жиі пайдаланатын төмендегідей модельдерді қолдануға болады.
1. «Қорлардың қоры» моделі - мемлекет ұлттық венчурлық қор қалыптастырып, оның қаржысы кейін аймақтық қорлардың қызметіне жеке инвесторлар қаржысы тартылатын аймақтарға бөлініп беріледі. Мұндай модель экономиканы мемлекеттік қормен мығым реттеп отыратын көптеген елдерге тән. Соның ішінде Израиль тәжірибесі ең сәттілерінің бірі болып есептеледі. Бұл елдегі «қорлардың қоры» - Yozma - басқа елдердегі тәжірибелерді мұқият талдау арқылы, бірте-бірте, ұзақ мерзім бойы құрылды.
2. «Пилоттық аймақ» моделі - тоқыраудағы аймақтары бар елдерге тән. Бұл ретте екі стратегия қолға алынуы мүмкін:
Мемлекеттік капиталдың қатысы бар венчурлық қор (және аймақ бюджетінен түсетін инвестиция) елдің экономикасы әжептәуір дамыған аймақтарында құрылады (мысалы, Испаниядағы Каталония, Италиядағы Пьемонт пен Ломбардия) . Кейін келе венчурлық капитал басқа аймақтарға да телінеді, сөйтіп, тоқыраудағы аймақтарды «рыноктық жетектеу» дамыған аймақтардың капиталы есебінен жүзеге асады;
Мемлекеттік капиталдың қатысы бар венчурлық қор (және венчурлық инвесторларға арналған кепілдеме жүйесі) тоқыраудағы аймақтарда (мысалы, Франциядағы Тулуза, Италиядағы Сардиния) құрылады, мұнда венчурлық капитал негізінде жоғары технологиялық кластерлер қалыптасады. Міне, осылайша венчурлық капитал негізінде тоқыраудағы аймақтарды «рынокқа итермелеу» әрекеті қызмет етеді. Бұл екі стратегия бір мезетте қолданылу жағдайлары да аз кездеспейді.
3. «Аймақтық венчурлық компаниялар» моделі кәсіпкерлікке сүйенген елдерге тән. Ең жарқын үлгі - АҚШ-тың шағын бизнестік инвестициялық компаниялары. Олар мемлекеттік капиталдың қатысуымен құрылады (штаттар бюджеттерінен қржыландырылады), бірақ жеке инвестициялар тартылып, тәуелсіз кәсіби басқарушылар арқылы басқарылады.
Территорияларды дамытудың стратегиялық бағдарламалары шеңберінде «аймақтық инновациялық жүйені орнықтыру мен дамыту» бөлімін қарастыру керек. Ол басқа бөлімдермен байланыста болуы тиіс. Инновациялық бөлімді технологиялық қалыптастыру осыған сәйкестенетін аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарын жасақтаумен ұқсас және осы құрылыммен мазмұндалады. Ол инновациялық әлеуетті бағалаудың мәрелік жағдайлары және орнықтанудың алғашқы белгілері арқылы, сондай-ақ аймақтық инновациялық жүйенің дамуы бойынша талданады. Бұған сондай-ақ ғылыми-инновациялық қызметтерді ынталандарудың экономикалық механизмдері, әртүрлі бағыттағы мақсатты инновациялық бағдарламалар мен ғылымға негізделген инновациялық технологияларға арналған мейлінше тиімді трансферлер (ақша аударымдары) енеді.
Қазір елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік жоспарлау жүйесі, еліміз бен оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарғы орнықты дамуға көшу Тұжырымдамасының ережелеріне сүйенеді. Бұл еліміздің орнықты дамуға көшуінің қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді жоспарларын көп деңгейде қарастыруды көздейді. Одан аймақтардың, салалардың, жалпы алғанда республиканың еш тұсы шет қалмайды. Бұл ретте орнықты даму индикаторларының жүйелері, соның ішінде интегралдық, ұйымдастырушылық, экономикалық, энергетикалық, әлеуметтік, экологиялық, аймақтық жүйелер анықталған. Іске асырылып жатқан мемлекеттік жоспарлау жүйесіне жоспарды жүзеге асыру мен орнықты даму индикаторлары жиынтығының тағы бір түрі енуі керек. Бұл тұрғылықты жерлерде жоспарларды игеруге қатысты еңбек өнімділігін ұлғайтып, облыстық мәслихат аппаратындағы мамандарды көбейтуді талап етеді.
Жоспарланған есептердің ақпараттық жүйесін игеру мен енгізу баламалы нұсқа ретінде ұсынылады, бұған жоспарлы шешімдер қабылдау үшін автоматтандырылған талдау тәртібі қосылады. Біздің ойымызша, біздің жағдайымызда мемлекеттік жоспарлаудың басқалай да моделін енгізуге болар еді. Бұл модель орнықты даму стратегиясын жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлау жүйесіне дербес бөлім ретінде ене алады. Бұл жоспарлардың көпшілігі аймақтардың орнықты дамуына «қызмет көрсетіп» те жатыр.
1. 2 Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясат ерекшеліктері.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т. б. аумақтық факторлары толықтай ескеріп, оларды мемелекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.
Қазіргі уақытта ресрублика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемелект тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемелекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизімдері анықталады.
Мемелекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызыметіне тікелей араласпағанымен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т. б, ) арласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тимді қызымет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемелекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемелекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемелекеттік реттеу олардың дамуының қажетті шарты.
Экономиканы мемелекеттік реттеудің ерекше бағытты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тимді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналды.
Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше мәселелермен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
индустриялық дамыған;
агроөнеркәсіптік;
дағдарыстық.
Бірінші топ - стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық - әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстанның экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей мәселелер кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
- минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндірумен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық щикізат түрлеріне бай жерлерді интенсипті игеру;
- отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрлымдарды құру;
- ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т. б. ) шешу.
Екінші топқа- ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары техногиялық ғылыми жетістіктер қажетсінетін өнріс құру үшн қолайлы экономикалық жағайлары және жоғары ғылми-өндісті әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурыстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.
Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін мәселелер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
- жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, элоктроника құралдары, автомобиль құрлысы жаңа материялдар, лазер технологиясын дамыту;
- нарықтық инфрақұрлымды дамытуды жеделдету.
Үшінші топ- ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.
Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тимді мамандандыруды жүзеге асыру;
- ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалылығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану,
- тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материялдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.
Төртінші топқа- қысылшаң (экстремльный) табиғи-климаттық, әлеуметтік - экономикалық және техника - технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрлымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған мәселелерден «арылу» үшін мемелекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:
- экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;
- осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материялдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
- қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқада тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
- шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.
Аймақтағы дағдарыстың нақты белгілері мынадай:
- өндіріс қарқынының төмендеуі;
- халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі) ;
- жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың етек алуы (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі) ;
- демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызыметтер көрсету саласындағы мәселелердің күшеюі және т. б.
1. 3. Аймақтық саясатты жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі
Дамыған шет мемлекеттердің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысындағы тәжірибелерін ескеру қажет екендігі айқын. Өйткені, экономиканы басқарудағы жинақталған әлемдік тәжірибені оқып-үйренбей, оларды жан-жақтылы зерттемей экономиканы мемлекеттік басқарудың жаңа сатысына өту мүмкін емес.
Ел экономикасын басқарудың орталықсыздандырылған жаңа жүйесіне өту барысында әлемдік тәжірибеде бар модельдерді, тұжырымдарды ескере отырып, елдің саяси, әлеуметтік - экономикалық дамуына, ұлттық ерекшеліктеріне қарай аймақ экономикасын басқарудың өз мемлекетімізге тән үлгісін қалыптастыруға тиіспіз. Осы орайда бірқатар шет мемлекеттердің аймақтық саясатты қальштастыру, оны жүзеге асыру бағытындағы онды тәжірибелерін ұсынуды жөн санаймыз.
Мемлекеттің кұрылымы аймақтық саясат саласындағы өкілеттіліктерді орталықсыздандыру немесе бөлу денгейін анықтайды. Егер «интеграцияланған» мемлекеттер тәжірибесі суйенсек, онда Ирландия, Португалия, Греция сияқты мемлекеттерде аймақтық саясат мәселелеріне қатысты орталықтандырылған әдіс қолданылады. Бұл мемлекеттерде шағын жобаларға қатысты жауапкершілікті аумақтық деңгейге жүктеуге әрекет жасалынғанымен, жергілікті жерлерде кажетті тәжірибенің болмауы салдарынан одан әpi жалғасын таппады.
Италия мен Германия мемлекеттерінің басқару құрлымы «интеграцияланған» мемлекеттердің басқару құрылымынан түбегейлі түрде ерекшеленеді. Бұл, әрине, аймақтық саясаттың жасақталу, жүзеге асу барысын айкындайды. Мысалы, Германияда аймақтық саясатты жүргізу жауапкершілігі «Жерлерге» жүктелген, ал итальяндық жуйенің көпшілік элементтерн орталыктандырылган сипатка ие. Германияда аймактык саясат саласындағы федералды үкіметтің негізгі функциясы - GA (Біріккен оперативті топ) шеңберінде Жерлермен серіктестік қатынастар құру. Жоспарлау жөніндегі Комитет GA құрамын анықтап, жыл сайынғы бас жоспар жобасын және аймактық даму басымдықтарын қалыптастырады. Бас жоспар жобасы аймақтарға кажет көмек көрсету шаралары мен шарттарынан тұрады. Аймақтық саясатты жүзеге асыру екі жақтан (Федералды үкімет және Жерлермен) бірдей үлеспен қаржыландыру негізінде жүргізіледі. Жерлер әкімшілігі аймақтық саясаттың icкe асуына жауапты болады.
Финляндияда аймақтық саясаттың кұрылуына, яғни, аймақтық саясатты үйлестіруге, зандарды жасақтауға, проблемалы аймақтарды анықтауға т. б. Ішкі істер министрлігі жауап береді. Аймақтық саясатты жургізу жауапкершілігі әр түрлі орталық министрліктерге жүктелген. Финляндияныц аймактары жеке-жтен шeшiмдepдi (шағын жобаларды) кабылдайды, ал негізгі шешімдер орталықтан кабылданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz