Православ діни философы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

К І Р І С П Е . . . 3

I. Бөлім. Діннің ғылыми - теориялық негізі . . . 4

II. Бөлім . Сектанттық құбылысы және оның психологиялық ерекшеліктері . . . 17

2. 1. Тоталитарлы секталардың адамның тұлғалық қалыптасуына әсер етуінің . психологиялық механизмдері . . . 17

2. 2. Тоталитарлы секталардың тұлға санасына әсер етуінің алдын алу шаралары және тәуелділіктен құтылу жолдары . . . 18

IIІ. Бөлім. Санаға әсер етудің негізгі психологиялық тәсілдері . . . 19

3. 1. Психологиялық зомбылық жолдары . . . 19

3. 2. Іске тарту мен сананы қадағалау тәсілдері . . . 19

33. Сананы қадағалау мен «миды шаю» екі тәсілдерінің айырмашылықтары . . . 24

4. 1. Қазақ мемлекетіндегі ар - ождан бостандығының шешілуі жолдары . . . 28

Қорытынды.

Кіріспе

Мәселенің өзектілігі :Діни дәстүрлер ерте заманнан бастап бүгінгі заманға дейін әрбір халықтың рухани өміріне үлкен рухани әсерін тигізуде. Әрбір адамның дін туралы сауаты болуы керек. Әрбір интеллегент мәдениетті боламын десе, діни ағымдардан да хабары болуы керек, ол - өмір талабы. Себебі, діни бостандық арқасында Қазақстандағы басты Ислам мен христиан діндері мемлекетіміздің рухани мәдениетінің дамуына өз күштерін қосуда. [1] .

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғалы біршама қиындықтарға кездесіп, оларға тойтарыс бере алды. Яғни ол елбасшымыздың әділ саясатына байланысты мемлекет әлеуметтік-саяси экономикалық тежелуді болдырмай, ХХІ ғасырға ауқымды қадам жасады. Қазақстандықтар қоғамда бейбітшілік пен бірлікке қол жеткізіп, әлеуметтік-экономикалық, демократиялық өзгерулерде біршама жетістіктерге жетті.

Елде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау этникааралық, конфессияаралық қарым-қатынас мәселелерін шешуде өте әділді, байыпты және ақылды болу керектігі сөзсіз. Еліміз үшін алғашқы қиын кездерде елбасшымыз Н. Ә. Назарбаев бұл сфера төңірегенде байсалдылық пен көріпкелділік байқатты. Елбасшымыз мемлекетте бар конфессиялар мен діни ұйымдар арасындағы бейбітшілік пен келісімді әрдайым уағыздайды.

Этникааралық климаттың дұрыс дамуының мағызды факторы әртүрлі діндер мен конфессиялар арасындағы бейбіт және жағымды қатынастар. Мемлекет конфессиясының өз функциялары тиімді және пайдалы өткізу үшін тең құқықты жағдай ұйымдастыруда. Оған дәлел Астанада 2 рет өткен дүние жүзілік діни ұйымдардың және дәстүрлі діндердің басшыларының кездесу съезі.

Біздің елімізде конфессия аралық сипаттағы мәселелерге көп көңіл бөлініп жатыр. Қазақстан -көп ұлтты ел, онда 120-дан артық ұлттар мекендейді. Қазіргі уақытта 4 мыңдай діни ұйымдар мен 46 конфессия бар. Тәуелсіз Қазақстанның ең алғаш 12 қаңтарда 1992 жылы қабылданған құқықтық актілердің бірі «Діни ұйымдар мен діни қстанымдар бостандығы туралы» ҚР заңы. [2] .

Тәуелсізідік алған Қазақстан өзін зайырлы, құқықтық мемлекет деп жариялап, дін мен сенім бостандығын Ата заңға енгізді. Жоғарыда айтылғандай мемлекет дәстүрлі діндерді ескеріп, дәстүрлі емес діни ұйымдар мүлдем аңғарылмай қалды. Осының септігінен елімізде дәстүрлі емес діндер көптеп қанат жая бастады.

Зерттеу объектісі :Діни ағымдардың адамдарға психологиялық әсер етуінің механизмдері.

Зерттеу пәні: Адам психикасына діни ағымдардың әсерін зерттеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы : Діни ағымдардың адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне әсер етуі, олардың мотивациялық түрткілеріне байланысты.

Зерттеудің міндетері:

  • Дінге жалпы теориялық шолу жасау;
  • Сектанттылықтың психологиялық ерекшеліктерін қарастыру;
  • Діни ағымдардың адам санасына, тұлғалық ерекшеліктеріне әсер етуін зерттеу

Зерттеу мақсаты: Діни ағымдардың адамның психологиялық ерешеліктеріне әсер етуін анықтау.

I. Бөлім. Діннің ғылыми -теориялық негізі.

Діннің табиғатын көрсету, оған бір ұғым арқылы анықтама беру өте күрделі іс. Осы кезге дейін ең атақты ғылыми адамдар, философтар, богословтар дінге әр тұрғыдан өздерінің субъективті бағасымен анықтайды. Себебі, ол зерттеушілер қандай ғылымның, қандай көзқарастың өкілі болса, сол тұрғыда дінге анықтама беруге тырысады.

Телеологиялық анықтама . Телеология (грек theos -құдай және legos- ілім, сөз, ақыл, ес) құдай туралы дін ілімі - белгілі діннің ілімдерін жүйелеуі деген түсінік береді. Қандай бір теологиялық көзқарастың түрлері болмасын олардың бастарын біріктіретін бір амал - иррационалдық көзқарас арқылы жүріп жатады.

Қазіргі кезде дінтану өкілдерінің бірқатар анықтамалары бар:теологиялық, философиялық, социологиялық (әлеуметтік), психологиялық және т. б.

Теологиялық анықтама бойынша - Құдай реалды күш және адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды. Теология - барлық үлкен діннің догмаларының системасы. Бұл системалық анықтау болса, барлық анықтаудан ерте де, бірінші болып есепте көзқарас бойынша діннің табиғатын сол діннің ішінен «ішінен» түсіндіргісі келуге тырысады және сол бір діни тәжірибеге негіздейді. Дін дегеніміз - Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Себебі, дін дегеніміз-(лат . religiaze) - «байланыстыру» деген сөз арқылы бейнелейді.

Олардың айтуы бойынша «дін» деген ұғым құдайдан келетін түсінік. Дін арқылы адам Құдаймен байланыс жасайды. Құдай туралы түсінікті діни сезім арқылы білеміз. Сонымен теологиялық көзқарас бойынша, діннің не екенін былайша анықтайды:теология құдай туралы білім болғанымен, теология құдайдың болмысын зерттемейді, ол құдайдың «Өсиетін» зерттейді. Ол өсиеті күмәнсіз сенуге, қабылдауға шақырады.

Мысалы, теологиялық өкілдердің дінге деген бірнеше көзқарастарына тоқталып өтейік. Протестант теологы Э. Трёльч (1865-1923) дін туралы былай дейді:дін дегеніміз - туғаннан берілетін берілетін априорлы - рухани сезім. Оның дамуы тікелей тарихи - мәдениетпен бірге жүріп жатады. Діни сезім қоғам дамуына, жеке адамдардың мінез - құлқын жақсартуға, адамдарға рухани күш берудегі ролі өте жоғары. Дін субъективті құдаймен қатынас болса, ол объективті қоғам тарихымен қатынаста болады. Протестант теологы Р. Отто (1869-1937) : Дін дегеніміз-«адамның киелі қасиетін басынан өткізу»-дейді. Дін құдайдан келіп жатқан киелі күш есебіне анықтайды. Мұндай күштік сезімдер адамның туған сәтінен бастап қалыптады. Православ діни философы П. А. Флоренцский (1882-1937), дінге мынадай анықтама берді : « . . . егер де онтологиялық көзқарас бойынша дін дегеніміз - осындай системалық іс-әрекет, бастан өткізу арқылы жанымызда сақтауды қамтамасыз етеді». Басқа сөзбен айтқанда, дін адамдарға ішкі сезімдеріне байсалдылық береді. Сонымен Флоренцскийдің айтуынша дін априорлы шындық, оны сеніммен қабылдау керек. Американдық эвангелист социологы, теолог Т. Лукман және П. Л. Бергердің дінге деген көзқарасы бойынша:дін дегеніміз-транцендалды адамның биологиялық табиғатынан тыс «мағыналық универсум (әмбебап) » Мұндай «универсум» адамдардың адамдардың өміріне мән береді. Адамды адамгершілікке тәрбиелеп баулап өсіреді. Қазіргі кезде дін тек шіркеудің нәрсесі ғана емес, ол барлық қоғамдық қатынастырдың арасына «шашылып» тарауда. Орыстың атақты оқымыстысы және богослов С. К. Булгаков, дінге былай анықтама берді: «дін дегеніміз -құдайды тану және құдай туралы түсінікті бастан кешіру» деді. Осы әр түрлі анықтамалырдың қорытындысы: дін арқылы құдайды білу.

Дінді философиялық тұрғыдан анықтау. Философиялық анықтау әрбір тұрғыда болды. Оның себебі, біріншіден, «анықтау» методы мен принциптеріне байланысты. Екіншіден, идеалистік және материалистік тұрғыдан анықтау.

Антикалық философияда дінге деген анықтамада, дінді бір «абсалютке» әлемнің рухына немесе бір жоғарғы идеяға теңеп анықтады. Мұндай «абсалют» немесе « жоғарғы идеялар» әлемнің негізі ретінде қарастырылады, олар құдыретті күш емес, оларға бас июге, құрбан шалуға керек емес. Мысалы: Аристотельдің Құдайлық түсінігі, «ең жоғарғы болмыс» денесіз әлемді «қозғаушы күш», мәнгілік себеп және дүниенің даму процесінің мақсаты.

Философтардың идеалистік топтары (олар да әрбір салаларға бөлініп кетеді), дінді адамның сапалық түсінігі ретінде, туғаннан бастап берілетін сезім ретінде, оның керектілігін және мәңгілігін дәлелдейді. Осы идеалистік философтардың ең бір атақты философы И. Кантқа (1724-1804) тоқталып өтсек. Ол Құдайдың барлығын дәлелдейтін теологиялық көзқарастарды сынай отырып, құдайдың болмысын моральдік принциптерімен теңейді.

И. Кант өзінің «Кіршіксіз тазы парасат шеңберіндегі дін» деген еңбегінде, танымның трансцепдетті нәрсенің (о дүниеліктің) қарама-қайшылығын сезімнен басталуға тиіс екенін көрсете келіп жалпы алғанда философияның қарама-қайшылықтарын ашып берді, ал транцендептті нәрселерге ол құдайлар және адамның сцендинтальді (осы дүниенің) ерекшелігі туралы түсініктерді жатқызды. Діни догматика, діни ұйымдар Кант бойынша. өздерін тақуалық елеспен жұбатады, демек бұл адасу болып табылады деді. Ал, тікелей құдай туралы Кант былай дейді: « . . . құдай құбылыс ретінде белгі бермегендіктен, оның бар екенін дәлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес».

Келесі атақты неміс философы Г. В. Ф. Гегель (1770-1831) : «Құдайды абсолюттік идеямен, абсолюттік руханимен теңеп, барлық нәрсе солардан шығып, соларға қайта оралды»- деді. Діни көзқарас болса, оны төменгі сана, ал философия болса, биік сана деп түсіндіреді.

Материалистік философияда дін жеке адамныңжәне қоғам өмірінің күрделі рухани құбылысы есебінде қарастырылады. Оларды топтап көрсетсек, мынадай негізгі аспектілерін көрсетеміз:

  • Дін дегеніміз-жеке адамның, ұжымның, қоғамның рухани өмірдің аймағы ;
  • Өмірінің аймағы ;
  • Дін дегеніміз-әлемді рухани-практикалық тұрғыда меңгеру ;
  • Дін-қоғам санасының бір формасы, идеалдық жемісі мен формасы.

Материалистік философияның өкілінің бірі Л. Фейрбах (1804-1872) дінді адам бейнесі ретінде түсіндірді. «Адамды жаратқан құдай емес, керісінше, адам өзіне сәйкес, өз бейнесі бойынша құдай жасап шығарған» деп түсіндірді. К. Маркс (1818-1883) болса, дін туралы былай деді: «адам дегеніміз - адамның дүниесі, мемлекет, осы қоғам дінді, дүниеге бұрыс көзқарасын туғызады, өйткені олардың өзі - теріс дүние. Дін дегеніміз - осы дүниенің көңіл жұбату мен ақтау үшін жасалған жалпы теориясы көпшілікке түсінікті формадағы логикасы, оның спертуалистік өңі, оның жігері, оның моральдік санкциясы, оның салтанатты толысуы, оның жалпыға ортақ негізі»-деді.

Дінді социологиялық тұрғыдан анықтау. Социологиялық анықтау жолында, дінді әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырады. Діннің шығуын, оның дамуын тікелей әлеуметтік заңдармен тығыз байланыстырады.

Немістің философ және социологы М. Вебер (1864-1924), дінге біржақты анықтау көрсету өте күрделі екенін көрсетті. Ол Ғылымдардың барлығын екіге бөліп қарастырды:табиғат ғылымы және мәдениет ғылымы. Дінді мәдениет ғылымына жатқыза отырып, әлеуметте діннің ролін көрсетті. Дін, деді Вебер, қоғам өмірінде мәдениеттің бір бөлігі бола отырып өмірге мән береді, әлемнің не екенін түсіндіріп, күнделікті этикалық қатынастарды реттейді деп түсіндірді.

Француз социологі Э. Дюркгейм (1858-1917), дінді позитивизм тұрғысында түсіндірді. Оның дінге деген көзқарасы бойынша, дін «әлеуметтік факт» болғандықтан, оның қалай шығуын, қандай элементтерден тұратының және орындайтын функцияларын зерттеу керек деді. Э. Дюркгейм былай деді: «Құдыретті Құдай» деген түсінік тек кейбір ертедегі діндерге деген қатынасы бар, қазіргі дін бойынша ондай анықтау жүрмейді» - деді.

Дінді био-психологиялық анықтауы. Дінге биологиялық көзқарас, адамның түйсік сезіміне алып тірейді. Діни сезім адамның сақтау түйсігіне, оның өмір сүрудегі күресіне алып келіп көрсетеді. Дін дегеніміз, организмнің психо-физиологиялық функциясы дейді. Сұрапыл өмірде өмір сүру түйсігіне, қиыншылықты жеңіл көтеру жолда дін керек дейді. Ал, психология болса, дінді адамның эмоциялық сезіміне теңейді. Эмоциялық сапа әр тұрғыда көрінеді-қорқу, бағыныштық, құрметтеу, өнегелдік сезім, және т. с. с. Сол себептен таза биологиялық көзқараспен дінге анықтама беру жеткіліксіз, био-психологиялық анықтау толық делініп есептеледі. Американ философ-психологі Джемс У. (1842-1910) дінді жеке адамдардың психикасынан шығарып анықтайды. Оның айтуынша, дін деп әр түрлі сезімдердің жинағын, іс-әрекет және жеке адамдардың тәжірибелері сол бір киелі деген сезімге құдай есебінде санауы.

Дін болса, сол жеке адамдардың эмоциялық психикасы деді. Сезім -діннің қайнар көзі, ал философия және богословия болса, оның надстройкасы, басқа тілдегі сөздігі деді. Дін - деді Джеймс, - сұрапыл қажеттіліктерді жеңіл де, қызықты етіп көрсететін құбылыс- деді Джеймс, дінді қорғауда Нью-Йорктегі өзі құрған мистикалық «тәжірибені зерттеу» жөніндегі арнаулы ұйымға белсене қатынасты.

Австриялық дәрігер, психиатр Зигмунд Фрейд (1856-1939), оның айтуынша, жеке адамның психикасының негізі санадан тысқарлықта. Ол болса, психиканың «бірінші құштарлық» өкілі- биологиялық табиғаттың бастамасы. Осы алдыңғы қатарларындағы құштарлыққа жататындар - өзін-өзі сақтау инстингі мен сексуалдық құштарлық З. Фрейдтің айтуынша, жеке адамның діні -неврозы, ал көп адамның неврозы-дін. Сол себепте мідениетте діннің үлкен ролі, жеке адамдардың неврозынан сақтайды. Швейцар психологі К. Г. Юнг (1875-1961), дінді «колективті санадан тысқарлықпен»теңестірді. Ол болса, дін жалпы өмірге мәндік құрылым береді, онсыз өмір мәнсіздікке айналады және дін адамдарды коллективті санадан тысқарлықпен тығыз байланыстырады. [3] .

Жоғарыда айтылған көзқарастарды қорыта келе дінге логикалық анықтама берер болсақ, онда мынадай қайшылыққа тап боламыз: «дін» деген ұғым, ол жеке ұғым ба?Егер де «дін» дегеніміз жеке ұғым десек, онда әртүрлі діндерді қайда қоямыз. Себебі, олардың бір-бірінен айырмашылығы өте үлкен. Егер, дінді жалпы ұғым ретінде көрсетсек, онда барлық діндерге ортақ болатын елеулі, өзіндік белгілерін көрсетуіміз керек. Ондай елеулі, тұрақты белгілерін білу үшін көптеген діндерді зерттеуіміз керек.

Жұмысымызда діни ағымдардың адамдарға психологиялық әсер етуі талқыланады. Діни ағымдардың жасайтын әрекеттері азаматтар мен қоғамның өмірі мен денсаулығына негативті әсер етуімен қатар, жалпы алғанда мемлекеттің тыныштығына төндіріп тұрған қауіп ретінде қарастыруымыз керек.

Осы сұрақты физиологиялық деңгейде қарастыруға бірнеше рет қадамдар жасалынады. ХІХ ғасырда соңында ХХ ғасырда басында кейбір шет психологтары «діни инстинкт» туралы жазады. Американ психологы Дж. Коудың (1861-1951) ойынша діни инстинкт тұқым жалғастыру инстинкті сияқты адамға тән болып табылады. «Инстинктивисттік» концепциялар қазіргі кезде әйгілі емес. Бірақ діни психикасының феномендеріне натуралистік түсіндермелер беру, яғни діннің қайнар көздерін физиологиялық процесстерде іздеу, қазіргі кезде де шет психологияның діни әдебиеттерінде бар. Американ діншісі Р. В. Бэрхоудың айтуы бойынша діни рәміздер ерекше генетикалық, яғни санасыздық аймақта көрнетін және мидың күрделі құрылымында болатын биохимиялық негізіне ие.

Екі сұрақты бір-біріне ажырата білу қажет. Біріншісі, діни сенімдер мен уайымдардың физиологиялық негізгі туралы сұрақ, яғни діни сананың кез-келген феномендері. Екіншісі, діндарларға спецификалық болатын физиологиялық құрылымдар, орталықтар және процесстер бар ма?, яғни діни психикасының физиологиялық орталықтар бар ма? Қазіргі кезде теориялық түрде ғана емес, сонымен бірге эксперименталды түрде ешқандай идеялар, көріністер, сенімдер адамға генетикалық түрде берілмейтіні дәлелденген, сондықтан ешқандай туа пайда болған «діни инстинкт», «діни сенімдер» және тағы басқалары жоқ. Өйткені мидағы физиологиялық құрлымдардың қызмет заңдары барлық адамдарға бірдей болып табылады.

Сонымен жоғары жүйке жүйе іс-әрекет физиологиясы деңгейінде діндар және дәндар емес адамдардың арасында психологиялық ерекшеліктерді табу мүмкін емес.

Егер де діни адамдардың ерекшеліктерін физиологиялық деңгейде анықтауға болмаса, мүмкін жалпы психология деңгейде, психологиялық әдістері мен құралдары арқылы зерттеуге болатын шығар.

Біріншіден, жалпы психология адам психикасын негізінде мазмұнды емес, процессуалды, функцианалды түрде зерттейді. Жалпы психологияны психикалық процестердің жалпы заңдылықтарының жұмыс істеуі қызықтырады:ойлау, қабылдау, эмоциялар, ерік және т. б.

Екіншіден, жалпы психология жеке адамдардың әлеуметтік типтерін, олардың әрқайсысының психикалық ерекшеліктерін, жеке адамның әлеуметтік топпен әрекеттесушілігін зерттемейді.

Жоғарыда айтылғанға орай жалпы психологиялық зерттеу деңгейінде діндарлардың психологиялық ерекшеліктерін табуға болмайтынына көз жеткіздік.

Психологиялық ғалымдар жүйесінде осы мәселені шеше алатын бір ғана пән бар. Ол - әлеуметтік психология. Отандық зерттеушілер Маркстік әлеуметтік психологиядағы үш негізгі принциптерге сүйенеді. Олардың пікірінше олар адамдардың психологиясы мен жүріс-тұрысының мазмұнды шешімін береді.

Біріншіден, тұлғааралық қатынастардың спецификалық интерпритациясы, яғни адамдар арасындағы қарым-қатынас процесіндегі индивидтардың бір-бірімен эмоционалды болуының қатынасы (шет тілдегі әлеуметтік психологияда оларды «face to face relations» дейді. ) . батыста осылар объект ретінде әлеуметтік психологияда үлкен қызығушылық туғызған болатын. Бірақ оның психологиялық - даралық аспектісі (симпатия, антимпатия) әлеуметтік қатынастарда бөлек қарастырылады. Ол қоғамдық қатынастардың психологизациясына әкеледі, яғни дарааралық қатыныс және анықтаушы ретінде қарастырылады.

Маркстік әлеуметтік психологияның көзқарасынша тұлғааралық қатыныстар объективті әлеуметтік қатынастардан бөлек сүре алмайды. Сондықтан тұлғааралық қатынастардың мазмүны экономикалық және объективті әлеуметтік қатынастармен бірге индивидтардың қызығушылықтарының қажеттіліліктерін ескере отырып қатыстырылуы қажет.

Екінші, маркстен элеуметтік психологияның принципі тұлғааралық қатынастардығ барлық формаларын және олар жүзеге асатын процестерді ақиқи әлеумтеттік топтарды зерттеу. Маркстік кеңес әлеуметтік психологияда индивидтар арасындағы психологиялық өзара әрекет әлеуметтік топ анализінен бөлек қарастырылады. Олардың ойынша тұлға әлеуметтік топ тек сырттай ғана әсер етеді. Ал егер дараға топтан психологиялық әсер етуді феномені зерттелінсе (мысалы: конформизм), онда эксперименталды топ ретінде бір-бірімен жалпы іс-әрекетпен байланысты ақиқи әлеуметтік топ емес, кездейсоқ жиналған даралардың жиынтығының алды.

Маркстік әлеуметтік психология төңірегінде зерттеу объектісі ең алдымен объективті әлеуметтік қатынастардың негізінде пайда борлатын ақиқи әлеуметтік топ болу керек. Тек осындай топтарға қарап, (этникалық қауымдастықтар және т. б. ) әлеуметтік психологияның, маңызды сұрақтарына жауап беруге болады.

Үшінші, маркстік әлеуметтік психологияның принципі адамдардың топтық сипатта іс-әрекет принципі бойынша қарастыру. Осы принципті психологияға енгізу тұлғаның бір уақытта әлеуметтік әрекеттің объектісі және субъектісі ретінде түсінуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік психология дәстүрлі түрде зерттейтін барлық психологиялық процестер (комуникация, топтық бірлестік, интеракция) маркстік әлеуметтік психологияда адамның өзара іс-әрекеті ретінде қарастырылады. Ал ол әлеуметтік-психологиялық феномендерді зерттеу барысында формализм және «абстрактылы эксперизмді» жеңуге мүмкіндік береді, әлеуметтік психологияның практикаға жақындастырады, ақиқи өмірлік мазмұнды береді.

Жалпы қоғамда немесе жекелеген адам өміріндегі діннің ролін қалай бағаласақ та, дінге сенім адамның өмірін, психикасын, санасын айқындайды деген фактымен келіспеуге болмайды. Осы кезде: Адамдардың дінге деген сенімімен көз қарасы қайдан пайда болады деген сұрақ туындайды. Бұл сенімдердің пайда болуына не себеп?

Бұл сұраққа орыс православты құдайға сенушілер мен православияға жақын филосовтар былай жауап берген: әрбір жан - «христианка», өйткені оған ту басынан құдайдың, жаратушыға деген ынтығу беріліді деген. Проваславты филоософ В. Зеньковский былай деп жазған: құдайды білу жан Шығармашылығы емес, басынан бррілген бөлім емес байлығы деген. Зеньковскиді қостаған басқа діни филосов С. Л Франк: бастапқы және нақты шындықты біз сыртан емес, өзімізден түйсінеміз деген.

Фейрбах дін бастауы ретінде қорқыныш концепциясын ары қарай дамытқан. Оның шығарған тезисі бойынша діннің негізі тәуелділік сезімі болып табылады. Діннің психологиядық түп тамыры мәселені түсіндірмес бұрын біріншіден дін негізінің психологиялық және гносиялогиялық біріңғайлығын яғни байланысын, екіншіден психологиялық әлеуметтің түп тамыр негізінің байланысын ескеру керек.

Фрейд бойынша діннің пайда болуы табиғат күштеріне қарсы шыға алмау, яғни шарсыздық сезіммен байланысты дейді. Діннің негізгі міндеті бізді табиғат күштерінен қорғау деп есептейді. Осы жолда діннің бірінші қадамы ол табиғатты жандандыру. Жансыз күштермен, тағдырмен ешқандай келісім жасауға болмайды, ал жанданған табиғатпен келісуге болады деп есептеген. Фрейд бойынша дін бұл бала кездегі тәжірибенің қайталануы, каликтивті невроздың ерекше түрі деп есептеген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Христиан діні, мәдени ерекшеліктері
Орыс діни философияның негізін қалаушы
Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі
Қазақстандағы православие діні тарихы
Қазақстандағы православие
Пресвитерандық шіркеуі
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында
Саясаттанудың түсініктері мен категориялары
Афиндік мектеп
Ислам дінінің Пасхаға деген көзқарасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz