Ғылымды ұйымдастыру - үлкен сөз


ЖОСПАР
КІРІСПЕ2
1. МӘУЛЕН БАЛАҚАЕВ - ҒЫЛЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ3
2. ҚАЗАҚ ТIЛIНIҢ БIЛIМПАЗЫ5
3. М. БАЛАҚАЕВТЫҢ СӨЗ ТІРКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ҒЫЛЫМИ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ10
ҚОРЫТЫНДЫ27
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ28
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тiл бiлiмiнiң өмiрге келуi мен оның қалыптасып, өсiп-өркендеу жолдарына ой салатын болсақ, күш-жiгерi мен саналы ғұмырын ғылымға арнаған жандарды үлкен құрметпен еске аламыз. Осындай тұлғалы есiмдердiң бiрi - қазақ тiл бiлiмiнiң бiлгiрi, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесi, филология ғылымының докторы, профессор Мәулен Балақайұлы Балақаев.
М. Балақаев - қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаушы ғалымдардың бiрi. Ол - тiл мәдениетi мен стилистика теория¬сы пәндерiн өмiрге әкелген, алғаш рет қазақ тiлiндегi сөз тiркестерiн грамматиканың жеке түрi етiп танытуға күш-жiгерiн жұмсаған, қазақ тiлiнiң басқа да салаларына үлес қосқан ғалым. Бұл саладағы бiрегей iзденiстерi: «Қазақ тiлi сөз тiр¬кестерiнiң негiзгi типтерi» (1957) атты монографиялық зерттеуi, Т. Қордабаевпен бiрiгiп жазған «Қазiргi қазақ тiлi грамматикасы. Синтаксис» (1966) деп аталатын еңбегi мен орыс тiлiнде шыққан «Современный казахский язык. Синтаксис» (1959) деген зерттеу еңбектерi осы салаға арналған.
«Қазақ тiл бiлiмi» пәнiнiң негiзi қаланып, даму жолына түсуi осы бiр бiлгiр жанның ғылымдағы қадымды iс-әрекеттерiмен тығыз байланысты. Профессор М. Балақаев қазақ тiл бiлiмiн зерттеуде сол кездерде шешiмiн таба алмай келген мәсе¬лелердi күн тәртiбiне қоя отырып, үлкен жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаған талант иесi М. Балақаев грамматика оқулығын жазды, жалпы қазақ тiл бiлiмi саласында маңызды орын алатын монографияның авторы болды.
Бiр ерекшелiгi - ғалымның жасаған теориялық тұжырымдары терең де жан-жақты болып келедi. Оның қазақ тiл бiлiмiн зерттеу мақалаларындағы маржандай тiзiлген, әсерлi де көрiктi сөз тiркестерiн оқып, көзiң қуанады, көңiлiңе тоқисың. Әсер аласың. Адамдық болмысын танисың.
Зерттеу нысаны . М. Балақаевтың қазіргі қазақ тілі синтаксисіне қосқан үлесі, ғылыми зерттеу еңбектері.
Зерттеудің мақсаты. Тілші, зерттеуші М. Балақаевтың синтаксис саласына арналған еңбектерінің, ғылыми пікірлерінің маңыздылығын талдау
Зерттеудің міндеттері.
- М. Балақаевтың өмірлік жолына шолу жасау;
- Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу даму тарихына Т. Сайрамбаевтың қосқан үлесіне тоқталу;
- Тілшінің ғылыми-зерттеу еңбектерін саралау;
- Тілшінің синтаксис саласына қосқан үлесін айқындау;
Зерттеу әдістері. Жұмысты жазу барысында баяндау, салыстыру, сараптау, жүйелеу, талдау, қорыту әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеудің дереккөздері. Курстық жұмысты жазуда жазуда А. Байтұрсынов, С. Аманжолов, Қ. Жұбанов, М. Балақаев, Т. Сайрамбаев т. б ғылыми еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмысы кіріспе, бір тараудан, қорытынды, әдебиет тізімінен тұрады.
1. МӘУЛЕН БАЛАҚАЕВ - ҒЫЛЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
М. Балақаевтың, I. Кеңесбаевтың және Ғ. Мұсабаевтың туғандарына мерей той болып жатыр. Қазақ тiл ғылымының тарихына да солай ғасыр таянды. Бұл аралықта шыққан ұлт лингвистерiн шамамен мынадай үш буынға бөлiп қарастыруға болады: бiрiншiсi - А. Байтұрсынұлы бастаған Қ. Жұбанов пен Т. Шонанов қатарлылар; екiншiсi - аталмыш мерейтойгерлер және оларға тұстастар мен өкшелестер; үшiншiсi - ғылымға негiзiнен тәуелсiздiк жылдарында келгендердiң легi. Қазақ тiл бiлiмiнiң осы межелi асуында жұртшылық назарын А. Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнде қырық жыл бойы қанатының астына алып, ғылымның қилы қыр-сырын үзбей санама сiңiрген ұстазым М. Балақаев шығармашылығының әлi күнге көп айтылмай, еленбей жүрген, қағаберiс қалып келе жатқан бiр маңызды қырына аударғанды жөн көрiп отырмын. Ол - оның ғылымды ұйымдастырушы ретiндегi қызметi.
Ғылымды ұйымдастырушы деп кiмдi айтады - жауап берiп көрейiн. Қазақ тiлiнiң қазiргi синтаксис деңгейi үлкен екi саладан тұрады: сөйлем синтаксисiнен және сөз тiркесi синтаксисiнен. Соңғы сала қазақ тiл бiлiмiнде алғаш өткен ғасырдың елуiншi жылдарынан былай ғана сөз бола бастады. Ол М. Балақаевтың еңбектерiнде ғана. Мысалы, оның С. Е. Маловтың жетпiс жасқа толған мерейтойының қарсаңында Мәскеуде шыққан Тюркологический сборник жинағының бiрiншi санындағы (1951) «О комбинированном управлении прямого дополнения в казахском языке», Қаз КСР ҒА-ның Хабаршысындағы (1952) «Қазақ тiлiндегi сөз тiркестерiнiң кейбiр мәселелерi», одақтық Вопросы языкознания журналындағы (1956) «Типы именных словосочетаний в казахском языке» iспеттi ғылыми мақалаларында. Ол осы бағыттағы көп жылғы iзденулерiнiң негiзiнде кешiкпей «Основные типы словосочетаний в казахском языке» (1957) атты жеке кiтабын шығарды. Бұл - тек қазақтың ғана емес, ортаазиялық түрiк халықтарының да лингвистикасындағы сөз тiркесi жөнiндегi тұңғыш монографиялық зерттеу болды. Автор еңбегiнiң кiрiспесiнде былай деп жазады. «Ұсынылып отырған жұмыстың негiзi Қазақ мемлекеттiк университетiнiң студенттерiне сөз тiркесi арнайы курсынан әлденеше жыл үзбей дәрiс оқу процесiнде қаланған болатын. Дәрiс оқу барысында жиналған нақты тiлдiк материалдар мен осы салаға қатысты түркологиядағы, орыс ғалымдарының еңбектерiндегi теориялық тұжырымдар кейiн де талай пысықталып, қатаң ғылыми жүйеге келтiрiлдi». Ғалымның бұл аталмыш зерттеуi көзi тiрiсiнде өңделiп, толықтырылып бiрнеше рет басылды. Одақтық түркологтар назарын да аударды. Оны КСРО ҒА-ның корреспондент мүшелерi Н. К. Дмитриев, А. К. Боровков сынды ғалымдар жоғары бағалады. А. К. Боровков бұл еңбек туралы мысалы былай деп жазды: «Первые исследования по теории синтаксиса, типологии словосочетания (Е. И. Убрятова, М. Б. Балакаев) намечают широкий круг вопросов, очень интересных и перспективных». М. Балақаев былайғы жерде сөз тiркесi проблемасынан аспиранттарға, iзденушiлерге тақырыптар берiп, оларға кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғатып, синтаксистiң осы жаңа саласынан ондаған бiлiктi мамандар қатарын тәрбиелеп шығарды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетте кезiнде өзi жолға қойған Сөз тiркесi арнайы курсы қазiр Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында оқылады. Ол сөз тiркесi синтаксисiн қазақ тiл бiлiмiнде алғаш осылай қалыптастырды, осылай оны аяғынан тiк тұрғызды. Оның сөз тiркесi синтаксисi мектебi де қазақ тiл бiлiмiнде, түркологияда мiне осылай қалыптасты.
М. Балақаев 1941 жылы Халық мұғалiмi журналының бiрiншi-екiншi сандарында «Қазақтың әдебиет тiлiнiң өсу жолы» дейтiн көлемдi мақала жариялады. Ол тiл бiлiмiнiң бұл саласына былайғы жерде де жиi-жиi айналып соғып, оның нормасы, функционалдық стильдерi сияқты әртүрлi мәселелерiн зерттей жүрiп, осы бағытта бiрге еңбек жазуға ең әуелi М. Томанов пен менi кейiнiрек Р. Ғ. Сыздықова екеуiмiздi тартты. Сөйтiп Қазақ әдеби тiлiнiң мәселелерi (1961), Қазақ әдеби тiлiнiң тарихы (1968) дейтiн университеттер мен институттардың филология факультетiнiң студенттерiне арналған тұңғыш көмекшi құрал да, тұңғыш оқу құралы да жасалды. Тiкелей М. Балақаевтың ұйымдастыруымен, басқаруымен жасалды. Алғы сөзде айтылғандай: «Қазақ әдеби тiлiнiң қалыптасу, даму тарихын баяндайтын жүйелi оқулық не оқу құралы бұларға дейiн шынында болған жоқ. Ұсынылып отырған оқу құралы - әдеби тiлiмiздiң екi ғасыр iшiндегi даму тарихын жүйелi түрде баяндаудың тұңғыш бастамасы». Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетте әдеби тiлдiң стильдiк жүйесiнiң дербес курс ретiнде оқытыла бастауына да Мәкең (Мәулен Балақаев) өзi мұрындық болды. Өзi бастап бағдарламасын жасады, өзi бастап дәрiс оқыды. Дәрiс оқумен қатар қасына тағы шәкiрттерiн (Б. Манасбаевты, М. Томанов пен менi) алып, Қазақ тiлiнiң стилистикасы атты оқулық дайындауға кiрiстi. Бұл да - жоғары оқу орындарының филология факультетiнiң студенттерiне арналған, қазақ тiл ғылымы тарихындағы бiрiншi оқулық-тын. Алғашқы тәжiрибе-тiн. Ол бүгiнде үш қайтара (1966, 1974, 2005 жылдары) басылып шықты.
М. Балақаевтың бұл (әрiптестерi қызығарлық) ұйымдастырушылық қызметi оның шығармашылығының сондай-ақ мына бiр тұсынан да айқын аңғарылады. Ол 1947 жылы «Тiл мәдениетiндегi елеулi қателер» деп аталатын мақала жариялады. Осы тақырыптан 1989 жылға дейiн (40 жылдан аса уақыт бойы) бiр сәт те қол үзген емес. Тезис, жеке ғылыми мақала, кiтап түрiнде артына бай мұра қалдырды. Бәрiнде де сол тiл мәдениетi, тiл жатықтығы, сөз қолдану мәдениетi, баспасөз тiлiнiң мәдениетi, тiл өнерi, сөз өнерi, сөйлеу мәдениетi, әдеби тiл мәдениетi, жазу мәдениетi, сөз мәдениетi, оқушының тiл мәдениетi, жастардың тiл мәдениетi, жазушының сөз мәдениетi төңiрегiнде толғанды. Бәрiн де сол қазақ тiлiнiң қамын жей отырып, оның iш-мазмұны мен сырт сымбатының жарасымын, ертеңiн ойлай отырып жазды. Осы мақсатпен ұзақ жылдар өзi дәрiс оқыған Қазақ ұлттық университетiнде тiл мәдениетiнiң тұрақты түрде арнайы курс ретiнде оқылуына тiкелей бастамашы болды: оның тұңғыш типтiк оқу бағдарламасы мен оқу құралын дайындап, көзi тiрiсiнде екi рет (1965 және 1971 жылдары) кiтап етiп жариялады. Бұл арнайы курс кешiкпей Қазақстанның өзге жоғары оқу орындарында да оқыла бастады. Дербес жаңа пән ретiнде қалыптасты. Ол өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында Тiл бiлiмi институтының басшылығы алдына да тiл мәдениетi бөлiмiн ашу туралы мәселе қойды. Ұсыныс түсiнiстiкпен қабылданды. Институт құрамындағы бұл жаңа құрылымның ең бiр жетекшi бөлiмге айналуына да Балақаев өзi жетек ұйытқы болды. Оның қазақ тiлiнiң мәдениетi мектебi де мiне осылай қалыптасты. Сөйтiп, қазақ тiл бiлiмiндегi бұл үлкен саланы да қырық жыл бойы осылай бiр өзi алып жүрдi. Жоғарыда айтылғандардан көрiнеу бiр нәрсе - М. Балақаевтың ғылымды ұйымдастырудағы қызметiнiң, қарым-қамтымының осыншалықты ауқымдылығы. Ғылымды ұйымдастырушы деп оның мiне осындай, ноқта басы тұлғаларын айтса болады.
Сонымен сөз тiркесi синтаксисi, тiл мәдениетi дейтiн тұтас екi үлкен саланың бастауында тұрған да, оларды бүгiнгi қазақ тiл бiлiмiне ендiрген де, қалыптастырған да - Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесi, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан ғылымының еңбек сiңiрген қайраткерi, филология ғылымдарының докторы, профессор Мәулен Балақаев. Осы жерде айрықша бiр бөле айтатын нәрсе: Балақайұлы Мәуленге дейiн жеке тұлғаның сөз тiркесi синтаксисi мен тiл мәдениетiне бұлай әрi көшбасшы болып, әрi оларды ары қарай дамытып, ақырында екеуiн бiрдей қазақ тiл бiлiмiнiң жаңа дербес салалары ретiнде қалыптастыруы ғылымда жалпы сирек кездесетiн құбылыс саналады. Ол мұнымен қоса жоғары оқу орындарында өтiлетiн қазақ әдеби тiлiнiң тарихы, қазақ тiлiнiң стилистикасы, қазақ тiлiнiң мәдениетi дейтiн негiзгi пәндердiң тұңғыш оқу құралдары мен оқулықтарының жазылуына да өзi ұйытқы болды және өзi бiрге жазысты. Бұл айтылғандардан М. Балақаев шығармашылығы сөз болғанда әдетте бiрiншi, алғашқы, тұңғыш, тырнақалды тәрiздi сипаттамалардың ауызға жиi алынатыны сiрә түсiнiктi болса керек. Осы жерде әсiресе көңiл аударайын дегенiм: ол ғылымды ұйымдастырушы ретiндегi жоғарыда аталған сан сала қыруар жұмысты өзi еңбек еткен А. Байтұрсынұлы институты мен әл-Фараби универститетiнде құдай берген сол данадай маңғаз, баладай аңқау кiшiк қалпында, жалаулатпай, жар салмай, қашанғы қарапайым, сабырлы, алды кең байсал мiнезiмен, дабырасыз, дақпыртсыз елеусiз жүрiп тындырды. Әр кез әдемi жымиып қойып, ешкiмге зiл-зәрi жоқ әзiлiн де айта жүрiп.
Мәулен Балақаев қазақ тiл бiлiмiнiң аясын мiне осылай кеңiттi, ғылымды мiне осылай ұйымдастырды. Ғылымды ұйымдастыру - үлкен сөз. Мағанасы да кең. Сөз - әдетте жоғарыдағыдай тұтас бiр қауым игiлiгiне, ел мүддесiне қалтқысыз қызмет ететiн биiк мұратты игi iстен өрбiсе ғана үлкен. Оған жемiстi еңбек еткендердiң бiрi Мәулен Балақаевтың да үлесi бар.
2. ҚАЗАҚ ТIЛIНIҢ БIЛIМПАЗЫ
Қазақ тiл бiлiмiнiң өмiрге келуi мен оның қалыптасып, өсiп-өркендеу жолдарына ой салатын болсақ, күш-жiгерi мен саналы ғұмырын ғылымға арнаған жандарды үлкен құрметпен еске аламыз. Осындай тұлғалы есiмдердiң бiрi - қазақ тiл бiлiмiнiң бiлгiрi, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесi, филология ғылымының докторы, профессор Мәулен Балақайұлы Балақаев.
М. Балақаев - қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаушы ғалымдардың бiрi. Ол - тiл мәдениетi мен стилистика теория¬сы пәндерiн өмiрге әкелген, алғаш рет қазақ тiлiндегi сөз тiркестерiн грамматиканың жеке түрi етiп танытуға күш-жiгерiн жұмсаған, қазақ тiлiнiң басқа да салаларына үлес қосқан ғалым. Бұл саладағы бiрегей iзденiстерi: «Қазақ тiлi сөз тiр¬кестерiнiң негiзгi типтерi» (1957) атты монографиялық зерттеуi, Т. Қордабаевпен бiрiгiп жазған «Қазiргi қазақ тiлi грамматикасы. Синтаксис» (1966) деп аталатын еңбегi мен орыс тiлiнде шыққан «Современный казахский язык. Синтаксис» (1959) деген зерттеу еңбектерi осы салаға арналған.
«Қазақ тiл бiлiмi» пәнiнiң негiзi қаланып, даму жолына түсуi осы бiр бiлгiр жанның ғылымдағы қадымды iс-әрекеттерiмен тығыз байланысты. Профессор М. Балақаев қазақ тiл бiлiмiн зерттеуде сол кездерде шешiмiн таба алмай келген мәсе¬лелердi күн тәртiбiне қоя отырып, үлкен жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаған талант иесi М. Балақаев грамматика оқулығын жазды, жалпы қазақ тiл бiлiмi саласында маңызды орын алатын монографияның авторы болды.
Бiр ерекшелiгi - ғалымның жасаған теориялық тұжырымдары терең де жан-жақты болып келедi. Оның қазақ тiл бiлiмiн зерттеу мақалаларындағы маржандай тiзiлген, әсерлi де көрiктi сөз тiркестерiн оқып, көзiң қуанады, көңiлiңе тоқисың. Әсер аласың. Адамдық болмысын танисың.
Тiл - халық байлығы. Тiлдiң әдеби түрi - ғасырлар мен жылдардың, iзденiс пен таңдаудың, көп салалы сараптал тәжiрибелердiң жемiсi. Сөздi орнымен, тиiмдi түрде пайдалану жайы әр уақытта да өзектi мәселе болып келедi.
Қай тiлдiң тарихын алсақ та, өзiнiң белгiлi бiр даму кезеңiнде, грамматикалық құрылысын жетiлдiрiп, лексикалық байлығын екшеп, көркейе түсетiн уақыты болады. Тiл мәдениетiн көтеру дегенiмiздiң мәнi қалыптасқан тiл нормаларын сақтау және оны әрi қарай дамыту болып табылады.
Ойды тыңдаушыға дұрыс жеткiзе бiлу - сөйлеушiнiң де, жазушының да басты мақсаты. Сондықтан да, тiл мүмкiндiгiн еркiн пайдаланып, әр сөздi өз орнында қолдану, ойды бейнелеп айту, ұтымды сөйлеу сияқты нәрселерге халық әр кезде өзiнiң сыншыл көзқарасын бiлдiрiп келген. Осы орайда әр түрлi сөз тiркестерi де пайда болып отырған. Мысалы, «тiлi мен жағына сүйенген», «аузымен орақ оратын», «аузына ақ ит, кiрiп көк ит шығатын», «тисе терекке, тимесе бұтаққа» сияқты тiркестер.
Тiл ғылымында зор мән берiлетiн келелi мәселелердiң бiрi - тiл (сөз) мәдениетi. Тiл - адам ойының көрiнiсi. Адамның тiл жұмсауынан, сөз саптауынан, тiл мәдениетiнен оның қандай адам екендiгiн аңғаруға болады.
Сөйлеу тiлiнде бардың бәрiн емес, iнжу-маржандарын әдебиетке енгiзе бiлу де шеберлiк пен талантты керек етедi. А. С. Пушкиннiң: «Жазба тiл сөйлеу тiлiмен бiрдей болуы мүмкiн бе? Жоқ, сөйлеу тiлi еш уақытта жазба тiлге дәлме-дәл ұқсас болуы мүмкiн емес . . . Жазба тiл минут сайын сөйлеуде туатын тiлдiк тәсiлдермен жанданып отырады . . . Тек сөйлеу тiлiнде жазу - тiл бiлмегендiктiң белгiсi» деген сөздерi ойға оралады.
М. Балақаевтың ең басты көңiл қойған мәселесi қазақ тiлiнiң шынайы таза, мәдениеттi болуы.
Тiл мәдениетi - баспасөз тiлiнiң мәдениетi және сөйлеу тiлiнiң мәдениетi болып бөлiнедi. Баспасөз - әдеби тiл мәдениетiнiң айқын бейнесi.
М. Балақаев республикадағы жергiлiктi ақындардың, газет тiлшiлерiнiң жазу стилiне, сөз қолданыстарына да сын көзiмен қараған. Олардың тiлiн әдеби нормаға бағындыру қажеттiгiн үнемi назарда ұстаған. Тiл тазалығына, ой дәлдiгiне әрдайым қамқоршылық жасап отырған.
Тiл мәдениетiн арттыруда көркем әдебиеттiң алатын орны ерекше. Тiлдiң грамматикалық нормаларымен қатар, стильдiк нормалары да болады. Стильдiк нормалардың қалыптасуында сөйлеушiлер мен жазушылардың көркемдiк талғамы, тiл құдiретiн сезiне бiлу қабiлетi ерекше рөль атқарады. Тiлдiң әдеби түрiнiң нормаларын, әсiресе сөздi орнымен әсерлi қолдануда, сөз байлығы сияқты кең байтақ дүниенiң iшiнен ең керектi, ең тиiмдi элементтердi таңдай бiлуде, сөздердi сол тiлге тән синтаксистiк заңдылықтарын сақтай отырып, айтылатын ой мен шығарманың мәнiне, мазмұнына, сипатына, түпкi мақсатына үйлестiре отырып, тiркестiре бiлуде.
Егер жазушы қазақ сөздерi мен сөз тiзбектерiн өз шығармаларында дұрыс қолданбайтын болса, шығармасы қандай деңгейде болар едi?
Тiлдiң бәрi әдеби тiл емес. Тек жазба әдебиет тiлi ғана әдеби тiл деп танылады. Мiне, ғалымның көбiрек көңiл аударған мәселесiнiң бiрi - қазақ әдеби тiлi.
Көркем әдебиет - халыққа қызмет етушi, әрi тәрбиешi. М. Балақаев әрбiр ақын-жазушының қаламынан туған шығармалары қаламгердiң тiл байлығына, тiл жұмсау шеберлiгiне негiзделiп, оқырмандарына әлеуметтiк, эстетикалық тәрбие берудi сөз еткенде, әрбiр қаламгердiң көңiлiнде тiл жұмсауда үлгiлi, ұқыпты болу мақсаты да тұру керектiгiн өз еңбектерiнде атап көрсетiп жүрдi.
Әдеби тiлде бiрiздiлiк болмаса, мысалы жазуда, терминдердi, басқа да сөздiктердi, грамматикалық ережелердi т. б. жұмсауда, әркiм өз бетiнше сөздi талғамсыз пайдалана беретiн болса, тiл мәдениетiнiң берекесi кетер едi. Тiл жұмсаушылар тiлдiк норманың сақталуына мән беруi тиiс.
М. Балақаев балалар әдебиетi тiлiне қойылар талапқа да ерекше жауаптылықпен қараудың қажет екендiгiн үнемi назарда ұстаған. Өйткенi балалардың жас ерекшелiгi мен қабылдау деңгейiн ескере отырып, оқушы сезiмiне, психологиясына жету үшiн тiл шеберлiгi мен шынайылығы, тiлдiң эстетикалық әсерлiгi қажеттi екендiгi, сонымен қатар балалардың тiл ұстартуында халық тiлiнiң мұрасын, тiл құдiретiн оқушы бойына сiңiруде тiлдiң маңызы ерекше екендiгiн үнемi есте ұстайтын.
Академик Қажым Жұмалиев айтқандай, тiлiмiзде жаман сөз жоқ, кiнә - сөздi орнына қолдана бiлмейтiндердiң өзiнде, әр сөзге сөйлемдегi өзiнiң таңдаулы, талғаулы орындарын дұрыс тауып бере бiлсе, жай сөздiң өзi де поэтик тiлдiң рөлiн атқарады.
Тiлдiк норма қай уақытта таңдамалы әрi орнықты болады? Олар тек жазу арқылы тiлдiң жалпы қорларын бiрнеше жылдар бойы таңдап, оны талғампаздықпен қолдану процесiнде баянды болады. Жазу болмаса норма тұрақты болмайды, бiршама тұрақты нормасы болмаса, норма әлсiз болса, тiлдiң әдебиеттiк тiрегi орнықты болмайды.
Түсiнiктiрек болу үшiн халық тiлiнiң қандай ерекшелiктерi әдеби тiл нормасынан тыс тұрады? - деген сұраққа жауап iздейтiн болсақ, олар: диалектизмдер, профессионализмдер, жаргондар, ескiрген архаизмдер, қара дүрсiн жасанды сөздер, жарыспалы сөздердiң әдеби тiлге тән емес варианттары, қазақ тiлiнде бар сөздiң орнына қалай болса солай айтыла салынатын және өзге тiлдерден орынсыз қолданылған сөздер т. б.
Мiне, осы мәселелерге арналған ғалымның айтулы еңбегi - «Қазақ әдеби тiлi және оның нормалары» (Алматы, «Ғылым». 1984) атты монографиялық зерттеуi. Монографияда ғалым мынадай тұжырым жасайды: «Жазба әдебиет арқылы белгiлi нормаға түскен, стильдiк тармақтары бар, қоғамдық қызметi әр алуан тiлдi әдеби тiл деймiз» (85 бет) . Сондай-ақ әдеби тiлдiң нақты баю, кеңею әдiстерiн де көрсетедi.
Ғалымның туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Осы орайда Бiлiм және ғылым министрлiгiне қарасты Орталық ғылыми кiтапхана М. Балақаевтың 100 жылдығына арнап «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы» сериясы бойынша «Мәулен Балақайұлы Балақаев» атты кiтапша шығарды.
Биобиблиографиялық көрсеткiште М. Балақаевтың өмiрi мен қызметiнiң негiзгi белестерi ал¬ғашқы беттерден орын алған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz