Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары
Мазмұны
Кіріспе
4
1 Әкімшілік жауапкершіліктің құқықтық сипаттамасы
5
1.1 Әкімшілік жауапкершілік түсінігі
5
1.2 Әкімшілік жауапкершілік қағидалары
5
1.3 Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары
7
2 Әкімшілік жауаптылыққа болуға тиіс тұлғалар
10
2.1 Жеке адамның әкімшілік жауаптылығы
10
2.2 Заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы
2.3 Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ
адамдардың әкімшілік жауаптылығы
13
2.4 Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
13
3 Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар
16
3.1 Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлардың түрлері 16
3.2 Әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату негіздері
17
Қорытынды
20
Қолданылған әдебиеттер ттізімі
23
Кіріспе
Республикада қоғамдық тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, азаматтардың демалу мен еңбек
етуі үшін колайлы жағдайлар туғызу мақсатында сақталуы кажетті болатын
ережелер өте көп. Ондай ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік,
өртке қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері
жатады.Егер осы ережелердің бұзылуы үлкен қоғамдық зиян келтіретін болса,
онда олар қылмыстық жауапкершілікті туғызады. Көпшілік құқық бұзушылықтар
мардымсыз қоғамдык зиян келтіреді. Сондықтан ондай кұқық бұзушылықтар
әкімшілік құқық бұзушылықтар деп саналады және әкімшілік жауапкершілікті
тудырады.
Әкімшілік жауапкершілік жасалынған әкімшілік кұқык бұзушылыққа деген
мемлекеттің реакқиясы болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік — қылмыстық,
тәртіптік және азаматтық-құкықтықпен қатар жауапкершіліктің бір түрі.
Әкімшілік жауапкершіліктің мәні болып, әкімшілік кұқық бұзушылық
жасағаны үшін құқық бұзушыға әкімшілік нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік
жаза түріндегі мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Бұл шаралар
мемлекеттік уәкілді органдармен тағайындалады.
Әкімшілік жауапкершілікті Парламент, Президент, Үкімет, жергілікті
мемлекеттік өкілді және аткарушы органдар айқындайды. Жеке тұлғаның
әкімшілік жауапкершілігі 16 жастан басталады.
Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды адамдардың
өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы
жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және
территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке
тартылады [1].
Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы
1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады. Осы құжат бойынша әкімшілік
жауапкершілікке құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана
тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі
істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік
жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республика Парламентінің
депутаттарын — сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат
депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан
Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз
Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел
азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере
алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға
қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.

Қоғам қашанда белгілі бір тәртіпке, заңдылыққа сүйене отырып өмір
сүреді. Ол әрбір азаматтың саналы, жақсы тіршілігі мен жарқын болашағына
жол ашады. Ал қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, ондай қоғамның
келешегі болмайды. Сол себепті қоғамды белгілі бір заңдылыққа сүйене
отырып, тәртіп орнатудың маңызы зор. Қоғамдағы тәртіп адамдардың мінез -
құлқын, іс - әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Барлық
қарым - қатынасты құқықтық тұрғыдан реттеу өте күрделі; ол көп салалы және
көп жүйелі процесс. Дегенмен, қазіргі уақытта реттелу субъектілері мен
объектілеріне байланысты, белгілі жағдай мен аумақ аясында қолданылатын
реттеу түрлері мен тәсілдері қалыптасқан. Соның бірі - заңды жауапкершілік.
Заңды жауапкершілік - жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мақсат-мүддесін
қорғаудағы өте күрделі, өте маңызды шара. Оның әрбір салаға байланысты
бөлінетін түрлері бар, солардың ішіндегі ең маңыздысы – әкімшілік
жауапкершілік болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік дегеніміз - әкімшілік
құқық нормаларына сүйене отырып үкіметтің арнайы органы немесе лауазымды
өкілінің құқық бұзушыға әкімшілік жауапқа тарту, қалпына келтіру шараларын
қолдануда көрініс табатын заңды жауапкершіліктің маңызды түрі [2].
Басқа заңды жауапкершіліктің түрлеріндегідей, әкімшілік
жауапкершіліктің өзіне тән қағидалары бар. Бұл қағидалар заңды
жауапкершіліктің негізінде құрылып, әкімшілік құқықтың қағидаларымен
айқындалады. Сол сияқты, әкімшілік жауапкершіліктің нақты мақсат-мүдделерін
және міндеттерін айқындайды.
1.2 Әкімшілік жауапкершілік қағидалары
а) әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі заңмен, заңға тәуелді
актілермен және оның нормаларымен бекітіледі. Демек, әкімшілік
жауапкершіліктің жеке нормативтік - құқықтық жүйесі бар. Әкімшілік
жауапкершілік нормалары жеке әкімшілік құқық институтын қалыптастырады.
Мысалы, қылмыстық жауапкершілік - арнайы заңмен; тәртіптік жауапкершілік -
мемлекеттік қызметшілердің категориялық бөлінісіне сәйкес заңдар мен заңға
тәуелді актілермен және Еңбек туралы заңмен; материалдық (қаржылық)
жауапкершілік Еңбек туралы, Азаматтық жөніндегі заңдармен, кейбір жағдайда
әкімшілік құқық нормаларымен бекітіледі немесе жауапкершілікке тартылады.;
б) әкімшілік құқық бұзушылық - әкімшілік жауапкершіліктің ұйтқысы
болып табылады. Олар қылмыс, тәртіптік іс немесе материалдық залал келтіру
немесе азаматтық - құқықтық деликт (құқық бұзушылық) болуы мүмкін;
в) әкімшілік құқық бұзушылардың іс-әрекеттеріне негізделген арнайы
заңдарға сүйеніп әкімшілік жауапкершілік түрлі негізде әдістер қолданады.
Әрбір жағдай белгілі бір нормаларға бағытталып, заңды түрде қарастырылуы
тиіс. Жасалған құқық бұзушылық немесе теріс қылық үшін әкімшілік
жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылады;
г) қоғамда құқықтық тәртіп орнатудың құралы болып есептеледі;
д) құқық бұзушылармен үнемі күрес жүргізеді және іс-әрекеттері оларға қарсы
бағытталады [3].
Айтылғандарға қоса әкімшілік құқықтың өзіне ғана тән қағидалары
арқылы, оның басқа жауапкершіліктерден айрықша ететін ерекешеліктері бар:
Қылмыстық жауапкершіліктен айырмашылығы - әкімшілік жауапкершілікті
сот және басқа да уәкілетті органдар да қадағалай отырып, сонымен қатар
олар әкімшілік жауапкершілікке тарта алады.
Азаматтық құқықтық жауапкершілікте басты көңілге алынатын материалдық
залал - әкімшілік жауапкершіліктің қажетті қағидасы болып саналмайды.
Тәртіптік жауапкершілікте құқық бұзушылық атқаратын қызметі әсер
етеді, ал әкімшілік құқықта ешбір қызмет немесе қызмет бағыныштылығы әсер
етпейді. Демек, әкімшілік жауапкершілік барлық азаматтарға бірдей жүреді
және оның алдында барлық азаматтар тең құқылы.
Әкімшілік жауапкершілік жөнінде қалыптасқан заңдарға сүйене отырып
мемлекеттің жергілікті атқарушы билік органдары да шешім қабылдауға құқылы.
Яғни, олар Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы
билік органдары туралы заңға сәйкес, мәслихат депутаттар жиналысы мына
сұрақтарға әкімшілік жауапкершілікті міндеттейтін ережелер қалыптастыруына
болады: халық қоныстанған аумақтағы жаңа құрылыстардың дұрыс орналасуы
жөніндегі мәселе; жер, орман алқаптарын, су ресурстары мен табиғи
объектілерді, тарихи ескерткіштер мен мәдениет ошақтарын қорғау жөніндегі
мәселе; қоғамдық тәртіп пен жол және өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік
жөніндегі мәселе; қоғамдық көліктерді пайдалану мен автокөліктердің
тұрақтарын ұйымдастыру сияқты және т.б. мәселелерді ішінара ұйымдастыру
сияқты жолдармен шешуге үкімет тарапынан рұқсат берілген. Бұл ережелер
қабылданған күннен бастап 2 апта аралығында заңды күшіне енеді. Тек
эпидемиялық, күтпеген жағдайдағы оқиғалар мен эпизоотиялы мәселелерін шешу
және заңды күшіне ендіру мәселесінің мерзімі нақты белгіленбейді. Ал бұл
ережелердің дұрыс қолданылуын әкімшілік басшылары - әкімдер мәслихат
депутаттары қадағалайды. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін, не
регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық акті - Әкімшілік құқық
бұзушылық жөніндегі кодекс (КоАП) болып есептеледі. Әкімшілік
жауапкершілікті жеңілдететін немесе жоятын актілер кері күшке ие, яғни
олардың басылымына дейінгі жасалған құқық бұзушылыққа да танылады.
Әкімшілік жауапкершілікті қиындататын және бекітетін актілердің кері күші
жоқ. Жауапкершілікке қатысушылардың жастық ерекшеліктері де маңызды.
Мысалы, 16 жастан 18 жасқа дейінгі құқық бұзушыларға кәмелеттік жасқа дейін
қолданылатын шаралар арнайы комиссия мүшелерінің қаулысымен қадағаланады.
Ал әскер қызметкерлері мен әскерде әскери борышын өтеушілерге, ішкі
істер органының төменгі және басқарушы өкілдері әкімшілік құқық бұзушылық
үшін тәртіптік жарғы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл азаматтарға
қазба байлықтарды, жер және су ресурстарын, атмосфералық ауа мен өсімдік
және жануарлар әлемін, жол жүру ережелері мен кеден ережелерін,
өсімдіктердің карантині жайлы ережелер мен контрабандалық әрекеттерге жол
бермеуді қадағалайтын нормаларды орындамаған жағдайда, әкімшілік
жауапкершілікке жалпы түрде тартылады. Аталған азаматтарға әкімшілік
қадағалау орындалмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел азаматтары мен азаматтығы
жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданатын жалпы
әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады. Ал Қазақстан Республикасының
аумағында шетел азаматтары жасаған құқық бұзушылыққа әкімшілік
жауапкершілік шараларын қолдану дипломатиялық келісімдер арқылы шешіледі
[4].

Қажетті қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйін, меншігін,
жер учаскесін және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да
құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол
сұғушыға зиян келтіру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезінде,
егер бұл ретте қажетті қорғану шегінен шығып кетуге жол берілмеген болса,
осы Кодексте көзделген әрекетті жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып
табылмайды.
Өздерінің кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлықтарына және қызмет
жағдайына қарамастан, барлық адамдар бірдей дәрежеде қажетті қорғаныс
құқығына ие. Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан аулақ болу не басқа адамдарға
немесе мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгіну мүмкіндігі болғанына
қарамастан, бұл құқық адамға тиесілі болады.
Қол сұғу сипаты мен дәрежесіне қорғанудың айқын сәйкес келмеуі, осының
нәтижесінде қол сұғушыға жағдайдан туындамаған шектен тыс айқын зиян
келтіру қажетті қорғану шегінен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен
шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана әкімшілік
жауаптылыққа әкеп соғады.
Кұқыққа қарсы қол сұғудан туындаған үрейдің, қорқудың немесе
сасқалақтап қалудың салдарынан қажетті қорғаныс шегінен асып кеткен адам
әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс емес.
Аса қажеттілік жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың
өміріне, денсаулығына, құқықтар мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе
мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін осы
Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру, егер бұл қауіпті өзге
құралдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен асуға
жол берілмесе, әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
Қатер төндірген қауіптің сипаты мен дәрежесіне және қауіп жойылған, құқық
қорғау мүдделеріне тең немесе зиянды болдырмаудан айтарлықтай көбірек зиян
келтірген жағдайға анық сәйкес келмейтін зиян келтіру аса қажеттілік
шегінен асып кету деп танылады. Мұндай асып кету тек қасақана зиян
келтірген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп соғады [5].
Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшін негізді тәуекел жасалған кезде осы
Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру әкімшілік құқық бұзушылық
болып табылмайды.
Егер тәуекелмен байланысты емес іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен)
аталған мақсатқа қол жеткізу мүмкін болмағанда және тәуекел жасаған адам
осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келуін болдырмау үшін жеткілікті
шаралар қолданса, тәуекел негізді деп танылады.
Өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау үшін әрекет еткен
адамның осы Кодексте көзделген әрекетті жасауы әкімшілік құқық бұзушылық
болып табылмайды. Осындай әрекеттің жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкім
берген адам әкімшілік жауаптылықта болады.
Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындау үшін қасақана әкімшілік
құқық бұзушылық жасаған адам жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта
болады. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау әкімшілік
жауаптылықты болдырмайды.
Әкімшілік жауапкершілікке мынадай жағдайда тартылмайды:
Жеңіл тәртіп бұзушылық деп танылса.
- арнайы орган немесе лауазымды тұлға жеңіл тәртіп бұзушылықтың мән-
жайын тексеріп, Оның ешбір ауыр залалы болмағанын растаса, оларға ауызша
ескертулер айтып қана қояды. Яғни, мұндай жағдай заңды олқылықтар мен
ауыртпалықтарға әкелмейді (ақысыз жол жүру, шу көтеру);
Басқа жауапкершілік түрлерімен алмастыру немесе қоғамдық ықпал ету
шараларын қолдану.
- сот билігіне немесе ұжымдық талдауға барлық материалдарды беруге
болады; (мұндай жағдайлар тәрбиелік маңызды болып, объективтік негізде
қалыптасқан жағдайда ғана қолданылады);
- әкімшілік жауапкершілікті басқа жауапкершіліктермен алмастыру әскер
қызметкерлері мен әскери борышын өтеушілерге, сот, прокуратура
қызметкерлеріне қолданылады;
- жауапкершіліктің мерзімін қысқартуға болады. Мұндай жағдай құрмет
көрсетіп, тәртіп пен тәрбиелік танытқан жағдайда жүзеге асады.
Әкімшілік жауапкершілікті жеңілдететін жағдайлар:
- мойындау;
- кінәлаушының шын көңілмен өкінуі;
- жасалған әрекеттерді қалпына келтіру және оның қаупін болдырмау;
- кәмелеттік жасқа толмағандығы;
- жүкті әйел немесе 1 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы. Мұның
бәрі іс жүзінде дәлелденіп, ресми түрде бекітілуі шарт.
Дегенмен, істі зерттеп, талдаған арнайы орган заңда көрсетілмеген
басқа жағдайларда да, яғни жауапкершілікті жеңілдетуге негізделген
факторларды да анықтауына болады. Ауырлататын жағдайларға:
- бір рет әкімшілік жауапкершілікке бірнеше олқылықтар үшін жауап
беру; бір жылда екі рет қайталанған құқық бұзушылық үшін бір рет жауапқа
тартылу;
- кәмелетке толмаған жас өспірімдерді құқық бұзушылыққа итермелеген не
тартқан жағдай болса;
- құқық бұзушылық топ адамдармен жасалса;
- күтпеген күрт оқиғалар үстінде жасалған болса;
- алкоголь ішімдігін қолданып жасалған жағдай болса;
- ескертулерден ешқандай қорытынды жасамаған тұлғаларға;
- бұрын қылмыс жасаған адам болса [6].
Осы себептердің бәрі іс жүзінде дәлелденіп, ресми түрде бекітілуі
тиіс, сонда ғана ол заңды болып танылады.
Әкімшілік жауапкершіліктің заңды жауапкершіліктің ішінде алатын орны
ерекше. Дегенмен, жауапкершілік болғаннан кейін, заңды жауапкершілік
түрлерінің міндеттері ұқсас болып келеді. Салалық ерекшеліктеріне қарай
әкімшілік жауапкершілік басқа жауапкершіліктерге қарағанда күрделі
қадағалауды талап етеді және әрбір әрекеттің белгілі тәсілдерімен шешілуі
байқалады. Құрылымдық ерекшеліктері жас мөлшерін, ұлттық қатынастарды
қамтиды. Қазіргі уақытта, әкімшілік жауапкершілік жөнінде жаңа әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодекс қолданыста. Бұл кодекс 2002 жылы жарық көрді,
ал оған дейін бұрынғы, Қазақ КСР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
қолданылып келді. Әкімшілік жауапкершілікке жеке куәлікті жоғалтқан
тұлғалар мен қоғамдық жерлерде темекі шеккен адамдар да тартылады. Оларға
872 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады. Демек, осындай жолдар
арқылы әкімшілік жауапкершілік қоғамда белгілі бір тәртіпті қалыптастыруға
қызмет етуде.

Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар:
1) ақыл-есi дұрыс, осы Кодекс бойынша белгiленген жасқа жеткен
жеке адам;
2) заңды тұлға.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған жеке
адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
Құқыққа қарсы әрекет жасаған кезде ақыл-есi кем жағдайда болған, яғни
өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн
түсiне алмаған немесе созылмалы психикалық сырқатының, уақытша психикасы
бұзылуының, ақыл-ес кемдiгiнiң немесе психиканың өзге де сырқатты жай-
күйiнiң салдарынан ақыл-есi кем жағдайда болған жеке адам әкiмшiлiк
жауаптылыққа тартылмайды.
Лауазымды адам қызметтiк мiндеттерiн орындамауына немесе тиiсiнше
орындамауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда
әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жайлар болмаған кезде
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына кiнәлi лауазымды адам жалпы
негiздерде жауаптылықта болуға тиiс.
Заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген және заңды тұлға құрмай дара
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар (бұдан әрi - дара
кәсiпкерлер), жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, сол сияқты дара
кәсiпкердiң және заңды тұлғаның ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-
шаруашылық функцияларды орындайтын жұмыскерлерi, сондай-ақ заңды тұлғаның
басшылары лауазымды адамдар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
Луазымды адамдар, дара кәсiпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот
орындаушылары, адвокаттар болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылатыны
көрсетiлмесе, осы нормалардың мазмұны бойынша лауазымды адамдар, дара
кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылатын жеке тұлғаларға
ғана қатысты және соларға ғана қолданылуы мүмкiн болатын жағдайларды
қоспағанда, осы нормалар барлық жеке тұлғаларға қатысты қолданылады [7].
Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң
функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштерiнде, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдық-билiк ету
немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар лауазымды
адамдар деп танылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу
техникалық құралдарымен және аспаптарымен тiркелген жағдайда, жол жүрiсi
саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа көлiк
құралдарының меншiк иелерi (иелерi) тартылады.
Егер көлiк құралының меншiк иесiнiң (иесiнiң) хабарламасы немесе
өтiнiшi бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық тiркелген кезде көлiк
құралы иелiгiнде болған адам анықталса не басқа адамдардың құқыққа қарсы
әрекеттерiнiң салдарынан көлiк құралы оның иелiгiнен шыққан болса, осы
көлiк құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшiн ол әкiмшiлiк
жауаптылықтан босатылады.
Көлiк құралын меншiк құқығымен иеленетiн жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке
және заңды тұлғаларға тиесiлi көлiк құралдары уақытша иелену мен
пайдалануға берiлген жеке тұлғалар көлiк құралдарының иелерi болып
танылады.
Сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен
аспаптары деп құқық бұзушылықтарды бақылау мен тiркеудiң метрологиялық
салыстырып тексеруден өткен техникалық құралдары мен аспаптарын, құқық
бұзушылықтың жасалу фактiсi мен уақытын, көлiк құралының түрiн, маркасын,
мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiсiн, сондай-ақ жүрiсiнiң жылдамдығы мен
бағытын тiркейтiн фото-, бейне аппаратураны түсiну қажет.
Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген әскери мiндеттiлер,
ҚРӘҚБК-нің 512-1 - 512-4-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда,
әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта
болады. Прокурорлар, iшкi iстер, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының
қатардағы және басшы құрамдағы адамдары, қаржы полициясы мен кеден
органдарының қызметкерлерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тиiстi органдарда
қызмет өтеу тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес
жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн, Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және кеден одағының кедендiк шекарасы
арқылы өткiзу бекеттерiндегi режимдi, санитариялық заңнаманы, өрт
қауiпсiздiгiнiң талаптарын, жолда жүру ережелерiн, қызмет орындарынан тыс
кеден ережелерiн, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы
заңнаманы, бюджет және салық заңнамасын, аң аулау, балық аулау ережелерiн,
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғаудың басқа да ережелерi мен
нормаларын бұзғаны үшiн жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта
болады. Аталған адамдарға - атылатын және суық қаруды алып жүру мен сақтау
құқығынан айыру және әкiмшiлiк қамауға алу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға
болмайды.
Мерзiмдi әскери қызметiн өткерiп жүрген әскери қызметшiлерге, әскери
және арнаулы оқу орындарының курсанттарына әкiмшiлiк айыппұл түрiндегi
әкiмшiлiк жаза қолдануға болмайды.
Қызмет туралы тәртiптiк жарғылардың немесе арнайы ережелердiң күшi
қолданылатын, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталғандардан басқа адамдар осы
актiлерде тiкелей көзделген жағдайларда - қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықта, ал қалған
жағдайларда жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
Әкiмшiлiк жаза қолдану құқығы берiлген органдар (лауазымды адамдар)
осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға әкiмшiлiк жаза қолданудың
орнына, кiнәлi адамдарды тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы мәселенi шешу
үшiн тиiстi органдарға құқық бұзушылық туралы материалдарды беруi мүмкiн.
Тәртiп туралы жарғылардың күшi қолданылатын темiр жол, теңiз, өзен
көлiгi мен азаматтық авиацияның қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару
кезiнде мынадай құқық бұзушылық жасағаны үшiн осы жарғыларға сәйкес:
- темiр жол көлiгiнiң қызметкерлерi;
- теңiз көлiгiнiң қызметкерлерi;
- өзен көлiгiнiң қызметкерлерi [8,с .7-9 ].

Көзделген әрекеттi заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын
орган немесе адам жасаса, рұқсат берсе, мақұлдаса, заңды тұлға әкiмшiлiк
құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
Жеке адамға немесе заңды тұлғаға қолданылатын-қолданылмайтыны
көрсетiлмесе, осы нормалардың мәнi бойынша олар тек жеке адамға қатысты
және соған ғана қолданылуы мүмкiн жағдайларды қоспағанда, осы нормалар жеке
адамға және заңды тұлғаға қатысты бiрдей дәрежеде қолданылады.
Шағын немесе орта кәсiпкерлiк, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып
табылатын заңды тұлғаларға немесе өзге ұйымдарға қолданылатыны
көрсетiлмесе, осы нормалардың мазмұны бойынша олар шағын немесе орта
кәсiпкерлiк, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға

қоспағанда, осы нормалар барлық заңды тұлғаларға қатысты бiрдей дәрежеде
қолданылады.
Әкiмшiлiк жаза барлық заңды тұлғаларға қатысты бiрдей дәрежеде
қолданылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк кәсiпорын жүзеге
асырылатын қызмет түрiне, қызметкерлердiң санына және активтердiң бiр
жылдағы орташа жылдық құнына байланысты шағын немесе орта не iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалар үшiн көзделген
тәртiппен әкiмшiлiк жауапкершiлiкте болады.
Дербес салық төлеушi болып табылатын және салық салу саласында
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi
заңды тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған
шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар жалпы
негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес
бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi)
Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны
үшiн заңды тұлға ретiнде әкiмшiлiк жауапқа тартылады.
Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында Қазақстан
Республикасының егемендiк құқықтарына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық
жасағаны үшiн шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар
жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және қорғанышты пайдаланатын
өзге де шетелдiктер Қазақстан Республикасының аумағында жасаған әкiмшiлiк
құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық
нормаларына сәйкес шешiледi [9].
2.4 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz