Жалғаулардың түбірге кірігуінің жайы


ЖОСПАР:
І. КІРІСПЕ.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Қосымша туралы түсінік
1. Қосымшаның түрлері: жұрнақ және жалғау
2. Қосымшаның жалғануындағы кейбір ерекшеліктер
3. Қосымшаның түбірге кірігу заңдылығы және оның зерттелуі.
3. 1. Жұрнақтардың түбірге кірігуінің жайы
3. 2. Жалғаулардың түбірге кірігуінің жайы
ІІІ. ТАЛДАУ ЖҰМЫСЫ. БАҚ материалдарындағы қосымшаның жалғануы
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Әр сөзді мағынасына қарай орнымен қолдану - тіл мәдениетінің ең өзекті мәселелерінің бірі. Сөзқолданыс барысындағы орын алатын кемшіліктер көбінесе сөз мағынасын анық білмеуден, оның тура мағынасы мен ауыс мағынасының аражігін айқын ажырата алмаудан немесе жауапсыздық салдарынан туындап жатады. Қазақтың тілін бір кісідей білетін, қаламы төселген, әр сөзді талғап-таңдап орнымен қолданатын, қағаз бетіне түскен немесе аузынан шыққан әр сөйлеміне үлкен жауапкершілікпен қарайтын тәжірибелі, білікті журналистер аз емес. Олардың жазғанын кім де болса сүйсініп оқиды, сөйлеген сөзіне зейін қойып ілтипатпен тыңдайды. Алайда үнемі олай бола бермейді. Кез келген өзге салалардағы мамандар сынды журналистердің де біліктілігі, кәсіби деңгейі, жазу шеберлігі, сөз қолдануға деген жауапкершілігі бірдей емес. Сондай-ақ газет-журналда тек журналистердің ғана емес, білімі мен кәсіби дайындығы, тілді білу деңгейі әркелкі түрлі сала мамандарының жазғандары да жарық көріп жатады. Осының бәрі баспасөз тілінің сапасына әсер ететіні сөзсіз. Бұл секілді факторлардың қай-қайсысын да ескере отырып, бүкіл қоғам көз тігетін қазақ баспасөзі тіл мәдениетінің жоғары болуына, әдеби тіл нормаларының сақталуына, публициcтикалық стильдің кемелдене түсуіне айрықша мән беріп отырғанымыз абзал. Бұған қолына қалам ұстағандар да, осы басылымдардың оқырмандары да мүдделі болуы керек. Кеңестік дәуірмен салыстырғанда қазақ басылымдары санының артуы тәуелсіздік арқасында қол жеткен жетістік екені даусыз. Бүгінгі таңда Қазақстанда қазақ тілінде 449 газет пен 117 журнал шығады десек, оның сыртында қазақ, орыс тілдерінде екі тілде шығатын газет-журналдар тағы бар. Осы басылымдар қазақ тілінің шешімін таппаған сан алуан мәселелерін үздіксіз көтеріп, тіліміздің дамуына, оның Ата Заңда көрсетілген мәртебесіне сәйкес қолданылуына қатысты жазудан жалыққан емес. Тек журналистердің ғана емес, тілші ғалымдар мен филологтардың, тіл жанашырлары мен түрлі сала мамандары тарапынан тілдің жайын сөз еткен сан алуан мақалалар да негізінен қазақ тілінде жарық көретін газет-журналдарымыз арқылы қалың жұртшылыққа жол тартады. Жалпы, қазақ тілінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын да қазақ баспасөзі, қазақ тілді журналистер қауымы екені баршамызға белгілі. Тіліміздің дамуы мен қолданысына елеулі үлес қосып отырған төл баспасөзіміздің тілі жөнінде дүркін-дүркін сөз қозғалып жатады. Бұл мәселе тіл мамандарының назарынан да ешқашан тыс қалып көрген емес. Әрине, қазақ баспасөзінің бүгінгі биігінде ондағы тіл мен стиль мәселелерінің негізінен ойдағыдай шешіліп келе жатуының мәні үлкен. Газеттер мен журналдардағы мақала, сұхбаттардың тілі жетік, содан да ойы айқын бола түскені талас тудырмайды. Әйтсе де, қолдағымызды ешкім де тартып алмайтынын ескере кетіп, бұл тілтанымдық іс- тәжірибе есебінде негізінен баспасөз тілінің мәдениетіне, сөз қолданыcта орын алып жүрген кейбір кемшіліктерге, сондай-ақ қазақ тіл біліміндегі сөзге қосымшаның жалғану, сауатты жазу заңдылықтарына баса тоқталамыз. Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген т. б. сөздердің түбірлері - жол, сау, мектеп, көр . Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді : жол - із немесе сапар, сау - сүт алу, мектеп - оқитын орын, көр - көзбен байқау. Осы түбірлерге жалғанған -дас, -тық (жолдастық деген сөзде) -ын, -шы (сауыншы деген сөзде), -тер, -діқ (мектептердің деген сөзде) -ін, -ген (көрінген деген сөзде) бөлшектері қосымша деп аталады. Қосымша - түбірге жалғанып, оның лексикалық немесе грамматикалық мағынасын өзгертетін, сөздерді өзара байланысқа түсіретін морфема. Мағыналық, тұлғалық дербестігі, арнаулы лексикалық мағынасы жоқ. Сөздерден бөлек, жеке қолданыста болмайды, түбір сөзге тіркесіп қана қолданылады. Түбірге қосылғанда, оған бүтіндей жаңа мағына қосады, мысалы, жол - із я сапар болса, жолдас - жолға бірге шығатын адам я серік; не қосымша мән үстейді : мектеп - оқу оқитын орын болса, - тер деген қосымша сол мектептің біреу емес көп екенін ғана білдіреді. Сөйтіп, қосымша түбірсіз қолданылмайды және оның мәні тек түбір арқылы айқындалады. Қосымшалар түбірге белгілі бір грамматикалық категорияларға тән заңдылықтар бойынша жалғанады. Түбір сөзбен дыбыстық, әуездік жағынан үйлесіп тұрады. Бір қосымша әр түрлі түбірге жалғанғанмен, түрлі мағына бермейді. Мысалы , кел-ді, тұр-ды, айт-ты, кет-ті; ауыл-ға, жер-ге, ат-қа, т. б. Қазақ тілінде мағыналық және қолданыс ерекшеліктеріне қарай жұрнақ және жалғау болып бөлінеді. Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын езгертеді немесе жаңа мағына тудырады. Жұрнақтың өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, жаңа мағына үстейтін жұрнақты сөз тудырушы жұрнақтар дейді. Жол деген із немесе сапар мәнін беретін сөз болса, оған -дас қосылып, жолдас - серік мәніндегі адам, оған -тық қосылып, жолдастық - адамдар арасында болатын қарым-қатынас, сау деген сүт алу мәнін беретін, қимылды білдіретін сөз болса, оған -ын қосылып, саууға байланысты жаңа мағынадағы заттық ұғым, оған -шы қосылып саууды іске асыратын адам, сондай мамандықтың иесі сияқты жаңа мағыналарды беріп тұр. Осындай жұрнақтар арқылы жасалған сөздер туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады. Сөйтіп, жол, сау деген сөздер - негізгі түбірлер де, жолдас, жолдастық, сауын, сауыншы деген сөздер - туынды түбірлер. Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы: өнім, өндіріс, өніс, өнгіш сияқты сөздердің негізгі түбірі - өн. Жалғау - сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаулардың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік. Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз. Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.
Жақ-жақтың көрсеткіші ретінде қызмет ететін тәуелдік жалғау қосымшалары мыналар:
буын
буын
буын
буын
Бұл қосымшалар жалғанған сөздер, әдетте, өздерінен бұрын ілік септік жалғауда тұрып тіркесетін жіктеу есімдіктермен тікелей байланысты болады. Сол себептен тәуелдеулі сөздің жақ жалғаулары да жіктеу есімдіктерінің жақтарына сәйкес келіп отырады. Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.
Жекеше түр мен көпше түрдің тәуелденуі
Сөз жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз (зат) жекеше түрде тәуелденіп тұрса, бір зат бір адамға (я затқа) тән екендігі білінеді. Ал, сөз (зат) көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат я бір тектес бірнеше зат бір адамға (я затқа) ғана меншікті екендігі білінеді. Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады. Мысалы: Бірдің тәжірбиесі - көптің игілігі (мақал) ; Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер (мақал) деген сөйлемдердегі тәуелдік жалғауының қосымшалары жалғанған сөздерді тәуелдік жалғауларынсыз қолданса, сол сөйлемдердегі сөздердің қиюлары кетіп, олар өз ара үйлеспей, қисындаспай тұрады.
Оңаша тәуелдеудің үлгісі мынадай:
Көптік жалғау - жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер) . Көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын бұдан басқа екі түрлі морфологиялық форма бар. Оның бірі -ыз (-із, -з) формасы қазіргі тілімізде кене заманнан қалған сарқыншақ ретінде бірен-саран сөздерде кездеседі. Мысалы, "мен" сөзінің көпше түрі "біз" есімдігіндегі -з формасы сөздің бөлінбейтін бөлшегіне айнапған. Екіншісі жүрді-к, айтты-қ, кетті-к, жетті-к дегендегі -к, -қ формасы да ерте кездегі көптік мағынаны білдерген қосымшалар. Көптік жалғау көптік мағынаға қосымша мынандай әр алуан ұғымды білдіреді.
- Біртекті нәрселердің жиынтығын, белгілі бір адамдар тобын (мектеп-тер, үй-лер, жас-тар) ;
- Сын есім мен есімшені субстантивтендіреді (жақсы-ларды, ақылды-ларды, оқыған-дарды) ;
- Сан есімге, мезгіл үстеуге жалғанып, болжалдау, шамалау, мелшерлеуді білдіреді (жасы отыз-дарда, са-ғат үш-терде, былтыр-лар) ;
- Бір нәрсенің жалпыға бірдей ортақтығын, меншіктеуші адамның көптігін білдіреді (жалғыз қыз-дарың, Сапар әке-лерің, мектеп-терің) .
Көптік жалғау бірыңғай мүшенің соңғысына ғана жалғанады. Көптік мағына көптік жалғауның қатысынсыз лексикассыз, морфологиясыз, синтаксистік тәсілдер арқылы берілетін сөздер де бар (түз, ұн, құрт-құмырсқа, мәдениет, феодапизм, ақыл, достық, бала-шаға, кәрі-жас, жолдас-жора, ыдыс-аяқ) . Көптік ұғымның сөз тіркесінен аңғарылатын тұстары аз емес. Мысалы, онсыз да көптік ұғымды білдіретіндіктен: барлық, көптеген, қанша, әр, бірнеше, сантүрлі, санмың, біраз сөздерімен, сондай-ақ сан есіммен тіркәсіп келгенде көптік жалғауы қажет болмайды: 5 адам, барлық адам, көп адам. Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі. Мысалы: Еңбектен еңбек шығады, еңбек туады, Еңбекті еңбек ақтап, еңбек жуады.
Еңбек етіп күшті туған ерлер
Еңбекке ерте тұра бекін буады.
Еңбекте еңбек еткен ерлерім бар,
Еңбекке сіңірген көп түрлерің бар,
Еңбегім өзгерген жоқ, өз орнында,
Еңбекпен ерік алатын жерлерім бар (И. Б. ) .
Бұл мысалда 13 мәртебе ұшырасатын еңбек сөзі түрлі-түрлі қосымшалар қосылып, әр алуан формада қолданылып тұр. Егер жетінші жолдың басындағы еңбегім дегеннен басқаларының қосымшаларын алып тастасақ, сөйлемдегі сөздердің байланысы бұзылып не қиыспай қалады, не сөйлемдердің мағыналары өзгеріп кетеді. Бұл қосымшалар сөйлемдегі сөздерді бірі-бірімен жалғастырып, септестіріп тұр. Осындай қосымшаларды септік жалғаулары дейміз. Сөздердің жалғауларды қабылдап өзгерту жүйесін сөздердің септелуі деп немесе септеу деп атайды.
ғауларының
аты
сұраулары
нем? нең? неңіз? несі?
немнің? неңнің? неңіздің? несінің?
қайда?
неме? неңе? неңізге? несіне?
немді? неңді? неңізді? несін?
қайда?
немде? неңде? неңізде? несінде?
немнен? неңнен? неңізден? несінен?
неммен? неңмен? неңізбен? несімен?
Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады. Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет. Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлініп, төрт үлгі бойынша жіктеледі:
Бірінші топ
Бірінші топқа отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері, есімшелер, зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады;
а) тұр, жүр .
ә)
Есімшелер
: барған, келген; баратын, келетін; барар, келер;
бармақ(шы), келмек(ші) .
б) Зат есімдер : оқушы, мұғалім т. б.
Екінші топ
Екінші топқа -а, -е, -й ( бара, келе, сөйлей ) формалы және -п, -ып, -іп ( қарап, айтып, келіп ) формалары көсемшелер жатады; олар екінші үлгі бойынша жіктеледі.
Үшінші топ
Үшінші топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы ( бар-ды, кел-ді ), мен шартты рай формасы ( барса, келсе ) жатады; бұлар үшінші үлгі бойынша жіктеледі.
Төртінші топ
Төртінші топқа етістіктің бұйрық рай формасы ( бар, кел ) жатады да, төртінші үлгі бойынша жіктеледі.
Қосымшалар сөзге үндестік заңы бойынша сөздің соңғы буыны мен дыбысына үндесе жалғанады: кітап + та, қағаз + ды, әлем + де, қызмет + кер, жұмыс + шы, бетеге-боз + ды, бетбұрыс + қа т. б. Ескерту: 1. Бірлі-жарым сөздің алдынан қосылатын қосымшалар бар: ма + қрұм, на + разы, бей + шара, би + саясат т. б . 2. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: а) үнемі жіңішке түрде жалғанып, жіңішке жазылатын қосымшалар: - нікі, -дікі, -тікі; қаланікі, аспаптікі, қолдікі; -би, -бей: бисаясат, бейшара; -мен, -бен, -пен: қаламмен, кітаппен, қызбен; -гер, -кер: дауагер, даугер, қызметкер; -еке, -ке: Асеке, Жұмеке; б) үнемі жуан түрде жалғанып, жуан жазылатын қосымшалар : -дар: діндар; -тал: сезімтал, өсімтал; -тай: әкетай, көкетай; -тар: кіріптар; -паз: өнерпаз, әсемпаз; 3. Сөз қ, к, п дыбыстарының біріне аяқталып, оларға дауыстыдан басталатын қосымшалар жалғанғанда, бұл дыбыстар ұянданып, ғ, г, б әріптерімен жазылады : қазық + ы - қазығы, тілек + і - тілегі, мектеп + і - мектебі, сабақ + ы - сабағы, күрек + і - күрегі, себеп + і - себебі т. б. 4. Тырнақшамен жазылатын сөздерге, атауларға қосымша тырнақшаның ішінде жазылады: М. Әуезовтың "Абай жолында" даналық сөздер үлгісі өте мол. С. Мұқановтың "Ботагөзін" оқы. Ғ. Мүсіреповтың "Оянған өлкесін" талдадық. 5. Бас әріптен қысқарған сөздерге қосымша дефис арқылы жазылады: ҚазМПУ -діқ студенттері, ҚазМУ-де оқимыз т. б. АКДІ-тық азаматы. 6. Цифрмен жазылған сан атауларына қосымша дефис арқылы жазылады: 60-тарда (алпыстарда), 7-8-де, 10-нан (оннан) астам, 100-деген (жүздеген) . 7. Реттік сан есім цифрмен жазылса, одан соң дефис қойылады, цифрдан кейінгі дефис реттік сан есімнің -ншы/-нші, -ыншы/-інші жұрнағын білдіреді. Мысалы: 10-үй (оныншы үй), 10 үй (он үй), 35-пәтер (отыз бесінші пәтер), 35 пәтер (отыз бес пәтер) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz