Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Қылмысқа қатысудың мәні, түрлері және нысандары.

1. 1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі . . . 5

1. 2 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары . . . 8

ІІ. Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылардың түрлері және олардың жауапкершіліктері.

2. 1 Қатысушылардың түрлері . . . 13

2. 2 Қылмысқа бірге қатысушылардың жауаптылығының негізі және шегі . . . 17

ІІІ. Қатысушылар жауаптылығының мәселелері.

3. 1 Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының арнаулы мәселелері . . . 20

3. 2 Қылмысқа жанасушылық . . . 22

Қорытынды . . . 25

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 27

Кіріспе

Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда қылмысты осы нысанда істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да зор. Бірнеше адамның күші біріктіріп бір немесе бірнеше қылмысты істеуі олардың қатысушылардың өзара бірін-бірі қолдауы, қылмыс істеуді жеңілдетіп қана қоймайды сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға үлкен қауіп келтіреді немесе соны келтіру қаупін туғызады. Қылмыс істеуді осылай жүзеге асыру қылмысты іс-әрекеттің өзін жоюға, қайсыбір жағдайларда бір адамның қолынан келмейтін қылмысты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қылмыс - бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды.

Қылмысқа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстың зардабының өзара байланысының жеке адамның істеген қылмысына қарағанда өз ерекшелігі бар. Қылмысқа қатысуда қылмыстың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-әрекеттері ғана байланысты болады. Айдап салушы, көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек қана қылмыстың зардабының тууына себепші болады. Мұндай себепші болу қылмысты тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге асырылады. Субьективтік жағынан алғанда қылмысқа қатысу барлық қатысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді.

Өзектілігі: Қылмысқа қатысушыларды әрқайсысының ниетінің мазмұнына орындаушының істейтін қылмысының қоғамға зияндылығының мәнісін сезіну, сондай-ақ сол адамның қылмысты жалғыз өзінің емес, басқалардың әрекетімен бірге жасайтын мән-жайларды сезінуі шарт.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегі <<ҚР кейбір заңнамалық актілердің сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар>> заңның негізінде ҚР ҚК Ерекше бөлімінің 13 тарауына заң шығарушы лауазымды адамдармен жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдармен бірге қылмыстың: 1) мемлекеттің функцияларын орындауға өкілетті адам және 2) соған теңестірілген адам деген қылмыстың арнайы субьектісінің екі санатын енгізді. Осыдан келіп параны лауазымды адамдарға ғана емес осы аталған лауазымды адамдар алуы мүмкін деген ой туындайды.

ҚР Жоғарғы Соты пленумының 1995 жылғы 22-желтоқсандағы <<Соттардың жемқорлық үшін жауаптылығы туралы заңнамаларды қолдану тәжірибесі туралы>> қаулысының 6-тармағы алдын ала сөз байласқан адамдар тобының пара алу кезде қылмыста қатысушылар кемінде лауазымды екі адам болуы керек, ал осы қылмысты ұйымдастыруды, не көмектесуді не арамдатуды жүзеге асырушы қылмыстың жалпы субьектісі болуы мүмкін.

Мақсаттылығы: Қылмыстық құқық кафедрасының ұғымы ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымда <<Қатысумен істелген бандитизм және басқа да қылмыстар үшін жауаптылық туралы заңнамаларды соттардың қолданылуының кейбір мәселелер туралы>> нормативтік қаулысының 3 тармағындағы <<алдын ала сөз байласқан адамдар тобы>> ұғымының мазмұны дұрыс келтірілмеген деген ұйғарым жасайды.

Құрылымы: Қылмысқа қатысу теориясы француз революциясы дәуірінде пайда болып, 1791 жылы францияның қылмыстық кодексініңі одан кейін 1813ж Наполеон кодексінен орын алды, кеңестік құқық ғылымында жоққа шығарылды. Шындығына келгенде 60 жылдары М. И. Ковалев бұл теорияны ашықтан ашық қолдап: қатысудың қосымшалық табиғаттағы қағидасының алғаш рет буржуазиялық қылмыстық құқық ғылымында пайда болуы, шын мәнінде ештемені дәлелдеп бере алмайды, - деп мәлімдеді.

Қатысушылардың қылмыстық жауаптылығының негіздемесі мен шегі орындаушының аяқталған қылмыстық әрекетіне қатысты ғана емес сонымен бірге орындаушының өзіне қатысы жоқ мән-жайларға да байланысты қылмысты аяғына жеткізе алмаған жағдайда да қарастырылады. Қылмысқа қатысушылар жауаптылығының шегі, ең алдымен әрбір қатысушының істеген әрекеттерінің қаншалықты дұрыс сараланғанына байланысты анықталады. Қылмысқа қатысушылардың істегендерін дұрыс саралаудың жалпы шарттары мыналар болып табылады: қылмысқа қатысу нысанын дұрыс анықтау.

І. Қылмысқа қатысудың мәні, түрлері және нысандары

  1. Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі

Қылмыс - бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері дежеке дара адам істеген қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды.

Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың әрқайсысының бірлесіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселелерді анықтауға толық мүмкіндік туғызады.

Жаңа қылмыстық заңда қылмысқа бірлесіп қатысудың ұғымы, оған қатысушылардың (орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар мен көмектесушілер) жекелеген іс-әрекетін сипаттайтын белгілер және оларға жаза тағайындаудың негізгі қағидалары, сондай-ақ қылмысқа қатысу нысандарының анықтамасы берілген.

Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда қылмысты осы нысанда істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да зор. Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше қылмысты істеуі олардың қатысушылардың - өзара бірін-бірі қолдауы, қылмыс істеуді жеңілдетіп қана қоймайды сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға үлкен қауіп келтіреді немесе соны келтіру қаупін туғызады. Қылмыс істеуді осылай жүзеге асыру қылмысты іс-әрекеттің өзін жоюға, қайсыбір жағдайларда бір адамның қолынан келмейтін қылмысты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Көптеген ауыр қылмыстарды, атап айтқанда бөтен біреудің мүлкін өте көп мөлшерде талан-таражға салу, валюталық операциялар жөніндегі ережелерді бұзу, парақорлық, әйел зорлау, кісі өлтіру сияқты қылмыстар бірлесіп істеук арқылы жүзеге асырылады[1, 159б] .

Қазақстан Республикасында қылмысқа қатысудың ұғымы Қазақстан Республикасының 1997 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексінің 27-бабында <<Екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады>>- делінген.

Қылмыс істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмысқа қатысудың өзіндік обьективтік және субьективтік белгілері бар. Қылмысқа қатысудың обьективтік жағының бір белгісі бір қылмысқа екі немесе одан да көп адамдардың қатысуы болып табылады. Бұл жерде қатысушылардың бәрінің есі дұрыс, қылмыстық заң бойынша жауап беретін жасқа толған болуы қажет. Есі дұрыс емес адамды немесе қылмыстық жауап беру жасына толмаған жасөспірімдерді қылмыс істеуге пайдалану қылмыс жасаудың құралдары болып саналады, сол себептен ол қылмысқа қатысу болып саналмайды. Ондай адамдарды қылмыс істеуге пайдаланғандардың өздері қылмысты тікелей орындаушы ретінде жауап береді. Ал кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту кодекстегі 131-бап бойынша жеке қылмыс құрамы болып есептеледі. Қылмыс істеуге қатысуда екі немесе одан да көп адам қылмысты бірлесіп істейді. Обьективтік жағынан алғанда қылмыс істеуге бірлесіп қатысу деп, оны істеуге бірге қатысқан әрбір қатысушылардың әрекеті белгілі бір қылмысты іс-әрекетті істеуге және соның орындалуын жүзеге асыруға бағытталуы қажет. Өзінің мәні жөнінен жекелеген адамдардың қылмысқа қатысуы әр түрлі болуы мүмкін.

Қылмыстық кодекстегі ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көрсетілген қылмыстарды тікелей орындаушымен бірге, қатысушылар санына қылмыс істеуге біреуді көндірген (айдап-салушы), қылмыс істеуді ұйымдастырған немесе оған басшылық етуші (ұйымдастырушы) немесе қылмыс жасауға жағдай туғызған (көмектесуші) адамдар да кіруі мүмкін.

Қылмысты ұйымдастырушылардың, айдап салушылардың, көмектесушілердің әр түрдегі және әр түрлі дәрежедегі қылмыстың істелуіне мүмкіндік туғызумен бірге уақыты жағынан істелген қылмысты орындаушының әрекетінің алдын алуы немесе сонымен тұспа-тұс келуі және олардың барлығының осы қылмысты әрекетті істеумен себепті байланысты болуы шарт. Әрбір қатысушының әрекеттерінің өзара себепті байланысы мен шарттарының болуы істелген қылмыстық қатысушыларының бірлескен қылмысты іс-әрекеттерінің салдары екендігін дәлелдейді, барлық қатысушылардың бірдей жағдайда жауаптылыққа тартылуының алғы шарты екендігін көрсетеді.

Қылмысқа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстың зардабының өзара байланысының жеке адамның істеген қылмысына қарағанда өз ерекшелігі бар. Қылмысқа қылмыстың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-әрекеттері ғана байланысты болады. Айдап салушы, көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зардапты туғызады. Олар тек қана қылмыстың зардабының тууына себепші болады. Мұндай себепші болу қылмысты тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге асырылады. Субьективтік жағынан алғанда қылмысқа қатысу барлық қатысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді.

Бұл жерде екі немесе одан да көп адамдардың қасақана қылмыс жасауға қасақана қатысуы ұйымдастырушының, азғырушының, көмектесушінің, орындаушының істейтін қылмысының мәнісінен хабардар болатындығы және олардың өз іс-әрекеттерімен орындаушыға қылмыс істеуге мүмкіндік туғызатыны немесе соған түрткі болатыны туралы сөз болып отыр[2, 68б] .

Қылмысқа қатысу тек қасақана істелетін қылмыстарда ғана болады. Абайсыздықпен істелетін қылмыстарда қылмысқа қатысушылық болмайды. Қылмысқа қатысуда барлық қатысушылар іс-әрекетті қасақана, оның ішінде тек қана тікелей қасақаналықпен жасайды. Бұл жерде бұл қылмысты істеуді тілеу бірнеше адамдарды қылмысты іс-әрекетке біріктіреді. Кейбір жағдайларда қылмысқа қатысу нақтыланбаған тікелей қасақаналық пен де болуы мүмкін.

Л. Н. деген азаматтар төбелеске бірге қатысып, қарсыластарының біріне екеуі де пышақ салған. Нәтижесінде бір адам ауыр жарақаттанған. Бұлардың әрекетін халық соты нақтыланбаған тікелей қасақаналықпен істелген қылмысты әрекет деп бағалап, оларды Қылмыстық Кодекстің 103-бабы 3-бөлігі бойынша саралаған. Себебі олар пышақ жұмсаудан кез келген ауыр заардаптың немесе кісі өлімінің болуы мүмкіндігіне саналы түрде жол берген.

Қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының ниетінің мазмұнына орындаушының істейтін қылмысының қоғамға зияндылығының мәнісін сезіну, сондай-ақ сол адамның қылмысты жалғыз өзі емес, басқалардың әрекетімен бірге жасайтын мән-жайларды сезінуі шарт.

Қылмысты ұйымдастырушы, қылмысқа көмектесуші немесе айдап салушы қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін, ниетін, және өздерінің орындаушының қылмысты істеуіне жағдай туғызатынын сезінуі қажет.

Ал қылмысты орындаушы болса ол қылмысқа басқа қатысушылардың өзіне қылмысқа дайындалғанына немесе жасауына жәрдем жасағанынан әр уақытта дахабардар болады. Оның үстіне, қылмысты орындаушылардың арасында бірлесіп қылмыс жасауға деген өзара келісім болады, мұның өзі барлық қылмысқа қатысушылардың өз әрекеттерінің келісушілікпен жүзеге асырылатындығын және мұның қылмысты іс-әрекеттің тиімді түрде жүзеге асырылатындығын көрсетеді[3, 122б] .

  1. Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары

Қылмысқа қатысудың нысандары және түрлері туралы мәселені анықтау қылмысқа қатысушылардың субьективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне, олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың өзара обьективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу екі түрлі нысанға алдын ала келіспей қылмысқа қатысу және алдын ала келісіп қылмысқа қатысу болып бөлінеді. Бұл нысандар қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде әр түрлі көрініс тапқан. Бұлар алдын ала келісіп қылмысқа жай қатысу, ұйымдасқан топ болып және қылмысты бірлестік арқылы қылмысқа қатысу болып көрсетілген.

Қылмысқа қатысудың түрлері қылмыс істеуге қатысқан жекелеген қатысушылардың қылмыс істеуге қатысуының дәрежесі мен сипатына байланысты қоса орындаушылық және тар мағынадағы қылмысқа қатысушы болып екі түрге бөлінеді.

Бірнеше адамның қылмысты бірге топ болып істеуін қоса орындаушылық деп атаймыз. Қыллмысқа қатысудың бұл түрі бойынша қылмыс істеуге қатысқандардың барлығы да сол істеген қылмыстың обьективтік жағының белгілерін басынан аяғына дейін немесе жекелеген қатысушылардың қылмыстың обьективтік жағының бір бөлігін орындауға ғана қатысуын айтамыз. Мұндай ретте қылмыстың зардабы қылмысты қоса орындаушылардың ортақ әрекетінің жиынтығының нәтижесі болуда.

Тар мағынадағы қатысушылықта орындаушы қылмыс істеуге ұйымдастырушының: айдап салушының немесе көмектесушінің қатысуын білмеуі де мүмкін. Ал қоса орындаушылықта қылмысқа қатысушылардың барлығының бір-бірінің өзара әрекеті жөнінде хабардар болуы және қатысушылардың қылмысты бірге тікелей істейтінін білуі қажет.

Егер ондай болмаса адам қылмысты жеке істеген болып саналып, оны орындаушы өзінің істеген іс-әрекетінің шеңберінде ғана жауапты болады. Тар мағынадағы қылмысқа қатысушылыққа тән белгілердің бірі қылмысқа қатысушылардың өзара рөлдер бөлісуі болып табылады. Қылмысқа қатысудың бұл түрі бойынша қылмыстың обьективтік жағының белгілерін тікелей орындаушы ғана жүзеге асырады, ал ұйымдастырушы, айдап салушы және көместесушілер болса орындаушының осы атқаратын іс-әрекеті жөнінде хабардар болады. Қылмысқа қатысудың нысаны мен түрін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды, олар кейде қабаттасып кетуі де мүмкін. Мысалы:көп жағдайларда ұйымдастырушы және көмектесуші басқа қатысушылармен бірге тікелей қылмыстың обьективтік жағының тұтас белгілерін немесе оның бір бөлігін орындауға қатысуы мүмкін. Мұндай ретте қылмысқа алдын-ала келісіп қатысу(қатысу нысаны) қоса орындаушының және тар мағынасы қылмысқа қатысушылық(қатысушылар түрлері) көріністерінің қабаттасуы орын алады.

Қылмысқа қатысу нысаны мен түрлерін дұрыс анықтау қылмысты саралауға және жазаны даралау мәселесін шешуге әсер етеді. Қылмысқа қатысудың нысаны мен түрін белгілеу бірлесіп істеген қылмысты іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін анықтауға және қөылмысқа қатысушылардың әрекеті мен келісушілігінің дәрежесін есепке алуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың өзара байланысы тығыз болса, олардың әрекеті ұйымдасқан сипатты білдіреді. Мұның өзі олардың істеген қылмысының қауіптірек болатынын көрсетеді.

Қылмыстық Кодексінің 31-бабында қылмысқа қатысудың бірнеше нысаны: топ болып қылмыс жасау, бір топ адамның алдын-ала келісу, ұйымдасқан топ және қылмысты бірлестік арқылы жасау деп көрсетілген. Осы аталған бапта қылмысты іс-әрекетті істеудің келіспеушілігінің дәрежесіне сәйкес қылмысқа қатысудың нысандары бөлек көрсетілгенмен, іс жүзінде қатысушылардың өзара қылмыс істеуге деген алдын-ала келіспеушілігінің болғанына немесе болмағанына байланысты қылмысқа қатысу нысаны төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді[4, 86б] .

Алдын ала келіспей қылмысқа қатысу(31-бап, 1-бөлігі) . Мұндай ретте қылмыс топ арқылы алдын ала келіспей, қоса орындаушылық түрінде қылмысқа қатысушылардың арасындакеліспеушілік қылмыс істелгенге дейінгі уақытта орын алмаған жағдайда істеледі. Бұл жағдайда қылмысты топқа қатысушылардың өзара келісуі қылмыс істеу барысында, қылмыстың обьективтік жағының белгілерін орындауға кіріскен уақыттан бастап жүзеге асырыладды. Алдын ала келіспей топ болып қылмыс істеу көп жағдайда төбелеске қатысып кісі өлтіруге, денеге жарақат салуда, әйел зорлауда жиі кездеседі. Бұл қылмысқа тән белгі - қылмыс істеуге, яғни қылмыстың обьективтік жағын орындауға кіріскен орындаушының әрекетіне басқа қатысушылардың қосылып кетуі болып тьабылады. Мұндайда әрбір қылмысқа қатысушы қылмыстың обьективтік жағының белгілерін толық немесе ішінара орындайды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1993 жылғы 23 сәуіріндегі <<Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы>> қаулысының топ болып жасалған зорлау деп - бірнеше адам бір жәбірленушіні зорлағандығы, сондай-ақ айыпкердің бірнеше адам(екеуден кем емес) жәбірленушіге бірлесе күш жұмсап, онымен жыныс қатынасын жасаса, бұл әрекет топ болып зорлау деп саралануға жатады. Өздері зорлап жыныс қатынасын жасамаған, бірақ жәбірленушіге күш қолдану арқылы басқалардың оны зорлауына көмектескен адамдар топтасып зорлауды орындаушылар болып табылады делінген. Алдын ала келіспей қылмысқа топ болып қатысу өте қауіпті және бұл сот тәжірибесінде аз кездесетін қылмыс болып табылады.

Қылмысқа қатысу нысанының ең қауіпті және көп тараған түрі алдын ала сөз байласып, келісіп қылмысты бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан түрі болады. Алдын алла келісу деп қылмыстың обьективтік жағын құрайтын әрекеттерді орындағанға дейін Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі көрсетілген баптардағы іс-әрекеттерді істегенге дейін басқа бір адаммен болса да келісімге келуді айтамыз. Бір топ адамның қылмысты алдын ала келісіп істеуінің белгілері: біріншіден, қылмысқа қатыссушылардың саны екеуден кем болмайды; екіншіден, олардың қымыс істеу туралы келісімі қылмысты істегенге дейін орын алады; үшіншіден, келісім белгілі бір немесе бірнеше қылмысты істеу жөнінде болады. Қылмысқа қатысудың бұл нысаны қылмыстық кодексте нақты қылмыс құрамының негізгі немесе жетілдірілген белгілері немесе жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде көрсетілген. Мысалы: 175-баптың 2-бөлігінде бөтеннің мүлкін адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша ұрлау; - делінген. Бұл жерде қылмыс істеуге келісу деп қылмысқа қатысушылардың дайындалып немесе істейін деп жатқан қылмыс жөніндегі өзара ауызша, жазбаша келісімге қол жеткізуін айтамыз. Кейде мұндай келісімдерге конклюденттік әрекеттер(үндемей келісу) арқылы қол жетуі мүмкін[5, 32б] .

Келісімнің түпкі мақсаты қылмысқа қатысушылардың барлығынан да істейтін қылмыс құрамының обьективтік жағын орындауға тікелей қатысатыны туралы болады, яғни қылмыс қоса орындаушылықпен жүзеге асырылады. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады. Мұндай ұйымдасқан топпен істелетін қылмыстардың белгілері: біріншіден - қылмысқа кем дегенде екі адам қатысады, екіншіден- ондай қатысу алдын ала қасақана бір немесе бірнеше қылмыс істеу жөнінде келіседі, үшіншіден - қылмыстық топ тұрақты топқа жатады.

Алдын ала ұйымдасқан тұрақты қылмыста топтың қатысушылары, әдетте, қылмыс істеу жөнінде күні бұрын, яғни қылмысты істегенге дейін өзара келісіп, қылмыс істеудің жоспарын құрады; қылмысқа қатысушылардың өзара рөлін белгілейді; қылмысты әрекетті жүзеге асырудың жағдайларын қарастырады. Ұйымдасқан тұрақты топпен қылмыс істеу топқа қатысушылардың белгілі бір ролдерді атқаруы арқылы да, сондай-ақ ұштасқан орындаушылық арқылы да қылмысқа қатысып жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Тұрақты топ дегеніміз бір немесе бірнеше қасақана қылмыстар істеу үшін құрылған топ болып табылады. Мұндай тұрақты топтың мүшелері болып кейде мемлекеттік өкімет басқару органдарының жауапты қызметкерлері де болуы мүмкін. Қолданылып жүргенқылмыстық заңға сәйкес ұйымдасқан топ болып қылмыс істеу қылмысты жетілдіретін, ауырлататын белгі ретінде бірнеше бапта көрсетілген. Мысалы, 175-бап, 3- бөлігі, <<а>> тармағы, 178-бап, 3-бөлігі, <<а>> тармағы, 177-бап, 3 - бөлігі <<а>> тармағы т. б.

Егер қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған бірігіп ұйымдасқан топ (ұйым) не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыс сыбайластық қылмысты ұйым жасаған қылмыс деп табылады. Қылмыстық сыбайластыққа тән өзіндік белгілердің бірі қылмысқа қатысушылардың өзара алдын ала келісушілігінің ең жоғары дәрежеде болатындығына және оның тұрақты, тығыз ұйымдасқан, топтасқан құрылым екендігіне байланысты. Қылмыстық сыбайластық(қылмыстық ұйым) ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар істеу үшін адамдардың біріккен тұрақты және топтасқан тобының көрінісі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысқа қатысудың мәні, түрлері және нысандары
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылардың түрлері және олардың жауапкершіліктері
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысу жайлы
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысу
Қылмысқа қатысудың түрлері
Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысу туралы
Қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігі
ҚР қылмыстық құқығы бойынша қылмысқа қатысудың түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz