Экономикалық қауіпсіздік - мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе
I бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың
теориялық және әдістемелік аспектілері.
1.1 Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік аймақтық басқару
негіздері
1.2. Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні
II бөлім. Аймақтағы экономиканы мемлекеттік реттеуді жетілдіру
2.1. Қазақстан Республикасының аймақтарындағы басқару жүйесін жетілдіру
жолдары
ІІІ бөлім. Экономикалық қауіпсіздік – мемлекеттің сыртқы экономикалық
саясатының негізгі
3.1. Әлемдік шаруашылық байланыстар дамуы жағдайындағы экономикалық
қауіпсіздік
3.2. Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бүгінгі күнде қазіргі экономиканы тереңінен талдау қажеттігі, оның
бүтіндей сипаттамасы, тұрақтылығы, әлсіз жағдайларын анықтау қажеттілігі
өзекті тапсырмалардың бірі болып тұр. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды
ғылыми негіздеу үшін нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында
үлкен мәнге аймақтық экономика ие болып отыр.
Қазіргі кезде негізгі шаруашылық ету қызметі аймақтарда жүзеге
асырылады. Оларға өздігінен әлеуметтік -экономикалық мәселелерді шешуге
және аймақаралық байланыстар жасауға мүмкіндік берілген. Әр аймақ
еліміздегі шаруашылық кешенді белгілі бір орынды алады, осыған қоса басқа
аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы әр аймақтың өзіндік табиғи
ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, ұлттық және тарихи
белгілері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар.
Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық
экономиканың мәні ерекше. Аймақтың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін проблемалардың бірі болып
отыр.
Аймақтық дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - аймақтарға
экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды
қамтамасыз ету.
Аймақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін
қолданылады, яғни баланстық, картографиялық, жүйелілік, экономика-
математикалық және статистикалық әдістер қазіргі кезде аймақтық деңгейде
басқарудың қызметтері мен әдістері экономикалық, әлеуметтік және әкімшілдік
бағыттарының бірігуіне негізделеді.

I бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың
теориялық және әдістемелік аспектілері.

1.1 Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік аймақтық басқару
негіздері

Соңғы жылдары экономиканы аймақтық басқару мағынасы көп қолданылып
жүр. Қазіргі кезде, негізгі орынды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық
мақсаттар, сонымен қатар еліміздің экономикалық даму жетістіктеріне жету
жолдары алады.
Аймақтық экономика - бұл экономика білім жүйесіндегі ең маңызды
салалардың бірі болып табылады. Аймақтық экономикалық пэні Қазақстан
Республикасының өндіргіш күштерін әлеуметтік-экономикалық аумақтық
орналастыру және оның экономикалық салаларын дамыту, аймақтардың маңызды
табиғи-экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, оған
қоса аймақаралық, ішкі аймақтық және мемлекетаралық экономикалық
байланыстарды зерттейді. Басқаша айтқанда, аймақтық экономиканы зерттеудің
маңызды құралы болып қоғамдық ұдайы өндірістің кеңістіктік аспектісін
зерттеу болып саналады.
Аймақтық экономика білімнің ғылым саласы ретінде, аймақтық аспектіде
әлеуметтік инфрақұрылымының және өндіргіш күштердің барлық элементтерінің
қағидаларын, заңдылықтарын зерттеумен, талдаумен және болжаумен айналысады,
сонымен қатар экологиялық талаптары мен әлеуметтік-экономикалық дамытудың
жалпы стратегиясын қосқанда өндіргіш күштерді орналастыру бағыттарын
негіздеумен; республика мен аймақ экономикасын және аймақаралық
экономикалық байланыстарын зерттеумен, шаруашылық аумақтық ұйымын
зерттеумен айналысады. Аймақтық экономика Қазақстанның табиғи ресурстық
потенциалын, оның аймақтарын, тұрғындарын, еңбек ресурсын және қазіргі
демографиялық проблемаларын қарастырады, сонымен қатар нарықтық
қатынастардың құрылу және оның аймақтарының экономикалық деңгейін талдайды.
Әлемдік шаруашылық жүйесінде еліміздің алатын орнын, экономикасының
құрылмдылық қайта құру бағытын, нарыққа өту кезіндегі өндіргіш күшті
орналастыру факторларын анықтайды және шаруашылық құрылымын зерттеп, оны
тиімді пайдалану жолдарын қарастырады (1).
Аймақтық экономика анықтамасына келмес бұрын, бірінші территория аймақ
деген ұғымдарға түсінік беріп өтелік. Территория - бұл географиялық
жағдаймен және тағы басқа да белгіленген белгілі бір территорияны
сипаттайтын, жердің беткі қатты шектелген бөлігі. Әртүрлі белгілері бойынша
басқалардан ерекшеліктерін және оның элементтерін құрайтын өзара байланысты
бүтінділікке ие территорияны анықтайды. Аймақ территориядан белгілі бір
мақсаттары жәнее тапсырмаларымен ерекшеленеді. Әр ғылымда аймақты бөлуде
өзінің критериялары қолданылады:
экономикалық-әкімшілік басқару диспозициясы; еңбекті аумақтық бөлудегі
рөлі; әлеуметтік-экономикалық роблемаларды шешу; экономикалық кеңістік -
бәрі олармен байланысы: жергілікті пунктер, егістік, жерді иелену, көлік
инженерлік торабы және тағы басқа.
Әр аймақтың сыртқы экономикалық кеңістікпен байланысты өзіндік
экономикалық кеңістіктің сапасы келесідей сипаттамалармен анықталады:
тығыздық ( халық саны, жалпы ішкі өнім, негізгі капитал, табиғи
ресурстар);
орналастыру (тең көрсеткіштер, халықты бөлу, экономикалық
қызмет);байланыстылық (экономикалық байланыстардың қарқындылығы, тауар,
капитал, еңбек қозғалысының жағдайы).
Аймақтық экономика - бұл табиғи экологиялық жағдайлармен тығыз
байланысты, еліміздің территориясының және оның аймақтарының әлеуметтік-
экономикалық процестерін, өндіргіш күштерді орналастыру және дамытуды
зерттейтін ғылым саласы болып табылады (2).
Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық экономиканы
дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Қайта құру процестерде туындайтын
барлық проблемалар аймақтық факторлар мен жағдайлардың іс-әрекетімен тығыз
байланысты. Аймақтық экономиканы дамыту мақсаты, тек әлеуметтік бағытталған
ғана емес, мемлекетпен ретелетін нарық құру болып табылады. Осындай реттеу
жалпы аймақтың халық шаруашылығының тиімді қызмет ету жағдайын жасау керек.
Ең алдымен, бұл тиімді, яғни аймақтың мамандануы, еңбек ресурстарын
пайдалану және шығынды минималдау мен табиғи жағдайларға байланысты.
Аймақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін
қолданады, оның ішінде баланстық әдіс маңызды болып табылады. Салалық және
аймақтық баланс жасау нарықтық маманданған салалар, территориялық кешенді
толықтырушы, яғни алдағы салалардың да, халықтың қажеттілігін қамтамасыз
ететін, салалар және қызмет сферасындағы салалар арасындағы дүрыс қатынасты
таңдауға мүмкіндік береді. Баланстар (тепе-теңдіктер) санымен қатар тиімді
аймақаралық және аймақ ішіндегі байланыстарды дайындау үшін де қажет.
Кәсіпорын жылжуын экономикалық негіздеу (кәсіорынды құрал-жабдықпен қамту,
құрылыс орнын анықтау, оны шикізатпен, энергиямен, сумен, жылумен, еңбек
және басқа ресурстармен қамтамасыз ету есебін жұргізу үшін аймақ таңдау)
баланстық әдістің мазмұнын құрайды. Аймақ экономикасының негізгі аймақтық
өндіріс және өнімнің негізгі түрлерін тұтыну тепе-теңдігі (балансы) кіреді.
Аймақтық байланыстарды құру үшін өнделетін әдістер қолданатын үлкен
жобалы жұмыстар мен эксепдициялар алдын-ала жүргізілуі тиіс.
Салалық және аймақтық баланстар құру аймақтың кешенді даму деңгейін,
оның дамуындағы диспропорциялардың болуын анықтауға мүмкіндік береді.
Аймақтық экономиканы зерттеудің ерекше әдісі картографиялық әдіс болып
табылады. Аймақтық экономикадағы карта тек зерттеу обънктісі ғана емес, ол
сонымен қатар өндіріс күштерінің жылжуы және аймақ экономикасы туралы
ақпарат алудың көзі болып есептелінеді. Карталарды, картокестелерді,
картограммаларды, картодиаграммаларды қолдану арқылы орналастыру
ерекшеліктері ғана емес, сала мен аймақтардың даму деңгейін сипаттайтын
статистикалық мәліметтер де есте қалады.

1.2. Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде нарыққа өту барысында аймақтық
экономикалық саясат мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Бірақ, аймақ саясаты
аймақтық экономикалық саясаттың нақты бір көзқарасы жоқ десек болады.
Аймақтық саясат - көпмағыналы ұғым, эртүрлі мэндерде кеңінен
қолданылады. Көбінесе осы ұғым қолданылатын сипаттамадағы негізгі үш
проблеманы көрсетуге болады:
1. Билік және атқарушы органдар және биліктің аймақтық органдары
арасындағы әртүрлі түрдегі қарым-қатынастарды сипаттау;
2. Кәсіпкерлік және өмір деңгейі жағдайында мағыналы аймақтық
өзгешіліктерді игеру мақсатымен және территориялдық құрылымды дамытуға
мемлекеттің араласуы;
3. Аймақтық және саясатын сипаттауда: әлеуметтік, экономикалық,
өндірістік, аймақтық және тағы басқалар (5).
В.С.Жихаревич келесідей анықтама береді: "экономикалық саясат
-құрастырылған мақсаттарға жету мүддесінде аймақта өткізілген белгілі бір
концепцияны, экономикаға реттеуші әсер етуші". Аймақтық экономикалық саясат
үш құраушылардан тұрады: субъект, объект және мақсаттар. Аймақтардың
өздерімен жүргізілген аймақтық саясат — бұл нақты бір территорияда
жергілікті жағдайларды қосқанда кеңістіктегі тараптайтын сферасының барлық
элементтердің өзара және келісілген бұзылмайтын дамыту үшін жасалуы тиіс.
Мемлекеттік аймақтық саясат жерлерде аймақтық саясаттық қабілетсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталған. Аймақтық саясаттың объектісі - аймақ
арасындағы өзара байланыстар және қатынастар.
Қазақстанның басты аймақтық мүддесі қазіргі кезде, жергілікті
құрылымдарды қолдау ретінде, Қазақстан Республикасының әрбір аймағы өзінің
ішкі потенциалын максималды қолдануы және мемлекеттік көмек мүмкіндіктеріне
көп сенбей жалпы қазақстандық жағдайлар құру болып табылады.
Орталық үкімет аймақтық саясаты елімізді дамытудың жалпы ұлттық
мақсаттары шегінде жүзеге асырылады және экономика жағдайына тәуелді.
Экономикалық дағдарыс кезеңінде экономикалық мақсаттарды иеленеді,
экономикалық өсу кезеңінде - әлеуметтік мақсаттар болады. Қазіргі уақытта,
Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттарына төмендегідей түрлерін пайдалану
пайдалы және мүмкін болып есептеледі:
1. Әр аймақтағы халықтың түрмыс-жағдайы деңгейін теңестіру. Еліміздегі
жүргізілген реформалар аймақтық бөліністердің тез көтерілуіне әкелді.
Аймақтық экономикасын дамыту ерекшеліктеріне төмендегідей негізгі
факторлар әсер етеді:
- өнеркәсіптік дамудың табиғи-шикізаттық база ерекшелігі;
- еңбек потенциалының сипаты және түрғындары;
- аймақтық шаруашылық жинақталған құрылымы; -аймақтың шаруашылық
жағдайда жиналған дәстүрлері;
-еліміздің басқа аймақтарымен экономикалық байланыстарды дамытудың
болмауы немесе қолда бар мүмкіндіктері.
2. Аймақтық даму мақсаты - дипрессивті аймақтарды құрылымдық қайта
құру. Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық
мемлекет үшін жүргізілетінімен ерекшеленеді. Депресивті аймақтарды
құрылымдық қайта құру тек ірі жалпы мемлекеттік бағдарлама көмегімен жүзеге
асырылады, кейбір аймақтарда бұл тапсырманы орындай үшін қажет ресурстардың
жетіспеушілігі болады. Мемлекеттің негізгі функциясы, артта қалған
территорияларды жоғары дамудағы аймақтардың деңгейіне дейін көтеру, бірақ
халықтар зардап шекпеуі тиіс.
3. Аймақтардың кешенді дамуы бірдей деңгейде жалпы мемлекеттік сияқты
экономикалық дамудың жеке аймақтық мақсатымен сәйкес келеді. Жергілікті
аймақтық мүдделер берілген территорияның барлық элементтерінің тепе-теңдік
дамуымен келісіледі.
4. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Бірақ бұл мақсатты
жүзеге асыруда ауырлық түсіп тұрған аймақтарға экономикалық өсуді көтеру
қажеттілігін ұмытпау керек (6).
Мемлекеттің аймақтық саясаты - мемлекет пен аймақ арасындағы өзара
қатырастар ретінде әсер ететін және кеңістіктік, аймақтық аспектіде
еліміздің экологиялық. әлеуметтік, экономикалық, саяси басқару бойынша
қызмет сферасы болып табылады.
Аймақтық саясаттың мәні және тапсырмалары бар және оларды жүзеге
асырудың тәжірибелік жолдарының көзқарастары бар. Аймақтық саясат
тапсырмаларын нақты қою үшін еліміздің кеңістікті айырмашылық себептерін
көрсету қажет.

1.3. Қазақстан Республикасындағы аймақтық дамытуды мемлекеттік реттеу.

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары аймақтық экономикаға,
аймақтарды дамыту, дәлірек айтсақ республикадағы әрбір аймақтық
экономикалық өсуін, әлеуметтік жағдайын, халықтың әл-ауқатын көтеру,
бюджетті өсіру, қаржы жағдайын, отандық және шетел инвестициясын тарту және
оны тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығын, өнеркәсіптерді, сонымен қатар
шағын және орта бизнесті дамыту сияқты және тағы басқа да проблемаларды
шешіп оларды дамытуға көп көңіл бөлінуде.
Аймақтық дамудың маңызды тапсырмаларының бірі жеке аймақтардағы халық
өмірі деңгейіндегі айырмашылықтарды жою болып табылады. Бұл тапсырманы
орындау үшін аймақтардың экономикалық деңгейі мен ерекшеліктерін ескере
жеке аймақтардың шаруашылық дамуының мемлекеттік бағдарламаларын қолдану
үлкен мәнге ие.
Барлық аймақтар үшін жалпы аймақтық тапсырмалар - бұл экономикалық
құрылымын реформалау, жеке аймақтарды депрессивті жағдайдан шығару,
әлеуметтік инфрақұрылымын жасау, экономиканы тұрақтандыру, аймақаралық
транспорттық жүйені дамыту, экологиялық қауіпсіз жағдай туғызу.
Аймақтың дамуы үшін қаржы-қаражат орны ерекше. Аймақтық экономиканы
дамытуды тездетуге бағытталған құралдардың екі көзі бар:
- сыртқы инвестициялар — экзогенді көзі
- ішкі инвестициялар — эндогенді көзі.
Эндогенді дамытуды ынталандыру тәсілдері табиғи ресурстарды,
"экономикалық ортаны" (өндіріс, транспорт, коммуникация, жинақталған
экономикалық потенциал және басқалар) және адам капиталы (білім,
квалификация, шығармашылық потенциал, кәсіпшілдігі, халықтың жан тазалығы
және тағы басқа) жағдайын қамтитын проблемалы аймақтардың ішкі потенциалын
белсендірумен байланысты.
Қазір бар технология мен өндірісті ұйымдастырудың атақты тэсілдеріне
негізделген эндогенді аймақтық дамуды ынталандырудың мүмкін болатын
әдістеріне келесілерді жатқызуға болады:
- тікелей мемлекеттік реттеу;
- қызмет секторын ынталандыру;
- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
- арнайы зоналар құру (9).
Тікелей мемлекеттік реттеу әдістері мемлекеттік меншікке негізделеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда меншікті мемлекетсіздендіру әлі жүріп
жатқандықтан, бұл әдісті эндогенді аймақтық дамытуда қолдану қиынға соғуда.
Секторлық ынталандыру құрылымдық және өнеркәсіптік саясаттың тапсырмасы
ғана болып табылмайды, кейбір жағдайларда оны аймақтық экономикалық
саясаттың тапсырмасы ретінде қарастырылады. Әсіресе, бұл қызмет сферасына
қатысты.
Қазіргі күні Қазақстандағы және басқа елдердегі шағын бизнес ұлттық
және аймақтық экономикалық саясаттың әдістерінің бірі ретінде
қарастырылады. Өзінің құрылымдық өзгерістерге бейімдегі мүмкіндігі мен
икемділігіне байланысты көптеген үкіметтер ұлттық және аймақтық деңгейде
шағын фирмаларды қолдайды. Мұндай қолдау несие бөлуде және жеңілдікпен
қаржыландыруда, кадрларды қайта оқытуға көмек көрсетуде, қаржы
кәсіпорындарының өндірісін басқаруда, инвестицияны ынталандыруда,
технологиямен қамтамасыз етуде және басқа да жағдайларда көрінеді.
Шағын және орта бизнесті аймақтық экономикалық саясат шегінде
ынталандыру,олар экономикалық өсуге мүмкіндік жасаса және аймақта жаңа
жұмыс орнын ашса ғана жүргізіледі. Көмек түрі фирманың ерекшелігіне
(капитал сиымдылықты фирмаларға капитал, қызмет көрсетудің сауда
фирмаларына, айналмалы капитал, жаңа технология мен құрал-жабдық
қажеттілігі) және өмір цикліне байланысты болып табылады.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына мемлекеттің реттеуші әсері
халықтың, шаруашылық етуші субъектілерінің өмір сүруінің құқықтық
регломенті жүйесі және жалпы макроэкономикалық (бюджеттік, салықтық, ақша-
несие), әлеуметтік-экономикалық, құрылымдық инвестициялық, сыртқы
экономикалық саясаттарды жүзеге асыру, институтционалды құрылымлар
жүргізілу арқылы жүргізіледі. Оларды әзірлеу және тәжірибеде жүзеге асыру
кезінде жүзеге асырылатын шаралардың интеграциялық аймақтық әсері және
олардың территорияларының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайына
сэйкестігін ескеру қажет.

II бөлім. Аймақтағы экономиканы мемлекеттік реттеуді жетілдіру

2.1. Қазақстан Республикасының аймақтарындағы басқару жүйесін жетілдіру
жолдары

Қазақстанның саяси өмірінде алдынғы орынға ұлттық қауіпсіздіктің
стратегиялық мүддесі мен аймақтың даму қажеттігін ескеретін мемлекеттік
саясаттың басты әрі тиімді бағыты бола алатын аймақтық саясатты жетілдіру
шығып отыр.
Аймақ — бұл өндіріс және әлеуметтік-тұрмыстық сфера, биліктің аймақтық
және жергілікті құрылымдары арасында белгілі бір үлесімділік бекітілетін,
табиғи және өндіріс ресурстарын толық пайдалануға мүмкіндік беретін тиімді
қатынастар күшейтілетін, халықтың әртүрлі қажеттіліктерін тиімді
қанағаттандыруға ұйымдастыратын күрделі әлеуметтік-экономикалық кешен,
саяси - әкімшілік құрылымы.
Көптеген елдердің ғасырлар бойындағы тәжірибесі адамдарды
орналастыруды аймақтық тәсілі консервативті, өзгермейтін фактор екенін
көрсетеді.
Бүгінгі күні Еуразияның дамығын елдері мен АҚШ-та аймақтық саясаттың
негізгі тенденциясы болып табылады:
1) билік пен экономиканы орталықсыздандыру, аймақтарға өзіндік
дербестік беру;
2) елдің және аймақтың экономикалық даму стратегиясын өзінің жеке
табиғи ресурстық потенциялын пайдалану мүмкіндігін ескере бірігіп әзірлеу;
3) территорияның экономикалық дамуының деңгейлерін теңестіру. Бүған
байланысты ұлттық үкіметтің компетенциясы мағыналы өзгерістерді басынан
ескеретін, ал аймақтар өзін басқаруды және халықаралық сценаға шығу талап
ететін жағдайдағы жаңа нақтылық мәселені туындайды.
Көптеген саяси эксперттер өркениетті елдердің экономикасында жаңа
әлеуметтік саяси нақтылықтың пайда болғаны туралы айтып кетеді. Мысалы, АҚШ-
тың мемлекеттік департаментінің кеңесшісі Дж. Ньюхаус "Мемлекет масштабы
өте кең ауқымды, сондықтан күнделікті тұрмыстық мәселелерді басқара алмайды
деп санаған (28).
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде саяси өмірдің демократиялық жолын
таңдады. Соңғы жылдары аймақ экономикасы маңызды мәселелер қатарына шықты.

3.Экономикалық қауіпсіздік – мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының
негізгі

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты стратегия мен
тактикалық тәсілдер арқылы сауда саясатын іске асыруда әлемдік кеңістікте
интеграциялану жағдайына бейімделуге мәжбүр болды. Дегенмен, экономиканың
өтпелі кезеңі тұрақтандырылған экономика сатысына көшу кезеңінде өзі
соңында ескі “мұра” қалдырып отыр:
- Республика экспортының құрылысында өзгерістер туындаған жоқ ол
бұрынғыдай шикізат шығару, яғни экспорттың жалпы көлемінің 80%-тен
астамы шикізат, жартылай бұйымдар және азық-түлік өнімдерінен
тұрады;
- Республиканың бірнеше жыл көлемінде төлемдік дағдарыс жағдайында
болуы экспорттық өндірістерден тұрақты пайда алу мақсатымен, оның
сыртқы нарыққа бейімделуіне қол жеткізді. Сонымен, екінші қатарға
қосылған экономиканың ішкі сұранысы оны қанағаттандырудың қалдық
принципін қамтамасыз етті. Көптеген өндірістерде шикізаттың болмауы
себебінен ырғақты жұмыс жүргізілмеді;
- Шикізат шығаруға бағытталған мемлекет болғандықтан, республика
экономикасы әлемдік нарықтағы бағалардың өзгеруіне тәуелді және
оның салдары ретінде валюталық шығындарға ұшырау, экспорттық
өнімнің жалпы көлемінің азаюына алып келеді;
- ғылымды және капиталды көп қажет ететін өнімдермен қамтамасыз
ететін елдерге, ұлттық экономиканың тәуелділігі, алдыңғы қатарға
жатпайтын машиналардың, жабдықтардың импортталуына әкеліп соғады.
Бұл өндіріс көлемін көбейтуге ықпал етеді, бірақ өндірістің ЖИЕ-
дегідей дәрежеге келуін қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар,
валюталық құралдардың үлкен бөлігі ағымдағы қажеттіліктерге
жұмсалады, бұл қор жинауға және өндіріс ауқымын көбейтуге қажетті
жағдай жасамайды;
- қайта орнына келмейтін шикізаттардан дайын өнім жасау дың
болмағандығы, ал кейбір жағдайда оның алғашқы өңдеуден өтпеуі
қосымша өсуіне кері әсер етеді.
1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы тарифтік шектеулерді өзгерту және
оларды жою жөніндегі қарқынды шаралар қолданды. Ең алдымен Қазақстан импорт-
экспорттық лицензияларды жойды; 1995 жылы қабылданған қаулыға сәйкес
тауарларды экспорттау және импорттау жөніндегі лицензияларға деген талаптар
алып тасталынды. Көп мемлкеттердегідей қару-жарақ, құнды металдар, жабайы
жануарлар т.б. он шақты тауарлар ерекшелік топтарға енді.
Лицензияланатын тауарлар категориясы ТМД және басқа да елдердің
лицензияланатын тауарларына сәйкес болуы тиіс.
1995 жылы Қазақстан экспорттық инфрақұрылымға қатысты экспорттық квота
және шектеу 1996 жылға қарағанда, экспорттық тарифтер 5,3%-тен 4,1%-ке
дейін жойылды; мұндай тариф салығы салынатын тауарлардың көлемі 733-тен 259-
ға дейін төмендеді. Кедендік кеңес елдері арасында экспорттық тарифтердің
барлығы 1996 жылдың орта шенінде жойылған еді.
Қазақстан Республикасының Кедендік кеңеске бірігуі орта мөлшерде
тарифтердің 3,0%-тен 7,5%-ке дейін өзгеруімен шартталған, тарифтің мұндай
өсуі сыртқы сауданың дамуына бөгет болды. Осылардың барлығы Қазақстан
Республикасының Әлемдік Сауда Ұйымына (ӘСҰ) мүше ретінде кіруіне кері әсер
етеді. Қазақстан Әлемдік Сауда Ұйымының мүшесі болса, сыртқы сауда жағдайы
жақсарады және шетел инвесторларын тарту артықшылығына ие болады. Қазақстан
Республикасы экспорты үшін өте жағымды статусқа ие болу кепілдемесін
Әлемдік Сауда Ұйымына мүше болған соң алады. Қазіргі кезде бұл ұйымға 133
елдің мүдделері бірлестірілген және бұған Қазақстанның мүшелігі кез келген
тауар құндылығына өте қолайлы режим жасалуын қамтамасыз етеді.

3.1 Әлемдік шаруашылық байланыстар дамуы жағдайындағы экономикалық
қауіпсіздік

Экономикалық ілгері басу және халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді
түрде қатысу шешуші дәрежеде ұлттық шаруашылықтардың ашықтығына тәуелді
болады.
Ашықтықтың артуы немесе басқа сөзбен айтқанда, әлемдік шаруашылық
қатынастарына қатысу дәрежесі – бұл өндіргіш күштедің дамуы барысында
өндірістің ортақтастырылу деңгейінің көтерілуінің заңдылық нәтижесі.
Халықаралық еңбек бөлінісі тұрғысынан алғанда шаруашылықтың мынадай
екі қарама-қарсы типтерін бөліп көрсетуге болады: толық тұйық (автарқиялық)
және толық ашық. Тұйық экономика дегеніміз – бұл дамуы тек қана ішкі
тенденциялармен белгіленетін және әлемдік шаруашылықтан орын алып отырған
тенденцияларға тәуелсіз, басқа шаруашылықтармен байланысы өте аз мөлшердегі
экономика. Толық ашық экономика дегеніміз – даму бағыты әлемдік шаруашылық
тенденцияларымен анықталатын, сыртқы шаруашылықтармен байланыстары
кеүшйетін экономика. Әрбір елдің даму деңгейі биіктеген сайын, оның басқа
елдер экономикаларымен байланыстары абсолюттік және салыстырмалы түрде
кеңейеді.
Белгілі бір елдің басқа елдермен экономикалық байланыстары болғандығы
экономиканы ашық деп жариялауға жеткілікті емес. Қазіргі кезеңде жекелеген
елдердің экономикалары бүтіндей тұйық бола алмайды, өйткені ол ел басқа
елдермен әлемдік шаруашылықтан тыс, қандай да бір байланыссыз дами алмайды.
Елдің экономикалық саясатында автаркиялы тенденциялар басым болған жағдайда
да, сыртқы байланыстар белгілі бір рөл атқарады.
Кейбір елдер экономикасының ашықтық дәрежесі жоғарылау, ал кейбір
елдер экономикасы төмендеу болады.
Экономиканың ашықтығы табиғи ресурстармен қамтамасыздандырылғандығына
және халық санына, дәлірек айтқанда, оның өндіргіш күшінің даму деңгейімен
анықталатын төлем қабілеті бар сұранысқа тәуелді болады.
Егер де өндіргіш күштер тең дәрежеде дамыған болса, онда экономикалық
мүмкіндігі төмен экономиканың ашықтық дәрежесі жоғары болады.
Экономикалық мүмкіндік – бұл барлық ресурстардың тиімді пайдаланылуы
жағдайында еңбек және материалдық ресурстардың өндірістік және өндірістік
емес тұтынудағы өнім мен қызмет өндірісінің ең жоғары деңгейін қамтамасыз
ету қабілеті. Сонымен қатар, ашықтық дәрежесі ұлттық өндірістің салалық
құрылымына да байланысты болады. Энергетика, металлургия және басқа базалық
салалардың үлес салмағы неғұрлым көп болса, елдің халықаралық еңбек
бөлінісіне тартылуы соғұрлым төмен, яғни ашықтығы аз дәрежеде болады.
Керісінше, өңдеуші салалар, әсіресе машина жасау, электроника, химия т.б.
сол сияқты салалардың дамығандығы елдің кооперациялық мамандандырылғандығын
көрсетеді, яғни соның арқасында елдердің технологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден саясаты мен ұлттық қауіпсіздік
Экономиканы ашық жағдайға көшіру кезеңіндегі мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы геосаяси және экономикалық орны мен рөлі
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасыныңкөпвекторлылығының тұжырымдамалық негізін айқындау
Мемлекеттердің егемендік теңдігінің принципі
Әлемдік саясатта мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
Екіжақты және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастыққа негізделген АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі
Экономикалық қауіпсіздік элементтері
Қазақстан Республикасының ұйымдармен ынтымақтастығы
Пәндер