Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің мәні, маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 бөлім. Мемлекеттік жергілікті басқарудың теориялық негіздері ... ... ... 5
1.1 Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің мәні, маңызы ... ... ... ... ... 5
1.2.Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың
негізгі қағидаттары мен жалпы
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0
1.3 Мемлекеттік жергілікті басқарудың шетелдік тәжірибесіне
шолу ... ... ... 13

2 бөлім. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін
дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Орал қаласының мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару
жүйесін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.3 Мемлекеттік жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
жолдары ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қолданылған
әдебеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .29

Кіріспе

Бүгінде Республикамызда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру
біздің саяси бағытымыздың өзекті тұғырнамасына айналып, бұл орайда оны
қайта құрудың әлемдік үлгілері мен үрдістерін саралау мен сараптау
жұмыстары дәйектілікпен жүргізіліп отырғаны да тегін емес.
Көптеген дамушы елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, жергілікті өзін-
өзі басқарудың тұғырнамасын іске асыру кез келген құқықтық мемлекеттегі
демократиялық режимнің қажетті құрылымы болып табылады. Өзінің
институттарымен жергілікті өмірдің демократиялық ұйымының дерлік барлық
жағын қамти отырып, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің
көптеген қызметтерін орталықсыздандырудың ұтымды әдістерімен жергілікті
өмірдің бүкіл мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды аумақтық
қоғамдастықтарға көшіруге мүмкіндік береді, осы арқылы азаматтардың
белсенділігін көтермелейді және осы сияқты шешімдерге олардың нақты
қатыстылығын қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан жегілікті өзін-өзі басқару жүйесін құру
сатысына қадам басты, сондықтан шетелдік тәжірибелерді талдау мен
жинақтауға және солардың негізінде өз еліміздің жергілікті өзін-өзі басқару
жүйесін қалыптастыру негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Мынаны атап
өту қажет: жегілікті өзін-өзі басқарудың үлгілері арасындағы өзгешелік
біртіндеп жойылып келеді, дәстүрлі үлгілерден ауысатын таңдаулы үлгілер мен
өздерінің жаңалықтарын енгізетін әралуан жүйелер пайда болуда.
Қазақстанның да өз ерекшеліктері бар, оларды жергілікті өзін-өзі басқару
жүйесін жүзеге асыру кезінде ескеру қажет.
Курстық жұмысының өзектілігі Қазақстан Республикасындағы
экономикалық реформалардың басым бағыттарының бірі мемлекеттік басқаруды
орталықсыздандырылу және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру
болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесіне деген жаңа талаптар мемлекеттің
басқару жағдайын зерттеу және сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік басқару жүйесінің, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару
жүйесінің ғылыми негізделген моделін жасау қажеттілігімен байланысты.
Мемлекеттік басқару жүйесінің дамуы және жергілікті өзін-өзі басқару
мәселелері бірқатар ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқан.
Атап өтсек, А.С.Автономов, Г.Алимурзаев, Е.Г.Анимица, И.А.Василенко,
Т.Г.Морозова, А.Н.Швецов, т.б.
Сонымен қатар, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару
мәселелері Қазақстандық ғалым-экономистердің де зерттеу обьектілеріне
айналған. Олардың қатарына Я.А.Аубакиров, Ш.С.Ахметова, У.Б.Баймураторв,
М.Б.Кенжегузин, К.Е.Кубаев, Н.К.Мамыров, К.С.Мухтарова, К.К.Шарипбаев және
тағы басқаларын атап өтуге болады.
Мақсаты және міндеттері.
Курстық жұмысының негізгі мақсаты болып Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін талдау зерттеу
болып табылады.
Белгіленген мақсатқа байланысты келесідей міндеттер қойылды:
- қазіргі жағдайдағы мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі
басқару орыны және мұндағы пайда болып отырған мәселелер
- Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің
тенденциялары мен перспективаларын анықтау
- мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
тиімді қарым-қатынасы әдістерін анықтау болып табылады.
Курстық жұмысты орындау барысында заңнамалық және нормативтік актілер,
оқулықтар және оқу құралдары, мерзімдік басылымдар мен монографиялар
қолданылды.

1бөлім. Мемлекеттік жергілікті басқарудың теориялық негіздері
1.1.Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің мәні, маңызы

Жергілікті билікті ұйымдастыру туралы білімнің теориялық негізін
Алексис де Токвил, Лоренц Штейн, Рудольф Гнест еңбектерінен табуға болады.
А.Токвил ұлттың қауымдық институттарынсыз еркін үкімет қалыптасуы мүмкін,
ал ондай жағдайда еркіндіктің шынайы рухы болмайды деп атап көрсетсе,
француз саясаткері Ги Сорман орталықсыздандыру мен жергілікті басқаруды
дамыту — ұлттың күшті жағы.
Мемлекет күші мықты болған жағдайда, қоғам керісінше әлсіз
болады деген ой айтады. Осындай идеялар жергілікті басқару туралы
ұсыныстардың қалыптасуына арқау болғаны рас. Уақыт өте келе қауым
еркіндігінің идеясы жергілікті басқаруды дамытудың қоғамдық теориясына
айнала бастады және бұл теорияның негізгі белгілері төмендегідей болды
(оның негізін салушы ресейлік ғалымдар Н.М. Коркунов, П.П. Тройский, Н.И.
Лазаревский, М.Д. Загряцков және т.б):
- жергілікті басқару органдарының іс-әрекеттері мемлекеттік емес және
олардың шаруашылық сипаты басым;
-жүргізілетін мәселелердің нақты тізімінің жоқтығы;
-қоғамдық мүдденің мемлекеттікпен сәйкес келмеуі және т.б.
Бірақ бұл аталған негізгі белгілердің сипаты қазіргі кезде
толықтай өзгерген. XIX ғасырдың ортасында-ақ, мемлекетке орталық пен
жергілікті билік арасында заңды түрде қарым-қатынас орнап, жергілікті билік
заң шеңберінде дербес белгілі бір аумақта өмір сүріп жатқан халықтың
мәселелерін шешуде белсенділік таныта бастады. Одан кейін жергілікті
биліктің қайта қалыптасуы Кенес дәуірінің соңғы жылдары біліне бастады.
1990-1991 жж. Кеңестік социалистік республикалар одағы жергілікті өзін-өзі
басқару және жергілікті шаруашылықтың жалпы басталуы туралы Заңы елімізде
жергілікті басқарудың қалыптасуына негіз болды деп айтуға болады.
Ал, 1991 жылдың ақпанында Жергілікті өзін-өзі басқару және
Қазақстан Республикасының жергілікті кеңестерінің халық депутаттары туралы
Заңы қабылданғанымен, ол заң бұрынғы кеңестік дәуірдің ағымымен жұмыс
істеді.Іс жүзінде жергілікті шаруашылықты басқару органдарының қызметі екі
бағытқа негізделеді, олар: биліктік және экономикалық. Олардың экономикалық
негізін кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы шаруашьшылық байланыстар және
қоғамдық сұраныстарды жүзеге асырушы субъектілер құрайды. Бұл
субъектілердің рөлдері әр түрлі. Кәсіпорындар өз пайдасын немесе тауарын
я қызметін қоғамдық сұранысты қанағаттандыруға бағыттаса, кейбіреулері
норматив және қоғамдық негізінде халықтың мүддесін қорғауға қатысады, ал
жергілікті басқару органдарының міндеті аталған екеуінің іс-әрекетін халық
мүддесі үшін реттеу болып табылады.
Осындай жіктеудің құндылығы сол жергілікті мәселелердің
шешімін табуында субъектілердің рөлі мен орнын анықтау, жергілікті
шаруашылықты басқару үрдісінде оның атқаратын іс-әрекеттерінің мақсаттарын
белгілеу, ерекшеліктерін есепке алу болып табылады. Жергілікті шаруашылықты
басқаруда теорияда кеңінен белгілі, маңыздылығы өте зор үлгілер мынадай
болып келеді: коммуналды, коммуналды-рентті, муниципалды-рентті.
Шаруашылықтың коммуналды үлгісінде қоғамның мақсаттарының
және оның талаптарының орындалуында негізгі міндетті жергілікті тұрғындар
көтереді және негізгі ресурс көзі халықтан алынатын салық болып табылады.
Бұл жүйедегі басты субъект жергілікті басқару органы ресурстардың
жинақталуын жіне шығындалуын жүзеге асырады. Бұл жүйе қолайлы және көптеген
Еуропа елдерінде бар, онда жергілікті басқару органдарының шаруашылық іс-
әрекет жүргізу құқықтары шектеулі.
Жергілікті басқаруға жүктелген міндеттер ресурстардың
жеткіліксіздігінен орындалмай қалған жағдайда, мемлекет оның орнын
толтырады.
Шаруашылықтың коммуналды-рентті үлгісінің алдыңғыдан
айырмашьшығы, қаржы-кредиттік қызмет етуге, ресурстың рентага шектеулі
құқық беру арқылы жергілікті басқару органдарының аумақтық ресурстарын
пайдалану сферасына қатыстырылуы қарастырылады, яғни халықтан алынатын
салықтың қатарына жергілікті құрылымның аумағында өндірілген өнім мен
көрсетілген қызметке де салынатын салық та қосылады.
Шаруашылықтың муниципалды-рентті үлгісі халықтың мүддесіне
қызмет етуде және жергілікті мәселелерді шешуде өз аумағында тең құқығы
бар, шаруашылық субъекті болуға мүмкіндік берілгеннен кейін негізгі
ауыртпалықты жергілікті басқару органдары көтеруге тиіс деп ұйгарады.
Қазір елімізде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы" Заңы қабылданған. Конституция жергілікті
деңгейде мемлекеттік басқару мен жергілікті басқару арасындағы
айырмашылықты нақты ажыратып берген. Ол жергілікті басқару заңының жобасына
сәйкес мемлекеттік басқару органдарының құрылымына өкілетті және атқарушы
органдар құруга мүмкінідк береді
Халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді дербес шешуді
қамтамасыз ететін жергілікті мемлекеттік басқару туралы ереже бастапқыда
Қазақстан Республикасы Конституциясының негізіне арқау болды.
Жергілікті басқару аумақтарда жүзеге асады, ол заң ұғымында өмір сүрудің
міндетті шарты ғана емес, жергілікті басқарудың мәртебесіне ие - заңды
тұлга болып табылады.
2004 жылдан бастап әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің
аппараты құрылып, оларға заңды тұлга мәртебесі берілді, ол үшін
республикалық бюджеттен 2,9 млн теңге бөлінді және де 2009-2010 жылдары да
осы мөлшерде қаржыландырылады. Олай болса, шаруашылық саласында оларға
бекітілетін функциялар қатары да кебейді деген сөз. Бюджет бағдарламасы
бойынша төменгі басқару денгейінің шығындарын қаржыландыруды осы әкімдер
аппараттарына біртіндеп беріледі. Жергілікті басқарудың экономикалық
негіздерімен танысуда құрылымдық компоненттеріне қоса, зандық астарларын
білу аса маңызды. Жергілікті құрылымға оның қазына мен мүліктен тұратын,
коммуналды заңды тұлғаларға бекітілген коммуналды меншіктің тікелей қатысы
болуы мүмкін.
Жергілікті басқару органдарының атқаратын қызметтері:
- өнімге (кызметке) бағаны және тарифті реттей алады;
- ұйымдардың жетекшілерін тағайындайды;
- жергілікті тапсырыстарды орналастырады;
- қоғамдастың аумағында орналасқан ұйымдардың жергілікті
әлеуметтік- экономикалық дамыту шараларына қатысуын үйлестіреді;
- белгіленген заң бойынша сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тәртібін
жүзеге асыра алады.
Жергілікті басқару органдарының қаржылық ресурстарына келер болсақ,
ол Конституцияда және басқа да заңда қаралған өкілетіктеріне сәйкес болуы
керек. Бюджет жергілікті басқарудың қаржылық базасы, оның қаржылық негізі
төмендегілердің есебінен құралады: жергілікті бюджет қаражаттарынан;
бюджеттен тыс, валюта және басқа да қорлардың қаражаттарынан; жергілікті
банктердің кредит ресурстарынан тұрады.
Жергілікті мемлекеттік басқарудың заңнамалық негізін әзірлеу мен
оны енгізуге талай рет ұмтылыс жасалды. 1997 жылы Жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралы заң әзірленді, бірақ ол қабылданбады.
Билікті орталық пен аймақтарға жіктеу мәселесі қоғамымызда
талқыланып жатқанына біршама уакыт өтті. Осы екі деңгей арасындағы
мәселелердің шешілу барысы жергілікті басқарудың дамуына тікелей қатысы
бар. Орталықтан биліктің бір бөлігін алу процесін әрі қарай жеткізудегі
тағы бір кезең жергілікті басқару органдарының жаңа жүйеге қатысты қазақтың
базасын айқындау.
Жергілікті басқаруды дамыту мақсаты әр әкім өз мекенінің
(ауылдың, каланың, ауданның) бюджеттің толуына мүдделі болуы үшін жеке
шағын, орта, үлкен кәсіпорындардың экономикасына араласпай, қайта олардың
дамуына қолайлы жағдай жасауы тиіс. Облыстардың бүгінде әл-ауқаты өзін-өзі
асырауға жетті деу қиын. Республикалық бюджеттен қаржы алып отырған
облыстар баршылық. Оларға дербестік берілсе, бюджеттің шығыс бөлігін
қамтамасыз ететін қаржы көзін қайдан алмақ?
Ал әлеуметтік қамсыздандыру саласы ақсап жатса, ол облыс
шеңберінде саяси наразылық туғызары сөзсіз. Демек, әр облыс өз бетінше өмір
сүре алатын жағдайға жетпей, орталықтың билігін шектеуді енгізу ерте. Ал
әкімдерді сайлау мәселесіне тоқталсак, әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыр
аймақта әкімдерді сайлау кері әсер беруі мумкін.
Экономикалық дағдарыстан кезінде ел үшін толассыз сайлаулар өткізу
экономикалық құлдырауды одан әрі тереңдетуі әбден мүмкін.Сондықтан да
жергілікті жағдайда экономиканы басқаруды жетілдіру жолдарын іздестіруде
көптеген пікірлер бар.
Жергілікті баскаруды жетілдіруде оған саяси тұрғыдан емес, оны
шаруашылық тұрғысынан да қарау керек. Біз үшін оның дамуы, жергілікті
халыктың барлық әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтамасыз етілуі маңызды.
Яғни үнемі орталықтан көмек күту тиімсіз, сондықтан да өздері шеше алатын
мәселелерге еркіндік беруді талап етеді. Өкілеттіктерді ажырату мәселесі де
сатылап шешілуі дұрыс болады. Себебі, кейбір өкілеттіліктер жергілікті
деңгейге берілгеннен кейін орталық ол мәселеге оралмайды, ал жергілікті
органдар оны толыққанды шеше алмай қалуы да ықтимал, олай болса, барлығы
эксперимент сынынан өтіп барып қабылдануы керек. Жергілікті өзін-өзі
басқаруды мемлекеттік басқару жүйесінен бөлек алып қарау мәселесі әлі де
көптеген талқылауларды талап етеді Кез келген экономикасы дамыған
мемлекеттерде мемлекеттен бөлек жүйе жоқ.
Тарихқа тоқталып өтсек, жергілікті баскарудың даму жолы
былайша өрбиді: жергілікті басқару биліктің қайта қалыптасуы бұрынғы кеңес
дәуірінің соңғы 1990-1991 жж. "КСРО жергілікті өзін-өзі басқару және
жергілікті шаруашылықтың жалпы басталуы туралы" Заңының қабылдануы елімізде
жергілікті баскарудың қалыптасуына негіз болды.
1990 жылдың 15 желтоқсанында қабылданған "ҚазКСР-дағы
меншік туралы" Заңы меншікті үш түрге бөлді, олар:
- жалпыодақтық;
- республикалық;
- жергілікті.
Кейін 1991 жылғы 15 ақпанда "Жергілікті өзін-өзі басқару және
Қазақ Советтік Социалистік Республикасының жергілікті кеңестерінің халық
депутаттары туралы" Заңы қабылданғанымен, ол заң бұрынғы кеңестік дәуірдің
үрдісін жалғастырды. Бұл заңда мемлекеттік басқару мен жергілікті
басқарудың аражігі ажыратылмаған.
Жергілікті мемлекеттік органдар мемлекеттік биліктің
бірлігі қағидасының негізінде құрылып, мемлекеттік биліктің жергілікті
органдары - халық депутатары кеңестеріне жергілікті халық әкімдері
сайланды. Осы өкілетті органдар жергілікті атқарушы органдарды
қалыптастырды деп берілген. 1992 жылдың 13 қаңтарында "Жергілікті өзін-өзі
басқару және Қазақ Кеңестік Социалистк Республикасының жергілікті
кеңестерінің халық депутаттары туралы" заңына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" Заңы қабылданды. Бұл заңдағы өзгерістер "өкілетті
органдардың үстемдігін" "Өкілетті және атқарушы-бөлуші органдардың
функциялары мен өкілеттіктерін ажыратумен" алмастырумен шектелген. Кез
келген деңгейдегі халық депутаттарының кеңестері "әкімдердің өкілеттігіне
жататын мәселелерді өз қарауларына алуға және керісінше, әкімдер "халык
депутаттарының жергілікті Кеңесінің өкілетіне қарайтын мәселелерді өз
қарауларына алуға құқықтары болмайтындығына" заңда ерекше назар аударылған.

1992 жылдың 7-ші ақпанында "Экономикалық реформалар жағдайында
мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекеті мен оны ұйымдастыруды жетілдіру
туралы" Жарлыққа Президент қол қойды.
Ал, 1993 жылдың 28 қаңтарында Жоғарғы Кеңес Қазақстан
Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде алғашқы Конституциясын
қабылданды. Бірақ онда жергілікті басқару, жергілікті шаруашылық туралы
айтылмағанымен, жергілікті жерлерде аумактық қауымдастықтарда қоғамдық өзін-
өзі басқару комитеттерін құру жөніндегі мәселелер қатары қарастырылған.
Жоғарғы Кеңес өзінің таралуы алдында 1993 жылдың 10
желтоқсанында "Жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы" Заңды
қабылдап, онда жергілікті басқару органдарының мүлдем басқаша үлгісін
енгізеді. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Конституцияда мемлекеттік
басқару жүйесінің негізгі қағидалары мен бағыттары нақты белгіленген.
Конституцияда жергілікті мемлекеттік басқарумен (85-бап) қатар жергілікті
өзін-өзі басқару да (89-бап) берілген. Онда жергілікті органдарға -
облыстың, ауданның, каланың мәслихаты; жергілікті атқарушы органдарға -
облыстың, ауданның, каланың, ауылдың әкімшіліктері жатады деп берілген.
Ал 2001 жылдың қаңтарында "Қазақстан Республикасының
жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы қабылданды (соңгы өзгерістер
2006 жылдың 10 каңтарында енгізілді).
Казіргі "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы" Заң жобасы
көпшіліктің талқылауына 2006 жылдың қазан айында берілді,және ол 2007
жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Ал, біздің елімізде жергілікті өзін-өзі басқарудың институционалдық
белгілері Қазақстанның Конституциясымен қамтамасыз етіледі. Жоғарыда аталып
өткен Жапония мемлекетімен біршама ұқсастықтар бар, мысалы, жергілікті
бюджет бекіту.
Сонымен жергілікті басқарудың органдарының құқықтық нығаюы
үшін мемлекет өкілеттіктерін төменгі деңгейге біртіндеп беріп отырады, ол
мынадай формада жүзеге асады: өкілетттерді беруі- жергілікті басқару
органдарының қызметін реттеуді және оларды табыстауы - мемлекеттің өз
құзыретіндегі өкілетіктерді бір рет белгілі мерзімге немесе мерзімсіз
уакытқа беруін білдіреді.
Заңнамалық тұрғыда жергілікті басқарудың іс-әрекеті заң
шеңберінде белгіленеді және оған мына белгілер тән болады: оны басқарудың
жалпы ережелері, соның ішінде, мақсаттары мен міндеттері, құқықтық негізі,
аумағы мен құрамы, ұйымдастыру құрылымы, құрылу тәртібі мен нысаны,
экономикалық және қаржылық сипаты, сайланбалы органның өкілеттіліктерінің
шегі мен оның мерзімі, мүшелері, сондай-ақ, лауазымды тұлғалары, басқа
мемлекеттермен шекаралас орналасқан болса, онда мемлекет тарапынан
әкімшілік қадағалау шараларын күшейту үшін жергілікті басқару органдарында
ерекше тәртіп орнатылады және т.б.
Қазақстанда жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті
басқарудың өзара қарым-қатынастары ерекше көңіл аудартады. Ол мынадай
факторлардан белгілі, Қазақстан Республикасының Конституциясы (89-бап)
жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті деңгейден мәселелерді халықтың өз
бетімен шешуін қамтамасыз етеді деп танып, халықты мемлекеттік биліктің
нағыз көзі деген идея бекітілген.

1.2.Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың
негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері

Жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырушылық, құқықтық және
экономикалық негіздерін айқындау мақсатында осы Тұжырымдамамен Қазақстан
Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың негізгі
қағидаттары мен қызметін белгілеу қажет.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі
қағидаттары болуы тиіс:
1) жергілікті маңызы бар мәселелерді халықтың дербес шешуі;
2) жергілікті халықтың барлық тұрғындарының заңды теңдігі мен заңды
мүдделерінің ескерілуі;
3) жариялылық және тиісті аумақта тұратын халық мүддесіне тікелей тиетін
мәселелерді шешу кезінде халықтың пікірімен санасу;
4) жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытудың кешенділігі, кезеңділігі;
5) мемлекет тарапынан жергілікті өзін-өзі басқаруды жүйелі қолдау;
6) жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығы, олардың бақылауда
болуы және халыққа есептілігі.
2 Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тәсілдері
Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саясатын іске асыру
үдерісі кешенділігімен де, сондай-ақ, қойылған мәселелерді шешудің белгілі
кезеңділігімен, іске асырудың белгілі кезеңінде саясаттың басым бағыттарын
анықтау қажеттілігімен сипатталады.
Осыған байланысты Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды бұдан әрі
дамыту екі кезеңге болжанған.
Бірінші кезең (2012-2016 жылдар) – қолданыстағы басқару схемасын, ең
алдымен биліктің ең төменгі деңгейлердегі әлеуетті кеңейту.
1. Ауылдар (селолар), кенттер, аудандық маңызы бар қалалар деңгейлерінде
жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары арқылы жергілікті маңызы бар
мәселелерді шешудегі халықтың рөлін арттыру.
Мыналарды көздейтін нормаларды заңнама түрінде бекіту ұсынылады:
1) жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастыру құрылымдардың өкілеттігін
және жауапкершілігін айқындау;
2) жергілікті маңызы бар іс-шараларды қаржыландыру мәселелерін
жиналыстардың (жиындардың) талқылауына шығару міндеттілігі (басқарудың
төменгі деңгейіндегі әкімдерде дербес бюджет жоқ, бірақ аудан бюджетінің
құрамында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады);
3) жиналыстарды (жиындардын) құру, өткізу және өкілеттігі мен олардың
шешімдерін ресімдеудің тәртібіні нақты регламенттеу.
Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті сипатқа тек
мемлекеттік органдардың шешімдері қана жатады. Басқа органдардың шешімдері
(консультативтік-кенестік, жиналыстардың), әдетте ұсыныс сипатында болады.
Әкімдердің заңға қарсы шешімдерді орындауын жол бермеу және халықтың
жекелеген топтарының мүдделелерін қорғауды болдырмау мақсатында, әкімнің
жиналыстар (жиындар) шешімдерін міндетті түрде қарау және халыққа заңңаманы
ескере отырып шешім қабылдау (немесе қабылдамау) туралы ақпарат беру
жөнінде ережесі бекітілетін болады. Сол ережеде сондай-ақ қабылданатын
шешімдердің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау тетігі және оларды іске
асыруға қоғамдық бақылау көзделетін болады.
Ірі қалаларда жалпықалалық шаруашылықты басқару ерекшелігін есепке
ала отырып, жоғарыда аталған шараларды басқарудың төменгі деңгейіне жататын
Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының аудандарына тарату
ұсынылады.
Сонымен қатар, келесі нормаларды енгізу:
1) ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің, кенттің, аудандық маңызы бар
қаланың деңгейінде жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарында (жиындарда)
қабылданған халықтың бірінші кезекті қажеттіліктері көрініс табатын
ауданның бөлімшені қолданыстағы (облыстық маңызы бар қаланың) даму
бағдарламаларына қосу;
2) жергілікті халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін бөлінген
бюджет қаражатының мониторингісіне қатысу құқығын беру.
Жоғарыда аталған шаралар жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде халықтың
рөлін арттыруға, шешімдерді қабылдаған кезде азаматтардың қатысуын,
мүдделілігін және жауапкершілігін ынталандыруға, мемлекеттік органдарға
сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.
2. Облыстық маңызы бар қалалардың халқын (құрамында аудандары бар
қалалардан басқа) басқару шешімдерін қабылдау үдерісіне белсенді тарту
тетігін құру. Қалалардың мәслихаттарына қала әкімдігінің тұрғындармен өзара
іс-қимылы үшін қоғамдық құрылымдарды құру құқығын бекітіледі.
Құрылған қоғамдық құрылымдар елді мекендерде тұрғын үй-коммуналдық
қызметтердің тиісті жұмыс істеуі, санитарлық жағдайды, қоғамдық тәртіп пен
азаматтардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етуге қала әкімдеріне
жәрдемдеседі. Сонымен қатар, тұратын аумақтың өмірлік іс-әрекетінің
жағдайын жақсартуға бағытталған азаматтардың (жергілікті халықтың) қоғамдық-
саяси белсенділігі және жалпы елді мекеннің толыққанды әлеуметтік-
экономикалық дамуы артатын болады.
3. Биліктің төменгі деңгейлерінің қаржылық дербестігін кеңейту.
Ауылдың, кенттің, аудандық маңызы бар қаланың әкімдеріне ұсынылып отыр:
1) жеке кіріс көздерін (ақылы қызмет көрсетудің кірістер, ерікті және
мақсатты алымдар, қайырымдылық қорлары мен демеушілер жарналарының, арнайы
белгілінген орындарда сауда үшін алымдар, абаттандыру ережелерінің бұзғаны,
инфрақұрылым объектілерін қирағаны, жасыл желектерді жойғаны және бұзғаны,
белгіленбеген орындарда сауда үшін хаттамалар жасаудан түскен кірістер,
және заңнамасына қайшы келмейтін басқа да көздер есебінен) қалыптастыру
құқығын беру;
2) қазынашылық органдарда жергілікті басқарудың функцияларды жүзеге асыруға
бағытталған табыстар мен шығыстарды белгілейтін арнаулы шоттарды ашу
құқығын беру;
3) тиімді пайдалану, жергілікті халықтың мүддесін қанағаттандыру және
қосымша табыстарды алу мақсатында төмен деңгейдегі әкімдеріне аудандық
коммуналдық меншіктің бір бөлігін (кітапханалар, клубтар, балабақшалар және
т.б.) беру;
4) ауылдық округтің жер ресурстарын орынды пайдалану мәселерін халықтың
жиналысына шығару мақсатында ауылдық деңгейдің әкімдерін өңірлік жер
комиссиясының құрамына қосу.
Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін толыққанды мүмкіндіктер беру
мақсатында, облыстық және аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың іске
асыру және рұқсат беру функцияларының бөлігін беру есебінен ауылдық басқару
деңгейінің өкілеттігі кезең-кезеңімен кеңейтілетін болады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілеттердің
аражігін ажырату, яғни республика (орталық) – облыс – аудан және қалалық
пен ауылдық елді мекендер сатылай билік өкілеттерін қайта бөлу арқылы
мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру жұмысын жүргізіп жатқанын атап
өтеміз.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, орталық мемлекеттік және
жергілікті атқарушы органдар өзара іс-қимыл бойынша нақты схема береді
стратегиялық, бақылау, қадағалау және іске асыру функциялрын орындау.
Реформаның басымды бағыты аудан, аудандық маңызы бар қала, кент,
ауыл (село), ауылдық (селолық) округ деңгейінде мемлекеттік басқаруды және
өзін-өзі басқаруды тиімді ұйымдастыру, ең алдымен оның функционалдығын және
институционалдығын нығайту болады.
4. Өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудағы өз құқықтары мен мүмкіндіктерін іске
асыру мәселелеріне қатысты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша
іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, оның ішінде:
1) жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін кадрларды дайындау қайта
даярлау мен біліктілігін арттыру;
2) жергілікті өзін-өзі басқару қызметін ұйымдастыру-әдістемелік қолдау,
оның ішінде өзін-өзі басқару органдарына кеңес беру, жергілікті өзін-өзі
басқарудың өзекті мәселелері бойынша конференциялар мен семинарлар
ұйымдастыру және өткізу, практикалық тәжірибемен алмасу және басқа;
3) жергілікті өзін-өзі басқаруды ақпараттық қолдау, оның ішінде жергілікті
өзін-өзі басқарудың идеяларын, қағидаттары мен міндеттерін халық арасында
кеңінен тарату, реформалардың барысы мен проблемалар туралы, жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының қызмет етуге қоғамдық бақылау жүйесін құру
жөнінде халықтың рөлі туралы ақпараттандыру, сауалнамалар мен әлеуметтік
зерттеулер жүргізу.
Жоғарыда аталған шаралар төменгі деңгейдегі әкімдерінің шаруашылық
және экономика салаларында шешімдерді қабылдау өкілеттігін кеңейтуге
мүмкіндік береді, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешкенде мемлекеттік
басқарудың төменгі деңгейінің қаржы дербестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді.
Екінші кезең (2017-2020 жылдар) – басқарудың төменгі деңгейлерінде
жергілікті өзін-өзі басқару органдарды құру.
Басқару және қаржыландыру тетіктерін 2012-2016 жылдары ішінде
тәжірибелік пысықтау жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастыру
үшін негізгі алғышарт болады.
Осы кезеңде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
функцияларын аражігін ажырату, өкілетті органдарды, қоғамдық кеңестерді,
бюджетті, меншікті қалыптастыруың мәселелері шешіледі.
Толыққанды өзін-өзі басқаруды қалыптастыру үшін елді мекендер
әлеуетті ұлғайту мақсатында ауылдық деңгейінде әкімшілік-аумақтық
бірліктерді ірілендіру мәселелері пысықталады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, 2017 жылдан бастап селолардың,
кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерін аудандық мәслихаттар
немесе халықтың сайлауы арқылы өткізу ұсынылады.
Бұл ретте, әлемдік тәжірибені ескере отырып, үлкен қалалардағы
аудандардың әкімдерін сайлауды енгізу мәселе туралы қосымша зерделенетін
болады.

1.3 Мемлекеттік жергілікті басқарудың шетелдік тәжірибесіне шолу

Жергілікті өзін-өзі басқаруды конституциялық-құқықтық реттеу үшін
теориялық база көпшілік мойындаған муниципалдық демократия және жергілікті
өзін-өзі басқарудың Еуропалық Хартиясы бекіткен 1985 жылғы 15 қазандағы
муниципалдық басқару болып табылады және келесіні белгілейді:
1) жергілікті өзін-өзі басқару кез келген демократиялық қатардың бір
негізін құрайды;
2) мемлекеттік басқаруға қатысу үшін азаматтардың құқығы тікелей жергілікті
деңгейде ғана жүзеге асырылады;
3) нақты билік жеңілдеткен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуы
азаматқа тиімді және бір мезетте басқаруды қамтамасыз етеді;
4) жергілікті өзін-өзі басқару органдары өзінің құзіретіне, оны жүзеге
асыру тәртібіне және осыған қажетті құралдарға қатысты кең автономияға ие
болуы керек.
Өзін-өзі басқару жүйесі тиісті экономикалық жағдайлардың, мемлекет
пен жергілікті өзін-өзі басқару арасында жүргізу пәнін шектейтін нақты
құқықтық базаның, адамдардың жаппай санасының, құқықтық мәдениеті мен мінез-
құлқының болуын қарастырады.
Қазіргі уақытта ғылыми әдебиетте жергілікті өзін-өзі басқару
органдары мен орталық билік органдары арасындағы қатынастар негізі болып
табылатын ұйымдастырудың әлемдік практикада танымал модельдерін сыныптау
барынша жиі кездеседі.
Осы тәсілге сәйкес жергілікті өзін-өзі басқарудың 4 базалық моделін
бөліп көрсетуге болады: англосаксондық, континентальдік, аралас және
кеңестік.
Англосаксондық (классикалық) модель бір атты құқықтық жүйесі бар
елдерде таратылу басымдылығына ие болды: Ұлыбритания, АҚШ, Канада,
Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б.
Осы модельдің негізі сипаты ресми автономия және жергілікті өзін-өзі
басқарудың дербестігі, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қамқоршылық
ететін жергілікті жерлерде уәкілетті орталықтың болмауы болып табылады.
Англосаксондық модельден континентальді модель айрықша ерекшеленеді.
Жергілікті жерлерде билікті ұйымдастыру, ол континентальді Еуропа (Франция,
Италия, Испания, Бельгия) елдерінде ғана емес, сондай-ақ көптеген Латын
Америка, Жақын Шығыс елдерінің көбінде таралды.
Осы модельдің ерекше сипаты келесі: жергілікті жерлерде жергілікті
өзін-өзі басқарудың және мемлекеттік басқарудың бірігуі, сайлануы және
тағайындалуы, жергілікті өзін-өзі басқарудың белгілі иерархиясы, төмен
тұрған буынның жоғары тұрғанға бағынуы, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға өкілетті
жергілікті деңгейде арнайы орталық биліктің өкілінің болуы.
Модельді қарастырумен қатар жергілікті жерлерде билікті ұйымдастыру
нұсқалары бар, қандай да бір дәрежеде олардың әрқайсысының сипатына ие және
өзінің ерекше белгілері бар. Осы модельдер аралас атауына ие болды. Осындай
модельдерге Германиядағы, Австриядағы, Жапониядағы және кейбір кеңес
дәуірінен кейінгі және дамушы елдердегі жергілікті өзін-өзі басқаруды
жатқызуға болады.
Аралас модельге тән ерекше белгі деп қажетті деңгейде автономды
төменгі жергілікті өзін-өзі басқарудың барынша жоғары деңгейдегі
мемлекеттік деңгеймен сай келуін санауға болады.
Жоғарыда қарастырылған модельдерден принципиалды ерекшелігі
жергілікті жерлерде билікті ұйымдастырудың кеңестік моделі бар. Осы модель
социолизмнің әлемдік жүйесі елдерінде, сондай-ақ социалистік нысандағы
дамушы мемлекеттердің бірқатарына жақында кең таралған. Қазір ол кеңес
бағытын сақтаған (Қытай, Куба, СКДР), сондай-ақ бұрынғы Кеңес одағы
республикаларынан құралған елдерде (Беларусь, Өзбекстан) орын алған.
Осы модельдің негізгі белгілері мыналар болып табылады: төменнен
жоғарыға дейін өкілетті органдардың бірыңғай билігі, өкілетті және атқарушы
органдар жүйесінің қатаң орталықтандырылуы, оның барлық буындарының
иерархиялық бағыныштылығы, муниципалды жеке меншіктің, жергілікті бюджеттің
болмауы.
Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару
жүйесін мемлекеттік басқаруды және қалыптастыруды орталықсыздандыру
тәжірибесі болып табылады, себебі постсоциалистік кеңістіктегі барлық
елдерде жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі болған жергілікті кеңестердің
бұрынғы жүйесін реформалауға тура келді.
Аумақтық басқаруы ескі тарих пен жалғаспалы дәстүрге ие Польша
тәжірибесі бұл мәселеде Қазақстан үшін көрсеткіш болып табылады.
Қазіргі таңда Польшаның аумақтық бөлінуінде үш деңгейдегі басқару
қолданылады: гмина (кенттерауылдар), повят (аудан), воеводство (облыс).
Бұл аумақтық бөлініс белгілі дәрежеде Қазақстанда қолданылатын әкімшілік-
аумақтық құрылымына ұқсас.
Воеводство – Польшаның ең ірі аумақтық бірлігі; повят – аумақтық
бірліктің екінші сатысы; оның құрамына бірнеше аумақтық гминалар кіреді;
гмина – негізгі аумақтық бірлік.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізіне қатысты
Польшада тиісті жергілікті және өңірлік өзін-өзі басқару аумақтық
органдарының табыс көзінің құрылымын анықтайтын аумақтық өзін-өзі басқару
органының табыстары туралы заң қолданылады.
Өзін-өзі басқарудың әрбір деңгейі жалпы дотация (субвенция) немесе
нысаналы дотация түрінде мемлекеттік бюджеттен қаржы қаражатын тікелей
алады.
Аталған табыс көздерінен басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары
табысы жеке заң көздерінен, мысалы, өздері иелік ететін активтерден ала
алады. Негізінен жер және тұрғын үй ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген
гминаларға қатысты. Олардың аумақтарында әдетте белсенді коммерциялық
қызмет жүргізіледі.
Жалпы сарапшылардың бағалауы бойынша Польшаның барлық билік
деңгейлерінде әкімшілік реформаның нәтижелері оң бағаланады. Воеводстволар
санын 49-дан 16-ға дейін қысқарту ірі өңірлерді құруға мүмкіндік берді,
олардың көбі өз жеткіліктілігіне жақындауда. Аумақтарды әлеуметтік-
экономикалық, мәдениет және ғылыми әлеуеттер бойынша теңдестіруге тырысты,
оларға анағұрлым бірқалыпты дербес дамуға мүмкіндік берді. Бұл
басқарушылықты арттырды, бизнес дамуының жолында болатын тосқауылдарды және
шенеуніктердің санын қысқартты. Воеводстволар өңірлік саясатты өткізуде,
халықаралық байланыстарды реттеуде үлкен дербестікке ие болды.
Жалпы, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың Қазақстанда
қолданысқа келетін шетелдік оң тәжірибелерден мынада қорытындылар жасауға
болады:
1. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың табысы Польшадағы гмина
деңгейінде Орталық және Шығыс Европаның басқа елдерімен салыстырғанда
жергілікті өзін-өзі басқарудың базалық деңгейі қалыптастырылған әкімшілік-
аумақтық бірліктердің көлемінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс елдердегі жергілікті бюджеттер және салық салу жүйесі
«Қаржы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Өзін-өзі басқару жүйесі
Қазақстандағы жергілікті басқару механизмі
Мемлекеттік бюджеттің атқаратын ролі, оның міндеттері мен қалыптасу қағидаларын, ұйымдастырылуы
Жергілікті бюджет және жергілікті салық салу жүйесінін құрылымы.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін ұйымдастырудың теориялық негіздері
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІ ҰЛҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні жайлы
Жергілікті бюджет және оның қалыптасуының негіздері туралы ақпарат
Пәндер