Құқықтық мемлекет қағидаларын қарастыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН МӘНІ

  1. Құқықтық мемлекеттің концепциясының тарихи аспектілері . . . 5
  2. Құқықтық мемлекеттің мазмұны . . . 8

ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ

  1. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері . . . 10
  2. Құқықтық мемлекеттің қағидалары . . . 11

III ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛУЫ

  1. Қазіргі отандық теориядағы құқықтық мемлекет түсінігінің мазмұны . . . 18
  2. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың теориясы мен тәжірибесі . . . 22
  3. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру . . . 24

Қорытынды . . . 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 28

Кіріспе

Мемлекет дүниете келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынастарды азаматтық қоғам институттары жүзеге асырған.

Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, иелер құқығын сақтау, меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің - мемлекеттің пайда болуына әкелді.

Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттарыны нығая бастаған кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды, қоғамды басқару мемлекеттің қолына көшті. Мемлекет нығая келе азаматтық қоғамның қызметтерін шектеп, біртіндеп олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында, тоталитарлық билік кезінде азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды.

Америка мен Еуропа елдерінде либералдық демократияға көшу азаматтық қоғам институттарын қайта өмірге әкеліп, оның қызметтерін жандандыра түсті.

Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын дамытуға бағытталды. Азаматтық қоғамды құруды елді демократияландырудың басты шарты деген көзқарас адамдар арасында бүгінде берік қалыптасқан.

Сонымен, халықтың басым бөлігі - саясаткерлер де, қарапайым көзі ашық азаматтар да ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не? Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу, әлеуметтік жағынан қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру деген құқықтарын қамтамасыз ете ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден күткен сұраныстарына толық жол ашатын бірден-бір институт феномен бе, әлде олардың көңілі ауған уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам дегеніміз не?

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Соңғы кездері «құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың тағы бір ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.

Құқықтың мемлекет терминінің өзі ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында неміс ғалымдарының еңбектерінде жарық көрді. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық мемлекет теориясы құқықтық мемлекет

жөніндегі үстемдігін бекітті. В. М. Гессен былай деп көрсетті: «Құқықтық мемлекет деп өзінің қызметінде, үкіметтік және соттық функцияларды атқарғанда құқықпен шектелетін және байланысты болатын, құқықтан төмен тұратын, одан тыс және жоғары болмайтын мемлекетті айтамыз».

Қазіргі кезеңде теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі - мемлекет пен адам арасындағы байланыста басымдықтың адамға берілуі. Мемлекеттің міндеті тек адамдардың кейбір топтарына ғана қатысты емес, жекелей алғанда әрбір адамның мүддесіне қатысты басқарушылық шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да құқықтық мемлекет құрудың мәселелерін кешенді түрде талқылау бірінші кезектегі міндетке жатады.

Қазақстан тәуелсіздікке ие болған күннен бастап, әлемде дамыған елдермен иықтас тұру үшін құқықтық мемлекет идеясын қабылдады. ҚР - ның тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң оны "құқықтық мемлекет” деп жариялады. Содан кейін мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын құқықты және оның негіздерін қайта құру қажеттігі туды және адамның құқығын қорғау мемлекеттің басты міндетіне айналды.

Құқықтық мемлекет тек әділеттіліктің белгісі ғана емес, сонымен қатар адамның бүкіл өмір сүру барысындағы бостандық - теңдігін қорғап, демократияны қалыптастыратын күш.

«ҚР - сы құқықтық мемлекет болып қалыптасуына байланысты ”құқықты” пән ретінде оқу процесіне енгізу мәселесі де туды. Жалпыға бірдей құқықтық білім беру ісіне көшу, өскелең ұрпақты құқықтық рухта тәрбиелеуде оқу ұжымының рөлін күшейтуге объективтік мүмкіндік тудырады. Сол себепті құқыққа ерекше мән беру әрбір педагогикалық ұжымның көкейтесті мәселесіне айналды.

Құқықтың қоғамға құқықтық мемлекет қаншалықты қажет екенін ұлы Абайдың: ”Егер менің қолымда закон билігі бар адам болсам, адам мінезін құқықпен реттеу мүмкін емес деген кісінің тілін кесер едім” - деген сөзінен - ақ ұғамыз .

Курстық жұмыстың міндеттері: Жұмыс мақсатына сай, мынадай міндеттер қарастырыдлы:

  • Құқықтық мемлекет ұғымының мәнін, түсінігін анықтау;
  • Құқықтық мемлекет қағидаларын қарастыру;
  • Құқықтық мемлекет идеяларын және оны қалыптастыруды зерттеу;
  • Курстық жұмыс тақырыбын толығымен ашу.

І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН МӘНІ

1. 1. Құқықтық мемлекеттің концепциясының тарихи аспектілері

Азаматтық қоғамның негізгі бағалылығы, айтылып өткендей - адам және оның құқығы, ал ол саяси іске асырушы - мемлекет. Ондай миссяны орындау кез келген мемлекеттің қолынан келмейді, тек принципі мен қызметі құқыққа сай келген, құқық үстемдік құратын мемлекеттің қолынан келеді. Ондай мемлекетті жалпы түрде, құқықтық деп айтады.

Мемлекет пен құқықтың келіскен әрекеттестігін іздеу моделі, құқықты сасяи биліктің негізін іске асыратын құрал ретінде тануы ерте заманнан басталады. Соған сай идеялардың бастамасы ертедегі қытайлардың Легистерінде (Шан Ян - IV ғ. б. э. дейінгі) заңды ғана сараптаған, құқықты мемлекеттің мәжбүрлеуінің нысаны ретінде емес, тек билікке және олардың міндеттілігі дегенді ескерді.

Құқықтық мемлекеттің негізгі идеяларының элементтері көне оқымыстыларымен құрылған. Оларға: Солон, Гераклит, Пифагор, Платон, Аристотель, Демокрит, Сократ, Цицерон сонымен қатар софистер, стоиктер және рим заңгерлері жатады. Олардың басқару нысаны жөніндегі дұрыс және дұрыс емес ережелері, табиғи және ерікті белгіленген құқық қатынастары, адамдардың теңдігі туралы табиғи құқық, мемлекетті «халықтың жұмысы» құқықты адалдықтың өлшемі ретінде есептеу жеке және көпшілік құқық т. с. с. Жаңа кезеңде, табиғи құқық доктринасының теориялық дамуына ықпал жасады, екі мың жылдарға созылған кезеңдерде құқықтық мемлекет идеялары жетіле бастады.

Континентальдық Еуропада құқықтық мемлекет концепциясы элементтерінің алғашқы кезеңі, құрылымына сай тарихи алғышарттарының жоқ кезінде өтті.

Жаңа кезең (уақыт) оқымыстылары (Н. Макиавелли, тирандарымен күресушілер Э. Боэсси т. с. с. ) бірінші болып, қоғамдық санаға ертедегі табиғи құқық доктринасын енгізе бастады, оның көптеген ережелерін жаңа тарихи жағдайда дамытты. Олардың суверенді тәуелсіз ғылыми, құқықтың шығуы еркіндік тирандарға қарсы тұрудағы арналған халықтың құқығы, табиғи теңдік және барлық адамдардың еркіндігі, жаңа ғылыми принциптегі мемлекет проблемаларын зерттейтін теориялық негіз болды.

Жоғарыдағы көрсетілген жағдайлар, белгілейтін элементтердің мемлекет пен адамға қатынасын табуға мүмкіндік берді - құқықтың принциптерінің артықшылығын көрсетті. Бірінші рет оны (толық емес құрастырған) көрсеткен, Гуго Гроций болды. Оның ойы, бойынша жақсылықтың және мемлекеттің тағайынды болуы жетілген құқыққа байланысты, мемлекеттің қызметі құқық принциптеріне сай болуы керек - деген ой, И. Кантқа жатады. Халық суверенитетінің принциптеріне сай, негізгі маңыздылықты атқарушы биліктің, заң шығарушыдан айырылғандығына берді және оның қызметін тежейтін принципті белгіледі: халық өзі туралы өзі шешім қабылдай алмайды, заң шығарушы халық жөнңнде шешім қабылдай алды. И. Канттың мына ойына құлақ салуға болады: заңның құқыққа сай келуіне байланысты, мемлекет құқыққа мәжбүрлеуге мүмкіндік алады және құқықты өзінің өмір сүруі үшін сақтайды. Р. Фон Моль бірінші рет құқықтық мемлекетке анықтама бере отырып, оны жаңа кеіпті конституцияда бекітілген азаматтарыдың құқығы және бостандығы бар индивидтердің сот қорғауы қамтамасыз етілген конституциялық мемлекетке жатқызды.

Мемлекеттік билік құқықты мойындайдй және бір мезгілде құқықпен тежелуі, ертедегі ғалымдардың ойынша, ең адал мемлекеттілікке жатады.

«Заңның күші жоқ жерде - Аристотельдің айтуы бойынша - мемлекеттік құрылым нысаны жоқ». Цицеронның айтуы бойынша, «халықтың жұмысы» - құқықтық араласу және жалпы құқықтық тәртіп. Ертедегі Грецияның және Римнің мемлекеттік-құқықтық идеялары, институттары, құқықтық мемлекеттер туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғына тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізді.

Феодолизмнен капитализмге өту кезеңіндегі өндіргіш күштердің өсуі, қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастардың өзгеруі мемлекетке жаңа қатынастарды туғызуға мәжбүр етеді және оны қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудағы негізгі ролін көрсетеді . Феодализм ыдырауының алғашқы кезеңдерінегі құқықтық мемлекеттік идеяларды тарихи тұрғысынан сол кездегі прогрессивті оқымыстылар Н. Макиавелли мен Ж. Боден айтқан.

Макиавелли өзінің теориясында, ертедегі және қазіргі көп ғасырлық мемлекеттің өміріндегі тәжірибелердің негізінде, саясаттың принципін түсіндірді, саяси өмірдің дамуындағы қорғаушы күштеді білу арқылы сол уақытқа қажетті идеалды мемлекеттің нұсқасын салуды көздеді.

Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде деп білді. Мемлекеттің нысаны туралы мәселені көтергенде, республика нысанына мейірі түсті. Себебі тек республика нысаны ғана, көп жағдайда теңдік пен бостандықтың талаптарына сай келетін. Бұдан, мемлекетті - көптеген отбасыларды және өзіне қарағандарды құқықтық басқару деп анықтады. Мемлекеттің мақсаты, тек құқық пен бостандықты қамтамасыз ету деп білді.

Буржуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет

тұжырымдамасының дайындалуына пргрессивті оқымыстылар маңызды үлес қосқан: Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д. Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон және басқалар. Солардың ішіндегі, құқықтық мемлекет туралы, көбірек маңыздылау, ғылыми теориялық ойлардың мазмұнын талдап көрсетеміз.

Құқықтық мемлекеттің жағдайындағы адам бостандығы, Локктың сөзімен: «Заңды өкіметпен белгіленген өзгермейтін бәріне бірдей ережеде, бостандықта, барлық жағдайда заң рұқсат етсе, өзіңнің тілегеніңді жасау және әрдайым белгісіз басқа адамның еркіне тәуелді болмау».

Кант - құқықтық мемлекет теориясының философиялық егізін жан-жақты зерттеген адам. Көпшілік құқықтың қағидасына, философтың ойынша, халықтың шексіз құқығы жатады, яғни өзінің еркін білдіретін конституция қабылдау арқылы тәртіпті орнату. Халықтың үстемділігі, мемлекеттегі барлық азаматтардың бостандығын, теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, «көптеген адамдардың құқықтық заңға бағынған жиынтығы». Конституцияның құқыққа сүйенген мемлекеттің жұмысы халаықтың жалпы еркіне сай болады, азаматтардың құқығы - жеке бастарының еркіндігі, адамгершілігі, ойлары.

Құқықтық мемлекетте, заңды бұлжытпай орындау жолында күштеуге де баратындай мүмкіншілігі болуы қажет. Керісінше, биліктің сол жөнінде азаматқа қандай мүмкіншілігі барлығында. Құқықтық құрылымның мүмкіншілігін Кант заң шығаратын парламентке байланысты, орындайтын үкіметке және соттыққа бөлумен байланыстырады.

Канттың құқықтық мемлекет туралы тұжырымдамасы, саяси-құқықтық ойдың әрі қарай дамуына, өркениетті қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құрылымның қызметіне маңызды әсер етті.

Гегель - мемлекетті өзінің философиялық дүниетанымындағы жалпы жүйенің контексінде қарайды, оның маңызды бөлігі құқық философиясы. Мемлекет, Гегельдің ойынша, бұл да құқық, бірақ көбірек жетіліп дамыған және мазмұны бай. Ол барлық басқа құқықтардың мойындағандарын - жеке адамның, отбасының, қоғамның құқықтарын өзіне қосып алады. Гегель мемлекетті жеке адам мен қоғамның үстінде тұрған абсолютке көтеріп, мемлекеттің дамуын, азаматтық қоғам дамуының алдында болғанын дәлелдейді. Гегельдің осы дәлелдеуіне Маркс келіспей, мемлекет туралы тұжырымдамасының қателік жағын көрсетеді.

Шын мәнісінде, қоғам мемлекеттен бұрын пайда болғандықтан, мемлекет қоғам дамуының жемісі болады. Мемлекет Гегельдің ойынша, жетіліп дамыған қоғам өмірінің ұйымы, іске асырылған бостандықтың үстемдігін көрсететін құқық негізінде құрылады.

Тек, мелекетте және мемлекет арқылы адамның ең жоғарғы адамгершілігі, бағалылығы іске асырылады, сондықтан ол адамгершілік идеясының шындығы. Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттер арқылы жеке адамдардың мүдделерін қамтамасыз етіп, тәртіпті қорғайды. Мемлекетте жеке адамның бостандығы және сыртқы тәртіп біртұтас болады, онда мемлекет өзінің ең жоғарғы құқықтық және моральдық нысанының бірлігіне жетеді. Гегельдің мемлекетке өкзқарасында оның функциялары қыстау, күштеу аса маңызды рөл атқармайды. Маңыздысы - мем лекеттің қызметіндегі оның әлеуметтік және құқықтық бастамалары, оның терең адамгершілік мазмұнын, ақылдылық және қоғамға, жеке адамға пайдалылығы.

Маркс - мемлекетті және құқықты ашық түрде қоғам дамуының таптық теория тұрғысынан қарады. Ол теория бойынша, пролетариат диктатурасының құрылуына байланысты, таптардың шағынуына байланысты тапсыз қоғамға көшу процесінде мемлекет пен құқық та жоғалады. Маркс буржуазиялық мемлекеттің құқықтық қатынастарын талдай отырып, заң-нәтиже, таптық қоғамның өндірістік қатынастарының материалдық көрінісі ретінде дәлелдейді. Заң шығару тек экономиклық қатынастардың талабын орындайды. Маркс айтқандай, заң өзінің күшіне ондағы көрсетілген әлеуметтік қатынастың тәртібі «қоғамдық өндіріс жолымен гармониялық жағдайда болса» ғана енеді.

Маркстің құқықтық мемлекет туралы айтқанына көңіл бөлсек: «Бостандық дегеніміз - қоғамның үстінде тұрған орган, мемлекетті тұтастай сол қоғамға бағынышты органға айналдыру».

Гессен - құқықтық мемлекетті шығыстың саяси-құқықтық орнықты көзқарасына сүйеніп анықтайды. «Құқықтық мемлекет деп айтатыны - оның ойынша, өз міндеттілігін үкімет ретінде өздері жасаған заңдылық нормаларға, заң шығарушы ретінде мойындамайтынында. Құқықтық мемлекет өзінің қызметінде, өзінің үкіметтік және соттық функцияларын орындау кезінде құқықпен байланысты және тежеледі, құқықтан төмен тұрады, сыртында емес және жоғары да емес».

Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің мазмұндық жағына белгілі түзетулер енгізді. Ол заң шығарудағы тәуелсіздікті жақтаған. Оның ойынша, мемлекет әдет-ғұрыппен және заң шығару құқығымен қатынасы жоқ, себебі «өзгермейтін» әдет-ғұрып және заң жоқ. Шын мәнісінде заң шығарушы өкімет, заңмен тежелмеуі қажет. Бұл идеалда принципиалды іс-әрекеттің мәні жатыр: заңдар қоғамның өсу деңгейіне сай болуы міндетті, өзгеру үстіндегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да қоғам өмірінің жағдайларын көрсетуі керек, оның дамуындағы объективтік қажеттілікке жауап беруі қажет.

Құқықтық мемлекеттің көпғасырлық тәжірибесін, теориясы мен жұмысын, өктемдікпен жоққа шығару және ғылыми жағынан қабылдамау инерциясы қоғам өмірінде экономикалық-әлеуметтік, мәдени, рухани жеке ұлттық қақтығысуларды туғызды.

1. 2. Құқықтық мемлекеттің мазмұны.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы “Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық Өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері ” атты халыққа жолдаған жолдауында Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндеттінің бірі: сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру екендігі айтылған.

Осы мәселені ескере отырып, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру мақсаты ұлттың ұлы идеясын ұстанып отырған мемлекетіміздің өмірінде, құқықтық мемлекетті құру жолында саяси реформалар ерекше орын алады деген пікір баршылық. Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тәжірибесі мен дамуы онын әлеуметтік-экономикалық және саяси деңгейімен, қоғамдық кұқықты сезіне алушылығымен, ұлттық және тарихи салт-дәстүрлермен анықталады. Мұндай жағдайлардың бірі - аталған мемлекеттің бар болуы болып табылады. Құкыктык мемлекет проблемаларымен айналысып жүрген ғалымдар, соның ішінде заңгерлер мен саясаттанушылар, ең алдымен құқықтық мемлекеттің түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына басты назарларын аударады. Бұл жолда, әрине, құқықтық мемлекет жайындағы теориялық концепцияларды ескермей болмайды.

Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:

1) Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы құбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын құруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.

2) Құқықтық мемлекетің экономикалық негізі − өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктіңбасым көпшілігі- өндіргіші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайларын көтеруге, нығайтуға болады.

3) Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі − өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет, сонымен бірге, − әлеуметтік мемлекет.

4) Құқықтық мемлекеттің моральдық негізі - гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғарғы дәрежедегі принциптер болса, құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.

5) Құқықтық мемлекеттің саяси негізі - халықтың ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып, қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттілікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп-басқару.

Міне, қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып, құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік қалыптасады.

ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ

  1. Құқықтық мемлекеттің белгілері:
  • мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау;
  • азаматтық қоғамның қалыптасуы;
  • қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;
  • мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың, өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;
  • қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттілікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органдардың қызметін қатаң бақылау;
  • қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;
  • қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру. Адамдар «заңның құлы» болмайынша құқықтық тәртіп те, демократия да жақсы дамуға тиіс емес. Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан мынадай өсиет сөз бар: Заң - мемлекеттің ақылы. Сот - мемлекетің жүрегі. Мәдениет - мемлекеттің тәртібі.

Құқықтық мемлекеттің мәнін ашу оның белгілер жүйесімен жүзеге асырылады. Заң үстемдігі құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері қатарына жатады. Аталған қағидаға сәйкес қандай да болмасын мемлекеттік орган, лауазымды тұлға, ұжым, мемлекеттік немесе қоғамдық ұйым не болмаса жеке тұлға заңға бағыну міндетінен босатылмайды. Заң үстемдігі туралы айтылғанда, ол кеңейтілген мағынада емес, тікелей мағынасында қолданылады. Қазіргі кезеңде практика куәлік етіп отырғандай, кейбір мемлекетерде формалды түрде негізгі акт ретінде заңдар танылғанымен де, практикада өз нормативті актілер жүйесінде лайықты орнынан айырылып, ролін жоғалтып алатын кезеңдері де кездеседі. Заңға бағынышты акт өз өкілеттілігінің шегінен асып кетіп, заңмен реттелуге тиісті қатынастарды да реттеуге тырысатыны бүгінгі күннің шындығы. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы қандай да болмасын елде заңның формалды үстемдігін емес, қоғамның өмірінің барлық аймақтарындағы шынайы үстемдігін, оның қоғамдық қатынастарға тікелей әсер ету аймағының кеңеюін бекітуді қажет етеді. Әрине, заңға бағынышты нормативті актілердің көмегінсіз қоғамдық қатынастардың жан-жақты реттеу мүмкін емес, дегенмен де ондағы ережелер заң көлемінен аспауға және оның мазмұнын, мәнін өзгертуге тиісті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам құқығы теориясы
Мамандықтың пәндер каталогы
ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШI САЛАСЫ
Заңды жауапкершілік
Камералдық бақылауды жүргізудің тиімділігі
Заң алдындағы жауаптылық және оның қағидалары
Мемлекеттік билікті ұйымдастырудағы Конституцияның рөлі
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Құқықтық тәртіп пен заңдылықтың құқықтық теориялық аспектілері
Қылмыстық іс жүргізу бойынша іс жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz