Проблемалық оқыту үрдісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 тарау Бастауыш сыныпта проблемалық оқытудың ерекшеліктері.
1.1 Проблемалық оқыту үрдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Проблемалық оқыту арқылы жаңа білімді меңгерту
... ... ... ... ... ... ..
1.3 Проблемалық тілдік жағдаят ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 тарау Практикалық бөлім.
2.1 Проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Проблемалық сұрақтар ашық сабақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдың 1-
наурыздағы халыққа жолдауында: Білім беру реформасы – Қазақстанның
бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса
маңызды құралдарының бірі – деген.
Сонымен қатар, Білім беру сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және
дербестендіру, қоғам мүшесінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру керек -
деген.
Қ.Р. Білім туралы заңында көрсетілгендей білім беру жүйесінің
негізгі міндеті ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдай
туғызу болып табылады. Сонымен екінші бапта білімнің негізгі міндеттері
рухани дене даму мүмкіндіктерін ашу, адамгершіліктің тұрақты негіздері мен
салауатты өмір салтын қалыптастыру, даралықтың дамуына жағдай туғызу арқылы
ой мен жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттігін байыту болып табылатыны
туралы айтылған.
Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау
екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім,
жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де
шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен
шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын
түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды
шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді. Аталмыш оқыту жаңадан
ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан педагог-ғалымдар:
Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше,
"жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді”.
Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын
проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет.

Зерттеудің мақсаты: Проблемалық оқыту тәсілі арқылы оқушылардың
логикалық қабілетін, оқу еңбегіне қызығушылығын арттыру, оқушыларды
өздігінен саналы жұмыс істеуге үйрету, сонымен қатар, осы оқыту тәсілі
арқылы берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне қол жеткізу.
Зерттеу міндеті:
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі проблемалық оқытудың теориялық негізін
анықтау;
- оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда проблемалық оқытудың жолдарын
қарастыру;
- оқушылардың даму деңгейін педагогикалық және психологиялық жағынан
сипаттау;
Зерттеудің ғылыми болжамы: егерде ұйымдастырылатын жұмыстар жүйелі,
мақсатты түрде құрылса, проблемалық оқыту тәсілдері арқылы оқушылардың
ойлауын дамытуға болар еді.
Зерттеу пәні: Оқыту процесіндегі проблемалық оқыту түрі.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптағы оқыту процесіндегі проблемалық оқыту.
Зерттеу әдістері:- тест; сұрақ-жауап; ойын; логикалық ойлауын дамытуға
арналған тапсырмалар;
Зерттеу базасы: Жалпы орта білім беретін мектеп.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: Проблемалық
оқыту тәсілін бастауыш сынып оқушыларының жас және дара ерекшеліктеріне
қарай сәйкестендіріп тиімді қолдану арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Зерттеудің ғылыми әдіснамалық-теориялық негіздері: Қ.Р. халыққа жолдауы,
Қ.Р. Білім туралы заңы, Қ.Р. бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты,
жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары 1-4 сыныптар, жалпы білім
беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы,
Құдиярова А.М., Сейталиев Қ., Әбиев Ә.Ж., Бабаев С.Б., Құрманалина Ш.Х.,
Мұқанова Б.Ж., Ғалымова Ә.У., Ильясова Р.К.

1 тарау Бастауыш сыныпта проблемалық оқытудың ерекшеліктері.
1.1 Проблемалық оқыту үрдісі

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты - алған білімнің, кәсіби
дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай
алатын, білім арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және
адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті
тұлға қалыптастыру мүмкіндігі көрсетілген.
Проблемалық оқыту бағдарламаланған оқыту жүйесі сияқты білім берудің
белсенді технологиясына жатады. Оның негізінде қандай да бір тапсырманы,
мәселені шешу жатады.
XX ғасырдың 80-жылдарында проблемалық оқытуға қатысты көптеген
педагогикалық еңбектер жарық көрді. Бұл оқыту түрі педагогикада жаңа пайда
болған құбылыс емес, сонау Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский, Дьюи сияқты
есімдермен байланысты болған.
Проблемалық оқыту түсіндірмелік-иллюстративтік әдісті алмастырып,
оқушылардың шығармашылық ізденіс үстінде білім алуына негіз болады.
Проблемалық оқыту мақсаты ғылыми таным нәтижелерін, білім деңгейін,
іскерлігі мен дағдысын қалыптастырып қана қоймай, бұл нәтижелерге жету
жолының өзін де, үрдісін де меңгерту, оқушының танымдық дербестігін және
оның шығармашылық ізденіс үстіндегі алғырлығы мен ойшылдығын арттыру,
қабілетін дамыту.
И.Леннер проблемалық оқытудың 4 түрін атап көрсетеді:
1. Проблемалық баяндама;
2. Эвристикалық пікір алмасу;
3. Жеке ізденіс;
4. Зерттеу әдістері.
Проблемалық баяндамада мұғалім проблемалық жағдай туғыза отырып,
ізденіс материалын өзі баяндап түсіндіреді, логикалық іс-әрекеттің,
қайшылықтардың пайда болу негіздерін, оларды шешудің жолдарын көрсетіп
береді. Оқушылар әңгіменің желісіне зер салып, сұрақтар қояды, өз
болжамдарын ұсынады.
Эвристикалық пікір алмасуда мұғалімдер проблемалық мәселені тікелей
енгізеді де бір-біріне байланысты сұрақтар қояды, қайтарылған тура жауаптар
мәселенің шешіміне әкеледі.
Жеке ізденіс әдісі оқушылардан қойылған проблемалық ситуацияны өз
бетінше шешуді талап етеді. Проблемалық оқытудың 4 деңгейі бар:
Оқытушы проблемалық мәселелерді өзі қойып, оны оқушыларды қатыстыра отырып
шешеді.
1. Оқытушы проблемалық мәселелерді өзі қояды да, оқушылар оны мұғалімнің
басшылығымен шешеді.
2. Оқушы проблемалық мәселелерді өзі қойып, оны мұғалімнің көмегімен
шешеді.
3. Оқушы проблемалық мәселелерді өзі қойып, өзі шешеді.
Пікірлер:
- өз бетінше ойлауға мәжбүр етеді;
- байқампаздықты дамытады;
- зейіннің дамуына мүмкіндік жасайды;
- танымдық іскерлігін дамытады;
- ізденушілік қабілеті дамиды;
- шығармашылық белсенділігі артады;
- өзіне баға беру әрекеті дамиды;
- сөз қорларын көбейтеді;
- білімді игеру қарқынын тездетеді.
Проблемалық оқыту оқушының танымдық көкжиегін кеңейтеді, шығармашылық
белсенділігін арттырады, білім игеру қарқынын тездетеді, қасиет сапасын
жақсартады, жаңа тапсырмаларды орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеуге
үйретеді, оқуға деген ынта-ықыласын оятады. Проблеманы сезіну оқушыны қиын
жағдайдан шығу жолдарын табуға жетелейді. Бұл, сөз жоқ, өз бетінше ойлануға
мәжбүр етеді.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет деп ел басшысы
Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей білім берудің жаңа заманға сай әдіс-
тәсілдерін өмірге енгізу ұстаз шығармашылығын шыңдап, кәсіби біліктілігін
арттыра түсуге ұмтылдырады.
Жаңа технологиялар жүйесінде бастауыш мектептерде проблемалық оқытудың
маңызы зор. Бұл әдіс бойынша мұғалімнің басшылығын негізге ала отырып,
оқушы әр түрлі проблемаларды талдайды, оны шешудің жолдарын іздейді. Мұндай
сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабі-летін дамытады, пәнге қызығуын
арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді, яғни іс-
әрекет белсенділігін қалыптастырады.

1.2 Проблемалық оқыту арқылы жаңа білімді меңгерту

Бүгінгі таңда білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын
50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүр. Солардың бірі
"Проблемалық оқыту" технологиясы.
Проблемалық оқыту дегеніміз - мұғалімнің басшылығымен келеді жағдайлар
туғызу, оны оқушының шешу жолындағы өзіндік қызметінің нәтижесінде
шығармашылдығын, кәсіптік білімін, дағдысын, іскерлігін, ойлау қабілетін
жетілдіруді туғызу.
Білімді меңгеру тек қана заңдылықтарды, ережелерді есте сақтау арқылы
емес, оны оқушылардың өздері логикалық талдау жасай отырып, алған
білімдерін орынды пайдалана білгенде ғана жүзеге асады.
Абай атамыз ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады.
Ендеше оқушының дәл бүгінгі жаңа материалды білетіндігін, оны білудің
қаншалықты қажет екендігін іштей мойындату үшін мүғалімге шеберлік қажет.
Проблемалық оқыту әдісі оқушыларды өздігінен еңбек етуге, алған білімін
жаңа материалмен ұштастыра білуге үйретеді. Ойланбай алған білім бойға
дарымайды. Дұрыс таңдалған әдіс-тәсілдер баланың алдына мақсат қойып,
нәтижеге жетуге жетелейді. Әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала кез-келген
проблеманы тез шешуге үйренеді.
Қойылған проблеманың шешімін шәкірттің өзі табуы, ізденуі білімнің
санаға сіңуіне, ұғым-түсінігіне ұйытқы болады. Оқығанды көңілге ықыласпен
тоқудың арнасы ашылады.
Проблемалық мәселе, проблема тууға ыңғайлы тақырыпты таңдай білу, оны
кез келген сабақтың бір этапы ретінде кіргізе білу мұғалімнің
ізденімпаздығына, тапқырлық шеберлігіне байланысты.
Математика сабағында есептерге кері есеп құрастыра білу, ұқсастық,
айырмашылықтарын таба білу, оларға неге? неліктен? деген сұрақтар қою
арқылы ойларын дәлелдетіп, өз ойын жинақтауға бағыттаймын. Мысалы: (10х5)
х10 және (10х10)х5; мәні бірдей, неге? неліктен? Балалар өз ойларын ортаға
салып, түрлі пікір айтып, соңында 0 мынадай көбейткіштердің орны
ауысқанымен, көбейтіндінің мәні өзгермейді деген тұжырымға тіреледі.
Қазақ тілі сабағында қолданылатын сөздік ойындар да ойлауды қажет
етеді. Мысалы: "Қызық сөздік" ойынында бір сөз оңынан да, солынан да оқысақ
бір сөз болады. Ол қандай сөздер? (қазақ, қалақ, ара, қабақ, нан). Сол
сияқты "Сөз құра", "Сен аяқта", "Өз орнынды тап", "Жоғалған буын" т.б ойын
түрлері қолданылады.
Мәтін тақырыбын өткенде жаңа сабақты түсіндіру кезеңін проблемалық
әдіс арқылы өткізуге болады. Мысалы:
а) Үнтаспадан мақал-мәтелдер тындату.
- Бұл тыңдағандарың не? Мақал-мәтелдер қандай әдебиетке жатады? Халық ауыз
әдебиеті деген не?
ә) Суретті мәтінді (плакаттағы) бір балаға оқыту.
- Ал бұл тыңдағандарың не? (Мәтін)
- Мәтін екенін қайдан білдіңдер?
Сөйлемдер бір-бірімен өзара мағына жағынан байланысып тұр. Бірін-бірі
толықтырып тұр.
- Бұл мәтінге қандай ат қоюға болады? Бұл мәтіндегі автордың айтайын дегені
не? Ұры болмау, ешкімге тиіспеу. Ұрлық түбі - қорлық дегенді білдіріп тұр.
- Мәтінге қандай ат қоюға болады? (3 топ үш түрлі ат қояды.)
"Сөзді тап" ойынында "қ", "к" дыбыстарынан басталып, осы дыбыстарға
аяқталатын бес әріпті сөздер ойла деген тапсырма берілді.
Жауабы: қызық, қазақ, қалақ, қырық. Кесек, кезек, керек, кебек.
Ана тілі сабағынан "Қанат туралы хиқая" өлеңін өткен кезде "Соңғы сөзді мен
айтамын" әдісін қолдануға болады.
1. Бар екен-ау менде де. (Екі қанат қағатын.).
2. Бірі түссе қатерге. (Мәңгі ұша алмай қаласың.)
3. Қос қанатың болғанда (Бақыттысың адамсың.)
Бұл тәсіл арқылы ізденушілікке, алған білімді өмірімен ұштастыра
білуге үйретеміз. Кез-келген мәтін, өлеңді өткен кезде соңынан:
- Осы тақырыптан (өлең, мысал) не үйрендің? не түйдің?
- Осы шығарманы ары қарай жалғастырып, аяқтауға болар еді деген
сұрақтар қоя отырып, проблеманы тез шешуге үйретеміз.
Авторға хат әдісін қолдану арқылы оқушыларды қиял әлеміне жетелеп,
өз ойларын нақты жеткізе білуге үйретеміз.
Білім негізі бастауыш сыныпта берілетіні анық. Сондықтан озық
технологияларды сабақтарда тиімді пайдаланып, оқушылардың оқуға деген
ынтасын арттыруымыз керек.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.
В.П.Беспальконың анықтамасы бойынша Педагогикалық технология
дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің
жобасы, педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер, оның
құрамды бөлігі ғана. Педагогикалық жүйе ретінде ол оқушының жан-жақты
қалыптасуына ықпал ететіндей оқытудың әдіс, құрал, үрдістерінің мақсатты
жиынтығын қарастырады.
Бүгінгі таңда оқытуда дәстүрлі және дәстүрлі емес, жаңа дамыта оқыту
әдістері пайдалануда. Дәстүрлі әдістің негізін сыныптық сабақ жүйесі
ретінде Я.А.Коменский салса, педагогикалық жаңа әдістер 50-60 –шы жылдарда
(бұрынғы Отандық педагогикада) пайда болып осы заманғы Л.С.Выготский,
Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков т.б. идеялары жалғасты. Бастауыш
мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, ғалымдар
пікірінше, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушының оқу әрекетінің
қалыптасуы, оқуға деген ынтасының артуы.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны
меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани,
азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігімен байланысты
әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Бүгінгі таңда білім берудің даму бағыты мен
технологияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып
жүргені мәлім.
Солардың бірі бүгінгі таңда кеңінен қолданылып жүрген "Проблема
технологиясы":
- білім, білік, дағдыға ие қылу;
- өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгеру;
- танымдық және шығармашылық икемділікті дамыту.
Кез келген сабақты түрлендіріп өткізудің мәні зор. Сонымен қатар
сабаққа сай тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, дұрыс мазмұнды жүргізу мен
дамыта оқыту барысында проблема тудыру арқылы (проблемалық әдіспен) неге?
неліктен? Деген сұрақтар қою арқылы оқушыларға дәлелдетіп, өз ойын
жинақтауға бағыттаймыз. Мысалы; 3+2 , 2+3; мәні бірдей, неге? неліктен?
Балалар өз ойларын ортаға салып, түрлі пікір айтысып, соңында мынандай
қосылғыштардың орны ауысқанымен қосындының мәні өзгермейді деген тұжырымға
тіреледі.
Проблемалық әдіспен оқытудың мақсаты оқушының сабақ бойы ой еңбегімен
шұғылдануын қамтамасыз ету. Оқушыны ізденуге, қорытынды жасауға, өзгеше тың
пікір айта білуге үйретеді. Ой қайшылығын, пікір таласын тудырып, дұрыс ой
қортындысы жасалған жағдайда ғана проблема туды деп есептеуіміз қажет.
Проблемалық оқыту оқушының бұрыннан меңгерген біліміне сүйеніп,
мәселені толық шешуі үшін аздаған өзіндік ойды, шығармашылық шешімді,
дербес әрекетті қажет ететін проблемалық жағдайға алып келуі қажет.
Проблемалық мәселе проблема тууға ыңғайлы тақырыпты таңдай білу, мүғалімнің
ізденімпаздығын. тапқырлық шеберлігіне байланысты.
Есеп шығару кезінде кері есеп құрастыра білуге, ұқсастық,
айырмашылықтарын таба білуге баулу.
Қазақ тілі мен ана тілі сабақтарында оқушылардың ой-өрісін дамытумен
сөздік қорын байыту, тілін дамытуға ерекше көңіл бөлеміз.
Қызықты ойындар бұл сабақтарда белгілі бір орын алады. "Дыбыс таңдау
ойыны арқылы әр сөздің басқы дыбыстары бірдей дыбыстан басталатын сөз
тіркестерімен сөйлем құрату. Мысалы, Талғат таңертең тұрып, тауға тартты.
Бақыт бүгін бақшаға барды.
Дыбыс пен әріп сабағында: циркуль деген сөзде 6 дыбыс, 7 әріп бар
анықтады. Неге? Неліктен? сұрағына жауап іздейміз.. Осы арқылы оқушы
қорытындысын жасап, әріп пен дыбыс айырмашылығын айқындады.
Дыбыс
Әріп А П
Буын а-па
Сөз aпa
Сөйлем Менің апам бар
Проблемалық оқыту технологиясын пайдалану барысында өз бетімен
әрекетену әдістерін меңгерту. Танымдық және шығармашылық икемді дамыту
мақсатында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, ең
алдымен қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.

1.3 Проблемалық тілдік жағдаят
Мұғалім оқушының айтылым құрылымының эвристикалық сипатта болуына,
оның сөйлесім тәжірибесін жетілдіруге көмектеседі.
Сөздік контексте баяндаушы өз ойын жеткізу үшін жаңа ғана қолданылған өз
сөзін немесе өзгенің сөзіне байланысты сөздік құрылымдарды таңдайды, бұл
оның кезекті айтылымына қызмет етеді.
Бұл шарттардың бәрі проблемалық тілдік жағдаятқа қажет екенін лингвист-
психолог А.А. Леонтьевтің мына сөзімен түсіндіруге болады. "При
рассмотрении указанных факторов мы полностью абстрагировались от того, что
в обычной речевой деятельности мы имеем дело не с изолированным речевым
высказыванием, а с организованной совокупностью таких высказывании ".
Тілдік жағдаяттарды зерттеу - адам қоғамының тілдік өмірін зерттеу.
Бүл оңай мәселе емес, өйткені адамдар тілдік қоғамда бір-бірімен шартты
түрде байланыс жасап, күрделі, көп дәрежелі қатысымдық макрожүйеге кіреді.
Тілдік жағдаяттардың әлеуметтік және мәдени мәні, атқару қызметі
жағынан қоғамның коммуникативтік және экспрессивтік сұранысын толықтырады.
Проблемалық тілдік жағдаяттың өзі ірі қатысымдық макрожүйенің ішіндегі
қайшылықтан туады, тілдік ортаның ерекшелігі есепке алынады. Украин
ғалымдарының тілдік жағдаят туралы "Языковая ситуация обычно отражает
существующие социально-экономические условия жизни общества. Как она сама,
так и связанные с ней коммуникативные отношения исторически обусловлены,
они естественно вытекают из ситуации и состояний предшествующего времени и
хранят в себе элементы будущего развития" деген пікірі сөз мәдениетінде
тілдік жағдаяттарының проблемалық сипат алуын анықтайды. Проблемалық тілдік
жағдаяттар қатысым әрекетінің өзекті проблемаларымен, қоғамдық-әлеуметтік
өміріміздің сан алуан салаларымен байланысып, адамдардың іскерлік қарым-
қатынастарына сай сөз мәдениеті, сөз экологиясы, демократиялық-құқықтық
қоғамда толерантты өмір сүру дағдылары, стресс жағдайынан шығу жолдары,
тілдік этикет нормалары сияқты сан алуан өзекті тақырыптарды қамтиды.
Тілдік жағдаят қатысымдық мәдениетке баулиды, сондықтан оның
құрылымында пәнаралық байланыс басты орын алады. Ол тілдің, әлеу-
меттанудың, психологияның, мәдениеттанудың түйіскен жерінде өз мақ-сатына
жетеді.
Проблемалық тілдік жағдаяттар, әсіресе, тілдік этикет пен қатысым
мәдениетін қалыптастыруға арналуы керек, біздіңше, сөз мәдениетінің
қатысымдық жағын айқындайтын бұл бөлім оқулықтарда терең қамтыл-майды. Оның
маңыздылығы әрбір адам күнделікті өмірде бірнеше тілдік жағдаяттарға
кездеседі, әріптестерімен қатысымдық жағдайға бейімделеді, ондағы өз рөлін
айқындайды, тілдік ортаға қатысушы басқа адамдарға байланысты сөйлеу
мәнерін, соған сай мінез әдебін таңдайды.
Тілдік жағдаятқа әлеуметтік әріптестер қатысады. Әрбір адам қоғамда
әлеуметтік рөл атқарады. Олардың әлеуметтік рөлін анықтау үшін қандай
ортаның өкілі екені, қандай қызмет атқаратыны әлеуметтік есепке алынады. Әр
адам белгілі бір әлеуметтік ортаға жатады. Мысалы: әке, шеше, оқушы,
студент, жұмысшы, қызметкер, т.б. Бір адам бірнеше әлеуметтік рөл атқаруы
мүмкін. Әйел адам үйде ана, жұмыста қызметкер, балаға тәрбиеші, дүкенде
сатып алушы. Соған сай әлеуметтік рөл кезектесіп, өзгеріп, тілдік жағдаят
та өзгереді. Әлеуметтік рөл белгілі бір өкілеттілігіне сай арнайы өз
қызметін атқарып, орындалуға тиісті, соған сай сөйлесім белгілі бір нормаға
келуі керек. Мысалы, оқушының міндеті — сапалы білім, саналы тәрбие алу,
оқушы ережесін орындау. Осындай әлеуметтік рөлге байланысты оның орны,
қызметі, құқығы, міндеттері жинақталған нормативті үлгі-өнеге құрайды. Осы
міндеттеріне, әлеуметтік ортадағы орнына, рөліне сай әлеуметтік тұлға
сөйлей біліп, сөйлесім дағдысын игеруі керек. Осы проблеманы өзектендіріп
төмендегідей жағдаят құруға болады.
1. Оқушыға диалог түріндегі мәтін беріледі.
2. Осы мәтіндегі тілдік жағдаятқа қатысушылардың әлеуметтік рөлі
анықталады:
- жынысы;
- жасы;
- мекен-жайы (ауыл, қала);
- білімділік жағдайы;
- мамандығы;
- отбасындағы рөлі, жұмыстағы орны, т.б.
Проблемалық тілдік жағдаяттың тууын анықтау үшін "не үшін?", "неге?"
деген проблемалық сұраққа жауап беру керек. Тілдік жағдаяттарды оқушының
проблемалары төңірегіне құра білгенде ғана мақсатқа жетуге болады.
Проблемалық жағдаятгың өзі оқушылардың ойлау және сөйлеу қызметін күшейту
үшін беріледі. Проблемалық тілдік жағдаят қазақ тілі пәнінің логикасынан
немесе оқу үрдісінің логикасынан туады. Оқу пәнінің логикасынан шыққан
проблемаларды жағдаятқа айналдыруға мұғалім қаты-сады, ол мұғалімнің
проблемалық сұрақтары немесе міндеттер қоюымен ерекшеленеді. Мысалы,
"Тілдік жүйе мен тілдік дағды арасындағы қай-шылық қалай шешіледі?", "Жаңа
сөздер әдеби сөзге айналу үшін қандай шарттар керек деп ойлайсың?",
"Тіліміздегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары
Жоғары оқу орнында дидактиканың біртұтас жүйесі
Экономика сабағын оқытудағы оқушылардың белсенділігін арттырудың заманауи тәсілдермен оқыту
Проблемалық оқытудың негізгі ерекшеліктері
Әдебиет сабағының түрлері, оны оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер жүйесі
Биология сабақтарында проблемалық әдісті пайдалану
Проблемалық оқытудың зерттелуі
Проблемалық оқытудың теориясы
Биологияны оқытудың мультимедиалық әдістерінің ерекшеліктері
Интерактивті оқыту әдістері
Пәндер