Кәсіпкерлік құқық субъектілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ БАСҚАРУ ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ
ЖҮЙЕСІНЕ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ШОЛУ 5

1,1 Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті басқарудың ғылыми-
әдістемелік негіздері 5

1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын
бағалау 10

2 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ 15

2.1 Жеке кәсіпкерлік түсінігі 15

2.2 Кәсіпкерлік құқықтың пайда болу тарихы 17

2.3 Кәсіпкерлік құқық субъектілері 18

2.4 Кәсіпкерлік әрекеті несиелендіру мен қаржыландыру. 20

2.5 Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдану. 22

ҚОРЫТЫНДЫ 28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кәсіпкерлік кәсіпорынның экономикалық
дамуының маңызды факторы. Кәсіпкерлік қызмет – еліміздің экономикасы үшін
халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына әрекет ететін қажетті
буын. Бірақ мемлекет тарапынан бөлінген қаржылық қолдаудың жетіспеушілігі,
өнеркәсіп пен шағын кәсіпорын өнімдеріне қойылған бағаның теңсіздігі және
нарық инфрақұрылымының нашарлауы, өзара төлемдердің орындалмауы, бағаның
өсуі, шетелден сапасыз өнімдердің ағылып келуі, жергілікті кәсіпкерлердің
бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі және тағы басқа себептер өз кезегінде
әрбір саладағы кәсіпкерлік қызметке теріс ықпалын тигізіп отыр. Ел
экономикасының тұрақталуы кәсіпкерлік құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз
уақыт ішінде өзінің нәтижелерін беретіні, нарықтық жағдайға сай құрылған
шағын құрылымдар өндірістік тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен
кәсіпорынның экономикасын жақсаруына, әрбір саладағы кәсіпкерлік
жүйесіндегі шағын және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал
бола алады. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса
басты ықпал етеді.
Қазіргі кезде елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) дамыту
мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Шағын кәсіпкерліктің дамуы әлі де
болса төмен деңгейде екендігі жасырын емес. Қазақстан Республикасы
Президентінің Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері деп аталатын халыққа арнаған Жолдауында Әртараптандырудың
өзегі кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа
рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер тобын
көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші
болып табылады. Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде
кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін
қамтамасыз етуді тапсырамын, – деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан да
қазіргі кезде кәсіпкерлікті, соның ішінде ШОК-ті дамытуға ерекше назар
аударылып отыр. Осы аталғандарды ескере отырып, шағын кәсіпкерлікті дамыту
және оның дамуына жан-жақты жағдай жасау, қызмет тиімділігін арттыру
объективті қажеттілік болып отыр.
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, біздің
стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты
орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен
тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қою керек. Алайда,
мұндай стратегиялық міндетті шешу үшін экономикамыздың бәсекеге
қабілеттілігін арттыра отырып, шикізаттық бағыттан бас тарту және өңдеуші
өнеркәсіптің үлесін арттыру, әлемдік стандарттарға сай өнімдер өндіру,
салалық кластерлер құру, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық
экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру сияқты көптеген маңызды
шараларды жүзеге асыру қолға алынды. Бұл бағытта, ең алдымен, еліміздің
индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
қабылданып іске асырылуда және өңдеуші саланың мүмкіндігі мол басым
бағыттары анықталып, кластерлер құру арқылы дамытуға баса назар аударылып
отыр. Мұның барлығы жоғары деңгейде орындалып, оң нәтижесін беру үшін
еліміздегі шағын кәсіпкерлік қызметті ұтымды ұйымдастыру, дамыту және
қызмет тиімділігін арттыруға, жеке кәсіпкерлердің құқықтық жағдайын
жақсартуға ерекше мән беру қажет.
Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әр түрлі
аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты
шағын кәсіпкерліктің қызметін басқаруды жетілдірудің бағыттарын, жеке
кәсіпкерлердің құқықтық жағдайын анықтау және оларды басқаруда тиімді
ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін анықтай отырып, олардың
тәжірибеде іске асырылуын нарықтық экономика заңдарына негіздеу болып
табылады.
Зерттеудің мақсаты келесі негізгі міндеттердің жүзеге асырылуын
қарастырады:
– нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің ерекшеліктерін ескере
отырып, кәсіпкерлікті басқарудың ғылыми-әдістемелік негізін
тереңдету, шағын кәсіпкерліктің басқару бағыттарын анықтау және
оның ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерінің жетілдіру
жолдарын қарастыру;
– шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайларын макроэкономикалық
талдау, басқарудың тұрақтылығын экономикалық бағалау;
– экономиканың негізгі өзегі болып табылатын шағын кәсіпкерліктің
бәсекеге қабілеттілігін инновациялық даму негізінде арттыру
үрдістерін анықтау;
– Жеке кәсіпкерлік туралы Заңға тоқтала отырып, сараптама жасау;
– Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін
қарастыру.
Зерттеу пәні жеке кәсіпкерлердің құқықтық жағдайы.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы шағын кәсіпкерліктің қызметін
басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін жетілдіру және жеке
кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының Заңынан жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің құқықтары мен міндеттері орын алған бөлімдерді саралай
отырып, тұжырымдама жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Курстық жұмыстың құрылымы
зерттеудің мақсатымен, міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға
негізделген. Курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайда-ланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ БАСҚАРУ ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ
ЖҮЙЕСІНЕ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ШОЛУ

1,1 Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті басқарудың ғылыми-
әдістемелік негіздері

Қазіргі кезде қалыптасқан ұдайы өндіріс процесі тұрақсыздығымен
сипатталады. Өтпелі экономика жағдайында экономикалық қатынастардың
субъектісі және шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады,
сондықтан да шағын кәсіпкерлікті басқару процестерін зерттеу қажеттілігі
туындап отыр.
Шаруашылық механизмі терминін көптеген экономистер эконо-миканың
үздіксіз және келісілген функцияларын қамтамасыз ететін шаруашылық әдістері
мен нысандарының жиынтығы ретінде түсіндіреді. Шаруашылық механизм – бұл
мекемелердің тұрақты қызметін қамтамасыз ететін экономикалық тұтқалар мен
стимулдардың, шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық құрылымдары мен
нысандарының жиынтығы. Оның құрамындағы келесі элементтерді құрылымдық
түрде бөліп көрсетуге болады: өндірісті жоспарлау, экономикалық
ынталандыру, баға белгілеу, қаржыландыру және несиелеу. Өндірісті жоспарлау
және экономикалық ынталандыру әдістерінің жиынтығын басқарудың экономикалық
механизмі деп те атайды, ол шаруашылық жүргізу процесінде басқару құралы
ретінде қолданылады. Өндірісті жоспарлау, оны экономикалық ынталандыру және
басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы – бұл шаруашылық механизмінің
элементтері. Олар мазмұны мен міндеттері жағынан ерекшеленеді.
Басқару механизмі дегеніміз басқарудың ұйымдастырушылық құры-
лымдарының, функцияларының, қағидалары мен әдістерінің, сондай-ақ
әлеуметтік, экономикалық және құқықтық нормаларының жиынтығы, бұлар кешенді
түрде саланың тұрақты қызмет етуін және дамуын қамтамасыз етеді. Басқару
механизмін анықтауда басқарушылық әсердің мақсаттарын көрсету маңызды.
Себебі, басқару механизмі мекеменің нақты мақсаттарына қол жеткізуді
білдіреді.
Басқару – бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату, ғылыми-техникалық
прогресті жеделдету және еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің және қызметтің
сапасын жоғарылату мақсатында өндіріс процесін сапалы түрде реттеу. Шағын
кәсіпкерлікті басқарудың әдіснамалық мазмұны 1-суретте келтірілген. Шағын
кәсіпкерлікті басқарудың мақсаты – оны дамытуды жетілдіре отырып,
еліміздің экономикасының өсуіне серпін беру.
Басқару жүйесінің тиімділігі ұйымдастыру деңгейімен анықталады және ол
келесідей негізгі элементтерді үйлестіруді қажет етеді: басқару техникасын,
ақпарат пен кадрларды элемент бойынша бөлу; басқару шешімдерін негіздеу мен
жүзеге асыруды процестік бөлу; функционалдық иерархиялық еңбек бөлінісін
құрылымдық бөлу.
Кәсіпкерлікті басқару жетекші қағидалар негізінде жүзеге асырылады.
Басқару қағидалары – бұл қызметті жүзеге асыратын басқару органдары мен
адамдардың өз қызметінде жетекшілік ететін негізгі ережелері.
Басқару, біздің ойымызша – бұл қоғамның экономикалық зандарының
өзгеруі және іске асырылуын ұйымдастыратын, ұйымдастырушылық-экономикалық,
әлеуметтік қатынастардың нысандары, халық шаруашылығы экономикасының және
оның жеке салаларының даму пропорциялары анықталатын буын. Тиісті
түрлендірулердің табыстылығы шешімдердің қаншалықты дұрыс жасалып
қабылдануына және осы шешімдерді қабылдау кезінде қандай қағидалардың
орнатылуына байланысты болады.

1-сурет. Шағын кәсіпкерлікті басқарудың әдіснамалық мазмұны

Шағын кәсіпкерлікте басқару процесі бір-бірімен байланысып жатқан
өндірісті жобалау, жоспарлау және ұйымдастыру кезеңдерін қамтиды. Сонымен
бірге, жобалау кезеңі кәсіпкерлікті басқаруда маңызды, әрі міндетті болып
табылады және әр кезеңде бірыңғай мақсатқа жету үшін кәсіпкерліктің
өнімділігі мен құндылығын, оларды пайдалану тиімділігін сақтау, жоғарылату
міндеттері шешіледі. Басқару процесіндегі аталған кезеңдердің айқындылығын
мойындай отырып, қазіргі уақытта басқарудың экономикалық әдістерін
ұстанумен ғана түбегейлі табыстарға жетуге болады.
Шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқарудың негізгі жағдайлары мен
алғышарттарына мемлекет экономикасында өтіп жатқан үрдістермен тығыз
байланысты жағдайларды және алғышарттарды енгізуге болады (2-сурет).
Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікті басқару үрдісі кәсіпкерлік саясатын
жүргізудің жүйелі бағыттарын қалыптастыруды талап етеді.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік басқарудың функциялары: барлық
кәсіпкерлік иеленушілері үшін міндетті ережелерді жасау; ережелердің
орындалуын қадағалау; ережелердің орындалуын қамтамасыз ететін
процедураларды жасау.
Мемлекеттік басқару – бұл әлеуметтік басқарудың ерекше түрі. Кез
келген деңгейдегі әкімшілік-мемлекеттік шешімдер қандай да бір
саяси шешімдердің шеңберінде жасалады, қабылданады және жүзеге асырылады.
2-сурет. Шағын кәсіпкерлік секторының дамуын басқарудың
алғышарттары мен жағдайлары

ШКС-ның тұрақты дамуын анықтайтын фактор – кәсіпкерлік саясаты
(институционалдық аспект) болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шағын
кәсіпкерлікті басқарудың ұйымдастырушылық-бақылау механизмі мемлекеттік
тұрғыда қолдау жүйесімен, әдістерімен, шешім қабылдау процедураларымен,
басқару органдарының құрылымымен, тиімділігімен сипатталады (3-сурет).
Шағын кәсіпорын өндірісі тұтастай және кез келген жағдайда қалыпты
кәсіпкерлік жұмыс істеуі үшін ішкі және сыртқы ортаны қалыптастыру қажет.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпкерліктің тиімді қызмет
ету шарты еркін шаруашылық жүргізуде (ішкі орта) және оны мемлекеттік
қолдаудың (сыртқы орта) ұтымды үйлесуін көрсетеді.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу, экономикалық қызметтің тіпті
қоғам үшін қажетсіз түрлерін басуға немесе шектеуге, мысалы, есірткі, қару-
жарақ өндіру және сату сияқты, сонымен қатар кәсіпкерліктің кейбір
түрлерін
(шағын кәсіпкерліктің фермерлік шаруашылығын, қайырымдылық қызмет-терін)
қолдауға бағытталуы мүмкін. Экономиканы мемлекеттік реттеу, соның

3-сурет. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау жүйесі

ішінде кәсіпкерлік қызмет, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын ескере
отырып, халықтың әлеуметтік қорғалмаған қабаттарын, мемлекеттің, қоғамның
мүддесін толығымен бақылауды басты мақсат етіп қояды.

1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын
бағалау

Дамыған индустриялы мемлекеттерде шағын кәсіпкерліктің өзі ғана
жалпы ішкі өнімнің 60%-дан астамын алады. Яғни, дамыған елдердің
бәсекеге лайық және экономика құрудағы табысты тәжірибесі шағын
кәсіпкерліктің осы процесс барысында шешуші элементтердің бipi болып
табылатындығының нақты көрiніci екендігінде сөз жоқ. ШКС-ның хал-ахуалы мен
даму деңгейі елдің тұрақты түрдегі экономикалық өрлеуін қамтамасыз етуде
маңызды рөл атқара отырып, жұмыссыздық, кедейшілік, дамымаған бәсеке,
материалдық және материалдық емес қорларды тиімсіз пайдалану, ішкі жиынтық
сұраныстың импортқа тәуелділігі сияқты және т.б. бірсыпыра мәселелерді
шешуге септігін тигізеді. Осының нәтижесінде шағын кәсіпкерліктің даму
жағдайы көптеген елдерде аса маңызды категория болып есептелінеді де,
мемлекеттік жоғары деңгейде қарастырылады.
Белсенді ШКС-ның саны анық 2009 жылда 95 мың бірлікке,
2008 жылғы 621 мыңнан 2009 жылға дейін 716 мыңға жеткен. Тіркелген ШКС-
ның, ішіндегі белсенді әрекет ететін ШКС-ның үлeci алдындағы
4 жылдың барысында үздіксіз төмендеп отырған болса, 2009 жылы 67%-ғa өскен
(4-сурет).

4-сурет. ШКС-ның шаруашылық әрекет үстіндегі субъектілердің жалпы
санындағы үлесі

ШКС-ның белсенді құрылымында ұйымдастырушылық құқықтық тұрғыдан алып
қарағанда жеке тұлға түріндегі қызметті атқаратын субъектілер басым: жеке
кәсіпкерлер (ЖК) (2009 жылы олардың саны 484 мың субъект болды немесе
белсенді ШКС-ның жалпы санының 68%) және шаруа қожалықтары (ШҚ) (171 мың
немесе 24%) (5-сурет). Заңды тұлғалардың саны ШКС-ның 31 мың субъектілерін
құрайды немесе 8%.
Белсенді ШКС-ның әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формалары соңғы
төрт жыл барысындағы дамуы төмендегідей қарқынды байқатады:
1. Шағын бизнес кәсіпорындары ШКС-ы санының қарастырылып отырған
кезеңінің барлық уақытында өсіп отырғандығы байқалады.
2. Шағын бизнес кәсіпорындары ШКС-ы санының қарастырылып отырған
кезеңінің барлық уақытында өсіп отырғандығы байқалады.
3. Жеке кәсіпкерлер санының өсуі 2007 жылдың соңына дейін орын
алды. 2008 жылы белсенді ЖК-нің саны 2007 жылмен салыстырғанда
20 мыңнан астам субъектілерге қысқарды, бірақ 2009 жыл бойынша
өсу жалғасып, 90 мыңнан астам субъектіні құрады (6-сурет).

5-сурет. ШКС-ның ұйымдастырушылық құқықтық түрлері бойынша құрылымы

4. Шаруа (фермерлік) қожалықтары 2006 жылдан бастап олардың жалпы
белсенді саны тұрақты түрде өсіп отырды.

6-сурет. Белсенді ШКС-ның қарқыны

Қазақстанның шағын кәсіпкерлігін дамыған елдермен салыстырғанда
байқалатыны жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көрсеткіштеріне қосар үлес пен халықтық
жұмыспен камтамасыз етілуі сияқты көрсеткіштер бойынша артта қалушылық бар,
сонымен қатар дамыған елдердегі сияқты Қазақстандағы ШКС барлық шаруашылық
субъектілерінің 90%-ына иелік етеді. Мысалы, дамыған елдерде ШОК
субъектілерінің шығаратын өнімдері көлемінің жылдық үлесі жалпы ішкі өнім
көрсеткіштері бойынша 43%-дан (Канада) 57%-79%-ғa дейін құраса,
Қазақстандағы оның үлесі 3 еседен кем, яғни 15%-ға тең. ШОК секторынан орын
алатын халықтың үлeci бойынша біздің еліміздің көрсеткіштері дамыған
елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен (1-кесте). Соңғы 5 жылдың ішінде
Қазақстандағы бұл көрсеткіш 23% деңгейінде тұрса, дамыған елдерде 47%-дан
(Канада) 75%-ға (Жапония) дейін.
Қазақстанның ШОК секторы сапалық құрылыс бойынша өзінің шетелдік ұқсас
секторлары бойынша едәуір өзгеше.
Қазақстанның 40%-ға жуық ШКС көтерме және жеке сауда саласын қамтиды
да, ШКС-ның 20%-дан астамы ауыл шаруашылығына тән.
Шағын кәсіпкерліктің белсенді түрде әрекет ететін субъектілердің жалпы
санынан 2009 жылдың корытындысы бойынша 718 мың бірлік болған болса,
жекелеген аймақ бойынша алғанда ең көбі Оңтүстік Қазақстанда істейтін болып
шықты – 106 мың бірлік, Алматы облысында – 96 мың бірлік және Алматы
қаласында – 68 мың бірлік. Ең төменгі көрсеткіштер – Маңғыстау (19 мың
бірлік), Қызылорда – (19 мың бірлік) және Солтүстік Қазақстан (24 мың
бірлік) облыстарының еншісінде (7-сурет).
Сонымен, Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің макроэкономикалық
көрсеткіштердің негізінде жасалған шолуға байланысты төмендегідей
қорытындылар шығаруға болады:
– жалпы алғанда, секторда қайта қалпына келтіру
процестерінің басталғаны байқалады, ШКС-ның аса ауқымды
көрсеткіштерініңі өcyi орын алады (тіркелгендердің әрекет
үстіндегі ШКС-ның нақты саны, өнім көлемдері);
– алайда, біршама көрсеткіштердің керісінше үрдісі барлығы
байқалады (жалпы ішкі өнім көрсеткіштері деп ШКС
өнімдерінің үлeci, салалық дамудың құрылымы);
Қазіргі уақытта жинақталған тәжірибені ескере отырып, салиқалы
диалог пен нақты әріптестікке негізделген өзара ықпалдасудың жаңа алгоритмі
әзірленуде. Бүгінгі таңда кәсіпкерліктің мүддесін қозғайтын бірде-бір
нормативтік акт аккредитацияланған үкіметтік емес ұйымдардың тиісті
сараптауынсыз қабылдануы мүмкін емес.

7-сурет. Аймақтар бойынша шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілері

Ағымдағы жылдың басында Министрлікте жеке меншік кәсіпкерліктің
мүддесін қорғайтын 62 нормативтік құқықтық акті сараптаудан өтті, басқа да
мемлекеттік органдарда да іс осылай жалғасын табуда.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысы
бойынша әзірленген Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасын ерекше
атап өту қажет. Аталмыш бағдарламада өңірлерде кәсіпкерліктің жаңа тобын,
ең алдымен шағын және орта бизнесті дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын
құру мақсаты қойылған. Осы бағдарламаның қаражаты: кредиттердің пайыздық
ставкасын субсидиялау; шағын кәсіпкерлікке берілетін кредиттерді ішінара
кепілдендіру; бизнес жүргізуді қызмет көрсетумен қолдау; кадрларды даярлау
мен қайта даярлау, жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындары сияқты
бағыттар бойынша пайдаланылады.
Бизнестің жол картасы – 2020 кәсіпкерлер үшін де, сонымен бірге
банктер мен инвесторлар үшін шикізаттық емес жобаларды қаржыландыруға
қатысты жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Үкімет әкімдермен бірлесіп үш-жылдық
бюджет ауқымында әрбір өңірдің экономикалық әлеуетін есептеуге негізделген,
жылдарға бөлінген қаржыландырудың жалпы лимитін әзірлеуге тиіс. Осы қаражат
өңірлерге беріледі, ал әкімдер бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын
шағын кәсіпкерлік жобалары үшін толық жауап береді.
Отандық тауарлар – 2020 жоспарының ойдағыдай іске асырылуының айғағы
болып табылады, ал біздің шикізат емес басқа өнім мен тауарларды
экспорттаушыларды қолдау индустрияландырудың негізгі бағытына айналып,
Қазақстанның өнеркәсібі экспорттық рыноктарда отандық бірегей өнім мен
тауарларды бүкіл әлемге кеңінен танымал етуге тиіс. Осыған орай Үкімет
негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыру, экспортқа қызмет көрсетуді
қолдау, экспорттаушыларға грант беру мен экспорттық сауданы қаржыландыру
қарастырылған экспорттаушыларды қолдаудың бірыңғай жүйесін құру міндетін
қойып отыр. Салық жүйесі ұзақ мерзім бойы қолданылатын құрал, сондықтан
аталмыш жүйе экономиканың дамуының келешектегі үрдістерін ескере отырып
қалыптастырылуы тиіс. Жалпы салық жүйесі сияқты, оның жекелеген агрегаттары
да өндірістік және іскерлік белсенділікті көтермелеуге, нарықтық
реттеуіштерді барынша босатып, өнім өндірушілерге сол немесе басқа
шаруашылық шешімін қабылдау мүмкіндігін беруге бетбұрыс жасауға тиіс.

2 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Жеке кәсіпкерлік түсінігі

Жеке кәсіпкерлік бұл жеке кәсіпкерлік субъектінің кіріс алуға
бағытталған және жеке кәсіпкерлік субъектінің өздерінің меншігіне
негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектінің атына олардың тәуекелдігімен
сондай-ақ мүліктік жауаптармен жүзеге асырылатын қызмет.
Жеке кәсіпкерліктің меншігі заңмен қорғалады және оған қол сұғуға жол
берілмейді. Жеке кәсіпкерліктер болып табылатын шаруашылық етуші
субъектінің әрекетінен тоқтату немесе мәжбүрлі түрде тарту тек қана соттың
шешімімен жүргізіледі.
Басқа мемлекеттің адамдары мен заңды тұлғалар сондай-ақ азаматтығы
жоқ тұлғалар. Жеке кәсіпкерлік аумағында Қазақстандық азаматтарымен заңды
тұлғалардың құқықтырымен міндеттерге ие болады.
Жеке кәсіпкерлікті шектеу мемлекетінің ерекше құзіретіне жатады.
Мемлекет заңды сақтау қоғамның және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау
экологиялық, санитарлық және өрт қауіпсіздік нормаларын сақтау мақсатында
кәсіпкерлік әрекетті шектеу мүмкін.
Жеке қауіпсіздік субъектілеріне мыналар жатады:
1. дара кәсіпкерлік субъектілері;
2. шағын кәсіпкерлік субъектілері;
3. орта кәсіпкерлік субъектілері;
4. ірі кәсіпкерлік субъектілері.
Дара кәсіпкерлік субъектілері бұл жеке тұлғалардың кіріс алуға
бағыттайтын, сондай-ақ жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген
және жеке тұлғаның атынан олардың тәуекелімен жүзеге асырылатын қызметі.
Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүргізілуі
мүмкін.
Өзіндік кәсіпкерлікті бір ғана жеке тұлға өзіне тиесілі мүліктердің
негізінде, сондықтан мүлікті пайдалануға немесе билік етуге жол беретін
өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлік мынадай нысанада жүргізілуі мүмкін:
- ерлі зайыптылардың ортақ меншігі негізінде жүргізілуін ерлі зайыптылардың
кәсіптілігі.
- шаруа қожалықтардың ортақ бірлескен меншігі негізінде отбасылық
кәсіпкерлік.
- жеке кәсіпкерлік ортақ, үлестік, меншік негізінде жүзеге асырылатын жай
серіктестік.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері бұл заңды тұлға құрмаған
жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнанаспайтын дара кәсіпкерліктер
және кәсіпкерлік қызыметін жүзеге асыратын, сонымен қатар жыл бойындағы
активтердің орташа жылдық құны 60 мың айлық есептілік көрсеткішінен
аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Орта кәсіпкерлік субъектілері бұл заңды тұлға құрмаған жұмысшының
жылдық орташа саны 50 адамнан астам дара кәсіпкерліктермен жеке
кәсіпкерлікті жүзеге асыратын және жыл бойғы активтердің орташа жылдық құны
325 мың айлық есептілік көрсеткіштерін заңды тұлғаларды айтамыз.
Ірі кәсіпкерлік субъектілері бұл жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын
жұмысшылардың саны жылдық орташа саны 250 адамнан артық және жыл бойғы
активтердің жалпы құны 325 мың айлық есептілік тұлғаларды айтамыз.
Жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауда Үкімет мынадай іс-әрекеттерді
жүргізеді:
1. Жеке кәсіпкерлікті қолданудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырады.
2. Үкімет жанынан жеке кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі кеңес беретін
органдарды құрады.
3. Жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативті құқықтық актілердің
жобаларын сарапшылық кеңестерде қарауын ұйымдастырады.
4. Мемлекеттік мұқтаждар үшін шағын кәсіпкерлік субъектілер үшін сатып
алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көлемін бекітеді.
5. Шағын кәсіпкерлердің дамуын ынталандыру.
6. Бәсекеге қабілетті салаларды құру мен жетілдіруді сондай-ақ олар
шығаратын өзінің сапасын арттыруды ынталандыратын мемлекеттік саясатты
жүзеге асырады.
7. ҚР экономикасына инвестицияларды ұлғайту және иновацияларды өңдіруде
жеделдету мақсатында даму институтын құрады.
8. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің келісімді бірлескен саясатты жүргізуге
ынталандырады.
9. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне ішкі және сыртқы нарықтың жай-күйі
туралы экономикалық ақпарат беруді ұйымдастырады.
10. Жеке кәсіпкерлік проблемеларын шешу үшін ғылыми зерттеу жұмысын
ұйымдастыруды және бұл зерттеулерді қаржыландыруларды.
11. Республиканың экономикасы үшін білікті кадрлар дайындау жөніндегі
мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу ҚР заңнамасына сәйкес
жүргізіледі. Заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу оның тұрғылықты жері бойынша салық органында
дара кәсіпкер ретінде есепке қою арқылы жүзеге асырылады. Дара
кәсіпкерліктерді тіркеу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1. Өтініш.
2. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін төленген төлемді
растайтын құжат.
Өтініш қабылданғанан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей дара
кәсіпкерліктерді тіркеу өткізіледі. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлік
Субъектілерінің мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін тіркеуші орган
қажетті өкіметті органдардан кәсіпкер ретінде тіркелгені жөнінде 10 күннің
ішінде хабарласуға міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тексеру ҚР заңдарына сәйкес
жүргізіледі. Алдымен тексеруді тағайындау түрінде акт жасалады. Мұнда
мына жағдайларда көрсетіледі:
1. актердің номері, күні;
2. тексеру жүргізудің мемлекеттік органдардың атауы;
3. тексеруге өкілетті адамдардың аты-жөні, лауазымы;
4. тексерудің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атауы;
5. тағайындалған тексерудің мәні;
6. тексеру жүргізудің құқықтық негіздері көрсетіледі.
Тексеру жүргізу мерзімі 30 күннен аспайды. Тексеру нәтижелері бойынша
мемлекеттік органдар лауазымды адамы екі данада тексеру нәтижелері туралы
акт жасайды.

2.2 Кәсіпкерлік құқықтың пайда болу тарихы

Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді. Сол
кездегі тұжырымдама кеңес одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған
болатын. Мысалы, А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық - әрқашанда құқықтың
бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттың құқығы
арасындағы шекара жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып
кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық құқық ие болатын еді.
П.И. Стучканың түсінігі бойынша, азаматтық құқық - өндіріс пен айырбас
арасындағы қатынас деп түсінеді. Әрі ол ХХ ғ. 20 жылдағы Екісекторлық
құқық теориясын шығарған болатын, онда әлеуметтік ұйымдарға әкімшілік –
шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығы ескерілген. Бірақ
көпшілік өркениет – ғылымдарының тұжырымынша, ол теория қате болып саналды.

ХХ ғ–ң 30 ж. басында бірыңғай шаруашылық құқық пен азаматтық құқық
тұжырымдамасы ғылыми тәртіп негізінде қарастырылды.Шаруашылық құқықтың
пайда болуы кеңес экономикасының аралас мінезімен байланысты. Шаруашылық
құқық арасындағы мәселелерді зерттеген құқықтанушылар жаңа экономикалық
жағдайларда туған көпшілік және жеке құқық арасындағы ымыраны талдауды
көздейді.
ХХ ғ–ң 50 жылдарында шаруашылық құқық тұжырымдамасы туралы пікірсайыс
та қайта қаралды. Шаруашылық құқықтануда әр түрлі саладағы әлеуметтік
құқықтарын реттеуді қарастырады. Әр түрлі отырыстарда кеңес құқықтанушылары
шаруашылық кодексті қабылдау ұсынысты қарастырды.
ХХ ғ-ң 90 жылдарында Ресейде жоспарлы экономикадан нарықтық
экономикаға, басқа экономикадан тағы басқаға қөшу жүйесі басталды.
Сондықтан бұрын тұжырымдамаға өзгеріс еңгізу керек болды.
Бүгінгі уақытта әрбір саланың құқықтарының нормасы бар, ол мемлекеттің
саяси экономикасымен тығыз байланысты. Соның ішінде саясатты анықтайтын
норма Ресей құқығының екі саласымен байланысты, ол - әкімшілік және
азаматтық.
Әкімшілік құқық қызмет ету мен қатынасты басқаруды реттейді. Сондықтан
мұндай қатынас тігінен тұрғызылады. Ал азаматтық құқық мүліктік қатынасты
реттейді, сондықтан оларды көлденең тұрғызады. Осы салалардың әрқайсысы
шаруашылық құқықты реттейді. Кәсіпкерлік құқық пәніне құқықтық қатынастың
екі тобын қарастырамыз: Біріншісі – кәсіпкерлік ұйымдастырушылық сала мен
байланысты, бұнда азаматтардың кәсіпкерлік сала мен айналысу құқығы
қарастырылған. Сонымен қатар, заңды тұлға болып тіркелу өз меншігінде РФ
23,51 статьясында жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болу, мемлекеттік
тіркеуден өтеді. Екінші топқа – кәсіпкерлік саланың өзіне байланысты
қатынас жатады. Кәсіпкерлердің негізгі мақсаты – тауарды сату арқылы,
мүлікті пайдалану арқылы, қызмет көрсету арқылы көп пайда табу. Мұнда
негізгі рөлді атқаратын кәсіпкерлік құқықты азаматтық құқықты реттеу.
Кәсіпкер мен тауар өндіруші арасындағы өзара қатынас нарықтық экономикада
тауар – ақша қатынасымен реттеледі. Азаматтық құқықтың бір бөлігін көпшілік
– құқықтық әдісімен реттейді. Оған орай құнды қағаздар эмиссиясын реттеу
құқығы орын алады, тауарларды сатып алу, жұмыс, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғалар кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еңбегін реттеу
Кәсіпкерлік құқықтың әдістері
Адам құқығы. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
Кәсіпкерлік құқық негіздері туралы
Кәсіпкерлік құқықтың принциптері
Кәсіпкерлік саласындағы міндеттемелік-құқықтық қатынастар
Кәсіпкерлік қызметтің негізі
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Пәндер