Заттық құқықтың белгілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1 Тарау Заттық құқықтың ұғымы, белгілері 5
1.1. Заттардың ұғымы және оны саралау 5
1.2. Заттық құқықтың белгілері 10
2 Тарау. Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары 12
2.1. Меншік иесі түсінігі 12
2.2. Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары 16
3 Тарау. Қазақтардың әдет –ғұрып құқығындағы заттық құқық 19
Қорытынды 21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23

Кіріспе

Зат дегеніміз – азаматтық құқық тұрғысынан алып қарағанда, адамға
қатысты алғанда және оның адам еңбегімен жасалған, сондай – ақ табиғаттың
өзі жаратқан және табиғи қасиеттері бар сыртқы материалдық дүниенің бір
бөлігі. Заттар - мүліктің кең таралған түрлерінің бірі болып табылады.
Заттардың қозғалатын және қозғалмайтын деп бөлінуінің заңдық маңызы
бар. Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп бөлу оның табиғатына тән
нәрсе.
Заттар айналымынан еркін берілетін немесе ауысатын, айналымнан
алынып тасталатын және айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді.
Заттық құқық деп - белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке
заттарға үстемдік етуін айтады. Заттық құқық барлық құқық жүйелеріне тән.
Заттық құқық шаруашылық жүргізу жүйесіндегі затқа тікелей ықпал ету жолымен
өкілетті тұлғаның мүддесін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін құқықты
айтамыз.
Заттық құқықтардың мынадай негізгі белгілері болады: заңда
бекітілген заттық құқықтың шектелген шеңбері; заттық құқықтардың шексіздігі
(абсолюттік құқық); затқа тікелей үстемдік ету; заттық құқықтарды заңның
белгілеуін; затты алудың заңды тәсілдерінің нақтылы және қорғау нысанының
ерекшелігі; затқа нақты билік ету.
Заттық құқық екі үлкен топқа бөлінеді: меншік құқығы және меншік
иесі болып табылмайтын тұлғаның заттық құқығы.
Меншік құқығы заттық құқықтың жалпы жүйесіндегі негізгі құқықтық
институты бола тұрса да, ол заттық құқықтың бірі болып саналады. Заң
шығарушы затқа ауыртпалық түсірумен қатар оған өкілеттікті жүктейді. Өзге
заттық құқықтың субъектілері сол заттың меншіктен туатын ауыртпалығын
көтереді немесе белгілі бір адамға меншік иесінің құқығын жүзеге асыру
өкілеттілігі беріледі.

Меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану
және оған билік ету құқығы болады.
Меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтарына:
- жерді пайдалану құқығы;
- шаруашылық жүргізу құқығы;
- оралымды басқару құқығы;
- заңдарда көзделген басқа да заттық құқықтар (мысалы, сервитуттар)
жатады.
Қазақ халқының өз алдына мемлекет болуынан кейін бірқатар заңдар
қабылданған, оның ішінде заттық құқықтың алатын орны ерекше. Қазақтардың
әдет – ғұрып құқығы бойынша әрбір өкілеттілік (иелену, пайдалану мен билік
ету) шектеулі деуге болады.
Өкілетті жақтың немесе өзге жақтардың заң актілері арқылы танылатын
және қорғалатын белгілі бір жаққа немесе тиесілі әртүрлі заттарға өз қалауы
бойынша тікелей үстемдік қожалық ету құқығы заттық құқық болып табылады.

Осы курстық жұмысым кіріспе, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады.
1 тарауда заттық құқықтың ұғымы мен белгілерін қарастырылады.
2 тарауда меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық
құқықтарын қарастырылады.
3 тарауды қазақтардың әдет – ғұрып құқығындағы заттық құқықты
қарастырылады.

1 Тарау Заттық құқықтың ұғымы, белгілері

1.1. Заттардың ұғымы және оны саралау

Зат дегеніміз - азаматтық құқық тұрғысынан алып қарағанда физикалық
дене ретінде және оның адам еңбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күйінде
де кездесетін (болатын) сыртқы материалдық дүниенің бір бөлігі болып
табылады. Заттар белгілі бір материалдық құндылығы бар еңбектің нәтижесі
болып табылады. Оларға тек қана әдеттегі өндіріс құрал – жабдықтары немесе
әр түрлі тұтыну заттары ғана жатпайды, сонымен қатар ақша және бағалы
қағаздар жатады.
Сондай-ақ азаматтық құқықта заттардың санатына, адамдардың еңбегімен
өндірілген немесе алынған, сондықтан да тауарға айналған әртүрлі
энергетикалық ресурстар және шикізаттар түрлері жатады.
Затты заңдық жағынан саралау (жіктеу) көбіне көп оның табиғи
қасиетіне физикалық немесе экономикалық немесе қоғамдық маңызына
негізделеді және әр құқық субъектілерінің белгілі бір заттың түріне қатысты
әрекет етуін айқындайды.
Азаматтық кодекстің 117 бабына сәйкес заттардың өзі қозғалатын және
қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Заттардың қозғалатын және қозғалмайтын
деп бөлінуінің заңдық мәні бар. Қозғалмайтын мүлікке заң үйлерді,
ғимараттар, көп жылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге де
мүліктерді орын ауыстыру, олардың мақсатына сыйыспайтын шығын жұмсамайынша
мүмкін болмайтын объектілерді жатқызады. Мұндай объектілер орналасқан
жерінен қозғалмайтындықтан, ал оларға байланысты мәмілелерді басқа жерде
жасауға болатындықтан, оларды алушылардың немесе айналымның басқа
қатысушыларының нақты бір объектінің құқықтық жағдайын білуі қажетті
(мысалы, бұл үй не жер учаскесі кепілге салынған жоқ па екен, бұл объектіні
пайдалануға үшінші жақтың құқықтары бар ма екен және т.с.с.). Өйткені, бұл
бағаға және мәміленің басқа талаптарына әсер
етеді. Осының барлығын қозғалмайтын мүлікке құқықтарды және оларға
байланысты мәмілелерді арнайы мемлекеттік тіркеу нәтижелері бойынша білуге
болады. Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа да құқықтар, бұл
құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік
тіркелуге тиіс (АК-тің 118 б. 1-т.).
Мұдай тіркеу қозғалмайтын мүлікке құқықтардың пайда болуы, ауысуы
және тоқтатуын мемлекеттің мойындауының және бекітуінің заңды актісі болып
келеді және тіркелген құқықтардың бар екендігі жөнінде жалғыз дәлелдеме
болып табылады. Мұндай құқықтарды тек қана Сот тәртібімен даулай алады.
Қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу тәртібін арнайы заң актісі -
қозғалмайтын мүлікке құқықты мемлекеттік реттеу туралы жарлық айқындайды.
Тіркеу Әділет органдарының қозғалмайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі
бөлімдерінде жүзеге асырылады. Орган құқық иеленушінің өтініші бойынша
тіркелген құқық немесе мәміле туралы құжат беру арқылы тіркеуден өткендігін
растауға міндетті. Тіркеу жария түрде өтеді.
Жермен байланысты емес және заңмен қозғалмайтын мүлік ретінде
танылмаған заттар қозғалмайтын мүліктердің қатарына жатпайды (сондықтан да
өзінің құқықтық жағдайын тіркеуді қажет етпейді). Мысалы, үйді бұзуға
сатқан кезде мәміленің объектісі негізінен үй емес, құрылыс материалдарының
жиынтығы болып табылады, ал өз бетімен жермен ешқандай байланыста болмайды.
Қозғалмайтын мүлікке жатпайтын барлық заттар қозғалатын мүлік деп
танылады. ҚР АК-нің 117-бабының 3-тармағына сәйкес қозғалмайтын заттарға
жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлік деп
танылады. Заң құжаттарында көрсетілгенннен басқа реттерде қозғалатын
мүлікке құқықтарды тіркеу талап етілмейді.
Қозғалмайтын мүліктің ерекше бір түрі біртұтас зат ретінде ортақ
мақсатқа пайдаланатын өзара байланысты қозғалмайтын және қозғалатын заттар
кешені болып табылады. Оларға кәсіпорындар және кондоминиумдар жатады.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен
құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп аталады. Кәсіпорын тұтасымен
мүліктік кешен ретінде қозғалмайтын мүлік болып табылады. АК-тің 119
бабының 2-тармағына сәйкес мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына
оның қызмет етуіне арналған мүліктің барлық түрлері, соның ішінде үйлер,
ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету
құқығы, борыштар, сондай-ақ оның қызметін дараландыратын белгілерге
құқықтар (фирмалық атау, тауар белгілері) және егер заң құжаттарында немесе
шартта өзгеше көзделмесе, басқа да айырықша құқықтар енеді.
Мүліктік кешендердің басқа бір түрі кондоминиум болып табылады.
Тұрғын үй заңы кондоминиум деп қозғалмайтын мүлік кешенін таниды. Бұл
мүліктік кешеннің құрамына жер учаскесі және онда орналасқан тұрғын ғимарат
кіреді, бұл ғимараттың жекелеген тұрғын бөлмелері нақты иелердің жеке
меншігінде болады, ал қалған бөліктері олардың ортақ үлесті меншігінде
болады. Кондоминиумның заңды режимінің ерекшелігі тұрғын пәтер иесінің өз
меншік құқығындағы пәтерді Соттан ортақ меншіктегі мүліктің өз үлесін
оқшауландыра алмауы және керісінше жасауға мүмкіндіктің жоқтығы болып
табылады.
Заттар сондай-ақ жеке анықталған белгілер және тектік анықталған
белгілер бойынша бөлінеді. Тектік түсінігі әдетте қозғалатын заттарға
қатысты қолданылады. Өйткені, қозғалмайтын заттар олардың мемлекеттік
тіркелуіне байланысты жеке анықталған болып келеді. Жеке анықталған заттар
заңда айырбастала алмайтын заттар деп танылады. Мұндай заттар жойылған
немесе бүлінген жағдайда, міндетті тұлғадан тек қана шығынды өтеуін талап
етуге болады. Тектік анықталған заттар заңдық тұрғыда айырбастала алатын
заттар деп саналады. Сондықтан да мұндай заттардың жойылуына байланысты
міндеттеме орындалмаса, өкілетті тұлға осы тектес
заттың біреуін талап ете алады[1,13-19 б.]. Азаматтық кодекстің 116-
бабының талаптарына сәйкес заттар айналымнан еркін берілетін немесе
ауысатын, айналымнан алынып тасталатын және айналымда шек қойылатын
түрлерге бөлінеді.
Иеліктен еркін шығарылатын немесе әмбебап құқық мирасқорлық
тәртібімен бір адамнан екінші адамға ауыса алатын мүлік айналымға қабілетті
мүлік деп танылады (заңды тұлғаны мұраға алу, қайта ұйымдастыру).
Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын (шығарылған) зат деп
азаматтық құқыққа объект бола алмайтын және иесін ауыстыра алмайтын
заттарды айтады. Олардың қатарына, мысалы, табиғи ресурстардың көбі
(теңіздік экономикалық аймақтың байлығы, жер қойнауы, жер учаскерлерінің
және су объектілерінің бірқатар түрлері және т.б.), тарихи-мәдени
мұралардың аса бағалы объектілері, қару-жарақтың басым түрі және қорғаныс
объектілері, кейбір маңызды кәсіпорындардың және мекемелердің құрал-
жабдықтары. Мұндай заттардың иесі тек қана мемлекет бола алады. Бұл ретте
осы заттар адамдардың меншігінде болмайды деген тұжырым жасалады.
Ордендер, медальдар және құрметті атақтың омырауға тағатын белгілері
азаматтық айналымнан алынып тасталған (Қазақстан Республикасының
мемлекеттік наградалары туралы 1995 ж. 12 желтоқсандағы заңның 43-бабы).
Айналымның белгілі бір мүшелеріне ғана тиесілі бола алатын және,
екіншіден, сатып алуға және иеліктен шығаруға құзыретті мемлекеттік
органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) ғана жол берілетін заттар мен басқа
да мүлік айналымы шектеулі мүлікке жатады.
Берілуге рұқсат етілмейтін заттардың түрлері (айналымнан алынып
тасталған заттар) заң құжаттарында тікелей көрсетілуге тиіс. Айналымның
белгілі бір қатысушысына тиесілі болуы мүмкін, не алынуына немесе берілуіне
арнайы рұқсат бойынша (айналым қабілеттілігі шектеулі заттар) жол берілетін
заттардың түрлері заңдарда белгіленеді (АК 116-бабы 2-3 тт.).
Заттардың айналым қабілеттілігін алу немесе шектеу тікелей заңның
бақылауында болады.
Заңды көзқарас тұрғысынан заттар бөлінетін және бөлінбейтін болып
бөлінуі мүмкін. АК 120-бабына сәйкес бөлінбейтін заттар деп өзінің
шаруашылық мақсатын (міндетін) өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң
құжаттарында ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлікті айтамыз. Мысалы,
екі адамның ортақ меншігіндегі автомобильді оларға тең қылып бөліп беруге
мүмкін емес. Бөлінетін мүлік дегеніміз – бөлу нәтижесінде бөліктері өз
мақсатын жоғалтпайтын мүлік. Мысалы, бір қап картопты бөлуден оның
шаруашылық мақсаты өзгермейді.
Күрделі зат ұғымы бөлінбейтін зат ұғымын жуықтайды, күрделі зат заң
жүзінде бөлінбейтін болғанымен, мақсаты жөнінен бірігетін бірнеше заттан
тұрады. Егер әр текті заттар оны бірігу мәні белгілейтін мақсаты бойынша
пайдалануға мүмкіндік беретін бүтін бір затты құрайтын болса, олар күрделі
зат ретінде түсініледі (АК-ның 121-бабы). Күрделі заттың мынадай белгілері
болады: біріншіден, ол әр текті заттарды, яғни өздерінің қасиеттері жөнінен
бір-бірінен айырмашылығы бар заттарды қамтиды; екіншіден, аталған әр текті
заттар өздерінің мақсатына қарай бір затты құрайды; үшіншіден, оның мақсаты
күрделі затты біртұтас ететін заттардың бірігу мәнімен айқындалады. Күрделі
заттағы әр текті заттардың саны екіден кем болмайды. Бұл, ең алдымен, жұп
заттар (жұп аяқ киім, жұп қолғап және т.с.с.).
Азаматтық құқықта заттар басты зат және керек-жарақтар болып
бөлінеді. Керек-жарақ, яғни басты затқа қызмет етуге арналған және ортақ
шаруашылық мақсатқа қолданылуы, сонымен байланысты болатын зат, егер
заңдарда немесе шартта өзгеше белгіленбесе басты затқа ілесіп жүреді (АК
122-бабы). Мысалы, құлыптың кілті, скрипканың қыл керілген шыбығы т.б.
Керек-жарақ дегеніміз-бұл қашан да басты затқа қызмет етуге арналған жеке
зат немесе заттар.
Басты зат және керек-жарақ күрделі зат болып табылмайды, ал керек-
жарақты басты заттың құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болмайды. Бұл
заттар өзара тәуелсіз және өзінің жеке мақсаттары болады. Бірақ та
шаруашылық және басқа да себептерге байланысты керек-жарақ басты затқа
қатысты қызмет етуші орын алады (мысалы, сурет басты зат болса, рама керек-
жарақ болып табылады).
Ерекше азаматтық-құқықтық режимге жемістер, азық-түлік және табыстар
ие болады. АК 123 – бабына сәйкес мүліктерді пайдалану нәтижесінде алынған
түсім (жемістер, өнімдер, табыстар) егер заңдарда немесе шартта өзгеше
көзделмесе, осы мүлікті заңды негізде пайдаланушы адамға тиесілі болады.
Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетінің құндылығы бар табиғи
өнімдерін, мысалы, жеміс ағаштарының жемістерін, шайдың жапырағын,
жануарлардың төлін, жүн, сүт, жұмыртқа секілді өсімдіктер мен жануарлардан
алынатын өнімдерді, яғни түсімдерді заңдық ұғым ретінде жемістер деп
түсінеді. Жемістер – заттың нақты органикалық өсуі нәтижесі.
Өнім – мүліктің жасанды өсуі, өндірістік пайдалану нәтижесінде
алынуы (мысалы, бір зауыттың дайын өнімі, наубайханада пісірілетін нан,
тігін өндірісінде шығарылатын тігін бұйымдары және т.с.с.).
Затты (заттарды) пайдаланудан немесе өнім шығару әрекетінен алынатын
ақшалай және өзге түсімдерді табыстар деп түсіну керек. Бірақ табыстар,
заттар түрінде ғана емес, сонымен қатар, міндеттемелер бойынша ақшалай және
өзге де талаптар түрінде болуы мүмкін.
Азаматтық кодекс жануарларды да объект ретінде қарастырады. АК-тің
124-бабына сәйкес жануарлар заңдарда өзгеше белгіленбегендіктен,
жануарларға заттар туралы жалпы ережелер қолданылады [2,267-271 б] .

1.2. Заттық құқықтың белгілері

Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға
үстемдік (қожалық) етуін айтады. Әдетте адамның затқа қатынасы әр түрлі
болады, біріншіден - ол сол заттың меншік иесі, екіншіден – оны иеленуші,
үшіншіден - өзгенің затын меншіктену құқығын еншілей алады. Олардың ара
жігі заңда өзіне тән ерекшеліктермен айқындалады.
Заттық құқықтардың мынадай негізгі белгілері болады: заттық
құқықтардың шексіздігі (абсолюттік құқық); затқа тікелей үстемдік ету;
заттық құқықтарды қорғаудың абсолюттік сипаты; затты алудың заңды
тәсілдерінің нақтылы және қорғау нысанының ерекшелігі; затқа нақты билік
ету.
Заттық құқық шексіз (абсолюттік) құқық түрінде сипатталады. Демек,
бұл барлық басқа субъектілердің аталған құқықтық өкілеттілігін жүзеге
асыруына бөгет жасамау міндетін алға тартады. Шексіз (абсолюттік) құқыққа
мазмұны жағынан қарама-қарсы тұрған міндеттемелік құқық. Бұл құқық бойынша
міндетті болатын бір ғана жақ немесе бірнеше жақтар. Бұл құқықтың сол
міндетті болған субъектіге не міндетті субъектілерге ғана күші бар,
сондықтан бұл міндеттемелік құқықты бұзатын тек солар ғана. Мысалы,
мәмілеге негізделген құқықтардың бәрі де міндеттемелік құқық болып
табылады. Бұл құқықтарды орындауды мәміле бойынша сол міндеттерді мойнына
алушылардан ғана талап етуге болады. Мысалы, затты беру, белгілі бір
жұмысты орындау міндеттері. Заттық құқық басқа құқықтардан өзінің
объектісімен ерекшеленеді. Заттық құқықтың объектісіне жеке дара белгілі
бір мүліктер жатады. Бір – біріне тектес заттар, сондай – ақ материалдық
емес өзіндік игіліктер заттық құқықтың объектісі бола алмайды. Өйткені,
заттық құқықтың өзіне тән қасиеті басқа біреудің иелігінен затты қайтару
болып табылады, әрі бұл затты сыйға беруге болмайды, заттай жүзеге асады.
Екінші жағынан алғанда, заттық құқықтың шексіз (абсолютті) сипаты
басқа адамдармен қатынасқа түскенде айқын көрінеді. Мәселен, олар меншік
иесінің құқығына қол сұқпауға міндетті. Демек, заң меншік құқығын қорғай
отырып, азаматтарға өз құқығын жүзеге асыруға бөгет жасамауына жағдай
жасайды.
Заттық құқықтың маңызды белгісі оның затқа тікелей үстемдік етуі
болып табылады. Мұның өзі құқық объектісі араға үшінші бір адамды салып
үстемдік етпейді дегенді білдіреді. Бұл арада затқа үстемдік толық күйінде
болуы мүмкін, ал кейде заттық құқықтың шектелуіне орай шектелген түрінде де
кездеседі.
Заттық құқықтарды қорғаудың абсолюттік сипаты, яғни заттық құқыққа
қол сұғатындардан қорғау құқығы келіп шығады. Заттық құқықтарды ерекше
заттық – құқықтық талаптардың көмегімен арнаулы қорғау құралдарының болуы
осыған байланысты;
Затқа нақты билік ету, яғни өз құқығын тікелей, үшінші жақтың ара
ағайындығынсыз жүзеге асыру мүмкіндігі [3,27 б].
Бұл белгі бірқатар жағдайларда заттық құқықтың анықтамасына негіз
етіп алынуда және оның болуы меншік, иелену, жерді пайдалану құқығын және
басқаларды жүзеге асыруда күмән туғызбайды. Алайда, мүлік кепіл берушінің
қолында болып, кепіл ұстаушының нақты билігінен тыс қалатын жағдайда
ипотеканы жүзеге асыру үшін осы белгіні қолдану проблемасы туады.
Затқа нақты билік ұғымына Г.Ф. Шершеневичтің мынадай пікірі
көмектесе алады: Заттық құқық, күнделікті айтылып жүргеніндей, тұлғаның
затқа тікелей қатынасын құқық берілген субъект затпен қарым – қатынаста
болуға тиіс деген мағынада емес, керісінше, өзінің затқа құқығын жүзеге
асыру үшін ол басқа тұлғалардың делдалдық жасауына мұқтаж емес деген
мағынада белгілейді.
Заттық құқықтың тағы бір ерекшелігі заттың иесі мүлкін басқа біреуге
берген кезде өзінің құқығы иеленуші ретінде сақталып қалатындығы деуге
болады [4,171-172 б]. Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес меншік иесі
өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер
жасауына, соның ішінде мүлкін басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен
шығаруға, бірақ өзі меншік иесі болып қала беруіне құқылы. Басқаша
айтқанда, мүлікке меншік құқығы сақталады. Егер зат заңсыз иеленген болса,
онда ол виндикацияланады, яғни меншік иесі өзінің заңсыз иеленген өз мүлкін
талап етуге құқылы. Мысалы, кепілге салынған мүлікті ақылы немесе тегін
иеліктен айыру нәтижесінде не әмбебап құқықты мирасқорлық тәртіп бойынша
мүлікке меншік құқығы немесе шаруашылық жүргізу құқығы кепіл берушіден
басқа адамға көшкен ретте кепіл құқығы сақталып қалады. Кепіл берушінің
құқықты мирасқоры кепіл берушінің орнын басады және егер кепіл ұстаушымен
келісімде өзгеше белгіленбесе, кепіл берушінің барлық міндеттерін атқарады
(АК-тің 323-бабы 1 тармағы).
Заттық құқық мекемені меншіктену құқығы басқа адамға ауысқан кезде
бұл мекеме өзіне тиесілі мүлікке оралымды билік жүргізу құқығын сақтап
қалады (АК-тің 208-бабы).
Заттық құқық екі үлкен топқа бөлінеді: меншік иесі және меншік иесі
болып табылмайтын тұлғаның заттық құқығы.

2 Тарау. Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары

2.1. Меншік иесі түсінігі

Заттық құқық екі үлкен топқа бөлінеді: меншік иесі және меншік иесі
болып табылмайтын тұлғаның заттық құқығы.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді – табиғаттың
өнімдері мен еңбекті – меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи
қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.
Азаматтық кодекстің 188 - бабында меншік құқығына мынандай анықтама
берілген Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы
танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену,
пайдалану және оған билік ету құқығы. Өйткені, субъектіге тиесілі деген
сөзбен шектеліп қалмай, мүліктеріне өз қалауынша иелену, пайдалану және
оған билік ету құқығын береді. Меншік құқығына анықтаманы субъектінің
мүлікке заңға сәйкес билік етуі, оны өзінің қалауынша пайдалануы деп
түсінуі керек. Яғни, субъектінің затқа үстемдік етуі заңдастырылған және
оған толық құқылы. Осындай үстемдікке қол жеткізу арқылы меншік иесі заттың
табиғат берген қасиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге, өңдеуге,
билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, жойып жіберуіне толық құқы бар.
Затқа заң арқылы үстемдікті тану заң құжаттарында көрсетілген шекте жүзеге
асады, өйткені, затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі
бір дәрежеде ықпалын тигізеді, демек, затқа меншік иесінің билігі шексіз
болуы мүмкін емес. Сондықтан да АК-тің 188-бабындағы меншік құқығын шектеу
мұндай құқықтың шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның өз
иелігіндегі затты иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы заң арқылы
айқындалады. Меншік иесінің еркіндігін шектеу меншік иесінің өз өкілеттігін
жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс міндеттен туындайды. Меншік иесі өз
құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы
ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға
міндетті (АК-тің 188-бабы 4-тармағы).
Меншік иесі өзінің мүлкін сақтауға, қорғауға, өзге адамдардың
сырттан әрекет етпеуіне тыйым салуына хақысы бар. Егер осындай құқықтары
бұзылып жатса, онда ол затты қайтарып алуға, қалпына келтіруге, келген
залалдың орнын толтыруға құқылы.
Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану
және билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. Бұл өкілеттіктердің әрқайсысы
меншік құқығының қажетті элементтері болып табылады. Меншік иесі
аталғандардың қай – қайсысын да үшінші бір тұлғаға бере алады, тіпті үш
өкілеттіктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі болып қала береді.
Мысалы:, ол заттарын теміржол, әуежай және қонақ үйдің зат сақтайтын жеріне
тапсырып, өз қарауындағы затты күзетшінің игілігіне береді.
Кейде заң талаптарына сәйкес меншік иесінен несие берушінің талабын
қанағаттандыру үшін мүлкі ықтиярсыз алынуы мүмкін, онда меншік иесі әлгі үш
өкілеттіктен де айырылады. Бірақ ол мұндай жағдайда меншік иесі болып қала
береді. Қарызын өтегеннен кейін мүлкін сатқаннан қалған қаржы алуға құқылы,
сөйтіп, заттарын кері қайтарғаннан соң оның пайдалану және билік ету
өкілеттігі қалпына келтіріледі.
Иелену құқығы мүлікті нақты иелену мүмкіндігін заң жағынан толықтай
қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік
етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғышарт жасайды.
Заң иеленуді заңды, заңсыз, адал ниетті және арам ниетті деп бөледі.
Егер мүлікті иелену заңды негізде жасалса, онда ол заңды иелену болып
табылады, яғни құқық негізінде меншік құқығы жүзеге асырылуы тиіс. Затты
(мүлікті) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заттардың ұғымы және оны саралау
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Кәсіпкерлердің заттық құқығы
Азаматтық құқықтағы заттық құқықтар
Азаматтық құқықтар объектілерінің ұғымы мен түрлері
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Заттық құқықтың ұғымы
Интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiнің түсінігі мен ерекшеліктері
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ
Пәндер