Тауарлы бекірені өсіру
Мазмұны
Бет
КІРІСПЕ 4
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1. Бекіре балықтарының систематикасы мен биологиясы
1.2 Генофондын сақтау жолдары
1.3 Тауарлы бекірені өсіру биотехникасы
1.3.1 Аналық табынды құру
1.3.2 Жыныс өнімдерін алу
1.3.3 Уылдырық алу әдістері
1.3.4 Шәует алу
1.3.5 Уылдырықты инкубациялау
1.3.6 Дернәсілдерді өсіру
1.3.7 Дернәсілдерді қоректендіру
1.3.8 Тауарлы бекірені өсіру
1.3.9 Бекірелерді қоректендіру
1.3.10 Сібір бекіресі
2. Материал және әдістемелер
3. Нәтижелер мен талқылаулар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Курстық жұмыс 29 беттен, 7 кестеден, 4 суреттен тұрады және 18
әдебиеттер тізімі кіреді.
Курстық жұмыста қоректену режиміне байланысты лендік бекіре
шабақтарының өсу ерекшеліктері туралы зерттеу жұмысы жазылған.
Кілттік сөздер: бекіре, лендік бекіре, қоректену режимі, өсу
ерекшілігі, экстерьерлі көрсеткіш.
Курстық жұмыстың мақсаты: балық шаруашылығындағы балық өсіру
биотехникасындағы лендік бекіре шабақтарын жасанды қоректендіру режимінде
маусымдық өсімін бақылау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Лендік бекіренің шаруашылықта қоректендіру;
• Маусым сайын лендік бекіренің өсімін өлшеу;
• Алынған мәліметтерді бір-бірімен салыстырып, осы қоректендіру
режимінде лендік бекіренің маусымдық өсу ерекшеліктерін көрсету;
• Алынған мәліметтерді басқа шаруашылықтағы мәліметтермен салыстыру.
КІРІСПЕ
Аквакультура объектілерін өсіру ассортименттерін кеңейту, сыртқы
нарықта үлкен сұранысқа ие жоғары өнімді және аса бағалы балық түрлерін
меңгеру бүгінгі таңда Қазақстан балық шаруашылығын дамытудың қажеттілігі
болып табылады. Осы жұмыстардың бірінші этапы ретінде тоғандық балық
шаруашылығының алдында келесідей міндеттер қойылған: Алматы облысының
табиғи-климаттық жағдайларына бейімделушілікті және балық шаруашылықтық
зерттеулерді ұйымдастыруды бекіре балықтарын тауарлық өсіру технологиясы
мүмкіндіктерін зерттеу болды.
Сүйріктің уылдырығын жасанды ұрықтандыру арқылы шабақтарды алып бекіре
балықтарын жасанды өсіру мүмкіндігі туралы 1869 ж Ф.В. Овсянников
дәлелдеген болатын [1]. Бекірелерді жасанды ұрықтандыру технологиясы жалпы
түрде Ресейде 1900-ші жылдары жасалып, 1916 ж Волгада практика жүзінде
қолданған болатын. 1945-1961 ж. ж. Н.С. Строгановтың жетекшілігімен
бірқатар зерттеушілер бекірелерді тауарлық өлшемге дейін тоғандық өсіру
технологиясын жетілдірген болатын. Сол уақыттың өзінде бұл бағалы
балықтардың қоры мамандардың назарын аудартқан болатын. Бүгінгі таңда
біздер бекіре балықтарының қорының көптеген суқоймаларда, әсіресе Каспий
теңізіндегі санының қысқаруын байқап отырмыз. Бекіре балықтарының
дүниежүзілік нарықтағы сұранымын қамтамасыз ету тауарлық аквакультура
есебінен жүргізуге болады. Сондықтан Оңтүстік Қазақстанда бекіре
балықтарының бейімделушілігін арттыру мақсатында жеке шаруа қожалығында
кейбір лендік бекіре балығын қолдан жасанды түрде өсіруге арналған
эксперименталды зерттеулер жасалған болатын [2, 3]
Осыған байланысты курстық жұмыстың мақсаты: Балық шаруашылығындағы
балық өсіру биотехникасындағы лендік бекіре шабақтарын жасанды қоректендіру
режимінде маусымдық өсімін бақылау.
Осыдан туындайтын курстық жұмыстың міндеттері:

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. Бекіре балықтарының систематикасы мен биологиясы
Тұщы суларда тіршілік ететін, сүйріктен басқа түрлерінің барлығы
өрістегіш немесе жартылай өрістегіш балықтар. Европаның, Солтүстік Азия мен
Солтүстік Американың суларында тірішілік етеді. Барлық бекірелердің өзіне
тән пішіндері бар Бұлардың ұзын тұмсықтары конус немесе күректәрізді, аузы
басының астында орналасқан, ауызының алдында 4 мұршалары бар, олар қоректі
іздеп табу қызметін атқарады. Құйрық қанаты гетероцеркальды. Олардың
денелері жалаңаш веретен тәрізді, денесін бес қатар орналасқан шағын қырлы
сүйектер жапқан: екі қатар құрсақ жағында, екі қатар бүйірінде, бір қатар
арқа жағында. Құйрық қанатының үстіңгі қалақшаында ромбтәрізді ганоидты
қабыршақтар жапқан [4].
Негізінен бекірелердің барлығы су түбінде тіршілік етіп, құрттармен,
моллюскалармен, насеком личинкаларымен, балықтармен қоректенеді. Табиғи
жағдайда олар миграция жасайды. Бір бөлігі теңізде тіршілік етіп, уылдырық
шашу кезеңінде өзендерге шығады, ал бір бөлігі теңізге шықпай-ақ, өзендерде
миграция жасайды.
Барлық сапалық көрсеткіштері жағынан бекірелер басқа балықтардан гөрі
жоғарғы орында тұр. Негізінен олар уылдырығының, етінің сапалығы жоғары
болғандықтан көп ауланады және қазіргі кезде оларды индустриальды жағдайда
өсіру қолға алынып жатыр. Бекірелерді тауарлы өсірудің біршама тарихы бар.
Каспий және Азов теңіздерінде тіршілік еткен бекірелер өткен ғасырдың
ортасына дейін сауда сұранысын қамтамасыз еткен. Ал қазір, бекірелер
миграция жасайтын өзендерге плотиналардың салынуына байланысты, табиғи
суқоймаларға шабақтарды жіберу қиынға соғып отыр. Негізгі жұмыстармен,
бекірелерді қайта шығару, орыс және кеңес одағының ғалымдары айналысқан:
1869 жылы физиолог академик Ф. В. Овсянников волжск сүйрігін ең алғаш рет
қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жүргізген, ал сосын орыс зоологтарымен А. О.
Ковалевский және М. И. Вагнермен қосылып сүйрікті бекіремен және шоқырмен
шағылыстырған гибридтердің шабақтарын өсірген. Бұл тәжірибелер әрі қарай іс-
жүзінде дәләлденген және де бүкіл дүние жүзіне тараған. Осының арқасында
балық шаруашылығында жаңа бағыт ашылды – бекіре өсіру. А. Н. Державин,
профессор Н. Л. Гербильскийлер де көптеген жұмыстар атқарған.
Осы жағдайларға байланысты қазіргі уақытта теориялық және практикалық
технологияларды үйлестіріп, толықжүйелі тауарлы шаруашылық құру қолға
алынды. Келесі балықтарды культивирлеу технологиясы жақсы жасалынды: сібір
бекіресі (A. baeri), орыс бекіресі (A. guldenstadti), сүйрік (A. ruthenus),
шоқыр (A. stellatus), қортпа (Huso huso), калуга (Huso dauricus), амур
бекіресі (A. schrenkii) және ақ бекіре (A. transmontanus).
Бекірелерді таза түрінен басқа аквакультурада гибридтерді де өсіреді.
Оларды негізінен ет және уылдырық үшін өсіреді. Сібір бекіресін, орыс
бекіресін, сүйрік, шоқыр және қортпаны культивирлеу технологиясын негізінен
Реседің европа бөлігінде өңдеген. Сосын ол технологияны Батыс Европа
қолданған. Әр түрлі технологиялар түрлеріне көптеген публикациялар арнаған.
Калуганы және амур бекіресін культивирлеу технологиясы Қиыр Шығыста
Приморьеда [Свирский, Рачек, 2001] құрған. Ал ақ бекірені культивирлеу
технологиясы АҚШ-та құрылған және Италияда [Reichle,1997] практика жүзінде
қолданылып жүр [5].
Дүние жүзінде бекіре өсіру екі бағытта дамып келе жатыр: жайылымдық
және аквакультура. Ресейдегідей бекірені көптеп өсіру ешқай мемлекетте жоқ.
ХХ ғғ-дың 70-і жылдары Ресейде бекіре өсіретін заводтардың байланысы
құрылған: Волгада, Оралда, Кубаньда, Донда, Днепрде және Днестрде,
Әзірбайжанда, Иранда. Ресей жақсы жылдары бекіренің шабақтарын өсіріп,
теңіздерге 100млн данаға дейін жіберген. Бұл жұмыс қазір де үлкен масштабта
жалғасып келе жатыр. Табиғатта бекірелердің саны уақыт өткен сайын азайып
келе жатыр. Олар Европада жоқтың қасы, ал Каспий теңізінде санаулы қалды.
Италия, Венгрия, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Румыния, Қазақстан және
Қытай мемлекеттеріндегі мамандар бекірелерді Евразияда сақтау және нормада
пайдалану туралы мәліметтер бекітті. Бекірелердің барлық жерде санының
азаюы – табиғатта оларды сақтау жөніндегі шаралардың дұрыс ұстанбауын
көрсетеді. АҚШ-та он түрдің бесеуін жойылып бара жатқан түрлер қатарына
енгізген. Әлемде бекірелердің түрлерінің 41%-ы жойылып кету қауіпінде, ал
22%-ы сақталып қалуға төзімді.
Біріншіден – бекірелер тіршілік ететін ортаның өзгеруі және көбеюге
ыңғайлы жағдайдың болмауы. Бекірелердің саны арнайланған зуаыттар қанша
өнім шығарса, сонша болады және табиғи жағдайда нерест жерлерінде аналық
қанша уылдырық бере алады, соған да байланысты болып келеді. Бұл проблеманы
шешу үшін көптеп қаражат жұмсау керек және негізгісі, ұзақ уақыт керек.
Екіншіден – заңсыз балық аулау немесе браконьерлік. Қазіргі кезде
заңсыз аулау кәсіптік аулауға қарағанда 10-12 есе жоғары. Бұл – мемлекеттік
деңгейдегі проблема.
АҚШ-та және Европада бекіре өсірудің коммерциялық мәдениеті дамыған.
Европалық мемлекеттер ішінен Франция және Италия етті және уылдырықты
пайдалану жағынан алда келе жатыр. Италияда негізінен ақ, адриатикалық және
сібір бекірелерін өсіреді. 2000 жылы 750 тонна ет және 2,5 тонна уылдырық
алынған. Ал Францияда 150 тонна ет, 5 тонна уылдырық алынды (сібір
бекіресінен). Осы сияқта Польшада, Германияда, Венгрияда, Испанияда және
Португалияда бекіре өсірудің коммерциялық мәдениеті дамып келе жатыр.
Негізінен қортпа, сүйрік, орыс бекіресін және әр түрлі гибридтерді өсіреді.
Европада бекіренің жалпы өнімділік еті 1000 тонна болды. АҚШ-та және
Канадада 2000 жылы 1000 тонна ет және 5 тонна уылдырық өндіріп шығарды. Бұл
жұмыстың негізгі районы Калифорния болып есептеледі. 1995 жылы
доместицирленген ақ бекіре особьтарынан уылдырық алу жұмыстары жүргізіле
бастады. Қазір осы түрдің екінші және үшінші ұрпақтары алынды.
Әлемдік практиканың есебі бойынша, қазір үлкен масштабты
кәсіпорындарда жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ, бірақ табиғатта қалған
популяцияны сақтап қалу жұмыстарымен айналасып жүр. Бекірені тауарлы өсіру
коммерциялық аквакультурада негізделген. Мемлекеттің қолдауымен жаңа
коммерциялық шаруашылықтар құру жоспарланып жатыр. Жылына 200-1000 тонна
бекіре етін өндіретін фирмалар соғылып жатыр. АҚШ-та 10 тонна уылдырық
өндіретін шаруашылық соғылды. Ресей соңғы жылдары шетелдерге 30-40 тонна
қара уылдырық 20 млн доллар бағасымен сатуда. Бүгін де бекіре
шаруашылығының мүмкіншіліктері төмегі деңгейде құрылған. Тек Ресейдің
көптеген аудандарында балық өсіретін, әсіресе бекіре өсіретін бос тоғандар
мен қуатты шаруашылықтар бар. Индустриальды шаруашылықтардағы шарбақ және
бассейндердің ауданы 300 мың м2, ал жалпы балық өсіретін тоғандардың ауданы
150 мың га-ға жетеді.
Тек осы ауданның 10%-ы 3000 тонна балық және 50 тонна уылдырық
өндіруге жеткілікті.
Бекіре өсіру тәжірибелері оң нәтиже көрсетті. Сондықтан да кәсіптік
бекіре өсіру перспективасы кірісті бизнес көзі болып табылады.
1.2 Генофондын сақтау жолдары
Балықтардың табиғи көбеюі олардың жастық құрылымын және популяция
түрлерін сақтап қалуға ықпал етеді.
Бекіре балығының табиғи көбеюінің азаюына жол бермеу 1955 жылдан
бастап кәсіби өндірісі дами бастады. Өндірістік жағдайда зауыттарды
балықтарды өсіру олардың кәсіптік қорларын қалыптастыруда маңызды роль
атқарады. Бекіре балықтарын жасанды түрде өсірудің мақсаты – Каспий
теңізіне балық шабақтарын жіберу арқылы бекіре балықтарының саны мен
өнімділігін сақтап қалу. Өткен ғасырдың 50 ж-н бастап Каспий өңірінде 21
бекіре балық өсіру зауыттары салынды. Олардың ішінде 10 Ресейлік зауыттар
2,2 млрд бекіре шабақтарын жіберді. Балықтарды жасанды түрде көбейту
бүгінгі таңдағы бекіре балықтарын жасанды көбейту жағдайы олардың санын
азаюын толтырмай отыр. Бұл Каспий теңізіндегі балықтар популяциясының
генетикалық түрлерінің жоғалуына әкеліп соғуы мүмкін. Теңіздің қоректік
базасы Каспий теңізі жағалаулардағы мемлекеттерге бекіре шабақтарын 150
млн\данаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Каспий теңізінің қоректік базасының мейлінше толық қолдану
мақсатында шабақтарды жіберу төмендегідей болуы тиіс. Бекіре - 33 %, шоқыр
- 30%, қортпа - 13%. Бүгінгі таңда зауыттық әдіспен өсірілген балық
мөлшері қортпа - 99%, бекіре - 63%, шоқыр - 83%.
Каспий бекірелердің табиғи өніміне жоғарылау нәтижелілігі ерекше
назар аудару қажет. Ол үшін қажетті қолайлы уылдырық шашу және
гидрологиялық режим қажет, өрістеуге өндірушілердің кіргізуін кеңейту,
табиғи мелиорацияны өткізу және өрістеудің жасанды тізбектер құру. Бекіре
қорлардың толығуында саяси және экономикалықтардың бастаушы роль болу
тиісті. Азықтық базасы жоғары жерлерде бекіре балықтарының шабақтарын
жылына 150 млн данаға жеткізу қарастырылады.
КаспНИРХ-тың және басқада институттардың көп жылдық зерттеулері
бойынша бекірелердің шабақтарын жасанды санының арттыруының арқасында
сақтаулар және табиғи ұдайы өндіріс қорларының деңгей сүйемелдеуінің маңызы
зор. Өзендердің төменгі ағымында өндірушілерге арналған шарттар, уылдырық
шашуды қамсыздандырылған және скат тиісті болу керек. Табиғи қалғандарды
өзендердің емес - учаскелерінде сондай шарт мақсатқа лайықты , қайсыларда
бекіре өндірушілер түр саны сақтауына арналған көбейтумен филогенетикалық
бейімделулерді ең толық іске асыруға болады. Ондай болмаған жағдайда
арналған жүргізушілердің толық құнды уылдырық алудың ұдайы реті келмейді.
Қолдану пісіп жетілушілердің - түрлері алғашқы рет, өндірушілердің бөлімі
сақталуы тиіс. Табиғи табын түрлі жасты құрылымын және көбеюлердің
генофондын көбейтуі, дәл осындай жағдай барысында гендермен айырбас болады
.
Бұрынғы қалпына келуде және бекірелердің сан артуында үлкен роль
ойнады, теңіз шаралардың кешен циональды және тұрақты қолдануы олардың
Ғылыми кәсіпшілік қорларының және өнеркәсіпті ұйымдарды өзендердің
сағаларында балық аулау кәсібі жаңа ережелерді өңдеді және енгізді,
ауланған балықтардың лимиттауы енгізілген болатын; мелиорация өткізілген
және жасанды өрістеу орындары салған болатын.
1.3 Тауарлы бекірені өсіру биотехникасы
Тауарлы бекірені өсіру технологиясының жүйесі келесідей болуы керек:
• аналық және ремонттық табын ұстау;
• өндірушілердің уылдырық шашуын стимулдау;
• уылдырықты инкубациялау;
• дернәсілдерді белсенді қорекке көшуіне дейін ұстау;
• отырғызу материалын өсіру;
• тауарлы балықты өсіру.
1.3.1 Аналық табынды құру
Өндіруші бекірелерді аквакультура жағдайында жасанды қорекпен уылдырық
сатысынан жыныстық жағынан жетілген сатысына дейін өсіруге болатындығын ең
алғаш рет Конаковск тірібалық зауытында дәлелденген (Мәскеу обл. Конаково
қаласы). 1981 жылы сол жерде сібір бекіренің тұқымы алынған [Подушка,
2000]. Кейінірек Ресейде аквакультура жағдайында өсірілген жыныстық жағынан
жетілген өнімдер алынды. Негізінен қортпа, орыс, байкал, сахалин және амур
бекірелерінің өндірушілері алынған. Италияда – адриат бекіресінің, АҚШ-та
қысқатұмсықты және ақ бекірелерінің өндірушілері алынған. Балықшылардың
жетістіктерінің арқасында табиғи жағдайда жойылып бара жатқан түрлерді
сақтап қалуға мүмкіншілік туды.
Табиғи жағдайларда бекірелердің жыныстық жағынан жетілуі кеш жүреді.
Мысалы, сібір бекіресінің аталықтары 19-24 жылда, ал аналықтары – 25-30
жылда жетіледі. Басқа әдебиеттерде аталығы – 15 жылда, аналығы – 9 жылда
[6], аталығы 11-15 жылда, аналығы – 15-18 жылда [7]. Қайтадан жетілуі
аталықтарында – 2-3 жылдан кейін, аналықтарында – 3-5 жылдан кейін жүреді.
Тіршілік ету ұзақтығы 60 жыл. Сондықтан да, балық өсіру практикасында
бекірелердің жыныстық жағынан жетілудің мерзімін құнарлы қорек беру және
жыл бойы су температурасын тұрақты ұстап тұру арқылы қысқартуды негізделіп
жұмыс жүргізген. Нәтижесінде жетілу жасы біршама қысқарған (кесте 1).
1 кесте
Индустриальды шаруашылықтарда бекіренің жыныстық жетілу жасы, Подушка,
2000
Түр аталықтары аналықтары
Сүйрік 2 3-4
Орыс бекіресі 3-4 6-8
Шоқыр 3 5-6
Қортпа 4-5 5-6
Сібір бекіресі 2-3 6
Асылдандыру материалы 30ºС –ден жоғары емес температурада, жасанды
қорек құрамындағы протеин 40%-тен жоғары болған кезде өсіріледі. Протеиннің
қалған бөлігі (50%) жануартектес болуы керек. Бұл аз құнарлы балықтың
құрғақ түйіршіктелген қорекпен араластырған фаршы.
Қыстау кезеңінде (температура 4-5ºС-тан жоғары емес) қорек тек балық
жоғалтқан энергия орнын толықтыру үшін ғана беріледі. Отырғызылу тығыздығы
1,5 есе артады. Қолайлы температурада және қорекпен қанағаттандырылғанда
аналықтар жыл сайын жетіле беруі мүмкін, ал аталықтар жетіледі. Табын құру
кезінде генетикалық әр түрлілікті сақтап қалу үшін шаралар қолданады [5]:
• Асылдандыру мақсатында 10-20 аналықтан кем алынбайды;
• Бір аналықтың уылдырығын ұрықтандыру үшін үш аталықтың шәуеті
қолданылады;
• Ұрықтану пайызы жоғары уылдырықтарды алады (80%-дан төмен емес);
• Аз санды жаман эмбриондарды алып тастайды;
• Үйірде өндірушілердің саны тұрақталып тұрады: минимум 50 дана,
оптимум 200 дана;
• Аналықтар мен аталықтардың қатынасы 1:3 қатынасында сақталып
жүргізіледі.
Аквакультурадағы өндірушіден алынған ұрпақтың сапалығы гетерозисті
кәсіптік гибридтерді алуына байланысты болып келеді [8]. Осы мақсатқа орай
аналық табын бірнеше құралады. Сібір бекіресі үшін лена, обь, енисей және
байкал популяциясының өкілдері болуы мүмкін. Оларды шағылыстырған кезде
олардың ұрпағының тірі қалуы 20%-ға жоғарылайды, ал гибридтер жыныстық
жетілген массасына жақсы өсіп дамиды.
1.3.2 Жыныс өнімдерін алу
Қазіргі кезде бекірелердің дамуы тікелей бекіре зауыттарында іске
асырылуда. Бұнда жыныстық жасқа жетілдіру, оларға гипофиздік суспензия
енгізу арқылы жүреді. Бекірелерді өсірумен 75 зауыт айналысады.
Бекірелердің табиғи жайдайдағы уылдырық шашуына байланысты, бұндағы
зауыттарда бекірелердің мамырдың екінші жартысына дейін 10-180С
температурада алады.
Бекірелердің түрлерінің ұрығының дамуы бір-біріне едәуір ұқсас
(бекіренің, қортпаның және шоқырдың). Бекіре балықтарын жасанды
ұрықтандыру: Уылдырық алу, ұрықтандыру, өсіру. Бекірелердің ооциттерінің
дамуын 6 стадияға бөлуге болады. Бекіре балықтарынан (бекірелер және шоқыр)
ооциттерінің дамуын аналық ағзасынан тыс Скоблинаның әдісімен алуға болады.
Аналықтардан ооциттерді аналықты ұстаған тәулікпен кешіктірмеу қажет [1].
Жыныс өнімдерін алу үшін өндіруші бекірелерді қыстаудан төмен
температуралы құрылғыларға ауытырады. Ондағы судың температурасы күніне 1ºС-
пен 15-18ºС-қа дейін баяу көтерілуі керек. Жыныс өнімдерінің жетілуін
арнайы пробалармен, яғни щупамен білуге болады. Щупаны бекіренің құрсақ
бұлшықетін тесіп жыныс безіне кіргізеді. Щупты ось айналасында бір бұрап
алған соң, ооциттерді немесе уылдырықты шығарып алады. Щупты енгізу
тереңдігі 12см; ооциттердің овуляцияға дайындығын ядроның орналасуына қарап
біле алады: ядро ортадан анимальды полюсқа жақын орналасқан сайын,
ооциттердің жетілуі жоғары болады [5].
Жыныс өнімдерінің жетілуінің соңғы стадиясы гипофизарлы инъекция
жолымен жүреді. Алынған гипофизді үгітіп, 1мл дистильденген сумен егеді.
Одан кейін аналықтарда қайтымсыз даму стадиясы жүреді: уылдырықтар
гонададан бөлініп, жұмыртқа жолына түседі. Жұмыртқаның жетілуі мен
овуляциясын жетілдіру үшін аналыққа 60-80 мг кез келген бекіренің
гипофизінен жасалған инекциясын егеді [2, 3]. Гипофизарлы инъекцияға
бекіренің, албырттың, тұқының немесе олардың синтетикалық аналогтарын LH-
Rha (Luteniying Hormone Realising Hormone Etilamide), Gn Rha (Ganadotropin
Realising Hormone Etilamide) қолданады. 1 кг аналыққа 2-6 мг тұқы гипофизы
немесе 1-10 микрограмм синтетикалық заты 1 кг дене салмағына керек.
Аталықтары дозаны бір-ақ рет, аналықтары 1-2 рет алады (бірінші доза 10%,
негізгі доза 90%).
Гипофиз ерітіндісінің сақтау мерзімі бір сағаттан артық болмауы керек,
содықтан оны әр бір инъекция алдында дайындайды.
Ересек балықтар (гипофизарлы инъекцияны 80-90%-ы алған) бассейн
бетінде жүзе бастайды, кей кезде бассейн қабырғасына үйкеледі. Осы белсенді
фаза пайда болғаннан 6-12 сағаттан кейін уылдырық алуға болады немесе
бекіренің түріне, өлшеміне және су температурасына байланысты соңғы
инъекциядан 12-48 сағат өткеннен кейін алуға болады. Балықтың жағдайын әр 2-
3 сағат сайын уылдырықтың бассейнге қанша мөлшерде шыққанын бақылап
отырады. Барлық аналықтардың жетілуі су температурасына байланысты 10-20
сағаттан кейін жүреді. Осы уақытқа дейін жетілмеген аналықтар әр дайым
сапасы нашар уылдырық береді. Сапасы жоғары уылдырық алу үшін аналықты
ұстайтын орта таза, суы жайлы ағынды, су температурасы оптимальды болуы
керек, судың аэрациясы үнемі қадағалануы тиіс. Қалыпты бекіренің бір
аналығынан 167 ден 610 мың уылдырық алынады.
Уылдырықтың овуляция жағдайына көшкенін балықтың құрсақ жағын басып
көру немесе бассейнге түскен уылдырықтармен анықтайды. Овуляцияның басқа да
белгілері: аналь тесігінің ісінуі және балықтың құйрық жағын көтергенде
құрсақ жағының төмен түсуі. Уылдырықты алу үш жолмен жүреді.
1.3.3 Уылдырық алу әдістері
Бірінші әдіс. Балықты басынан іледі. Құрсақтың кесілген жағынан
уылдырықты арнайы ыдысқа ақырын салады. Ішінде қалған уылдырықтарды ішкі
органдарына тимей гонадалардан бөлып алады. Ыдыста тұрған уылдырық 15-20
имнуттан кейін ұрықтануға дайын болады. Уылдырықтағы қан және басқа да
бөгде заттар уылдырықтың сапасына әсерін тигізеді. Мұндай уылдырықты бөлек
инкубациялау керек. Балықты қайта өңдеуге жібереді.
Екінші әдіс. Балықты ұйықтатып арнайы 1300х180х150мм өлшемді станокқа
– желобқа орналастырады. Балықтың құйрық жағы станоктан шығып, таразыда
жатады, сондықтан оны қолмен ұстап тұру керек. Мұндай жағдайда құйрық
жағынан санағанда 4-5 қырларында құрсақ жағын кеседі. 5-7см кескеннен кейін
уылдырықтың жарты көлемін арнайы ыдысқа төгіп алады. Сосын аналықты
толығымен станокқа жатқызады, кескен көлемді 15с-ге дейін үлкейтеді, қалған
уылдырықты күрекпен алады. Жұмыртқа жолындағы қалған уылдырықты сығып
алады. Барлық операция 15-20 минут жүреді.
Кесілген жер йодты преператтармен дезинфекцияланады, тігіледі немесе
арнайы қысқыштармен бекітіледі. Бұл процедурадан кейін кесілген жері 2-4
аптада жазылатын аналықтардың 80-90%-ы тірі қалады. Жараның жазылуы
қабырғасы және түбі тегіс. Оттегісі мол бассейндерде жүреді.
Үшінші әдіс. Аналықты ұйықтатады. Алдыңғы жағын станокқа
орналастырады, артқы жағы таразыда жатады. Құйрығын қолмен ұстап тұрады.
Басын дымқыл сүлгімен орайды. Аналь тесігі жағын құрғақ шүберекпен сүртеді.
Уылдырықты құрғақ эмальденген немесе пластикалық ыдысқа сығып алады.
Уылдырықты алдымен жұмыртқа жолынан құрсақ жағын басынан құйрығына қарай
бағытта сығу арқылы алады. Уылдырық шығуы біткеннен соң, аналь тесігінен
скальпельмен кесінді жасайды. Осыдан кейін уылдырық алу кәдімгі тұқыдағыдай
немесе бахтахтағыдай жолмен жүреді. Бұл процедура 2-30 минут аралығында
балықтың өлшеміне және тұқымдылығына байланысты жүреді. Бекірелерде
жұмыртқа жолы жіңішке, нәзік, мөлдір пленка тәрізді болып келеді. Оны
кескен жағдайда қан ағу болмайды. Кәдімгі жағдайда жазылып кетеді.
Бірінші сығу кезінде 90% овулирленген уылдырық алуға болады. Бірінші
сығудан кейін балықты қайта суға салады, екінші рет сығу бірнеше минуттан
кейін жүреді. Балықта қалған уылдырықты бассейн түбіне сығып жібереді.
Аналықтардың тірі қалуы 100%-ға жуық болып келеді [5].
1.3.4 Шәует алу
Бекірелердің шәуеті қарапайым құрылысты, жалпы ұзындығы 60 мкм басы
таяқ тәрізді, екі 1,5-2 мкм, басының ұзындығы мкм. Басының алдыңғы
бөлімінде сүйірленген аймағында акросома орналасқан. Басының көп бөлігін
ұзынынан алып жатқан ядро. Ол қауырсынды тармақталған, спиральды
тармақталған каналдардан тұрады. Каналдарда жіпшелер жатады. Жіпшелер шәует
жұмыртқамен қосылғанда сыртқа шығарылып, акрасамды өсіндінің пайда болуына
әкеледі. Шәуеттің құйрығы 6-7 есе үлкен таязтәрізді басының көлемінен [1,
6].
Уылдырық алынғаннан кейін аталыққа 40-60 мг ацетондалған гипофиздік
инекциясын енгізіп, шәуетін алады. Аталықтардан шәуетті бірнеше рет 1-3 күн
аралығында алуға болады. Үлкен емес бекірелердің шәуетін құйрық бөлігін
майыстыру арқылы алады, ал үлкен балықтарда массажды әдіспен немесе катетер
(соңында әйнек түтігі бар рәзіңке шланг) көмегімен алады. Сүзіп алынған
шәуетті құрғақ ыдысқа салып, қараңғы жерге қояды. 4ºС-та 2-6 күн бойы шәует
сапасын жоғалтпайды. Уылдырыққа немесе шәуетке алдын-ала су тигізуге
болмайды. Алдымен шәуетті алады. Ол криогенді әдіспен ондаған жылға дейін
сақталуы мүмкін.
Жұмысшы тұқымдылығын 2 г-ды өлшемнен бастап жүргізуге болады. Онда
уылдырық саны саналады. Санақ жүргізген кезде массасынан 3-5% беткі
сұйықтықты алып тастайды.
Ұрықтандыру. Ұрықтандыруды 1аналық:3аталық есебімен, қоспаны 10мл
шәует 1кг уылдырыққа есебімен жүргізіледі Қоспаны сумен араластырады (10мл-
ға 2000мл су) және бірден уылдырыққа құяды. Егер шәует сапасы нашар болса,
онда судағы концентрациясын арттырады. Ұрықтандыру бір қалыпты қолымен
немесе қауырсынмен араластыруда 3 минутқа созылады. Соңында уылдырықты 2
рет сумен жуады. [5].
Ұрықтандыруға шәуеттің қою сүт түстесін алуға болады. Бұндай 1 мл
тамшысында 2 млрд шәует болады. Ол болмаған жағдайда аздап сұйықтау шәуетті
алуға болады. 1 мл тамшыда 1-2 млрд шәует болады. Аз мөлшердегі уылдырықты
сұйық 1 мл де 1 млрд-тан аз шәуетпен ұрықтандыруға болады. Бекірелердің
шәуеті шәуетті сұйықтықта қозғалыссыз, оған аздап су құйса олардың қарқынды
жылжуы шәуеттің жартысы еркін шәуеттің 50%-дан көбісі қозғалып жүреді, 5-10
минуттан кейін қозғалу мүмкіндігі кейбіреулерінде ғана сақталады, сондай
шәует төзімді және сапасы жоғары болып саналады. Шәуеттің сапасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz