Ауыл мектеп оқушыларының денсаулық жағдайын бағалау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕР ЕТЕТІН НЕГІЗГІ СЫНАҚ ФАКТОРЛАРЫ
1.1 Денсаулықтың анықтамалары және оның көрсеткіштері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Әлеуметтік жағдай және денсаулық
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Мектеп жасындағы балалар денсаулығы және оған әсер ететін жағдайлар
... ... 13
2 ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ КӨЛЕМІ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
... ... ... ... ... ... ..18
3 АУЫЛ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАРДЫҢ
ӘСЕРІ
3.1 Ауыл мектеп оқушыларының денсаулық жағдайын бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... 25
3.2 Әлеуметтік факторлардың ауыл оқушыларының денсаулық жағдайына
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...31
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 40

КІРІСПЕ

Қай заманда болмасын қоғамның алдында тұрған маңызды мәселелерінің
бірі-денсаулық сақтау мәселесі екендігі даусыз. Бұл мәселе әсіресе қазіргі
әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің төмендеуі және
экологияның бұзылуы орын алып тұрған заманда тезірек шешімін табуды қажет
етіп отыр. Осыған байланысты дүниежүзінде денсаулықты сақтауға бағытталған
шаралар іске асырылуда. Қазақстан халқына жолдауында Н.Ә.Назарбаев былай
дейді:
Біздің жас мемлекетіміз өседі және орнығып нығаяды,онымен бірге
біздің бабаларымыз бен немерелеріміз де өсіп жетіледі.Олар ұрпағының
жауапты да жігерлі әрі жақсы білім алған,денсаулығы мықты өкілдері
болады.Бізге өз қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің
аяғына дейін сау болып,және оларды қоршаған ортаның таза болуы үшін күш
салу керек.
Бұл мақсатты жүзеге асырудағы біздің стратегиямыз мынадай құрамдас
бөліктерден тұрады: ауруды алдын алу және салауатты өмір салтын ынталандыру
[1, б. 61].
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында демографиялық көрсеткіштер
нашарлап, аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейі жоғарлап кетті. Денсаулықты
зерттеп, бағалау бағытында жұмыс істеп отырған бірқатар ғалымдарымыз
Ж.А.Досқалиев, А.А.Ақанов, Қ.А.Мажибаев, Қ.А.Тумбаев және басқалар
мемлекетімізде ақырғы бес жылда жалпы науқастанушылықтың көрсеткіші 21,9%
өскенін анықтады. Соның ішінде Шығыс Қазақстан өңірі алдыңғы қатарлы
(екінші орын, 1000 адамға 808,3 адамның науқастануы сәйкес келеді) орын
алады. Республика бойынша қазіргі таңда ерлердің орташа жасы 59,8,
әйелдердікі 71,3 құраса, Шығыс өңірі бойынша бұл көрсеткіш ерлерде 58,4,
әйелдерде 71,1 жасты құрайды. Бір ғана Шығыс Қазақстанда 1996-2002
жылдар аралығында жалпы науқастанушылықтың көрініс беруі ересектерде 11,7%
, жас өспірімдерде 29,1%, балаларда 27,0% өсіп отыр [2, б. 26-41].
Дүниеге бала әкелетін жастағы әйелдердің тек қана 25 пайызының дені сау.
Ал, денсаулығына байланысты Республикамыздың 25 – 40 жас аралығындағы
әйелдердің 30% ана болу мүмкіндігінен айрылып отыр. Қазақстанда XX
ғасырдың індеті аталған СПИД таралу үстінде. Біздің еліміз өкпе құрты
ауруынан (туберкулез) алдыңғы қатарлы орынды алады. Жыл сайын бұл ауру 14,5
мың адамның өмірін жалмайды [3, б. 76-75] .
XXI ғасырдағы қоғам жалаң адамдар тобынан емес, отандастарымыздың
денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық
белсенділігі мен өздігінен білім алудағы шығармашылық қабілеті ерекше
тұлғалардан тұруы тиіс.
Қазіргі кезеңде әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда 10 мыңнан астам
жетім, 4 мыңнан аса дене бітімі мен ақыл-есі кем балалар барын, әр үшінші
сәби өлі немесе кемтар болып өмірге келетінін, балалар үйіндегі балалардың
85% тірі жетімдер екенін көреміз [4, б. 90-93].
Жастар арасында әр мыңның тек 381 ғана практика жүзінде сау [5, б.
105] .
Қорыта айтатын болсақ біздің зерттеу жұмысымыздың көкейтестілігі
қоғамымыздың алдында тұрған дені сау, шыныққан, парасатты азаматтар
дайындап шығару міндеті. Ал бұл міндеттің шешімінің бірі денсаулықты
қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі әлеуметтік жағдайды жақсарту.
Біз өз зерттеу жүмысымыздың алдына мынандай мақсат қойдық:
Зерттеуіміздің мақсаты ауыл мектеп оқушыларының денсаулығының
әлеуметтік факторларға тәуелдігін ашып көрсету.
Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
- ауыл мектеп оқушыларының денсаулығына медициналық карталарын талдау
арқылы жалпы бағалау
- ауыл мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайларын сауалнама арқылы
анықтау
- ауыл мектеп оқушыларының денсаулығының әлеуметтік факторларға
тәуелдігін ашу
1 АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕР ЕТЕТІН НЕГІЗГІ СЫНАҚ
ФАКТОРЛАРЫ

1.1 Денсаулықтың анықтамалары және оның көрсеткіштері

Денсаулықтың анықтамасы өркениеттің дамуына байланысты күрделеніп,
мағынасы кеңейіп жақанымен, барлық анықтамалардың негізінде ерте замандағы
адамдардың денсаулық туралы түсінігі жатыр. Жалпы денсаулық дегенімізге
ерте заманда адамдар тек аурудың болмауы деген мағына берген. Бұл адамдар
ағзасының ауытқусыз, дұрыс қызмет атқаруын қамтиды. Кейіннен берілген
денсаулықтың анықтамалары да, өзіне осы биологиялық, физиологиялық қалыпты
енгізеді. Денсаулықтың анықтамасын В. И. Даль былай береді: Денсаулық -
өмірлік бағыттары толық, дұрыс өтіп жатқан дене қалпы [6, б. 17-21].
Қоғамның, ғылымдардың дамуы барысында денсаулықтың биологиялық
сипатымен қатар, әлеуметтік, психологиялық және рухани түсініктері пайда
болды. Бұның себебі, адам денсаулығы тек қана адамның биологиялық
жаратылысы мем физиологиялық қалпымен ғана сипатталып коймайды. Сонымен
қатар, адам денсаулығына оның психикалық қалпы, әлеуметтік белсенділігі,
рухани күші де әсер етеді. Сондықтан, адамдар денсаулық үғымы өзіне тек
аурудың болмауын ғана емес, сонымен қатар береке, бақ, толық аман-есендік
дегенді кіргізетінін мойындап, оның жан-жақты сипаттамасын береді.
Денсаулықтың нақты ғылыми анықтамасында көптеген авторлар физиологиялық,
психологиялық және әлеуметтік сипаты туралы бірдей көзқарас білдіреді.
Бірақ әр ғылым саласының денсаулықты түсінуі сол ғылымның негізінде жүреді.
Денсаулықтың анықтамасын әр түрлі ғылым саласының (медицина, гигиена,
валеология, биология және психология) зерттеушілері қорытып шығарған. Біз
ғылыми әдебиеттерді зерттеу барысында денсаулық үғымына берілген бірнеше
анықтамаға назар аудардық. Бүндай анықтаманың бірін 1940 жылы Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымы берген: Денсаулық - тек қана аурудың болмауы емес,
сонымен қатар физиологиялық, психикалық және әлеумеггік толық аман-есендік
[7, б. 9-10]. Қазіргі гигиена ғалымдары Денсаулық ағзаның барлық
қызметтері қоршаған табиғи және әлеуметтік ортамен тепе-теңдікте болатын
психикалық және әлеуметтік деңгейі деп қорытады [8, б. 9-11].
Валеология ғылымының негізін салушылардың бірі В.П. Казначеевтің
пайымдауынша, денсаулық - ұзақ өмір сүрумен қатар, ағзаның биологиялық,
психикалық қызметтерін, тиімді жұмыс қабілеті мен белсенділігін жасына
лайықты өрбіту қабілетін сақтау мен дамыту процесі [9, б.186.].
И.И. Брехман Денсаулық - адам ағзасының сенсорлық, вербальдық және
құрылымдық мәліметтер әсерлеріне тиімді бейімделіп, өз жасына сай
тұрақтылығын сақтай білу қабілеті,- дейді [10, б. 62].
Б.Н. Чумаков Адам денсаулығы, ең алдымен, психикалық, физиологиялық
даму, жұмысқа қабілеттілігін жоне әлеуметтік белсенділігін арттыру үрдісі
дей келе, денсаулық адам бақытының маңызды компоненттерінің бірі, адамның
құқығы, әлеуметтік және экономикалық дамуының шарты деп қорытады [9, б.
10].
В.В. Марков адам денсаулығын адамның өмірлік іс-әрекетіне
байланысты 3 деңгейге бөліп қарастырып, әр деңгейге жеке анықтама береді.
Автордың пікірінше, адам денсаулығы биологиялық, психикалық және әлеуметтік
деңгейде болады.
Биологиялык деңгейде денсаулық - организммен байланысты, ішкі
органдар қызметінің динамикалы қызметімен анықталады.
Психикалық деңгейдегі денсаулық - жеке тұлғамен байланысты,
эмоционалды - ерікті және мотивациялы-қажеттілікті сипатпен, жеке тұлғаның
өзіндік сапасы мен өзінің денсаулығының құндылығын саналы сезіну арқылы
анықталады.
Әлеуметтік деңгейдегі денсаулық - басқа адамдармен, жалпы қоғаммен
қарым- қатынасы, адамның ролі мен орны арқылы анықталады [11,б.16-17].
Осы анықтамаларды талдай отырып, біз көптеген авторлардың денсаулық
туралы пікірі ұқсас екеніне көз жеткіздік. Олардың айтуынша, денсаулық
өзіне адамның психикалық, физиологиялық саулығын және әлеуметтік
белсенділігін қамтиды екен. Сонымен бірге, бірқатар авторлар денсаулық
үғымына адамның рухани және материалдық қажеттіліктерін өтей білуін де
кіргізеді.
Олардың пікірінше, адамның денсаулығын анықтауда психикалық,
физиологиялық және әлеуметтік деңгейлермен қатар, оның рухани білім
деңгейі, яғни дүниетанымы үлкен орын алады. Адамның ерте жастан бастап
қалыптасқан білім, іскерлік, дағдылары негізінде дүниетанымы да
қалыптасады. Ал дүниетаным деңгейі адамның мәдениетін құрайды.
Яғни, адамның денсаулығы өзіне адамның мәдениеті мен дүниетанымын да
қамтиды.
Дүниетаным, яғни білім жиынтығы, мәдени құндылықтар жиынтығы адамның
тәлім-тәртібін, гигиеналық белсенділігін анықтайды. Бүл белсенділік
адамның әр кезеңде дамуындағы денсаулықты сақтауы мен шынықтыруына
бағытталған. Денсаулықты сақтау, шынықтыру мәдениеті адамның табиғи
қажеттілігі болгандықтан, бүл мәселені шешу ең алдымен адамның өз
қолында. Әр адамның денсаулығы тек қана өзінің жеке басының байлығы
емес, ол қоғамның құндылығы, жалпы халықтық байлық, сондықтан
да өзінің және қоршаған адамдардың денсаулығына дұрыс қарау, бағалай
білу адамның қоғамдық парызы. Адамдардың осы парызды орындауы оның
өзінің өмір салтымен байланысты.
Ғылыми әдебиеттерде берілген өмір салты анықтамаларында авторлар
өмір салтының адамның өміріндегі, оның денсаулығының жақсы болуында маңызды
орын алатын факторы деген ортақ пікір білдіреді. Мысалы, К. Маркс пен Ф.
Энгельстің пікірінше, Өмір салты- индивидтің белгілі бір іс-әрекет тәсілі,
өмір іс-әрекетінін түрі [12, б. 20-21] болса, өмір салтына Дүниежүзілік
Денсаулық Сақтау Ұйымы - жеке бастың тұрмыс жағдайлары мен мінез-құлық,
тәртіп үлгілері арасындағы қарым-қатынасқа негізделген тіршілік әрекеті
деп анықтама береді [13, б. 44-45]. Л.С.Колбановтың пайымдауынша, өмір
салты - тұрақты, тарихи қалыптасқан тіршілік әрекеттерінің түрлері немесе
әр адамның материалдық және рухани тіршілік салаларындағы тұрақты
әрекеттерінің тәсілдері [14, б.7].
Т.Қ. Мұстафина өмір салтын - адамның табиғи және әлеуметтік
сыртқы ортамен тұрақты да ұзақ ара қатынастарының жүйесі дей келе, оның
мазмұнына адамның рухани (адамгершілік) және материалдық
құндылықтар туралы түсінігі, ниеттері, іс-әрекеттері мен мінез-құлық
ережелерінің жүйесі, қоғам заңдары мен ғұрыптарына бейімделе отырып.
өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдарын енгізеді. Автор өмір
салтының аспектілерін төмендегідей жүйелейді:
- экономикалық, тұрмыс дәрежесі - әр адамның рухани және
материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі;
- әлеуметтік, өмір сапасы - адамдардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруына көңілінің толуы;
- әлеуметтік-психологиялық, өмір стилі - тіршілік барысындағы
мінез- құлық ерекшелігі;
- әлеуметтік-экономикалық, өмір тәртібі - адамның санасына ұялап
кеткен әдет-ғұрыптар [15, б. 10-11].
Сонымен, өмір салтының негізін адам қалай өмір сүреді, оның өмірлік
іс-әрекет әдістер мен түрлері, бағыттары қандай деген сұрақтарға жауаптар
құрайды. Бұл жағдайда халықтың әр әлеуметтік тобының ерекшеліктерін,
құндылықтары мен мінез-қылығын ескеруді ұмытпау керек..
Өмір салты көптеген әлеуметтік процесстерге әсер етеді. Соның бірі
өмір салты мен халықтың денсаулығы арасындағы байланыс.
Адамның өмір салты оның бала кезінен алғам білім, іскерлік,
дағдыларынан анықталады. Яғни, адамның қалай дамитынына оның өмір салты -
өзіне деген, өз демсаулығына, өз өміріне деген көзқарасы әсер етеді.
Адамның денсаулығының жақсы болуы оның өмір салтына байланысты. Зерттеулер
нәіижесі бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамның денсаулығы 50
%-тен астам өзінің өмір салтынан тәуелді екенін анықтаған [16, б. 26-41].
Адам өміріне, денсаулығына әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар
өте көп. Дүпиежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуінің нәтижесі
бойышпа, мұндай факторлар саиы 200 ден асады. Ең бірінші орындарда
әлеуметтік факторлар жатады [17,б. 21-24].
Осыдан біз, адамның денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған
әлеуметтік факторлар болуы керек деп тұжырымдаймыз.
Валеолог ғалым Б.Н. Чумаковтың айтуынша, адамдардың денсаулығын
сақтауда мен нығайтуда, сол адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту керек
және кәсіпкерлік қызметін табысты атқаруды қамтамасыз ету қажет [9, б.19].
Ә.С. Әділханов, К.А. Жанабердиева денсаулықтың үйлесімді дамуын
қамтамасыз ететін, оны сақтайтын және нығайтатын профилактикалық шаралар
жиыны болуы керек деп қорытады [18, б. 4-5].
Т.Қ. Мұстафинаның пікірінше, әр дамның өз денсаулығын сақтауға және
нығайтуға бағытталған іс-әрекеті, ынта-жігері болуы керек, адамдардың
психологиялық, физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылуы қажет, және
тіршілігіне көңілінің толуы, экономикалық және материалдық тәуелсіздігі,
медициналық белсенділігінің жоғарылығы, тән және жан рахаты, тіршілік
бағытының белсенділігі қажет [15, б. 17-20].
Медицина ғылымыныц докторы, профессор В.И. Дубровский жалпы халық
ішіиде салауатты өмір салтын қалаптастыру шараларына тоқтала келіп, соның
ішінде мектеп оқушыларының денсаулығын сақтауға көп көңіл бөледі.
Адамдардың салауатты өмір салты туралы білімін жоғарылатып, физкультура
және спортпен айналысуға мүмкіндік жасау керек. Дене шынықтыру жаттығулары
әсерінен адам организмінің құрамы мен жұмысы жетіледі, жұмысқа
қабілеттілігі артады және денсаулығы нығаяды [19, б.74].
А.Г. Хрипкованың пікірінше, баланың денсаулығына әсер ететін
факторлардьң көбін мектеп факторлары құрайды. Бүндай факторларға
автор төмендегілерді жатқызады: сыныптардағы балалар санының көптігі,
оқушылардың оқу жүктемесінің ауырлығы, мектеп ұжымының психологиялык
климатының нашар болуы, жарық, тазалық деңгейі, мектеп оқу кұралдарының,
парта, орындықтардың гигиеналық нормаға сай болмауы, ауанын ластануы және
т.б. Сонымен бірге, мектеп басшылығы мен мұғалімдер балалардың денсаулығын
диагностикалау, денсаулығында ауытқуы бар балалармен оқу-
тәрбие жұмысын ұйымдастыру дағдыларының төмен немесе тіпті жоқ болуы
әсер етеді деп пайымдайды автор [20, б. 201].
А. Ақанов пен Ә. Әділхановтың пікірінше,
мектептегі денсаулықты сақтауға негізделмеген білім мен тәрбие үрдісі
тиімді болуы мүмкін емес. Сондықтан, білім беру саласындағы
мамандардың барлығының жұмыстары денсаулықты сақтау принциптеріне
негізделіп жүргізілгенде ғана нәтижелі болады [21, б. 3].
Мектеп - баланың денінің сау болуы мен дұрыс дамуында маңызы зор -
дей келе И.З. Гликман - мектептің міндеті бала денесінің жақсы дамуына
жағдай туғызу, баланы дене еңбегіне даярлау және баланың зиянды әдеттерге
үйренбеуін қадағалау деп қорытады [22, б. 24].
Л.И. Маленкова салауатты өмір салтын қалыптастыру қазіргі
мектептегі тәрбие мазмұнының бір бағытын қүрайды дейді. Адамның, соның
ішінде әсіресе баланың жұмысқа қабілеттілік деңгейі, оның оның өзін-өзі
жақсы сезінуіне, ағзаның барлық жүйесінің дұрыс қызмет атқаруына
байланысты дей келе, автор, дені сау бала әртүрлі әрекеттерге
қызығушылықпен, белсенді кіріседі деп қорытады. Бұл
баланың қуанышты, болашаққа үмітпен қарайтын, басқалармен қарым-қатынасы
жақсы болып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуының алғы шарты [23, б. 132].

1.2 Әлеуметтік жағдай және денсаулық

Соңғы жылдары медицина ғылымдары денсаулық мәселелеріне ерекше көңіл
бөлуде. Мүмкін бұл Қазақстан тұрғындарының денсаулығының жағымсыз
қозғалысының жоғарғы темпімен өсуіне байланысты болар. Қазіргі кездегі
аурумен өлу құрылымында созылмалы инфекциялық емес аурулар, оның ішінде
бірінші орында жүрек-тамыр және анкологиялық аурулар үлкен орын алуда.
Бірақ медицинада көрсетілген көптеген жағдайларда ауруды көресетілген
потология бойынша радикалды түрде еселей алмайды, Сондықтан барлығы
түсінікті болады, яғни медицинаны күшейту ұсынысында ең алдымен, дені сау
адам оны қорғау және денсаулықты жақсарту мәселесі тұр. Денсаулықты
жақсарту үшін адамдардың өмір салтын жақсарту керек [ 24, б. 50.]
Ал, өмір салты - биоәлеуметтік категория. Ол адамның белгілі бір
тіршілік әрекеті туралы мағлұматты береді және еңбек әрекетімен,
тұрмысымен, материалдық және руханилылық қажеттілігін қанағаттандыру
формасымен жеке және қоғамдық мінез-құлық ережелерімен сипатталады. Өмір
салты мыналарға тәуелді: әлеуметтік-экономикалық жағдайларға; нақты
адамның әрекетінің себептеріне; оның психика ерекшеліктеріне; денсаулық
жағдайына; организмнің функциональдық ерекшеліктеріне және т.б. [25, б.41-
42 ]
Өмір салты төрт категорияны енгізеді: тіршілік деңгейі, стильі,
сапасы, қалыптасуы. Өмір стильі - адамның өмірінің мінез-құлықтық
ерекшеліктерін сипаттайтын әлеуметтік-психологиялық категория немесе
белгілі бір стандарт; оған жеке бастың психологиясы мен психофизиологиясы
бейімделеді. Өмір қалпы - әлеуметтік-экономикалық категория. Тіршілік
деңгейі - адамның жандық және мәдениеттік қажеттілігін қанағаттануының
деңгейін көрсететін экономиялық категория [ 26, б. 15-16 ].
Денсаулықты сақтауға, нығайтуға бағытталған, гигиеналық талаптармен
ережелерге негізделген адамның өмір салтының маңызы зор. Бұндай өмір салтын
кешу үшін адамдардың әлеуметтік жағдайы да жақсы болуы керек. Салауатты
өмір салты жеке тұлғалық және қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы, сақталуы
және нығаюындағы жеке тұлғаның іс-әрекеттеріне бағыт береді. Салауатты өмір
салтын қалыптастыруда негізінен биологиялық және әлеуметтік ұстанымдар
орныққан.
Биологиялық ұстаным - жас ерекшелігін ескеру, жүйелілік, сабақтастық
қасиеттерін қамтыса, әлеуметтік үстаным - адамгершілік қасиеттерін,
эстетикалық модениегіи, рухани мәдениетін ескереді [27, б. 25-26].
Қазіргі жағдайда баланың дені сау болып, денсаулығын нығайту үшін
оны қалай жүзеге асыру керектігін білу керек.
Әдебиеттерде балардың денсаулығы көптеген факторларға байланысты
екендігі айтылады. Соның ішінде физикалық дамудың деңгейін анықтайтын
негізгі үш түрлі факторларды атайды:
- Эндогенді (биологиялық): тұқымқуалау, құрсақішілік әсер, туа
біткен кемістіктер, жетілмей дүниеге келу.
- Табиғи факторлар немесе қоршаған орта факторлары (экологиялық):
климат, атмосфераның, судың және топырақтың құрамы мен физика-химиялық
қасиеттері, жергілікті жердің рельефі және т.с.с.
- Әлеуметтік-экономикалық факторлар: экономикалық даму
деңгейі, тұрмыс жағдайы, мәдениет деңгейі, білім, өмір салты, гигиеналық
дағдылар, тәрбие, психологиялық жақ, ұлттық дәстүрлер және т.б. [28, б.4-
5].
Тьесова-Бердалинаның мәліметі бойынша балалар мен жас өспірімдердің
денсаулығына жоғары деңгейде өз үлесін әлеуметтік факторлар - 47,7%, одан
кейін ауа бассейінің ыластануы -38,5%; биологиялық факторлар – 13,8%
тигізеді. [29, б.36].

1.3 Мектеп жасындағы балалар денсаулығы және оған әсер ететін
жағдайлар

Қазіргі таңда метеп жасындағы балалардың денсаулығы көңіл бөлетін
мәселенің бірі болып отыр. Қазіргі медициналық мәліметтерге қарағанда
мектеп жасындағы оқушылардың тек 14% ғана дені сау. Ал мектеп жасына
дейінгі балалардың 15-20 пайызында созылмалы аурулар болса, 50 пайызында
функционалдық ауытқулар бар. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың 20-60
пайызында ағзаның бейімделу жүйесінің бұзылу деңгейінің жоғарлығы, иммундық
жүйенің 70-80 пайыз жағдайда ширығу мен дезадаптация режімінде қызмет
етендігі анықталды [30, б. 45-46].
Бұл жағдайлар гигиенистердің балалар ағзасына негізгі сынақ
факторларын анықтау үшін зейіндерін балалардың тіршілік деңгелері мен білім
беру жағдайларына аударуларына себепкер болды.
Мұндай факторлар қатарына оқу жүктемесінің жоғарлығы, тіршілік
жағдайының төмендігі және зиянды әдеттер жатады.
Ресей Федерациясының гигиенистерінің VIII съезінің материалдары
бойынша бүкіл оқу жылы барысында мектеп оқушыларында айқын шаршау мен
денсаулық жағдайларының нашарлауы байқалған. Сонымен қатар, мектептердегі
оқу жүктемесінің жоғарлығы және оқушылардың күн режимнің жиі бұзылуы аталып
өткен [31, б. 37-40].
Қазіргі мектеп оқушыларының тіршілік деңгейінің төмендігінің бір
көрінісі жоғарғы сынып оқушыларының тек төртттен бірі ғана күніне бір
мезгілден ыстық тамақ пайдаланады.
Кедейшілік көріп жатқан отбасынан шыққан мектеп жасындағы
оқушылардың пайыздық (39-40%) мөлшері жоғары. Сондықтан, білім беру
жүйесіне байланыссыз, көпшілік жағдайда отбасы баланы күнделікті ұтымды
тамақпен қамтамасыз ете алмайды. Ақырғы 10-15 жылдары мектептегі оқушыларды
тамақтандыру да физиологи-гигиеналық талаптарға сай келмейді [32, б.120-
121].
Апталық, тәуліктік физиолого-гигитеналық нормативтерді жасқа сай
емес көтеру де оқушылардың денсаулық жағдайына әсер етеді. ОНЖ әрекетінің
айқындалатын функционалдық ауытқулары біртіндеп невроздарға айналады.
Балалар ауруларын лдан алу және гигена ҒЗИ мәліметтері бойынша
орташа шамамен 15 пайыз оқушыларда нервтік-психикалық ауытқулар бар.
Созылмалы аурулар саны да, жиі және ұзақ ауыратын балалар саны да өсуде
[33, б.175].
Әр бір төртінші алты жастағы бірінші сынып оқушысында мектеп
жағдайына бейімделудің ауыр түрі байқалады және бұл нервтік-психикалық
денсаулықтың нашарлауымен көрініс береді. Нәтижесінде 40 пайыз оқушыларда
дене салмағы мен қан құрамындағы гемоглобин мөлшерінің төмендеуі, 20 пайыз
оқушыларда психикалық денсаулықтың нашарлауы байқалады.
Мектеп кезеңінде балалар мен жас өспірімдердің сыртқы ортаның
жағымсыз әсерлеріне сезімтал екі кезеңін, яғни оқушылардың денсалық
жағдайының нашарлауы айқын көрініс беретін кезеңін ажыратады. Бірінші кезең
6-8 жаста, бұл кезеңге организімнің өсу үрдісінің шапшаңдығы тән, ал екінші
кезең 10-12 жас жыныстық жетілу кезеңіне сәйкес келеді.
Әсіресе осы кезеңдерге әлеуметтік бейімделу қажеттілігі сезіледі [34,
б. 8-9].

Мектеп жасында денсаулықтың негізгі бір көрсеткішінің бірі
физикалық жетілу. Себебі, мектеп жасында бала дене бітімдік жағынан жоғары
өзгеріске ұшырайды.

Денсаулық жағдайының нашарлауы негізінен, физикалық дамудың
көрсеткіштерінің төмендеуі негізінен жүреді: физикалық дамудағы ауытқуы бар
және бой-салмақтық арақатынастағы сәйкессіздігі бар оқушылардың санының
өсуі; ақырғы жылдары балалар мен жас өспірімдер арасында дене салмағының
жетіспеушілігі бірінші сыныптан 4-5-ші және 7 сыныпқа қарай 2-3 пайыздан 20-
22 пайызға дейін өсті.
Оқыту жүйесі мен бағдарламаларды ескермегенде балалардың физикалық
дамуы 4 сыныпқа қарай былай сипатталады: физикалық дамуы орташа
деңгейдегі балалар 70-79,0% (70-ші жылдары бұл көрсеткіш– 95% құраған),
физикалық дамуы үйлесімсіз - 21-24%: 8 пайыз дене салмағының жетіспеушілігі
негізінен (70-ші жылдары бұндай ауырқу тіркелмеген), артық дене салмағы
негізінде – 2% және бойдың аласалығы негізінде 12% жағдай. Бұндай
құбылысты Ресейдің АМН педиатрия ҒЗИ айқындаған [35, б.22].
Оқұшылар контингентінде сол кезең аралығында сымбаттың бұзылуы 10-15
пайыздан 50-55 пайызға, ал жақыннан көргіштік рефракциясы бастауыш
сыныптарды 2-3 пайыздан жоғары сыныпқа қарай 27-40 пайызға өсті. Асқазан-
ішек жолының созылмалы аурулары 8-ші сыныпқа қарай 8-10 пайызға, нервтік-
психикалық ауытқулар бірінші сыныптан 15-25 пайыздан сегізінші сыныпқа
қарай 45-50 пайызға өсті. 8-9 сыныпытарда дені сау балалардың саны төрт-бес
рет төмендеген. Кейбір сынып ұжымдарында денсаулық бойынша бірінші топқа
жататын балалар жоқ деп те айтуға болады [36, б.42].
Оқу үрдісі барысында көптеген оқушылардың организіміндегі өзгерістер
мектеп стрессі туралы мәселені көтеруге әкеледі. Нәтижесінде 80 пайыз
мектеп оқушылары оқуды денсаулықтарында ауытқу болып бітірсе, 45 пайызы
созылмалы ауруға ұшырайды (практик психологтардың 1-съезд мәліметтері июнь,
1994).
Оқушылардың физикалық дамуымен денсаулық жағдайындағы келеңсіз
тұрақты өзгерістер, өсіп келе жатқан организмге экзогендік әселердің
жоғарлауы олардың адаптивті-бейімделушілік қорының төмендеуіне әкеледі.
Организм жағдайының қорғаныш-бейімделу механизмдерін қамтамасыз ететін
функционалдық көрсеткіштерін таңдап зерттеу, қанағаттанарлық бейімделу
деңгейі бар балалардың саны 5-10 пайызға кемігенін көрсетті. Бұл әсіресе 12-
17 жас аралығындағы оқушыларға тән.
Ерекше алаңдауды қыз балалардың денсаулығы туындатады, себебі әр
түрлі жастағы топтарда қыз балалардың денсаулығы ұл балаларға қарағанда
төмен болып келеді. 90 жылдары мектеп бітіруші қыз балалардың тек 6,3%
ғана толығымен дені сау болса, ал 75% қыз балаларда созылмалы аурулардың
белгілері бар [37, б. 20-21].
Л.Г.Савельева ШҚО мектеп оқушыларының физикалық дамуы мен
денсаулық жағдайының салыстырмалы сипаттамасы атты өзінің ғылыми жұмысында
келесідей түсіндірмені береді. Өскемен қаласының мектеп оқушыларының
арасында ауру балалардың пайыздық мөлшерінің жоғары болуы бұл өңірдің
экологиялық жағымсыз жағдайларымен байланысты болуы мүмкін дейді [38, б.42-
43].
Савельева Л.Г. өзінің зерттеулері бойынша мынадай қорытынды жасайды:
ауру балалардың санының өсуі олардың жастарының өсуіне сәйкес, 10 жастан 19
жасқа дейін өседі. Бұл қалада тұратын баларда да, және ауыл балаларында да
байқалады. Соматикалық аурулардың ең көп кездесуі қала мектептерінің 15
жастағы қыз балалар (49,6%) арасында, ал ауылда 17 жастағы қыз балалар
(53,8%) арасында.
Ол сонымен қатар, әр түрлі жастағы топтардағы қаланың оқушы қыз
балаларының арасында жиі тараған миопия (7,6-33,3%), туберкулез инфекциясы
(4,7-7%), ауыл оқушы қыз балалардың арасында – тонзиллиттер (1-24,3%),
тіс жегісі (4,1-18%), миопия (7,2-13,7%) тараған. Қала оқушыларының
арасында әр түрлі жастарда миопия (4,2-17%), туберкулез инфекциясы (3,6-
7,2%), сколиоз (1,4-5%), ауыл оқушыларының арасында тіс жегісі (2,2-33%),
тонзиллиттер (1,4-9,1%), миопия (1,6-4,1%) тараған [39, б.44-45].
Денсаулықтың нашарлауы он жылдықтан он жылдыққа қарай ғана байқалып
қоймайды, сонымен қатар мектепке дейін, мектеп бітіруге дейін де байқалады
[40, б.37-38].
Ақырғы жылдары адам денсаулығына әлеуметтік факторлардың орнын және
әсерін көптеген ғалымдар көтеріп жүр. Әлеуметтік жағдайдың нашарлығы
Қазақстан тұрғындарына кері әсерін тигізеді. Егер денсаулық 50 % -дан астам
өзінің өмір салтынан тәуелді екені белгілі болса, өмір салтының негізгі бір
элементі ретінде әлеуметтік жағдай 20 пайызын құрайды
[ 41. б. 7-10].
Әлеуметтік жағдайы нашар от басындағы балалар арасында әртүрлі
аурушаңдық жиі кездеседі. Бұл балалардың арасында жалпы науқастанушылық
қалыпты от басымен салыстырғанда 27 пайызға жоғары [ 42. б. 7-10]

2 ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ КӨЛЕМІ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Зерттеу жұмысынң нысанасы: Күршім ауданының Қойтас орта мектебінің
оқушылары. Зерттеу жұмысына 1-11 сыныптың 137 оқушысы қатысты (бастауыш
сынып - 50, орта сынып - 47, жоғарғы сынып - 40)
Зерттеу жұмыстарының әдістері ретінде антропометриялық әдіс,
сауалнама әдісі, медициналық карталарын талдау және статистикалық өңдеу
қолданылды. Антромометриялық әдіс бойынша дененің тұрған қалпындағы
ұзындығы, дене салмағы, көкірек жасушасының аумағы алынып, 1983 жылы доцент
Т.М.Риб құрастырған балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуын бағалауға
мүмкіндік беретін стандартты бағалау кестесі қолданылды. Бұл әдіс
физикалық дамудың үйлесімділігін, пропорционалдығын, деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жұмыста центильді кесте қолданылды.
Центильді кестені қолдану ақырғы он жылдықта педиатрияда кең етек алды.
Антропометриялық көрсеткіштері бойынша бұл кестені қолдана отырып,
балалардың физикалық дамуын бағалауға болады.
Физикалық дамуы 10 және 90 центили интервалдарында болған көрсеткіш
қалыпты деп, антропометриялық көрсеткіші 3- тен 10-шы және 90 мен 97
центили арасындағы көрсеткішке кіретін балаларды педиатрдың
консультациясына бару усынылса, 3- тен төмен және 97-ден жоғары центили
көрсеткіштеріне сәйкес келген балалар мен жасөспірімдер эндокринологқа
қаралу ұсынылады.
Центили кестесінің бір жақсы жағы бой мен салмақтың ара қатынысы
бойынша центил аймағын анықтауға болады. Ортаңғы центили аймағында (25-тен
75-ші центили) физикалық дамудың көрсеткіші де орташа болып табылады. 25-
ші центилиден 10-шы центили аймағында және и 75-шіден бастап, 90-шы
центилиге дейін физикалық дамудың орташадан төмен немесе орташадан жоғары
мәндері жатады, ал 10-шыдан 3-ші центили және 90-шы центилиден 97-ші
центили аймақтары сәйкесінше төмен және жоғары физикалық дамуды береді.
Физикалық даму деңгейін морфологиялық және функционалдық
көрсеткіштердің жиынтығын анықтайтын әдіс арқылы қолданылады. Негізгі және
қосымша антропометриялық көрсеткіштерді жіктейді.
Біріншілеріне дене салмағы, бой ұзындығы, көкірек жасушасының аумағы
жатса, қосымша антропометриялық көрсеткіштерге отырған кездегі бой,
мойынның аумағы, бел мен мықынның аумағы т.б. жатады.
Аталып өткен әдістерге қосымша сауалнама әдісі, медициналық
карталарын талдау және статистикалық өңдеу қолданылды.
Сауалнама әдісі арқылы біз оқушылардың өмір сүріп жатқан от-басының
әлеуметтік жағдайын анықтадық.
Оқушының әлеуметтік қамтамасыз етілуін анықтауға арналған сауалнама.
Қадірменді мектеп оқушысы, жабық сауалнамаға қатысқаныңыз үшін сізге
алғыс айтамыз. Сізден сауалнамаға ұқыпты да шынайы жауап беруіңізді
өтінеміз.
1. Сіз бүгінгі күніңізге ризасыз ба?
А) иә
В) жоқ
С) білмеймін
2. Сіз толық отбасында өмір сүріп жатырсыз ба?
А) иә
В) жоқ
С) жауап бере алмаймын
3. Ата-анаңыз қандай топқа жатады:
А) жұмысшы
В) қызметкер
С) жеке шаруа қожалығымен айналысады
4. Сіздің ата-анаңызбен қарым-қатынасыңыз қандай?
А) жақсы
В) қанағаттанарлық
С) қанағаттанарлықсыз
5. Сіз шынығумен айналысасыз ба?
А) иә
В) сирек
С) жоқ
6. Сіздің дене шынығуымен айналысуыңызға ата-ана қамқорлық жасай ма?
А) иә
В) кейде
С) жоқ
7. Таңертеңгілік жаттығуды жасауыңызды от басында біреу қадағалай ма?
А) күнделікті қадағалайды
В) қадағаламайды, бірақ жаттығумен айналысудың пайдалы екендігін айтады
С) таңертеңгілік жаттығумен мүлде айналыспаймын, бұл ата-анама керек емес
8. Тәулікте қалай тамақтанасыз?
А) 3 немесе одан да көп тамақтанамын
В) тамақтану режімін ұстауға тырысам
С) тамақтану режімін мүлде ескермеймін
9. Тамақтану рационыңыз өз денсаулығыңыздың мұқтаждығын өтейді деп ойлайсыз
ба?
А) иә
В) кей-кезде
С) жоқ
10. Тамақ рационына жеміс-жидектер жиі бола ма?
А) иә
В) сирек
С) жоқ
11. Сізде артық салмақ бар ма?
А) жоқ
В) кей уақытта болады
С) білмеймін
12. Ұйқыңыз жиі қана ма?
А) иә
В) сирек
С) жоқ
13. Дене еңбегі мен ой еңбегінің ара қатынасын сақтайсыз ба (Бұны ата-ана
қамтамасыз ете ме?)?
А) иә
В) сирек
С) жоқ
14. Жанұяда демалудың қандай түрін таңдайды?
А) табиғатқа шығып демалу, спортпен айналысу т.б. белсенді демалу
В) үйде кітап, журнал, газет оқу, теледидар қарау, компьютерде отыру
С) сыраханада т.с.с.
14. Шаршау сезімі жиі туындай ма?
А) жоқ
В) сирек
С) иә
15. Медициналық тексеруден өтіп тұруыңызды ата-анаңыз қамтамасыз ете ме?
А) жылына 1 реттен жоғары
В) жылына 1 рет
С) тек бір жерім ауырып мазасызданған кезде
16. Ауырған жағдайда Сізді дәрігерге апарып, керекті дәрі-дәрмектермен ата-
анаңыз қамтамасыз ете ала ма?
А) иә
В) жоқ
С) көлік болмаудан не қаржы болмаудан көбінесе өздері білетін емдерін
пайдаланады
15. Суық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар мен жасөспірімдердің морфофункционалдық даму ерекшеліктері
Сауықтыру жаттығулармен айналысатын адамдар үшін медициналық бақылау
Оқушыларының физикалық денсаулық жағдайын бағалау
Сыныптан тыс сабақ түрлерін ұйымдастыру түрлері
Оқушылар мен ұстаз - тәрбиешілер
Денсаулықтың негізгі көрсеткішінің бірі дене дамуы
Дене шынықтыру шаралары
Дәрігерлік бақылаудың сипаттамасы
Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың сынып жетекшінің іс-әрекеті
Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру
Пәндер