Қанатты сөздерінің өзіндік стилі және тілдік - композициялық құрылысы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1-тарау. Б.Момышұлы - заманының заңғар
тұлғасы ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. Б.Момышұлы қанатты сөздерінің әдеби тілге қосқан
үлесі ... ... ... ... .
1.2. Қанатты сөздедің өзіндік стилі және тілдік-композициялық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Қанатты сөздердегі лексикалық тіркестер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2-тарау. Б.Момышұлы қанатты сөздерінің грамматикалық сипаты ... ... ...
2.1. Б.Момышұлы қанатты сөздеріндегі грамматикалық тұлғалар мен
категориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.2. Б.Момышұлының тіл, ой тазалығына қосқан
үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
Жұмысқа жалпы сипаттама
Зерттеудің өзектілігі. Жиырма жылдық өмірін әскер қатарында өткізген
Бауыржан Момышұлы өмірінің соңына дейін әскери-патриоттық тақырыптарға
шығармалар жазды. Сонымен бірге оның отаншылдық идеяны ұстанған қанатты,
нақыл сөздері мен мақал-мәтелдерінің орны ерекше. Жас ұрпаққа саналы түрде
әсер ететін Офицер, Артымызда Москва (1963), Куба әсерлері (1969),
Соғыс психологиясы, Қанмен жазылған кітап (1990,1991), Ұшқан ұя сынды
еңбектерін мұра етіп қалдырып, Ұшқан ұя кітабы үшін Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты атағына ие болған Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері
қазіргі таңда ел аузында, кейбірі мақал сөзге айналып кеткені рас. Сол
қанатты сөздердің нақтылы тілдік фактілер арқылы арнайы зерттеу дипломдық
жұмыстың өзектілігін танытады.
Зерттеудің нысаны. Диплом жұмысының басты нысаны етіп, Бауыржан
Момышұлы қанатты сөздердің тілдік материалдары алынды.
Диплом жұмысының алға қойған мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың
негізгі мақсаты – Бауыржан Момышұлы қанатты ойларындағы авторлық баяндауды,
тілдік құрылымын, грамматикалық табиғатын айқындау. Осы мақсатта мынадай
міндеттерді шешу көзделеді:
- сөз құбылту тәсілдерінің құрамдық, құрылымдық, мағыналық
ерекшелігін талдау;
- қанатты сөздер мәтініне тілдік құрылымдарды кіріктіру ерекшелігін
таныту;
- қанатты ойларды, мақал сөздерді жасаудағы қаламгердің өзіндік
даралығын, ерекшелігін дәлелдеу;
- қанатты сөздерді лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тұрғыдан
саралап, талдаулар жүргізу;
- Б.Момышұлы қанатты жолдарындағы поэтикалық тілдік құралдардың
қолданылу жүйесін, олардың лексика-семантикалық мәнін, жасалу жолдарын
көрсету;
- ақын мәтіндерінің синтаксистік ерекшеліктерін байқату үшін
синтаксистік айшықтаулардың грамматикалық табиғатын саралау.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Б.Момышұлы сияқты қаламгер қанатты
ойларының, мақал-мәтелге айналған сөздерінің тілдік ерекшелігін,
грамматикалық құрылымын мүмкіндігінше жана-жақты қарастыру, сондай-ақ
троптарды, теңеулерді, еркін сөз тіркестерін теориялық жағынан зерттеп,
Б.Момышұлының сөз қолдану даралығын мысалдармен дәлеледенуі жұмыстың
жаңалығы болып табылады.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Бауыржан Момышұлы
қанатты ойларының тілі лингвистикалық стилистика тұрғысынан арнайы
қарастырылып, тілдік қолданыстардың ерекшелігі, өзгешелігі ажыратылып,
ашылды. Жазушының сөз талғамы жүйелі, ғылыми негізде сипатталды.
Зерттеудің нысанына Бауыржан Момышұлы қанатты ойларындағы қазақ әдеби
тілінің құрамдас бір бөлігі болып табылатын тілдік ерекшеліктерін саралап,
мағыналық реңктерін талдау, жүйелеу, зерттеу мәселелері жатады.
Зерттеудің әдістері. Ғылыми жұмыста тарихи-салыстырмалы,
салғастырмалы әдіс, сипаттама әдісі, жинақтау, қорыту әдісі қолданылды.
Жасалған тұжырымдар теориялық жағынан негізделіп, нақты мысалдармен
дәйектелді.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімдегі 2 тарау мен
тараушалардан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
1-тарау. Б.Момышұлы – заманының заңғар тұлғасы
Адамзат тарихынан өзіндік орын алып, кейінгі ұрпағының жадында
мәңгі қалар тұлғалар аз емес. Осынау ел ардағына айналған азаматтар жайлы
халық аузында аңыздар айтылады, хикая-дастандар туады, өлең жырлар
жазылады. Олардың бір парасы ел қамын ойлаған ерлер, Отанын, туған жерін
қорғаған батырлар, жауға қарсы жорық жасаған қаһарман қолбасшылар, т.б.
болып келеді. Бұлардың қайсар жүрегі, қайтпас қайсар жігер, адами парасаты,
ұлттық сезімі өз кезінде де, кейінгі дәуірде де шығармаларда көрініс
тауып, өлең-жырдың, көркем шығарманың кейіпкеріне айналып жатады. Осындай
тұғырлы тұлғаның бірі де бірегейі – даңқты батыр Бауыржан Момышұлы.
Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,
Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен.
Халқымның қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен. – деген жолдар арқылы Бауыржан Момышұлы
өзінің адами, азаматтық болмысын бірауыз өлең жолымен танытқан-ды.
Бауыржан Момышұлы – соғыс тақырыбын таңдап алған қазақ жазушыларының
ішіндегі орны бөлек қаламгер. Жазушы шғармашылығының басты ерекшелігі орыс
тілі мен қазақ тілінде бірдей жаза алатындығында, әрі әр шығарманың басты
кейіпкері де, авторы да өзі екендігінде. Бұл ерекшелік қандай да бір
шығармаға болмасын өзіндік сипат дарытады. Бауыржан Момышұлын қазақ
әдебиетіндегі әскери мемуарлық шығармалардың дүниеге келуінің көшбасшысы
деп атауға да болады.
Бауыржан Момышұлы туралы жазылған шығармалар көп-ақ. Соның ішінде
түрлі естеліктер мен көркем шығармалармен қатар, ғылыми ізденістегі
еңбектер де кездеседі. Орыс зерттеушілерінен П.Топер, П.Николаев,
Л.Субоцкий, А.Фатихов т.б. қазақ ғалымдарынан бұл тақырыпқа М.Қаратев,
Х.Әбдібаев, М.Мырзахметов, Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, С.Негимов, Р.Тұрысбек,
М.Қалдыбаев, Ғ.Орынханова және т.б. айтуға болады. Біз осы қаламгерлер
туындыларын өз жұмысымызда кеңінен қолдандық.
Бауыржан Момышұлы есімі аталғанда, екі бірдей бейне көз алдымызға
елестейді. Бірі – батырдың, екіншісі – жазушының бейнесі. Бойынан осы екі
қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде Бауыржан Момышұлы
халқының асқан ардақтыларының бірі болатыны хақ.
Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық қаһарманы,
қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда
Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде туған. Ол 1928 жылы
жеті жылдық мектепті бітірген соң, екі жылдай бастауыш мектепте мұғалім,
одан кейін Жуалы ауданының атқару комитетінің жауапты хатшысы, біраз
уақыт Жуалы ауданының милиция бөлімінің бастығы болып жұмыс істейді. 1937-
32 жылдары Шымкент өнеркәсіп банкісінде істеп, Ленгір шахтасында, Ащысай
кенінде қызмет істеді.
1932 жылы кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл
жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтіп оралған соң,
ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Ленинград қаржы
академиясында оқиды. 1936 жылы қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып,
түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан Момышұлы даңқты
генерал-майор И.В.Панфиловтың Алматы маңында жасақталған 316-атқыштар
дивизиясының құрамында айданға аттанып, батальон, плок командирі болады.
Соғыстың соңғы жылдарында 9-шы гвардиялық дивизияны басқарады.
Ол Ұлы Отан соғысынан кейін Кеңес Армиясы Бас штабының Жоғары Әскери
Академиясына 1946 жылы түсіп, 1948 толық курсын бітіреді. 1950 жылдан
әскери-педагогикалық жұмыспен шұғылданып, Кеңес Армиясы әскери
академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан
Бауыржан Момышұлы біржола шығармашылық жұмыспен шұғылдануға бет бұрады.
Тумысынан асқан дарынды Б.Момышұлы 46 жасында қалыптасқан тірлік
дағдысын күрт өзгертіп, өзі үшін мүлде қиын да күрделі, қазақ айтқан
Инемен құдық қазғандай азапты тірлікке бет қойды. Бұл жолда да ол тамаша
табыстарға қол жеткізеді. Ол өз шығармалары үшін үкімет наградаларына ие
болып, Кеңес дәуірінде КазССР-інің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
1990 жылдың 11 желтоқсанында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында
неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін полковник
Момышұлы Бауыржанға (дүниеден озғаннан кейін) Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының
тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Б.Момышұлына Халық
қаһарманы деген атағы берілді.
Соғыс кезінде Бауыржан Момышұлы офицерлік жазба күнделігіне көргені
мен түйгенін, өзіндік ойларын түсіре бастайды. Бұл алғашқы шығармашылық
қасиетінің белгі бере бастауы деп білеміз.
Б.Момышұлы тудырған әрбір қанатты, нақыл сөздердің өзіндік тарихы бар.
Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады деп, Асанқайғы айтқандай, іште
жатқан ой жай шықпайды, алып таудың астында талай жылдар, ғасырлар бойы
жинақталған ыстық лавадай бар күшпен лықсып шығып, бар қысыммен бұрқ ете
қалады. Ондай өткір сөздің қызуы өте күшті келеді. Міне, Бауыржан
Момышұлының да ойы осындай ыстық, қордалы сезімдерге толы болып келеді.
Сонымен бірге ол – тұнық та терең, сабырлы да байсалды сөз асылы, ұрпақтан-
ұрпаққа қалатын, ұлағатты ұстаздың сыйындай нақыл сөздер.
Мысалы мына нақыл сөздері Намысты нанға сатпа, Жанын аяған тәніне
жау, Өмір үшін өлгенше күрес, Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тіке тұрып
өлген артық, Ерлік елеусіз қалмайды, Отан үшін отқа түс - күймейсің
осының жақсы дәлелі. Осындай қанатты сөздерден басқа белгілі бір өмір
жағдайында жазылып қалып, ел аузынан түспес, қазіргі күні мақал-мәтелге
айналған, өнегелі өсиетке айналған сөздер қаһаман – қаламгерде өте көп
кездеседі.
Б.Момышұлының нақыл сөздері құнарлы ойдың құнды қазынасы екендігі
даусыз. Елдің елдігі, ердің ерлігі сыналған сұрапыл жылдардан жеткен сол
нақыл сөздер – қазір де халыққа керек, келешекке қажет қасиетті дүниелер.
Кезінде эпостолярлық жанрдың іргетасын қалаған Шоқан, Ыбырай, Әлихан,
Ахмет еңбектері күні бүгінге дейін алтын арқауын тауып келе жатқан қазақ
публицистикасының дәстүрін қалыптастырды. Бұл жанрға мол үлес қосқан абзал
азаматтың бірі Бауыржан Момышұлы дер едік. Бұл туралы М.Мырзахметов былай
деп жазады: Баукең жазған эпостолярлық жанр ретіндегі хатар легі де заман
шындығын, қанды майдан үстіндегі жауынгердің ішкі рухын таныстыру арқылы
жастарды елін, жерін сүюге деген махаббат сезімін оятуда таптырмайтын өмір
оқулығындай әсерде қалдырып отырады.
Диплом жұмысының келесі бөлімшелерінде аталмыш қанатты сөздердің
тілдік ерекшеліктерін айрықша көрсетуге тырыстық.
1. Б.Момышұлы қанатты сөздерінің әдеби тілге қосқан үлесі
Қазақ тілінде ғасырлар бойы қалыптасып, қауым жадында сақталып,
ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра болып келе жатқан мыңдаған мақал-мәтелдерді,
қанатты сөздерді халық даналығы, сарқылсам қазына қатарында деп білеміз.
Б.Момышұлының да қанатты сөздері сол қатардан көрінеді. Б.Момышұлының
қанатты сөздерін әр тұрғыдан қарастыруға болады. Мысалы: қанатты сөздердің
құрамы мен құрылымы, қанатты сөздердің мағынасы мен мазмұны, және т.б.
Алайда біз диплом жұмысында қанатты сөздердің тілдік ерекшелігін
сараптаудан өткіздік.
Б.Момышұлының қанатты сөздері ұлттық тілдің құдіретті күші арқылы
қалыптасып, байлығы мен көркемдігі негізінде өрістеп, бүгінгі
заманымызға, кейінгі ұрпақтарымызға жетіп отыр. Қанатты сөздердің өзіндік
қызметтері көп. Солардың бірегейі – ұрпақ пен ұрпақ арасын жалғастыратын,
өткен өмір мен бүгінгі болмысымызды, онымен болашақты ұластыратын алтын
көпір іспеттес. Қанатты сөздердің ұйытқысы – тілдің бұл қызметін ғылымда
кумулятивтік қызметі деп атайды. Яғни, қаһармен қаламгердің қанатты
сөздері де кумулятивтік қызметке ие деп айта аламыз.
Жалпы қанатты сөздер – афоризмнің бір түрі. Аталуына қарағанда,
қоғамдағы әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи жағдайларға байланысты
айтылып қалатын және сол сәтте жұртшылық құлақтанып, қарапайым халық
арасында тез тарап, елдің рухын көтеріп, патриоттық сезімін оятатын қтымды
да әсерлі айтылған сөздер.
Қай халықтың болмасын асыл қазыналарының қатарына мақал-мәтелдер,
ойшылдарының қалдырған қанатты сөздері жатады. Кезіндегі құнды пікірлер
қазіргі таңда ел арасында мақал-мәтелге айналып кетіп жатады. Б.Момышұлының
қанатты сөздері жайында да тура солай айтуға болады.
Мақал – мәтелдерді, өсиет сөз бен қанатты сөздерді жан-жақты зерттеген
ғалым Әбдуәли Қайдар “Халық даналығы” деген еңбегінде мақал–мәтелдерге
былайша анықтама беріп кетеді: “Мақал – мәтел дегеніміз – халықтың нақыл
сөздері, белгілі бір ойды ықшам түрде ұтымды, өткір етіп айтып беретін сөз”
1; 52.
Мақал-мәтелдер, қанатты сөздер тілдің басқа да бірліктері секілді
бірнеше қызметті атқарып, қоғам мүшелерінің арасындағы тілдік, рухани
қатысымды жүзеге асырады:
1. тіл байлығындағы басқа да элементтер қатарында қоғам мүшелері
арасындағы коммуникативтік қарым-қатынас құралының бір элементі;
2. халықтың өткен өмірі мен бүгінгі өмірін және оның болашағын
жалғастыратын рухани көпір ретіндегі (кумулятивтік) қызметі;
3. адамдардың өзара пікір алысуын көп сөзбен емес, әрі қысқа, әрі нұсқа
түрінде жүзеге асырудың бірден-бір оңтайлы тәсілі ретіндегі қызметі;
4. жай сөзбен айтып жеткізе алмайтын ой-тұжырымды бейнелі де, әсерлі
етіп, көркем сөз өрнегімен көмкеріп, эмоционалды-экспрессивті реңкімен
жеткізу қызметі 3, 106.
Б.Момышұлының қанатты сөздерінен аз сөзбен терең мағына беретінін
немесе алып ойды аядай қалыпқа сыйғызатын даналықты көреміз. “Сөздің көркі
– мақал, жүздің көркі – сақал” демекші мақал – мәтелдерді сөйлеген сөзде
орынды пайдалана білу керек. Мақал-мәтелдерді, әсіресе, көркем әдебиетте
көп пайдаланады. Көркем шығарманың, көркем туындының қымбат қасиеті өмір
шындығын шебер суреттеумен байланысты. Б.Момышұлының Ұшқан ұя, Әке
өсиеті секілді туындыларындағы дәуір сипаты, адам бейнелері шындық
шеңберінде, көркемдік жағынан нанымды суреттелген. Бұл нақылдарда жазушы
айтқысы келген ойларын ауыс мағыналы көркем бейнелі сөздердің және мақал –
мәтелдер мен тұрақты тіркестердің қолданысы арқылы әсерлі етіп жеткізгенін
байқаймыз. Көркем туындының көркемдігі неғұрлым жоғары болса, ол оқырманына
ерекше әсер етіп, өзінің эстетикалық қызметін толық атқара алады. Жалаң
түсінікке құрылған сөйлемдер ішінде мақал-мәтелдерді қолданып отыру сол
шығарма авторының алдына қойған мақсатымен, мәтіннің атқарар прагматикалық
қызметімен ұштасып жатады.
„Мақал-мәтелдер өзінің бейнелі табиғатымен көркемсөз өнерінің көрікті
де құнарлы үлгілеріне жатады. Мақал-мәтелдер тереңнен қозғап, кең толғап
айтылатын ой-тұжырымның мәйегі, қысқа да нұсқа түйіні ретінде философиялық
категория болып саналады. Мақал-мәтелдер халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпын,
әдептілік пен парасаттылықты уағыздаушы ғибрат, тағылым ретінде қабылданып,
моральдық, дидактикалық пән санатына жатады” 3, 9. Ендеше жас ұрпақ
тәрбиелеуде ерекше қызмет атқаратын көркем шығарма құрылымында бірнеше
сипаттарды бойына жинақтаған мақал-мәтелдерді мәтін мазмұнына, оқиға
желісіне сәйкес, орнымен қолданудың мәні зор. Бұл қағиданы Бауыржан
Момышұлы орынды пайдалана білген. Бұл–жазушы шеберлігін танытады. Мақал-
мәтел белгілі бір мақсатты көздей отырып, өзгеріске ұшырап не сол қалпында
ойды бейнелі жеткізу үшін жұмсалса, ол қазақ тілінің табиғатына қайшы
келмейді. Демек, көркем шығарма қазақ тілінің байлығын сарқа пайдаланатын
ерекше рухани мұрамыз екенін тағы бір мәрте дәлелдей түседі.
1.2. Қанатты сөздерінің өзіндік стилі және тілдік-композициялық құрылысы
Ә.Қайдар қазақ мақал – мәтелдерінің синтаксистік сипатын әр түрлі
тұрғыдан қарастырып, мақал – мәтелдің баяндауышы не етістік, не есімдік
болуына қарай анықтады. Осыған байланысты Ә.Қайдар мақал – мәтелдерді екі
топқа – есімдік тұлғалы және етістік тұлғалы мақал – мәтелдер деп бөлген
болатын. Міне, осы ретпен Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерін төмендегіше
жіктедік:
1. Есім тұлғалы қанатты сөздері : баяндауыш қызметін атқарушы
а). зат есім: Тәрбиелі - тәртіптің құлы,тәртіпті –елдің ұлы,
Жылататында жұбататын да –сөз, Опасыздық – ойсыздық, Ердің туы –
намыс.
ә) Сын есім - “Аяз әлін, құмырсқа жолын білгені жақсы”.
б) Модаль сөздің қолданысы: “Сақтықта қорлық жоқ”,Қуыс кеуде болғаннан
артық қорқыныш та , қорлық та жоқ.
2. Етістік тұлғалы қанатты сөздер:
а) – а-ды е-ді тұлғасындағы етістік баяндауышты мақал – мәтелдер: Жақсы
сөз жан сүйсіндіреді, Құлаққа ұғымды , ойға қанымды келеді, Үміт өрге
тартады , үмітсіздік көрге тартады, Елін ер таниды , Ерлерін ел таниды
ә) - ар - ер тұлғалы етістік баяндауышты мақал – мәтелдер: “Көн
құрысса, қалпына тартар”
б) – ма-с - ме-с, - па-с - пе-с тұлғалы етістік баяндауышты
мақал – мәтелдер: “Шебер қолы істен жерімес”, Ерлік елеусіз қалмас.
г) Ашық райлы етістіктің үшінші жақ нөлдік тұлғада қолданылуы: “Аққа
құдай жақ”
ғ) Тұйық етістіктің қолданысы: Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш – бала
сүю.
Халық тілі тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін, бейнелі
ойды бедерлеп жеткізетін өрнекті сөз орамдарына аса бай. Қай тіл болса да,
оның өзіндік сөздік қорының мол болуы сол тілде сөйлеушілердің қарым-
қатынасын жақсартуға, айтайын деген ойын терең, мазмұнды етіп түсіндіруге
өз септігін тигізеді.
Орнын тауып қолдана білсе, қандай күрделі пікірлерді де әрі түсінікті,
әрі көркем, әрі орамды етіп қолдануға болады. Сөздің немесе тілдің
көркемдігі дегенде, ең алдымен, оның әсерлілігін ұғамыз. Сөздің негізгі
мақсаты – ойды жеткізу болса, көркем сөздің мақсаты – сол ойды әсерлеп
жеткізу. Ал әсерлеп жеткізу ойда қалу үшін, ой мен сезімге әсер ету арқылы
адамның жан дұниесін байыту үшін қажет. Тілдің қолдану аясының кеңдігін
танытатын құбылыстың бірі ғылымда троптар деп, ал солардың негізгі бір
түрін метанимия деп атасақ, Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерінен
метанимиялық қолданыстардың да мол үлгісін көп кездестіруге болады.
Мысалы:
Намысты нанға сатпа. Бұл сөзде нан сөзінің астарында күнделікті ұсақ
алдамшыларға әуес болма дегенді айтқысы келсе,
Мейірім түсер мезгілде,
Ағарып атған таңдай бол.
Жауды бөгер кезінде
Көлденең жатқан ордай бол – деген өлең жолдарында таң және ор сөзін
шебер ауыстыру үлгісін көрсетеді.
Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Олардың кейбірі
төмендегідей:
Жалғыз батыр – жалғыз жан,
Майданға тұтқа бола алмас.
Қол – ойдың құлы
Шегініп серке болғанша,
Секіріп теке бол, т.б.
Қанатты сөздердің ұйытқысы – оның тілі. Шыныда да, тіл ой мен
пікірдің, ұғым мен түсініктің көрінісі. Б.Момышұлының қанатты сөздері о
баста қарапайым қара сөз түрінде қалыптасса да, арасында өлең сөзбен
өрілгендері де кездеседі. Сонымен Б.Момышұлының қанатты сөздері тілдік
табиғатына байланысты іштей екі, яғни, прозалық, қара сөз және поэтикалыө
өлең сөзді жанрға жіктеліп, көркем сөз өнерінің құдіретті күшімен халық
даналығын паш еткен тілдік феноменге айналғандығын көрсетеміз.
Мысалы, қара сөз түріндегі қанатты сөздерге мыналарды жатқызамыз: Отан
үшін отқа түс күймейсің. Намысты нанға сатпа, Ердің туы—намыс, Сергек ой –
ер серігі, Ой жетпейтін жер болмайды, Орынды мысқыл оттан да өткір, Білмей
тұрып, билік айтудан сақтан, Сынаспай, сырласпа, Адам танысаң – адал
таныңын, Жаман солдат шілдеде шинел киіп жүріп тоңады, Адал болмай,
азаматпын демегін, Қарсыласқаннан дұшпан қаймығады және т.б.
Б.Момышұлының қорында мұндай қанатты сөздер молынан кездеседі.
Өйткені, өлең талабына сай, екі, үш, төрт және одан да көп, өзара ұйқасып,
жұптасып, үндесіп келетін жолдардан тұратын өлең түріндегі қанатты
сөздерден басқа, негізі бір жолдан тұратын қанатты сөздердің баршасы қара
сөз түрінде қалыптасқандар.
Керісінше, екі, үш, төрт немесе одан да көп өлең жолдарынан тұратын
қанатты сөздердің барлығы өлең түріндегі қанатты сөздерге жатады.
Мысалы;
Көп тұрған су сасиды,
Көп ойланған ми сасиды
Именіп жүріп кқрген игіліктен,
Қарсыласып жүріп алған қорлық артық,
Ақыл айтар мезгілде
Мың жасаған шалдай бол,
Қатал болар мезгілде,
Шытырлаған жайдай бол.
Мейірім түсер мезгілде,
Ағарып атқан таңдай бол,
Жауды бөгер кезінде,
Көлденең жатқан ордай бол.
Кім кетпес ажал жетіп тағдыр болса,
Өмірге ар мен намыс қолқа салса,
Мәңгілік өмір жасап өлмегені
Батырдың ел аузында аты қалса.
Жалғыз батыр жалғыз жан,
Майданға тұлға бола алмас.
Азынап жал,ыз арыстан,
Орманды билеп ала алмас.
Жалғыз батыр болғанша,
Жалпы батыр болсайшы.
Маған деген атақты,
Міндет етсең өзің ал,
Әділдңкті бас ұрып,
У берсең де, маған бал.
Өз қадірін білмеген,
Ер қадірін білмейді,
Ел қадірін білмеген,
Ер қадірін білмейді.
Көргеніңді көпірместен, шынын айт,
Сезгеніңді сезіміңмен сеніп айт.
Міне, осы секілді қанатты сөздердің ішкі ұйқасынан екі, үш, төот
жолды өлең құрылысына сай шарттылықты байқап отырмыз.
2. Қанатты сөздердегі лексикалық тіркестер
Көркем шығармадағы тіл мәселесі ең күрделі мәселелердің бірі болмақ.
Күрделі ойлар, ірі теориялар тілдің жаңа қырларын, тосын сырларын жарыққа
шығаратыны белгілі. Мәнділік, бейнелілік, мағыналылық тілдің көркемдік
қуатын арттырып, әсерліліліг күшейтеді. Тіл де, сөз де – халықтікі,
әйтсе де әр жазушының өзіне тән сөз саптауы, сөйлеу және жазу стилі бар.
Бауыржан Момышұлының да өзне тән сөз саптауы, өзіндік стилі бар.
Ісің ақ болса, құдайың жақ болады.
Жалпы қолданыста Ісің ақ болса, құдайың жақ болады дегеннің Аққа құдай
жақ және Ісің ақ болса, тәңірің жақ деген варианттары да бар. Алғашқысы
мақал-мәтелдің құрылымының тарылып, ықшамдалып қолданылуынан жасалған.
Мұндай өзгерістер тілімізде, сөйлеуде жиі ұшырасатын құбылыстар болып
табылады. Ал екіншісінде құрамындағы құрылымдық элементтер өзгеріске ұшырап
қолданылған: құдай – тәңір. Біз талдап отырған қанатты сөзде алғашқы
компонентінің мағынасы жинақталып, ақпыз сөзінің құрамында қамтылып,
екіншісі тілдегі бар қолданысты жұмсау арқылы туындаған. Алғашқы бөлігі
екінші жақта тұрып әрі шарттылық ұғымды білдірсе, Б.Момышұлы қолданысында
ол бірінші жаққа ауыстырылып, әрі нақтылық мағынасына ойысқан. Демек, автор
қанатты сөздің қысқа нұсқасын қолданған.
Сақтықта қорлық жоқ,
Сәлемде зорлық жоқ.
Бұл қанатты сөз қазіргі таңда ел аузында кеңінен таралған мақал-
мәтелге жатып, тілді қолдану барысында көбінесе ықшамдалған күйінде,
алғашқы компоненті қолданылады. Жазушы да осы вариантын пайдаланғаны
аңғарылады.
Ойды жеткізуде құрылымдық элементтерінің әрі алмастырыла, әрі
құрылымы мен лексикалық құрамының тарыла қолданылу да Бауыржан Момышұлына
тән.
Есің барда, елің (ді) тап, есер
болмай, етек жап.
Есің барда етек жап,
Қайратың барда, мал тап.
Есің барда, елің (ді) тап, есер болмай, етек жап атамекеннен алыста
көп жүріп қалған адамға айтылатын ақыл – кеңес; бойыңда қуат, ақыл – есің
дұрыс, қартаймаған, қарып – қасер болмай тұрғаныңда өзіңнің туып - өскен
еліңе, жеріңе қайта орал демекші. “Бөтен елде жүре берме!” деген тиымның
астарында “Өз еліңді ұмытпа, шыққан тегің, өскен тамырың сонда, бар болса,
қадір – қасиетіңді білетін де, бағалайтын жұрт та сонда” деген ақыл - кеңес
жатыр 3; 295.
Б.Момышұлы шығармаларынан көріп отырғанымыздай, ақыл-кеңес мағынасын
білдіру үшін астарлы мәнге ие мақал-мәтел қолданылған. Егер мақал-мәтелдің
жоғарыдағы нұсқасымен салыстырсақ, жазушы шығармасында алғашқы компоненттің
екінші, ал келесі компоненттің бірінші сыңары - еліңді тап, есер болмай -
қолданылмаған. Ал келесі нұсқасымен салыстырсақ, Бауыржан екі жолды
мақал–мәтелдің бір жолын түсіріп айтуға байланысты ықшамдап алған.
Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл.
Аяз би, әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл 1. О баста: ел ішінде
өзінің әділдігімен аты шыққан Аяз бидің айтқан сөзі ретінде кең тараған
әңгіменің сюжеті негізінде қалыптасқан бұл мақал: билік басына көтеріліп,
би болған Аяздың өзіне-өзі: “Аяз би, кеше кім болғаныңды, бұл билікке қалай
жеткеніңді ұмытпа!” – деп ескертуінен қалған сөз; 2. ауыс. әркім ең алдымен
өзін-өзі, кеше кім еді, бүгін кім болып отырғанын, билік, мансапқа қалай
қолы жеткенін, яғни өз өмір - болмысына сын көзбен қарап, өткенін естен
шығармауын ескертіп тұр 3; 217.
Мәтінде “аяз әлін, құмырсқа жолын білгені жақсы” деп авторлық
өзгеріске ұшырап, құрылымдық компоненттер ықшамдалған әрі жақсы лексикалық
бірлігі кейіпкер тұжырымдауы негізінде қосылып тұр.
2-тарау. Б.Момышұлы қанатты сөздерінің грамматикалық сипаты
Аты бүкіл әлем халқына аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны
Бауыржан Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем
туындылары, қанатты ойлары жөнінде сан тарапты пікір айтылып, талассыз
жазылып келе жатыр.
Найзағайдай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz