Ауыспалы егістіктердің территориясын ұйымдастыру


Мазмұны
Аннотация
Бұл курстық жұмыс Алматы облысы, Кербұлақ ауданы «Сарыөзек» өндірістік кооператив жерінде Ауыспалы егістік территориясын жобалау мақсатында жасалды.
Осы жұмыс арқылы топырақ құнарлығын қалпына келтіре отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін дамытуға болады. Сонымен бірге техниканы, еңбек ресурсын тиімді пайдалануды да ұсынып отырмын. Ауыл шаруашылық ауыспалы егістік жүйелері кешенді агротехнологиялық және шаруашылық шараларды жүргізу арқылы ауыл шаруашылық дақылдарын кезектестіру арқылы таза парларды қолдану нәтижесінде топырақ құнарлығын көтеріп еңбек шығындарын аз жұмсап көп өнім алу қажет.
Курстық жұмыс негізгі және жобалық шешім бөлімдерінен тұрады. Негізгі бөлім _бет, жобалық шешім 8 бет құрайды. Кестелер саны 16, сызба жұмысы 1, қосымша 1.
Курстық жұмыс студентке шаруашылық жерiн орналастырудың барлық элементерiн: алқаптарды ұйымдастыру, ауыспалы егiстiк территориясын орналастыру және экономикалық есептердi шығару жолдарын үйретеді.
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі құжаттарға сілтемелер қолданылды:
― МЖМБС 2. 104-2006 КҚБЖ (ЕСКД) -негізгі жазбалар;
― МЖМБС 2. 301-68 КҚБЖ (ЕСКД) -форматтар;
― МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) -сызбалық шрифттер;
― МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) -әріптік белгілеу;
― МЖМБС 2. 201-80 КҚБЖ (ЕСКД) -бұйымдар мен конструкторлық
құжаттарды белгілеу
― МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) -орындауға қойылатын талаптар;
― МЖМБС 7. 1-2003-жалпы талаптар мен орындау ережелері;
― СТ ОҚМУ 7. 14-2010-курстық жобалау, мазмұны, тақырыптары, құры-лымы, жетекшілік ету, рәсімдеу, белгілеу және курстық жобаны (жұмысты) қорғау.
Анықтамалар
Бұл курстық жұмыста өзіне сәйкес анықтамалармен айқындалған келесі терминдер пайдаланылған:
Жер қоры - шаруашылық жүргізу, жеке меншік, иелену және пайдалану объектісі болып табылатын белгілі бір территория көлеміндегі бүкіл жер.
Жер пайдаланушылық (жер иеленушілік) - меншікте, иеленуде, пайдалануда немесе жалда болып табылатын, ауданы мен межелері белгіленген территория (демек, белгілі бір құқықтық статусы бар жер учаскесі.
Жер ресурстары - халық шаруашылығы салаларында пайдаланудағы немесе пайдалануға жарамды жерлер.
Жерге орналастыру құжаттамасы -жердің пайдалануын ұйымдастыруға қатысты өзара байланысты жобалық құжаттардың біртұтас жүйесі.
Жерге орналастырулық жобалау - ғылыми пән ретінде - жерге орналастыру жобалары мен схемаларын жасау әдістері мен тәсілдері, территория мен онымен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын ұйымдастыру заңдылықтары туралы ілім; нақты іс-әрекеттер ретінде - жерге орналастыру жобалары мен схемаларын жасау, оларды экономикалық, экологиялық және құқықтық тұрғыдан негіздеу, жұмыс сызбалары мен сметалық есептерді әзірлеу жөніндегі іс-қимылдар.
Жерге орналастыру жобасы - жерге орналастырулық жобалық шешімдер, олардың графикалық бейнеленуі, негізделуі және сипаттамасы қамтылған экономикалық, техникалық және жоспарлау құжаттарының жиынтығы.
Жер учаскесі - меншіктің гомогендік құқығы тарайтын және бірыңғай меншік болып келетін жер учаскесі.
Шекаралар - бөлуші сызықтар (меже) бағыттары және ұзындықтары, жанама учаскелер аттарының көмегімен жер учаскесін бейнелеу.
Қала шебі - қала жерінің сыртқы әкімшілік шекарасы.
Ландшафттық жерге орналастырулық жобалау - табиғи ландшафттарды жақсарту және өзгерту жөніндегі шараларды ескере отырып, ішкішаруашылық және шаруашылықаралық тұрғыдан территориялық реттілікті жобалау.
Сызықтық объектілер - жер пайдаланушылық (жер иеленушілік) территориясында орналасқан ұзын пішінді объектілер мен шептер (жолдар, орман белдеулері, каналдар, межелер және т. с. с. )
Территорияның контурлық ұйымдастырылуы - территорияны бедерді барынша ескере отырып реттестіру.
Шартты белгілер - жерге орналастыру схемалары мен жобаларының элементтерін топографиялық пландар мен карталарда бейнелеуге қолданылатын белгілер жүйесі.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның экономикалық, қоғамды мәні - саяси бағытты жаңарту жолында» тақырыбымен жарияланған жолдауында өркендеудің жаңа жүйесі болған жаңа технология және экономикалық бағытқа көшуге үлкен назар аударылған. Сондай-ақ ауыл шаруашылығының өсу қарқындылығы, жерді тиімді пайдалану, жаңа технологияларды пайдалану негізінде іске асады.
Ауыл шаруашылығының өркендеуi жер байлықтарын тиiмдi пайдаланумен байланысты, бұл әрбiр гектар жердi тиiмдi пайдалану мен жоғары дәрежеде өнiм алу қажетiлiгiн туғызады. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жоспарлағанда, шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн бағалағанда жердiң ерекшелiгiн бiлу қажет.
Ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшiн берiлген немесе осы мақсатқа арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп жер кұрамында ауыл шаруашылығын жүргiзуге қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, қора-жайлары мен ғимараттары бар ауыл шаруашылық алқаптары мен жер бөлiнедi. Ауыл шаруашылық алқаптарына егiстiктер, тыңайтылған жер, көп жылдық өсiмдiктер егiлген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.
Қазiргi кезде республика нарық жағдайында көшiп, және жер заңына сәйкес, жер мемлекет меншiгiнде немесе жеке меншiк болуы да мүмкiн деген жағдайға байланысты жер жеке шаруашылықтарға, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге, өндiрiстiк кооперативтерге берiлiп жатыр. Осыған орай, шаруашылықтар жаңадан ұйымдасқан кезде бұрынғы шаруашылықтың жер шекараларын өзгерту, сол сияқты шаруашылықтың өз iшiндегi жер пайдалану жұмысын кайта ұйымдастыру кезiнде жерге орналастыру жұмысы жүргiзiледi.
Жерге орналастыру-жердi ұтымды пайдалануды ұйымдастыру мен корғауға бағытталған шаралар жүйесiн камтиды.
«Жер кодексiнде» айтылғандай жерге орналастыру жер ресурстарын пайдаланудың, жақсарту мен қорғаудың бағдарламаларын әзiрлеудi, жер пайдаланудың жаңа құрылымдарын құру мен қазiргi колданыстағысын ретке
келтiру жобаларын жасауды, жер учаскелерiн орналаскан жерiнде бөлу мен шекараларын белгiлеудi, жер пайдалануға құқық беретiн құжаттар жасауды,
бүлiнген жерлердi жақсарту мен жаға жерлер игеру жобаларын жасауды, жер
кадастры мен жер монитерингiн жүргiзудi, жер бағалау жұмыстарын жүргiзудi камтамасыз етедi.
Мемлекеттiк жерге орналастырудың мiндеттерi жердiң неғұрлым толық, дұрыс және тиiмдi пайдалануын ұйыдастыру, егiншiлiк мәдениетiн арттыру және жердi корғау болып табылады.
Жерге орналастырудың бiр түрi iшкi шаруашылық жерге орналастыру жұмысы тек қана бiр шаруашылықта ғана жүргiзiледi. Ішкi шаруашылық жерге орналастырудың негiзгi мазмұны өндiрiс бөлiмшелерi мен шаруашылык орталықтарын ұйымдастыру, iшкi шаруашылык жолдары мен су жүйелерi, баска да инженерлiк жұмыстарды орналастыру, пайдаланатын ауыл шаруашылық жерлерiн орналастыру, ауыспалы егiс торабын ұйымдастыруды камтамасыз етедi.
Жер реформасына сәйкес, шаруашылықтар бөлiнiп, шаруашылық жүргiзудiң жаңа түрлерi калыптасып жатқанда олардың территорияларын iшкi шаруашылық жерге орналастыру кажеттiгi тууда
Курстық жұмыстың мақсаты негiзгi мiндетi жаңадан ұйымдасқан өндiрiсiтiк кооперативтiң iшкi шаруашылық кұрылымын ұтымды ұйымдастыру және экономикалық негiздеу болып табылады.
Жобада жерге орналастыруды жобалау институтымен бұрын жасалған iшкi шаруашылық жерге орналастыру жобасының негiзiнде ауыспалы егiс территориясын кұрудың екi нұсқасын ұсынылған.
1 Негізгі бөлім
- Ауыспалы егістер жүйесін ұйымдастыру
Ауыспалы егістік жүйесін жобалаудың негізі болып территориялық жағдайда егіншілікті көтеру топырақ құнарлығын қалпына келтіру және көтеру. Ауыл шаруашылық өнімдерін арттыру. Сонымен бірге техниканы, еңбек ресурсын тиімді пайдалану. Ауыл шаруашылық ауыспалы егістік жүйелері кешенді агротехнологиялық және шаруашылық шараларды жүргізу арқылы ауыл шаруашылық дақылдарын кезектестіру арқылы таза порпарды қолдану нәтижесінде топырақ құнарлығын көтеріп еңбек еңбек шығындарын аз жұмсап көп өнім алу қажет.
Жобаланатын ауыспалы егістік жүйесінің түрін және типін ауыспалы егін санын, ауыспалы егіс массивінде олардың территориясында бригадаларда кезектесіп келу схемаларын жобалайды. Ауыспалы егіс жүйесін мынадай талаптарға сай қолдану қажет:
- Берілген өндіріс егіншілігінде жалпы және тауарлы өнімділігін арттыру. Яғни нарық сұранысын қамтамасыз ету.
- Барлық пайдаланған жерді, учаскелерді табиғи жағдайына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай ауыл шаруашылық дақылдарын пайдалану.
- Эрозияға қарсы шараларды және табиғатқа кері әсерін тигізетін бұрылыстарға қарсы топырақ құнарлығын жүйелі түрде көтеру және қалпына келтіру.
-Жұмыс күшін, ауыл шаруашылық техникасын, транспорт құралдарын және басқада механизмдер толық, тиімді пайдалану үшін жағдай жасайды.
Ауыспалы егістер типтері төмендегі негізгі топтарға бөлінеді:
- Далалы ауыспалы егістік;
- Мал ауыспалы азық егістік;
- Арнайы ауыспалы егістік;
- Топырақ қорғау ауыспалы егістік.
Далалық ауыспалы егістігіне 50% жоғары далалық дақылдар себіліп егін алынады. Оның түрлері:
- астық-парлы;
- астық-парлы-отамалы;
- астық -отамалы;
- қант-қызылшалы-мақта және т. б.
Мал азықтық ауыспалы егістік 50% жоғары мал азықтық дақылары себіліп, өнім алынады:
- ферма алды;
- лагерлер алды;
- шабындықты, жайылымды ауыспалы егістік.
Арнайы ауыспалы егістікті ұйымдастырғанда топыраққа қарай және арнайы күтім қажет ететін дақылдарды түріне қарай өсіруге жоғары танапты қажет ететіндігіне қарай дақылдар егіледі (көкөніс, мәдени) техникалық дақылдар, дәрілік дақылдар (табак, жалбыз) . Топырақ қорғау ауыспалы егісі 70-80% жоғары көп жылдық шөптер егілетін ауыспалы егістік.
1. 2 Ауыспалы егістіктердің территориясын ұйымдастыру
Ауыспалы егістіктердің территориясын ұйымдастырғанда төмендегі элементтерді орналастыруымыз керек.
- Ауыспалы егістік танаптарын;
- Жұмысшы учаскелерді ;
- Орман жолақтарын;
- Дала;
- Авиоалаңдар;
- Дала су көздерін орналастыру.
Ауыспалы егістіктің территориясын ұйымдастыру келесі танаптарға сәйкес болуы керек.
- Дифференциалдық агротехникаға, топырақтың саласын әрдайым жоғарлауға, эрозия қалдықтарын жоюға және эрозиялық апаттан сақтауға оны болдырмауға жағдай жасау.
- Техниканы және техника құралдарын жоғары өндірістік тиімді пайдалану және дала жұмыстарын орналастыру үшін оптималды территориялық жағдай жасау керек.
- ауыспалы егістік айналымы әр жылында негізгі дақыл бойынша жалпы өнімнің мөлшерін бір қалыпта болуын қамтамасыз ету.
- Ауыспалы егістік территориясын ұйымдастыру барысында капиталдық және әр жылдық шығындардың мөлшерінің неғұрлым аз болуын қамтамасыз ету.
1. 3 Ауыспалы егістік танаптарын және жұмыс учаскелерін орналастыру
Жер бедеріне байланысты танаптарды орналастыру. Танаптарды орналастырғанда беткейлердің экспозициясымен еңістігінің орналасуы өз әсерін тигізеді. Беткейдің әр беті, әр түрлі дәрежеде сумен жуылады оларға ауыл шаруашылық дақылдарын өсуі пісіп жетілуі және оларға өндеу беру уақыты әр түрлі болады. Сондықтан танапты беткейдің бер бетіне орналастыруға тырысу керек. Ал егер ондай мүмкіндік болмаса танапты агротехникалық бірыңғай жұмыс учаскесіне бөледі. Танапты жобалауда ең негізгі талап танаптың ұзын қабырғасы беткейге көлденең болу керек. Өйткені танапты бойлай жасалатын негізгі бұрыш. Жұмыстар горизонталдар бағытында жасалады, яғни беткейді бойлай ағатын суларға кедергі жасалып, олардың ағыны тоқтатылғанға байланысты танаптарға сіңіп жерге қосымша. Жоғарыдан ағатын сулар тоқтап эрозия процесін болуына жол берілмейді. Жер бедері машина трактор агрегаттарды пайдаланады, өз жерін тигізеді. Тік беткейлерде техника-жоғары өрлегенде қосымша күшті қажет етеді.
Бұл еңістіктерді төмендегі форуламен анықтаймыз:
і
жұм.
=
; і
жұм.
=
; (1)
і- орташа еңістік;
Н 1 , Н 2 - нүктелердің биіктігі;
Һ - горизонталь ұзындығы;
һ і - горизонталь арасындағы биіктік;
р - танаптың көлемі;
γ - танап ішіндегі барлық горизонтальдар ұзындығы, танапты өңдеу бағыты мен горизонтальдар арасындағы негізгі бұрыш.
2 «Сарыөзек» өндірістік кооператив жерінде ауыспалы егістік территориясын жобалау
Шаруашылық территориясы аудан орталығы Кербұлақ ауданының оңтүстік бөлігінде орналасқан.
«Сарыөзек» ЖШС жер пайдалануы екі учаскеден тұрады. Оның бірінші учаскесі шаруашылықтың солтүстік шығыс бөлігінде егістік, тыңайған жер, жайылым, шабындық алқаптарынан тұрса, екінші учаскесі бірыңғай жайылым алқаптарынан тұрады және ол шаруашылықтың батыс бөлігінде орналасқан.
Шаруашылықтың жалпы жер көлемі - 4421гектар, оның 1368, 4гектары егістік жерлер, 396, 6гектары тыңайған жерлер, 130гектары шабындық, 2183гектары жайылым және басқа жерлер 332 гектарды құрайды. Ал шаруашылық үлесінде бұрыннан қалыптасқан үш күріш ауыспалы егістіктерінің массивтері бар.
Шаруашылықтың орталық елді мекені болып табылатын «Кербұлақ» аудан орталығынан үш шақырым және облыс орталығынан жүз жиырма сегіз шақырым қашықтықта орналасқан.
Шаруашылықтың орталық елді мекенінің облыстық орталығымен транспорттық байланысы темір жол мен асфальт жолдар арқылы, ал аудан орталығымен асфальталған жолдармен жүзеге асырылады.
Шаруашылық электр жүйесімен, газбен, телефонмен және диспечерлік байланыспен қамтылған.
Ш(Ф) Қ жер пайдаланушылығын орналастыру барысында бір қатар табиғи және элеуметтік - экономикалық факторларды ескеру қажет. Солардың ішінде:
- су көздері мен ландшафттың басқа элементтерінің орналасуы;
- елді мекендер жүйесі;
- өндірістік инфрақүрылым (өндірістік және қызмет көрсету жөніндегі қосалқы кәсіпорындар, жол мен тасымалдау жүйелері және т. б. ) ;
- әлеуметтік инфрақұрылым (білім беру, мэдениет және тұрмыс қажеттіліктерін қамсыздандыру саласындағы мекемелер мен ұйымдар) ;
- қалыптасқан территориялық реттілік (алаптар мен ауыспалы егістердің орналасуы жэне басқа территорияның реттілігіне жататын элементтер) .
Аталған факторлар бір уақытта және кешенді түрде ескерілуге тиісті. Бірінші кезекте территорияның қалыптасқан реттілігіне назар аударған жөн. Оны мүмкіндік болса бұзбауға тырысу керек. Шаруашылықта игерілген ауыспалы егістер жүйесін, сонымен бірге танаптарды, жол торабы мен басқа территориялық реттілікке жататын элементтерді барынша бұзбай бүрынғы қалпында сақтап қалған жөн. Осы мақсатпен Ш(Ф) Қ жер пайдаланушылығы ауыспалы егістерге енгізілген және жекешеленген жер алаптарына орналастырылады. Сонымен бірге кооперативтік байланыстарды қолайлыландыру мақсатымен шаруа қожалықтарының жер массивтерін, әсіресе жыртылған жерлерін, межелес және біртұтас қылып жобалаған дұрыс. Оларды, шама келгенше, өндірістік орталықтарына жақындатуға тырысу керек. Әрбір шаруа қожалығы бірінші кезекте су көздерімен, жол байланысымен және басқа да инфрақүрылыммен қамтамасыз етілуге тиісті. Осы жөніндегі қабылданған жобалық шешімдер сызба бетіне түсіріледі.
Жер пайдаланушылықтың бірінші жуықтаудағы ауданы, тұратын орны белгіленгеннен кейін оның нақты межелері жобаланады. Межелерді жүргізгенде мынадай қағидаларды ескеріп отыру қажет:
- ашық, әсіресе жыртылған жерлерде межелерді түзу сызықты, ал бұрылыстарын тік бұрышты қылып жобалауға тырысу керек;
- межелерін табиғи ( өзен-өзектер, жыралар т. б. ) және жасанды (каналдар, жолдар т. с. с. ) шептермен сайма-сай келтіре жүргізу қажет;
- эрозия және басқа теріс күбылыстардың алдын алу мақсатымен межелерді бедерге (су айрық, су ағар, т. б. ) сәйкесті орналастырған жөн.
Соңында Ш(Ф) Қ бірінші жуықтаудағы экспликациясы 1-кестеде келтірілген.
1-кесте
Алматы облысы Кербұлақ ауданы «Сарыөзек» өндірістік кооператив жерінде ауыспалы егістік территориясын жобалаудың экспликациясы
Реттік
№
Алаптардың ауданы,
га
2. 1 Шаруа қожалығының өндіріс көлемі мен салалық құрамын белгілеу.
Осы екі факторды қабыстыра ескеріп өндіріс көлемін жоспарлағаны дұрыс. Бұл жобалық міндет алдынан мал азығы балансын құрастыру арқылы және соның нәтижесінде бөлінетін жер алаптарының аудандарын айқындау жолымен орындалады. Ол үшін, біріншіден, шаруашылықтың экономикалық бағдарламасында жоспарланған мал басына қажетті жем-азық көлемі анықталады. Соңғысы жөніндегі есептер 1. 2-кестеде келтірілген реттілікте жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексі (2003ж) жэне «Ш(Ф) Қ туралы» (1998ж) заңдары бойынша шаруа қожалығы жерді сатып немесе пайдалануға алу негізінде қүрылуы мүмкін. Оның жалпы ауданы Республика аймақтары бойынша Үкімет Қаулысымен белгіленген шектеулермен реттеліп отырады.
Нақты жағдайларда жер пайдаланушылық (жер иелігі) ауданы
экономикалық бағдарламасында қамтылған көрсеткіштермен себептеледі. Соңғыларына мыналар жатады:
- шаруашылықтың мамандандырылуы;
- өндірісінің салалық құрылымы;
- өндірістің жалпы көлемі.
Бұл көрсеткіштердің негізі болып аймақтық табиғи-экономикалық және элеуметтік жағдайлар табылады. Сонымен бірге бұл факторлар жер пайдаланушылықтың алаптық құрамы мен орналасуын тікелей себептейді. Өз кезегінде шаруа фермерлік қожалығының өндіріс көлемі мен салалық құрамы бөлінетін алаптардың өнімділігіне және еңбек ресурстарының тапшылығына тәуелді.
2. 2 Шаруашылық территориясының табиғи - климаттық жағдайлары. Климаты
Шаруашылық территориясы көбіне жұмсақ климатты және агроклиматтық аудан болып табылады. Ауа температурасы 14 0 С -тан жоғары. 3200 - 3500 0 С -қа тең. 10 0 С жоғары ауа температурасының жалғасу мерзімі 173-180 күндерді құрайды. Қыс мерзіміндегі қар жамылғысының орташа биіктігі 15-40см, тұрақты қар жамылғысы, 90-120 күндерді құрайды. Орта жылдық температура +14, 2 0 С-ке тең. Шілде - маусым айлары ең ыстық, ал желтоқсан-қаңтар айларында ең суық боып келеді. Шаруашылық территориясында ыстық айлардың көп жылдық орташа температурасы +36, 7 0 С, +32, 9 0 С -қа дейін болады. Наурыз және қараша айларының орташа температурасы +25 0 С қа тең. Жалпы шаруашылық территориясын толығымен сипаттағанда жазы ыстық ал қысы суық болып табылады. Көктемгі аязды күндер ақпанның бірінші декадасы мен мамырдың декадасы аралығында болады. Орташа аязсыз күндер саны 161 күнді құрайды. Аязсыз мерзімнің ұзақтығы бойынша және оптимальды температура бар болуына байланысты климат толығымен дәнді және малазықтық дақылдарды өсіруге толығымен жарамды болады.
Ауа ылғалдығы абсолютті түрде де салыстырмалы түрдеде жоғары емес және жыл мерзімдері бойынша оның таралуы бір-біріне қарама - қарсы.
«Сары -Өзек» метеостанциясы деректері бойынша орташа жылдық жауын шашын мөлшері территорияда 280-300мм құрайды, ал «Шенгелді» метеостанциясы бойынша 214, 3мм құрайды.
Сәуір, наурыз, мамыр айларында жауын-шашын көп мөлшерде түседі. Шілде тамыз айларында жауын-шашын мөлшері қайта көбейгені байқалады. Шаруашылық территориясы толығымен атмосфералық ылғалдықпен қамтамасыз етілмейді. Қолайлы жылдарда жеткілікті мөлшерде жауын шашын ауыл шаруашылық дақылдарын жетілдіру үшін түседі. Шаруашылық территориясы қалың қар жамылғысына ие, сондықтан онда топырақ ылғалдығы көбірек жиналады және ауылшаруашылық дақылдарының дамуына, өсуіне жақсы қолайлы жағдай жасайды. Шаруашылық территориясындағы климаттық жағдайы басты көрсеткіштердің бірі - жел режимі болып табылады. Орташа айлық және жылдық желдің жылдамдығы шаруашылықта біршама жоғары. «Сары-Өзек» метеостанциясы деректері бойынша күшті желді күндер саны жалпы жылына 15 күнді белгілейді, ал «Іле» метеостанциясы деректері бойынша 24 күнді құрайды. Жыл мерзімдері бойынша күндер саны көктемгі мерзімде өтеді. Эрозияға қарсы үйлестіру ауыспалы егістіктерді топырақ қорғау жүйесімен өңдеуін және егін агрегаттарымен белгілі бір мерзімде қамтамасыз етуін қадағалайды. Эрозияға қарсы агротехникалық шараларды өңдеу барысында шаруашылықтың солтүстік шығыс бөлігінің жерін ескеру керек. Ауыспалы егістігінің 50%-ын көпжылдық үшін шөптердің 10%-ын, астықтың 40%-ын, өсіру үшін эрозияға қарсы топырақ қорғау технологиясын қолдану керек.
2. 3 Жер бедері
Шаруашылық территориясын геоморфологиялық қатынасты 3 бөлімге бөлуге болады:
1. Архарлы таулы
2. Тауалды жиенті-толқынды жазықтық
3. Тауалды (жиенті) жазықтық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz