Азаматтық құқық пен бостандыққа



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Адамның және азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы
қылмыстардың жалпы сипаттамасы
1.1 Адам және азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы
қылмыстардың түсінігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына
қарсы
қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2. Дәрігерлік құпияны жария ету қылмысының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
2.1 Дәрігерлік құпияны жария ету қылмысының түсінігі және
обьектісі,обьективтік
жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Дәрігерлік құпияны жария етудің субьектісі мен субьективтік
жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .29

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-
бабы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең жоғары құндылықтар деп
жарялады [1]. 1961 жылғы Қаз ССР ҚК – іне қарағанда бұл ҚР ҚК – інде Жеке
адамға қарсы қылмыстар бірінші тұр, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі
содан басталады [2].
Адамның өміріне, ар – намысы мен қадір – қасиетіне қастандық жасауға
бағытталған қауіпті іс - әрекеттер жеке адамға қарсы қылмыстар деп
танылады. Мұндай қылмыстар жасалғанда адамға  елеулі зиян келеді не оның
өміріне, денсаулығына, заңды құқықтар мен бостандығына қауіп төнеді. Мұндай
қылмыстардың  тектік объектісі – жеке адам, ал тікелей объектісі – оның
өмірі, денсаулығы, ар – намысы, қадір – қасиеті. Қылмыстың тікелей
объектісіне байланысты бұл тарауды мынадай топтарға бөлуге болады.
1.Адамның және азаматтардың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарына қарсы қылмыстардың түрлері;
2. Адамның және азаматтардың жеке бас бостандықтарына қарсы қылмыстар;
3. Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар;
4. Ереуілге қатысуға немес қатыспаудан бастартуға мәжбүрлеу
5. Адамды  және азаматтың әлеуметтік экономикалық құқығы мен
бостандықтарына қарсы қылмысы.
Медициналық көмек сұрап келген кезде анықталған айғақтар туралы
ақпарат, азаматтың денсаулық жағдайы, оны тексеру және емдеу кезінде
алынған оның дерті туралы диагноздар мен басқа мәліметтер. Кәсіптік,
қызметтік және басқа да міндеттерді орындау кезінде, бөтен біреулер
білмеуге тиісті деректерді білген адамдардың, дәрігерлік құпияны құрайтын
деректерді жариялауына жол берілмейді.
 Жеке адамға қарсы қылмыстар тарауына Заң шығарушы жеке қылмыстар
үшін жауаптылық көзделген жаңа құрамдар енгізген, оларда қоғамға қауіпті
мұндай іс - әрекеттердің қылмыстық – құқықтық нышандарға нақтыланған, сот
практикасына сүйене отырып нақты қылмыстық іс - әрекет үшін қылмыстық жаза
түрі қарастырылған. Міне осындай қылмыс түрлерін және олардың жасалу
жолдарын, оларға қандай жаза қолданылатынын  осы өзімнің курстық жұмысымда
қарастырдым.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз
азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау болып
табылады. Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі халықаралық
нормаларды толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық
кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және
басқа да құқықтарының Казақстан Республикасының Конституциясында толық, жан-
жақты көрініс табуы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ең қымбат қазына
адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп белгіленген.
Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен
бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен
бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,
олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген
Конституцияның 1,2-тармағында. Яғни "Республиканың азаматы өзінің
азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады" (Конституцияның
12-бабының 3-тармағы). Адамның және азаматтың өз құқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын
бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан
келтірмеуге тиіс (5-тармақ).
Конституцияның II бөлімі адам және азамат, оның құқығы,
бостандығы мен міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың
кез келген азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге
көзқарасына тағы басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар
теңдігіне кепілдік беріледі (14-баптың 2-тармағы). Конституцияда адам және
азаматтық туралы арнайы тарау бар. Азаматтық құқық пен бостандыққа; саяси
құқықтар мен бостандықтарға; экономикалық және әлеуметтік құқықтарға
Қазақстан Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда
жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды
қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды (1-бап).
 Курстық жұмыстың негізгі мақсаты. Қазақстан Республикасындағы адам
және азаматтың конституциялық – құқықтық мәртебесін зерттеу.
Әлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір
сүріп келеді. Қоғамдағы жүздеген, мыңдаған қарым-қатынасты реттейтін,
басқаратын әлеуметтік норма. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын
әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның әділеттік, бостандық, де-
мократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.
Жеке адамның құқығы қоғамдағы құқықпен тығыз байланысты. Бірі болса
екіншісі де болады. Бірі болмаса екіншісі де болмайды. Бұл екеуін бір-
бірінен ажыратып қарауға болмайды.
Жұмыстың мақсатына сай мынадай міндеттерді шешу қарастырылды:
- Адам және азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы
қылмыстардың түсінігі және түрлері;
- Адам және азамат құқығын қорғаудағы заң органдарының қызметтерін;
- Адам және азаматтарға қарсы жасалған қылмыстар үшін жауаптылыққа
тарту;
- Дәрігерлік құпияны жария етудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасын
жасау, (144-бап)
- Дәрігерлік құпияны жария етудің объектісі және объективтік жағын
зерттеу;
- Дәрігерлік құпияны жария етудің субъектісі және субъективтік жағые
зерттеу.
- Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық –
құқықтық мәртебесін зерттеу.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Берілген курстық жұмыс кіріспеден, 2
бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І. Адамның және азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы
қылмыстардың жалпы сипаттамасы

1. Адам және азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы
қылмыстардың түсінігі және түрлері

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз
азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарының барынша қорғау болып
табылады.Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөнінідегі халықаралық
нормаларды толық қуаттай отырып,оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық кепілдік
береді.Оның айғағы азаматтардың саяси,еңбек,әлеуметтік және басқа да
құқықтарының Қазақстан Республикасының Конституциясында толық,жан-жақты
көрініс табуы болып табылады 1-бабында ең қымбат қазына адам және адамның
өмірі,құқықтары мен бостандықтары деп белгіленген.Қазақстан Республикасында
Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға
кепілдік беріледі.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан
жазылған,олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра алмайды,заңдар мен
өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай
анықталады делінген Конституцияның 1,2-тармағында.Яғни Республиканың
азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып,міндеттер
атқарадыАдамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге
асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын
бұзбауға,конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге
тиіс.
Конституцияның ІІ бөлімі адам және азамат,оның құқығы,бостандығы мен
міндеттеріне тікелей арналған.Заңға сәйкес Республиканың кез келген
азаматының нәсіліне,ұлтына,тіліне,әлеуметтік тегіне,дінге көзқарасына тағы
басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне
кепілдік беріледі.Конституцияда адам және азаматтық туралы арнайы тарау
бар.Азаматтық құқық пен бостандыққа;саяси құқықтар мен
бостандықтарға;экономикалық және әлеуметтік құқықтарға Қазақстан
Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі.Конституцияда жария
етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандқытарын қорғауды
қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды.(1-бап)
Азаматтардың саяси,әлеуметтік және басқа да құқықтарына қарсы қылмыстық
жауаптылық нормалары Қылмыстық Кодекстің төртінші тарауында көрсетілген.Бұл
қылмыстық заң нормалары азаматтардың конституциялық осы құқықтары мен
бостандықтарын қорғауда аса маңызды рөл атқарады.[3]
Қылмыстың мақсаты міндетті белгі ретінде қарастырып отырған қылмыстар
тобының ешқайсысының құрамында көрсетілмеген.
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың
бәрінің субьектісі 16 жасқа толған,есі дұрыс,жеке тұлға болып
табылады.Кейбір қылмыс құрамдарының субьектісі арнайы,мысалы,өзінің
қызметтік жағдайын пайдаланған адам не қоғамдық бірлестіктің жетекшісі
(мысалы ҚР ҚК 141-бабының 2-бөлігі Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу )
ҚР ҚК 3-тарауына енгізілген адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарына қарсы қылмыстарды тікелей обьектісіне қарай шартты түрде
төменгідей топтарға бөліге болады:
Адамның және азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы
қылмыстар (ҚР ҚК 141-145,149-б.б)
Адамның және азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтарына қарсы
қылмыстар (ҚР ҚК 146,147,150,151,153-б.б)
Адамның және азаматтың еңбек құқықтары мен бостандықтарына қарсы
қылмыстар (ҚР ҚК 148,152-б.б)
Ақпарат саласындағы құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар(ҚР ҚК
155-б.).

Адамның және азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы
қылмыстар:

Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу-ҚР ҚК 141-бабы

Қазақстан Республикасы 14 бабында заң мен сот алдында барлық
азаматтардың бірдей тең екендігі бекітілген.Мемлекет
тегіне,әлеуметтік,лауазымдық және мүліктік
жағдайына,жынысына,нәсіліне,ұлтына, дінге көзқарасына,нанымына,тұрғылықты
жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдайларына қарамастан адамның
және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бірдей тең болуына кепілдік
береді.
Осыған байланысты ҚР ҚК 141-бабында Азаматтардың тең құқықтылығын
бұзуқарастырылған іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі Қазақстан Республикасы
Конституциясымен кепілдік берілген азаматтардың тең құқылығын бұзумен
көрінеді.
Талданып отырған іс-әрекеттің обьектісі аталып көрсетілген теңдік
конституциялық құқығы болып табылады.
Обьективтік жағы адамның құқықтары мен бостандықтарын
тегіне,әлеуметтік,лауазымдық немесе мүліктік
жағдайы,жынысы,нәсілі,ұлты,дінге көзқарасына,қоғамдық бірлестіктерге
негізделген себептерімен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тікелей
немесе жанама шектеуге бағытталған әрекетпен немесе әрекетсіздікпен
көрінеді.Адамның құқықтары мен бостандықтарын тура шектеу оларды жүзеге
асыруға мүмкіндік бермемен көрінеді;құқықтар мен бостандықтарды жанама
шектеу оларды жүзеге асыруға бөгет жасаумен байланысты.Оның мысалы
тұрғылықты мекен бойынша белгілі бір ұлттың өкілін тіркеуге алудан бас
тарту,оны саяси немесе дінім сеніміне келіспеу себебіне байланысты не
баптың диспозициясында аталған басқа да себептерімен азаматты жұмысқа
алудан бас тартуы бола алады.
Құрылысы жағынан қылмыс құрамы формальды.Азаматтың тең құқықтылығын
бұзу баптың диспозициясында көрсетілген себептер бойынша құқықтар мен
бостандықтарды тура немесе жанама шектеу сәтінен-ақ аяқталған қылмыс деп
танылады.Бір айтары,Ресей Федерациясы Қылмыстық Кодексінік 136-бабындағы
қарастырылған осындай қылмыстың құрамы осы баптың диспозициясымен азаматтың
құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру түріндегі зардаптардың
міндетті түрде болуы көзделетіндіктен материалдық болып табылады.
Субьективтік жағынан азаматтардың тең құқықтылығын бұзу кінәнің
қасақаналық нысанымен сипатталады.Кінәлі тұлға азаматтың Конституциясымен
бекітілген тең құқықтылығын бұзып отырғанын ұғынады,азаматтың құқықтары мен
бостандықтарына қайтсе де зиян келтіргенін немесе келтіруі мүмкін екенін
біледі және соның болуын тілеп,соған саналы түрде жол береді.
Қылмысты жасалу себеі әртүрлі болуы
мүмкін:шовинизм;ұлтшылдық,өзінікіне н басқа діни сенімдерге төзе алмаушылық
және т.б.Бірақ қандай да жағдайда болмасын себеп араздықтарды туындата
алатын қоғамдағы тұлғааралық қатынастардың конституциялық бекітілген
қағидаларына қайшы келетін тым төмен сенім болып табылады.
Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу –ҚР ҚК 142-бабы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы әркімнің жеке өміріне
қол сұғылмауына,өзінің және отбасының құпиясы болуына,ар-намысы мен
абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анықтайды.Осыған байланысты ҚР ҚК
бірінші рет 142-бабында жеке өмірге қол сұғылмауды бұзғаны үшін
жауаптылықты қарастырады.Бұл бапта адамның қызметтік және қоғамдық
қызметтен тыс жеке өміріне қол сұғылмауына кепілідік бар екендігі айтылған.
Талданып отырған қылмыстың обьектісі жеке өмірге қол сұғылмаушылық
құқығын жүзеге асыратын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстың заты ретінде адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын
жеке өмірі туралы мәліметтер танылады.Мұндай мәліметтер адамның беделін
түсіретін не түсірмейтін болуы мүмкін,мұның қылмыстың саралануы үшін
ешқандай маңызы жоқ.Тек қана адамның осы құпияны сақтауға деген ұмтылысының
маңызы бар.Оларға көпшіліктің мүддесі үшін қажеттілігі шамалы кез келген
мәліметтер енуі мүмкін,мысалы отбасындағы,туған-туыстарымен қарым-
қатынастары,жұмыс тыс іспен айналысуы,достық қарым-қатыснастары,жеке
өмірінің түрлі жақтары туралы.
Қарастырып отырған іс-әрекеттің обьективтік жағын баптың
диспозициясындағы көрсетілген әрекеттердің бірін жасауы құрайды:
-адамның келісімінсіз оның жеке өмірі туралы заңсыз мәлімет жинау;
-адамның келісімінсіз жеке өмірі турады мәлімет тарату;
-жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян түріндегі
зардаптардың пайда болуы;
-кінәлінің әрекеті мен келтірілген зардаптың арасындағы себепті
байланыстың болуы.
Қылмыстың субьективтік жағы кінәнің тура ниетімен сипатталады,яғни адам
өзінің басқа адамның отбасының немесе жеке адамның құпиясын құрайтын жеке
өмірі туралы мәліметтерді заңсыз жинағаны мен таратқанын ұғынады,сол
әрекеттің нәтижесінде жәбірленуші үшін жағымсыз зардаптардың болатынын
болжай біледі жцне осы әрекеттің жасалуын қалайды.
Субьектісі – 16 жасқа толған,есі дұрыс,жеке тұлға.

Хат жазысу,телефонмен сөйлесу,почта,телеграф хабарларының немесе өзе
хабарлар құпиясын заңсыз бұзу-ҚР ҚК 143-бабы
Әркімнің жазысқан хаттарының,телефон арқылы сөйлескен
сөздерінің,почта,телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының
құпиялылығы сақталуына құқығы бар.Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей
белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
Қылмыстың қоғамдық қауіптілігі жоғарыда аталған конституциялық құқықтарды
бұзумен көрінеді.
Іс-әрекеттің обьектісі –жазысқан хаттарының,телефон арқылы сөйлескен
сөздерінің,почта,телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының
құпиялылығын сақтаудың конституциялық құқығы.Аталған құқық әркімнің жеке
өміріне қол сұғылмауы құқығының бір түрі болып саналады.
Қылмыстың обьективтік жағы кінәлінің азаматтардың хат жазысу,телефонмен
сөйлесу,почта,телеграф немесе өзге хабарларының заңсыз бұзуынан
көрінеді.Құрылысы жағынан құрамы формальды.Қылмыс аталған құпияларды
бұзатын әрекет жасалған сәтінен аяқталған деп танылады.
Іс-әрекеттің субьективтік жағы тек қана тікелей ниетпен қалыптасады.Кінәлі
адам,өзінің азаматтардың хат жазысу, телефон арқылы сөйлескен
сөздерінің,почта,телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының
құпиясын заңсыз бұзып отырғанын ұғынады,соның нәтижесінде жәбірленуші үшін
қажет емес зардаптың болатынын немесе болмай болжай қоймайтынын болжай
біледі және соның болуын тілейді.
Қылмыстың субьектісі болып ҚР ҚК 143-бабының 2-бөлігі бойынша қызметтік
жағдайға ие болған,сондай-ақ арнайы техникалық құралдарға рұксаты бар тұлға
болуы мүмкін.

Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу ҚР ҚК 145-бабы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабында Тұрғын үйге қол
сұғылмайды.Соттың шешімінсіз түрғын үйден айыруға жол берілмейді.Тұрғын
үйге басып кіруге,оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен
тәртіп бойынша ғана жол беріледі,деп көрсетілген.
Қылмыстың обьектісі әрбір азаматтың тұрғын үйіне қол сұғылмауының
конституциялық құқығы болып табылады.
ҚР ҚК 145-бабының 1-бөлігіні бойынша бұл әрекеттің обьективтік жақтары
тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс басып кірудегі көрсетілген
белсенді әрекетпен көрінеді.
Тұрғын үйге кірудің құқықтық негіздері болып мыналар табылады:
А)соттарға тұрғын үйінен айыру туралы дауды шешу мәселесін қарауды
жүктейтін Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабының талаптарына
сәйкес шығарылған сот шешімі;
Ә)қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес берілген прокурордың санкциясы;
Б)Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарында көрсетілген жағдайлар.
Субьективтік жағы тура ниетпен сипатталады,яғни адам өзінің біреудің тұрғын
үйіне заңсыз басып кіргенін ұғынады,сонысымен оның қол сұғылмаушылығын
бұзады,соның салдарынан белгілі бір зардаптың болатынын болжап біледі және
соның болуын қалайды.
Субьектісі –16 жасқа толған,есі дұрыс,жеке тұлға.

Ар-ождан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау-ҚР
ҚК 149-бабы
Қазақстан Респубилкасы Конституциясының 22-бабында әркімнің ождан
бостандығына құқығы бар.Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы
адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге
байланысты болмауға немесе боларды шектемеуге тиісжөнінде кепілдеме
берілген.
Талданып отырған қылмыстың обьектісі ар-ожданға деген конституциялық құқық
болып табылады.
Қылмыстың обьективтік жағын мына төмендегі кедергі жасаудағы әрекеттері мен
әрекетсіздіктері құрайды:
-діни ұйымдардың қызметіне;
-немесе діни салттарды жүзеге асыруына.
Субьективтік жағы тура ниетпен сипатталады.Кінәлі адам өзінің діни
ұйымдардың заңды қызметіне немесе діни салттарды жүзеге асыруына кедергі
жасап отырғанын ұғынады,оның қоғамға қауіпті зардаптарының болатынын немесе
болу мүмкіндігін болжап біледі және соның болуын қалайды.
Субьектісі-16 жасқа толған,есі дұрыс,жеке тұлға.[15]

Адамның және азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар:

Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына
кедергі жасау.(146 бап)
Азаматтардың ең маңызды саяси құқықтарының бірі олардың сайлау құқығын
жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Парламент мәжіліс
депутаттарын,Президентті,жергілікті өкілді органдар депутаттарын сайлау
жалпыға бірдей,тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы
өткізіледі.
Қылмыстың тікелей обьектісі азаматтардың сайлау құқығын дұрыс жүзеге
асыруын немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергісіз қатысуын реттейтін
қоғамдық қатынастар.
Қылмыс обьективтік жағынан алғанда сайлаушының өзінің сайлау құқығын жүзеге
асыруына кедергі жасау,комиссияның жұмысына заңсыз араласу және дауыс
беруге кедергі жасау арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыс субьективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.Қылмыстық
ниетпен сан алуан болуы мүмкін,оның осы қылмысты саралауға әсері болмайды.
Субьектісі жай адамдар немесе лауазымды адамдар болуы мүмкін.

Сайлау құжаттарын референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате
есептеу (147-бап)
Қылмыстың тікелей обьектісі –сайлау құқығы,референдумға қатысу құқығы.
Қылмыстың заты-сайлау құжаттары,сайлаушылар тізімі,бюллетень және дауыс
беру куәлігі.
Обьективтік жағынан қылмыс сайлау құжаттарын,бюллетеньге жалған
жазбалар,дауыстары қате есептеу,дауыс беру құпиясын бұзу,рефенрендум
жүргізу жөніндегі комиссияның мүшесі жасауы арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыс Субьективтік жағынан алғанда тек тікелей қасақаналықпен
жасалады.Кінәлі адам,қылмыстық кодекстің 147-бабының 1-бөлігінде
көрсетілген заңсыз әрекеттердің кез келгенін заңсыз жасайтынын сезеді және
соларды жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстың субьектісі арнаулы-Қазақстан Республикасы Президентіне
кандидаттың сенімді өкілі,бастамашы топтың,сайлау комиссиясының жасы 16-ға
толаған мүшелері.

Қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау (150-бап)
Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіні қоғамдық
бірлестіктердің заңсыз араласуына,қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік
органдардың қаржыландыруға жол берілмейді.Қоғамдық бірлестіктердің қызметін
реттейтін қоғамдық қатынастар осы қылмыстың тікелей обьектісі болып
табылады.
Қылмыс обьективті жағынан алғанда қоғамдық бірлестіктердің заңды қызметіне
лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдаланып кедергі жасауы арқылы
жүзеге асырылары.
Қылмыс субьективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және әртүрлі ниеттермен
істеледі.
Субьектісі-мемлекеттік аппараттың лауазымды адамы.

Жиналыс,митинг,бой көрсету,шеру өткізуге,пикет жасауға немесе оларға
қатысуға кедергі жасау (151-бап)
Қылмыстың тікелей обьектісі –Қазақстан Республикасының Конституциясының 32
–бабында көрсетілген азаматтардың бейбіт әрі қарусыз
жиналуға,жиналыстар,митингілер және тосқауылдарға тұру құқығы.Қылмыстың
факультативтік обьектісі-жәбірленушілердің өмірі,денсаулығы,қадір-қасиеті.
Қылмыс субьективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен
істеледі.Қылмыстың мақсаты-жиналыс,митинг,бой көрсету,пикет жасауды заңсыз
тоқтату,болдырмау немесе осындай әрекеттерге заңсыз қатысуға мәжбүрлеу
болып табылады.

Ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу (153-бап)
Қылмыстың тікелей обьектісі заңмен белгіленген азаматтардың ереуілге қатысу
немесе қатысудан бас тарту құқығы.
Қылмыс обьективтік жағынан адамның өз қызмет бабын пайдаланып не күш
көрсету немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы ереуілге қатысуға немесе
заңды ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыс субьективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.Қылмыстың
мақсаты –заңсыз ереуілге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысудан бас
тартуға мәжбүрлеу.
Қылмыстың субьектісі-16 жасқа толған жай немесе арнаулы субьект.

Адамның және азаматтың еңбек құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар:

Еңбек туралы заңдарды бұзу (148-бап)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес Республика
азаматының еңбек ету бостандығына,қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына
құқығы бар,сол әрбір адамның дербес өндіруші ретінде сәйкес еркін еңбек
етуге мүмкіндік алу құқығын қамтиды.
Қылмыстың обьектісі болып азаматтардың еңбек құқығын бұзу болып
табылады.Обьективтік жағынан алғанда еңбек жөніндегі заңды бұзу әрекет
немесе әрекетсіздік арқылы жасалады.Обьективтік жағынан қылмыс заңда
көрсетілген адамдарды:
-жұмыска қабылдаудан негізсіз бас тарту
-немесе негізсіз жұмыстан босату арқылы көрініс табады.
Субьективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.Қылмыстық ниет
мұндай адамдарға заңда белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды бергісі
келмеу т.б жатады.
Қылмыстың субьектісі арнаулы-жұмыска алу немесе одан босатуға құқығы бар
лауазымды адамдар.

Еңбекті қорғау ережелерін бұзу (152-бап)
Қылмыстық Кодекстің осы бабында еңбекті қорғау ережелерін бұзғандық үшін
жауаптылық белгіленген.Кылмыстың тікелей обьектісі-еңбектің қауіпсіздік
шарттарын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар,қосымша тікелей обьектісі
жәбірленушінің өмірі,денсаулығы.Обьективтік жағынан алғанда сөз болып
отырған қылмыс қауіпсіздік техникасын,өндірістік санитария ережелерін
немесе еңбектң қорғаудың өзге де ережелерін,денсаулыққа ауыр немесе орташа
ауыртпалықтағы зиян келтіруге әкеп соғу арқылы көрініс табады.
Субьективтік жағынан қылмыс кінәлінің абайсыздық нысаны арқылы
істеледі.Субьектісі арнаулы-еңбекті қорғау ережелерін сақтауды ұйымдастыру
немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер өзіне жүктелген 16 жасқа толған
адам.

Ақпарат саласындағы құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар:

Журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру(155-бап)
Қылмыстың тікелей обьектісі –сөз бен шығармашылық еркіндігі,қосымша тікелей
обьект-журналистің заңды құқықтары мен мүддерлері.Обьективтік жағынан
қылмыс журналистің заңды кәсіптік қызметіне оны ақпарат таратуға не оны
таратудан бас тартуға мәжбүрлеу арқылы кедергі жасау арқылы жүзеге
асырыларды.Субьективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен
жасалады.Мақсаты заңның өзінде ақпаратты таратуға мәжбүрлеу деп
көрсетілген.
Қылмыстың субьектісі 16-ға толған кел келген есі дұрыс адам.[4]

1.2 Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына
қарсы қылмыстар

Адамгершілік пен адам құқықтарының басымдылық идеялары қазақстандық қоғам
мемлекеттік құрылыстың саяси экономикалық бағытында нық орын алып
отыр.Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20-қыркүйегінде
мақұлдағанда Қазақстан Республикасының құқықтық саясат
тұжырымдамасында,қылмыстық құқықта адамның табиғи артықшылығына
негізделген,ажырамас құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жататын
әлеуметтік құндылықтардың мүлдем жаңа иерархиясы анықталғандығы
көрсетілген.Бұл құқықтар мен бостандықтар 1948 жылғы адам құқытарының
жалпыға бірдей декларациясында,1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар
туралы халықаралық пактіде,бекітілген адаама құқықтары саласындағы
халықаралық стандарттардың негізін құрайды.Қоғам мен мемлекеттің даму
тарихы азаматтық,саяси және өзге де құқықтар мен бостандықтарды жүзеге
асырудың әсерлі механизмнің болмауы,басқарудың тоталитарлық және
авторитарлық әдістері,саяси және идеологиялық бірлікті тіпті өткір
әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешудің өзін де ыдыратады.1789 жылы
бекіткен адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы француз
Декларациясы авторларының білімсіздік,адам құқықтарын естен шығарып алу
және оларға немқұрайлылықпен қарау қоғамның бейшаралығының және үкіметтің
дәрменсіздігінің бірден-бір көрінісі болып табыладыдеген сөздері орыныды
айтылған.Осынан келіп,Қазақстанда өткізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-
экономикалық реформалар ең бастысы адами факторларға,азаматтардың тіршілік
қызметінің барлық саласындағы белсенділігін көтеруге байланысты
болады.Дегенмен,шығармашылық ынта-жігерді дамыту жеке адамның бостандығымен
тығыз байланыстағы қоғамды демократияландыру мен гуманизацияландыру
процестерін одан әрі кеңейтпей және тереңдетпей мүмкін емес.Бостандық –
адамның өзін еңбекші,қоғам қайраткері және тұлға ретіндегі әлеуметтік үш
қырынан көрсете алатын жалғыз ғана мүмкіндігінің жай-күі.Тұлғаның
бостандығы адамның өзіне берілген ойлау мүмкіндігі және өзінің ой-
пікірімен,көзқарасымен тиісті және қалаған мақсатына жету мүмкіндігі,сөйтіп
өзінің мен деген болмысын жүзеге асыруды білдіреді.

Белгілі бір елдердегі жеке адамдардың бостандықтарының дәрежесі мен ауқымы
осы елдің демократиялық деңгейінің көрсеткіштері ғана болып
табылмайды,сонымен бірге мемлекеттің күш-қуатына тура тепе-тең тәуелділікте
болады және мұндай тәуелділік өзара байланысты.Бір жағынан мемлекет күшті
болған сайын,ондағы жеке адам бостандықтарының деңгейі де жоғары
болады.Ал,басқа жағынан,мемлекеттің күштілігі оның өзінің азаматтарының
бостандық дәрежесіне байланысты.Мемлекет пен жеке тұлғаның
жауапкершіліктері өзара байланысқан құқықтық мемлекетте адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғау негізгі идея болып табылады.Тіпті,мемлекет пен
азаматтар арасында дау туа қалған жағдайда артықшылық соңғысына
беріледі.Мемлекеттік органдардың тиісті заңмен қатаң түрде белгіленген
жағдайлардан басқа жағдайларда әрбір азаматтың ажырамас әрі мызғымас
құқықтар мен бостандықтарға ие болатындығы мемлекет тарапынан ескерілуі
тиіс.Адам құқығы жөніндегі арнаулы әдебиеттерде адамның негізгі құқығы деп
белгілі бір мемлекеттің конституциясында көрсетілген құқық танылады деп
әділетті айтылған пікірлер бар.Сөйтіп,адамның негізгі құқығы конституцияда
бекітілген,жеке адамның,саяси және әлеуметтік экономикалық құқықтар мен
бостандықтар енетін түбегейлі құқықты құрайды.

Жалпы,конституциялық құқықтар жайлы сөз қозғағанда,конституциялық құқық деп
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген және жеке адамның өз
мүмкіндігін еркін және өз бетімен анықтауға,өзінің мінез-құлқы мен әрекетін
заңмен белгіленген тәртіп пен ережелерге сәйкес таңдауға кепілдік беру
мүмкіндігін тану керек.

2. Дәрігерлік құпияны жария ету (144-бап)

2.1 Дәрігерлік құпияны жария ету қылмысының түсінігі және обьектісі

Дәрiгерлiк құпияны жария ету
1. Пациенттiң сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелерi туралы
мәлiметтi кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттiлiксіз медициналық қызметкердiң
жария етуi -
жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның
бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде
айыппұл салуға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Адам бойында ВИЧЖҚТБ бар екенi туралы мәлiметтердi хабарлаудан
көрiнген нақ сол әрекет -
жүзден үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның бір айдан үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге
де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылдан бес жылға дейiнгi
мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен
айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына
жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер,
егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi
бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге
бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыстың жәбірленушісі — сырқатқа ұшыраған пациент.

Қылмыс объективті жағынан әрекетсіздік арқылы пациенттің сырқаты немесе
медициналық куәландыру нәтижелері туралы мәліметті кәсіптік немесе
қызметтік қажеттіліксіз жария ету арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы
нормативтік-құқықтық актілер дәрігерлік құпияның жария етілмеуін реттейді.
Бірақта оны сақтауға міндетті адам ондай құпияларды ешбір негізсіз жария
етеді, яғни әрекетсіздікке жол беріледі. Қылмыс құрамы формальдық, ал
дәрігерлік құпия жария етілген сәттен бастап аяқталған деп танылады.

Оңтүстік Қазақстан облысында осыдан алты жыл бұрын дәрігерлердің
кінәсінен ВИЧ індетіне шалдыққан балалар тағы да медицина қызметкерлерінің
өрескел әрекетіне тап болып отыр. Осыдан біраз уақыт бұрын облыс
орталығындағы жекеменшік гимназиялардың бірінде жұмыс істейтін медбике сол
білім ұясында оқитын екі баланың қатерлі дертпен ауыратынын көпке жария
еткен болатын. Осы ақпараттан кейін оқушылардың ата-аналары құзырлы
органдарға шағым түсірді. Алайда, дәрігерлік құпияны жариялаған медбикені
содан бері не жұмысынан, не үйінен табу мүмкін болмай тұр. Осыған
байланысты оған жуық арада іздеу салынды. Қазір бұл іспен Шымкент қаласына
қарасты Абай аудандық ішкі істер бөлімі айналысып жатыр.
Тергеушілердің айтуынша, оған Дәрігерлік құпияны жария ету фактісі
бойынша айып тағылатын болады.
 Шымкентте жеке гимназияның медбикесіне іздеу жарияланды. Соның
кесірінен ВИЧ-инфекциясына шалдыққан екі оқушы мектептен шығарылған.
Тосын жайт өткен жылы болды. Балалардың  диагнозы туралы мәліметті
медициналық қызметкер білім мекемесінің директорына айтқан. Ал директор
оқушылардың ата-анасынан балаларының құжаттарын алып кетуді талап еткен.
Абдырған ата-аналар алдымен "Балаларды СПИД-тен қорғау" қоғамдық қорына,
сосын - полицияға шағымданған - деп хабарлады[7] .
Жекенің құпиясы жарияланғаны үшін полиция қылмыстық іс қозғамақ. Тәртіп
сақшыларының айтуынша, дәрігерлік құпияны медицина қызметкерінің таратуы
дерегі соңғы сегіз жылда бірінші рет болып отыр.
"Медбикеге қатысты 144-бап бойынша қылмыстық іс қозғалады, яғни
дәрігерлік құпияны жариялау дерегі бойынша. Егер бұл әрекеті ауыр салдарға
әкелсе, сот оны 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесуі
мүмкін" - деді Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат
Қаракөзова.
ВИЧ індетіне шалдыққан екі оқушы өткен жылы бірінші сыныпқа барған.
Алайда ата-ана қуанышы ұзаққа созылмады. Арада бір ай өткен соң жұқпалы
ауруларға қарсы вакцина егу кезінде медбике екі оқушының ВИЧ індетін
жұқтырғанын білген. Дәрігерлік құпия сол кезде ашылады. Онсыз да
жалғызбастылықтың тауқыметін тартып жүрген аналарға бұл хабар төбелерінен
жай түскенмен бірдей болады. Енді ғана жаңа ортаға үйреніп келе жатқан екі
бүлдіршін үшін тіпті оңайға соқпады.
"Біріншіден, медбике дәрігерлік құпияны сақтау жөніндегі 95-ші бапты
өрескел бұзды. Екіншіден, жекеменшік оқу орнының басшылығы ҚР Денсаулық
сақтау кодексінің 113-бабына пысқырып та қарамайтын сияқты. Сонда заң олар
үшін түк те емес болып отыр" - деді Балаларды СПИД-тен қорғау қоғамдық
қорының  төрайымы Жаннетта Жазықбаева.
Шымкентте алғаш ашылған жекеменшік гимназия басшылығы  оқушылардың бұл
дертке шалдыққанын білгеннен кейін ата-аналардан балалардың құжатын алып
кетуді өтінген. Жекеменшік гимназия басшылығы оқушылардың мектепте қалуына
үзілді-кесілді қарсы болған. Балалардың құқығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жазасын өтеп шыққандар
Шетелдердегі адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесінің негіздері
Жазасын өтеген тұлғалардың әлеуметтік бейімделуінің түсінігі
Рим құқығының жалпы сипаты
Халықаралық жеке құқықтық жүйесі мағынасы, қайнар көзі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңамасына және арнайы зерттеу әдебиеттеріне талдау жасау
Рим азаматтардың құқықтық жағдайы
Жаңа заманның саяси көзқарастары, саяси ілімдері
Қоғамдағы инновациялық технологияның педагогикалық шарттары
Пәндер