Парктің көз тартар жерлері
Жоспар
Кіріспе
І. Мемлекеттік ұлттық
парктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи
паркі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..4
2.1
Географиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.2 Баянауылдың қайталанбас жомарттығы мен
сұлулығы ... ... ... ... ... ... ... .8
2.3 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің
гидрологиясы ... ... ... ...12
2.4 Климаты. Туризм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.5 Парктің көз тартар жерлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.6 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар әлемі ... ... 19
2.7 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өсімдіктер дүниесі ... .
21
Қорытынды және ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
І. Кіріспе
Ұлттық саябақтар елімізде қорғалатын ландшафтылардың жаңа түрі. Олар
әлі де толық өріс алып, дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан айырмашылығы -
туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан
табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі. Қазақстанда 5
саябақ ұйымдастырылған.
1. Баянауыл саябағы
Ол 1985 жылы Павлодар облысындағы Б аянауыл орман шаруашылығьінын негізінде
құрылған, ауданы 50,7 мың гектар. Саябақ аумағына енетін таулы-орманды
ландшафтылары тамаша табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі. Қарағай, қайың
ормандары өскен, гранитті, үгіліп мүжілген Баянауыл таулары
Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан. Мұндақұстардың 54 түрі,
сүтқоректілердің 54, балықтың 8, өсімдіктің 438 түрі бар. Биік жері -
Ақбеттауы, биіктігі 1026 метр. Табиғатының қолайлы жағдайына байланысты
Баянауыл тауларын шөлді даладағы таулы-орманды шұрат деп атайды
2. Іле-Алатау саябағы
Еліміздің көрікті жерлерінің бірі Алматы облысында орналасқан Іле-Алатау
ұлттық мемлекеттік табиғи саябағы. Саябақ Қаскелең, Түрген, Медеу және
Талғар орман шаруашылықтарының негізінде 1996 жылы құрылып 200 мың гектар
жерді алып жатыр. Мұнда биіктігі 45 метрге дейін жететін шыршалар,
аққайың, қара қарақат, өрік пен алма ағаштары өседі. Саябақ жануарлар
әлеміне де бай, 300-ге жуық аңдар мен құстардың түрі мекен етеді.
3. Қарқаралы саябағы
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 1212 қаулысымен құрылған. Қарағанды облысының
Қарқаралы ауданының шығыс жағында орналасқан. Ұлттық бақтың жалпы аумағы
90323 га жер учаскесін құрайды, оның 40341 га орман шаруашылығы. Ұлттық
бақтың үш филиалы бар: Таулы (жалпы аумағы-25576га); Қарқаралы (жалпы
аумағы-23846 га) және Кент (жалпы аумағы-40901 га).Қарқаралы-Кент таулы
торабы бір бірімен аралас орналасқан бес таулы топтан тұрады: Бұғылы,
Шаңкөз, Матен, Айыртау және Кент.
4. Алтын Емел саябағы
Алтынемел ұлттық табиғи саябағы – Алматы облысының Кербулақ ауданының
аумағында 1996 ж. ұйымдастырылған ұлттық саябақ. Іле өзенінің солтүстігінде
орналасқан. Ауданы 460 мың гектар. Оның құрамына Жоңғар Алатауының
сілемдері: Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Қояндытау таулары, Үлкен
Қалқан, Кіші Қалқан, Ақтау жоталары және өте сирек кездесетін табиғат
ескерткішінің бірі – Әнші құм (жергілікті тұрғындар Айқай құм деп
атайды) енеді. 3 ландшафты – таулы-далалық, құмды-шөлді және қиыршық тасты
белдеулерден тұрады. Саябақ археологиялық ескерткіштер мен ежелгі таңбалар
және суреттер салынған үңгірлер мен тастарға бай.
5. Көкшетау саябағы
Көкшетау ұлттық табиғи саябағы 1996 жылдын сәуірінде Қазақстан
Республикасы ұкіметінің қаулысы бойынша құрылған болатын. Оның негізгі
аумағы Көкшетау қаласының оңтүстік-батысына қарай 60 километр аралығындағы
182 000 гектардан аса алқапты алып жатыр. Саябақ жерінің құрамына Зеренді,
Шалкар және Имантау және Айыртау табиғи аймақтарының таулы-орманды, өзен-
көлді өлкелері енеді. Ұлтық саябақтың аумағында мемлекет қорғауына алынған
185 археологиялык, тарихи, сәулет және монументальды өнер ескерткіштері
бар.
ІІ. Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Павлодар облысының оңтүстік-
шығысында (Баянауыл ауданында) Екібастұз қаласынан 100 шақырым жерде
Орталық-Қазақстандық ұсақ шоқылардың шетінде орналасқан Қазақстан
Республикасындағы ұлттық парк. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарының қатарына кіреді.
Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі 1985 жылы ҚССР Министрліг №
276 қаулысымен құрылған. Жалпы аумағы 70 000 га құрайды. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2007 жылы 27 желтоқсанда №1305 парк
аумағы кенейтілді. Қазіргі кезде БҰМТП 68 452,8 га құрайды. Орман және
аңшылық шаруашылығы комитетінің шешімімен Қызылтау қаумалы БҰМТП қорғауға
бекіттілді, жалпы аумағы 60 000 га құрайды.
Қазақстанның бірінші ұлттық паркі болып табылады. Баянауыл тау
сілемінің табиғи өсімдік әлемі мен жануарлар әлемін сақтау және қалпына
келтіру қажеттілігі паркті құрылуына негіз болып табылды.
Аудан орталығы орналасқан тұста 50 000 га жер паркке тиесілі. Қалғаны
Күркелі, Қаратомар,Жаяу Мұса ауылдарындағы бөлімшелер. Оның үстіне 60 000
га –дан тұратын ерекше қорғалатын аймақ – Қызылтау қорығы бар. Ең бір
көрікті мекен – Жасыбай көлі.
Баянауыл – халық аңыздары мен түрлі хикаялар мекені.Қол бастаған батыр
бабаларымыз бен ел басқарған қайраткерлердін елі.Аңызда айтылатын ұлы
бейнелерді кескіндеп,көрікті жерлерге орналастырса, белгілі орындардың
аңызшежірелері жазылып, ілініп қойылса маңыздырақ бола түседі. Кәдесый
сатудан да үлкен пайда түсіруге болады. Баянауылдың өзіндік бір таңба
белгісін қалыптастырып, оны бұйымдарға бейнелеу қажет болады. Осы арқылы
демалыс аймағының атын насихаттай аламыз.
Ұлттық парктің аумағы үш орманшылығына бөлінген.
Баянауыл орманшылығы — 19 188 га,
Жасыбай орманшылығы — 22 904 га,
Далба орманшылығы — 8 596 га.
Кенейтілген парк аумағы — 17 764,8 га
Баянауыл паркінің орналасқан жері
1-сурет
2.1 Географиясы
Парктің аумағы Қазақтың ұсақ шоқылары шегінде орналасқан, ол жоғарғы
палеозой кезеңінің өзінде ірі таулы мекен ретінде қалыптасып, континенттік
құлдыраудың ұзақ тарихын басынан кешірді, сондықтан қазіргі уақытта оның
қатысты шағын биіктіктері бар (теңіз деңгейінен 400-ден 1027 м-ге дейін
жоғары). Баянауылдың ең жоғары нүктесі (1027 м) — Ақбет тауы. Аңыз бойынша
тау Ақбет деген қыздың құрметіне аталды, өзі сүймейтін адамға тұрмысқа
бергені үшін таудан құлаған.
Парк аумағында үш ірі тұщы сулы көл - Сабындыкөл, Жасыбай және
Торайғыр көлдері орналасқан. Олардан басқа шағын көлдер көп, кейбіреуі
құрғақшылық кезде тартылып қалады.
Ең ірі көл — Сабындыкөл (тура аудармасы — мыльное озеро), оның
жағасында Баянауыл кенті орналасқан. Көл өзінің ерекше, жұмсақ, сабынды
суына байланысты солай аталған. Аңыз бойынша Баян сұлу кезінде әдемі ұзын
шашын жуып отырғанда сабынын суға түсіріп алған.
Ең мөлдір және көлемі бойынша екінші көл — Жасыбай көлі, ол таулар
арасындағы қазаншұңқырда орналасқан. Жасыбай жағажайынан ашылатын көркем
көрінісіне және өзінің таза суына байланысты шомылуға арналған тартымды
көлдердің бірі болып табылады. Аңыз бойынша жағада басқыншылармен шайқасқан
кезде қаза тапқан қазақтың Жасыбай батыры құрметіне аталған болатын.
Торайғыр көлемі жағынан үшінші және теңіз деңгейінен барынша жоғары
орналасқан көлдердің бірі болып табылады. Оның суы Жасыбаймен салыстырғанда
соншама мөлдір емес, сондықтан ол шомылуға келе қоймайды, бірақ онда
көптеген балық бар, әсіресе сазан, осыған байланысты бұл көл көптеген
балықшыларды қызықтырады. Бұл көл балалық шағы осы жерде өткен қазақ ақыны
Сұлтанмахмұт Торайғыров құрметіне осылай аталған (көлдің жанында орналасқан
аттас кентте және ақынның құрметіне аталған мұражай жұмыс істейді).
"Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің кейбір
мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1305
Қаулысы
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының
2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және ерекше қорғауды талап ететін
Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Павлодар облысының флорасы
мен фаунасының бағалы түрлерін, экологиялық жүйелерін сақтау мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді :
1. Павлодар облысы Баянауыл ауданының босалқы жер санатынан жалпы
алаңы 17764,8 гектар жер учаскелері алынсын және осы қаулыға қосымшаға
сәйкес олар тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің"Баянауыл
мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі -
мекеме) берілсін.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері босалқы жер
санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын, ал
осы аумақта бар ормандар"мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары"
қорғаныштық санатына жатқызылсын.
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен
жергілікті жерде мекеме жерінің шекарасын белгілесін.
4. Павлодар облысының әкімдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы
аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына
келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салып және (немесе)
шектеу қоя отырып, мекеме жерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін.
5. Мекеменің жер пайдалануындағы жалпы алаңы 50688 гектар жер
учаскелері орман қоры жерлерінің санатынан ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар жері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта бар ормандар
"мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары" қорғаныштық санатына
жатқызылсын.
6. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10
қарашадағы N 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж.,
N 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық маңызы бар ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
"Павлодар облысы" деген бөлімдегі реттік нөмірі 77-жолдың 3-
бағанында "50688" деген сандар"68452,8" деген сандармен ауыстырылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
2007 жылғы 27
желтоқсандағы
№ 1305
қаулысына
қосымша
2.2 Баянауылдың қайталанбас жомарттығы мен сұлулығы
Баянауыл ауданының атауын жиі қазақтың тамаша Джульеттасымен
байланыстырады. Тағдыры адамзаттың өмірі мен әлемдегі шығармашылыққа
берілген бар уақыт бойына өмір сүретін әйгілі лирикалық поэмасының пайда
болуының бастауы болған Джульеттаның атымен. 21 мың шаршы километрлі аймақ
қыздың атымен аталғаны ма? Қазақстан шын мәнінде жаңаның қайнар көзі!
Аталудың ендігі нұсқасы өзгеше. Озық гуманист, белгілі ағартушы Ш.
Уәлиханов Баянауыл Баян-Ола сөзін Аманшылық, Асқақтықтың бақытты таулары
деп талдаған. Бұл жердің микроклиматы ең сұрапыл деген қыстарда малды
қыстан аман-есен алып шығуға мүмкіндік қалдырады.
Баянауыл Мемлекеттік Ұлттық паркінің алғашқы әсер қалдыратын көрінісі —
аласа бойлы жасыл қарағайлармен көмкерілген ашық түсті жайдары таулар. Тау
мен қырат араларында діңгектері орыс орта қайыңдарынан кішірек, қалың өскен
қайыңдар кемел Мадоннаның жанындағы жасөспірім қыздың пішіні тәріздес.
Қанша дегенмен, күйдірерлік аңызақ пен қысқы сұрапыл да суық бұрқасын
борандар да болады. Олар өз дегендерін алады.
Мұнда ерекше қайың да өмір сүреді. Ондай ешқайда жоқ, тек осында ғана бар.
Адамнан өзінің жұлдыздық сағатын әлі күтуде. Селекционерлерді күтуде.
Майқайың - Майлы қайыңы. Оның ерекше балауыз себіндісімен көмкерілген
жапырақтары оған ызалы жел мен аптап ыстықты жеңуге көмектеседі. Ал ғалым-
селекционерлер назар аударар күнге жетер ме екен? Бүкіл әлемде он шақтысы
ғана қалды. Бүкіл әлемде! Майкайың кенті бар емес пе? Сол қайыңның атымен
аталған. Біздің арғы алыс аталарымыз аңғарымпаз болған.
Сәнді де қарапайым қайыңның сұлулығымен қатар күздігүні қызыл келбеті
нұр шашып тұратын көктерек ағаштары да өсіп тұр. Сұлулығы жағынан теректер
артығырақ та сияқты. Олардың қызғылт сәулесі айналаның бәрін ғажайып
жылылықпен құлпыртады. Сонымен қатар қара мойыл, әр түрлі итмұрын, қарақат,
таңқурай бұталықтары өсіп тұр - әрине нитрат пен тағы басқа пестицидсіз.
Тағы да балапан қарағайлар. Ал шөбі қандай, шіркін!..
Ал мәрмәр тау-құздар ше, олардың сұлулығы өзіндік ерекшелігімен тіпті
қайталанбастай. Олардың басым көпшілігі табиғаттың ғажайып туындысы болып
табылады. Олар адамға керемет әсер етеді — біреуі тамсандырады, басқасы
ойға шомдырады, мүсіндік кейпінде қатал жалғандық көрінетін үшіншісі –—
қанағатсыздық сезімін ұялатады, көп нәрсені өзгерткің, түзеткің келеді. Ал
кейбір мүсін-жартастар езу тартқызады: олардың тыныштық пен жарастық
кейіптері, әзілшең де сияқты. Мұқатып, біздің адамдық осалдығымызды дәл
жеткізеді, сондай ғажайыпты да күлкілі... Бұлардың бәрінде де жел мен
судың, аптап пен аяздың, боран мен дауылдың және де күннің іздері бар.
Әрине, уақыттың да. Бір ғажабы мен өте маңыздысы: бұның бәрі адам арқылы,
оның ақыл-ойы арқылы көрінеді. Бірақ оған бізден өзінің бізге деген
жомарттық деңгейінде қайта ма? Табиғаттан алынған шабыт па? Шығармашылық
киноленталарда, көркем туындыларда, шеберлердің мүсіндерінде ме?
Шығармашылықтың таусылмас қайнар көзі! Керісінше, бізді қоршаған ортаға
Хомо туындылары жеткіліксіз әсерін ұмытып, табиғаттың адамзат үшін маңызын
айта отыра, біз осы, табиғаттың ең маңызды бөлшегін жіберіп алмаймыз ба?
Павлодар облысының Алексеевка ауылынан Баянауыл аудан орталығына бар
болғаны 50 шақырым. Жол топырақты болғанымен, жақсы. Бір сағат, не одан да
аз уақыт ішінде баратын жеріңізге жетесіз. Егер жолыңыз аудан орталығынан
басталған болса, аймақ жайлы нақты түсінік алу үшін бағдарды былай құру
жеткілікті: Баянауыл — Малайқа — Торайғыр көлі — Серке-Көтерген-Тас тауы —
Жасыбай көлі. Баянауыл ауданының осы бөлігінде бәрі де жеткілікті: түйе деп
аталатын тастардың баттасуы да, Көгершін жартасы да, Мыстан-Кемпір мен
Найзатас та. Оларды бір сөзбен аударғың келмейді. Орынсыз. Сөзбенен
жеткізгісіз жердің аталу тереңдігі мен романтикасын түсініп қана сол өңірді
жаныңмен сезіне аласың. Мысалы, Көгершін тасын алайық. Көгершін. Бар
аударма осы. Ал шын мәнінде... Ауданның бар шынайы кереметін, оның
мүмкіндігінің болашағын сезіну үшін тек сол жердің өзінде, атаулар мен
айналаны қоршағанның бәрінің маңызына терең де, жете ұғынғанда ғана мүмкін
сияқты.
Бетінде мыңжылдықтар бұрын болған жайттар бейнеленген жартастарды
көргенде толғанбайтын адам жоқ шығар. Тас дәуірі адамының қолымен майлы
жылтылға дейін жылтыратылған қырғыш толқытады. Ыңғайлы қырғыш. Ұшталған
тімсе ғана емес, тікшіл шошағы ұстауға сондай ыңғайлы қалақша! Оны
қолыңызға алып палеоантроп жолы мен өзіңіздің жолыңыз мыңжылдықтар арқылы
қиылып жатқанын сезінесіз. Ал міне, милиметрлік белгілері бар өте мұқият
жасалған ұштық. Бұл белгілерді тасқа тас аспаппен жасаған!— таңырқайсың.
Палеолитикалық шебердің жұмысына: құздың бөктерінде табылған бұлақтың
қоңырқай қалақшасына, әлде басқа бір бұйымға ма, көз салып неғұрлым көп
түсінсең, соғұрлым көп ойға шомасың: олар бізден уақыт бойынша онша көп
ұзап кетпеген сияқты. Олар жанымызда сияқты. Бізден бірдеңені сұрайтындай.
Мына дақ бала саусағыныкі сияқты? Бірақ жылтыратылған, яғни ұзақ уақыт бойы
пайдаланылған, яғни ойын мен ермек үшін емес, ал ол бала тұтқын құл болғаны
ғой? Ақиқатында солай болған болу керек... Өмірдің сол іздерін оқыса ғой,
шіркін...
Мұнда белгілі ірі зерттеуші П.Драверт жартастағы жазуларды ашып қана
қоймай, сонымен қатар меңгірлердің бірқатарын сипаттаған. Тігінен қойылған
тас бағаналар кейпіндегі ежелгі ескерткіштерді. Өздерінің тылсым
қазынасымен тек Скандинавия, Англия, Африка ғана мақтан тұтпайды екен.
Біздің данқты Қазақстан бойынша олардың қаншамасы бар! Алайда бұл қасиетті
құндылықтарды, жеке белсенді адамдарды әйгілеу әлі жеткілікті қолдаудан
алыс, хабардар болмаушылық себебінің басым көпшілігі осыда. Палеолитикалық
адамдар Баянауыл ұлттық паркінде меңгірлер мен тастағы суреттер ғана емес,
сонымен қатар тақта тәріздес өте үлкен шойтастан салынған көне жерлеулер
қалдырған.
1926 жылы Драверт өресі биік Атбасынан қашық емес Жасыбай көлінің
жағасында үңгір ашып, суреттеген. Үңгір қазір зерттеушінің атымен аталады.
Енді табылмас биіктігі он метр мүсіндер мен Таскемпірлер де суреттелген.
Әр алуан тұрпатты және әр түрлі уақытта тұрғызылған қорғандардың көптегенін
көруге болады. Ол үшін назарыңыз бен он шақты шақырым жол жеткілікті.
Жолыңыз болса, бірінші болып салтанатты салт-жораны көзіңіз шалады. Үнемі
қайғылы ма? Мұнда әрқашан бағалы археологиялық олжаларға тап боласың. Кейде
тіпті уақыттардың өзара байланысын, біздің неандерталдықтарға
тәуелділігіміз, олармен туыстығымызды сезесің. Қанша дегенмен, өткен уақыт
болашақты анықтайды. Өткенсіз болашақты түсіну мүмкін емес. Қазақтың
көрнекті ақыны О.Сүлейменов айтқандай, болашақты өткен шақ пен бүгінгі
шақтан ажырату жиі қиынға соғады. Тегін білмейтін Ивандар мен Ахмедтердің
лайықты тағдыр жасауға жарамдығы аз. Әсіресе қазір, адамзат жол айырығында
тұрған кезде. Ірі философ – ойшыл Н.Рерих кеше, бүгін мен болашақтың өзара
байланысы идеясын тапжылмай насихаттаған. БҰҰ қабылдаған оның ұсынған
бейнелеме-байрағындағы мәңгілікті білдіретін шеңбердің ішінде тағы үш
штрихтелген дөңгелек бар, олар өзара мәңгілік шеңберімен сабақтасқан
өткеннің, бүгінгінің және болашақтың белгісі.
Өткен уақыт... Заманауи ғалымдардың бірқатары, соның ішінде белгілі
профессор биолог П.Мариковский қарлы адам - иети осы күнге дейін адам
меңгеріп мекендемеген, аз жүретін аймақтарда жасырын өмір сүреді деп
есептейді. Өмір сүреді және көптеген ақбөкендермен бірге маусым сайын көшіп
қонады. Оның түнгі өмірі оның тірі қалуына белгілі бір мүмкіндік береді.
Оның ашылуын бірінші болып Баянауыл көрсетпес пе екен. Бұл әбден мүмкін.
Ұлттық парктің тарихи уақыты адамдардың есінде сақталған. Халқының
бостандығы үшін күрескен батырлар жайлы көптеген аңыздар мен батырлар жырын
тудырған жоңғарлардың жиі де аяусыз шабуылдары.
Аңыз-әңгімелердің ерекше, мүмкін басты бұлағын аңызға айналған Баянсұлуға
қатыстырып жатады. Бұл өзінің еркіндігімен, сол уақыт жұпарымен тамаша
халық біртума баға жетпес поэмасында қамтылған. Аңыз сол уақыттың қысқа
энциклопедиясы болып табылады. Ән шығармашылығында философиялық-этикалық,
тұрмыс мәселелері және имандық, тіпті кейбір тылсым телімдер дарынды
үйлесіп жатыр. Поэмада табиғат сұлулығы да, адамның шын бақыты да, байлық
пен кедейлік те, айырылудың ауыр тауқыметі де, сезімдердің құдіреті мен
жараланған жүректер де, залымдық-адамгершілік те, сараңдық-дүниеқорлық та,
жомарттық та, жалғандық-опасыздық пен адалдық та, өшпенділік пен махаббат
та бар... Сертке деген адалдық... Қалайша мұның бәрі осылай сәтті де жарқын
болып құрылған?.. Бүгін де, киіз үй құрылып, ұзақ күн демалыста қыр
кеңістігінде атағы шыққан ақындар қонаққа келеді. Жарыстарға қатысу үшін
жиналады, әңгімелеседі, ән айтады. Күй-әңгіме неғұрлым әсем болып,
тыңдаушылардың жүрегіне жетсе, соғұрлым ақынның беделі мен құрметі жоғары.
Желдірме мен тарихты көркем әңгімелеуде бәсекелеседі. Сауық кейде таңсәріге
дейін жалғасады: бұл 11 отызда аяқталатын ресми концерт емес. Біреулер бір
өлең-ән орындаса, екінші біреу дәл соны басқаша орындауда ұсынады, ал
үшінші біреу мүлде басқа нұсқамен шығады. Ел есінде көпшілікті толғандырып,
көңілінен шыққан ең мықты орындаушылар қалады. Бұл бір-ақ рет болып қойған
жоқ. Он жылдықтар бойы болып қойған жоқ! Осылайша, дана түйіршіктерден
поэманың жақұт кристалы пайда болған. Ал алынған біртума біз әлі мағынасын
түсіне қоймаған Жердің Хомо сапиенсі үшін жалпыадамдық мәдениеттің керемет
бөлігі. Сол алтын шығармалардың кез-келген біреуін жоғалту адам санасын
мәңгілікке жүдетеді.
Баянауыл тау бөктерінде серуендеу үлкен ғанибет. Асфальттан он метрдей
жер жүргеннен кейін олардың аймағына енесің. Алғашқы жартас ойықтарына
өрмелеп шығасың. Күнқағардай төніп тұрған мәрмәр тымақтарға шығасың. Дәлме-
дәл грузин-азербайжан қалпағы дерсің. Ал жанында, егер мәрмәр құймақтарымен
баспалдақпен көтерілгендей солға жүрсеңіз, жайдары иілген қас пен күле
қараған еріннің кескінін көресіз. Тағы бұрылып, көтерілсеңіз, аласа
жартастан төгіліп тұрған сөйлемпаз жылғаға тап боласыз. Ол алаңшаның дәл
ортасында кішігірім көлшік жасап қойған. Үлкендігі үш-төрт адымдық қана,
бес сантиметрлік тереңдігі бар. Көлшік аспан көгі мен ерекше қалыңдығымен
таңдандыраратын шөппеп шағылысады. Шүйгін, жарқын шөппен!.. Арша! Қызыл
арша.
Өзінің мәңгі жасыл сұлулық шатырымен жасалған Қызыл арша сауырағаш,
мәңгі жасыл ағаштардың туын мақтанышпен алып жүріп, табиғатты көркейтіп, өз
мекендеу қуысын қорғап қалып күшін көбейте түседі, өзі іспеттес тіршілік
иелерінің жаңа буынын береді. Сонымен бірге адам баласына көп пайда
әкеледі. Жергілікті тұрғындар оны ревматизмді емдеуде жетістікпен
қолданады, ал егерде тіс тазалау үшін қолданса, тележарнамадағы қантсыз
орбиттен асып түсіп, тіс жылтырын сақтауға ғана көмектесіп қоймай, тістің
қызыл етін де қорғайды. Аршаны басқа да бірқатар аурулардың алдын алу және
емдеуде қолданады. Тағы бір айтатын жайт: қызыл арша бар жерде мумие болуы
мүмкін.
Ландшафт пен Баянауыл өсімдік пен жануарлар дүниесінің осындай бақытты
үйлесімділігі жұмбақты-тылсым мумие деп аталатын шайыр тәріздес заттың
жиналуына мүмкіндік туғызады. Ал оңтүстікке, Ташкентке қарай архат-тас,
Байкалдың ар жағында брагшин бар, ол барлық ауру-сырқаулардан, зақымдардың
бәрінен дерлік емдейтін аңызға айналған дәрі, ауруды қысқа мерзім ішінде
дерт мен бейнеттен арылтып, күш-қуатпен толтырады.
2.3 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің гидрологиясы
Гидрографиялық торабы Баянауыл тауларының сол түстік –шығыс, солтүстік-
батыс беткейлерінен, солтүстігінде Акбет тауларынан, батысында – Аккарағай,
Шибет, Огелең, оңүстігінде – Нияз тауынан ағып шығатын көлдермен және
көптеген өзендермен көрсетілген. Су жиналымының таулы бөлігінде бұлақтар
бастауын реттейтін және кіші су ағындарының басында тұрақты беткейлік
ағынды ұстап тұратын бұлақтар мен сарқыншалар күйінде жарықтық сулар шығып
жатады. Баянаул ұлттық парк территориясында 9 көл бар. Алты көлдің су беті
айдыны 1 км2 аз, және үш көл (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр)1 ден 7,4 км2
(кесте 2), барлық көлдердің жалпы қосынды акваториясы 15,3 км және ұлттық
парк аумағының 3% алып жатыр. Ұсақ көлдері аласа жерлерде уақытша
суайрықтарда және ірі көлдерді жағалай орналасқан. Баянауылдық көлдер
тобына керемет беткейлі жағалаулар тән. Көлдердегі су ағынына жауын-шашынды
көп алатын көлді қоршаған кеңістіктен көлге қарай беткейлермен су жылдам
ағып жарықтар арқылы ішкерілей енетін кристаллды жыныстар көлге тұрақты жер
асты ағынсуы түрінде түседі. Сондықтан суы тұщы айтарлықтай терең көлдер
қатпайды.
Сабындыкөл көлі Баянауыл селосында, Ақбет пен Нияз тауларын екіге
бөлген орында орналасқан. Су жиналым ауданы жалпы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz