Мекемелердің құқықтық жағдайы


ЖОСПАР:
Кіріспе . . . 3
I тарау. Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері . . . 6
1. 1. Коммерциялық емес ұйымдар туралы жалпы ережелер . . . 6
1. 2. Коммерциялық емес ұйымның құрылуы . . . 8
II тарау. Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайы . . . …. 14
2. 1. Мекемелердің құқықтық жағдайы . . . 14
2. 2. Қоғамдық бірлестіктер . . . 18
2. 3. Қорлар . . . 28
2. 4. Діни бірлестіктер . . . 31
Қорытынды . . . 34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 37
Кіріспе
Азаматтық құқық субъектілерінің бірі заңды тұлғалар болып табылады. Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болып екіге бөлінеді. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.
Осы курстық жұмыстың тақырыбы «Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайы» деп аталады. Заңда көрсетілген заңды тұлғалардың бір түрі коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Өз қызметінің негізгі мақсаты кіріс түсіруді көздемейтін және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым болып танылады. Менің ғылыми жұмысымның өзектілігі қазіргі таңда коммерциялық емес ұйымдардың түрлі нысандарының саны үнемі өсумен байланысты. Біздің елімізде коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік проблемеларды тиімді шешуде маңызды роль атқарады. Мемлекетімізде коммерциялық емес ұйымдардың атқаратын қызметін түбегейлі жетілдіруді теориялық жағынан талдау - қазіргі таңда азаматтық қоғамның бірден-бір проблемаларына айналып отырғандығы.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайының ерекшеліктерін, қоғамдағы алатын орнын, қызметін ашып көрсету.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар нақты ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдардың қатарына әрекет етуші заңнамаға сәйкес мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, қорлар, діни бірлестіктер, заңды тұлғалардың қауымдастықтары, тұтыну кооперативтері, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, пәтер иелері кооперативтері, нотариалдық палаталар, адвокаттар алқасы және басқа да ұйымдар жатады. Коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысандары өзара қызметінің сипаты мен мақсаттары, қатысушыларының құрамы, мүшелігінің бар-жоғымен, мүлкінің құралу тәртібі мен оған билік ету, басқару және бақылау жүйесі бойынша ерекшеленеді. Сондықтан оларға құқықтық реттеудің түрлі тәсілдері пайдаланады. Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлеріне бүгінгі күні арнайы заңдар қабылданып, әрекет етуде. Соның ішінде, қоғамдық және діни бірлестіктерге, тұтыну кооперативіне, ал басқа нысандарына әлі де арнайы заңдар қабылданбаған. Коммерциялық емес ұйымдардың бір ұйымдық-құқықтық нысаны қызметінің жарғылық мақсаттарына, қатысушыларының құрамына және басқа да белгілеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы, қоғамдық бірлестіктердің арасында саяси партияларды, кәсіптік одақтарды, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамын, ұлттық-мәдени орталықтарды бөліп көрсетуге болады. Олардың кейбіреулерінің құрылуы және қызметінің ерекшеліктері арнайы заңдармен реттеледі.
Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайы, коммерциялық ұйымдарға жақын нысандарының - тұтыну кооперативтерінің және коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдардың тар кәсіптік нысандарының - адвокаттар алқасы мен нотариалдық палаталардың құқықтық жағдайы нақтыланып қарастырылады.
2001 жылы 16 қаңтарда «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңның қабылдануына байланысты коммерциялық емес ұйымдардың ролі мен маңызы да бекітілді. Заң коммерциялық емес үйымның ұғымын, қызметінің мақсаттарын, коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін, коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысандарын, ұйымды құру, қайта ұйымдастыру және тарату негіздерін, коммерциялық емес ұйымды басқаруды белгілейді.
Жұмысымның тақырыбы ретінде аталған мәселені қарастыра отырып, жұмысты жазу барысында мен алдыма келесі мақсат-міндеттерді қойдым:
1) ғылыми шығармашылықтағы қабілетімді дамытып, үйрену;
2) коммерциялық емес ұйымдардың мәселесіне байланысты Қазақстандық және шетелдік оқулықтар мен нормативтік-құқықтық актілерді іздеп тауып, олардың мән-мағынасын ашу;
3) аталған мәселе бойынша өзімнің таңдап алған тақырыбымның қаншалықты зерделенгенін көрсете білу;
4) алынған тақырыпқа қатысты болашақ қызмет тәжірибемде қолдануға жол ашу;
5) коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайын, оның жекелеген түрлерінің, ұйымдық-құқықтық нысандарының құқықтық жағдайын ашып көрсету;
6) коммерциялық емес ұйымдардың құрылу тәртібін және оның қызметін анықтап көрсету;
7) коммерциялық емес ұйымдарды құру үшін заңда көрсетілген талаптарды сипаттау;
8) коммерциялық емес ұйымды басқару органдарын сипаттау;
9) коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу тәртібін ашып көрсету,
10) қорытындысында жасалған жұмыс бойынша ұсыныстар беру.
Аталған мақсаттарға сәйкес курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Бірінші тарау «Коммерциялық емес ұйымдар ұйымдардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері» деп аталады. Оның өзі екі бөлімнен тұрады. Бірінші тарауда коммерциялық емес ұйымдардың түсінігі, нысандары және комммерциялық емес ұйымды құру тәртібі қарастырылған. Онда қарастырылған мәселелер коммерциялық емес ұйымдардың басқа заңды тұлғалардан ерекшелігін, коммерциялық емес ұйымды құру үшін ұйымдық-құқықтық нысанын таңдаудағы тиімді жақтарды, қажетті құжаттарды және тұлғаларды нақты анықтаған. Екінші тарау «Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайы» деп аталады. Ол коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлеріне арналған. Онда коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлеріне, оларға қатысушылардың құқықтарына аса мән берілгендігін көреміз.
Осы курстық жұмысты баяндау барысында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, азаматтық заңнамаларды жасауға өз үлесін қосқан С. А. Диденконың «Учебное пособие по гражданскому праву», А. Т. Сулейменов, Ю. Г. Басиннің «Азаматтық құқық», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Халықаралық Коммерциялық емес құқық орталығының «Правовой статус некоммерческих организаций в Республике Казахстан» атты зерттеу еңбегі кеңінен пайдаланылды.
I тарау. Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері.
1. 1. Коммерциялық емес ұйымдар туралы жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі коммерциялық емес ұйымдарға кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйымдар деп анықтама береді[2; 34бап] . Бұл белгілері бойынша коммерциялық емес ұйым коммерциялық ұйымдардан ерекшеленеді. Коммерциялық емес ұйымдардың қатарына әрекет етуші заңнамаға сәйкес мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, қорлар, діни бірлестіктер, заңды тұлғалардың қауымдастықтары, тұтыну кооперативтері, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, пәтер иелері кооперативтері, нотариалдық палаталар, адвокаттар алқасы және басқа да ұйымдар жатады. Қазақстан Республикасының заңнамасы коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдар деп бөледі. Мемлекеттік емес заңды тұлғалармен және азаматтармен құрылатын коммерциялық емес ұйым мемлекеттік емес деп танылады. Олардың қатарына қоғамдық және діни бірлестіктер, пәтер иелері кооперативтері, тұтыну кооперативтері, адвокаттар алқасы, қоғамдық қорлар және жеке мекемелер жатады. Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері тек мемлекеттік ғана бола алады - бұл мемлекеттік қорлар және мемлекеттік мекемелер.
Шетел құқығында көбінесе үкіметтік емес ұйым түсінігі қолданылады. Бірақ та қазақстандық құқық үшін көрсетілген түсінік қолайсыз себебі коммерциялық емес ұйымдар мемлекеттік меншікте де және жеке меншікте де құрылуы мүмкін[3; 4бап, 1тарм] .
Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін Азаматтық кодекс, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заң, коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері туралы заңдар және заңға тәуелді нормативтік актілер реттеп отырады. Азаматтық кодексте коммерциялық емес ұйымдарға 7-тарау (105-110 баптар) арналған.
Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырылымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, денешынықтыру мен спортты дамыту; заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушыларының) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады. Коммерциялық ұйымдардан өзгеше, коммерциялық емес ұйымдар салық төлеу жеңілдігін пайдаланады. Бұл оларды тартымды ұйым ете түседі, өйткені көптеген коммерциялық емес ұйымдар белгілі бір нысанда кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Одан түсетін кірістер, әдетте коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. (бұл негізінен қоғамдық бірлестіктерге қатысты) .
Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері мыналар болып табылады. Тәжірибеде табыс табуға арнайы бағытының жоқтығы заңнамалық критерийі коммерциялық емес ұйымдардың жарғылық құжаттарында оның қызметінің мақсаттарын және пәнін міндетті түрде анық көрсету талабы қойылуына алып келеді. Бұндай талап құрылтай құжаттарында анықталғаннан кейін, коммерциялық емес ұйым өзінің қызметін оның шегінен шығып кетпей жүзеге асыруы керек. Коммерциялық емес ұйымның құқықтары мен міндеттері оның қызметінің жарғылық мақсаттарына сәйкес анықталады. Сол себепті олар тек жарғыға сәйкес қызметті жүзеге асырады. Мысалы, бұл балалар қоғамдық бірлестігінің ішімдік және темекі бұйымдарын сатумен айналыса алмайтындығын білдіреді. Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайының тағы бір ерекшелігі алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлуге, яғни ұйымның қатысушыларына дивидендтер төлеуге заңмен тыйым салынған шектеу. Ұйым қызметінен түскен табыс бұл жағдайда жарғылық мақсаттарды жүзеге асыруға кеткен шығындардың орнын толтыруға жұмсалуға тиіс. Бұл жалпылама принцип тәжірибеде кей жағдайларда қатаң сақталмайтындығын атап өткен жөн. Ол әсіресе, тұтыну кооперативіне, коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға және жеке мекемелерге қатысты. Бұл ұйымдар негізінен коммерциялық емес ұйымдар атауына сай келмейді. Себебі, олардың қатысушылары экономикалық қызмет нәтижелерін өздеріне иеленуге заңды мүмкіндіктері бар. Бірақ та бұл ұйымдар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде коммерциялық емес ұйымдар қатарына «тарихи» тұрғыдан қосылып келеді. Сондықтан да бұл ұйымдар бүгінгі күні заңды тұлғалардың «аралық» нысандары болып табылады, азаматтық құқықта оларды коммерциялық емес ұйымдарға жатқызғанымен, олар салық заңнамасына сәйкес жеңілдіктерді пайдалану құқығын иелене алмайды. Жалпы жеңілдіктерді пайдалану үшін ұйымдар қоғамдық пайдалы қызметтерді жүзеге асыруы керек. Коммерциялық емес акционерлік қоғамдар мен тұтыну кооперативтері мейілінше тар мақсаттарды көздейді:
- тек коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың дамуы;
- кооперативтің өз мүшелерінің ғана қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қоғамдық бірлестіктер, заңды тұлғалардың қауымдастығы, діни бірлестіктер ұйымдық-құқықтық нысандарында құрылатын коммерциялық емес ұйымдар жеңілдіктер пайдалана алады.
1. 2. Коммерциялық емес ұйымның құрылуы
Коммерциялық емес ұйымды құру үшін алдымен ұйымдық-құқықтық нысанын таңдау керек. Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны - заңды тұлғаларды басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін жалпы белгілерінің ішінен көзге түсетін нақты белгілерінің жиынтығы[17; 52б] .
1. Коммерциялық емес ұйымды құру туралы шешім қабылдау.
Мемлекет коммерциялық емес ұйымдарды құруды және олардың белсенді қызмет етуін көтермелейді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдарға салық, кеден жеңілдіктері және басқа да жеңілдіктер берілуі мүмкін 1 Коммерциялық емес ұйым, оны қалыптастыру арқылы, сондай-ақ бұрын бар коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымды құру туралы шешім қабылдау коммерциялық емес ұйымды құрудың бастапқы қадамы болып табылады. Ол үшін, біріншіден, коммерциялық емес ұйымның сіз тіркегісі келетін ұйымдық-құқықтық нысанына заңда көзделген азаматтардың/заңды тұлғалардың ең аз саны болуы керек(қоғамдық бірлестік үшін-Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын кемінде 10 бастаушы азамат, заңды тұлғалардың қауымдастығы үшін-кемінде 2 заңды тұлға, қор үшін-бір жеке немесе заңды тұлға, мекеме үшін- бір жеке немесе заңды тұлға) . Екіншіден, құрылтай жиналысы өткізіледі немесе жеке шешім қабылданады(егер құрылтайшы біреу болса), нәтижесінде келесідей құжаттарға қол қойылады:
1) Құрылтай жиналысының хаттамасы немесе құрылтайшының шешімі:
- Қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, тұтыну кооперативінің құрылтай жиналысының хаттамасына төраға немесе хатшы қол қояды;
- Мекеменің, қордың құрылтай жиналысының хаттамасы барлық құрылтайшылармен қол қойылады;
2) Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттары:
- қоғамдық бірлестік, ассоциация(одақ), тұтыну кооперативінің жарғыларына ұйымның бірінші жетекшісі қол қояды;
- қордың, мекеменің, коммерциялық емес акционерлік қоғамның жарғысына барлық құрылтайшылары қол қояды.
Одан кейін коммерциялық емес ұйымды тіркеу үшін мемлекетік алым төленеді. 2001 жылғы 19 желтоқсандағы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алымдар ставкаларын бекіту туралы» №1660 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы мемлекеттік алымның мынадай мөлшерін анықтайды:
1) балалар және жастар қоғамдық бірлестіктерін сондай- ақ мүгедектер қоғамдық бірлестіктерін және олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу үшін алым төлеу кезінде қолданылып жүрген екі айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде;
2) бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер, қазынылық кәсіпорын және пәтер иелері кооперативтері және олардың филиалдары мен өкілдіктері үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) Коммерциялық емес ұйымдардың өзге де түрлерін және олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу үшін алым төлеу кезінде қолданылып жүрген 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алынады.
Ескерту: айлық есептік көрсеткіш - жыл сайын зейнетақыларды, жәрдемақыларыды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай -ақ айыппұл санкцияларын, салықтық және өзге де төлемдерді қолдану үшін мемлекеттік бюджет туралы заңында бекітілетін көрсеткіш(Қазақстан Республикасының 2007 жылғы «Мемлекеттік бюджет туралы» заңына сәйкес 1 092 теңгені құрайды) .
2. Коммерциялық емес ұйымды тіркеу үшін құжаттар пакетін әзірлеу.
Коммерциялық емес ұйымды құру туралы шешім қабылдағаннан кейін және тіркеу үшін алым төлегеннен кейін тіркеу үшін құжаттар пакетін әзірлеу керек. Ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты келесідей құжаттарды әзірлеу керек:
1) Қоғамдық бірлестік
- тіркеу туралы өтініш-1 дана;
- құрылтай жиналысында қабылданған жарғы, қазақ және орыс тілдерінде беттелген және нөмірленген түрде ұсынылды- 3 дана;
- жиналыстың төрағасы немесе хатшысы қол қойған құрылтай жиналысының хаттамасы -1 дана;
- қоғамдық бірлестіктің бастаушы азаматтарының тізімі, аты, тегі, әкесінің аты, туылған күні, айы, жылы; мекен-жайы көрсетілуі керек;
- қоғамдық бірлестіктің тұрақты қызмет ететін органының тұрғылықты жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алымның төленгені туралы түбіртек.
Тіркеу үшін арызды беру мерзімдері заңмен қарастырылған. Қоғамдық бірлестік құрылғаннан күннен бастап екі ай мерзім ішінде Әділет органдарында тіркелуге тиіс(құрылу күні деп құрылтай жиналысының өткізілген күні есептелінеді) . 2004 жылдың 20 қыркүйектен бастап тіркеу "бір терезе" қағидасы бойынша өткізілетініне байланысты әділет органдарына құжаттар бергенге дейін бірлестіктің басшысы сайлануы керек, бұл шешім құрылтай жиналысының хаттамасында көрсетілуге тиіс.
2) Қорлар
- бекітілген нысандағы тіркеу туралы өтініш; - жарғы;
- құрылтай шарты;
- тұрғылықты жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алымның төленгені туралы түбіртек.
3) Мекеме
- тіркеу туралы өтініш;
- меншік иесінің мекемені құру туралы шешімі;
- жарғы;
- құрылтай шарты немесе ұқсас келісім;
- тұрғылықты жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алымның төленгені туралы түбіртек.
4) Пәтерлер иелерінің кооперативі
- өтініш;
-кондоминиум объектісіндегі пәтерлер иелерінің құрылтай жиналысының хаттамасы;
-пәтерлер иелері кооперативінің жарғысы
-кондоминиумды тіркеу туралы мемлекеттік акт табыс етіледі.
5) Адвокаттар алқасы
- тіркеу туралы өтініш;
- адвокаттар алқасының жалпы жиналысымен бекітілген жарғы;
- тұрғылықты жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алымның төленгені туралы түбіртек.
6) Нотариалдық палата
- тіркеу туралы өтініш;
- жарғы;
- тұрғылықты жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алымның төленгені туралы түбіртек.
7) Коммерциялық емес акционерлік қоғам
- тіркеу туралы өтініш;
- жарғы;
- құрылтай жиналысының хаттамасы;
- тұрғылықты жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алымның төленгені туралы түбіртек.
8) Заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі.
- тіркеу туралы өтініш;
- жарғы;
- бірлестіктің барлық құрылтайшыларымен қол қойылған құрылтай шарты;
- тұрғылықты жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алымның төленгені туралы түбіртек.
Заңды тұлға ретінде коммерциялық емес ұйымның құқық қабілеттілігі ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап туындайды. Коммерциялық емес ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай жеке және заңды тұлғалар оның құрылтайшылары бола алады. Коммерциялық емес ұйымды, тұтыну кооперативін, қауымдастықтарды құру жағдайларын және коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері туралы заң актілерінде кқзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, жеке тұлға құруы мүмкін.
3. Әділет органдарына коммерциялық емес ұйымды тіркеу үшін құжаттарды ұсыну.
Коммерциялық емес ұйымды әділет органдарында тіркеген кезде мынадай нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алуы керек:
- 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының заңын;
- 1999 жылғы 23 сәуірдегі "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Әділет Министрлігінің тіркеу қызметі Комитетінің бұйрығымен бекітілген №2198 Қаулысы;
- 1999 жылғы 15 қаңтардағы "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері" Әділет министрінің №3 бұйрығы.
Мемлекеттік тіркеу - бұл мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтай және өзге де құжаттарының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін тексеруді, коммерциялық емес ұйым туралы мәліметтердің бірыңғай мемлекеттік реестрға енгізуді және тіркеу номерін беруді қамтитын, заңды тұлғаның құқыққабілеттілікке ие болу тәртібі2. Әділет министрлігінің тіркеу қызметі Комитеті(Астана қ. ) республикалық және аумақтық мәртебесі бар қоғамдық бірлестіктерді (соның ішінде саяси партияларды), шетел және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін; республиканың екі немес одан да көп облыстарында қызмет ететін діни басқармаларды, діни бірлестіктерді тіркеуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің аумақтық органдары (аудандық, қалалық бөлімдерді, басқармаларды қоспағанда) құрылатын, қайта ұйымдастырылатын және тоқтатылатын заңды тұлғаларды тіркейді. Әділет органдарына өтініш пен қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін он күннен кешіктірілмей мемлекеттік тіркеу жүргізіледі.
4. Әділет органдарынан: тіркеу куәлігін, статистикалық карточканы, салық төлеушінің куәлігін алу.
Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алуы заңды тұлғаның құрылуын және ол туралы мәліметтердің заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік реестріне енгізілуін растайтын факт. Статистикалық карточканы алу бұл заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді және басқа да қажетті мәліметтерді статистика органдары заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік статистикалық регистрға енгізгенін және оған бірыңғайланған, идентификацияланған және өзге де жүйелік-есептік кодтарды беруді білдіреді. Салық төлеушінің куәлігін алу мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы салық төлеушіні-коммерциялық емес ұйымды мемлекеттік тіркегенін және оған салық төлеушінің тіркеу номерін беріп, салық төлеушілердің Мемлекеттік реестріне енгізгенін білдіреді .
5. Ұйымның мөрін даярлау.
Азаматтық айналымда жекешелендіру мақсатында коммерциялық емес ұйымның атауы көрсетілген мөрі болуы керек. Мөрді дайындау үшін мамандандырылған ұйымдарға ұсыну керек:
- тіркеу туралы куәлік (көшірме)
- статистикалық карточка (көшірме)
6. Банкте шот ашу
Ұйым банкте шот ашу үшін келесі құжаттарды ұсыну керек:
- құрылтай құжаттарының нотариуспен куәландырылған көшірмелері;
- тіркеу куәліктерінің нотариуспен куәландырылған көшірмелері;
- статистикалық есеп карточкасының көшірмесі,
- коммерциялық емес ұйым құру туралы құрылтай жиналысы хаттамасы немесе құрылтайшының шешімі,
- бекітілген нысанның мөрі түсірілген таңбалары мен қолдарының үлгілері бар құжаттар (3 нотариалдық куәландырылған дана) .
Банкте шот ашу бұл заңды тұлғаның міндеті емес құқығы болып табылады.
7. Экологиялық есепке тұру
Коммерциялық емес ұйымның салықтық есепке тұрғызбас бұрын Қоршаған ортаны қорғау басқармасына (әдетте, оны "Экологиялық қор"деп атайды) есепке тұру қажет. Бұл мекемеде коммерциялық емес ұйымды тіркеу туралы мәліметтер арнайы журналға енгізілді. Заңды тұлғаларды тіркеудің "бір терезе" қағидасы енгізілгенге дейін жарғының түпнұсқасының соңғы бетіне тіркеу туралы белгі қойылып келді. Бұндай белгісіз салық комитетіне есепке тұру мүмкін емес еді. Қазіргі уақытта жаңа тәртіпке сәйкес, құрылтай құжаттары тек әділет органдарына табыс етіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz