Туризм және ішкі туризм индустриясының дамуының теориялық негіздемесі мен Қазақстандағы туризм индустриясының құрылымы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
Кіріспе . . .:
:
Кіріспе . . .: 1 Туризм және ішкі туризм индустриясының дамуының теориялық негіздемесі мен Қазақстандағы туризм индустриясының құрылымы
:
Кіріспе . . .: 1. 1 Туризм туралы түсінік және ішкі туризм индустриясының даму мәселелерінің теориялық негіздемесі
:
Кіріспе . . .: 1. 2 Қазақстан жеріндегі алғашқы саяхаттар және туристік қоғамдардың құрылуы
:
Кіріспе . . .: 1. 3 Қазақстандағы қазіргі таңда кездесетін туристік аймақтар мен туризм индустриясының құрылымы
:
Кіріспе . . .:
:
Кіріспе . . .: 2 Қазақстандағы ішкі туризмнің қазіргі жағдайының, негізгі туристік аудандарын және «Амари Тур» туристік фирмасының қызмет көрсетуін экономикалық талдау
:
Кіріспе . . .: 2. 1 «Амари Тур» туристік фирмасының сипаттамасы мен қызметінің ұйымдастырылу құрылымына экономикалық талдау жасау
:
Кіріспе . . .: 2. 2 Қазақстандағы ішкі туризмнің қазіргі жағдайы және негізгі туристік аудандарын талдау
:
Кіріспе . . .: 2. 3 Қазақстанның қазіргі экономикасында ішкі туризмнің рөлі
:
Кіріспе . . .:
:
Кіріспе . . .: 3 Қазақстан Республикасындағы ішкі туризмнің даму болашағы
:
Кіріспе . . .: 3. 1 Қазақстан Республикасындағы туристік кешенін басқару, туризмді дамыту стратегиясы және мақсаттары мен қағидалары
:
Кіріспе . . .: 3. 2 Туризм дамуының ғаламдану концепциясын құрастыру және туристік ресурстарды дамытудағы мәселелер, жасалып жатқан шаралар, ұсыныстар
:
Кіріспе . . .:
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
:
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
:

Кіріспе

Жұмыс барысында Қазақстанның ішкі туризмін мына тұстардан қарастырылды:

- ішкі туризм индустриясының даму мәселелері;

- Қазақсанның ішкі туризмінің қазіргі жағдайы;

- Қазақсанның ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері;

- ішкі туризмінің дамуының алғы шарттары;

- Қазақстанда қазіргі кезде кездесетін туристік аймақтар;

Жұмыстың негізгі мақсаты мынандай бөліктерден тұрады:

- Қазақстандағы ішкі туризм дамуының мүмкіншіліктерін қарастыру;

- Қазақсанның ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктерін қарастыру;

- Қазақсанның ішкі туризмінің қазіргі жағдайына шолу жасау;

- ішкі туризм дамуының алғы шарттарын белгілеу;

Бітіру жұмысы негізінен, мазмұны, кіріспе, үш бөлім мен қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 70 бет.

Жыл сайын көрме алаңдары ұлғаюда, республиканың туристік ұйымдарының өкілдіктері кеңеюде, жарнамалық - ақпараттық өнімнің сапасы артуда. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде 2004 жылғы қарашада Қазақстанның бірінші туристік өкілдігі ашылды. Бүкіләлемдік туристік ұйымның іс - шаралары күнтізбесіне енгізілген KITF - Қазақстан халықаралық жәрмеңкесі алматы қаласында, «Белуха» халықаралық туритсік фестивалі Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын өткізіледі. 2005 жылы KITF жәрмеңкесіне әлемнің 23 елінен 200-ден астам компания қатысты, ал 2009 жылы оның экспоненттері 30 елден 450 компания болды. Сонымен қатар негізгі мақсаты туристер ағымының елдің орталық және солтүстік өңіріне тарту, ел ордасы - Астананың үшінші мыңжылдық қаласы ретінде имиджін қалыптастыру болып табылатын «Астана - Демалыс» халықаралық Қазақстандық туритсік көрме жыл сайын өткізіліп тұрады.

Бүгінде республика іс жүзінде туризмнің қолданыстағы барлық түрін ұсынып отыр. Туристк кластерді дамыту шеңберінде республикада туризмді дамытудың іскерлік, экологиялық, мәдени - танымдық, сондай-ақ шұғыл түрлері сияқты басым бағыттары айқындалады

Елде әртүрлі туристік қызмет көрсетулерде қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға кең мүмкіндікті қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешеннің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасалуда, ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленіп қабылданды.

Қазақстан Республикасы аумағында туристік ұйымдарды дамыту.

Қазақстан Республикасында туризмнің материалды- техникалық базасын дамытуға инвестициялар тарту үшін жағдайлар айқындалды. Ішкі туризмді дамыту көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Елімізге туристер негізінен әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында көбіненсен автожол көлігі пайдаланылады. Жыл сайын респуликалық маңызы бар жолдар тізбесі толықтырылып, олардың құрамында ірі туристік нысандарға апаратын жолдар бар.

Сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм көлемін ұлғайтудың негізгі факторлардың тармақталған көлік желісін дамыту және жолаушылар тасымалының барлық түрлереінің географиясын кеңейту болып табылады. Осыны ескере отырып, ұлттық тасымалдауышы-«Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы мен «Жолаушылар Тасымалы» акцоинерлік қоғамы туризм саласындағы уәкілетті органның қолдауымен 2002 жылдан бастап Алматы - Тараз - Шымкент - Ташкент - Самарканд- Үргеніш - Бішкек - Рыбачий - Алматы бағыты бойынша «Жібек Жолы меруерті» мамандырылған поезын ұйымдастыру жөніндегі жобаның бірінші кезеңін іске асырды.

Болашақта Тегеранға дейін екінші кезеңді, Қытайдың Шынжан Ұйғыр автономия округы арқылы Пекинге дейін үшінші кезеңді жүзеге асыру жоспарлануда.

2007 жылдан бастап 2010 жылды қоса алғандағы кезеңде Қазақстан Республикасының шетелдермен туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастығының нормативті - құқықытық базасы кеңейді. Қазіргі кезде туризм саласында 26 келісім қолдануда. Жапония, Грекиямен, Франциямен, Катармен, Сауыд Арабиясымен, Словениямен, Польшамен, Монғолиямен, Малазиямен туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім жобалары конрагенттерге келісу үшін жіберілген. Қазіргі уақытта БҰҰ мамандырылған мекемесі болып табылатын ДТҰ - мен ДТҰ - ға мүше елдердің туристік әкімшіліктерімен ынтымақтастық нығайтылды. Резидент еместердіе ел экономикасына шетелдік валюта ағынының тұрақты артуы есебінен елдің төлем теңгерімі жақсарып отырғанын айта кету керек Бүгінгі таңға дейін туризм саласы мемлекетттік экономикада қаржылай нақты . Осы себептермен туризм саласын дамыту кейінге қалдырылып отыр. Сонымен бірге мемлекеттік деңгейінде туризм дамуының маңыздылығы есептелген. Осыған байланысты Қазақстанда бірнеше шаралар қолданылған еді.

- туризмнің заңи негізін құра бастауы;

- жеке кәсіпкерлікті дамыту мен туризм саласына қосқанда инвестицияны тарту үшін белгілі жағдайлар жасалған;

- туристік саланы басқаратын мемлекеттік және жергілікті органдар құрылған;

- туризмге инвестицияларды дамыту жөніндегі саясатты айқындау;

- бюджеттік заңдарға сәйкес туризмді дамыту.

Осылайша, мемлекет тарапынан туризм саласына жеткіліксіз көңіл бөліп, ең алдымен, туризм өнеркәсібіне экономикалық және заңи жағдайларының жасалмауы, туристік саланы дамытқысы келмеуінен емес тарихи, экономикалық және т. б. объективті себептермен түсіндіріледі.

1 Туризм және ішкі туризм индустриясының дамуының теориялық негіздемесі мен Қазақстандағы туризм индустриясының құрылымы

1. 1 Туризм туралы түсінік және ішкі туризм индустриясының даму мәселелерінің теориялық негіздемесі

Қазіргі кезде адам қызметінің әртүрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның шінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз - туризм.

Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік- сервистік нарық айналымының 10%-ын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%- ын, әлемдік инвестицияның 7%-ын, әр 16 жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%-ын, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономиаға тікелей әсерін көрсетеді.

Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама берілуі керек.

Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір «оптимум» таңдау өте қиын.

1980 жылы Манила декларациясы «Туризм - халықтар өмірінде маңызды орын алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданында, мемлекет өміріне және оның халықаралық қатынастарына тікелей әсер ететін қызмет түрі» (Филиппин, қазан 1980 жылы) - деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комисииясы туризмге кең анықтама берді: «Туризм - бұл өзінің тұрғылықты жерінен басқа жерде болатын, бір жылдан аспайтын уақытта демалу, іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі».

Халықаралық туристік Акдемия баспасында берілген анықтамада (Монте Карло) : туризм - көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай да бір трнспорт түрімен жасалатын саяхат.

П. Г. Олдактың пікірінше, қазіргі ғылыммен жинақтап айтқанда: «Туризм- бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың қозғалысы, демалу, емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесулер мақсатында саяхаттау» - дейді.

Туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттеу.

Қазіргі күнге дейін «туризм» түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты анықтамасы жоқ. Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбір жақтарын қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал екіншісінде - әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген.

Туризмнің әлеуметтік жақтарының басым болуы бақыланып отыр, бұл адамдардың қоғамдақ - экономикалық өмірін әлеуметтендіру тенденциясымен түсіндіріледі. Бұрыңғы ҚСРО кезінде тіршілк деңгейінде барлық әрекеттің әлеуметтік аспектісі алдыңғы орында болды. Туризмде бұл мағына айтпаса да түсінікті. Профсоюз жолдаманың өзі төлеп немесе арзан бағамен және көрсетілген қызметті тегін ұсынып отырды[1] .

Қазір «туризм» терминін кең және терең түрде түсіндіру керек. Біздің ойымызша туризм анықтамасы екі бағытта беріледі:географиялық және экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік - территориялық қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм сұраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.

Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген:

Г. А. Папирян, туризм ол қызметтер жиынтығы, оларды тұтыну барысында ғана байқауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы өндірілмейді.

П. В. Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы - халық шаруашылығы құрылымында ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын қанағаттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тән еңбек ұсынысының ортасы болса, онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерешеліктеріне байланысты болады.

Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәнініе нақты анықтама «қазіргі туризмнің экономикасы» жұмысында берілген: «Туризм қызмет және тауар нарығының бөлігі болып табылады». Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа транспорт, туристік көрікті жерлер және бос уақыт түрі, туристік нысандар, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай- ақ жарнамалық анықтамалық қызмет жатады.

Біздің ойымызша, туризм дегеніміз - рекреация, емдік, танып білу және әр түрлі қызметпен айналысу мақсатында келген елінде тұрғылықты жерін ауыстыру немесе жұмыс істеуге байланысты емес адамдардың уақытта және кеңістіктегі қозғалысы. Бұл анықтама географиялық мәнге ие.

Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына себепші болатын және әсер ететін факторларға тоқтаймыз (1-сурет) [1, 74-76 бет] .

1-сурет. Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына әсер

ететін факторлар

Аталған факторлар біздің мемлекетке тән және Қазақстанның әлемдік туристік бірлестікте орнын айқындайды.

Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі фактолар статистикалық және динамикалық болып бөлінеді. Статистикалық факторларға табиғи - географиялық факторлар жиынтығы кіреді. Олардың өзгермейтін және қалпына келмейтін мағынасы бар. Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтк - экономикалық, материалды - техникалық және саяси факторлар жатады. Олар уақытта және кеңістікте өзгеретін әртүрлі бағасы, мағынасы болады.

Бұл факторлар жалпыланып айтылған және туризм ңегізгі аспектілерін көрсетпейді. Туризмге әсер ететін факторлар тағы да сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) болып бөлінеді. Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Бұл факторлар тобына: тұрғындар жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяға кірістің өзгеруі, тұрмысты және жанұяны кеш құру, тұрғындар құрамында баласыз жанұяның көбеюі, иммиграциялық шектеулердің азаюы, төленетін іс - сапардың өсуі және жұмыс уақытының қолайлы графигі, зейнетке ерте шығу, туризмге жағадайлардың өсуі жатады.

Аталған көрсеткіштер тура немесе жанама түрде адамның бос уақыт құрылымына әсер етеді. Бұл туризмнің дамуына объективті әлеуметтік демографиялық жағдай туғызады. Сондықтан туризмді дамыту бағдарламасын құрғанда бос уақыт бюджетін және тұрғындарының уақыт құрылымын анықтау керек.

Экзогенді факторларға:

- экономикалық факторлар;

- қаржылық факторлар жатады.

Алайда біздің ойымызша, бұл факторлар ерекшелініп тұрады және оларды бөлек қарастыру керек, өйткені олар туризмнің дамуын көбірек анықтайтын факторлар болып табылады.

Сонымен қатар экзогенді факторларға:

- саяси;

- құқықтық бақылаудың өзгеруі;

- технологиялық өзгерістер;

- транспорт инфрақұрылымының және сауданың дамуы;

- саяхаттың қауіпсіздік жағдайының өзгеруі жатады;

- туристік азық - түліктік бағасы және оны төлеу тәртібі;

- келісім шартты өзгерту.

Ішкі факторлар - бұл факторлар туризм сферасына тікелей әсер етеді. Ең алдымен оларға материалды техникалық факторлар жатады. Бұл жерде біз ішкі факторлар туризмге ғана емес, туризм индустриясына да қатысты деп көрсеткіміз келеді. Себебі олар таза экономикалық көрсеткіштерге ие. Мысалы, орналастыру орындарының, транспорт, тамақтану, орындары, рекреациялық сфера, жекеше сауда және т. б. өсуі.

Туризм факторларын анықтап және анлиздеп болған соң туризм индустриясын зерттеуді бастау керек.

Туризм индустриясы экономиканың жеке саласы ретінде жоспарлы экономика жағдайында болған жоқ.

Туризм индустриясы терминінің анықтамасын берейік:

«Туризм және туризм индустриясы» түсінігі ұқсас және бір мағыналы сияқты. Ғылыми әдебиеттерле ғалымдар бұл терминге әртүрлі анықтама береді. «Туризм индустриясы» түсінігі өте көлемді және қиын. ҚСРО кезінде оған бірінші рет П. Г. Олдак анықтама берген: «Туризм индустриясы туризм қызметін сату және құруға маманданған қызмет көрсетуші мекемелерімен мінезделеді немесе туристердің төлеу қабілеттілік сұранысын қанағаттандыруға мамандырылған экономиканың бөлек саласы».

С. Р. Ердаулетовтың ойынша туризм индустриясы туризмнің шаруашылық деңгейіy анықтайды. «Туризм индустриясы» - таза экономикалық категория болып табылады. И. В. Зорин, В. А. Квартальнов туризм индустриясын шаруашылық құрылымның дербес звеносы деп анықтады; комплексті салалар мен бөлімдерден құралған экономикалық жүйе, олардың функциялары демалыс пен көңіл көтерудің барлық түріне қиын және әртүрлі сұранысты қанағаттандырумен шектеледі. Сонымен, «туризм индустриясы бұл табиғаттағы рекреациялық байлығына сүйенетін, сервис инфрақұрылымның барлық формалары кіретін демалу және көңіл көтеруге қоғамнаың сұранысын қанағаттандыратын қиын, шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтің көрқырлы жүйесі».

«Туризм және туризм индустриясы» терминнің анықтамасы жалпы қабылдағаннан бірнеше айырмашылығы болу керек. Олардың айырмашылығы теориялық бағыттың «Туризм» терминіне географиялық тұрғыдан қарау. Туризм - бұл саяхат, ал саяхат - ғасырлардан қалыптасқан түсінік, олар саяхатшы - географтармен жасалған географиялық ашылулар. Сондықтан туризм - бұл таза географиялық түсінік.

«Туризм индустриясының» экономикалық мәні бар. Индустрия сөзі үлкен өнеркәсіп деген мағынаны білдіреді (л. т. «industria»- қызмет) . «Туризм индустриясын» экономикалық тұрғыдан қарау бұл саланың масштабтылығы мен тиімділігіне аз капиталдың сиымдылығы және құйылған қаржының тез өтелуіне байланысты.

«Туризм индустриясының» ерекше қасиеттері: Туристік мекемелердің ресурстарға байланысты орналасуы, өндірістің маусымдылық және циклді мінезі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен инвестицияның міндеттілігі жатыр.

Туризм индустриясының оң және теріс жақтары оның экономикадағы және қоғамдағы орнын анықтайтын факторлардың бір бөлігі ғана. Туризм индустриясын дамытуды дұрыс түсіну үшін экономикалық саланың оң және теріс жақтарын бөліп көрсету керек. Туризм индустриясының оң жақтарын төменде көрсетілген (2-сурет) [2, 87-90 б] .

2-сурет. Туризм индустриясының оң жақтары

Келесі сұлбада туризм индустриясының теріс жақтарын толық қарастырған (4-сурет) [2, 94-96 б] .

Туризм индустриясының оң және теріс жақтары оның экономикадағы және қоғамдағы орнын анықтайтын факторлардың бір бөлігі ғана.

Біздің атап өткен туризм индустриясы дамуының оң және теріс жақтары тұрақты емес, олар біздің ұлттық экономикамыздың жаңа секторларының қалыптасуына байланысты өзгертіліп және толықтырылып тұрады.

1. 2 Қазақстан жеріндегі алғашқы саяхаттар және туристік қоғамдардың құрылуы

Қазақстандағы ұйымдасқан саяхат пен ішкі туризмнің тарихы негізінен әлемдік туризмнің тарихын дәуірлеумен сәйкес келеді.

Дегенмен Қазақстан туризмінің тарихының өзіндік ерекшеліктері де бар.

Қазіргі Қазақстан территориясын біздің жыл санауымызға дейін мекендеген адамдар аңшылық пен терімшіліктен өндірісті еңбекке әлемнің баска аудандарына қарағанда кешірек көшкен. Қазқстан ғалымдардың пікірінше, біздің республикамыздағы ең көне адамдар осыдан шамамен жарты миллион жыл бұрын пайда болған. Оның негізгі дәлелі - адам колымен жасалған еңбек құралы. Көне Қазақстандағы тұрғындардың өндірістік шаруашылығы б. д. д. III мыңжылдықта басталған.

Көне әлемнің тарихында қазіргі Қазақстан территориясын-дағы алғашқы ұйымдаскан саяхатгар басты туристік нысан -Үлы жібек жолымен байланысты. Ал оның қалыптасуының ба-стапқы дәуірі б. д. д. III мыңжылдьщқа сәйкес келеді. Б. д. д. зер-тгеушілер өз еңбектерінде Қытай туралы мәліметгер келтіріп, ол елге баратын жолдардың сипаттамасын берді. Кейіннен ¥лы жібек жолы аталған жолдың алғашқы бізге жеткен сипатгама-сы осы. Ал бүл сипаттаманың қағазға түсуі - б. д. д. I ғасыр-дың аяғы. Птолемейдің өзі бүл сипаттаманы біздің заманымызға жетпеген Марк Тирскийдің шығармасынан және саудагер-лердщ ұрпағы Май Тицианның Евфрат өзенінің жағасындағы аралық қала Гиераполь арқылы Месопотамияны көктеп өтіп, одан әрі Мидиядағы Экбатанға, сонан соң Каспий теңізінің оңтүстігін орай жүріп, Парфияның астанасы Гекатомпилге, Маргияндық Анохияға, Бактрияға және Камед таулары арқылы (бұл Алай және Алайдан арғы қыраттар болуы мүмкін) Татим өзенінің бассейніне түскен. Ол жерден Қытай астанасына барған. Кейіннен ¥лы жібек жолы деп аталған жолдың классикалық көне сипаттамасы осы. Көптеген зерттеушілер ұлы жолға бұл атауды немісі ғалымы ф. Рихтгофен өзінің «Қытай» деген кітабында 1877 жылы берген деген пікірді ұстанады. Дегенмен де атақты экономика тарихшысы А. М. Петровтың пікірінше, мұндай атау көне әлемде болған.

Римдіктер жібекті «серикум», ал өндірушілер мен сатушыларды «сера», яғни «жібек адамдар» деп атайды. Келешек атаудың қайдан шыққаны туралы мәліметтер К. Птолемейде де бар, онда жол Жібек еліне апарады. Аллмиан Марцелиннің «Тарихының» 23-кітабында «Сералармен қарым-қатынастағы үлкен сауда жолы» деп көрсетіледі [5] .

¥лы жібек жолының қалыптасуының үзақ процесс ( батыс пен шығыс өркениеттерінің, көне әлем мен Қытайдың бірін-бірі біртіндеп тануының дәлелі. Бірнеше ғасыр, тіпті бірнеше мың жыл әлем Қиыр Шығыстағы ірі отырықшы өркениет иесі Қытай жайлы ешнәрсе білмеді десе де болады.

Көне заманның саяхатшылары, зерттеушілері және басқыншыларының (Геродот, Аристотель, А. Македонский, Эратосфен және т. б. ) ойынша б. д. д. II ғасырға дейін ойкумен (әлем) Шығыста шөл даламен аяқталады деп түсінді.

Ал шындығында ¥лы жібек жолы қазіргі Орталық Азия территориясындағы тарамдары бұрыннан бар болатын. А. М. Петров бойынша, Алдыңғы және Орта (Орталық) Азияның бір- бірімен байланысы сонау б. д. д. III мыңжылдықтан бастау алады. Сол кездің өзінде-ақ Бадахшаннан (қазіргі Тәжікстан территориясы) Иранға көк тас (лазурит) тасылды. Кейіннен Таяу және Орта Шығысқа көгілдір ақық (бирюза), Согдианадан қызғылт сары асыл тас (сердолик) әкелінетін. Ахмемидтер дәуірінде лазурит, бирюза, сердоликтер жолы ерекше қарқынмен дамыды, А. М. Петров сондықтан да «Геродит - маршрутына жолдың орта азиялық бөлігін де косуға әбден болады дейді. Бадахшан лазуриттері Месопотамия мен Сириядан да табылған. Археологиялық олжалар Тәжікстанның Орта Азия, солтүстік Үндістан, орта Шығыспен байланысының б. д. д. III және II мыңжылдықтын басында болғандығын дәлелдейді.

Қалыптасқан қарым-қатынастар бойынша Орта Азияға Үндістаннан, Жерорта теңізінен, тіпті Аравиядан келуге болатын. Суец мойнағы аркылы Африкаға баратын. Бадахшан лазуриті тіпті Египеттен де табылды. Орта ғасырдағы Қазақстан Жерінде ұйымдасқан саяхаттар мен белгілі бір мақсаттағы туристік нысандардың болғандығы аныкталып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің әлеуметтік имиджінің туризм индустриясы дамуына әсері
Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары
Ішкі туризмінің дамуының алғы шарттары
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Туризмнің әлемдік экономикадағы, Қазақстандағы және Алматы облысындағы рөлін зерттеу
Ішкі туризм туралы ақпарат
Мәдени туризмді дамыту әлеуеті
Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
Туризм саласындағы мамандарды даярлаудың теориялық аспектасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz