Мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізудің маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
I бөлім. Мемлекеттік аймақтық саясатты іске асырудың теориялық негіздері
5
Мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізудің маңызы 5
1.2 Мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу құралдары 10
1.3 Аймақтық саясатты басқарудың шетел тәжірибесіндегі бағдарламалық әдісі
мен жоспарлау механизмдері 12
II бөлім. Маңғыстау облысындағы аймақтық саясатты жүргізу механизмі 15
2.1 Маңғыстау облысында аймақтық саясаттың негізгі бағыттары 15
2.2 Маңғыстау облысындағы аймақтық саясатты жүзеге асырудағы негізгі
мәселелер 22
III бөлім. ҚР-да аймақтық саясатты жетілдіру жолдары 27
3.1 Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізуде әлеуметтік-экономикалық
механизмдерді қолдануды жетілдіру 27
3.2 ҚР-да аймақтық саясаттың дамуын мемлекеттік реттеу 31
Қорытынды 37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39

Кіріспе

Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын
мемлекеттік аймақтық саясаттың қазіргі теориялық ерекшеліктерін қарастыру
оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып
табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған
жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау
өзекті мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына
әсерін тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- мемлекеттің біртұтастығын сақтай отырып, аймақтарды одан әрі
экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамыту;
- халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту;
- аймақты жақсартуға ықпал ететін басымды инвестициялық жобаларды жүзеге
асыру жолымен әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіндегі өңірлер арасында
орын алып отырған айырмашылықтарды азайту болып табылады.
Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір
елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар - бұл
әлеуметтік-экономикалық табиғи-климаттық, ресурстық және басқа да
жағдайлармен байланысты табиғи, аймақтык айырмашылықтар. Осы орайдағы
мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып
табылады. Мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу осы күнге дейін өзінің
өзектілігін жоғалтқан жоқ деуге болады.
Курстық жұмыстың міндеті:
- аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың
дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені
ұлғайту;
- өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық айырмашылықтарды
аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық ресурстық және инфрақұрылымдық
ерекшеліктерімен анықтап, сондай-ақ мемлекеттің теңестіру саясатын жүргізу
болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі аймақтық басқарудың тиімділігін арттырудың
мемлекеттік стратегиясы ең алдымен, халықтың өмір сүруінің жеткілікті
деңгейін қамтамасыз етуге, елдің экономикалык кеңістігінің тұтастығы мен
бірлігін сақтауға, экономиканың нақты секторының тұрақты дамуы үшін
жағдайлар қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Аймақтық экономиканың қызмет
етуінің айқын белгіленген шекарасының болуы, аумақтардағы шаруашылық
жүргізу мен әлеуметтік-экономикалык дамуды басқарудағы дербестіктің барған
сайын арта түсуі аймақтың тұрақты, тиімді дамуын қамтамасыз ететін
экономикалық саясатты жасақтаудағы аймақтық басқарудың жауапкершілігін
күшейте түседі.

I бөлім. Мемлекеттік аймақтық саясатты іске асырудың теориялық негіздері

Мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізудің маңызы

Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың
өзіндік механизмдері бар. Макроэкономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола
отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен
бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді
өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине,
міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген
аймақтардың мүдделерін үйлестіру, аймақтық дамудың әрекетті механизмін
жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша
пайдалану жатады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын
аймақтық саясаттың қазіргі теориялық ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді
жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды
саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті
мәселеге айналады.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілген реформалар
аймақ аралық саралауды (дифференциация) тым күшейтіп жіберді. Нәтижесінде
жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) өндіру көлемі бойынша
республика халқының айырмашылығы он есеге дейін жетті. Жан басына
шаққандағы жалпы аймақтық өнімнің ең жоғары көлемі - Атырау облысына, ал ең
төменгі көлем Жамбыл облысына тиесілі. 2009 жылғы деректер бойынша осы екі
облыстың жан басына шаққандағы ЖАӨ-дегі айырмашылық 12 есе болған.
Мұндай тым саралау, әрине, миграцияның күшеюіне, дағдарысты және кедей
ареалдардың кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету
механизмінің әлсіреуіне және аймақаралық қарама-қайшылықтардың өсуіне алып
келері сөзсіз. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік-экономикалық саясатты
жүргізуді айтарлықтай қиындатады. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық
теңсіздіктер (диспропорциялар) көбінесе объективті сипаттағы себептермен
байланысты болғанмен де, оларды жұмсарту қажеттілігі айқын. Мемлекеттің
тұтастығын сақтауға ұмтылған бір де бір мемлекет аумақтық теңсіздіктердің
соншалықты алшақтығына жол бермейді. Мұны дамыған мемлекеттердің тәжірибесі
де дәлелдей түседі. Сондықтан Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму
қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу
стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты
өсуі елдің проблемалық аймақтарындағы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша
мүмкін емес. Республиканың қазіргі зкономикалық кеңістігі әлеуметтік,
экономи-калық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі
аймақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу
қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
• шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
• индустриялық дамыған;
• агроөнеркәсіптік;
• дағдарыстық;
Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер
келесідей:
• экологиялық дағдарыстың терендеу үрдісінің алдын алу;
осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру
үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте кауіпті ауылдық
аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден
республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін
қажет жағдайлар жасау;
шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді
пайдалану. (1)
Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін
тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік
береді. Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан
экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе
төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған (диверсификация)
құрылымымен, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады.
Мұндай аймақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне
мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған
Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет - аймақтар үшін жағымсыз
салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды
қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.
Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:
• өндіріс қарқынының төмендеуі;
• халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың
төмендігі);
• жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі (жұмыссыздықтың
жоғары деңгейі);
• демографиялық, экологиялық, әлеуметгік қызметтер көрсету саласындағы
проблемалардың күшеюі және т.б.
Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір
елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар, бұл
әлеуметтік-экономикалық табиғи-климаттық, ресурстық және басқа да
жағдайлармен байланысты табиғи, аймақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы
мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып
табылады. Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық
айырмашылықтар көбінесе аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық
ресурстық және инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар
мемлекеттің теңестіру саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы
саясатты жүзеге асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндеттерінің
қатарына артта қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық -даму
параметрлерін ең болмағанда орташа деңгейге біртіндеп жақындау жатады. Бұл
жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын
ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы
жерлерге көшіп-қонуға көмек көрсету); артта қалған аймақтарға капитал
мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т.б. болып табылады
Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда,
экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты.Әлеуметтік даму салыстырмалы
түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық
мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне
байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға
зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі
нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады.
Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының
тепе-тендігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте
дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын
толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады, бұл
түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін
анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.
Тәуелсіз мемлекетіміздің аймақтық саясатын жүзеге асыру тиімді басқару
жүйесін қалыптастырмайынша жоғары нәтижеге жеткізбейтіндігі көптеген
дамыған мемлекеттердің тәжірибесімен дәлелденіп отырған ақиқат. Қазіргі
уақытта ешбір мемлекет ел ішіндегі тиімді аумақтық басқару жүйесінсіз
бәсекеге қабілетті болып, әлемдегі өзінің лайықты орнына ие бола алмайды.
Өздерінің мемлекетгік басқару жүйесін қазіргі талаптарға сай жаңартқан
мемлекеттер өз аумақтарында шаруашылық кәсіпорындарын орналастыру үшін,
шетел инвестицияларын тарту үшін тартымдырақ бола түсті. Ал бұл қазіргі
ғаламдану үрдісі белең алып отырған әлемдік бәсекелестік жағдайында аса
маңызды. Аймақтық басқару құрылымының деңгейлері бойынша функциялар мен
міндеттерді бөлу және қалыптастыру төменнен, яғни басқару объектісінен, сол
сияқты жоғарыдан басқару субъектісінен де таралуы тиіс. Функциялар мен
міндеттер тым орталықтандырылу негізінде қалыптастырылса, төменгі
деңгейлерге артық немесе жүзеге асырылмайтын функциялардың берілу қаупі
туындайды, сол сияқты оларды орталықсыздандыру арқылы қалыптастырған
жағдайда маңызды стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ескерілмей қалу
қаупі бар. Басқару деңгейлері бойынша нақты функцияларды бөлгенде төменгі
басқару деңгейлерінің басымдығы немесе теңдігі сақталуы тиіс. Бөлу
барысында басқару органдарының міндетті өкілеттілігіне аймақты басқару
мақсаттарына жауап бермейтін және нарықтық қатынастар арқылы шаруашылық
жүргізуші субъектілер өздері жүзеге асыратын функциялар енгізілмеуі қажет.

1.2 Мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу құралдары

Макроэкономикалық денгейдегі аймақтың экономикалық саясаты мемлекетпен
оның басқару органдары, заң және үкіметтің атқарушы органдары арқылы іске
асырылады. Аталған жоғарғы денгейде жалпы ұлттық экономика мен әрбір
аймақтың дамуы туралы шешім жалпы ұлттық мүдделерді есепке ала отырып
қабылданады. Сонымен бірге ұлттық экономиканы біртұтас ретінде ғана
қарастырып қоймай, әртүрлі белгілері бойынша бір-бірінен өзара
ерекшеленетін, бірігіп қызмет атқаратын жүйе ретінде қарастырған дұрыс. Бұл
жүйеде, нақты бір аймаққа территория бойынша бекітіліп берілгеніне
қарамастан, олар бүкіл елдің өндірістік-экономикалық мүмкіндіктерін, оның
әлемдік экономикалық кеңістіктегі орнын, ұлттық және экономикалық
қауіпсіздік пен ұлттық экономиканың тұрақтылығын анықтайды. Бұл әскери-
өнеркәсіп кешені, бәсекелестік қабілетті, ғылыми ауқымды және жоғарғы
технологиялы салалар және маңызды мәдени және әлеуметтік объектілер.
Аталған объектілердің дамуын реттеу жоғарғы денгейдегі мемлекеттік аймақтық
экономикалық саясаттың негізгі қызметі болып табылады.
Аймақтық саясатты қалыптастырудың негізі мыналар:
1. мемлекеттің аймақтық саясаттын қалыптастыруда түрлі
аудандар халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру мүдделері
елдің өндіргіш күштерді дамыту мен тиімдірек орналастырудың объективті
қажеттілігі.
мемлекеттің аймақтық - экономикалық саясатын қалыптастырудың анықтаушы
факторы ретінде республикадағы ауыл шаруашылығы дамытушы аудандар мен
ауылдар.
Аймақтық экономиканы реттеудің жалпы мемлекеттік тәсілі, республиканың
тұтастай аумағында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мүдделерінен де
туындайды. Ол өз кезегінде, әр түрлі себептерден әлеуметтік тұрғыда артта
қалған аймақтар халқының өмір сүру деңгейін көтеру жөніндегі арнайы
бағдарламаларды жасап дайындауды немесе ірі үкімет шешімдерін негіздеуді
талап етеді. Мұндай бағдарламалар Қазақстанның ауылдық аудандары бойынша
кезінде жасалып дайындалған болатын, бірақ олардың орындалуына
кейбіреулеріне көңіл толмайды. Жоғарыдағыны жүзеге асыру үшін үш әдіс
қолданылады:
1. жергілікті бюджетке аударылатын төлемдер мөлшерін арттыру
мақсатында республикалық бюджет мөлшерін азайту;
2. әр түрлі аймақтардың дамуына арналған ашық жәрдем ақылар;
3. үкімет деңгейінде аймақтық мәселелерді шешу кезінде әр түрлі
аумақтық-шаруашылық жүйелерге арналған мемлекеттік қолдауды
ұйымдастыру.
Жоғарғы макроэкономикалық денгейдегі мемлекеттің реттеуші күші төмендегі үш
бағытта шоғырланады: ұйымдастыру-басқару, заңды-құқықтық, қаржы-
экономикалық.
Ұйымдастыру - басқару бағытында негізінен аймақтық экономикалық саясатты
әзірлеу мен іске асыру жауапкершілігі жүктелетін аймақтың дамуын реттейтін
негізгі органдар мен институттар қалыптастырылады, алға қойған мақсаттарды
шешудегі ұйымдық құрылымдардың өкілеттіктері мен рөлі анықталады.
Аймақтардың дамуын заң-құқықтық реттеу Конституцияға сәйкес орталық пен
аймақтық мемлекеттік үкімет органдарының арасындағы өкілеттіктерді шектеуді
анықтайтын көптеген арнайы заңдармен реттелінеді.
Жалпы аймақтық дамуды реттеудің құқықтық негіздері балансталынған ұлттық
дамуға қол жеткізуді қамтамасыз етуі, ұлттық тұтастықты нығайтуға септігін
тигізуі керек және азаматтарға олардың өмір сүру ортасына тәуелсіз бірдей
мүмкіндіктер беруі қажет. Аймақтық дамуды қаржы-эконмикалық реттеу әлемдік
тәжірибеде тексерілген және кең тараған реттеу формалары мен әдістерін
пайдалануды қарастырады. Бұл: жоспарлау және болжамдау, қаржы - несие және
бюджеттік-салық жүйесі. Аймақтық дамуды реттеу құралдарын олардың
әмбебаптылығы мен әсер ету көлеміне қарай екіге бөледі:
белгілі бір территориядағы көптеген экономикалық субъектілердің қызметіне
әсер ететін, жалпы экономикалық реттеуіштер мен макро құралдар;
адрестік реттеуіштер мен микро құралдар.
Аймақтық экономикалық саясаттың микроқұралдары аймақтық экономика
субъектілер қызметіне тікелей әсер ету үшін қолданылады. Әсер етудің екі
басты бағыттарын бөліп көрсетуге болады: еңбекке және капиталға. Аймақтағы
толық және тиімді жүмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу мақсатында
мемлекеттік қаржыларға кадрларды қайта дайындау ұйымдастырылады, жүмыс
орындарын құру үшін субсидия және мақсатты несиелер бөлінеді. Капиталға
әсер етудің негізгі микроэкономикалық құралы болып әртүрлі инвестициялық
гранттар табылады. Олар аймақтың экономикалық өсуіне септігін тигізетін
нақты объектілерді инвестициялау үшін бөлінеді.
Макро және микроқұралдар орталық үкімет сияқты, аймақтық органдармен
қолданылады. Мемлекеттік реттеудің тиімділігі көптеген жағдайда әртүрлі
макро және микроқұралдар бір-бірімен табысты сәйкес келетіндігіне, сондай-
ақ қаржыларды мақсатты пайдалануға байланысты. Белгіленген облыстардағы
әкімшілік шекараларында Қазақстан аймақтарын әлеуметтік-экономикалық даму
денгейі бойынша бір-бірінен тез айыруға болады. Барлық неғұрлым маңызды
экономикалық көрсеткіштер мен халықтың өмір сүру денгейі және сапасы
көрсеткіштері өте үлкен диапазонда ауытқиды.

1.3 Аймақтық саясатты басқарудың шетел тәжірибесіндегі бағдарламалық әдісі
мен жоспарлау механизмдері

Еуроодаққа мүше мемлекеттердің аймақтарды дамытуға қатысты саясатын
талдай отырып, олардағы аймақтық саясаттың өзегі аймақтық дамуды
ынталандыру екендігінде білуге болады. Енді аймақтық саясатты жүзеге
асырудың бірқатар механизмдеріне тоқталып өтейік. Батыс Еуропадағы
бағдарламалық әдіс және жоспарлау механизмдерін үш тұрғыда қарастырған
жөн:
1. ЕО ішінде экономикалық және әлеуметтік интеграцияның дамуына ықпалын
тигізетін құрылымдық қордың бағдарламалық әдісі;
2. Аймақтық экономикалық кұрылымдарды жетілдіру үшін құрылған ОА
міндеттерді бірлесіп шешудің германиялық жүйесі. Бұл жүйе федералды үкімет
пен жерлердің келісу нәтижесі болып табылады.
3. Мемлекет пен аймақтар арасындағы француздық жоспарлық келісімдер. Осы
аталған барлық ұйымдардың түрлі мақсаттары мен механизмдері бар, олардың
жалпы негізгі ерекшелігі: аймақтарды дамытуға басқарудың әр түрлі
элементтерін қатыстыруды ұйымдастыра отырып, олардың күштерін біріктіреді.
Батыс Еуропадағы бағдарламалық әдіс және жоспарлау механизмдері:
Жобалау кезеңіңде бекітілген кағидалар негізіңде жасалған жоспарлар мен
бағдарламалар енгізуге дейін бағалаудан және Еуропалық Комиссияның
бекітуіне дейін келісуден өтеді;
Әр жыл сайын біртұтас ұлттық жоспар жасалады. Ол жалпы ережелерден және
әрбір жердің мақсаттарын нақтылайтын бөлімдерден тұрады;
¥лттық экономикалық жоспар бірнеше жылға құрылады. Осы жоспар тиісті
заңдар мен ұсыныстар негізіңде құрылады;
- Құрылымдық қор қағидаларын жасақтау және үйлестіру.Осы шарттардың
негізіңде қаржылық көмек көрсетілетін аумақты және бөлінетін
қаржының көлемін анықтау;
- Заңдарын жасақтау және сыртқы ортаның өзгерісін ескере отырып,
үнемі қайта қарап отыру. Қолдау объектілерін қалыптастыру және
олардың арасында қаражаттарды бөлу;
- жүйесінің заңнамалық негізін құру және оларды өзгертіп отыру,
мұқтаж аймақтарға бөлінетін қаражат көлемін анықтау.
Әр түрлі деңгейдегі билік органдары (ұлттық, аймақтық, жергілікті
деңгей), бағдарламаны жасау кезеңін өз жауапкершіліктеріне алады.
Бағдарламаны жасақтау және қабылдау ЕО бақылауымен орындалады. Ұлттық
жоспар федералды деңгейде құрылады. Осыған байланысты мемлекет пен
аймақтар арасындағы серіктестік туралы жоспарлы келісімдер құрылады.
Қарастырылған еуропалық тәжірибе республикалық та, аймақтық та деңгейлерді
қамтитын аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту жүйесін енгізудің айқын
артықшылықтарын дәлелдеп отыр. Жалпы мемлекеттік деңгей аймақтардың
проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін жалпы қағидаларды белгілесе,
аймақтық деңгей өзінің әлеуеті мен проблемаларын бөлшектеп қарастыруды
көздейді. Аймақтардың экономикалық даму аясындағы жинақталған тәжірибелері
аумақтарды дамытуға қатысты мақсаттары ұқсас болғандықтан, әр аймақтың өз
ерекшеліктеріне сай бірінен-біріне тарала алады. Оған экономикадық
кеңістікте дамыған аймақтардың қолайсыз аймақтардың дамуынан алатын
экономикалық және әлеуметтік жанама артықшылықтары жатады. Жоғарыда
сипатталған әрбір жүйе аймақтағы кәсіпорындар мен ұйымдардың
бағдарламаларға қаржы бөлуге және оларды орындауға мүмкіндік беретін
тұрақты экономикасының болуын көздейді. Бұл әрине, саяси жағдайы тұрақты,
макроэкономикалық дамуда тұрақтылыққа ие мемлекеттерде мүмкін болады.
Сонымен аймақтық саясаттың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес оның
мынадай негiзгi бағыттары кездеседі: аймақтар үшiн басымдықты кәсiпорындар
мен өндiрiстерге қажеттi селективтi көмек көрсетудi, құрылымдық
өнеркәсiптiк және инвестициялық саясатқа сәйкес кәсiпорындарды санациялау
жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру; өндiрiске қолдау көрсете және сыртқы және
iшкi нарықтарда сұранысқа ие өнiмдердi шығаруды арттыру, аймақтардың
экспорттық әлеуетiн дамыту; халықтың жұмыспен қамтылуын сақтау және жаңа
жұмыс орындарын құру, жергiлiктi нарықта тауарлар мен қызмет көрсетулердi
ұсынуды арттыру мақсатында жеке кәсiпкерлiктi, әсiресе шағын және орташа
бизнестi дамытуға қолдау көрсету; инвестрлердi, оның iшiнде тiкелей
шетелдiк инвестицияларды ең алдымен материалдық өндiрiс саласы мен аймақтық
инфрақұрылымға тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау; аймақтың қаржылық
ресурстарын, институттық инвестрлер жүйесiн, жинақтауды жандандыруға
қабiлеттi бюджеттен тыс көздердi қалыптастыру және оларды инвестицияларға
тиiмдi айналдыру; генетикалық қорды, жабайы табиғаттың ландшафтық және
көрiнiстiк әрқырлылығын сақтау.

II бөлім. Маңғыстау облысындағы аймақтық саясатты жүргізу механизмі

2.1 Маңғыстау облысында аймақтық саясаттың негізгі бағыттары

Ағымдағы жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс
мемлекет басшысының Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының
басты бағыты атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында
қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық
бағдарламаларына сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015
жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Тұтастай алғанда,
қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз
етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға,
халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.(2)
1. Өнеркәсіп. Есепті кезеңде қолданыстағы бағада 1268,7 млрд. теңгенің
өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 97,5% құрады.
2012 жылғы қаңтар-шілдесінде мұнай өндіру 2011 жылдың осындай кезеңімен
салыстырғанда 2,3%-ға төмендеп, 10,2 млн.тонна құрады, табиғи газ өндіру –
17,5%-ға төмендеді. Мұнай мен газ өндірудің, тиісінше өнеркәсіп көлемінің
төмендеуін негізгі себебі – облыста игеріліп жатқан көмірсутегі кен
орындарының табиғи түгесілуі. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 2011
жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10%-ға (40,6 млрд. теңге) дейін
азайды. Тапсырыстың жоқтығынан (Бейнеу ауданындағы Ақ-Бидай терминалы) ұн
тарту өнеркәсібінің өнімдерін өндіру қысқаруына байланысты азық-түлік
өндірісі 27,2%-ға төмендеді, тоқыма өнімдері өндірісі ағымдағы жылы
сұраныстың төмендеуіне байланысты 27,9%-ға төмендеді. Өңіріміздегі негізгі
машина жасау кәсіпорындары – Каспий өңірлік машина жасау кешені ЖШС
(КМК ЖШС), Каскор-Машзавод, GMMOS Қазақстан ЖШС толық қуаттылыққа
жүктелмеуіне байланысты машина жасау 29%-ға төмендеді. Каспий өңірлік
машина жасау кешені ЖШС кәсіпорнында тұрақсыз жағдай орын алды, КМК ЖШС
және Қазіргі кезде өндірісті қайта құрудың және қайта жаңғыртудың 2-
кезеңіне дайындық жүріп жатқандықтан, химиялық өнімдер өндіру өнеркәсібінің
өнімі 6,2%-азайды. Өзге де металдық емес минералды өнімдер өндірісі
тапсырыс берушілердің сұранысының төмендеуіне байланысты 5,2%-ға төмендеді.
Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2012 жылдың қаңтар-маусымында 17,2
мың АҚШ долларын құрады немесе 2011 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда
14,1%-ға төмендеді. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда
27,2 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе өткен жылдың осындай
деңгейіне - 122,4%. Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды
жинақтау және бөлуді бақылау саласында 8,2 млрд. теңге көлемінде өнім
шығарылды немесе 2011 жылдың тиісті деңгейіне – 141,8%. Елдің
Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 625 млрд. теңге болатын және
жаңадан шамамен 44705 жұмыс орны құрылатын 34 жоба енгізілді. Оның ішінде,
өңірлік Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 231,07 млрд. теңге
болатын және жаңадан 10272 жұмыс орны құрылатын 31 жоба, республикалық
Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 394,1 млрд. теңге болатын
және жаңадан 21225 жұмыс орны құрылатын 3 жоба енгізілді. 2010-2011 жылдары
жалпы сметалық құны 120,5 млрд.теңге болатын 17 жоба аяқталып, жаңадан 3874
жұмыс орны құрылды. 2010 жылы іске қосылған объектілердің 5-еуі қуаттылығы
100% жүктемеге ие (Корпорация АПК-Инвест ЖШС-нің диірмен кешенінен,
құрама жем зауытынан тұратын элеватор кешені, Баутин кентіндегі Маңғыстау
облысының кеме жөндеу зауыты ЖШС-нің кеме жөндеу зауыты, ГММОС
Қазақстакн ЖШС-нің мұнай-газ құрал-жабдықтарын шығару бойынша зауыты,
Ақтау қаласы әуежайының халықаралық жолаушылар терминалының құрылысы және
ұшыру-қондыру жолағын қайта құрылымдау АТМ Групп ЖШС, қабырғалық қуыс
жабынды плиталар өндірісі Еврострой-А ЖШС, 1 жоба - 60%-ға жүктелген.
2011 жылдың 9 жобасының ішінен – Қазақстан темір жолының Өзен –
Түркіменстанмен мемлекеттік шекара жаңа темір жол желісінің құрылысы
жобасы бойынша Қазақстандық бөлік 100% аяқталды. Екі жоба бойынша өнім
шығару басталған жоқ. Қалған 6 жоба бойынша орташа жүктеме - 60%.
2012 жылы жалпы сметалық құны 64,522 млн. теңге болатын және жаңадан
3624 жаңа жұмыс орны құрылатын 11 жобаны, оның ішінде өңірлік Картаның 9
жобасын, республикалық Картаның 2 жобасын аяқтау жоспарланған, олар:
- Ақтау пластикалық масса зауытында жол битумдарын өндіру Caspi Bitum
бірлескен кәсіпорны;
- Сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару
бойынша фармацевтикалық кешен, Медикал Фарм Ча-Кур ЖШС;
- Мұнайдан тұратын қалдықтар мен мұнайды қайта өңдеу бойынша шағын зауыт
ХаКоОйл ЖШС;
- Тауарлық-бекіре фермасының құрылысы Осетр-Аралды САС;
- Жел электр станциясының құрылысы DMK-Ko ЖШС;
- Бетоннан жасалатын бұйымдар өндірісі Рауан и Ко ЖШС;
- Резеңке ұнтағынан жабын өндірісін ұйымдастыру ИК-Дара ЖШС;
- Аммиак, азот қышқылы және аммиак селитра өндірісін тұрақтандыру және
жаңғырту жобасы ҚазАзот ЖШС;
- UHT өңделген сүт және балмұздақ өндірісі бойынша жаңа қуаттылықты іске
қосу. Ашыған сүт өнімдерін шығару бойынша қуаттылықты кеңейту Гурман ЖШС;
- Газ және суға арналған полиэтилен құбырларын өндіру бойынша зауыт
Арлан Group- Aktau ЖШС.
2. Өңірдің ауыл шаруашылығында ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде 3826,5
млн. теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы өнімнің нақты көлем индексі 102,8%
құрады. Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі 2012 жылдың 1 тоқсанында
адам басына 4 мың АҚШ долларын құрады немесе 2011 жылдың 1 тоқсанына 14,3%-
ға ұлғайды.
3. Шағын және орта кәсіпкерлік. Осы саладағы шаруашылық жүргізуші
субъектілер саны 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 24,1 мың бірлік
құрайды немесе 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға өсті.
Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 8,5%-ға дейін өсті және 85 мың адамды
құрады, халықтың экономикалық белсенді тобының құрылымындағы олардың үлесі
1.07.2011 жылғы 33,2%-дан 1.07.2012 жылы 33,8%-ға дейін артты. Екінші
деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берген
кредиттер көлемі 2012 жылғы 1 шілдеге 16,6 млрд. теңгені құрады. Барлық
шағын несие ұйымдары жыл басынан бері 338,58 млн. теңге сомасына 169 шағын
несие беріп, 299 жұмыс орны құрылды. Бизнестің жол картасы – 2020
бағдарламасы бойынша бірінші және үшінші бағыт бойынша Өңірлік үйлестіру
кеңесі қаражаттандыру бойынша ағымдағы жылы кәсіпкерлердің 17,6 млрд. теңге
жалпы сомасындағы 19 жобасын, оның ішінде Бизнес бастамаларға қолдау
көрсету, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау атты бірінші бағыт бойынша 9,3
млрд. теңге жалпы сомасында 13 жобаны, Несиені кепілдендіру бағыты
бойынша – 5,5 млн. теңге жалпы сомасында 1 жобаны, Өндірістік
(индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша – 126,2 млн. теңге
жалпы сомасында 3 жобаны, Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету,
пайыздық мөлшерлемені субсидиялау атты үшінші бағыт бойынша 8,3 млрд.
теңге жалпы сомасында 2 жобаны мақұлдады.
4. Негізгі капиталға инвестиция көлемі. Негізгі капиталға инвестиция көлемі
ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде 187,4 млрд. теңгені немесе нақты баға
индексін есепке алғанда 2011 жылдың осындай кезеңінен 1,1%-ға төмен. Өңдеу
өнеркәсібінде 2,7 есе өсу байқалады. Инвестиция құрылымының негізгі көлемін
өнеркәсіп (70%), оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі (55%), өңдеу
өнеркәсібі (8,6%), көлік және қоймалау (9,2%), құрылыс (1,4%), жылжымайтын
мүлікпен операция (6,7%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (4,1%)
алады. Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі
өзіндік қаражат есебінен 121,1 млрд. теңгені немесе 64,6%-ды, шетел
инвестициясы есебінен – 26,3 млрд. теңгені (14,1%), қарыз қаражат есебінен
– 17,6 млрд. теңгені (9,4%), бюджеттік қаражат есебінен – 22,3 млрд.
теңгені (11,9%).
5. Құрылыс жұмыстары. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2012 жылдың қаңтар-
шілдесінде 69,8 млрд. теңгені немесе 2011 жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда 92,8% құрады. Жалпы ауданы 268,1 мың шаршы м. тұрғын үйлер
іске қосылды немесе 2011 жылғы деңгеймен 102,8%. Пайдалануға берілген
тұрғын үйлердің жалпы көлемінен негізгі көлем халық қаражатының үлесінде –
96,8%. Ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен Өзенмұнайгаз өндірістік
филиалының өте мұқтаж жұмысшыларына тұрғын үйдің 10 пайызын беру арқылы
Жаңаөзен қаласында коммуналдық 200 пәтерлік тұрғын үй құрылысын аяқтауға
446 млн.теңге бөлінді. Коммуналдық тұрғын үй құрылысына және сатып алуға
республикалық бюджеттен 2763,1 млн.теңге сомасында нысаналы трансферттер
бөлінді. Бұдан басқа, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында тұрғын үй
құрылысына және сатып алуға 194,4 млн.теңге көлемінде нысаналы трансферттер
бөлінді.
6. Бөлшек сауда. Бөлшек тауар айналымының көлемі есепті кезеңде 39,9 млрд.
теңгені құрап, 2011 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 11,1 % -ға
ұлғайды.Облыстың сыртқы сауда айналымы 2012 жылдың қаңтар-маусымында 4195,1
млн. АҚШ долларын немесе өткен жылдың осындай кезеңіне 90,9% құрады. Бұл
ретте экспорт – 3912,7 млн. АҚШ долларын (92,7%), импорт – 282,3 млн. АҚШ
долларын (70,9%) құрады.
7. Тұтыну бағаларының динамикасы. Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жұмыс жалғасуда.
Тұтыну бағаларының индексі мен әлеуметтік-маңызды қызметтер мен тауарларға
арналған тарифтер 2012 жылғы шілдеде 2011 жылдың желтоқсанына – 102,7% (ҚР
– 103,0%), оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 102,0% (ҚР – 102,6%),
азық-түлік емес тауарлар бойынша – 101,9% (ҚР – 101,7%), ақылы қызметтер
бойынша – 104,4% (ҚР – 104,8%) құрады.
8. Орташа айлық еңбекақы және халықтың орташа жиынтық табысы. 2012 жылдың
мамырында облыста ең төменгі күн көріс мөлшері 21502 теңгені құрады. 2012
жылдың қаңтар – маусымында экономикалық қызметтің барлық түріндегі
жұмысшылардың орташа айлық кесімді жалақысы 7,5 ең төменгі күнкөріс
минимумын қамтамасыз ете отырып, 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 14% құрап,
162592 теңгеге дейін ұлғайды. Халықтың орташа жиынтық табысы 87567 теңгені
құрады. 2011 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда жиынтық табыс 29,7%-ға,
нақты – 24%-ға ұлғайды. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі облыста 1.08.2012
жылғы жағдай бойынша 1% құрады (01.08.11 жылға – 0,5%). Жұмыспен қамту-
2020 бағдарламасын іске асыруға байланысты жұмыспен қамту органдарына
өтініш жасаған жұмыссыздар саны артты. Облыс бойынша жалпы жұмыссыздық
деңгейі ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 5,6%-ды құрады. Облыс бойынша
15294 жұмыс орнын құрылды (2011 жылғы тиісті кезеңге – 16671 жұмыс орны).
Жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 3291 жұмыссыз жұмысқа
орналастырылып, қоғамдық жұмыстарға 2279 адам қатысты. Халықтың әлеуметтік-
әлсіз жігін әлеуметтік қолдау мақсатында 6184 аз қамтылған тұрғындарға
101,4 млн. теңге жалпы сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған
4051 балаға 27,2 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді.
Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 8834 азаматқа 75,9 млн. теңге сомасында
тұрғын үй көмегі төленді.
9. Салықтар мен бюджет. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 117,2 млрд.
теңге (болжамға – 97,4%), оның ішінде республикалық бюджетке – 80,9 млрд.
теңге (97,1%), жергілікті бюджетке – 36,3 млрд. теңге (98%) сомасында
(Ұлттық қорды есепке алмағанда) салықтар мен өзге де міндетті төлемдер
түсті. Облыс бойынша бюджет төлемдері бойынша берешек 2012 жылғы 1 тамызға
14,7 млрд. теңгені құрады немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңда аймақтық саясатты жүргізу мәселелері
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі
Аймақтардың қаржы саясаты саласындағы әлемдік тәжірибе
Экономиканы реттеудің теориялық мәселелерін қарастыру
Қазақстан жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі: мүмкіндіктері мен тиімділігі
Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер
Нарық жағдайында аймақтық даму бағдарламасының қажеттілігі (Маңғыстау облысы мысалында)
Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері
Қазақстан Республикасының экономикалық проблемалары
Аймақтық саясат
Пәндер