Қазақстан түсті металлургия өнеркәсібінің басты саласы - мыс өнеркәсібі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Түсті металлургия өнеркәсібінің Қазақстан экономикасында алатын орны мен өндірістің құрылымдық даму ерекшеліктеріне сараптама

1. 1 Қазақстан Республикасы түсті металлургия кешені, тарихы және салааралық құрылымдық даму мүмкіндіктері

1. 2 Түсті металлургия өнеркәсібінің негізгі орналасу факторлары, шикізат базасын нығайту мәселелері мен даму географиясы

1. 3 Халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстан мыс өнеркәсібінің даму деңгейі мен өндірістің алатын орны

2 Нарықтық экономикалық даму жағдайындағы «Қазақмыс» корпорациясының экономикалық мүмкіндіктері мен жарқын болашағы

2. 1 «Қазақмыс» корпорациясының қалыптасуы мен аймақтағы мыс өнеркәсібінің даму географиясы

2. 2 Кәсіпорынның шикізат базасы мен отын энергетика көздерімен жабдықталу деңгейі

Қорытынды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

«Қазақстан түсті металлургия өнеркәсібі дамуының экономикалық және экологиялық алғы шарттары» («Қазақмыс» корпорациясы мысалында) атты тақырыпта жазған жұмысымда республикадағы мысты және түсті металл өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша негізгі кәсіпорын болып табылады. «Қазақмыс корпорациясы» ААҚ - ын жан - жақты экономикалық - географиялық баға беру тұрғысынан ғылыми зерттеу жұмыстарын аздап болса да жүргіздім деп есептеймін.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік реформасын жүргізу барысында Қарағанды облысының экономикалық және әлеуметтік құрылымы сондай - ақ шаруашылық субьектілерінің сипаты түбірімен өзгерді. Қазақстан қазіргі нарықтық экономикалық қатынаста еліміздегі шаруашылық салаларын, индустрияны түп негізіне дейін қайта құру кезеңдерін бастарынан өткізді. Қарағанды облысы республикалық шикізат кешені мен металлургия өнеркәсібінде маңызды орын алады. Облыс өнеркісібінің негізгі саласы түсті және қара металлургия болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ұсынған ұлттық экономикалық көтеру және тұрақтандыру стратегиясына байланысты республикаға шетел инвесторларының келуіне сәйкес «Қазақмыс корпорациясы» қысқа мерзім ішінде өндірісті қайта құру және техникалық қайта жабдықтауға байланысты дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы кәсіпорынға айналды. Қазір «Қазақмыс» дүние жүзіндегі мыс компанияларының ішінде алғашқы ондықтар қатарында. Мыстан басқа алтын, күміс, мырыш, және мұнай өндірумен де айналысады.

Жұмыстың мақсаты және міндеттері: Қазақстан металлургиялық кешенінің басты саласы ретінде «Қазақмыс» корпорациясының нарықтық экономикалық қатынастары дамуының кезеңдік белгілеріне сәйкес, өндірістік экономикалық дамуының алғы шарттары мен кәсіпорында қалыптасқан экологиялық мәселелерді анықтау және оны шешу жолдарын қарастыру мақсатында кейбір өз ұсыныстарымды да енгізуді жөн көрдім. Корпорацияда қазіргі кезде қалыптасып отырған экологиялық мәселелерге де жан - жақты ғылыми әдістемелік тұрғыдан сипаттама беріледі және оның сол аймақтағы топырақ, су, ауа көздеріне тигізетін кері әсерлері мен адам денсаулығына тигізетін зиянды әсерлеріне сипаттама беріледі. Сонымен қатар қоршаған ортаны улы заттармен ластау көлемін азайту немесе болдырмау жолдары қарастырылады. «Қазақмыс» бұл 99, 99 пайызды мыстың ең жоғары үлгісі, мұндай мыстың түрі әлемде жоқ, оның қорлары да алдыңғы он жылдықтарда үлкен болашақ ашады.

Қазақстан түсті металлургия өнеркәсібі бойынша біршама ғылыми әдістемелік еңбектерге, библиографиялық материалдарға сүйендім. Жұмыста түсті металлургия өнеркәсібінің орналасу заңдылықтары, өндіріс шикізат базасын зерттеу, түсті металлургияның дамуына үлкен үлес қосқан Қазақстандық ғалымдар еңбегіне, атап айтқанда Қ. И. Сәтпаевтің және т. б. ғалымдар еңбегімен таныстым. Кәсіпорын материалдарымен қоса хабарламалық жинақ, статистикалық, архивтік жинақ материалдарымен кең көлемде таныстым. Жұмыста салыстырмалы - экономикалық географиялық әдіс, баланстық әдіс және т. б. әдіс түрлерін пайдаландым.

«Қазақмыс» корпорациясы ел экономикасында өткен ғасырдың 90 - жылдарының ортасынан бастап жұмыс істейді. Оның кезеңдік даму сатыларында алғашқы жылдары жалпы өндірісті қайта жабдықтау және реконструкциялау жұмыстарын жүргізсе, 2000 жылдың басынан әлемдік рынок үшін және дүние жүзілік нарықтағы сұраныстарға байланысты жұмыс істей бастады. Нәтижесінде 2005 - 2009 жылдар аралығында әлемдегі ең алдыңғы мыс өнеркәсібі бойынша ондық компанияның қатарына қосылды. Мәселен 1995 жылы өндірілген катодты мыстың көлемі 132 мың тонна болса, 2005 жылы 396, 6 мың тоннаға жетсе, 2007 жылы 381, 2 мың тонна мыс катоды, 35, 7 мың тонна катанка, 389, 9 мың тонна мыс концентраты, 45, 2 мың тонна мырыш өндірілген. «Қазақмыс» корпорациясы мыс өнеркәсібінен басқа алтын, күміс және полиметалл рудаларын өндірумен де айналысады. Сондықтан менің дипломдық жұмысымда осы өндіріс саласының 1995 -2005 жылдар аралығындағы өндірістің даму деңгейіне сараптамалық талдау жасай отырып, оның қазіргі қаржы дағдарысы кезіндегі даму мәселелерін де жан - жақты ашып көрсетуге тырыстым. Жұмыс барысы бойынша «Қазақмыс» корпорациясының жекелеген өндіріс салалары бойынша карта - сызбалар жасадым. Жұмыс сондай - ақ Қазақстанның дүние жүзілік мыс өнеркәсібінде жетекші сала ретінде дамығандығын, оның қоры 36, 6 млн. тонна және кен рудасының 0, 68 % қоры, Жезқазған мыс комбинатында 21 млн. тонна мыс кенін, Балқаш комбинатында 10 млн. тонна, сондай - ақ Шығыс Қазақстан және Жезкент комбинаттарында да баытылады.

Тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық дамуының жекелеген өндіріс салалары бойынша ашып көрсету, оған талдау жасау, бүгінгі ел шаруашылығының даму қарқыны мен өткен кезеңдерін салыстыра отырып, бағалау және өндірістік даму болашағын болжау жасау жұмысының ең өзекті мәселелері деп есептеймін.

1 Түсті металлургия өнеркәсібінің Қазақстан экономикасында алатын орыны мен өндірістің құрылымдық даму ерекшеліктеріне сараптама

1. 1 Қазақстан Республикасы түсті металлургия кешені, тарихы

және салааралық құрылымдық даму мүмкіндіктері

Қазақстан экономикасында түсті металлургия басты өнеркәсіп саласына жатады. Қазан төңкерісіне дейін түсті металлургия Жезқазган және Өспен рудниктері, Екібастұз мырыш, Қарсақпай мен Спасск мыс зауыттары, Қызыл еспе күміс-қорғасын зауыты, Зырьянов пен Риддер рудниктері, Өскемен байыту фабрикасы сиякты кәсіпорындарымен белгілі болды.

Түсті металлургия өнеркәсібінің негізін физикалық және химиялық қасиеттері мен ерекшеленетін жеңіл (алюминий, магний, литий, т. б. ), ауыр (мыс, никель, қорғасын, қалайы, мырыш, т. б. ), баяу балқитын (вольфрам, молибден, тантал, хром, т. б. ), асыл немесе құнды (алтын, күміс, платина), шашыранды (галлий, индий, таллий, т. б. ), сирек кездесетін (скандий, лантан, лантаноидтар) және радиоактивті (технеций, франций, радий, торий, уран) жер қыртысында орналасқан металдар құрайды. Сондай - ақ түсті металл өнеркәсібіне алмас, кейбір химиялық қосылыстар (күкірт қышқылы, тыңайтқыштар, химикаттар, т. б. ) өндірісі де кіреді.

Республикада түсті металлургия дамуы Орталық және Шығыс Қазақстандағы қорғасынның, мырыштың, марганец пен сирек металдардың ірі кен орындарының болуына байланысты. Қазақстанның Орал маңындағы аудандарында хромит пен мыс минералдары мол. Қазақстан дүние жүзінде мырыштын, вольфрам мен бориттің барланған қорлары бойынша - бірінші орында, күміс, қорғасын мен хромит бойынша - екінші, мыс пен флюорит бойынша - үшінші, молибден бойырша - төртінші, алтын бойынша - алтыншы орында. ТМД елдерінің ішінде хромиттердің жалпы қорларының - 90%, вольфрамның - 60%, қорғасынның - 50%, мырыш пен мыстың - 40%, бокситтердің - 30%, фосфориттердің - 25% Қазақстанның үлесінде.

Қазақстанда түсті металлургияның дамуы мен мыс полиметалл рудаларының өте бай қорына байланысты Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ, Шатыркөл мыс кен орындары, Николаев, Рудалы Алтай, Қаратау, Жоңғар Алатауы, Кемкірсай массиві, Қазақтың ұсақ шоқысы, Торғай қақпасы сияқты аймақтардағы полиметалл кен орындары түсті металлургия салаларының құрылуы және дамуына негіз болды. Қазіргі уақытта түсті металл рудалары қоры бойынша дүние жүзінде алғашқы 10 мемлекеттің ішінде болса, ал сапасы, яғни металдық құрамдық деңгейі бойынша - 40-шы орындамыз.

ХХ ғ. 50-ші жж. дейін республикада тек мыс пен қорғасын өнеркәсібі дамыды. 1928 ж. Риддер мен Қарсақбай мыс қорыту зауыттары, Жезқазған мыс рудниктері іске қосылды. Социалистік индустриализация кезінде түсті металл кен орындарын барлау, зерттеу және игеру жұмыстарына көп көңіл бөлінді. Осының арқасында жаңа көптеген кен орындары ашылып, игеріле бастады. Ұлы Отан соғысы жылдары алдында 30-шы жылдары Ащысай руднигі мен байыту фабрикасы, Мырғалымсай кен орны негізінде Ащысай полиметалл комбинаты құрылыстары басталды. (Оңтүстік Қазақстан облысы) . 1934 ж. қаңтар айында Шымкент қорғасын зауыты құрылысы басталып, ал 1937 ж. КСРО- ның жартысына жуық қорғасын өндіретін кәсіпорынға айналды. Академик Қ. И. Сәтбаевтің басқаруымен Орталық Қазақстанда аса ірі түсті металл кен орындары ашылуына байланысты мұнда түсті металлургия кешені құрыла басталды. Балқаш мыс қорыту зауыты салынып, 1938 ж. алғашқы мыс концентраты мен қара мыс шығарды. Лениногор, Зырьян полиметалл комбинатары, Ертіс мыс қорыту зауыты түсті металл өнімдерін шығаруын ұлғайтты. Түсті металлургияның келесі даму кезеңін Ұлы Отан соғысы жылдарымен байланыстыру керек. Бұл кезде түсті металдарға сұраныстың ұлғаюына байланысты жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың қуаты кеңейтілді, 25- тен астам рудниктер мен карьерлер, 11-ден астам байыту фабрикалары іске қосылды. Өскемен мырыш зауыты, Текелі мырыш - қорғасын байыту комбинаты құрылыстары басталды. Соғыс жылдарының аяғында елімізде өнеркәсіптің жаңа салалары: мырыш, титан - магний, сирек кездесетін түсті металдар өндіру, сәл кешірек глинозем өндіру салалары пайда болды.

Түсті металлургия құрылымы жағынан күрделі өнеркәсіп саласына жатады. Түсті металлургия табиғи қасиеті және атқаратын қызметі тұрғысынан шартты 7 топқа бөлінеді:

  1. негізгі немесе ауыр түсті металдар (мыс, қорғасын, қалайы, мырыш, никель) ;
  2. жеңіл түсті металдар (алюминий, магний, титан, натрий, калийт, т. б. ) ;
  3. сирек кездесетін түсті металдар (висмут, кадмий, сурьма, мышьяк кобальт, сынап) ;
  4. қоспаға тиімді түсті металдар (вольфрам, молибден, тантал, ниобий, ванадий) ;
  5. асыл металдар (алтын, күміс, платина мен платиноидтар) ;
  6. шашыранды және өте сирек кездесетін металдар (цирконий, галлий, индий, таллий, селен, т. б. ) ;
  7. радиоактивті металдар (уран, бериллий, осмий, радий ) .

Түсті металлургия құрамына мыс, мырыш - қорғасын, никель - кобальт, алюминий, титан - магний, асыл металдар өндіру, қатты қорытпалар, сирек кездесетін металдар өндіру салалары, сонымен бірге уран мен алмаз өндіру, байыту, өңдеу кіреді. Технологиялық өндірістік цикл мынадай стадиялардан тұрады.

- бастапқы табиғи шикізатты өндіру мен байыту;

- металл қорыту;

- түсті металдарды өңдеу және әр түрлі формадағы бұйымдар шығару.

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанда алғашқы екі технологиялық циклдер жақсы дамыды, ал үшінші цикл, яғни түсті металдарды өңдеу дайын өнімдер, Ресейдің зауыттарында, әсіресе Орал экономикалық ауданында іске асырылды. Қазақстан түсті металлургиясының шикізаттық бағыты, нарықтық экономикаға көшу кезңінде оның келеңсіз жақтары туралы мәселелерді шешуді талап етті.

Қазақстан түсті металлургиясы шикізат базасының басты ерекшеліктері:

  • түсті металл мен полиметалл рудаларына бай қоры;
  • түсті, сирек және сирек кездесетін металл рудаларының кешенділігі және қалдықтардан әр түрлі дайын өнім алу;
  • ұзақ уақыт пайдалануға байланысты кейбір кен орындарында рудалардын таусылуы немесе құрамында металдың азаюы;
  • жаңа кен орындарын игеру арқылы шикізат базасын нығайту, оны өдіру технологиясын жетілдіру және кешенді тұрғыда өңдеу арқылы руда құрамындағы барлық түсті металды саралап алуға тырысу;
  • түсті металл рудаларының коммуникациялық жүйе (көлік т. б. ) дамымаған және суға тапшы аймақтарда орналасуы;
  • түсті металл рудаларын өндіретін аймақтардың экологиялық мәселелері және оны шешу жолдары.

1 кесте. Қазақстанда түсті металдарды өндіру көлемі, мың тонна

2002 ж.
2003 ж.
2004 ж.
2005 ж.
: Металл кентастар өндіру:
2002 ж.:
2003 ж.:
2004 ж.:
2005 ж.:
: Мыс кентастары
2002 ж.: 34872, 4
2003 ж.: 36703, 1
2004 ж.: 34886, 8
2005 ж.: 30352, 7
: Қорғасын - мырыш кентастары
2002 ж.: 5740, 3
2003 ж.: 6163, 4
2004 ж.: 6368, 3
2005 ж.: 6346, 9
: Қорғасын концентратындағы қорғасын
2002 ж.: 37, 5
2003 ж.: 45, 5
2004 ж.: 37, 5
2005 ж.: 32, 8
: Мыс концентратындағы мыс
2002 ж.: 469, 5
2003 ж.: 473, 7
2004 ж.: 485, 4
2005 ж.: 461, 8
: Мырыш концентратындағы мырыш
2002 ж.: 344, 7
2003 ж.: 392, 4
2004 ж.: 737, 7
2005 ж.: 359, 2
: Марганец кентастары
2002 ж.: 1386, 5
2003 ж.: 1834, 5
2004 ж.: 2369, 0
2005 ж.: 2253, 3
: Марганецті концентраттары
2002 ж.: 640, 0
2003 ж.: 737, 7
2004 ж.: 789, 3
2005 ж.: 843, 0
: Хром кентастары
2002 ж.: 2045, 7
2003 ж.: 2369, 5
2004 ж.: 2927, 8
2005 ж.: 3287, 0
: Түсті металдар өндіру:
2002 ж.:
2003 ж.:
2004 ж.:
2005 ж.:
: Өңделмеген алюминий: глинозем
2002 ж.: 1231, 1
2003 ж.: 1386, 5
2004 ж.: 1419, 8
2005 ж.: 1468, 0
: Алтын
2002 ж.: 15, 2
2003 ж.: 11, 0
2004 ж.: 9, 9
2005 ж.: 9, 6
: Күміс
2002 ж.: 943, 0
2003 ж.: 855, 6
2004 ж.: 804, 9
2005 ж.: 707, 5
: Мыс
2002 ж.: 425, 7
2003 ж.: 453, 0
2004 ж.: 432, 5
2005 ж.: 445, 2
: 1 кестенің жалғасы
: Өңделмеген қорғасын
2002 ж.: 158, 7
2003 ж.: 162, 2
2004 ж.: 133, 2
2005 ж.: 157, 0
: Өңделмеген мырыш
2002 ж.: 277, 1
2003 ж.: 286, 5
2004 ж.: 294, 6
2005 ж.: 316, 5
: Ескерту: [28] мәліметтерінен құрастырылған

Түсті металлургия шикізат базасын нығайту мәселесі ХХ ғ. 70- ші жылдарынан басталды. Оның себептері: геологиялық барлау жұмыстарының тежелуі, кен орындары мен рудниктердің, шахталардың техникалық құрал - жабдықтарымен нашар қамтамасыз етілуі, күрделі қаржының басым бөлігін уран рудасы кен орындарын ашу, барлау, өндіру, байыту өндірісіне жұмсалуы себеп болды. Түсті металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының орналасуы көптеген табиғи және экономикалық факторларға байланысты. Техникалық - экономикалық ерекшекліктеріне байланысты ол дайын өнім алу үшін шикізатты көп жұмсайтын өндіріс салаларына жатады. Сирек кездесетін түсті металдар өндіру үшін шығындалатын шикізаттың құны дайын өнімнен жүзден астам, тіпті мың есе асып түседі. Сондықтан көптеген кәсіпорындардың бірінші технологиялық сатысы шикізат орындарына жақын, яғни түсті металдар рудасы кен орындары, рудниктер мен шахталардың маңайына жақын орналасады. Кешенді байыту технологиясы және әр түрлі өндірістік қалдықтарды өңдеу олардын экономикалық тиімділігін арттырады.

Орналасу факторларының ішінде екінші орынға энергетикалық факторды қоюға болады. Никель, алюминий, магний, титан т. б. көптеген металдарды қорыту үшін электр энергиясын көп жұмсау керек. Мысалы, 1т никель алу үшін 50-55 т шартты отын, 1т алюмний - 17-18 мың кВт. сағ, магний - 18-28 мың, титан - 20-60 мың кВт. сағ электр энергиясын жұмсау керек. Түсті металдарды өңдеу және олардан дайын өнімдер алу тұтыну ерекшеліктеріне және техникалық мүмкіндіктерге байланысты орналасады. Қазіргі уақытта тусті металлургияның соңғы технологиялық сптысын дамыту, яғни толық өндірістік циклді құру.

Республикалық көлемде түсті металлургияның 40%-дан астам көлемі (мыс, марганец, қорғасын - мырыш, және алтын рудаларын, мыс концентратындағы мыс, қорғасын өндіру, тазартылған және тазартылмаған мыс, алтын мен тазартылған мыс өндірісі) - Қарағанды облысы, 30% - дан астамы (мыс, алтын, мыс - мырыш, қорғасын - мырыш рудаларын, хром, бериллий, кадмий, магний мен титан өндіру) - Шығыс Қазақстан, 9, 8% (мыс концентратындағы мыс, өңделмеген алюминий өндіру) - Павлодар облыстары кәсіпорындарының еншісінде. Мұның өзінде Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсібінде түсті металлургия өнімінің көлемі - жартысынан астам, Қарағанды облысында - 40, 2%, Павлодар облысында - 17, 5%.

Дүние жүзілік рыноктың даму үрдісіне орай 2010 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан металлургиясы өнімінің негізгі бөлігін экспорттауға мүмкіндік береді деп есептеуге болады. Алайда металдар экспортының көлемі баяу өседі. Рыноктың халықаралық бөлінуі мен даму үрдісін ескерсек, Ресей мен Қытай бірінші кезекте өнімнің негізгі сыртқы тұтынушылары болуы мүмкін.

2007 жылы 392, 5 мың тонна мыс сыртқа жіберілді, бұл - республикада өндірілгеннің 87%. Қазақстан мысының негізгі экспортшысы Қытай (54%) мен Италия (39%), ал сол кезде Ресей мен Өзбекстаннан 3, 3 мың тонна мыс импортталды.

Қазақстан титанының негізгі импортшылары алыс шет елдер: АҚШ, Нидерландтар мен Жапония (92, 8%), ал бұл металдың импортын негізінен Ресей Федерациясы (бүкіл импортталатын титанның 83, 4%) іске асырады.

Өңделмеген алюминий экспортының 80% - дан астамын Қазақстан Қытайға жөнелтеді. Импорт негізінен Ресейден келеді және 1, 5 мың тонна ғана.

Никель мен одан жасалған бұйымдардың іс жүзінде бүкіл экспорты (99, 6%) Германияның үлесінде, ал сол кезде осы металдың 80% - дан астам импорты Ресей Федерациясыннан түседі.

2007 жылы мыс рудасын өндіретін қуаттар іс жүзінде - 100%, марганец, барит, алтыны бар концентраттар - 38% - дан 50, 5% - ға дейін, хром рудасы - 68, 2% пайдаланылды. Осы кезеңде жаңа кәсіпорындар іске қосылып, жұмыс істеп тұрғандары кеңейтілді, бұл хром рудаларын өндіретін қуаттарды 62, 7% арттыруға мүмкіндік берді. Түсті металдар өндіретін кәсіпорындарда алюминий мен өңделмеген мырыш және тазартылған өндіретін қуаттар толық пайдаланылды, мұндағы қуаттардың 17 мың тоннаға дейін артуы техникалық қайта жарақтандыру есебінен қамтамасыз етілді, қуаттарды өнімді пайдалану тазартылған қорғасын өндіру жөнінде байқалды.

Қазақстан өнеркәсіп өнімінің жалпы көлеміндегі түсті металлургия өнімінің үлесі 2007 жылы 9, 9% болды.

1. 2 Түсті металлургия өнеркәсібінің негізгі орналасу факторлары, шикізат базасын нығайту мәселелері мен даму географиясы

Тәуелсіз егеменді Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін мемлекетіміздің алтын қорын жасау, яғни қымбат тастар мен асыл металдар өндірісін қайта жандандыру керек болды. 1994 ж . бастап шетелдік фирма, оның ішінде Канада тау - кен компаниясы «Три К Эксплорейшн» қатысуымен геологиялық барлау жұмыстары алтын, күміс, платина т. б. кен орындарын ашу, оларды игеруге және өнім шығаруға техникалық - экономикалық баға беру жұмыстары жүргізіле бастады. Жаңа кеніш орындары Қарағанды, Солтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстарында ашылды. Оның ішінде Бақыршық (Семей өңірі), Самара, Абыз (Қарағанды облысы), Васильковск (Көкшетау), Майқайың (Павлодар облысы) кен орындарын атауға болады. Жоғарғы деңгейде таза алтын болып саналатын (аффинаждық) алтын мен күміс өндіру - «Қазақмыс» АҚ, «Шымкент қорғасын зауыты», Шығыс Қазақстан мыс өнеркәсібі кәсіпорындарында, Целинный тау - кен - химия комбинатында (Степногорск) жақсы жолға қойылған. Өскемен қорғасын - мырыш комбинаты шығаратын алтын «сапалы өнім» деген халықаралық стандартқа ие болды (1992) . Асыл металдардың шикізат базасы мәселесін: жаңа кеніш орындарын игерумен бірге түсті металл рудасын және көп компонентті темір рудаларын кешенді өңдеу арқылы нығайтуға болады. Алтынның қоры бойынша ОАР - 22 мың т, АҚШ -5, Канада - 3, 2, Австралия - 2, 4, Өзбекстан - 2 мың т.

Дүние жүзінде 2540 т алтын өндіріледі. Оның ішінде: ОАР - 17 %, АҚШ - 14, Австралия - 12, Қытай - 6, 7, Канада - 6, 1, Ресей - 5, 6 %, Қазақстан - 0, 5 % өндіреді (ТМД елдері - 10, 4%) .

Қазақстан түсті металлургия өнеркәсібінің негізгі мәселелері:

- шикізат базасын нығайту, карьерлер, рудниктер мен шахталарды технологиялық реконструкция жасау және қазіргі заманның озық құрал - жабдықтарымен жабдықтау;

- шикізатты өңдеу технологиясын толық циклге көшіру арқылы түсті металдардан прокаттық өнімдер мен дайын бұйымдар шығару;

- түсті металдардан прокат өнімдерін шығаратын Балқаш зауытының екінші кезегі, Шымкент қорғасын зауытындағы прокат цехі, Балқаш пен Жезқазғанда мыс катанкалау зауыттарын іске қосу;

- алтын, күміс, платина мен платиноидтар, табиғи алмаз бен қалайы өндіруді кеңейту және оларды өңдеу бұйымдарын шығару;

- бұрынғы әскери өнеркәсіп кешеніне құрамында болған өнеркәсіптерді қайта жандандыру, технологиялық жабдықтау, уран өнімдерін, бериллий, сирек және өте сирек кездесетін элементтер өнімін өндіру және оларды экспортқа шығаруды жолға қою;

- көп компонентті Қазақстан рудасын кешенді өңдеу және одан шығатын металдардың санын көбейту. Көп жылдан қорланған өнеркәсіптік қалдықтар мен үйінділерді өңдеу, ол үшін өндірістік жаңа технологиялық циклдер негізу;

- түсті металлургия дамыған аудандар, территориялық - өндірістік кешендер, өнеркәсіп тораптары, қалалардағы қоршаған табиғат ортасын қорғау мәселелерін шешу;

- түсті металдар өндіретін әр түрлі компаниялар мен кәсіпорындарға мемлекеттік бақылау жасау.

1. 3 Халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстан мыс өнеркәсібінің даму деңгейі мен өндірістің алатын орны

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Металлургия өнеркәсібі
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп түрлері
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Түсті металлургияның салалық құрамы
Өндіруші өнеркәсіп салалары
Қазақстанның металлургия өнеркәсібі
ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Қазақстанның экономикалық аудандары
Тусті Металлургия Өнеркәсібі
Металлургия өнеркәсібі.Молибденге түсініктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz