Бокстың жалпы ержелері


МАЗМҰНЫ
1. 1. Бокс тарихы . . . 5
2. Бокс жаттығулары . . . 7
2. 1. Бокстың жалпы ержелері . . . 15
3. Қазақ боксының дамуы . . . 17
3. 1. КСРО кезіндегі қазақ боксының дамуы . . . 17
3. 2. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ боксы . . . 22
4. Кәсіпқой бокс . . . 24
Қорытынды . . . 28
Қолданығлан әдебиеттер тізімі . . . 30
КІРІСПЕ
Бокс. Осы бір төрт қана әріптен тұратын ағылшын сөзі миллиондаған спорт жанкүйерлеріне жақсы таныс. Жер бетінде бокс десе ішкен асын жерге коятын, шаршы алаңдағы шиеленіскен жекпе-жектерді көрмей, дегбірі басылмайтын жандар аз емес. Адам әрқашан мықтылықты құрметтеген ғой, мықты, атпал азаматтарды пір тұтқан, солардың өршіл өнеріне табынған.
Бокстың тарихы біздерді алыс заманалардың түкпіріне жетелейді. Ежелгі Мысыр, Крит-Микен, Вавилион дәуірлерінің тасқа қашалған мұраларында жұдырықтасып жатқан адам бейнелері бар. Алғашқы қауымда өмір сүрген арғы тегіміз екі аяғының қуатына, жұдырығының мықтылығына, сүйеніп күнелтті. Олар өзара күш сынасып есеп айырысуды дәстүрлі әдетке айналдырды. Осындай бәсекеден барып түрлі спорттық ойындар өмірге келді. Ал ең алғашқы шыққан спорт түрі қайсы десек, әрине, жұдырықтасу мен жүгіру қатар тұрар еді.
Артына өшпес «Илиада» жырын қалдырған грек философы Гомер өз заманындағы жұдырықтасу туралы анық та дәл мәліметтер қалдырған. Бастапқы кезде жұдырықшылар қолдарын өгіздің мойын терісінен жасалған май сіңген терімен булап, білектерін орап байлайды екен. Жекпе-жек екі жұдырықшының біреуі қашан құлап түскенше өте беретін көрінеді. Шегінген, жалтарған жұдырықшыны арнайы істік темірмен қаруланған төреші-эфефтер ортаға айдап отыратын болған. Біздің дәуірімізден бұрынғы 688-жылы өткен ерте дүниеден жиырма үшінші Олимпиадалық ойындардан бастап бокс яки жұдырықтасу жарыстың бағдарламасына енген. Атақты ғалым Пифагор, философ Платон, қолбасшы Алкивиад жұдырықтасумен айналысқан. Қазіргідегідей ол кезде де жұдырықшылардың жекпе-жегін тамашалаушылар өте көп болған. Атақты жұдырықшылардың даңқы ауыздан-ауызға ілігіп, айдай әлемге жария болып отырған.
Халық оларды ерекше құрмет тұтып, әнге, жырға қосқан, эпостардың қаһарманы еткен, Олимпиадалық ойындарда жеңіске жеткендеріне көздері тірісінде ескерткіш орнатқан.
Ежелгі дүниедегі Олимпиадалық ойындар тоқтаған соң да бокс саябырсыған жоқ. Көптеген даулы мәселелер жұдырықтың күшімен шешілетін. Бертін келе осыны тәртіпке келтіру мақсатымен жекпе-жек өткізудің ережесі ойлап шығарылды. 1743 жылы шыққан бұл ереже ағылшын Джемс Браутонның есімімен тікелей байланысты. Сөйтіп Браутонның отаны Англия қазіргі бокстың кіндігін кескен ел болып шыға келді.
1867 жылы кәсіптік бокс дүниеге келді. Бірақ алғаш рет әлем чемпионаты ұйымдастырылғанша ол өзінің даму жолынан өтті. Бұл заңдылықтан ешқандай спорт түрі қашып құтыла алмайды ғой. Миллиондаған адамдардың жүрегін баурап, сан елді, сан халықты өзінің құшағына орау үшін уақыт керек. Сол уақыт Ресейге өткен ғасырдың аяғында, ал осы ғасырдың отызыншы жылдарының басында Қазақстанға да келіп жетті.
Қазақстанның былғары қолғап шеберлерінің үлкен аренаға көрінуі - 1946 жыл. Осы жолы өздерін күштілер қатарында санап жүрген Белоруссия, Армения, Эстония құрама командаларын артқа тастау біздің республикамыздың боксшыларымен санасу керектігін көрсетті.
1950 жылы Орта Азия республикалары мен Қазақстанның спартакиядасы өтті. Осы республикаларда қанат жайып келе жатқан спорт түрлерінің бірі ретінде бағдаламаға бокс та енгізілген еді.
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері өзерінің шеберлігімен көрініп, командалық бірінші орынға ие болды. Жекелей біріншілікте де көптеген салмақ дәрежесі бойынша жерлестеріміз топ басынан көрінді.
Республикада балалар мен жасөспірімдер арасында боксты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Олар үлкен спорттың, ақ шаршы алаңның ізбасарлары екені сөзсіз.
Ежелгі Мысыр, Крит-микен, вавилон дәуірлерінің тасқа қашаған мұраларында жұдырықтасып жатқан адам бинелері бар.
Артына өшпес «Илидп» жырын қалдырған грек философы Гомер өз заманындағы жұдырықтасу туралы анық та дәл мәліметтер қалдырған. Бастапқы кезде жұдырықшылар қолдарын өгіздің мойын терісінен жасалған май сіңген термен булап, біліктерін артып бойлайды екен. Жеке-жек екі жұдырықшының біреуі қашан құлап түскенше өте беретін көрінеді. Шегінген, жалтарған төреші эфефтер ортаға айдап отыратын болған. Біздің дәуірімізден бұрынғы 688-жылы өткен дүниедегі жиырма үшінші олимпиядалық ойындардан бастап бокс яки жұдырықтасу жарыстың бағадарламасына енген. Атақты ғалым Пифагор, фиософ Платон. Қолбасшы Алкивиад жұдырықтасуымен айналысқан. Қазіргідегідей ол кезде де жұдырықшылардың жекпе-жегін тамашалаушылар өте көп болған. Атақты жұдырықтаушылардың даңқы ауыздан -ауызға ілігіп, айдай әлемге жария болып отырған.
Халық оларды ерекше құрмет тұтып, энге, жырға қосқан, эпостардың қаһарман еткен, олимпадалық ойындарда жеңіске жеткендеріне көздері тірісінде ескерткіш орнатқан.
Ежелгі дүниедегі олимпиадалық ойындар тоқтаған соң да бокс саябырсыған жоқ. Көптеген даулы мәселелер жұдырықтың күшімен шешілетін. Бертін келе осыны тәртіпке келтіру мақсатымен жекпе -жек өткізудің ережесі ойлап шығарылады. 1743 жылы шыққан бұл ереже ағылшын Джеміс Браутонның есімімен тікелей байланысчты. Сөйтіп . . .
1. Бокс түсінігі
1. 1. Бокс тарихы
Бокс - арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек аумағы 4, 9Ч4, 9 м немесе 6, 1Ч6, 1 м, жан-жағы 1, 3 м биіктікте арқанмен керілген рингте өтеді. Бокс (ағылшынша box - соққы) ойынының әуесқойлық (3 раунд) және кәсіпқойлық (12 - 15 раунд) ережелері бар.
Бокс ерте Грек елi - Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал «қолғап иесi» - Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы - теңiз құдайы Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы - Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi.
Ал жақында археолог ғалым бiздiң жыл санауымыздан 3 мың жыл бұрын салынған шiркеудiң қабырғаларынан бокс қолғабының суретiн де тауып отыр. Бiр қызығы, ол кезеңдерде кубок жеңiлген боксшыларға берiлген көрiнедi. Айталық, соғыс өнерi десе, сақалын кесуге бар Рим императоры Калигула сонау Африкадан қайратты құлдарды сатып әкелiп, көз алдында қоразша төбелестiредi екен. Императордың екi сүйiктi спортшысы болса керек. Бұл Глаукос пен Меланкомас аталатын алыптар дәл қазiргi бокста қолданылатын бiршама соққы түрлерiне негiз салып кеткен екен.
Алайда, Рим мен Грекияда белгiлi дәрежеде беделдi болған бұл спорт түрi олимпиадалық ойындарға мейлiнше кеш, тек 23-ойында барып қосылған (б. д. дейінгі 688 ж. ) . Олимпиададағы алғашқы ойындар жалаң қолмен жүргiзiлген, кейiн қос қолға белдiктi орауға көшедi. Одан соң көрермендердiң тiлегiмен бұл белбеулерге темiр сақиналар кигiзiле бастайды. Тұңғыш рет чемпион кубогын гректiң Ономастус есiмдi спортшысы иеленедi.
Ал бокс жеңiмпазына арналған алғашқы арнау өлеңiн Пиндар есiмдi ақын жазған екен. Ол олимпиада чемпионы атанған өзiнiң ұлы Диагоросты мадақтап, оған жыр арнайды. Бұл боксшылардың ерлiгi қарсыласының құлағын тiстеген Тайсонның әрекетiндей емес. Мәселен, Эуридиамас есiмдi боксшы ойын үстiнде жағы сынады да, мұны ешкiм көрiп қалмауы үшiн, сынған сүйектi жұтып қойып, төбелестi жалғастыра түседi. Оның ерлiгiн кейiн ақын Элиан мадақтап жазады.
Ал ерте Грекияның ең танымал боксшысының есiмi - Тагенес. Тарихшылар оның 1425 рет шаршы алаңнан жеңiмпаз боп қайтқанын айтады. Тагенес рекордының қаймағы бүгiнге шейiн бұзылмаған.
Алайда Рим империясының бiздiң дәуірімізге дейiнгi I ғасырда құлағанынан кейiн бокстың қалай дамығаны жайлы деректер де сақталмаған. Мiне, осы деректердiң жоқтығынан да ағылшындар боксты өздерiне телiп жүр. Бокс (boxing) ресми аты да Англияда қалыптасқан. Джеймс Фигг алғаш бокс мектебiн ашып, жастарды былғары қолғап өнерiне баулиды. Бокстың алғашқы ережелерi де Фиггтiң отанында пайда болған екен. Бұл ережелерде рингтiң аумағы, раунд ұзақтығы және қолғап салмағы айтылады. 1908 жылы бокс ресми түрде олимпиада бағдарламасына енгiзiлiп, оған тек ағылшындықтар ғана қатысады. Бiрақ бұдан кейiн тағы да бағдарламадан тыс қалады да, 1920 жылдан берi қайта тұрақты түрде өткiзiлiп келедi.
Кәсiби бокс алаңында Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Джордж Формен, ағайынды Спайкстер, Флой Патерсонның есiмдерi ерекше аталады. Олимпиада тарихында боксшылары ең көп алқа тағынған ел - АҚШ. Бiрақ бүгiнде кубалық спортшылар алғы шепте келедi. 1992 жылғы Барселонада өткен олимпиадада кубалық боксшылар 12 алтын алқаның жетеуiн қанжығаға байлап кеткен. Ал 1996 жылы Атланта Олимпиадасында 4 алтын, 3 күмiс медальды жеңiп алды. Олимпиада тарихында екi боксшы ғана 3 мәртеден жеңiмпаз атанған. Олар - венгриялық Л. Папп пен кубалық Т. Стивенсон.
Бүгiнде әлем бойынша кәсiби боксқа аса көңiл бөлiнiп келедi. Қазақстан бойынша жұдырығының өнерiн кәсiп қып жүрген боксшылар санаулы ғана. Олардың алғы шебiнде Василий Жиров, Геннадий Головкин және Марат Мәзiмбаевтар тұр.
2. Бокс жаттығулары
Жүйелі түрде дұрыс ұйымдастырылған жаттығулар боксшылардың шеберлігінің тез жетілуіне әсер етеді. Боксшы осындай жаттығуларға неғұрлым ертерек - жастайынан дағдыланса, ол соғұрлым нәтижелі болады. Мысалы, бокспен жүйелі жаттығуларды 10-11 жасынан бастағандар 18-19 жасында жақсы нәтижелерге жетіп жүр.
Біздің елімізде күреспен, бокспен, тағы басқа спорт түрлерімен он жастан бастап айналысуға болады. Бұл жастағы балалардың денесі сәмбі талдай иілгіш кез-келген жағдайда қимылдар жасай алады. Бірақ жаттығулар жүйелі түрде ұйымдастырылғанда ғана жақсы нәтижелерге қол жетеді.
Бокс секциясының алғашқы жұмыстары оған қатысушыларды топтастырудан, бастарын біріктіруден басталады. Жаттығу үстінде кездесетін қиыншылықтар мен спорттық құрал-жабдықтарын қалай пайдалану қажеттігі, киімдер, тазалық сақтау, өзін-өзі ұстау шарттары алғашқы бас қосуларда мұқият түсіндіріледі. Спортшылар шешінетін бөлмені, жуынатын жерді, әжетхананы, жаттығуға қажетті құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану - тәртіптің бір белгісі. Залдың ішінде қалай жүруді түсіндіру, сапқа тұратын орынды, жаттығу кестесін белгілеу, тағы басқалары алғашқы күндері мұқият тәптіштеп айтылады. Мұның өзі секция мүшелерін белгілі бір жаттығу жүйесіне дағдыландырады.
Кейде жаттығу залының есігін жасөспірім ашады. Жаттықтырушы «ә» дегеннен оның бетін қайтарып, дөрекі сөйлемей, әлгі талапкердің талпынысы болса, оны қуаттап шәкірттерінің арасына қосуға тиіс Әдетте, секцияға келгендердің дене бітімі, күші, ықыласы әр түрлі болады. Мұны есепке алып, ер баланың ерекшелігін ескерген жөн. Уақыт өте келе әлгі өзгешеліктер байқалмай кетеді.
Боксшылар жан-жақты дайындықтан өтуге тиіс. Ол баскетбол, волейбол, теңбіл допты жақсы ойнай, ұршықша үйірсе, тамаша жүзіп, конькиді, шаңғыны жақсы тепсе, зіл батпан қара тасты көтергенде қабырғасы қайыспаса құба-құп. Боксшы сегіз қырлы, бір сырлы болса, мұратына жеткені.
Бокстың әдіс-айлаларын меңгерудің әдістемелік жолдары мынадай:
1. Әрбір әдіс-айла жүйелі түрде үйретіліп, пысықталып, бойда жақсы қалыптасуға тиіс.
2. Әрбір әдіс-айла үйретілген кезде оны меңгерудің жолдары мұқият түсіндіріледі. Шабуыл жасаған кезде қарсыласыңның қандай қарсы әдіс қолдану мүмкіндігі бары да ескеріліп, үйретіледі.
3. Әдіс-айлалар қолданған кезде жаттықтырушы қателіктерді тез байқап, оны дер кезінде түзетіп отыруға тиіс. Әр қимылдың түпкі нәтижесі негізгі баға болып табылады. Спортшылардың дене құрылысына, күшіне, шапшаңдығына байланысты әрбір әдістің орындалуында кейбір ерекшеліктер кездеседі. Мұндай әдістерге қоса қолданылатын қарсы әдістер де бірге үйретіледі.
Боксшыға тек қана оқулықта көрсетілген қағиданы бұлжытпай орындау аз. Спорт жұлдызы атану үшін әр әдіс-айланы іскерлікпен дамыта алатындай бойда ерекше қасиет керек. Мұндай спортшы қарсыластары үшін әрқашанда қауіпті. Мысалы, былғары қолғаптың атақты жұлдыздарының бірі Серік Қонақбаевтың боксты әсем өнер дәрежесіне көтергені сонша, бокстың «майын ішкен» мамандардың өзі оған таңқалып, «бокс профессоры»деп ат қойды.
Үлкен спортпен айналысуға бел буған адам әрқашан еңбек күнін таңертең бойжазудан бастауға міндетті. Адамның денесі сергіп, бүкіл организмі оянып, тезірек жұмыс қалпына келуге әсер етеді. Ол дағдыға айналып уақытты қадірлей білуге үйретеді.
Адамның күнделікті гигиенасының өзі таңертеңгі әрекеттерден басталады. Тұрған бойда бөлменің ауасын тазарту үшін желдеткішті ашу керек, сонан кейін төсек-орыныңды мүқияттап жинап, дене-шынықтыру жасап, жақсылап жуыну қажет. Әсіресе тісті тазалаудың жалпы гигиенада маңызы зор.
Таңертеңгі денешынықтыруды араға уақыт салып, жиі-жиі өзгертіп отыру қажет. Біркелкі жаттығулар адамды жалықтырып кетеді. Бұл кешендерді құрастыруда да ең бірінші ақылшы жаттықтырушы болмақ. Сондықтан онымен ақылдасып, білмегенді сұраудың айыбы жоқ.
Былғары қолғаптың жас шебері күнделікті киімге де мән беруі керек. Жеңіл, ыңғайлы әрі жылы спорт киімдері адамды сымбатты әрі әдемі етіп көрсетеді.
Әрбір жаттықтырушы өзінің шәкіртінің әзірлігінің жан-жақты болғандығын, жаттығу кезеңінің барлық жолында оған ерекше кеңіл бөлінуін қамтамасыз етуге міндетті. Спортшының шеберлік деңгейі өскен сайын оның жан-жақты әзірлігі де ерекшеленуге тиіс.
Боксшының бойындағы күш, шыдамдылық, шапшаңдық, ептілік сияқты тағы да басқа толып жатқан қасиеттер ерекше орын алады.
Егер боксшы рингте жүргенде тепе-теңдік қалпын жақсы ұстай алмаса, оны жақсы шебер деп айтуға болмайды. Жанталасқан шайқас кезінде бойында мұндай қасиеті жоқ спортшы жеңіл-желпі соққының өзінен құлап қалады. Сондықтан соққылар алмасу, жұптасып жаттығулар өткізу кезінде мұндай қасиет бірте-бірте дамиды. Сонымен бірге оны арнайы жаттығулар арқылы дамытуға болады. Мысалы, гимнастикалық, акробатикалық жаттығулар спортшының тепе-теңдік қалпын жақсы ұстауына ерекше әсер етеді.
Жұптасып жаттығу кезінде әрбір қимылдың, қорғаныстың спортшының шабуыл жасауына қолайлы жағдай туғызуын байқау қажет. Егер қорғаныс кезінде тепе-теңдік қалпы дұрыс сақталмаса дененің салмағы түскен аяқ ебедейсіз басылса, онда жақсы қорғанып, қарсы шабуылға шығуға да мүмкіндік төмендейді. Мұндайда қас-қағым ғана сәтке кешігу қарсыластың жағдайын жақсартады, ол жекпе-жектің тізгінін қолына алып кетеді.
Боксшының тепе-теңдік қалпын жақсы ұстауы оның ептілігіне тікелей байланысты. Бұл екеуінің арасындағы байланысты бірі-бірінсіз көзге елестету қиын. Епті болу деген сөз - тез қимылдау, шапшаң қозғалу, сонымен бірге қарсыластың ойын, көздеген мақсатын сезіну. Спорттың түріне байланысты шапшаңдықты дамыту үшін кәсіби жаттығуларға қоса арнайы жаттығулар да бар. Бұған көбінесе қысқа қашықтықтарға жүгіру, секіру, тағы да басқа жаттығулар тобы жатады.
Дегенмен, әр спорт түрінің өзіндік жаттығулары бар. Бокста да солай. Бұл - алдымен шабуыл мен қорғаныс кезіндегі соққыларды алға, артқа, оң қапталға, сол қапталға қозғалуды қамтамасыз ететін жаттығулар. Мұнда кеңістікте дененің тұрған қалпын өзгертіп, орын ауыстырып тұруға тура келеді. Бұлай болмайынша, шебер спортшы атанудың өзі қиын.
Ептілікке дағдыландырудың басқа да жолдары бар. Мысалы:
а) Волейбол, баскетбол, қол добын лақтыру, түрлі бұрылыстар жасау, қолайсыз жағдайдан допты қағып алу.
ә) Қабырғаға тақалып тұрып, бір немесе бірнеше қарсыласыңның сені көздеп лақтырған доптарына тигізбей, жалтарып кету.
б) Жұптасып алып, бір-бірін кеудеден, қолдан, іштен алма-кезек итерісу.
в) Гимнастикалық бөренеге шығып, тепе-теңдік қалпын сақтау үшін арнайы жаттығуларды орындау.
Рингке көтеріліп қарсыласыңмен байқау жекпе-жегін өткізу. Мысалы, бірінші спортшы алыстан төте соққы жасайды, екінші спортшы кейін шегініп, әлгі соққыдан қорғанады да, қарсы шабуыл жасайды. Бұл қимылдар келесі сәтте басқаша өзгереді, бірақ жаттығу жекпе-жектерінде жаттығу кездеріндегідей қатты соққылар жасалмайды. Мұндай жаттығулар арқылы тек қана шапшаңдық, ептілік дамып қоймайды, спортшының батылдығы артады, реакциясы күшейеді. Осындай жаттығу кезінде бір-бірлерін алдап үйрену, яғни жалған қимыл жасау да өте пайдалы.
Егер осы қасиеттерді дамытпаса техниканы да, тактиканы да шебер меңгеру қиын. Ал бұл қасиеттер меңгерілмей шеберлік шыңына жету мумкін емес.
Әр спортшының өз ауаны болуы керек. Бұл жаттығу, жарыс кезіндегі өз қарқыны деген сөз. Кейбіреулер жекпе-жектерді өте жоғары қарқында өткізеді, басқалары орташа қарқын ұстайды кейбіреулерінікі баяу, тек қана мықты дәл соққыларға негізделген. Бірақ бұл кейде қарсыласыңның өзгешелігіне, өзіңнің жарыс кезіндегі ұстамдылық жағдайыңа көп байланысты. Мысалы, сол жарысқа дайындық барысында бірнеше килограмм салмақ қостың немесе сәл-пәл тұмауратып, ауырып қалдың делік. Бұл, сөз жоқ, спортшы организмінің қалпына тікелей әсер етеді.
Шыдамдылық рингте танылады. Мысалы, оның әрқайсысы үш раундтан тұрады. Бой жазу жасалып дене қызған соң жоғарғы қарқында үш раунд өтеді, содан кейін төрт-бес минөттік еркін жекпе-жек. Тағы да екі минөттен үш раунд сосын сәл үзіліс бұл кезде демалуға ия болмаса қыздырынып жәй жүруге болады. Содан соң үш раунд снарядтармен жұмыс істеу, өз көлеңкеңмен ұрысу, жіппен секіру, тағы басқалары тоқтаусыз жалғаса береді Бір сағатқа жуық уақытқа созылатын мұндай арнайы жаттығуларды дайындығы әжептәуір спортшылар болмаса көтере қоюдың өзі оңай емес.
Адамды жақсы шынықтыратын - өзімізді қоршаған орта, табиғат анамыз, оның күні мен суы, ауасы. Бұлардың барлығы қатар жүріп, бірін-бірі толықтырып отырған жағдайда ғана дене қоршаған ортаға жақсы бейімделе алады. Кейбір адамдардың таза ауаға шығуға мүмкіншілігі жоқ. Күнге қыздырынып, суға шомылып, далада шешініп жүруге уақыты жетпейді. Мұндай жағдайда еңбек ететін, жататын, жұмыс істейтін бөлменің өзі де жарап жатыр. Тұратын бөлмені желдетіп, ауасын тазартып, белуарға дейін шешініп тастап, біраз жүрудің өзі де организмнің шынығуына әжептәуір сеп болады. Ауамен шынығуды 15-20 градус жылылықтан бастап бірте-бірте салқындата беру қажет. Күн сайын осылайша шынығуды бір сағатқа дейін ұзарту керек. Осылайша шыныққан адамдарға ешқандай жыл мезгілі әсер етпейді. Ал шынықпаған адамдар ауа райы құбылмалы кездері жаттығуға бірден қалыптаса алмайды.
Сумен шынығу ауа ваннасын қабылдағаннан гөрі тиімдірек. Сондықтан мұны қашан жасауға болатынын жақсы білген абзал. Күн сайын таңертеңгілік тыныс жолдарына су жүгіртіп, ауызды сумен шайғанның өзі адамды біраз сергітіп тастайды. Егер таңертең бойжазбадан кейін душ қабылдап отырса ше? Онда адамдар бірден ширап көңілденіп кетеді, душтан кейін денені орамалмен ысқылау терінің қан айналымын жақсартып, бойды бірден ширатады. Егер әркім күн сайын осылайша душ қабылдап, судың температурасын бірте-бірте төмендетіп отырса, бойы бұған үйреніп, салқын сумен жуынғанда тері тітіркенбейді.
Жаз айларындағы өзен-көлдерге шомылу түрлі спорт ойындарымен қатар жүрсе, тіпті жақсы. Жағажайдағы құмның үстінде футбол, волейбол, теннис, бадминтон ойнау әрі шынықтырады, әрі жақсы тынықтырады.
Спортшыға қажетті гигиеналық талаптардың бірі - ұйқының бірқалыпты, тыныш әрі жеткілікті болуы. Ұйқы кезінде дене тыңаяды, шаршаған бұлшық еттер, жүйке қалпына келеді. Ұйқының ұзақтығы адамның жасына әрі қызмет бабына байланысты, бірақ қандай жаста немесе жағдайда болмасын жақсы ұйықтау үшін кешкі асты үйқыға жатардан бір жарым-екі сағат бұрын ішіп, үйқының алдында таза ауада жарты сағаттай қыдыру керек. Төсек-орынды тым жұмсақ салмай, кеуде қуысының дұрыс қалыптасуы үшін жастықты онша биіктетпеген мақұл. Көрпеқаптар мен ақжаймаларды ай сайын алмастырып отыру керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz