ӘСКЕРИ - САЯСИ БЛОКТАРДЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КҮРЕСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАЛУЫ, ӘСКЕРИ-САЯСИ
БЛОКТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ... ... ... ..6

2 ӘСКЕРИ-САЯСИ БЛОКТАРДЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КҮРЕСІ ... ... ..11
2.1 Әскери-саяси блоктардың дипломатиялық
күресі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...11
2.2 Ресейдегі Ақпан, Қазан төңкерістері және соғысқа АҚШ-тың кіруі ... ..17
2.3 Әскери-саяси блоктардағы ішкі-саяси қайшылықтардың шиеленісуі ... 19

3 ӘСКЕРИ-САЯСИ БЛОКТАРДЫҢ КӨЗДЕГЕН МАҚСАТТАРЫ ... ... ... ..22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .26

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Адамзат баласы жер бетінде өмір сүруін
бастағаннан бері әлемде болған маңызды оқиғалардың барлығы тарихта ерекше
орын алады. Әсіресе, ХХ ғасырдың ортасына дейін дүниежүзілік көлемде
болған, дүние жүзінде – құрлықта және мұхиттарда өз шекарасын белгілеуді,
оны одан әрі кеңітуді, тіпті дүние жүзінде өз үстемдігін орнату мақсатында
әлемдік ірі державалардың арасында көлемі жағынан, зардаптары жағынан ірі
болды. Осы соғыстардың нәтижесінде дүние жүзі тарихына жаңа беттер жазылды:
әлемнің картасы өзгерді, жаңа мемлекеттер пайда болып, кейбір мемлекеттер
өзінің өмір сүруін тоқтатты, көш бастаған державалар алға шығып, әлсіз
мемлекеттер оларға тәуелді болып қала берді. Осындай соғыстың бірі –
Бірінші дүниежүзілік соғыс. Бұл соғыс басқыншылық, агрессиялық,
империалистік сипатта болды. Соғыс дүние жүзілік сипатта болғандықтан, бұл
соғыс тек қана әскери күштердің қақтығысынан ғана емес, мемлекеттердің
дипломатиялық қатынастар арқылы аталмыш соғысқа дайындалуы, олардың
дипломатиялық күресінен, маңызды дипломатиялық қадамдар мен шешімдерден
тұрды. Қазіргі таңда әлемде болып жатқан қақтығыстарды дипломатиялық
тұрғыдан талдап, болжау және алдын алу, осы – Бірінші дүниежүзілік
соғыстағы дипломатиялық әрекеттерден алынған тәжірибелерге сүйенеді.
Сондықтан да дүниежүзілік сипатта болған соғыстар ХХ ғасыр мен қазіргі
таңнын өзекті мәселесі болып табылады.

Тақырыптың мақсаты. Бірінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық
дайындалуы: әскери-саяси блоктардың мақсаттары мен міндеттері деген
тақырыптың таңдап алынуының мақсаты, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі
әлемдік саяси аренадағы соғысқа деген дипломатиялық дайындық пен күресті,
аталмыш дипломатиялық дайындық пен күрестегі әскери-саяси блоктардың
мақсаттары мен міндеттерін көрсету және олармен таныстыру.

Тақырыптың міндеттері. Тақырыптың мақсатын ашу толық ашу үшін, курстық
жұмысты жазу барысында мынадай міндеттері қойылған:
1. Соғыс алдындағы халықаралық және әскери күштердің жағдайына
сипаттама беру.
2. Соғыс алдындағы ірі державалар арасындағы дипломатиялық
дайындық пен күресті талдау және таныстыру.
3. Соғыс барысындағы ірі державалардың әскери-саяси блоктарға
бірігіп, олардың дипломатиялық дайындығы мен нәтижелерін
талдау және таныстыру.

Зерттеу әдісі. Курстық жұмысты жазу барысында тарихнамалық және
хронологиялық әдістер пайдаланылған. Жоғарыда айтылған әдістерді пайдалану
барысында көптеген қазақ және орыс тілді әдебиеттер пайдаланылып,
мәліметтер маңыздылығы бойынша сұрыпталып, қажетті әрі маңызды деген
мәліметтер таңдалып, мемлекеттік тілге аударылып, қолданылған. Қолданылған
әдебиеттер тізімі курстық жұмыстың соңғы тарауында берілген.

1 БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАЛУЫ, ӘСКЕРИ-ОДАҚТАРДЫҢ
ҚҰРЫЛУЫ, СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ

Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде
бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай
күрт шиеленісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді.
Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы
бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс
соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз
экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда
Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші
орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын
қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатының
шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды
алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік
жүргізуге тырысты.
Германияның күшеюі Еуропадағы басқа ірі мемлекеттерді абыржытты.
Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы
империалистік елдерді ― Франция мен Ресейді қатты алаңдатты. Оның үстіне
герман–австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас
герман империалистерінің Еуропадағы салмағын күшейтті. Осы құрылған үштік
одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы пайда болды. Бұл еуропалық
мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа
дайындыққа кірісті.
Алайда, британиялық басқарушы топтар осы екі антогонистік одаққа
деген қарым-қатынасын бірден айқын ұстаған жоқ. Өйткені, ағылшын
империалистерінің француз және ресейлік империалистеріне карағанда қарама
қайшылықтары күрделі еді. Тіпті Англия алғашқы империалистерінің Еуропадағы
ықпалының өзінің орыс және француз бақталастарын әлсіз деп есептеді.
Ресейді әлсірету мақсатымен британиялық басшылар 1902 жылы ағылшын-жапон
одақ шартын жасады. Жапония мұны өзінің Ресейге қарсы соғысында шебер
пайдаланды.
Дегенмен, германдық сауданың өсуі, оның жаңа нарықтарды иемденіп,
одан ағылшын бұйымдарын ығыстыра бастауы Англия мен Германия арасындағы
қатынасты қиындата түсті.
Германияның қуатты әскери-теңіз флотын құру үшін бағдарлама жасауы
Англияның сыртқы саясатына күрт өзгерістер енгізді. 1904 жылы бұл елде
Франциямен жақындасу үшін ірі қадамдар жасалды. Бұл Англия мен Ресей
арасындағы қарым-катынастардың жақсаруына алғы шарт жасады. Патша өкіметі
Антантаға тәуелді еді. 1908 жылы оның шет елдерге борышы 8 миллиард сомға
тең болды. Оның үстіне Ресей Англия меи Францияның көмегі арқасында
бұғаздарды пайдалануға үміт етті. Ал Антанта Германиямен үлкен соғыс бола
қалған жағдайда Ресейдің ірі-әскери күшін пайдаланбақ еді. Бірақ ағылшын-
орыс қатынастарын жақсарту ісі қиындыққа түсті. Ең алдымен олар өздерінің
Иран, Ауғанстан, Тибеттегі бақталасты істерін реттеді. Акырында орыс-
француз одағы мен ағылшын–француз Антантасы бірігіп, үштік келісімге
айналды.
Бір-біріне қарама-қарсы Үштік Одақ пен Үштік келісімнің құрылуы басты
империалистік мемлекеттер арасындағы күресті одан әрі үдетті. Алайда, одақ
қүрамына кірген мемлекеттер арасындағы өзара қайшылықтар жойылған жоқ.
Мәселен, Италия мен Австрия–Венгрия монополистерінің өзара қақтығыстарының
өршуі нәтижесінде Италия өзі кірген Үштік Одақтан 1909 жылдан бастап
іргесін аулақ сала бастады. Ал, Австрия–Венгрия ақырында Герман
империялистерінің жандайшабына айналды.
Үштік келісімдегі жағдай да осындай еді. Өзара қырқыс
тоқталмағанымен, күш алып келе жатқан жас герман империализмі алдында
біршама жұптарын сақтай білді. Мысалы, Мароккадағы империалистік билік үшін
таластың арты 1911 жылы герман-француз соғысына айналу қаупі туған кезде
Англия батыл түрде Францияны қолдады. Германия шегінуге мәжбүр болды, оның
солтүстік Африкада отарларға ие болу ойы іске асқан жоқ.
Антанта Үштік Одаққа жік салу арқылы әлсіретуге тырысты. Оған 1911
жылғы Түрік–Италия соғысын пайдаланды, Антанта Италияны қолдады. Ал
Германия Түркияға көмек көрсете алмады. Себебі Австрия–Венгрия, Италия
және Германия одақтастар еді. Соғыстың нәтижесінде Италия Ливияны билеу
құқығына ие болды.
Екі империалистік блоктардың арасындағы күрес 1912–1913 жылдары
Балқан соғыстарында жалғасып ақырында бірінші дүниежүзілік соғыстың
басталуын тездетті. Бірінші Балқан соғысы (9.Х.1912—30.V.1913) Балқан
одағы мен Түркия арасында болды. Балқан одағының құрамына Болгария, Сербия,
Греция және Черногория кірді. Оның құрылуына Ресей мен Антанта белсене
қатысты. Осы Одақ арқылы олар Германияның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс
Еуропадағы ықпалын әлсіретуге тырысты. Алайда, бұл бағытта Англия екі ұшты
саясат жүргізді. Ол бұл ауданда Германияны әлсіреткісі келгенімен, Ресейдің
ықпалының өсуін қаламады да, Түркиядан біржола қол үзгісі келмеді және
Ресейдің бұғаздарды пайдалану ниетіне онша қолдау жасамады. Ірі
мемлекеттерден қолдау таппаған Түркия жеңілді. Лондон бітімі бойынша Түркия
Стамбул мен Шығыс Франциядағы шағын жерден басқа барлық еуропалық аймағынан
айырылды. Германия тағы да батылсыздық көрсетті. Соғыстан Балқан одағы
нығайып шықты. Болгарияның шоқтығы биіктеді. Балкан түбегінде Антанта
бағыты күшейді.
Әйтсе де Балкан одағының мемлекеттері өз жеңістерінің нәтижелерін
бөлісе алмады.Оны Герман-Австрия топтары пайдаланып, болгар-серб одағын
кұлатудын бар амалын істеді. Олар Болгарияны қолдады. Ал Сербия мен Греция
оған қарсы жасырын келісімге келді. Бұл Екінші Балқан соғысына әкеп соқты
(29.VI—10.VIII.1913). Онда Греция, Сербия және Черногория Болгарияға қарсы
соғысты. Оларға Румыния мен Түркия қосылды. Соғыс Болгарияның жеңілуімен
аяқталды.
Бухарест бітімі бойынша Болгария Румынияға Оңтүстік Македония және
Батыс Фракеяның бір бөлігін, Сербияға Солтүстік Македонияны тұтас дерлік
берді.
Балкан соғыстары халықтарға қайғы-қасірет әкелді. Онда Черногория
11,9 мың, Греция 68 мың, Сербия 71 мың, Болгария 156 мың, Түркия 156 мың
адамынан айырылды.
Бұл соғыстың қорытындысында герман дипломатиясы жетістіктерге жетті.
Балқан Одағы жойылды. Болгария Антанта ықпалынан кетті. Оның есесіне
Румыния Австрияның ықпалынан кетіп, Ресеймен жақындасты. Сөйтіп, Балқан
түбегіндегі бірінші топ – Сербия, Черногория, Греция және Румыния
Антантадан қолдау тапты, екінші топ Болгария мен Түркия Германиямен
бірікті.
Төніп келе жатқан соғысты АҚШ өзінің экономикалық және саяси бағытын
нығайтуға пайдалануға тырысты. Олардың өкілі полковник Хауз екі блокты бір-
біріне айдап салудың бар амалын жасады. Алдымен ол АҚШ бейтараптық сақтайды
деп жариялады, ал соғыс бола қалған жағдайда Англия Ресей үшін соғысқа
кіріспеуі мүмкін деген болжам жасады. Мұндай тұжырымдар Герман
империалистерінің үмітін арттырып, оларды соғысқа итермеледі.
Осы жағдайда 1914 жылы 28 маусымда Сараевода Австрия тағының мұрагері
принц Франц Фердинанд өлтірілді. Оны боснялық серб, ұлтшыл студент Гаврило
Принцип өлтіреді.Венада қатты абыржушылық байқалды. Австрия үкіметі бір
айға жуық үн-түнсіз жатып алды. Тек қана Германияның желпінтуінен ғана
шілде айында Сербияға қарсы үзілді-кесілді талап қойылды. Ол қойылған он
шарттың тоғызын қабылдайтынын мәлімдеді. Тек тергеу ісін жүргізу үшін
австриялықтарды өз жерлеріне жіберуге қарсы болды да, барлық даулы
мәселелердің төрелігін Гааглық трибунал шешсін деп сауал салды.
Алайда Австрия–Венгрия 28 шілдеде Сербияға соғыс жариялады. Оған
жауап ретінде Ресей мобилизацияға кірісті. Германия 1914 жылдың 1-ші
тамызында Ресейге, тамызда Францияға соғыс жариялады. 5-ші тамызда Англия
ресми түрде соғысқа кірісті. Осы жағдайда АҚШ бейтараптық сақтады. Ал
Түркия мен Болгария австро-германдық блок жағына шықты.
Бірінші дүниежүзілік согыстың басталуына Германия мен Англия
арасындағы антогонизм шешуші роль атқарды. Осы басты қайшылықпен қатар
Германия мен Францияның Эльзас және Лотарингия үшін, Германия мен
Ресейдің Константинополь және бұғаздар үшін, Ресей мен Түркияның Армения
және Константинополь үшін, Австрия мсп Рессйдің Балкан үшін, Австрия мен
Италияның Албания үшін талас-тартыстары себеп болды.Уинстон Черчилль бұл
соғысты "әлемдік дағдарыс" деп атады. Ол 1914 ж. 1 тамыздан 1918 ж.
қарашасына дейінгі уақытта ең ірі державалардың өмірінің ең қиын кезеңі
болды. Капиталистік елдердегі экономикалық дамудың секірмелігі, монополия,
қаржы капиталының үстемдігінің күшеюі, капитал шығару, рынок үшін күрес,
ірі капиталистік елдердің территорияларды түпкілікті бөліп алуы сияқты
істер олардың арасындағы келіспеушіліктері туындап, түбінде осы үлкен
соғысқа себеп болды. Нағыз толық мағынасындағы дербес мемлекеттер катарына
— Англия, Германия және АҚШ жатты, Франция, Ресей, Жапония - "бірінші
класты, бірақ әлі де шын мәнінде емес" - екінші топка жатты, 3-топқа Австро-
Венгрия жатты. Ал бұл соғысты тудыратын себеп ағылшын-герман қайшылығы, ол
- қайшылык отар иемдену туралы кайшылық, Англияда отар өте көп, ал
Германияда отар елдер болмады. Германияның отарлауына Англия өз қарсылығын
білдірді. Соның арқасында Үштік одақ пен Антанта одақтарын дүниеге келді.

2 ӘСКЕРИ-САЯСИ БЛОКТАРДЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КҮРЕСІ

2.1 Әскери-саяси блоктардың дипломатиялық күресі

1915 жылы Германия және Австрия-Венгрия басшылары "осы жаздың ішінде
Ресейге тағы да соғыс ашуды" және бейбіт келісімге келуге күшпен көндіреміз
деп үйғарды. Ресейге қарсы осы державалардың қарулы күштерінің жартысынан
астамы жұмылдырылды, ал оңтүстіктен Осман империясының әскері кірді. Ақпан-
наурыз айларындағы неміс әскерлерінің қатаң соғысынан кейін Ресей әскерін
Шығыс Пруссиядан ығыстыруға мүмкіндік туды. Мамыр айында австрия-германдық
әскер Горлиц ауданындағы майданды бұзды. Немістер солтүстік Варшаваны алуға
шабуылдап, тамызда осы қаланы алды. Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді керек еткен
Ресей әскері жеңілістерге ұшырады. Осы уақытта герман әскерінің Батыс
майданда, яғни Шампани, Артур және Флондин жағынан ағылшын-француз
дивизияның шабуылы басталды. Олардың белсенді қозғалысы солтүстік Ипр
өзенін атқылаумен шектелді, осы жерде сәуір-мамыр айларында бірнші рет
химиялық қару-газ қолданылды, ол иприта деген атқа ие болды. Бүл Гаага
конвенциясын қылмыстық бұзу болды. Ал немістердің жетістіктері тактикалық
түрде ғана жүрді. Күзде Австрия-Венгрия және Германия қарулы күштері
Польшаны толыстай, сонымен қатар Балтық жағалауы еддерінің бір бөлігін
басып алды, бірақ ары қарай жылжый алмады. Ал, Ресеймен бейбіт келісімге
келуге мүмкіндігі болмады. 1915 жылы Германия басшылары шығысқа шабуылымен
қатар Ұлыбританияны тізе бүктіруге тырысты. Ол майданның негізгі күштерімен
тәуекел еткісі келмеді, ал соғыс крейсерлері үлкен жетістіктерге жете
алмады. Сондықтан ақпанда жаңа сүңгуір қайықгарымен жабдықгалған шексіз су
асты соғысы басталды. Олар Ұлыбританияға баратын кемелердің бәрін, керек
десе бейтарап елдердікін де жойып отырды. 1916 жылдың қаңтарына дейін 700
-дей корабльдер жолаушыларымен қосылып жойылды.
Соғыстан шығуға арналған дипломатиялық күрес.1915 ж. Ағылшын-француз-
орыс құпия келіссөзі қарсаңында Англия мен Франция Ресейден араб елдерінен
бас тартуды талап етті, оның орнына Ресей үкіметінің Канстантинополь мен
бұғаздарға деген талабын мойындайды. Осы келіссөздердің барысында араб
елдерін бөлісу мәселесіне байланысты Англия мен Францияның арасында қатты
түсінбеушілік туындады. Осы түсінбеушілікті реттеуге арналған 1915
ж.басталған Лондондағы келіссөздер 1916 ж. Сайкс-Пико келісіміне қол қоюмен
аяқталды. Бұл ымыраға келген келісім бойынша, араб елдері бес аймаққа
бөлінді: Францияға қарайтын көк аймаққа Батыс Сириямен Ливан; Англияға –
қызыл аймаққа кіретін Ирактың оңтүстік бөлігі және бірқатар Полестиналық
аймақтар;халықаралық аймаққа – қоныр аймаққа енген Палестина; Францияның
ықпал аймағына А аумағын құрайтын Шығыс Сирия мен Мосул
виллайеті;Англияның ықпал аймағына Б аумағын құрайтын Трансиордания мен
Орталық Ирак кірді. Сайкс-Пико келіссөзі тек қана араб елдеріне ғана емес,
одақтастарына да құпия,өте сақтық жағдайда жасалды.Соғысушы елдер үшін
бейбітшілік мәселесі 1916 ж. туды.Германияның Бас штабының басшысы
Фолькенгайн өз үкіметіне Антанта елдерімен ымыраға келу үшін билік тізгінін
Германия алу керектігі жайлы ұсыныс жасады.Бұл ұсыныс германдық император
II Вильгельм тарапынан қолдау тапты.Соғыс барысында пайда болатын адам және
материалдық шығындардың орны, ешқандай жеңіс пен бітімге келудің
мүмкіншіліктерінің болмайтыны оған түсінікті болды. Сондықтан Антанта
елдері германдық бейбіт барлаудың нысанына айналды. Орыс-германдық ымыраға
келудің мүмкіншілігінің қолайлы сәті келді. 1916ж. аяғына қарай орыс
патшасы соғыстан шығудын жоспарын құптады. Бұл жөнінде орыс-герман құпия
байланыстары туралы әдебиеттерде аз кездеспейді. Осындай кездесулерге
германдық одақтастардың – Австрия-Венгрия және Болгарияның құпия
эмиссарлары қатысқан.
1915 жылы мамырда мұхит параходы "Лузитания" ішіндегі АҚШ
және басқа да әртүрлі елдердің азаматтарымен қосылып жойылғаннан кейін,
мемлекеттер Германиядан су астының шексіз соғысын шұғыл тұрде тоқтатуын
талап етті. Германия қолбасшылары жолаушы корабльдерін олардың ескертуінсіз
батыруды тоқтатуға бүйрық беруге мәжбүр болды. Ұлыбритания өз сотын құруды
кеңейтті және тездетті. Онда сүңгуір қайықгарына қарсы соғыста тиімді құрал
және одан төнген қауіптен құтылу жолдары өнделді. Ұлыбританияға Германия
қолбасшыларын тізе бүктіруге мүмкіндік болмады.
1915 жылы Италия төңірегіндегі дипломатиялық күрес шиеленісті, билеуші
орта 1914 жылы австрия-германдық халықгың пацифистік көңіл-күйін ескере
отырып және мықты Антанта майданын жарты арал, тіпті аз екенін ескеріп
соғыста жол беруден бас тартты. Сонымен қатар, Австрия-Венгрия Италияның
талап тілектерін қанағаттандыруды каламады және оның Балкандағы ықпалын
кеңейтуге келіспеді. Германия үкіметі Ватикан қолдауына сүйеніп Италияны өз
жағына бағындыруға тырысты және осыған бола Австрия-Венгрия басшылары
Италияға айтарлықгай жеңілдік жасауға үгіттеді. Бірақ Антанта үкіметі
Италияға несие беруге және жағдай жасауға уәде берді. Сондықтан Италияның
басқарушы тобындағы тербеліс Антанта пайдасына шешілді: 1915 жылы мамырда
Италия Австрия-Венгрияға, ал келесі жылдың тамызында Германияға соғыс
жариялады. Италия әскері Изонцо өзенін басып алуға ұмтылды, бірақ сәтсіз,
дегенмен Жерорта теңізі австрия-германдық блок үшін жабық болды.
Болгария үкіметі Сербия, Греция, Румыния және керек десе Түркия
территорияларының жерлерін беруге уәде етіп, олар қыркүйекте Германия және
Осман империясымен келісе отырып Болгарияға кіруге қол жеткізді. Сонымен
бірге Германия, Австрия-Венгрия, Осман империясы және Болгария Төрттік
одағы құрылды. Австрия-германдық әскер болгарлық әскердің қолдауымен
Сербияның қорғаныс әескерін шегінуге мәжбүр етіп оның территориясын басып
алды. Берлин мен Вена Балқан арқылы Стамбулға тікелей байланыс орнатты.
Бірақ Антантаның Грециядағы қысымы онда Балканда Салондық майданында
Төрттік одаққа қарсы құрылған ағылшын-француз және серб әскерлерін
орналастыруға келісім берді. 1916 жылы Германия қолбасшылары жеңіске жету
жолын іздеу барысында Францияның күшін әлсіретуге қол жеткізуді іске
астырды. Олар 12 дивизияны және көп санды артиллерияны Вердендағы 10 км
майдан аумағын атқылау үшін топтастырды. Бүл Парижге бағытталған еді,
немістер осы жерде талқандалмаса онда француздар соңғы демі қалғанша
соғысады деп пайымдалды.1916 жылы 21 ақпандағы шабуыл бұрын сонды болмаған
артиллериялық мықты дайындық пен басталды. "Бүтіндей орман шабылды, масақ
тәрізді, мұнда үш қатар қаппен топырақ жатсада барлық кедергілер ашылды,
барлық қиылыста болат жауынмен толтырылды, барлық жолдар түбінен жоғары
аударылды. Әр жерде заттардың сынықтары, өлген адамдардың сүйектері,
жарылған қарулар шашылып жатыр" деп жазды осы соғысқа қатысқан А.Барбюс.
Бірақ француздардың қарсылығы мықгы болды. Немістер қанды соғыспен бір
аптада тек бірнеше бүзылған бекіністерді ғана ала алды. Францияның бас
қолбасшысы Жоффр солдаттарға "өлімге бас тігуді!" бұйырды және қорғаныс
шебін күшейтті.Неміс қолбасшылары Верденге өзінің резервтерін тастады.
Солдаттар Вердендік "ет тартқыш" деп атаған бұл соғыс шілденің басына дейін
үздіксіз жүрді. Германия әскерінің қозғалысы шамалы ғана болды, олардың
күші әлсіреді, ал германдық қолбасшылар өз мақсаттарына жете алмады.
1916 жылы наурызда және жазда ресейлік әскердің Шығыс майданға енуімен
Верден қысымнан босатылды. Маусымдағы генерал А.Брусиловтың басқаруымен
оңтүстік-батыс майдандағы күшті тойтарыс нәтижесінде және олардың қозғалысы
сол жерде 60-100 км-ді қамтуы, германдық қолбасшылардың көз қарасы бойынша
"ерекше салмақты" болды. Мүнда Батыс майдандағы неміс дивизиялары
түсірілді. Брусилов әскері бұған карамастан Галиция және Буковинаның бір
бөлігін басып алып, Карпатқа кірді. Олардың әрі қарай жылжуына қатынас
жолдың ұзақтығы және оқ-дәрінің жетіспеуі кедергі болды.Немістердің
Вердендегі сәтсіздігі және Брусиловтың шабуылындағы жетістіктері Румыния
басқару тобының ұзаққа созылған тербелісінің аяқгалуына соқдырды. Олардың
бұрынырақга Антанта дипломаттары несие бере отырып және австрия-венгерлік
территориясын румындық халықпен қосып береміз деп уәде беріп, Төрттік
одаққа қарсы соғысқа үгіттегенмен, Румыния Австрия-Венгрияға қарсы соғысты
1916 жылдың тамызында жариялады. Дегенмен, оның армиясы кешікпей барлық
елдерді оккупациялаған қарсыластық шабуылына төзе алмады және Ресейге мұнда
өз әскерін аттандыруға тура келді. Ағылшын-француздық қолбасшылар шілдеде
Сомм өзені бойында ірі шабуыл ұйымдастырды. Алайда, Германия әскері жақсы
қарсыласып өз шебін бұзғызбады. Сондағы қатал және қантөгісті шабуыл
"әлсірету соғысына" айналды, және ол күздің аяғына дейін созылды.
Қыркүйекте ағьлшындар бірінші рет танкі қолданды, бірақ айтарлықгай
жетістіктерге жетпеді. Тек қана немістердің Вердендегі қысымын
әлсіретті.Екі жылдан астам уақыт ішінде дүниежүзілік соғыста 4,6 мллионнан
астам адам қаза болып, одан да көбі жарақаттанды. Соғыс ондаған миллион
адамға кайғы-қасірет әкелді. Соғыс қимылдары үлкен құндылықгарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вьетнам елі
Франкфурт бітімінен Берлин конгресіне дейінгі халықаралық қарым-қатынас
XX ғасырдың 60 - 80 жылдардағы халықаралық қатынас. Біріккен ұлттар ұйымының рөлі
XX ғасырдың 60- 80 жылдардағы халықаралық қатынас
ИРАН ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІНІҢ САЯСИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Қытай және жаһандану проблемалары
Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері
Бірінші дуние жүзілік соғыстың себептері
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Пәндер