Механикалық беріліс қораптары


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . ……5
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Беріліс қорабы . . . 8
Беріліс қорабының негізгі түрлері . . . 9
Механикалық беріліс қораптары . . . 13
Синхронизаторлар . . . 18
Жеңіл машиналардың беріліс қорабы . . . 19
Беріліс қорабының құрылысы . . . 32
Камаз (маз, кран) беріліс қорабы . . . 37
Беріліс қорабының ақаулары . . . 41
Беріліс қорабының айырмашылығы . . .
Беріліске қойылатын талаптар . . . 43
Күнделікті сабақ жоспарын даярлау . . . 44
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ . . . 46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 50
Кіріспе
Автомобиль көлігінің республика үшін ерекше маңыздылығын Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздылығының сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден бір құралы болып табылады.
Қазақстанда тасымалдауды жүзеге асыруда автомобиль жолдары маңызды рөл атқарады. Қатты жамылғысы бар автомобиль жолдары құрамындағы республикалық мәні бар жолдардың ұзындығы - 22, 8 мың км, жергілікті мәні бар жолдардың ұзындығы - 60, 2 мың км. Республикалық мәні бар жолдар ішінде - ІІІ санаттағы жолдар (73, 0%), жергілікті мәні бар жолдар ішінде - қозғалыс қарқындылығы жоғары және жүргінші жолы тар ІІІ және IV санаттағы жолдар басым (тиісінше 26, 4% және 66, 3%) .
ХХІ ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т. б. жүктер автомобильдермен тасылады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналысады. Олар талантты адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда.
Автомобильдің дүниеге келуіне басты себепші болған 1824 жылы француз инженері С. Карноның «От қызуының қозғаушы күші» атты еңбегі. Бірақ бу машинасының салмағы мен көлемі шамадан үлкен болғандықтан темір жолда және зауыттарда ғана пайдаланылды.
1860 жылы француз механигі Ж. Ленуар автомобильге бейімді іштен жанатын қозғалтқыш ойлап тапты. 1885 жылы «рельссіз жүретін отарба» - автомобиль жасау идеясы іске аса бастады.
Жиырмасыншы жылдарда Г. Форд, Ф. Порше және тағы басқа инженерлер автомобиль өндірісін ұйымдастырды. Қазіргі заманда автомобиль өндірісі - ғылыми - техникалық жетістіктердің жиынтығы.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Еуропа және Америкада автомобильдер шығарыла бастады. Кеңес Одағында 1924 -1931 жылдары автомобиль шығарудың алғашқы қадамдары жасала бастады. 1924 жылы Москвада АМО зауыты толық салынып, 1, 5 тонналы жүк машинасы шығарыла бастады. 1931 жылдан бастап Москва, Горький және ЯрослABSк автомобиль зауыттары (АЗ) жүк және жеңіл машиналар мен автобустарды шығара бастады.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін КСРО құрамындағы Республикаларда да автомобиль өндірісі дами бастады. Мысалы, Беллоруссияда - Минск ауыр жүк автозауыты, Арменияда автобус зауыты, Ригада - РАФ т. б
Қазіргі кезде біз техникалық прогресс қалай өз деңгейіне жетіп отырғанын байқай аламыз. Дүние жүзінде жылына 50 млн. автомобиль шығарылады. Оларды шығаратын әлемдегі автотракторлық өнеркәсіп бензинді (карбюраторлы) және дизельді қозғалтқыштарда отын беру жүйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады. Күрделі де қымбатты отандық жүйелермен жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы, өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына Еуропалық стандарт секілді еңгізулермен түсіндіріледі. Бұл жерде отынның едәуір үнемделуі туралы айтуға болмайды. Бензинді қозғалтқыштардың бүрку жүйелерін келесі түрлерге бөлуге болады: таралымды; тікелей.
Дүние жүзінде автомобильдерді класқа бөлу шешімі ка былданбаған, әр мемлекет оларды өзінше кластарға бөледі.
Ресейде жеңіл автомобильдерді қозғалтқыштың жұмыс көлеміне байланысты бес класка бөледі (1-кесте) .
Еуропада жеңіл автомобильдерді 6 класса бөледі:
А класы -өте кіші өлшемді автомобильдер (Rеnаult; Тwingо, FIAT Раndo, Fоrd КА, VW Lupо, Smаrt) . Олардың ұзындығы 3, 5 м шамасында қалада пайдалануға арналған;
В класы - кіші өлшемді автомобильдер (Оре1 Соrsа, VW Роlо, Fоrd Fiesta), ұзындығы 4 м шамасында;
С класы - кіші орта өлшемді автомобильдер немесе «гольф-класс» деп те атайды (VW Golf, Oреl Аstrа, Fоrd Fосus, Еsсоrd, Rеnault; Меgаnе т. б) . Бұл класс Еуропаның автомобиль паркінің 30% -ын құрайды.
D класы -орта өлшемді автомобильдер (Оре1 Vекtrа, Fоrd Моndео, Аudi А4, Реugеоt 406, Rеnаult Lаgunа) .
Е және F кластары - өлшемдері бірдей. Айырмашы лықтары бағаларында. F - бағасы жоғары болғандықтан элита класы деп саналады.
Сонымен қатар Еуропада пайдалану саласына байланыс ты топтарға бөледі: спорттық; мини-вен, т. с.
Америкада салонның және багажниктің көлеміне бай ланысты жеңіл автомобильдерді келесі кластарға бөледі: Мини (компакт) (салонның көлемі 2, 4 м 3 дейін) ; Субком пакт (Оре1 Vекtrа, Аudi А4) ; Орта өлшемді (Средноразмер ный) ; Толық өлшемді (Полноразмерный) .
Жапонияда жеңіл автомобильдерді үш класка бөледі. Мини - қозғалтқыштың жұмыс көлемі 0, 66 л және авто мобиль ұзындығы 3, 3 м дейін; Кіші - қозғалтқыштың жұмыс көлемі 2 л-ден және автомобиль ұзындығы 4, 7 м дейін. Стандарт-қозғалтқыштың жұмыс көлемі 2 л-ден үлкен және автомобиль ұзындығы 4, 7 м-ден жоғары.
Автомобиль зауытында әдетте біртектес ұқсас агрегаттар негізінде жиналатын автомобильдер шығарылады. Осын дай тектес автомобильдің бір моделі осы автомобильдердің базасы деп қабылданады. Базадан ерекшеліктері болатын баска моделін, мысалға, арнайыландырылған түрлерін - түрлендірілген (модификациясы) деп атайды. Ресейде авто мобильдерді белгілеу (индексациялау) шығарушы-зауытты білдіретін әріптен және әр модельге берілетін сан жинағы нан түзеледі. Мысалы: Горький автомобиль зауыты - ГАЗ, Минск автомобиль зауыты - МАЗ, Ноnda фирмасы - Ноndа, Fоrd-Fоrd, т. б. Жеңіл автомобильдердің кейбір маркалары на «Таврия», «Жигули», «Genezal», «Cazina» деген аттарда берілді.
Беріліс қорабы
Автотрактор беріліс қорабы деп тістерінің саны әр түрлі шестерниялардан тұратын, олардың жеке парларын тістестірумен, мотордан жетекші механизмге бірнеше берілістер санын беретін механизмді айтады. Автотрактордың беріліс қорабы жетекші механизмге берілетін айналу моментінің шамасын өзгертуі, олай болса тарту күшін де өзгерту қажет. Бұл жұмыс жағдаында, тіркелген құралдардың және жолдың жасайтын кедергілерін жеңіп, күшін үнемді түрде пайдалануға, сонымен қатар, мотордың әрдайым толық жүктелуіне, яғни дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді. Ал, автомобильдегі берілістер санын, бірінен соң бірін тізбектеп, қалыпты түрде өзгертумен, автомобильдің екпін алуына жеңілдік беріп, оның орнынан қозғалтып жүрерінде, керекті қозғалыс жылдамдығын береді.
Автомобильдегі беріліс қорабының блуы жолдың өте зор кедергісін және өрге қарай шығуын ең төменгі берілісіне көшу арқылы жеңіп шығуға шамасын келтіреді.
Мотор күшінен келген жұмысы кезінде, тарту күшін мынадай теңдеу арқылы анықтауға болады:
Мұндағы: - жетекші доңғалақтарда болатын айналу моменті;
- мотордың тиімді қуаты;
- жетекші доңғалақтардың радиусы;
- берілістің пайдалы әсер коэффициенті;
- берілістің беріліс саны;
- мотордың иінді білігінің минутына орындайтын айналу жиілігі.
Мотордың литраждық тәуелділігіне қарай, тиімділік қуаты формула бойынша табылатыны:
БЕРІЛІС ҚОРАБЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Автомобильдің беріліс қорабы жетекші доңғалақтары ның тарту күшін, беріліс санын анықтауға, қозғалтқышты трансмиссиядан ұзақ уақытқа ажыратуға және жүру бағытын өзгертуге арналған.
Беріліс қорабы сатылы, сатысыз, механикалық, гидравликалық, электрлік, автоматтық және құрама болып бөлінеді. Сатылы механикалық беріліс қорабы алға жүру сатыларының санына байланысты төрт сатылы, бес сатылы және т. с. с. болып бөлінеді.
Беріліс саны көп болған сайын қозғалтқыш қуатын жақсы пайдаланады және жанармай үнемділігі жоғары болады.
Бұл жағдайда беріліс қорабының конструкциясы күр деленеді және берілісті оптимальды таңдау қиынға соғады. Беріліс қорабы әдетте цилиндрлі тісті дөңгелектен (6. 1-сурет) және механизмдерден тұрады.
Берілісті ауыстыру іліністі ажыратып қосумен жүр гізіледі, яғни берілісті ауыстыру күш ағынының үзілісімен болады. Ауыстыру уақыты әдетте 1-2 сек құрайды. Кейбір беріліс қорабында берілісті ауыстыру үшін фрикционды (көп дискілі фрикционды) ілініс қолданады, олар күштік ағындарды үзбей-ақ берілісті ауыстыруды қамтамасыз ете ді. Бұл қосатын берілісте фрикционды қосу, сонымен бір ге ажырататын берілісте фрикционын ажырату арқылы жүзеге асады. Фрикционды ауыстыруларды пайдалану трансмиссиядан іліністі алып тастауға мүмкіндік береді.
Берілісті ауыстыру уақытын қысқарту үшін синхрониза тор қолданылады. Синхронизатор қосылатын бөлшектердің жылдамдығын теңестіреді.
Сатылы беріліс қорабының механизмдерінде қосымша қондырғылар қарастырылған: 1) фиксатор (ілгек) бұл өз дігінен шығып немесе автомобильдің қозғалыс барысында қосылып қалуын болдырмайды: 2) артқа жүру берілісінің қосылуын қиындату қондырғысы - алға автомобиль жүріп бара жатқанда байқаусыз қосып алуды болдырмау; 3) бөгеуіш қондырғы (кілт) бір мезгілде екі берілістің қосылып кетуін болдырмау.
Планетарлы (кейбір тісті дөңғелектерінің осьтері қоз ғалыста болатын) механизм гидравликалық беріліс қора бында жиі қолданылады.
6. 1-сурет. Автомобильдің беріліс қорабы: 1-бірінші (жетекші) білік, 2-бірінші білік шестернясы, 3-тісті тәж, 4~берілісті ауыстырып қосқыш рычаг, б-қақпақ;, 6-ІІІжәне IVберіліс шес тернялары, 7-І және ІІ беріліс шестернялар блогы, 8-екінші (жетектегі) білік, 9~артқы жүріс шестернялар блогы, 10-кар тер, 11-аралық білік, 12-ұдайы ілініс шестернясы
Планетарлы беріліс қорабының тісті дөңгелекті бері ліс қорабына қарағанда артықшылығы - өлшемдері үлкен емес, массасы кіші, беріліс және беріліс саны үлкен. Кемші лігі планетарлы беріліс қорабының бағасы қымбат.
Көбіне жүк тартқыш автомобильдерде, қосымша беріліс қорабы (белгілі, демультипликатор) әдетте екі сатылы, не гізгі беріліс қорабына біріктріліп жалғанып қолданылады. Жоғары өтімді автомобильдерде тарату қорабына бірік тірілген демультипликатор қолданылады.
Сатысыз беріліс қорабын қолдану кез келген беріліс санын алуға мүмкіндік береді. Сатысыз беріліс қорабы механикалық (екпіндік, фрикционды, т. с. с), гидравликалық (гидродинамикалық, гидрокөлемдік), электрлік және құрама болып бөлінеді. Автомобильдерде көп тарағаны құрама гидромеханикалық беріліс қорабы, ол гидродинамикалық сатысыз берілістен (гидротранфор Қозғалтқыш) және оған жалғанған механикалық сатылы берілістен тұрады.
Автоматтандырылған беріліс қорабы
Жылдамдықты өзгертетін механизм - Еаsуtronic деп аталатын беріліс қорабының жаңа түрін Gеnеrа1 Моtоrs Lик және Воsch компаниялары бірігіп жасады. Ол гид ромеханикалық трансмиссиямен /ГМТ/ жабдықталған және қолмен қосылатын беріліс қораптарының көптеген "оңды жақтарын" бірштіреді. Құрылымның, негізі - сапалы қосымша үш тактілі электрмотор, оның, екеуі жылдамдықты ауыстыруды қамтамасыз етеді, ал үшіншісі іліністі басқарады.
Жүргізуші жұмысты қолмен атқарады немесе авто матты жұмыс режимін таңдай алады. Қолмен қосу режимі, жоғарғы немесе төменгі. беріліске ауысу үшін қораптың қосқышын тербеп, ілініс басқышын баспай /ол жоқ/ орындауды қарастырған. Қосқыш келесі беріліске қозғала бастаған кезде, дабылқаққыштар ілініске "хабар береді". Ол автоматты түрде дискілерді ажыратады және келесі сатыға жаймен ауысуын қамта масыз етеді. Мотор мен дабылқаққыштардың жұмысын ЭББ компьютері басқарады.
Мұндай автоматтандыру бір жағынан автоматты ыңғайлылық мүмкіншілігі жасалған /қозғалыс саны ның жиналуы/, екінші жағынан жүргізуші дәстүрлі қораптардағыдай автокөліктің қозғалысын бақылай ала ды. Дәстүрлі АБҚ-мен (айналмалы беріліс қорабы) са лыстырғанда, режимнің әрқайсысында ауыстырылып қосылу орта есеппен 300 миллисекунд уақыт ала оты рып, тез әрі дәл жүзеге асады.
Бұл автоматты беріліс қорабының артықшылығы, оның автокөліктің басқа жүйелерімен электронды қаты насынан толықтай көрінеді. Мысалы, егер шұғыл тежеу жағдайы болса, онда шапшаң түрде іліністі ажыратады. Жылдамдықты жай ауыстыру кезінде, автоматты беріліс қорабы моторды басқару жүйесіне команда береді, ол оның айналдыру моментін сәл азайтады. Соның арқасын да жұлқылау жойылады және берілісті қосу ырғақты лығы жоғарылайды.
Автоматты беріліс ауыстыру қорабының /АБАҚ/ тағы бір артықшылығы, оның жағдайды талдауға және қорытынды шығаруға қабілеттілігінде. Сонымен, жаңа қорап тіркеме тіркегендегі немесе таулы жерде өрге қарай жүргенде автомобильге түсетін артық күшті рет тейді. Нәтижесінде берілісті ауыстыру жағдайы соған байланысты өзгереді.
Автоматты қорапта бірнеше жылдамдықтан ырғып кету мүмкіндігі бар. Бұл, мысалы, басқа автокөлікті ба сып озу кезінде қажет. "Төменгі" екінші жылдамдыққа үнемді бесіншіден ауысуға болады. АБАҚ ГБҚ-ке қара ғанда анағұрлым жеңіл және механикалық қораптан бірнеше кг-ға ауыр.
Еаsуtrоniса-ның негізгі артықшылғы отын үнемдеу болып табылады, автоматты тәртіпке /режим/ отынның қолданылуы орташа 100 км/0, 1 л. Сонымен қатар АБАҚ жүйесімен жабдықталған механикалық қораптың баға сы 4-сатылы автоматты қораптың бағасының 50%-ын құрайды.
АБАҚ жүйелі механикалық қорап әсіресе тәжірибесіз жүргізушілер мен әйелдер үшін ыңғайлы. Болашақта мұндай автоматты беріліс ауыстыру қорабы тек қана жеңіл автокөліктерде ғана емес, сонымен қатар, трак торларда, басқа транспорттық құралдарда қолданыс табады.
ГИДРАВЛИКАЛЫҚ БЕРІЛІСТЕР
Гидравликалық беріліс деп (гидропередача) - жұмыс шы буындарының біреуі сұйықтық болатын механизмді айтады. Сұйық сорғыдан энергияны қабылдап және оны гидроқозғалтқышқа береді. Қозғалыстағы сұйықтың энер гетикалық жағдайын қарап зерттеу сұйықтың түрлі энер гияларға ие бола алатындығын көрсетеді: олар - қысым, жылдамдық (кинетикалық) және жағдай (потенциалдық) .
Автомобильдерде екі типті гидроберіліс кеңінен пай даланылады. Кең көлемді (объемные) және гидроди намикалық. Кең көлемді гидроберілістер қысымның энер гиясын беру принципіне негізделген. Мұнда жұмыстық күш (немесе айналдыру моменті) жұмыстық сұйықтың қозғалысының жылдамдығына тәуелді болмайды. Не гізгі ескертетініміз бұл берілістерге жылдамдық (кинетикалық) энергиясының берілу принципі енгізілген. Сорғымен қуылған сұйық ағыны кинетикалық энергияны гидроҚозғалтқышға береді.
Көлемді гидравликалық берілістер (ОГП-объемные гидравлические передачи) кем дегенде екі негізгі көлемді гидромашиналар жиынтығынан құралады. Олар өз араларында құбырлы желілермен байланысқан: энергияның ай налдырушы механикалық ағынын ілгерілемелі гидравли калық ағынға түрлендіретін көлемді сорғыдан және керісінше, энергияның гидравликалық ағынын айналдыру шы механикалық ағынға өзгертетін гидроқозғалтқыштан тұрады.
Көлемді гидравликалық берілістердің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрдегі берілістер, гидроқозғалтқыш (2) мен сорғы (1) арасындағы кері гидравликалық қатынастың жоқтығымен сипатталады. Жұмыстық сұйық бактан (3) сору жолдары арқылы сорғыға (1) келеді, одан қысым арқылы айдау жолдарымен гидроқозғалтқышқа (2) және одан кейін қайтадан бакқа (3) құйылады.
Мұндай берілістердің артықшылығы - құрылысының салыстырмалы қарапайымдылығында, ал кемшілігі- бе рілетін қуаттың шектеулігінде. Шектеулі гидробактың сыйымдылығына және сорғының сору магистраліндегі жұмыстық сұйықтың кавитациясына тәуелді. Сол себепті көлемді гидравликалық берілістердің ашық түрін автомо бильдерде, аспалы механизм сияқты көмекші механизм дерге қызмет көрсету кезінде ғана қолданады.
Автомобильдің трансмиссиясында негізінен көлемді гидравликалық берілістердің КГБ (ОГП) жабық түрін пайдаланады. Мұндай берілісте жұмыстық сұйық гидро қозғалтқыштан (2) (6. 2, б-сурет) тікелей сорғының сору магистраліне келеді. Төмен қысымды магистральға сору кезінде кавитациялық құбылысты болдырмау үшін, сіңірген сорғының (4) көмегімен атмосфералық қысымнан сәл жоғары қысым пайда болады. Мұндай түрдегі КГБ (ОГП) картердің көлемін кішірейту және берілістің ыңғайлылығын арттыру мүмкіндігін береді.
Механикалық беріліс қораптары
Автомобильдердің беріліс қорабы двигательдің айналдыру моментін жетекші дөңгелектерге көбейтіп беруге арналған. Оның үстіне, автомобильдің жүріс жағдайына байланысты сол моменттің әр түрлі мәндерге өзгерту қажет болады. Автомобильдің жүруге кедергі көбейген кезде, жүріс жылдамдығын, сонын есесін тарту күшін арттырады. Осыған қосымша, автомобиль артқа жүруі үшін, жетекші дөңгелектің айналу бағытын да осы беріліс қорабы іске асырады.
Осындай жұмыстарды іске асыру үшін, беріліс қорабының жұмыс принципі әр түрлі болуы мүмкін. Солардың ішінде автомобильдерде көп қолданылатын түрі - ол механикалық беріліс қорабы. Ондай механикалық беріліс қорабы механикалық тораптар дан құралады. Сондай тораптар беріліс санын өзгер ту арқылы айналдыру моментін өзгертеді. Беріліс саны дегеніміз жетектелуші бөлшектердің айналыс жиілігі нің жетектелуші біліктің айналыс жиілігіне қатына сы болады. Яғни беріліс қорабының беріліс саны оның жетекші (бірінші) білігінің жетектелушіп (екінші) білігінің айналыс жиіліктерінің қатынасы болады.
Механикалық беріліс қораптары осындай беріліс сандарын екі түрлі өзгерту мүмкін. Біріншісі - саты лы мәнге, ал екіншісі беріліс санының кез-келген мәніне өзгерте алады. Сондықтанда автомобильдің трансмиссиясы сатылы немесе сатысыз болып екі түрге бөлінеді. Эксплуатациялық тиімділігі жағынан сатысыз трансмиссия өте тиімді, бірақ ол үшін қол данылатын әртүрлі механикалық берілістердің құры лыстары мен жұмыстары әлі жеткіліксіз дәрежеде бол ғандықтан, бүгінгі таңда автомобильдер беріліс қорабы тек сатылы етіліп жасалады. Ол үшін көбінесе тісті берілістерді қолданады.
Тісті берілістермен жасалған беріліс қорабы, беріліс санын өзгерту үшін өзара тістесетін қосақ тісті дөңгелектердің әртүрлі тіс санына байланысты тіркес терін іске қосады (3. 4-сурет) . Мысалы тіс саны аз дөңгелектен тіс саны көп дөңгелек арқылы қозғалыс берілсе, онда айналдыру моменті көбейіп, жылдам дық азаяды (3. 4. б-суретте, 1-7 шестернялар тістескен), ал керісінше берілсе (3. 4. в-суретте, 2-6 шестернялар тістескен), онда айналдыру моменті азайып, жылдам дық артады. Автомобильдер қорабында осы принцип пайдаланылады, яғни төменгі берілістерде аз тісті дөңгелектерден көп тісті дөңгелекке береді, ал жоға рғы берілісте керісінше болады. Сонымен, беріліс са нын қанша рет өзгерту керек болса, беріліс қорабына сонша қосақ тісті дөңгелектер қойылады. Авто мобилыді жүргізуші жүріс жағдайына байланысты сол керекті қосақ тісті берілістерді бір-бірімен тістестіріп іске қосады, ал басқа берілістер бұл кезде ажырап тұрады.
Осыған байланысты беріліс қорабы, алға қарай жүретін беріліске қарай үш сатылы, төрт немесе бес сатылы беріліс қораптары болып бөлінеді.
Беріліс қорабындағы екі тісті тістестірудің екі түрлі тәсілі болады. Біріншісі бір жылжымалы тісті дөңгелекті жылжымайтын екінші дөңгелекке алып келіп тістестіреді. Мұндай беріліс қорабын берілістің қуат ағынын үзіп беретін қорап деп атайды. Ал екіншісі -екі тісті дөңгелек тұрақты тістесіп тұрады. Олардың біреуінің білігімен жалғасуы май ыдысында жұмыс істейтін фрикциондық муфтаның көмегімен
іске асады. Сонда берілісті қосу үшін тиісті фрик
циондық муфтаны жалғастырса болғаны. Мұндай беріліс қорабын берілетін қуат ағынын үзбей беретін қорап деп атайды. Енді солардың жұмысы мен құры лысын қарастырамыз.
Берілетін қуат ағынын үзіп беретін механикалық беріліс қорабының жұмыс схемасы 3. 4 суретте, ал кинематикалық схемасы 3. 5-суретте көрсетілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz