Шығатын корреспонденциялар мен құжаттарды толтыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
І Қазақстан Республикасының сот органдарында іс жүргізу тәртібі
1.1. Кірген корреспондецияларды қабылдап алу, тіркеу және қарау.
1.2. Шығатын корреспонденциялар мен құжаттарды толтыру

II 2 Сот істеріне қатысты материалар
2.1. Сот істері мен басқа да материалдарды тіркеу
2.2. Сот істерін оның қаралуына дейін толтыру және тұлғалардың сотқа
келулерін қамтамасыз ету.
2.3 Сот істерін оны қарағаннан кейін толтыру

Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Аудандық және оған теңестірілген сотта іс жүргізу жұмыстарын дұрыс жолға
қою, сот қызыметін тиісті дәрежеде ұйымдастырудың, іс жүргізушілік
нормаларын сақтаудың, сот істерін қажетті деңгейде толтырудың, есепке
алудың және уақытылы қараудың, сол сияқты сот актілерін (үкімдерді,
шешімдерді, қаулыларды, ұйғарымдарды, сот бұйрықтарын) орындаудың, әділ
соттылықты жүзеге асыру барысында басқа да мәселелерді іске асырудың
маңызды шарттарының бірі болып саналады. Аудандық және оған теңестірілген
сотта іс жүргізу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі ережелеріне сот
құжаттарын дайындау, құрастыру, толтыру, сот істерін тіркеу, есепке алу,
тиісті түрде тарату, өткізу, анықтамалы-ақпараттық іздестіру, орындалуды
бақылау, сот істері мен құжаттарын кейін сақтауға және пайдалануға дайындау
жатады.
Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс жүргізу жұмыстарын жетілдіру
еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруды, құжаттармен жұмыс істеуде үздік үлгілер
мен әдістерді және іс жүргізуді компьютерлендіруді кең қолдану арқылы
атқарылады.
Аудандық және оған теңестірілген сотта іс жүргізу жұмыстары соттың кеңсесі
арқылы атқарылады.
Осы Нұсқау аудандық және оған теңестірілген соттың, оның ішінде қалалық,
ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотың, әкімшілік соттың,
гарнизондағы әскери соттың және басқа да соттың (бұдан бұлай аудандық сот)
кеңселерінде іс жүргізу жұмыстарын ұымдастыру мен атқарудың бірыңғай
ережелерін белгілейді.
Осы Нұсқауда белгіленген құжаттармен жұмыс істеу ережелері мен тәртіптері
аудандық соттың барлық қызыметкерлеріне қатысты. Істерді автоматты түрде
тарату тәртібі бөлек Ережелермен, Нұсқаумен немесе пайдаланушыларға
арналған Қолданушы нұсқауларымен реттеледі.
Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі және барлық кеңсе қызыметкерлері жетерлік
мөлшерде осы заманғы компьютерлік, көбейтетін, дидар жазатын, үн жазатын
техниканың тілін, іс жүргізу жұмыстарының ұтымды түрлері мен әдістерін
меңгерулері, соттардың құрылымдарын, ҚР іс жүргізу саласының заң
шығарушылығын, осы Нұсқауды және басқа да құқықтық жинақтарды білулері,
өздерінің кәсіби деңгейін және іскерлік біліктілігін үнемі көтеріп жүрулері
тиіс. Аудандық соттың кеңсе қызыметкерлері мерзімді түрде Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Судьялар мен сот жүйесі
қызыметкерлерінің біліктілігін көтеру институтында қайта дайындау және
біліктілігін көтеру курстарынан өтіп тұрады.
Аудандық сотта іс жүргізу жүмыстарын ұйымдастру және дұрыс атқару,
құжаттарды уақытылы және сапалы орындау жауапкершілігі аудандық соттың
кеңсе меңгерушісіне жүктеледі.
Аудандық сот төрағасы аудандық соттың кеңсесіне жалпылай басқару ісін
атқарады. Аудандық сот төрағасы өкімдер шығарады.
Аудандық сотың кеңсе меңгерушісі аудандық сот кеңсесінің жұмысын
ұйымдастырып және басқарып отырады. Кеңсе меңгерушісі аудандық сотта
материалды жауапкершілігі бар тұлға болып есептелінеді. Кеңсе меңгерушісіне
жүктелетін міндеттер:
а) аудандық сот кеңсесі қызыметкерлерінің арасында жұмысты бөліп беру және
олардың өз міндеттерін атқаруды қадағалау; б) аудандық сот
қызыметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібін бақылау;
в) егер аудандық сот төрағасы басқа қызыметкерге жүктемесе, мәлімдемелерді,
шағымдарды, талаптық мәлімдемелерді, сот бұйрығын беруді сұраған
өтініштерді (бұдан бұлай талаптық мәлімдемелер) қабылдап алу жұмыстарын
ұйымдастыруды атқару;
г) егер кеңсе қызыметкерлерінің біріне жүктелмеген болса, істер мен
мәлімдемелерді автоматты түрде тарату жұмыстарын ұйымдастыру;
д) аудандық сот өкімдері кітабын толтыру;
е) алғашқы статистакалық есеп құжаттарын (қылмыстық істер, азаматтық істер,
әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істер және басқалар жөніндегі
статистикалық - есеп карточкалары) жүргізу, мемлекеттік статистикалық
есептерін дұрыс және уақытылы өткізу барысын бақылау. Статистакалық есептің
толық және дұрыс болуының жауапкершілігін аудандық сот төрағасымен қоса
кеңсе меңгерушісі де көтереді.
ж) аудандық сотқа келіп түскен ұсыныстарды, мәлімдемелерді, шағымдарды
тіркеп , есебін жүргізу және олардың атқарылуы мерзімдерін қадағалап отыру;
з) апелляциялық шағымдары мен наразылықтары бар істердің, және де жоғары
тұрған сотқа сұраныстардың уақытылы жіберіліп тұруын бақылап отыру ;
и) халықаралық келісімдер бойынша келіп түскен басқа республикалар мен
шетелдік мемлекеттер соттары тапсырмаларының орандалуын бақылап отыру;
к) қылмыстық, азаматтық, әкімшілер құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді,
материалдарды, заттай дәлелдемелерді есепке алу және сақтау жұмыстарын
ұйымдастыру;
л) Жоғары тұрған соттардың нұсқаулары мен өкімдерінің, Жоғарғы Соты
жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттің (бұдан-бұлай Комитет) және
оның аймақтақ органдарының бұйрықтары мен тапсырмаларының орындалу барысын
бақылауды ұйымдастыру;
м) аудандық сот кеңсесі қызыметкерлерінің атқаратын қызыметтік міндеттерін
анықтау және оларға бөліп беру. Аудандық сот кеңсесінің меңгерушісі
аудандық сот төрағасына аудандық сот кеңсесі қызыметкерлері арасында
атқаратын міндеттерін бөлу туралы ұсыныс береді, ол аудандық сот төрағасы
қаулысымен әр жылдың 5 қаңтарынан қалдырылмай бекітілуі тиіс;
н) аудандық сот кеңсесіне жаңадан қабылданған қызыметкерлерді осы Нұсқаумен
таныстыру;
о) аудандық сот архиві жұмысын ұйымдастыру;
п) материалды құндылылықтарды қабылдау, сақтау және жіберіп тұру
жауапкершілігі аудандық сотта кеңсе меңгерушісіне жүктеледі және онымен
толық материалдық жауапкершілік жөнінде жазба түрінде келісім шарт
жасалынады;
р) тиісті Облыс әкімшілерінің (бұдан бұлай Әкімшілер) мақұлдауымен аудандық
соттың шаруашылық істерінің орындалуын қамтамасыз ету;
с) аудандық соттың сантехник, электрик, үй жинаушы, қора сыпырушысы,
қарауылшылар жұмыстарын ұйымдастыру;
т) Әкімшілер бұйрығымен белгіленгін мерзімдерде материалды құндылықтарды
инвентаризациялауға қатысу;
у) аудандық соттқа қажет негізгі қаржылар, шаруашылық мүліктер мен кеңсе
заттары мөлшерін анықтау, оларға сұраныстар толтыру және де материалды
құндылықтардың үнемді жұмсалуын қамтамасыз ету;
ф) Әкімшілерге аудандық соттың материалды құндылықтарының дұрыс сақталуына
қауып төнген жағдайлар туралы уақытылы ақпарат жеткізіп тұру;
х) аудандық сот судьялары мен қызыметкерлеріне қажетті тауарлы-материалды
құндылықтарды жеткізіп, уақытылы қамтамасыз етіп тұру;
ц) аудандық сот бөлмелерінің, сот отырысы залдарының, ғимарат ішінің және
маңайының жалпы тәртібі мен тазалық жағдайын бақылау жұмыстарын
ұйымдастыру;
ч) келесі айдың 5 жұлдызынан қалдырмай материалды құндылықтардың қозғалысы
мен қалдықтарының айлық материалды есебін жасап, Әкімшілердің бухгалтерлік
есеп пен есептесу бөліміне өткізу жұмыстарын ұйымдастыру;
ш) бағдарламалық қолдау бар болған жағдайда жұмыс орнын автоматтандыру
(бұдан былай – ЖОА) жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
щ) сот ісі тәжірибесі мен заң әдебиетін тұйіндеп есепке алу, кодификациялау
жұмыстарын жүргізуды ұйымдастыру;
э) аудандық сот төрағасы, судьялар мен Әкімшілердің басқа да тапсырмаларын
орындау.
Аудандық соттың бас және жетекші мамандарына міндеттерінің белгіленуіне
сәйкес:
а) келіп түскен ұсыныстарды, мәлімдемелерді, шағымдарды есепке алып, тіркеу
және олардың қараудың мерзімдерінң сақталуын бақылау жүктеледі;
б) сот істері мен талаптық мәлімдемелерді тиісті түрде тарату;
в) ҚР заңдары мен соттық тәжірибені жүйелендіру жұмыстарын жүргізу;
г) өз күшіндегі заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды және сот
тәжірбелерін аудандық сот қызыметкерлерінің назарына жеткізу;
д) сот тәжірибелерін талдау ісіне қатысу;
е) аудандық соттың шұғыл өтетін мәжілістерін дайындау, хаттама толтыру;
ж) БАҚ арқылы қоса атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру;
з) жеке қаулылар мен ұйғарымдарды есепке алу және олардың орындалуын
бақылау;
и) халықаралық келісімдер бойынша келіп түскен басқа республикалар мен
шетел мемлекеттері тапсырмаларының есебін жүргізіп отыру;
к) аудандық сот төрағасының азаматтарды қабылдаған жұмыстарын тіркеу және
есепке алып отыру;
л) қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істер мен
басқа да материалдар бойынша іс жүргізу;
м) қылмыстық, азаматтық, әкімшілік заң бұзушылық жөніндегі істерді және
басқа да материалдарды тіркеу, есепке алу және сақтау, оларды судьялар
арасында тиісті түрде тарату;
н) тапсырыстарды, жорналдарды, карточкаларды, алфавиттік сілтемелерді
толтыру;
о) алғашқы статистикалық есеп пен есеп беру (қылмыстық, азаматтық,
әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істердің және басқа да
материалдардың статистиклық-есеп карточкалары) құжаттарын жүргізу;
п) сот істерінің статистикалық есептерін толтыру, статистикалық есептің
толық және шын болуына жауапкершілік көтеру;
р) апелляциялық арыздар мен наразылығы бар істердің уақытылы сот кеңсесіне
өткізілуін және жоғарға сот орнына жіберілуін бақылауды орындау;
с) жоғарғы сот орындарынан істерді сұрау жұмыстарын уақытылы орындалу;
т) сот үкімдерін, шешімдерін, ұйғаруларын, қаулыларын орындау жөніндегі
құжаттарды дайындау және салып жіберу, олардың орындалғаны туралы хабарлама
алуды бақылау;
у) заттай дәлелдемелерді тіркеу, есепке қойу, сақтау және жою;
ф) аяқталған істерді, жорналдарды және карточкаларды дайындау және архивке
өткізу;
х) бағдарламалық қолдау бар болған жағдайда ЖОА жұмыстарын жүргізу;
ц) сот ісі тәжірибесі мен заң әдебиетін тұжырымдап кодификациялау, есепке
алу жұмыстарын жүргізу;
ч) кеңсе меңгерушісі, істі жүргізуші судья және аудандық сот төрағасының
келісімімен БАҚ арқылы қоса атқарылатын жұмыстар;
ш) аудандық сот төрағасы, судьялар, кеңсе меңгерушісі және Әкімшілердің
басқа да тапсырмаларын орындау жүктеледі.
Бас (жетекші) маман – сот отырысының хатшысына:
а) судьяның атқаруымен жүргізілетін сот істеріне дайындық барысында қажетті
жұмыстарды орындау ( сұрауларды, хаттарды, сотқа шақыру қағазының
көшірмесін және с.с. дайындау);
б) сот процессіне қатынасушыларды және куәларды шақыртып алу;
в) істерді күнделікті қарау кестесін жасау және оны аудандық сот кеңсесіне
өткізу;
г) сот отырысына шақыртылған тұлғалардың келгендігін тексеру және олардың
аудандық сотта болған уақытын шақырту қағазына белгілеу;
д) сот отырысының хаттамаларын жүргізу, олардың толық және нақтылы болуына
жауапкешілік көтеру;
е) алдын ала тыңдау және басты сот қарауынан кейін қылмысты істі толтыру,
сол сияқты қаралып болғаннан кейін азаматтық және әкімшілік заң бұзушылық
жөніндегі істерді де толтыру;
ж) істерді тіркеу жорналына қаралу қорытындыларын белгілеу;
з) процесске қатысушыларға сот өкімдерінің (шешімдер, үкімдер, қаулылардың
және с.с.) көшірмелерін қолына беру немесе салып жіберу;
и) процесске қатынасушылар мен өкімдескен жақтарға апелляциялық арызды
немесе наразылықты ҚР күшінде бар заңдарына сәйкес наразылық беруге құқы
барлығын түсіндіре отырып, хабарлау және көшірмелерін жіберу;
к) заңды күшіне кірген сот өкімін орындау жөніндегі атқару қағазын жасау
және беру (жіберу), сондай ақ үкімдерді атқаруға құжаттар жіберу;
л) апелляциялық арыздары мен наразылықтары бар істерді жоғары тұрған сотқа
жіберу, істің аппеляциялық инстанция сотында тыңдалатын күні туралы
процесске қатысушыларға хабарлау;
м) аудандық сот кеңсесіне сот істерін және енгізілген заттай айғақтарды
белгіленген мерзімдерде өткізу;
н) сот өкімдерінің, атқару қағаздарының көшірмелерін беру, жіберу жөніндегі
мәліметтерді көрсете отырып анықтама парақтарын толтыру (іске сот өкімінің,
атқару қағазының көшірмелерін қоса отырып);
о) бағдарламалық қолдау бар болған жағдайда ЖОА жұмыстарын жүргізу;
п) аудандық сот төрағасының, судьяларының, кеңсе меңгерушісінің және
Әкімгердің тапсырмасы бойынша басқа да кеңсе жұмыстарын орындау жүктеледі.
Аудандық соттың бас (жетекші) маманы аға сот приставына (сот приставына):
а) судьяларды және сот процессіне қатысушы басқа тұлғаларды қорғау;
б) кеңесу бөлмелерін, басқа да сот жайлары мен ғимараттарын қорғауды
қамтамасыз ету;
в) ҚР атқаруды орындау жөніндегі заңдарына сәйкес атқару әрекеттерін
орындауға қатысу;
г) сот отырысы залында және сот жайының ішінде заң бұзушылықтың алдын алу
және болдырмау;
д) соттың тұрақты орнынан басқа жерде сот ісін қараған кезде судьяның
тапсыруымен қылмыстық істі және заттық айғақтарды жеткізіп беруді және
олардың сақталуын қамтамасыз ету;
е) судьяның сот ісін қарау тәртібін сақтауға байланысты берген өкімін
орындау;
ж) келуден бас тартып жүрген кісілерді сотқа жеткізу;
з) қамаудағы кісілердің күзеті және қауыпсыздығы жөніндегі мәселелер
бойынша конвой қызыметкерлерімен бірге әрекет жасау;
и) сот приставы жұмысы жөнінде берілетін есепті жасау;
к) бағдарламалық қолдау бар болған жағдайда ЖОА жұмысын жүргізу;
л) аудандық сот төрағасының, судьялардың, кеңсесі меңгерушісінің, Әкімшінің
және аға сот атқарушысының тапсырмасы бойынша басқа да жұмыстарды орындау
жүктеледі.
Аудандақ сот кеңсесінің маманына:
а) қызыметтіқ хатнаманы жүргізу;
б) күнделкті құжаттарды толтыру;
в) шыққан және кірген корреспондецияларды жорналдарда, карточкаларда,
тізімдерде және электронды түрде тіркеу;
г) бағдарламалық қолдау бар болған жағдайда ЖОА жұмыстарын жүргізу;
д) аудандық сот төрағасының, судьялардың, кеңсе меңгерушісінің және
Әкімгердің тапсырмасы бойынша басқа да жұмыстарды орындау жүктеледі .
Маманға (машинисткаға):
а) үкімдерді, қаулыларды, шешімдерді, ұйғарымдарды және де басқа сот
құжаттарын уақытылы, сауатты басып жазу;
б) аудандық сот төрағасының, судьялардың, кеңсесі меңгерушісінің және
Әкімгердің тапсырмасы бойынша басқа да жұмыстарды орындау жүктеледі.
Аудандық сот маманына ( архив меңгерушісіне, архивариуске):
а) аудандық сот архивін жүргізу, архивке істерді қабылдау жұмыстарын
орындау;
б) сұралған істерді есепке алу және жіберу;
в) архивтік құжаттардың көшірмесін беру;
г) тапсырыстар мен істерді жоюға дайындау және сұрыптау;
д) бағдарламалық қолдау бар болған жағдайда ЖОА жұмыстарын жүргізу;
е) аудандық сот төрағасының, судьялардың, кеңсе меңгерушісінің және
Әкімгердің тапсырмасы бойынша басқа да жұмыстарды орындау жүктеледі.
Маманға (экспедиторға, қағаз тасушыға ):
а) тарату кітабын толтыру;
б) тиісті орнына сот корреспонденцияларын уақытылы жеткізіп беру;
в) жіберілетін корреспонденциялардың тізімін жасау, тізімдер бойынша
нарядтарды жүргізу;
г) аудандық сот төрағасының, судьялардың, кеңсесі меңгерушісінің, бас
маманының және Әкімшілердің тапсырмасы бойынша басқада кеңсе жұмыстарын
атқару жүктеледі.
Талаптық өтініштер мен құжаттарды қабылдау, анықтамалар мен құжаттарды беру
жұмыстарын жұмыс күні бойы аудандық сот кеңсесі атқарады.
Іс жүргізу жұмыстары мемлекеттік жәненемесе орыс тілдері бойынша
жүргізіледі. Азаматтардың сұраулары мен басқа да құжаттарға жауап, сұраған
тілге байланысты, мемлекеттік немесе орыс тілдері бойынша беріледі.
Жұмыс көлеміне, құжаттама көлеміне байланысты, қолдануға тиісті құқылары
жоқ басқа жандардың пайдалануына жол берілмейтін жағдайда кеңсе
меңгерушісінде сақталып тұратын қажетті мөр мен таңбалар жасалынады.
Елтаңбасы бар мөр аудандық сот төрағасында сақталады, ал егер аудандық сот
төрағасы сот отырыстарымен жұмысбасты болып, қолы тие бермесе, елтаңбалы
мөрді сақтап жүру аудандық сот төрағасы өкімімен кеңсе меңгерушісіне
міндеттеледі.
Осы Нұсқау құпиялық сипаты жоқ құжаттармен, сол сияқты “Қызымет бабы
бойынша пайдаланылады” деген белгісі бар құжаттармен жұмыс істеуге
бағытталған.

І Қазақстан Республикасының сот органдарында іс жүргізу тәртібі

1.1. Кірген корреспондецияларды қабылдап алу, тіркеу және қарау

Барлық келіп түскен корреспонденция, кіріс корреспонденцияларын есепке алу
жорналында немесе электронды түрде тіркеледі (№ 1 үлгі). Түскен
корреспонденциялардың көлемі үлкен болған жағдайда жалпы бір жорналда емес,
бірнеше бөлек жорналдарда (мысалы, түрлеріне қарап: талаптық мәлімдемелер,
қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істер
бойынша корреспонденциялар, басқа да корреспонденциялар және с.с.)
тіркелулері мүмкін. Тіркелген корреспонденция қаралуға аудандық сот
төрағасына беріледі. Барлық жорналдар міндетті түрде тігілуі, нөмірленуі,
аудандық сот төрағасының қолымен расталуы және елтаңбалы мөрмен басылуы
тиіс. Жорналда тіркеумен қоса келіп түскен істер мен материалдардың
мұқабасына соттың атауы, реттік саны, күні көрсетілген аудандық соттың
таңбасы басылады.
Міндеттерді бөлу бойынша корреспонденцияларды қабылдап алу жұмыстары
жүктелген аудандық сот кеңсесі қызыметкері конверттердің, бандерольдердің
бүтіндігін тексереді, пакеттерді, конверттерді ашады, олардың ішінде
құжаттар мен қосымшалардың бар екенін тексереді, түскен құжаттардың реттік
санының конвертте көрсетілген реттік санынына сәкес келуін салыстырады.
Аудандық сот қызыметкерлерінің атына "жеке өзіне" деген белгісі бар
кореспонденция ашылмаған күйінде иесіне беріледі. Құжаттардың жетіспеуі,
пакеттердің зақымдануы, конверттердегі (пакеттердегі) рет сандарының сәйкес
келмеуі жағдайында үш дана қылып акт жазылады: бір данасы кеңседе қалады,
екіншісі құжаттармен қоса тиісті жеріне беріледі, ал үшіншісі жіберушіге
жөнелтіледі. Келіп түскен корреспонденциялардың конверттері барлық
жағдайларда сақталынады.
Түскен күні, кіріс реттік саны және парақтар саны көрсетілген тіркеу
таңбасы құжаттың бірінші бетінің төменгі оң жағына басылады. Шет тіліндегі
корреспонденцияны тіркегенде таңба түп нұсқасына және аударма хаттамасына
басылады.
Аудандық сот кеңсесі меңгерушісімен немесе бас (жетекші) маманмен қабылдап
алынған талаптық мәлімдемелер сол күні ақ тіркелуге азаматтық істер
жөніндегі аудандық соттың кеңсесіне жіберіледі. Бағдарламалық қолдау бар
болған жағдайда істер автоматты түрде таратылады.
Тіркеуге жатпайтын, аудандық соттың алған уақыты жөнінде белгісі қойылып,
істерге енгізу үшін мамандармен беріп жіберілетіндер:
а) иесі жоқ болып шыққандықғтан аудандық сотқа қайтарылып келген сотттың
шақыру қағазы;
б) соттың шақыру қағазы, талаптық мәлімдемелер көшірмелерін алғандығы
туралы қолхаттар.
Аудандық сотқа келіп түскен барлық ұсыныстар, мәлімдемелер, арыздар
мамандар арқылы арнаулы жорналда тіркеледі (№ 2 үлгі). Тіркелген ұсыныстар,
мәлімдемелер, арыздар сол күні ақ, автоматты түрде таралатындардан
басқалары, қаралуға аудандық сот төрағасына беріледі. Аудандық сот
төрағасының бұрыштамалық қарарына сәйкес кеңсе меңгерушісі қатынасты келесі
күннен қалдырмай жорналға ( № 2 үлгі) қол қойғызып, тиісті орындаушыға
береді. Бақылауға алынған қатынастарға "бақылау" деген белгісі бар
карточкалар ашылады. "Бақылау" деген белгісі бар карточкалар бақылау
картотекасына орналастырылады. Кеңсе меңгерушісі үнемі карточкаларды қарап
отырады және белгіленген шешім мерзімі таусылған қатынастар жөнінде
аудандық сот төрағасына баяндап тұрады.
Шешілген қатынастарды иесіне берілген жауап көшірмесімен және басқа қатынас
хатпен қоса тапсырыс немесе бөлек өндіріс ішіне тігіледі. Қатынастарды
қарау қорытындылары жөнінде жорналға немесе карточкаға белгі қойылады.
Бөлек жорналға (№ 3 үлгі) тіркелуге сондай-ақ барлық есепте тұруды,
орындауды және ақпаратты-анықтамалық мақсаттарда пайдалануды қажет ететін,
аудандық сот ішінде жасалынатын құжаттар ( сот тәжірибесі тұжырымдары,
анықтамалар, шолулар мен басқа да жоспарлы шараларды атқару үшін жасалынған
құжаттар) жатады.
Құжаттар қай тілде құрылғанына сәйкес, мемлекеттік жәненемесе орыс тілдері
бойынша тіркеледі.

1.2. Шығатын корреспонденциялар мен құжаттарды толтыру.
Құжаттарды дайындау кезінде мемлекеттік мекемелер мен басқа ұйымдардың
атауын жазғанда, күшінде бар ережелерді, анықтамаларды және басқа да
ақпарат көздерін басшылыққа ала отырып, біркелкілікті сақтаған жөн.
Құжаттар қысқаша, анық және таза толтырылып, олардың мазмұндары толық,
көлемді және хатты қайта жазуға себеп тудырмайтындай болуы керек.
Құжаттарды машинкалық (компьютерлік), қол жазулармен, сондай-ақ аралас
жолдарымен дайындалуы мүмкін. Жазатын машинкаға беру үшін қолмен жазылған
қызымет құжаттары түсінікті, анық толтырылуы тиіс. Құжат бөліктері азат
жолдармен басталуы тиіс. Қолжазбаның бірінші бетінің сол бұрышында
орындаушы басып шығаратын дана санын, өзінің аты-жөнін және құжаттардың
күндерін көрсетеді.
Құжатта алушысы көрсетілген жағдайда келесі ережелер сақталынады: әдетте,
құжатқа қысқаша тақырыпша беріледі; құжаттар ұйымға, оның құрамдық
бөлімшелеріне немсе нақтылы лауазым иесіне бағышталып жіберіледі; ұйымның,
оның құрамдық бөлімшелерінің аттары атау септігінде көрсетіледі; құжатты
лауазым иесіне жібергенде ұйымның аты ілік септеуінде, ал алушының қызыметі
мен аты-жөні – барыс септігінде көрсетіледі; мекен-жай толық көрсетіледі:
республика, өлке, облыс, қала, көше, үй саны; құжатта төртеуден артық мекен-
жай көрсетілмейді, құжат төртеуден артық мекен-жайға жіберілетін болса, әр
құжатта тек бір мекен-жай көрсетіледі.
Сұраудың жауаптарына текст алдында міндетті түрде жауап беріліп отырған
құжаттың реттік саны мен күні көрсетіледі.
Қайсыбір құжаттар қоса жүретін жолдама хаттарда "Қосымша" деген сөздің
астында қосымша құжаттардың аттары және олардың сандары көрсетіледі.
Қосымша бар екенін көрсететін белгі текстен төмен екі интервал аралықта
басылады.
Құжатқа қол қойушының инициалдары мен фамилиясы, текстің соңында, текстке
қосымша бар екенін көрсеткен белгіден төмен үш интервал аралықта басылады.
Соңғы парақтың бет жағының төменгі тұсында орындаушының аты-жөні, құжаттың
толтырылған күні және байланыс телефоны болса, телефон нөмірі басылады.
Әрбір шығыс құжаттардың, әдетте, қызыметы көрсетілген орындаушының
растауымен жасалған көшірмесі болуы керек. Құжатқа қол қойылғаннан кейін
көшірме тапсырыстың немесе істің ішіне тігіледі.
Қызметтік құжаттарға, әдетте, бір лауазымды тұлғаның қолы қойылады.
Қызыметтік хат жазысу істерін құқық берілген лауазымды тұлға аудандық сотта
уақытша болмай қалған жағдайда, қызыметтік құжаттарға қолды оның орнын
уақытша басып отырған кісі қояды. Құжатты жіберерде баратын барлық
даналарына қол қойылады. Қызыметтік құжаттарға қолды анық, қысқартусыз
қояды. Құжатқа қол қойылған күнді және, қажет болған жағдайда, "Жеке өзіне"
деген жазуды немесе шұғылдықты көрсететін жазуды құжатқа қол қойған тұлға
толтырады, құжаттағы көрсетілген уақыттың айы әріптермен, күні мен жылы
араб сандарымен жазылады.
Егерде құжатқа қол қойған кезде бірінші данасына түзетулер жасалынса,
орындаушы оларды белгіленген тәртіп бойынша бірден барлық даналарына
кіргізеді. Қол қойылған қызыметтік құжаттарға қандай-да болмасын түзетулер,
өзгертулер және толтырулар жасауға тыйым салынады. Елтаңбалық мөрмен
расталған құжаттарға тазартулар мен келісілмеген өзгертулер жасауға
болмайды.
Шұғыл мәселелер бойынша факстік байланыс, электрондық почта, модемдік
байланыс және телефон арқылы хат алысуға рұқсат етіледі.
Телеграммаларды толтыру келесі ережелерді сақтай отырып атқарылады:
телеграмма тексті қысқа, егер мазмұны бұрмаланбайтын болса, жалғаулықсыз,
предлогсыз және тыныс белгілерісіз баяндалады; телеграмма екі дана болып
басылады; телеграф адресі алдында телеграмманың дәрежесі көрсетіледі;
телеграмма текстінің соңында қысқаша қызымет лауазымы, сондай-ақ қол қойған
кісінің фамилиясы көрсетіледі, ал сызықтан кейін сол кісінің толық
фамилиясы мен қызметі, соттың мекен-жайы және телеграмма жіберілген күні.
Барлық қол қойылған құжаттар тек сот кеңсесі арқылы осы Нұсқауда
көрестілген тіртіп бойынша жіберіледі. Кеңсе қызыметкері құжатты жіберер
алдында: мекен-жайдың дұрыс толтырылғанын, құжат ішінде көрсетілген
қосымшалар мен қолдың барлығын тексеріп алуға міндетті. Бірнеше мекен-жайы
бар хаттарда қай дана кімге жіберілсе, сол алушының мекен-жайының асты
сызылып койылады; күні және шығыс нөмірін қойып, құжаттардың жіберілуі
туралы тізімдеме жасауға міндетті; құжаттарды өңдеп және сол күні немесе
келесі жұмыс күнінен қалдырмай жіберуге міндетті.
Шығыс корреспонденция шығыс почтасы жорналында (№ 4 үлгі) есепте тұрады.
Шығыс корреспонденция көлемі үлкен болған жағдайда бір жорналда емес,
бірнеше жорналдарда (мысалы, түрлеріне қарап: талаптық мәлімдемелер,
қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істер бойынша
корреспонденциялар, басқа да кореспонденциялар және с.с.) тіркеледі.
Тапсырмалы корреспонденцияларды жібергенде тізімдемелер толтырылады, олар
тиісті нарядтар ішінде сақталады. Тапсырмалы бандерольдер мен хаттарға
тізімдеме толтырылады. Тізімдеме аудандық сотта қалады және уақыт барысына
сәйкес сол нарядтар ішіне тігіледі. Жәй және тапсырмалы корреспонденциялар
тізімдемесі белгіленген үлгі бойынша жасалынады.
Сот істерін және басқа құжаттарды тиісті жеріне жібергенде, жолдама
хаттардың шығыс саны, сол хаттар сақталған істің (материалдың) немесе
нарядтың реттік санына сәйкес келуі тиіс.
Иелеріне мамандармен (экспедиторлармен, қағаз тасушылармен) жіберілген сот
істері мен хаттар жергілікті корреспонденцияларға арналған тарату кітабына
(№ 6 үлгі) жазылады және алушыға осы кітапқа қол қойғызып барып өткізеді.
Сот істері тиісті орындарына тапсырмалы бандерольдермен жіберіледі немесе
мамандармен (экспедиторлармен, қағаз тасушылармен ) жеткізіледі, ал
талаптық өтініштер қосымша материалдарымен бірге және атқару құжаттары -
тапсырмалы хаттармен, егер түпнұсқалы құжаттар болса, бағалы хаттармен
жіберіледі.

2 Сот істеріне қатысты материалар
2.1. Сот істері мен басқа да материалдарды тіркеу
Барлық қылмыстық және азаматтық істер, әкімшілік құқық бұзушылықтар
жөніндегі істер, жеке айыптау істері, үкімнің атқарылуына байланысты
аудандық сотқа қаралуға түскен материалдар (ұсынулар), түрлеріне қарап (№ 1-
1, 1-2, 1-3, 12-14 үлгілер) кіріс корреспонденциясы жорналдарына,
алфавиттік сілтемелерге және статистикалық-есеп карточкаларына тіркеледі
.Іздеп табуға оңай болуы үшін аудандық соттарда әкімшілік құқық
бұзушылықтар жөніндегі істерге құқық бұзушылық түрлері бойынша бөлек
қосымша тіркеу жорналдары (№1-3 үлгілер) ашылуы мүмкін. Келіп түскен
қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істер мен
материалдарға статистикалық-есеп карточкасы немесе тіркеу жорналы бойынша
индекс пен реттік санын қосатын сан белгісі беріледі. Әр істің, материалдың
реттік болып келетін, статистикалық-есеп карточкасы немесе тіркеу жорналы
бойынша нөмір істің немесе материалдың бет қабатында және алфавиттік
сілтемеде көрсетіледі. Сол номермен осы іс бойынша жүргізілген барлық хат
қатынастары белгіленеді. Стастистикалық-есеп карточкалары қылмыстық,
азаматтық, әкімшілік құқықы бұзушылықтар жөніндегі істер түрлері бойынша
картотекаларда немесе нарядтарда сан реттері бойынша бөлек сақталады.
Статистикалық-есеп карточкаларында, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік
құқық бұзушылықтар жөніндегі істердің қозғалыстарына қарай, барлық
реквизиттері толтырылуы тиіс. Қамауда отырған сотталушысы бар істердің
сыртқы бетіне "Қамауда" деген таңба басылады. Азаматтық сот өндірісі
ретінде қаралуға түскен талаптық мілімдемелер, арыздар мен шағымдар келіп
түскен талаптық мәлімдемелерді (азаматтық сот өндірісінде қаралатын
талаптық және басқада) тіркеу жорналында (№ 1-2 үлгі) тіркеледі.
Үкімдердің, қаулылардың, шешемдердің немесе ұйғарымардың бұзылғанынан кейін
қайта қаралуға түскен сырттай шешімдердің (АПК 270 бабы) бұзылып және
мәнісі бойынша қаралуы жаңадан басталғандағы қылмыстық және азаматтық
істер, сот бұйрығының (АПК 148 бабы) бұзылғанынан кейін талаптық өндіріс
ретінде қарауға берілген мәлімдемелер, және алдын ала тергеу органдарынан
істі қайта өндіруді жаңадан бастағаннан кейін түскен қылмысты істер, бөлек
шығарылған істер, сол сияқты жаңадан ашылған жағдайлар бойынша істер,
статистикалық-есеп карточкаларына жаңадан түскен істермен бірдей тіркеледі
және жаңадан реттік санға ие болады. Жаңа реттік сан беріліп, қайта түскен
түскен істер, алфавиттік сілтемеде жаңа санмен тіркеледі. Соттың қосымша
тексеру жөніндегі нұсқауын орындағаннан кейін немесе соңына дейін
толтырылғаннан кейін түскен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істер
жаңадан түскен сияқты тіркеледі және таратылады. Алфавиттік сілтемелер мен
тіркеу жорналдары қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылықтар
істері бойынша бөлек болулары керек. Қылмыстық істер жөніндегі алфавиттік
сілтемелер (№ 8 үлгі) әрбір сотталушыға жүргізіледі, азаматтық істер
бойынша (№ 9 үлгі) әрбір жауапкерге немесе мәлімдеушіге (бұйрықтық өндіріс
істері бойынша өндіріп алушыға және борышкерге және де ерекше өндірістегі
істер бойынша мәлімдеушіге), әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істер
бойынша ( № 10 үлгі) әрбір құқық бұзушыға.
Аудандық соттарға ҚПК 33 бабымен (жеке айыптау істері) қамтылатын қылмыстар
жөніндегі істер жеке айыптау ретінде түскен шағымдардың есебін жүргізетін
арнаулы жорналда тіркеледі. Егер аудандық сот істі қабылдап алу және қозғау
жөнінде қаулы шығарса, жорналда іс қозғалған күн белгіленеді және қылмыстық
істің саны қойылады, бір мезгілде қылмыстық істер есебі жүргізілетін
жорналда тіркеліп, қылмыстық іске сатистикалық-есеп карточкасы ашылады.
Егер аудандық сот қылмыстық іс қозғаудан бас тартса немесе материалдар
қайтып берілсе, жеке айыптау ретінде түскен шағымдарды тіркеу жорналында
қаралу қорытындысы жөнінде күнін көрсетіліп, белгі қойылады.
Жаңа жылға дейін қаралмаған істердің статистикалық-есеп карточкалары,
календарлы жыл біткеннен кейін жаңа жылдың картотекасына аударылады. Әрбір
статистикалық-есеп карточкасында және әрбір сондай істе екі реттік сандар
көрсетіледі ( өткен және жаңа жылдың), мысалы: № 1- 1442003 ж. Іс № 1-
12004 ж. Осыған байланысты, жаңа жылда келіп түскен істерді нөмірлеу,
алдындағы жылда қалған істі қайта тіркегендегі нөмірден кейінгі кезектегі
саннан басталады. Өткен жылдың картотекасынан шығарылған карточкалардың
орнына өткен жыл нөмірлеуі бойынша берілген реттік санды белгіленген
ауыстырғыш-карточкалар қойылады және жаңа реттік саны көрсетіле отырып, осы
жылдың картотекасына өткендігі туралы жазу толтырады. Қамаудан бас тартып
немесе белгіленген тәртіпті қысастықпен бұзып жүрген тұлғаларға, ұсақ
бұзақылығы үшін қамауда отыру мерзімін ұзарту жөніндегі материалдар жеке
тіркелмейді. Қабылданған шешім жөнінде негізгі материал тіркелген тіркеу
жорналында белгі қойылады, егер ұсақ бұзақылығы үшін қамауда отыру мерзімін
ұзарту басқа соттармен қаралса, оларды тіркеу әдеттегі тәртіппен, яғни
жалпы жорналдарда жүргізіледі.
Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді, басқа
материалдарды тіркеу үшін, істер атаулары жинағында көрсетілген, индекстер
тізімдері белгіленеді, мысалы: "1" - қылмыстық істер; "2" - азаматтық
істер; "3" - әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істер; "4" - ҚПК 109,
110, 111 баптары ретіндегі шағымдар жөніндегі материалдар; "5"-
мамандандырылған алдыналу-емдеу мекемелеріне жіберу жөніндегі материалдар;
"6" – сот актілерін атқаруға байланысты сотқа келіп түскен материалдар.
Ескерту: қажет болған жағдайда индекстер тізімдері толтырылуы мүмкін.
Сот актілерін атқаруға байланысты сотқа келіп түскен материалдар жорналда
(№ 12 үлгі) тіркелуге жатады, мұнда әрбәр келген ұсынулар түрлеріне 1,2,3,4
және с.с. кеңейтулері бар "7" индексі беріледі. Жеке алғанда: "6-1" -
үкімдердің атқарылуын кейінгі мерзімге қалдыру туралы (ҚПК 452 бабы); "6-2"
- ҚК 40,42,43 баптары ретінде жазалау түрін ауыстыру туралы (ҚРК 453
бабының 1 тарауы); "6-3" - ҚР қылмыстық-атқару заңына сәйкес (ҚПК 453 б.2
т.) бас бостандығынан айырылған тұлғаның үкім бойынша бекітілген түзету
мекеме түрін өзгерту туралы; "6-4" жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты
түрде босатылуы (ҚК 70 б.), жазаның өтелмеген бөлігін жазаның жұмсақтау
түрімен ауыстырылуы туралы (ҚК 71 б.);"6-5" – жазаны өтеуден мерзімінен
бұрын шартты түрде босатылыуын бұзу туралы (ҚК 70б.7 т.)(ҚПК 453 б.3 т.).
Шығарылған қаулының көшірмесі үкім шығарған сот назарына (немесе бұрын осы
сотта қаралған болса, қылмыстық іске қосылды), сондай-ақ сотталғанның
картасына тіркеу үшін облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы құқықтық
статистика және арнаулы есептер жөніндегі басқармаға және соларға
теңестірілген ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнаулы есептер
жөніндегі комитетінің әскери басқармасы мен аймақтық көлік басқармасына
жіберіледі.
Келіп түскен істің мұқабасы жарамсыз болған жағдайда, сот маманы ескі
мұқабадан барлық реквизиттерді көшіре отырып істі жаңа мұқабаға толтырады,
бұл жағдайда ескі мұқаба іспен бірге қалады.
АПК 150 және 151 б.б. бұза отырып берілген немесе мемлекеттік баж салығы
төленбеген талаптық мәлімдемелер судьялардың анықтаулары бойынша
тоқтатлады, ол туралы талапкер хабарланады. Бұл өтініштер тиісті нарядтар
ішінде сақталады. Егер судьяның белгілеген мерзіміне дейін кемшіліктер
жойылмаған болса, бұл мәлімдемелер берілмеген болып саналады және судьяның
анықтауымен оған қосылған барлық құжаттарымен бірге талапкерге қайтарылады
(АПК 155 бабының 2 бөлігі). Тапсырыста судьяның анықтауының көшірмесімен
қоса аудандық сот мөрімен расталған талаптық мәлімдеменің бір данасы
қалады. Егер, қатысушы жақтар соттың көрсеткен кемшіліктерін жойса,
талаптық мәлімдеме аудандық сотқа бірінші өткізген күнінен бастап берілген
болып саналады.
Сот шешімін түсіндіру, сот шешімінің кейінге қалдырылуы, бөлек-бөлек
атқарылуы, шешімнің атқарылу жолдарын өзгерту, өндірілген соманы
индексациялау жөніндегі құжаттар жеке істер ретінде статистикалық-есеп
карточкаларында жеке тіркелінбейді, тек жалпы кіріс корреспонденция
жорналында тіркеледі және тиісті сот істеріне қосылады.
Сотталушыларды іздестіру туралы қаулылар және АПК 135 б. негізінде
азаматтық істі қараған кезінде сот арқылы іздеуге салынған жауапкерлерді
іздестіру жөніндегі материалдар, сот кеңсесінде тиісті наряд ішінде
сақталады. Сот әрекеттерін атқару кезеңінде іздеу салынған қарызгерлерді
іздестіру жөніндегі материалдар арнаулы жорналда (№ 11 үлгі) тіркелуі тиіс
және қаралып болғаннан кейін сақталуыға Комитеттің сот қаулыларын атқару
жөніндегі аймақтық органына жөнелтуі үшін аудандық сот кеңсесіне беріледі.
Қарызгерлерді іздестіру жөніндегі анықтаулардың орындалуын сот өндірушілері
бақылайды.
Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істердің
процессуалдық құжаттары көшірмелері тиісті нарядтар арасына қойылады.

2.2. Сот істерін оның қаралуына дейін толтыру және тұлғалардың сотқа
келулерін қамтамасыз ету.
Таратылу бойынша қылмыстық, әкімшілік заң бұзушылықтар жөнідегі істер келіп
түскен судья, оларды сотта өндіріске алу жөніндегі мәселені шешеді, сондай-
ақ тиісті заң бойынша басқа да әрекет дасайды. Қамауда отырған тұлғаларға
қатысты қылмыстық істер бойынша сот отырысын тағайындаған кезде аудандық
соттың судьясы жеке басын куәлайтын құжаттарды тексереді. Айыпталушының
жеке басын куалайтын құжат жоқ болған жағдайда, аудандық сот төрағасының
қылмыстық істі “Жеке басын куәлайтын құжаттарын жоғалтып алған, олар
жөнінде бұлтартпау шаралары ретінде қамауға алау жолы қабылданған
айыпталушыларды құжаттандыру тәртібі туралы” Қазақстан Републикасы Ұлттық
қауыпсіздік комитеті Төрағасының 2003 жылдың 23 қаңтарындағы, Қазақстан
Республикасы ішкі істер Министрінің, Қазақстан Республикасы әділет
Министрінің, Қазақстан Республикасы финанс полициясы агенттігі Төрағасының,
Қазақстан Республикасы кедендік бақылау агентттігі Төрағасының 2003 жылдың
22 қаңтарындығы № 2150 біріккен бұйрығымен бекітілген 2003 жылдың 4
ақпанындағы Нұсқауына сәйкес оларды қалпына келтіруі үшін прокурорға беруі
тиіс.
Талаптық мәлімдеме келіп түскенде судья бескүндік мерзім ішінде оны сот
өндірісіне алу жөніндегі мәселені шешеді. Мәлімдемені сот өндірісіне алған
және азаматтық іс қозғған жағдайда судья ҚР азаматтық процессуалдық
заңдарымен қаралған іс-әрекеттерді атқарады.
Сот отырысында қаралуға белгіленген істер бойынша сот отырысының хатшысы
кетіп қалмауы туралы қолхат берген сотталушыны, жәбірленушіні,
талапкерлерді, жауапкерлерді және басқа да процесске қатысушы тұлғаларды
сот отырысына шақырыу туралы қағазды уақытылы толтырып және жіберуді
қамтамасыз етеді, ҚР процессуалдық заңдарымен қаралған тәртіп бойынша істің
қаралатын күні мен сағаты туралы прокурорға, адвокатқа және процесстің
басқа да қатынасушыларына хабарлайды. Келісімі бойынша, іске қатысушы
тұлғаның қолына хабарланытын немесе іс бойынша шақырылатын тұлғаға тапсыру
үшін сотқа шақыру қағазы беріледі. Шақыру қағазын жеткізу тапсырылған кісі
аудандық сотқа шақыру қағазының иесі алғандығы жөнінде көрсетілген күні мен
қолы бар парақшасын қайтаруға міндетті. Қажет болған жағдайларда іске
қатысушы тұлғалар, сол сияқты куәлар, сарапшылар, мамандар және тілмаштар
тапсырылғаны жөнінде хабарламасы бар тапсырмалы хатпен, телефонограммамен
немесе телеграммамен, сондай-ақ хабарланғанын немесе шақырылғанын белгілей
алатын басқа да байланыс құралдырымен хабарлануы немесе шақырылуы мүмкін.
Хабарланатын немесе шақырылатын кісіге хабар немесе шақыру іске қатысушы
жақтың немесе кісінің көрсеткен мекен-жайы бойынша жіберіледі. Егер соттқа
айтылған мекен-жай бойынша азамат іс жүзінде тұрмайтын болса, хабар немесе
шақыру оның жұмыс істейтін орнына жіберілуі мүмкін. Мекемеге бағышталған
хабар немесе шақыру, оның орналасқан жеріне жіберіледі. Қатынасушы жақтар
соттан істі олардың қатысуынсыз қарауын және оларға шешімнің көшірмесін
жіберін жазбалы түрде сұрауға құқылы. Егер іс жағдайы бойынша қажет болса,
сот қатысушы жақтардың сот отырысында болуы міндетті деп табуы мүмкін (АПК
187 бабының 5 бөлігі). Сотқа келуден қасасты түрде жалтарып жүрген
кісілерді (жауапкерді, куәні, сарапшыны, маманды және тілмашты) күшпен
алдырту туралы соттың (судьяның) ұйғарымы шығарылса, сот отырысының хатшысы
бұл ұйғарымды атқару үшін сот кеңсесіне (сот приставына), ал қажет болған
жағдайда ішкі істер мекемелеріне жібереді (АПК 120 б.). Жауапкердің іс
жүзінде тұратын орны белгісіз болса, сот жауапкердің ақырғы белгілі болған
тұрған жерінің тұрғын үйді пайдалану мекемесінің, жергілікті өзін-өзі
басқару органының немесе тиісті атқару органының немесе оның белгілі болған
ақырғы жұмыс орны әкімшілігінің алғандығын куәлайтын жазуы бар шақыру
қағазының немесе басқа хабардың, шақырудың келгеніне дейін істі қарауға
кірісе береді (АПК 135 бабының 1 бөлігі). Мемлекеттің пайдасына, сол сияқты
алимент өндіру, асыраушысын мертіктіруінен немесе денсаулығына басқадай
зақым келтіруінен немесе өлуінен болған зиянды өтеу жөнінде берілген
талаптар жауапкерінің тұратын орны белгісіз болған жағдайда, сот ішкі істер
немесе финанс полициясы органдары арқылы жауапкерге іздестіру салуға
мндетті. Соттың жауапкеге іздеу салуы істі қарауға кедергі бола алмайды.
Іздестіру шаралары барысында жауапкердің тұратын орны табылған жағдайда,
оған сотқа шақырылуы туралы шақыру қағазы табыс етіледі (АПК 134 бабының 2
бөлігі). Дәлелді себепсіз шақырғанға келмеген жағдайда, күдікті,
айыпталушы, сол сияқты куә және жәбірленуші соттың дәйекті қаулысы бойынша
күшпен әкелінеді (зорлықпен жеткізіледі). Күшпен әкелу жөніндегі қаулы оның
атқарылар алдында күдіктіге, айыпталушыға, сол сияқты куә мен жәбірленушіге
хабарланады, бұл олардың қаулыдағы колымен куәланады (ҚПК 158 б.).
Бұйрықты өндірістегі істер бойынша сотқа шақыру қағазы жазылмайды, себебі
мәлімденген талап мазмұны бойынша сот бұйрығын судья мәлімдеме келіп
түскеннен кейін үш күн ішінде борышкер мен өндірушінің қатысуынсыз шығара
береді.
Қылмыстық және азаматтық істер бойынша тұлғаларды шақырту жөніндегі сот
қағазы белгіленген үлгі бойынша (№ 15,16 үлгі) жасалынады.
Сотқа шақыру қағазы істі сот отырысында қарауды бекіткен күннің ертеңінен
қалмай, істің қай мерзімде тыңдалуына қарамастан, жасалынуы және жіберілуі
керек (алдын ала тыңдауда қаралған істер бойынша, тыңдалған күннің
ертеңінен қалмай). Хабарлар мен шақыруларды жібергенде, хабарланушы мен
шақырылушы уақытылы сотқа келе алатындай және іске дайындала алатындай
мерзімді есепке алу керек. Әкімшілік жолымен ұсталуға кенелген кісілер
жөнінде талап толтырылады және істі тыңдау туралы анықтаудың көшірмесімен
бірге тиісті мекемеге жіберіледі.
Егер аудандық сот жіберген шақыру қағазы мекен-жай бойынша табыс етілмеген
болса, сот отырысының хатшысы оның почтамен немесе маманмен (экспедитормен
немесе қағаз тасушымен) қайтарылып келгенінен соң бірден табыс етілмеудің
себебін анықтауға және ол жөнінде судьяға баяндауға міндетті, сонымен қатар
одан кейінде белгіленген тәртіп бойынша шақыру қағазын табыс етілу
шараларын қолдануы тиіс. Іске шақыру қағазын алғандығы жөніндегі барлық
қолхаттар, оның ішінде аудандық сотқа келгендердіңде, істің ішіне тігілуі
тиіс.
Қылмыстық істер бойынша соттың басты қаралуын тағайындағанынан кейін
аудандық сот қамау орнының немесе тергеу изоляторының әкімшілігіне
сотталушыны сот отырысына жеткізуі туралы талап жібереді. Талап ішінде
сотталушының фамилиясы, аты, әкесінің аты және туылған жылы, сотқа түскен
Қылмыстық кодекстің бабы, сотталушыны жеткізу уақыты (күні және сағаты)
анық көрсетіледі. Талаптар судьяның қолымен және аудандық соттың елтаңбалы
мөрімен расталады (№ 24 үлгі).
Азаматтық істер бойынша жауапкерге шақыру қағазымен қоса талап
мәлімдемелерінің көшірмелері, ал судья қажет деп тапса, талап
мәлімдемелеріне қосылған құжаттардың көшірмелері жіберіледі. Егер
азаматттық іс талапкердің қатысуымен тыңдалуға белгіленсе, онда талапкерге
істің қарлатын орны мен уақыты ауызша хабарланады және талап арызына қол
қойылуы ұсынылады. Талапкердің өтініші бойынша оған сотқа шақыру қағазы
берілуі мүмкін. Судья жауапкерге талап мәлімдемесінің және оған қосылған
талапкердің талабын негіздейтін құжаттардың көшірмелерін жібереді немесе
қолына табыс етеді, және де өзі белгілеген мерзім ішінде талап мәлімдемесі
бойынша пікір (наразылық) мен өз пікіріне (наразылығына) дәледемелер беруін
ұсынады. Жауапкердің пікір мен дәлелдемелерді бермеуі, істегі бар
дәлелдемелер бойынша істі қарауына бөгет бола алмайды.
Әкімшілік заң бұзушылықтар жөніндегі істер келіп түскенде, істі қараушы
судья істі өндіріске алу мәселесін шешеді. Істі қарауға белгілеген кезде,
судья уақыт мерзімін ҚР тиісті заңымен басшылық етеді.
Шет елде тұратын және шетелдік мекемелерде жұмыс істейтін Қазақстан
Республикасы азаматтарына бағыштаған сотқа шақыру қағаздары мен басқа
құжаттар осы мәселелерді реттейтін халықаралық келісімдер ережелерімен
немесе заңдарымен сәйкес жіберілуі тиіс.
Аудандық сот шетел азаматын аудандық сотқа шақырғанда басқа ел жерінде
процессуалдық және басқа да әрекеттер жасауға құқықтық көмек беруі жөнінде
жазбалы түрде тиісті бланкта тапсырма толтырады, қол қояды және аудандық
соттың елтаңбалы мөрімен растайды (№ 21 үлгі). Аудандық соттың дәйекті
өтініші бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндгі тапсырма Комитетке оның
аймақтық мекемелері арқылы жіберіледі, олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іс құжаттары қарым қатынас жасаудың кепілі
Ақпараттық - анықтамалық құжаттар
Дебиторлық борыштардың есебiн ұйымдастыру
“1-с бухгалтерия” бағдарламасы
Дебиторлық қарыздардың есебi
Дебиторлық борыштардың есебі
Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
Берешек қарыздарды талдау
Алынуға тиісті шоттар
Бухгалтерлік есеп бойынша есептер жинағы
Пәндер