Достық қарым - қатынастар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

I. Негізгі бөлім

1. 1. Жасөспірімдер. Достық қарым - қатынастар . . . 5

1. 2. Жасөспірімдер жасындағы ерекшеліктер . . . 7

1. 3 Қарым-қатынас механизмдерi . . . 8

1. 4. Достық қарым - қатынастар, достық тәрбиесі жайлы түсініктер . . . 17

II. Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы

2. 1. Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы . . . 21

2. 2. Бақылау, сауалнама қорытындылары . . . 28

III. Қорытынды . . . 30

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 31

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі :

Бұл тақырыпты алған себебім, балаларды кішкентай кезінен дұрыс тәрбиелеу және дамыту қазіргі таңдағы басты мақсаттардың бірі. Бұрынғы кездегі тәрбиемен сабақтастыра отырып, тәрбиемен дамуды жүзеге асыру.

  1. Тақырып біріншіден, қызықты. Өйткені, балалардың достығы мен қарым - қатынасы әр түрлі деңгейде болады және өте күрделі процесс.
  2. Ұлы ойшылдардың достық және тәрбие туралы айтқан ойларына тоқтала отырып, жан-жақтылығына көңіл бөлу, даму мен тәрбиенің негізіне тоқтала отырып, практикада қолдану зерттеу жұмысын жүргізіу.
  3. Халық педагогикасының бала дамуы мен тәрбиесінде алатын орны өте маңызды, өйткені бала ертегіні оқи отырып қиялын дамытса, батырлар жырын оқып соған қызығып, өзінің сондай ержүрек болсам деген сенімділігі артады.
  4. Ата-ананың, мектептің, қоғамның бала тәрбиесі мен дамуындағы ықпалын бір-бірі мен байланыстыру, теориялық және практикалық түрде дәлелдеу және зерттеу.
  5. Мемлекеттік практикада ауыл мектептеріндегі оқушылардың достығын зерттеп, қала баласының дамуымен және тәрбиесімен, олардың арасындағы достық қарым - қатынасты салыстыру. Яғни екеуінің дамуы мен тәрбиесін салыстыра отырып, ғылыми тұрғыда дәлелдеп, қорытындылау. Бұл жерде зерттелуші сыныптағы оқушылардың достық қарым - қатынас ерекшеліктерін өздерінің жас ерекшеліктері тұрғысынан дәлелдеу.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

Өз даму деңгейінде жеке тұлғаның тәрбиесі мен дамуына қоршаған ортаның әсерімен қатар достық қарым - қатынастың да зор рөл атқаратыны, баланың өз даму белсенділігін көрсетуі. тәрбиені дұрыс жолға қойғанда жан-жақты дамыған және тәрбиелі, досына адал, ұлтжанды азамат өсіп шығады.

Зерттелетін тақырып: Жасөспірімдер. Достық қарым-қатынастар

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Даму және тәрбие ұғымдары мен қатар жасөспірімдік шақтағы достық және қарым - қатынас ерекшеліктерін анықтай және дәлелдей отырып, бала өміріне тигізетін әсерінің мәнін ашу. Сабақтарда және сабақтан тыс жұмыстар арқылы жеке тұлғаның дамуына жол ашу, достықтарының берік және мәңгі болуларына жағдай жасай отырып, достықтың өмірдегі мәнін түсіндіру.

Ғылыми болжам:

Бұл күрделі тақырып, өйткені бұрынғы кездегі оқушылардың достығы тәрбие мен дамудан алшақтамайтын болса, қазіргі кездегі оқушылардың достығы даму және тәрбиенің әсерінен кейде өзгеріске ұшырап тұратын ерекшеліктері бар. Осының бәрін қарастыра отырып, айтылған ойлар тәрбие мен дамуға байланысты және халықтық педагогикаға сүйене зерттеу жүргізілгенде ғана ғылыми тұрғыда дәлелденеді және өз мақсатына жетеді.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • жасөспірім, достық, қарым-қатынас ұғымдарынның мәнін анықтау;
  • жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуының әсерін дәлелдеу;
  • сабақтарда халықтық педагогика тәжірибесіне сүйене отырып зерттеу жұмысын жүргізу;
  • бақылау және сауалнама әдістерін жүргізу.

Зерттеу пәні:

Бастауыш сынып сабақтарында және сыныптан тыс сабақтарында.

Зерттеу нысаны:

Мектеп жасындағы оқушылардың дамуы және тәрбиесін анықтай отырып, жасөспірімдердің достық қарым - қатынастарына зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Бұл курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде жасөспірімдер, достық қарым - қатынастар, жасөспірімдер жасындағы ерекшеліктер теориялық тұрғыдан жазылды, достық қарым - қатынастар, достық тәрбиесі жайлы түсініктер берілді, екінші бөлімде жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуына тоқталдым, сондай-ақ кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

Мұнда зерттеу жұмысының бақылау және сауалнама арқылы жүргізілген іс-әрекеттің нәтижесі жайлы жазылды.

Зерттеу жұмысының практикалық бөлімінің маңыздылығы:

Қорытындылай келе, халықтық педагогика тәлім-тәрбиесіне сүйене отырып, сондай-ақ жеке тұлғаның жеткіншек жасындағы психикалық дамуына, олардың достығының дамуына қоршаға ортаның, баланың өз даму белсенділігінің анықталуы. Сондай-ақ, оқыта отырып, оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және сабақтарында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы, тәрбие жұмыстары арқылы достықтарын нығайту.

I. Негізгі бөлім

1. 1. Жасөспірімдер. Достық қарым - қатынастар.

Жасөспірім - 10 және 15 жас аралығындағы жеткіншек. Жасөспірім кезеңінде адамда жан қуатының сапалық жаңа құрылымдары (жыныс мүшелерінің жетілуі, сана-сезімінің артуы, айналасымен қарым-қатынасының жаңа мазмұнға ие бола бастауы, іс-әрекетінің күрделене түсуі, моральдық-этикалық түсініктер және т. б. ) қалыптасады. Бұл кезде жасөспірім дербестікке ұмтылып, әсерге берілгіш келеді. Жасөспірім кезінде дұрыс тәрбиеленбесе бала теріс қылықтарға (темекі тарту, ішімдік ішу, дөрекі, әдепсіз болу және т. б. ) салынуы мүмкін. Сондықтан жасөспірім кезеңінде олардың психикалық ерекшеліктерімен санасып, әр түрлі қоғамдық пайдалы жұмысқа (оқу, спорт, еңбек) қатыстырып отыру керек.

Достық - адамға, табиғатқа, жан-жануарларға көрсетілетін ізгі іс-әрекет. Досқа көрсетілетін міндеттерді өтеудің белгісі.

Қарым-қатынас - біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. Қарым-қатынастың үш жағы бар - интерактивті, коммуникативті, перцептивті. Қарым-қатынас деңгейлері - мезо, макро, микро, стандартты, шаблонды, жабайы, рухани, іскер, ойын, т. б. Қарым-қатынас түрлері - әлеуметтік бағдарлаушы, жеке бастық бағдарлаушы, топтық, топаралық және т. б.

Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік

Топ, ұжым мүшелерінің көпшілігі бір-бірімен өзара жарасымды қарым-қатынаста болады. Мәселен, біреудің басқалардан гөрі жиі кездесетін, ұнататын адамы болады. Ондай адамдар бір-бірімен мүдделес, ортақ істері бар, әңгімелері ылғи да жарасып жатады. Көпшілік адамдарда мұндай дос-жаран онша көп болмайды (3-5 адам) . Ұжым ішінде мұндай шағын топтардың болуына қарамастан, ол өзінің бірлігін сақтап, бірыңғай бірлестік ретінде өмір сүре береді. Кейбір адамдар ешкіммен жеке қатынасқа түспейді, ұжымнан өзіне серік таба алмайды. Алайда мұндай адам топқа қажетсіз деген ұғым тумайды. Ол да іске қызу араласады, өзі қалап алған міндетті жақсы атқарады. Оның басқалармен қарым-қатынасы қауымдастықтан тыс жерде болады. Мәселен, шәкірт өзімен бір үйде тұратын, не басқа класта, басқа мектепте оқитын балалармен қарым-қатынасқа түседі. Топта жұрт жек көретін, маңайларына жуытқысы келмейтін адамдар да кездесуі мүмкін, мұндайда өзгелер оған жоламай, одан іргесін аулақ салуға тырысады. Топ ішінде осындай адамдардан бейтараптық сақтайтын, онымен қарым-қатынас жасаудан қашпайтын адамдар да болады. Психологтар кейбір оқушылардың өзгелермен араласпай оқшау жүруі, сондай-ақ топтағылардың оларды жатырқап, жолатпау себептерін зерттегенде оқшауланған балалардың сабаққа селқостығы анықталған. Оқшауды сүйетіндер сабақты нашар оқиды, үлгірімін жақсарту үшін тіптен талаптанбайды. Осы жайт кластастарынан оған деген немқұрайдылықты туғызады. Мұндайлар ұжымның жетістіктері мен кемшіліктеріне қуанбайды, не ренжімейді, кластың сабақ үлгірімі оларды мазасыздандырмайды. Олар үшін оқу еш қызығы жоқ, азабы мол жұмыс қана. Оқшау қалудың екінші бір себебі - олардың қарым-қатынас жасауға шорқақтығынан да болуы мүмкін. Олар өз бетімен достасуды қаламайды, бойын аулақ салып жүреді. Осындай жағдайға жас мөлшерінің айырмашылығы да, тұйықтығы да себеп болады. Құрбы-құрдастары олармен бірге ойнаудың, кездесудің еш қызығы жоқ деп санайды. Кластың абырой атағына ортақтаспаған оқушыларда эгоистік қасиеттер қалыптаса бастайды . . . Топта ортақ іске қатысқысы келетіндердің бірқатары оны қалай жүзеге асыруды біле бермейді. Мұндайлар көбінесе мақтаншақ, ұрыншақ келеді, көп сөйлеп мазаны ала беретін болады.

Топ ішінде кейбіреулерге қадірі бар оқушылар да кездеседі. Олар үнемі көтеріңкі көңілде, ылғи да өздеріне сеніммен жүріп-тұрады. Бұлар өз жағдайын бағалай алмай тек 2-3 адамның қолдайтынына ғана кеміл сенеді, одан артықты қажет етпейді де. Өзіне-өзі сенімділігі онда тоқмейілсу сезімін тудырады. Сыртта қалғандар тобына өз мүмкіндіктерін асыра бағалайтын нақтылы істен гөрі тек өз беделін қастерлейтін оқушыларды да жатқызуға болады. Оларда ниет пен шындық (ниеті басымырақ) жағы алшақ жатады. Мұндай оқушылар топпен қоян-қолтық араласып кетуге әрекет жасап көреді, бірақ мұның мүмкін еместігіне көзі жеткесін ұжымнан кетіп, өзімен есептесетін басқа топты табуға тырысады, кейде олар өздері оқитын мектептен шығып кетуге де мәжбүр болады.

1. 2. Жасөспірімдер жасындағы ерекшеліктер

Жеткіншек шақта балалардың бойының ұзындығы 134-155 сантиметр, денесі тез өседі, бұлшық еттері жетіліп дене қаңқасында сүйектену процесі жүреді. Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі (бұл кезеңнің барысында баланың бастауыш мектеп шағынан жеткіншек шаққа көшу болады) немесе қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де кездейсоқтық емес. Өйткені Н. К. Крупская бұл ең тынышсыз, ең қиын, ең қызба (ұшқалақ) жас деп атап көрсетті.

Бұл жастағы балалардың ішкі дүниесінде, айналамен қарым-қатынас жасауында, үлкендер арасында өзінің алатын орнын түсінуде елеулі өзгерістер байқалады. Организмнің тез дамуы - қаңқаның сүйектену процесінің нығаюы, жыныс мүшесінің жетіле бастауы (ер баланың жыныс мүшесі 15-16 жаста, қыз баланікі 13-14 жаста жетіле бастайды), сананың дамуы баланың тәуелсіз өз бетімен талаптануын тудырады. Олар үйелменде, мектепте түрлі еңбек процесіне қатысады, күнделік өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Міне, осылардың негізінде бала өзін-өзі білімді, тәжірибелі, өз күшімен әрекет жасай алатын есейген адаммын деп есептейді. Мысалы, Ұлы Отан соғысы жылдарында мен ер жеттім, естияр адам болды, мені майданға жіберіңіз деп қалалық комсомол комиттетері мен соғыс комиссариаттарына арыз, өтініш жасаған балалар да аз болған жоқ. Әрине бұл жағдайда балалардың өзінің мүмкіншіліктеріне сын көзімен қарамай асығыс шешім қабылдап, соны орындауға талаптанғанын көрсетеді. Сонымен бірге жаумен күресудің өте қажет екендігін түсіне білген балалардың бойын патриоттық сезім билеген деп айтсақ артық болмайды.

Жеткіншектік жастағы балалар намысқор болады. Үлкендердің бақылауын сүймейді, әкімшілік шаралармен жекіріп сөйлеуді ұнатпайды. Сондықтан олар бұл жағдайда үлкендердің озбырлық жасауы деп түсінеді де, өздерінше абыржып, наразылық білдіреді. Үлкендерге байланып, олардың мінезіндегі шындық пен жалғандықты байқауға тырысады. Сөйтіп, үлкендер мен балалардың қатынасында түсініспеушілік, салқындық туады.

Балалардың үлкендер жайлы көзқарасын біржақты түсніп қана қоюға болмайды. Балалар өнегелі адамдардың, өндіріс озаттарының тамаша іс-әрекеттеріне масаттанады, тәжім етеді. Мысалы, балалар Отан соғысы мен еңбек ерлері, космонавты, спортшы, ғылым мен көркемөнер қайраткерлері жайлы сөз етеді, олардың ерлік істері мен табыстарына бас иіп, еліктейді. Осы тұрғыдан балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту, мұқтаждары мен тілектерін қамтамасыз ету дұрыс педагогикалық ойларға негізделу қажет.

Бұл жастағы балаларға болымды ықпал жасайтын мектептегі балалар ұйымдары. Осы ұйымдадың көмегімен балалардың қоғамдық белсенділіктері дамиды, ой-өрісі кеңиді, өздерінің жауапкершіліктеріне түсініп, терең білім алуға талаптанады.

Жеткіншектік кезеңінде балалардың кейбір ерекшеліктерін есепке алып, тәрбие ұмысын тиімді етіп ұйымдастырған жөн. Олар: организм мүшелерінің тез жетіле бастауы; үлкендермен қарым-қатынас; мүмкіншіліктерін ескермей, ойланбай асығыс шешім қабылдау; қоғамға пайдалы істерге ықыласты; ұжымшыл, жолдастық, достық сезім нығаюда; кітап оқуға, кинофильмдерді көруге ынталы, спортты ұнатады, т. б.

  1. Қарым-қатынас механизмдерi

Симпатия және iңкәрлiк

“Қашанда жеке тұлға өзiне сәйкес ыңғайлы орта iздейдi. ” Адамның өзгелермен қарым-қатынаста болу қажеттiлiгiне сәйкес басқа адамдармен жақындасуға мүдделi. Мұндай қажеттiлiк адам өмiрге келiсiмен бiр-екi айдан кейiн басталады. Содан бастар адам симпатия мен антипатия объектiсi және субъектiсiне айналады. Симпатия деп объектiге қатысты эмоцияналды жағымды бағдарды атайды. Өзара симпатияда эмоционалды жағымды бағдарлар тұтас топiшiлiк өзара қатынас қанағаттанушылық жағдайын құрады.

Iңкәрлiк, тұлғааралық тартымдылықтың құрамды бөлiгi, адамның анық өзге адаммен бiрге болу, жанында болу қажеттiлiгiне байланысты. Iңкәрлiк көп жағдайда сол сәттегi орын алған симпатияға байланысты болады (әрекеттестiктiң эмоционалды компонентi) . Айқын симпатия тудырмайтын тұлғаға iңкәрлiк сирегiрек кездеседi. Сонымен симпатия мен iңкәрлiк кейде бiр-бiрiне тәуелсiз көрiнiс беруi мүмкiн. Егер олар өзiнiң жоғарғы мәнiмен сәйкестiкке жетiп, субъектiлердi өзара қарым-қатынас жағдайында байланыстыра алса, онда тұлғааралық тартымдылыққа қажеттi деп түсiну керек. Тұлғааралық тартымдылық субъект арасында тұрақты байланыстарға қол жеткiзiп, бiртiндеп бiр-бiрiне жiпсiз байлануға көшедi (субъективтi өзара тәуелдiлiк) . Тұлғааралық бiр-бiрiне жiпсiз байлану тұлғаның мотивациялық құрылымдарын қосуды болжайды. Тұлғааралық тартымдылықтың жiпсiз байлануға көшуi адамдардың өзара қарым-қатынастарының мотивтерiн өзгертедi. Субъектiлердiң белгiлi бiр өзара қарым-қатынасқа түсу құштарлығы жеткiлiктi тұрақтылыққа дайын болғанда, онда тұлғааралық қарым-қатнастың анық бiр типi: таныстық, жолдастық, достық, ерлi-зайыптылық туралы айтуға болады. [3]

Тұлғааралық қатынастар типтерiнiң мотивациялық құрылымы әртүрлi болуы мүмкiн.

Таныстық қатынастар қысқа мерзiмдi қарым-қатынас жақындығанан туындап, достық қарым-қатынасқа көшпей ұзақ уақыт сақталуы мүмкiн. Тұлғааралық жолдастық қарым-қатынастардың пайда болып, оның әрi қарай дамуы бiрге iс-әрекет мазмұнының әсерiнен ынтымақтастық мотивтерi арқылы анықталады. Тұлғааралық жолдастық қарым -қатынастар пайда болуы және олардың әрi қарай дамуы бiрлескен әрекеттiң мазмұнының әсерiнен қалыптасып, қол ұшын беру мотивтерiмен анықталады. Тұлғааралық жолдастық қарым-қатынастар ассоциация және кооперация сияқты топтарда қалыптасады. Бұл тұлғааралық қатынастың мотивациялық құрылымы бiрлескен iс - әрекеттiң мазмұнының әрбiр қатысушының өзара байланысының тұлғалық мәндiлiгiмен анықталады (соның iшiнде мақсат, мiндеттер, т. б. ) .

Сыйысымдылықтың салдары ретiнде бiрлескен iс-әрекеттiң ойдағыдай болуы немесе ойдан шықпауы өзара байланыс пен тұлғааралық жолдастық қатынастардың мотивациялық құрылымын әлсiретуi немесе күшейтуi мүмкiн. Тұлғааралық жолдастық қатынастар коллективте өзiнiң шырқау шегiне жетуi, яғни “топтық iс-әрекеттiң мазмұны қоғамдық бағалы және тұлғалық мәндi-тұлғааралық қарым-қатынастарға бiрiкiтiрiлiп жалпыланады”.

Достық және ерлi-зайыпты тұлғааралық қатынастар таныстық қатынастар сияқты пайда болып, бiрақ даму барысында тұлғааралық тартылымдылыққа, яғни өзара жiпсiз байланысуға айналасады. Достық және ерлi-зайыптылық қатынастарының мотивациялық құрылымы “шынында да және ойда да бiрге болу қажеттiлiгiне айналады. Бұл жағдайда тартымдылық өз ерекшелiгiн сақтай отырып күрделiрек мотивациялық құрылымға айналады. [10]

Топтардың биресми ұйымдастыруын қарастырғанда жеке тұлғаның жалпы топтық параметрлерге: мiндеттерi, жоспары және қарым-қатынас нормаларына әсерi байқалады. Бұл жағдайда топтың өзi тұлғааралық қатынастарды белсендi қалыптастырады. Өзара қатынастардың қатаң бағдармасының болмауы жеке тұлғаның ерекшелiктерiнiң кеңiнен ашылуына мүмкiндiк бередi; мұның өзi тұлғааралық қатынастарды реттеп отырады. Екi адамның сыйысымдылығы нәтижесiнде тұрақты дидактикалық байланыстар орнату тұлғааралық iңкәрлiк немесе итерушiлiк, симпатия-антипатия өзгеше мәнге ие болады. Сонымен қатар iңкәрлiк-итерушiлiк тығыз топтасуға себептер болады, бұл, әсiресе, топтағы құнды бағдарлау бiрлiгi бар болғанда, сонымен қатар бiркелкi қызығушылық, әдеттер бар болғанда айқын сезiледi.

Тұлғааралық iңкәрлiк-итерушiлiк, симпатия-антипатияны екi адамның белгiлi бiр жағдайдағы өзара әрекетiнiң сыйысымдылығы немесе сыйыспаушылығының шарты және нәтижесi деп қарастыруға болады. Осыған байланысты А. Л. Свенцицкийден кейiн А. И. Вендов өзара таңдау санын топ мүшелерiнiң психофизилогиялық және әлеуметтiк-психологиялық сыйысымдылығын бағалаудың критерийiнiң бiрi деп жазды. Топтардың, экипаж команданың iстерiнiң табысты болмауы оның мүшелерiнiң бiрiн-бiрi қабылдамауының, ал керiсiнше бiр-бiрiне симпатия бар құрылымда кез-келген iстiң нәтижелi және қызықты, тындырымды болуы тәжiрибеде, өмiрде жиi кездесетiнi анық. Тұлғааралық iңкәрлiк-итерушiлiк, симпатия-антипатия механизмдерiн зерттеу бұл тек теориялық мәселе емес, практикалық қызығушылықтан туындайды. Өзара таңдау немесе қабылдамау сыртқы шарттар мен нұсқаулар арқылы болмайтын болса, екi адамды бiр-бiрiне iңкәр ететiн, немесе бiр-бiрiн көргiсi келмейтiн жағдайға жеткiзетiн, симпатия-антипатия туғызатын не нәрсе, ол неге байланысты деген сұрақ туады.

Дәл қазiр тұлғааралық iңкәрлiктi зерттеуде екi бағыт бар: бiреуi адамдардың бiр-бiрiне ұқсастығы жiне тұрақты симпатия пайда болу шарттарының ұқсастығының алғашқыда мәнi зор десе, екiншiсi өзара бiрiн-бiрi толықтыру тұлғааралық қатынастарды анықтауда негiзi болып табылады дейдi. [4]

Бiрлескен есеп шешу жағдайындағы эмпатия

Кезкелген адамның күйзелiсi өзге адамдар жағынан ескерусiз қалмайды, бұл адам болмысының өзара түсiнiк, күйзелiске ортақтасу, аяушылық, жанашарлық, демеушiлiк көрсету, өзара көмек сияқты негiзгi қасиеттерiн көрсетедi. Бұларсыз тек ұжымдық қана емес, онымен қатар жеке бастың күн кешуi мүмкiн емес. Бiр тұлғаның екiншi бiреудiң күйзелiсiн эмпатия деймiз. Т. Шибутани эмпатияны адамның өзге адамның аяшылық көрсету, түсiну қабiлеттiлiгi түрiнде қарастырады. А. В. Петровский мен К. К. Платонов анықтамаларында да когнитивтi компонентi алынған. Қазiр эмпатияны қалай түсiнудi байланысты дәл көзқарас жоқ; тек қызу үн қосу және зияттылық процесi түрiнде қарастырылады. Эмпатия деген түсiнiктi анықтау үшiн оны себеп-салдарына қатысты қарастыру қажет. Эмпатияның пайда болуы өзге тұлғаның сезiм әрекетiне бой алдыру жағдайы бастау болғанына, әрине, күмән жоқ. Салдар мәселесiн шешу бұдан күрделiрек. Бiр тұлғаның екiншi тұлғаны бейнелуi не түрiнде өтедi? Тек сезiм әрекетiне бой алдыруға үн қосу түрiнде немесе когнитивтi және мiнез-құлықты үн қосу ма? Басқа жағынан ой жүргiзсек, эмпатияны процесс түрiнде бағалау қажет. Әрине, бұл процесс таным мен күйзелiс элементтерiн қосуы керек, себебi когнитивтiк сәтсiз күйзелiстердi қосу мүмкiндiгi болмайды.

Эмпатия көрiну процессi түрiнде бiр компоненттiң, сезiмге берiлгiштiк, когнитивтiк немесе мiнез-құлықтық басымдылығымен пайда болады. Осы компонент арасында өте күрделi байланыс бар. Егер когнитивтiк компонент басым болса, онда өзге тұлғаның жағдайы барабар түсiнуiмен сипатталады. Сезiмге берiлгiштiк компоненттiң басымдылығы өзге тұлғаның күйзелiсiне қызу үн қосумен айқындалады. Мiнез-құлықтың компонент басым түссе, онда өзге тұлғаның сезiмге берiлгiштiгiн түсiнiп қана қоймай, оған белсендi демеу көрсетедi. Бұл жағдайда эмпатия бiрге күйзелу аяушылық көрсетумен қатар жүредi.

Сезiмге берiлгiштiк эмпатияның бiрiншi формасы индивидтiң мотивациялық беталысы өзiмшiлдiк мазмұн алады, яғни жеке бастың қамын ойлап өзгенiң күйзелiсiне ортақтасуы. Аяушылық өзгенiң қамын ойлау қажеттiлiгiнен туындайды. Ал эмпатияның екiншi формасы жеке тұлғаның қамқорлық көрсетуге әрқашан дайын тұру беталысы мен байланысы. Эмпатия тұлғааралық байланыс феноменi ретiнде адамдардың өзара қатынастарын реттеп қана қоймай, адамның адамгершiлiк қасиеттерiн сипаттайды. [2]

Сезiмге бергiштiк эмпатияның аяушылық және бiрге күйзелу түрiнде дүркiн-дүркiн қайталануы тұлғаның қасиетiне айналып, адамның адамгершiлiк тұғырын сипаттайды. Эмпатия қасиеттерiнiң айқындануы және оның формасы жеке тұлғаның табиғи ерекшелiктерiне байланысты, мысалы, темпераментте, жалпы сезiмталдығына, сонымен қатар тәрбиесiне, өмiрлiк iс-әрекетiне, сезiмге берiлгiштiк тәжiрибесiне де байланысты. Эмпатия өзара әрекеттестiк, қарым-қатынас жағдайында пайда болып қалыптасады. Бұл процесстiң негiзiнде аңғарып немесе аңғармай сәйкестендiру механизмi жатыр. Теңдестiру, өз ретiнде, адамның iргелi қасиеттерiне, атап айтсақ, өзiн, өзiнiң жеке тұлғасын, мiнез-құлқын, жайын басқа адаммен салыстыруының нәтижесi болады. Эмпатияның сезiмге берiлгiштiк формасы “өзгенiң күйзелiсiн тiкелей қабылдау кезiнде, сонымен қатар өзгенiң бейберекет жағдайында есiркеушiлiк, қайғы, жанашырлық түрiнде болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам өміріндегі достықтың орны
Екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынасты жан-жақты талдау және болашақтағы дамуына болжаулар жасау
Жасөспірімдердің тұлғалық дамуының теориялық негізі
Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы
Қазақстанның әлемдік саясаты
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық байланыстары
Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасының қазіргі экономикалық байланыстар деңгейі және болашағы
Туркия Республикасы және Қазақстан Респубикасы қарым-қатынастар стратегиясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz