Кәсіпорынның Бизнес жоспар үлгісі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І БИЗНЕСТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ МЕН РӨЛІ

1. 1 Бизнес: анықтамасы, мәні, мазмұны, белгілері3

1. 2 Бизнес-экономикалық қызметтің қозғаушы күші3

ІІ БИЗНЕС-ЖОСПАР - КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ АЙҒАҒЫ

2. 1 Бизнес-жоспар, оның мақсаттары және кәсіпорындағы қызметі3

2. 2 Бизнес-жоспар бөлімдерінің мазмұны және сипаттамасы3

ІІІ Кәсіпорынның Бизнес жоспар үлгісі: "САМАЛ" ЖШС сұлулық ИНСТИТУТЫ

Резюме3

1 Кәсіпорынның сипаты3

2 Ұйымдстыру жоспары3

3 Қызмет сипаты3

4 SWOTaHanns3

5 Маркетингтік зерттеу3

6 Өндірістік жоспарлау3

7 Қаржылық жоспар3

ҚОРЫТЫНДЫ3

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қосымша

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2011 ж. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» деген жолдауында былай деді:

«Біз 152 кәсіпорынды іске қостық, 24 мыңға жуық қазақстандықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз еттік.

Бүкіл ел бойынша барлығы сегіз жүзге жуық әртүрлі өндіріс орны құрылды.

Біз химия және жеңіл өнеркәсіпті белсенді түрде қалпына келтіру мен дамыту үдерісін бастадық, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде серпіліс жасадық.

2014 жылға дейін жалпы құны 8, 1 триллион теңгені құрайтын 294 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

161 мың тұрақты жұмыс орны және 207 мың құрылыс уақытына есептелген жұмыс орны құрылады.

Алғашқы индустриялық бесжылдықтың алғашқы жылының басты қорытындысы - экономиканың нақтылы секторының есебінен экономикалық өсуде елеулі құрылымдық өзгерістердің басталуы» [1] .

Елбасы айтып өткендей, кәсіпорындар - экономиканың тіреуші күші, ал кәсіпорындарды қаржысын тиімді әрі нарық жағдайына сай жоспарлау -кәсіпорын қызметінің тиімділігін, табыстылығын арттыратын бірден-бір жол.

Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму шараларының арасында ең соңғы емес, оның мәні экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциялы бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс.

Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік-экономикалық әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысы мен өз құқығын игеруді қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысын да нақты қызметтер атқаруда.

Кәсіпкерліктің жұмысының жемісті болуы оның басшылығында, басқару стратегиясынла және бизнес-жоспардың дұрыс құрылуында.

Бизнес-жоспар бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі мәселелері қамтылған, яғни кәсіпкердің өзекті мәселелері талданып, оны шешу жолдары қарастырылған маңызды құжат.

Тиімді жоспарлау - ол тек мақсаттарды анықтау процесі ғана емес, сондай -ақ сол арқылы жетістікке жету жолдарын табу. Жоспарлау жаңа кәсіпорынды құру кезінде де және оның әрі қарай даму кезеңдерінде де қажет. Бизнес-жоспар кәсіпкерлік саласындағы өте кұнды құжат. Бизнес-жоспар өндіріс және қызмет көрсету көлемін көбейту үшін капитал тарту мақсатында инвесторларды іздеу кезінде міндетті. Бизнес-жоспар негізінде инвесторлар жаңа кәсіпорынның жоспарланған мақсаттарды, оның ішінде кәсіби деңгейі жоғары менеджерлер командасы мұқият ойластырылған, жалғасын табатын негізгі бағдарламалық іс-әрекеттерді орындауға сол мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізуі тиіс. Егер бизнес-жоспар мақұлданса, ол кәсіпкер мен оның командасының өз әрекеттерін жүзеге асыратын басты критерий болуы керек. Жоғарыда аталғандарға байланысты «Бизнес-жоспар - кәсіпорын қызметін өркендету» тақырыбына жазылған курстық жұмыс өзекті болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты бизнес-жоспардың маңыздылығын, кәсіпорынмен байланысын, жалпы жоспардың құжат ретінде пайдалылығын ашып, білу. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қарастырылды:

  • бизнес: анықтамасы, мәні, мазмұны, белгілерін қарастыру;
  • бизнес-жоспар, оның мақсаттары және кәсіпорындағы қызметін айқындау;
  • бизнес-жоспар бөлімдерінің мазмұны, негізгі бөлімдердерін сипаттау;
  • кәсіпорынның бізнес-жоспар үлгісін ("Самал" ЖШС сұлулық институты) негізінде талдау.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып «Самал» ЖШС табылады.

Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік танымал ғалымдардың еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалардың мәліметтері қолданылды.

І БИЗНЕСТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ МЕН РӨЛІ

  1. Бизнес: анықтамасы, мәні, мазмұны, белгілері

Бизнес - істі жүргізу, қажетті және адамдардың арасында сұранысқа ие өнім жасау, іс, қызмет ету нарықтық экономиканың негізгі бағыты, адам қажеттілігін қанағаттандырудың көзі және сонымен бірге өмір салты жүйесі ретінде қарастырылады.

Бизнес - бір жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Американдық оқулықтарда ол істі жүргізу, қажетті және адамдардың арасында сұранысқа ие өнім жасау, іс, жұмыс, нарықтық экономиканың негізгі бағыты, адам қажеттілігін қанағаттандырудың көзі және сонымен бірге өмір салты жүйесі ретінде қарастырылады [2, 59б. ] .

Бәрімізге белгілі, қоғамда өндірістің үш факторы бар, олар - жер, еңбек және капитал. Американдық экономист Й. Шумпетер бизнесті өндірістің төртінші факторы ретінде қарастырлады, ол бұл жерде іскерлік қасиеттерді, оған қатысушылардың белсенділігін өндірістің қозғаушы күші ретінде, әлгі негізгі үш фактордың іс-қимылын күшейтуші фактор ретінде түсінеді.

Осыдан көріп отырғанымыздай, “бизнес” терминінің ішкі мазмұны сан қырлы. Міне, осындай ауқымды ұғымға экономикалық ғылым қысқаша анықтамамен шектеле алмайды, керісінше, оның экономикалық категория ретінде негізін қалайтын қасиеттері мен белгілерін жан -жақты қарастыруға тырысады.

Ең алдымен бизнесті пайда табу немесе басқадай әдіспен олжалы болумен байланысты қызмет ретінде анықтайды. Мұның өзі бизнестің ең басты белгісі және оның негізгі мақсаты болып табылады. Мұнсыз іскерліктің өзінің өмір сүруін көз алдымызға елестету қиын.

Бизнесмендердің экономикалық қарым- қатынастары бір-бірімен тығыз араласып кеткен өркениетті нарық жағдайында жекелеген іскер тек қана өзінің жеке пайдасын, оның үстіне бизнеске қатысушы басқалардың есебінен пайда табуды ойламайды. Ол өзінің қызметін тек өзіне ғана пайдалы қылмай, сонымен қатар ортақ іске қатысушы басқа да бизнесмендердің пайдалы болуын көздеп ұйымдастыруы керек. Бұл тұрғыдан алғанда “пайда” деген сөзді “өзара пайда” деген терминмен алмастырған дұрыс. Сондықтан болар, ағылшындық экономика туралы бір оқулықта бизнес жеке адамдардың, кәсіпорындардың немесе ұйымдардың бірлесе отырып, табиғат байлығын игеру, өндіру, тауарларды сатып алу және сату немесе басқа тауарларға қызмет көрсету арқылы айырбастау, ақшаға қызмет көрсету сияқты жұмыстар атқару арқылы мүдделі адамдар мен ұйымдардың өзара пайда табуына бастайтын қызмет ретінде қарастырылады. Сонымен, бизнес басқа жақтың шығынға және алдауға түсіп қалу есебінен тек қана бір жақтың пайда табуына жол бермейтін адал қызмет ретінде көрінетінін байқаймыз.

Бизнестің өзіне тән бір белгісі - ол жеке меншікке, өндіріс факторына негізделеді. Себебі, жеке меншік өзіндік, отбасылық, топтық және акционерлік, яғни ұжымдық сияқты әр түрлі болып келеді. Бұл мемлекет іскерлік қызметпен айналыса алмайды дегенді білдіреді. Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруды бұл жағдайда мемлекеттік тапсырыс ретінде мемлекет қаржысына бизнесмендер орындай алады. Мемлекет әлдебір іскерлікті немесе жекелеген бизнесмен топтарын қолдау жолымен бизнеске қатыса алады. Экономикасы дамыған көптеген мемлекеттерде, мысалы, мұнай мемлекеттік қолдауды, бизнесті жүзеге асыру үшін жеңілдік жасауды ұсақ іскерлер, шаруа (фермерлік) қожалықтары немесе тұтастай агробизнес пайдаланады.

Бизнес экономикалық қызметтің басқа тұрақты түрлерімен салыстырғанда өзінің жандылығымен және инициативалылығымен ерекшеленеді. Бизнесмен үнемі жаңа өнімді, технологияны, сапаны, нарықты, бағаны, сондай-ақ тұтынушыларды, материалдарды, құрал жабдықтарды, транспортты, ғимараттарды, ақпараттарды, байланысты және тағы басқаларын іздестіру үстінде болады. Бизнесменнің іскерлі жөніндегі француздық бір оқулықта бизнесменді бір орында қозғалыссыз тұра алмайтын, әйтпесе құлап қалатын велосипедшімен теңейді.

Бизнес жоғары деңгейдегі өзінше іс-қимыл танытуды және экономикалық таңдау бостандығын, сондай-ақ жауапкершілікті қажет етеді. Оның алабөтен ерекшелігі ретінде нарық тәуекелділікке құрылуы мен үнемі шығынға ұшырау қаупінің болатындығын айтуымыз керек.

Бизнестің аталмыш қасиеттері шығармашылыққа жетілдіруге жұмыстың тиімді әдістерін іздестіруге итермелейді, ал мұның өзі өз кезегінде қоғамды экономикалық және әлеуметтік өркениетке алып келеді. Адам Смит іскерлікпен түскен пайданы жеке меншік иесі бизнесменге оның қым-қиғаш қызметі мен коммерциялық идеяларын іс жүзіне асыру жолындағы тәуекелі үшін қоғамын берген ақысы деп аталады. Басқару саласындағы ірі маман Макс Вебер бизнесті ақыл ойдың дәнін себуші ретінде бағалаған. Жоғарыда айтып кеткен Йозеф Шумпетер іскерлікті экономиканың басты факторы, оның дамуының негізгі қозғаушысы деп санаған. Белгілі ағылшын экономисті Джон Мейнард Кейнс іскердің бойында болуы тиіс төмендегідей негізгі қасиеттердің астын сызып айтқан: абайлай білу, алдын болжай білу, есептей білу, өркенйетке ұмтылу, тәуелсіздік, алдағы күнге сеніммен қарау, ілкімшіл болу, ұқыптылық, жиған ауқатын мұрагерлеріне қалдыру ниетінің болуы [3, 102б. ] .

Нағыз бизнесменнің бойынан табылатын осы қасиеттер тізбесі сырттан қарап тұрған бақылаушының бойында секем туғызуы ықтимал. Өйткені, оның ойынша іскерлікте тек қана ешқандай білімі, тәжірибесі, адами қасиеттері жоқ, шала сауатты адамдардың жолы болады. Шынында да, қазіргі хаос билеген, заңның орындалмайтын алмағайып кезеңінде, тауарлық игіліктерге қол жеткізудің тәртібі жасалмаған жағдайда, іскерлік әдеп (этика) пен моральдың сақталмауы армысыздықтың етек алуына жол ашып тұрғанда мафиялық құрылымдар табысқа жетуі мүмкін. Тауарлар мен қызмет көрсетудің өркениетті нарығы қалыптасқан кезде бәсекелестік пайда болады, тиісті заңдық қағидалар қабылданады. Сол кезде бірқалыпты нарықтық орта қалыптасып, жоғарыдағыдай іс-қимылдар орын алмайды. Орын алған күннің өзінде кездейсоқтық жәйт ретінде қабылданады. Негізінде жоғары кәсіби шеберлік жататын, сауатты, білікті іскерлік уақыт өте мұндай одағайлықтың бәрін сыртқа әкетеді.

Осы айтқандардың барлығын ой елегінен өткізе келе экономикалық категория және адамзат қызметінің ерекше түрі ретінде бизнеске жинақы анықтама беруге болады.

Бизнес немесе іскерлік - бұл өзіндік инициативалық, өз мүлкінің жауапкершілігі аясында жүзеге асатын, жекелеген азаматтардың немесе олардың топтарының пайда немесе басқалай түрінде экономикалық олжа табуға бағытталған кез келген қызметі. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің ұйымдық-құқықтық формасы деп аталады.

  1. Бизнес-экономикалық қызметтің қозғаушы күші

“Кәсіпкерлік” және “Бизнес” түсініктерінің мағынасы жағынан өте ұқсас екенін айтқан жөн. Орыс тілінде “бизнес” - кәсіпкерлікті, ал бизнесмен - кәсіпкерді білдіреді. Орыс тіліндегі сөздер шет ел сөздеріне сәйкес келеді, сонымен қатар, қосымша мағына да береді. Кәсіпкерлік сөзінің ар жағына - “іс” және жай ғана “іс” емес, “ кәсіпорын”, яғни басқаша айтқанда, кәсіпорынды және өз ісін ұйымдастыру болып табылады.

Егер де біз, батыс экономикалық әдебиеттеріне назар аударсақ, онда олардың “кәсіпкер” және “бизнестің” жүйелі анықтамаларына сүиенеді. Берілген анықтаманың жүйелігін мынадан көруге болады: қоғамның экономикалық өмірінде бизнес және кәсіпкерліктің рөлін түсіну деңгейінің меңгерілгендігін білдіреді. Батыс экономистерінің анықтамаларында игілікті бизнес жайлы айтылады. Ал біздің экономикалық әдебиеттерімізде, негізінен, жүйесіз сипаттағы анықтамалар орын алған. Әдетте, табыс табуға бағытталған қызмет бабын түсіндіреді.

“Бизнес” және “кәсіпкерлік” түсініктерінің ұқсастығымен қатар, олардың сөздеріне тән бірқатар айырмашылықтары бар. Мысалы; ”бизнес” “кәсіпкерлік” түсінігіне қарағанда ауқымды болып келеді. Кәсіпкерліктің субъектілері - жеке немесе заңды тұлғалар, басқаша айтқанда, кәсіпкер. Ал бизнес субъектілері мына төмендегідей (1-сурет) .

Сурет 1. Бизнес субъектілері

Кәсіпкерліктің негізгі және маңызды нышандары (сипаттары) мыналар:

1. Шаруашылық субъектілерінің жеке даралылығы (өзінің қалауымен қызмет етуі) және тәуелсіздігі.

Әрбір кәсіпкер өндірістік, коммерциялық, қаржылық және тағы басқа да мәселелерді жеке дара тәуелсіз шешеді.

2. Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкерлік қызметтің қозғаушы және алға тартушы күші мен факторы - экономикалық-әлеуметтік тиімділік. Өз пайдасын көздей отырып, кәсіпкер, сонымен қатар қоғамдық мүдделерге де қызмет етеді.

3. Новаторлық, шығармашылық алғышарт.

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі өнімнің жаңартылу, ешкім ойламаған мүлдем жаңа шешімдер қабылдау қабілеті, икемділігі, біліктілігі, туындаған жағдайды дұрыс және дәлме-дәл бағалауы, батыл шешім қабылдап оны жүзеге асыру.

4. Шаруашылықтағы нар тәуекелділігі.

Кәсіпкерлік қызметті жүргізу әрқашан да нар тәуекелмен жүзеге асатын, күрделі де жауапты шаруа. Мамандар бағалау бойынша, тексеруден өткізілген жаңа ойлардың ішінен тек екеуге жуығы ғана өз қолдауын табады.

5. Қызмет бабының қысқа мерзімділігі, икемділігі және тиімді тактикалық әдістерін қолдану.

Кәсіпкерлік қызмет үздіксіз және қосарлана, ілеспелі түрде жүргізілетін келісім-шартты әр текті және жан-жақты кешенді жұмыстардың, іс-қимылдың жиынтығы. Осылардың әрқайсысы салыстырмалы түрде әрі қысқа, әрі мәмілелі келісілген мерзім уақытымен және нақтылы кезеңдер шеңберінде шектеулі жағдайда болады. Демек, әр жұмыстың шегі, тиімді және оңтайлы әдістері бар. Мақсат - дұрыс іс-қимыл жасау, жаңалықты іздеп табу, оны кәсіпкерлік жұмысында пайдалану.

Бүгінгі күнде кәсіперліктің маңызды мәселелерінің бірі бизнес жоспарды дайындау болып табылады. Жоспарлау менеджменті міндеттерінің бірі және кәсіпорын қызметінің болашағын болжамдауды, яғни келесі мәселелерді шешуді білдіреді. Фирма қандай бағытта дамиды: қандай қарқынмен, қойылған мақсатқа қалай жетуге болады, тұрлаусыздық және тәуекелдік дәрежесін төмендету үшін не істеу керек.

Бизнес-жоспарды дайындауға әсер ететін факторлар:

Бизнестің күрделілігі шағын шаруа қожайынының бизнес-жоспары үлкен көлемді. Өнім шығаратын, күрделі құрал - жабдықтары және қаржы есебі бар ірі кәсіпорынның бизнес - жоспарынан айтарлықтай айрықшаланады.

Бәсекелестік деңгейі, егер кәсіпорын күшті бәсекелестік күрес жағдайында жұмыс істейтін болса, онда ол бәсекелестер тарапынан күшті қысымды сезбейтіндерге қарағанда бизнес-жоспарды дайындауда жинақы да ұқыпты болуы керек.

Кәсіпорынның жоспарлау үрдісінде кездесуі мүмкін бірқатар проблемалар бар. Технологиясы тез өзгеретін салаларда жаңа бәсекелестердің пайда болуына және нарықтық ортаның өзгеруіне байланысты, бизнес - жоспар басылымға шықпай-ақ ескіруі мүмкін жағдайлар да болады. Сондықтан ортаның өзгершелілігі тиімді бизнес-жоспар жасау жолында көңіл бөлуде талап ететін фактор болуы мүмкін. Елдегі жалпы экономикалық және саяси жағдай екінші себеп болуы мүмкін, дағдарыс және қоғамдағы басқа да күйзелістер жобаларды жүзеге асыруға кері әсерін тигізетіні даусыз. Компаниялар өздерінің қызмет көрсету сапасын материалды куәліктермен дәлелдеуі қажет. Мысалы, отель клиенттің өзіне құндылы екенін қалай дәлелдеуі мүмкін? Тазалық арқылы қызмет көрсету жылдамдығы, персоналдың сыпайылығы арқылы [5, 102б. ] .

Компаниялар қызметті ұсынудың әртүрлі тәсілдерін қолдануы мүмкін. Мысалы, ресторан тұтынушыларына кафетерий, швед столы, буфет, шам жағып кешкі тамақ ұсынылады.

Қызметті таңдауда тұтынушыға көптеген факторлар әсер етеді. Мысалы, клиенттің банкке барып несие қарастыруы. Тұтынушы ұқсас немесе басқа қызмет алуға келген адамдарды көреді. Ол материалды куәліктерді - банк ғимаратын, залдың ішкі көрінісін, әсемдігін, құралдарын, жиһаздарын бағалайды. Тұтынушы банк персоналымен, несие алу маманымен кездеседі. Тұтынушыға қызмет өндірісі және оны ұйымдастыру жүйесі сезілмейді. Сонымен қызмет саласындағы жұмыс нәтижесі және клиенттің нақты сатушыға деген көзқарасы мұнда көптеген өзгерістерде болып жатқан факторларға тәуелді.

Қызмет саласында ішкі маркетингі, сыртқы маркетингі және әрекеттестік маркетингі қалыптасады.

Сыртқы маркетинг компанияның қызметін дайындау, бағасын анықтау, тұтынушыға оны жылжыту және ұсыну жұмыстарын белгілейді ішкі маркетингі клиенттерге жоғары сапамен қызмет көрсету үшін компания мамандарын дайындау және уәждемелеу жұмыстарын жүргізеді. Әрекеттестік маркетингі персоналдың клиентке қызмет көрсету іскерлігін арттыру ісімен шұғылданады. Себебі тұтынушы көрсетілген қызмет сапасын оның техникалық деңгейімен (мысалы, медицина операциясы сәтті ме, әлде басқаша ма) және функционалды деңгейімен (мысалы, хирургтің ауруға жаны ашуы, қамқорлық білдіруі) бағалайды. Қызмет сапасы қызмет ақысын төлеп, оны тұтынғаннан кейін ғана анықталады. Сондықтан бұл іс сатып алу қауіп-қатерімен байланысты.

Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев бизнестің экономиканың қозғаушы күші екенін айтып кеткен болатын: «Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа нарықтарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді.

Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады.

Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын.

Оны “Бизнестің жол картасы-2020” деп атауды ұсынамын».

“Бизнестің жол картасы-2020” кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады.

ІІ БИЗНЕС-ЖОСПАР - КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНің ӨРКЕНДЕУІ МЕН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ АЙҒАҒЫ

2. 1 Бизнес-жоспар, оның мақсаттары және кәсіпорындағы қызметі

Бизнес-жоспар - бұл ресми құжат. Бірақ оны жазу үшін, көп сұрақтар бойынша толық ақпарат жинау қажет. Бұл ақпарат көлемі, сіздің бизнеске кіруіңіз және оның дамуымен өлшенеді. Сондықтан бизнес - жоспарлаудың мақсатты түрде екі түрі болуы керек.

Бірінші түрі бизнес-жоспарлаудың - ресми түрде қағазға қысқаша сіздің бизнесіңіздің өткені, бүгінгісі және болашағын мазмұндау болып табылады. Ол тұрақты кәсіпкерлер, инвесторлар, менеджерлер және акционерлік фирмалар үшін жалпы мақсатқа ие болу үшін қажет. Онда әдетте есептеудің үш нұсқасы болады: оптимистті, пессимисті және нақты.

Бизнес-жоспардың екінші түрі кәсіпорынның бірінші тұлғасы, жоспарды жүзеге асыру тобы мен консультанттар үшін күнделікті құжат болып табылады. Онда материалдық жұмыстық ақпараты орналастырылады. Ол бизнес-жоспар жұмысшысы атауын иемденіп және мыналарға мүмкіндік береді:

  • бизнес-жоспардың ресми маңыздылығын түсінуге;
  • жаңа жұмыс басталғанша сіздің әрекетіңіздің бағдарламасын құруға;
  • пайда болуы мүмкін мәселелерді қарастыру және шешілу нұсқаулықтарын қарастыруға, сонымен сіз болашақта оларды жеңе аласыз;
  • бизнестегі негізгі екі тәуекел түрін алдын ала танып, бағалауға: ішкі, бақылау жүргізуге болатын (тұлға, материалдық қорлар) және сыртқы (экономика, жаңа заң), яғни оны өзгерте алмаймыз;
  • істі толық бақылау жүргізу, ішкі және сыртқы өзгерістерді мониторинг негізінде ескере аласыз;
  • бизнес-жоспарды ресми модернизациялауда анықтама ретінде қызмет істейді.

Сонымен, жұмыстың бизнес-жоспары - бұл сіздің ойыңыздың іскерлік аланыңыз немесе кең кеңістігіңіз, яғни оған кіргенде сіз ойластырылған бизнес-жоспардың ресми ережелерін жүзеге асыра аласыз.

Бизнес-жоспардың жұмыстың құжаттамасының бір бөлігі ресми жоспарға ұсыныс ретінде немесе жүзеге асыру топ мүшелері мен кәсіпкерлердің сұранысы бойынша ұсыныстар ретінде қолданылуы мүмкін.

Бизнес-жоспар менеджменттің негізгі құралы болып табылады. Онда кәсіпорын қызметінің мақсаты және оған жету жолдары анықталады. Бизнес жоспарды жүзеге асырудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

  • мемлекеттік меншік объектілерін приватизациялау;
  • инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
  • жеке коммерциялық операцияларды орындалуы;
  • құнды қағаздардың эмиссиясы;
  • фирманың қарқынды дамуын анықтау;
  • тұрақсыз кәсіпорындар үшін қайта ұйымдастыру шараларын өткізу;
  • қаржылық және уақытша экономикалық кризистен шығу.

Бизнес-жоспар - бұл нарықтың шаруашылық категориясы, ол еркін кәсіпкерлік және бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның табыстылығын көтерудің тексерілген құралы болып табылады. Жақсы құрылған, негізделген бизнес-жоспар коммерциялық істің көптеген қатысушыларына: меншік иелеріне, кәсіпкерлерге, инвесторларға, банктерге, әкімшілік органдарға және басқа құрылғыларға қажет [6, 122б. ] .

Бизнес-жоспардың барлық қатысушыларына талдау мен бағалау үшін қажетті ақпаратты береді.

Бизнес-жоспар кәсіпкерге фирмалық қызметпен байланысты мынадай негізгі мәселелерді шешуге көмектеседі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес-жоспар, оның үлгісі: Алматы қаласында сұлулық институтын құру ЖШС «Самал»
Қырғыз асханасын жобалау
Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнесті жоспарлау
Қорларға сұранымның ерекшеліктері
Бизнес моделінің сипаттамасы
Қаржылық жоспарлау процесі
Бизнес-жоспарлардың дайындалуы
Нарықтық экономика жағдайында бизнес
Самал сұлулық институты - Бизнес жоспар
Сауда кәсіпорнының бизнес-жоспары және электрондық сауданың бизнес моделі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz