Театр ұжымдық өнер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау. Қазіргі кезеңдегі демалыс және шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру
1.1 Орал қазақ драма театрының шығармашылық жұмыстары және оның
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филормониядағы атқарылған
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми - әмбебап кітапхана – білім
мен мәдениеттің қайнар
көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

ІІ тарау. Орал қалалық мәдени басқарма аппаратының мәдени жұмыстарының
ұйымдастырылуы
2.1 Қалалық мәдени және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысы және оны
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Мұражайдың тәрбиелік мәні және жұмысын ұйымдастыруы ... ... ... .17
2.3 Аула клуб жұмысының
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 27
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мәдениет жұмыс орындарын құру, қоғамдағы
жұмыстарды мәдени шараларды ұйымдастыру және қайта дайындау бағдарламасын
дайындауға және жүзеге асыруға мәдениет ақпараттық деректер негiзiн
құруға және қолдауға қатысады.
Өнер, мәдениет айшықтары, таным-түсінік өрнектері, тіршілік, шаруашылық
қарекеттерінің іздері, тіпті бүгінгі ұрпаққа жетіп, ілгері жалғасуда.
Ғасырлар тереңіне бойлағанда өнер шығармаларының шығу тегіне, тақырыбына,
кезеңіне бөле алмай жатамыз.Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен
ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Қазақтың кең даласының әр
түкпіріңде тұңғыш әуесқойлық қойылымдар мен драматургиялық шығармалардың
тууы осы халық шығармашылығының көркемдік құдіреті. Осының өзінен-ақ өнер
әлемі мен мұраты, орны мен әсер-ықпалы кеңінен көрінеді. Өйткені, өнер —
шын мәнінде табиғи тумыстан туған, өмірде жалғасын тапқан болса ғана
мәңгілік, рухани сапары ұзақ болады. Мұның қазақ тарихында, өнер
шежіресінде алуан ізденістері, үлгі-өрнектері бар.
Халық театрлары көркем үйірмелерін репертуармен қамтамасыз етіп,
шығармалық басшылық көрсететін орын. Тәрбиедегі осындай көзқарас барлық
қоғамда жастарға тәрбиелік ықпалында бірыңғай әрекетінің болуын қамтамасыз
етуді де мақсат тұтады.
Сондықтан да жастармен клуб жұмыстарны ұйымдастыру – оқу орындарының
мәдени ағартушылық жұмыстарының құрамдас бөлігі болып табылады. Клуб
жұмысының ұйымдастыру формасы жастардың өзін өзі басқаруға негізделіп
құрылуы тиіс. Клубқа келген әрбір жас оның өмірімен байланысты әрекеттің
әртүрлі бағытында араласуы тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты:
➢ Қазіргі кезеңдегі демалыс және шығармашылық жұмыстарды мәдени
мекемелерде ұйымдастыру;
➢ Мәдени демалыс жұмысының ең бастапқы кезеңінен адамдарға оның жұмысы
тек қызығушылықтары мен қажеттіліктерін өтеуге көмектесу ғана емес,
сонымен қажеттіліктерін өтеуге көмектесу ғана емес, сонымен бірге
олардың өздері де қоғамға пайдалы іс атқарулары тиіс екендігін түсінуі
қажет.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Мәдени мекемеде мерекелі және шығармашылық жұмысты
ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі – ұйым ішіндегі
толып жатқан міндеттерді, соның ішінде басқару жұмысын
кімдердің орындау керектігін анықтап алу;
- Ұйымдастырған шығармашылық жұмыстар арқылы халыққа қызмет
ету;
Курстық жұмыстың субъектісі: Барлық мәдени мекемелер және олардың
жұмыстарының шығармашылық ұйымдасуы;
Курстық жұмыстың объектісі: Сол мәдени демалыс мекемелеріне келетін
адамдар, сол мәдени жұмысты ұйымдастыратын қызметкерлер.
Курстық жұмыстың пәні: Барлық мәдени шараларға қатысты деректер, Мәдени
қызметтерді ұйымдастыру кітаптары т.б. жатады.
Міне сонда ғана оның жұмысының қоғамлық бағыты қалыптасады. Мәдени –
тәрбие жұмыстары және эстетикалық тәрбие идеологиялық жұмыстың барлық
жүйесімен байланыста болып, қоғамның мәдени құрылысының бірегей негізі
болып есептеледі. Соған орай жастардың тұтас эстетикалық мәдениетін
қалыптастыру қоғамдық мәдениеттің құрылымын жетілдіру жағдайында өзінің әрі
қарай дамуын жалғастырады.

І тарау. Қазіргі кезеңдегі демалыс және шығармашылық жұмыстарды мәдени
мекемелерде ұйымдастыру
1.1 Орал қазақ драма театрының шығармашылық жұмыстары және оның
ұйымдастырылуы
Қазақ халық театрларының дені фольклорлық немесе тарихи-фольклорлық
пьесаларды көбірек қояды. Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен
ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті яғни
әрекетке құрылған табиғатты сахналық ойын – сауықтың мазмұн желісі мен
идеялық эстетикалық желісін құрайтын драма арқылы ашылады. Театрға адамдар
қойылым көріп дем алуға болады.
Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу
өрнекпен жаңа күйге түсіреді де, драмадағы мінез – кейіптерді, олардың
өзара қарым – қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас тартыспен іс
әрекетке жан бітіріп жібереді
Ал қазақ драма театрының шығармашылығы туралы айтып отырсақ, онда жұма
сайын қаншама қойылып тұрады. Мысалға бірнешеуіне тоқталып өтсек Супер
келін, Еш қайда апармайтын жол, Махамбет, Күйеу іздеген кемпірлер,
Тойы көп үй т.б. премьераларын халық көріп тамашалауға көп барады. Дені
жастар десек те болады. Солардағы драматургия мен театрға өзінің көркемдік
табиғатымен етене жақын элементтер жаңа өнердің дүниеге келуінде ерекше
орны бар. Қазақтың кең даласының әр түкпіріңде тұңғыш әуесқойлық қойылымдар
мен драматургиялық шығармалардың тууы осы халық шығармашылығының көркемдік
құдіреті.
Халық театрлары көркем үйірмелерін репертуармен қамтамасыз етіп,
шығармалық басшылық көрсететін орын — қазақ драма театрының қызметкерлері
мен халық шығармашылығы үйі. Қазақ драма театры ұжымдарды халық үшін
қаншама пьесалармен қамтамасыз етуде әжептәуір жұмыс істеп келеді. Олар
шыққан көп актылы пьесаларды көбейтіп, жер-жердегі халық театрларына
жіберіп отырады.
Ал халық шығармашылық ұжымы осы көктемде өткен Ұлыстың ұлы күні "Наурыз"
мерекесі мен т.б. көптеген мәдени шараларды айтпасқа болмайды.
Бірақ өз жұмысын осындай жаңа шығармалық арнамен жүргізген, ойын сауық
үйірмелеріне қатысып, азды-көпті тәжірибе алған дарынды өнерсүйер жастар
біздің бүгінгі кәсіби театрларымызды құруға себепкер болды. Көркем
үйірмелердің екінші бір маңызы — әдебиетіміздегі драматургия жанрының
дамуына ұйытқы болуы. Бұған кәсіби театрымыз құрылмай тұрған кездегі
С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ж.Шанин және басқалардың драмалық шығармалары толық
дәлел. Сөз жоқ, олардың драматургиялық кадамына көркем үйірмелердің ықпалы
зор болды. Театрлар жұмысы қазіргі кезеңде жақсы қолға алынған. Оларға
облыстан қаржы бөлініп киім тіктіруге, түрлі қойылымдарға сахна
безендіруге, гострольдік сапарларға шығуға қомақты қаржы бөлінген. Қазақ
драма театры ғана емес және де Островский атындағы орыс драма театры да
бірнеше қойылымдар көрсетіп отырады. Репертуары бай десек те болады.
Балаларға қаншама қойылымдарды қойып балалардың демалысында көңілін
аулауда. Балаларға арналған бірнеше қойылымдарға тоқталып өтсек:
Буратино, Незнайка, Красная шапочка т.б. Пушкин және Абай қойылым
айтсақ қандай әсерлі болды. Қазақстандағы Ресей жылы, Ресейдегі Қазақстан
жылы кездегі қойылымдарына қаншама халық көрермен ретінде барып, дем алды.
Міне мәдени мекемелердің қойылымдары адамдарды дем алдыратын жер десек те
болады. Өйткені, өнер — шын мәнінде табиғи тумыстан туған, өмірде жалғасын
тапқан болса ғана мәңгілік, рухани сапары ұзақ болады. Мұның қазақ
тарихында, өнер шежіресінде алуан ізденістері, үлгі-өрнектері бар. Ал,
театр болса ұлттық рух, ұлттық таным. Театр қай уақытта да халықтікі болған
және солай болады да. Қойылымында ұлттық рухтың болуы мақсат тұтпайтын
режиссерді ұлты мойындамайды. Театрда ұлттық рухты көтеретін, тіліңді,
дініңді, діліңді сүюге шақыратын пыесалар жиі қойылуы керек. Театр ұжымдық
өнер. Бірнеше қойылымдармен ел аралады. Жалпы театр жылына 2-3 спектакль
дайындап шығуды бұрыннан үрдіске айналдырған. Театр құрамы негізінен
бірнеше адамнан құралған. Халық театрлары мен драмалық ұжымдар көрсеткен
спектакльдердің сахналық көрінісін сөз еткенде, алдымен "Қызыл сұңқарларға"
тоқтаған жөн. "Қаракөз" спектаклі Орал облысындағы қазақ драма ұжымының
жақсы мүмкіншілігін танытты. Бұл спектакльдің бір ерекшелігі — оқиға орны
дәл анықталып, декорациялық көркемдеудің кәсіби өнер дәрежесіне көтерілуі.
Біздің ойымызша, спектакль режиссері орындаушылардың кейіпкерлер бейнесін
ашудан гөрі, сахналық көріністерге көбірек көңіл аударып жіберген сияқты.
...Басын қар басқан тау жоталары мен етектегі селдір тоғай, көк майса
жазық дала кіршіксіз махаббат жолына ұмтылған жастардың көңіл-күйіне ерекше
сипат беріп тұрғандай үйлесім тапқан. Сахнадағы оқиғаның дамуына, мазмұнына
қарай төрдегі шымылдықта алуан бояуға малынып, кейіпкерлердің көңіл-күйіне
қарай өзгеріп отырады.
Бұл шығарма рухын түсінуден туған әдіс. Осыған орындаушылардың
шеберлігі сай келгенде спектакльге мін тағылмас еді. Мұнан орындаушыларда
жетістік жоқ деген ұғым тумайды. Дәуір тынысы, "кесірлі кер заманның қайғы-
қасіреті", махаббат пен жеке бастың бостандығы үшін күрес, ақындық шабыт
бүл спектакльде бар. Басты рольдерді орындаушылардың домбыра тартып, өлі
келгенше өн салып, өлең айтуы осы пікірімізді қуаттайтын сияқты. Сырым
роліндегі Е. Есендосовтың сахналық көркі, сері-ақынға тән қимыл-қозғалысы
жарасымды-ақ. Оның Қаракөзбен кездесу сахналарында лирикалық леп бар да,
"Жар-жар" айтатын жерлерінде ақынға төн еркіндік сезіледі.
Шығарманың қоюға қиын екендігіне қарамай, театр өнерпаздарының бұл
туындыны сахнаға шығарып, Астанаға әкелуі — шығармалық жағынан батыл, әрі
құптарлық кадам. Қазақ сахнасының байырғы қайраткерлерінің басқарған бұл
халық театры кәсіби сахнада көз үйреніп қалған шығармаға бармай, тыңнан
репертуар іздеп, өздерінің шығармалық мүмкіндігін көрсетуге талпынған.
Әуесқойлық сахна өнерін мерекелер мен байқаулар кезіндегі науқанға
айналдырмай, шын мәніндегі шығармалық процесс деп қараған.
1.2 Ғ Құрманғалиев атындағы облыстық филормониядағы атқарылған
жұмыстар
Орал қалалық мәдениет бөлімінде әртүрлі атағы бар өнер ұжымдары жұмыс
жасауда. Ғ Құрманғалиев атындағы филормониядағы атқарылған жұмыстар
жұмыстарға тоқталып өтсек, онда бірнеше концерттер, конференциялар және
мерекелік жиындар ұйымдастырылып тұрады. Онда "Орал қазақ халық аспаптар
оркестрі", Орал сазы фольклорлық ансамблі өнер көрсетуде. Ғ. Құрманғалиев
атындағы Батыс Қазақстан облыстық филормониясы соның ішіндегі "Назерке"
халықтық - би ансамблі. Сонымен бірге, өнердің биік тұғырынан көрініп келе
жатқан Ж. Рахимова, Е. Қазиев, Қ. Қожақов, С. Рахметжанов т.б., М.
Бисенғалиев атындағы камералық симфониялық оркестрі" және Орал қалалық
шығармашылық ұйымын және Жастар мәдениет үйі, Зенит мәдениет үйі сол
мәдениет үйінің жанынан құрылған т.б. бірнеше аспапты эстрадалық тобын да
атап өтуге болады.
Ай сайын мәдени шара өткізумен қатар жастарды тәрбиелеуде үнемі үлес
қосуда. Ұлы жеңістің 65 жылдығына түрлі мәдени шаралар, Оралман ауылдық
клубында "Туған жер тарихын білесің бе?" атты әдеби кештер өткізілді.
Салт-дәстүрлерімізді насихаттау, ұлттар арасындағы ынтымақтастықты
нығайту мақсатында "Қыздарға әсемдік жарасады", Ұлы Жеңіс күні қарсаңында
"Соғыс ардагерлеріне тағзым" атты кездесу кештері, әр түрлі мәдени
тақырыбында мәдениет меңгерушілері арасында семинар-кеңестер өткізіп
тұрады. "Орал аруы – 2010ж", Қазақ тілі аруы, Балдаурен фестивалі,
"Қыздарға әсемдік жарасады" т.б. өтеді. Ш.Қалдаяқовтың мерейтойына орай
"Ән-көңілдің ажары"-әдеби сазды кеш, мәдени-шаралардың сценарийлерін жазып,
мәдениет саласында 20 жылдан аса кызмет еткен Айман Қуатованың да еңбектері
қомақты. Еліміздің егемендік алып, өткен тарихымызға қайтадан үңіліп,
болашақ өміріміздің рухани мәдени айнасы боларлықтай айғақтарды өз
халқымыздың өткен тарихынан іздеуіміз заңды. Өйткені өткен өмірдің
шежіресі, қайнар көзі халқымыздың рухани мәдениеті мен әдебиеті және тарихы
екендігі даусыз. Орал сазы фольклорлық ансамбль мүшелері қаламен облыста
болып жатқан байқаулар мен мәдени-шараларға катысып, көзге түсуде.
Ансамбльдің жетекшісі 30 жылдан бері мәдениет саласында еңбек етіп келе
жатқан Қырымгерей ағамыз. Тылсым дүниедегі құдіретті күштердің бірі — би
өнері. Қаламыздың би өнерін шарықтатқан, мәдени-шараларда бес жүзге жуық
бишілерді билеткен, би падишасы - Ү.Мұстафаеваның шәкірттері казіргі таңда
қаламыздағы ерекше ұжымының бірі.
"Назерке" бишілер тобы 2000 жылы мәдениет үйі жанынан құрылып,
қалалық, облыстық байқауларда ерекше көзге түсіп, облыстық "Қамажай"
бишілер байқауында "Көрермендер көзайымы" жүлдесін иеленсе, бірнеше
байқаулардан диплом, алғыс хаттармен оралды. Бишілер репертуарындағы
бірнеше ұлттардың билерін көрермен қауым асыға тамашалайды. Бишілер
кұрамында қазақ биінің өрнекті элементтерін дүниеге әкелген "Назерке"
бишілер тобына ұлттық нақыштағы бірнеше ұлттың киімдері тіктірілген.
Былтыр жай айларында "Ауылына қарап азаматын таны" - деген тақырыпта ауыл
азаматтарымен әңгіме - сұхбаттар өткізілді. Ш.Қалдаяқовтың 75 жылдығына
орай "Ән-көңілдің ажары"-әдеби сазды кеш, қаламыздың Құрметті азаматы,
ақын, зерделі қаламгер, драматург, жерлесіміз Е.Бимаханбетұлымен "Ақын
мәртебесі-ел мерейі" атты кездесу кешін өткізсе, имандылық жөнінде
"Имандылық жарасады ұл-қызға" тәрбиелік кештер өткізді. Ақындар айтысы мен
ақын-жазушы С.Ерубаевтың туған күніне орай "Жалындап өткен жас ғұмыр"
атты жыр мүшайрасы өткізілді.
М. Бисенғалиев атындағы камералық симфониялық оркестріне келсек ол
өзіміздің Оралымызды бүкіл елге танытып жүр десек болады. 2009 жылғы М.
Бисенғалиев атындағы скрипкашылар жарысына келетін болсақ, онда жастар
арасындағы скрипкашыларды тамашалауға қаншама халық жиналды десек, олар
өздері көрермен болып қоймай, әрі дем алып қайтты десек болады. Міне
осындай шаралар мәдени демалыс мерекелерінде жиі болып тұрса нұр үстіне нұр
болар еді. Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филормонияда тағы да бір
мәдени мекеме бар десек қателеспеген болар едік. Міне ол Ж. Молдағалиев
атындағы облыстық ғылыми - әмбебап кітапханасы.

1.3 Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми - әмбебап
кітапхана – білім мен мәдениеттің қайнар көзі
Қазақстан - 2030 Жолдауында Республика Президенті еліміздің ұлттық
кауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ
уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз
елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес Қазақстандық
патриотизм мен ұлттық патриотизм оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалудағы
көрсеткіш болып қарастырылады. Ж. Молдағалиев атындағы кітапханада
оқырмандарға қызмет көрсеткенмен қатар, мерекелер қарсаңында түрлі шаралар
өтіп тұрады. Онда интернетте оқырмандарға тегін қызмет көрсетеді. Кейбір
шараларды алатын болсақ, 2010 жылы Ғ. Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай
мәдени тақырыптық кеш ұйымдастырылды. Ол кешті С. Рахметжанов жүргізіп
отырды. Ғ. Құрманғалиев туралы өмірін оқырмандарға слайд түрінде көрсетіп,
ол кісінің өлеңдерін мектеп, филормония артистері орындап берді. Кеш
соңында Әжелер ансамбльі өлеңмен аяқтады. Ж. Молдағалиевтің 90 жылдық
мерей тойына конференция ұйымдастырды. Ол конференцияға зайыбы мен бала
келіндері және қазақ ұлттық кітапханасынан қонақтар келіп қатынасты. Екі
күнге созылған конференция қазақ драма театрында театрлық қойылыммен
аяқталды.
Міне, осы тұрғыдағы қасиеттер ─ Мен Қазақстанның азаматымын деген әр
адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болуына Елбасымыз
Н. Назарбаевтың тәуелсіздігіміздің он жылдығына арналған "Тарих толқынында"
атты кітабында анық жол сілтейді. Сондықтан осы аталған кітап бойынша
біздің кітапханада білімгерлер мен ұстаздар арасында оқырмандар
конференциясы өткізіліп кітап көрмелерін ұйымдастырылып тұрады.
Республиканың әлеуметтік - экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның
саяси және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жанартуға бағытталған
идеялық - тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялық бағдарымен анықталды.
Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі қазақ халқының және
республиканың тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне
жағдай жасады.
С.Қалиевтің Қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми педагогикалық
негіздері деп аталған докторлық диссертациясында айшықты орын алған.
Сондықтан бұл еңбектің мәні зор. Халықтың педагогика мен ғылыми
педагогиканың қағидаларын салыстырып зерттей келе, ол халықтың
педагогиканың негізгі қағидаларын ұсынады.
➢ Келер ұрпақтың ақылды, арлы, намысқой, өміршең азамат болуын
тілеу.
➢ Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек етіп тәрбиелеу.
➢ Тән сұлулығы мен жан сұлулығын қатар қалыптастыру.
➢ Адамгершілік, ар-ождан, кішіпейіл, қайырымдылық, ізгілікті
арқау ету.
➢ Ізгілік пен патриотизм - халықтық тәрбиенің басты қағидаларының
бірі.
Қазақстанның ОБСЕ – ні басқарғанын білеміз. Сол кезде кітапханада
үлкен көрме ұйымдастырылды. Сол көрмеге студенттер мен мектеп оқушыларын
шақырып ішкі саясат департаментінің маманы және БҚМУ – дің тарих және
философия кафедрасының оқытушылары саясат туралы сөз етіп, осы елдің
болашағы өздері екенін жеткізе білді. Сонымен қатар ғалым "Өнерлі өлмейді",
"Білім таусылмас кен, өнер ешпес мұра" дегенге талдау бере отырып ертегі,
жыр, өлең, батырлар жыры, аңыз-әңгімелер, мақал - мәтелдерді жастардың жас
ерекшеліктеріне байланысты топтап жіктеген. Жас ұрпаққа мәдени мұралар
арқылы патриоттық тәрбие берудің негізгі идеялары Елбасының Қазақстан
-2030 стратегиялық Жолдауында Олар ... күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз
елінің патриоттары болады делінсе, Қазақстан Республикасының Білім
туралы заңында Білім беру жүйесінің басты міндеттері : азаматтық пен
елжандылықты, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке,
мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік
және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен
республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін
зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру деп атап
өтілген.
Осыған орай кейбір кітапхана өзінің атқарып отырған мақсатты
міндеттерімен қатар, қазіргі тандағы жастарға жан-жақты терең тәрбие беру
жұмыстарынын барысында қазақстандық патриотизмнің өркендеуі үшін ұлтымыздың
тарихын, жауынгерлік және ерлік дәстүрін халықтық педагогика тәрбиесі
негізінде насихаттай отырып, тәуелсіздігіміздің он жылдан астам тарихын
ұрпақ санасына сіңіріп, патриоттық сезімнің әрқайсысының жүрегінен орын
алатындай азамат болып тәрбиеленуіне үлкен үлесін қосып отыр.
Жақсы кітап — жан азығы. Кітапхана -ғасырдан-ғасырға адамзат
тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік
парасаттылық пен білімділіктің, байлык пен біліктіліктің киелі ордасы.
Жасөспірім оқырманның кітапқа деген махаббатын кітапхана ұжымдары ашу
үшін қызмет етеді. Оқуға деген сүйіспеншілік сезімін ашып келеді. Қазақстан
Республикасының небір ғұлама жазушыларының кітаптары арқылы жас ұрпақты
патриоттық тәрбиелеу әрбір кітапханашының парызы. Кітаптың құдіреттілігі
міне - осында. Кітапты оқу жай уақыт өткізу деп білмейік ағайын, кітаптың
рухани нәрінен сусындайық!

ІІ тарау. Орал қалалық мәдени басқарма аппаратының мәдени жұмыстарының
ұйымдастырылуы
2.1 Қалалық мәдени және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысы және оны
ұйымдастырылуы
Қалалық мәдени және тілдерді дамыту бөлімнің негізгі қызметтері:
➢ Оркестрлердің, студиялардың, мектептердің, шеберханалардың,
орындаушылық ұжымдардың, кинотеатрлардың, бейнесалондардың,
кітапханалардың, көркем салондардың, мәдени-ағарту мекемелерінің,
мәдениет және демалыс паркінің, тарихи-мәдени орталықтардың және
басқа да мәдениет ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;
➢ Мәдениет және демалыс паркінің жасыл қорын сақтау, оның
материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал ету;

➢ Кітапханалар қорларын жасақтау мен сақтауға жағдай жасауды
қамтамасыз ету;

➢ Халық көркемөнер кәсіпшіліктерін, қолөнерін дамытуға ықпал ету;

➢ Ұлттық-мәдени мұралар нысандарының сақталуын бақылау және
қамтамасыз ету, меншік түріне қарамастан азаматтардың оларға қол
жеткізуге ашық құқығын жүзеге асыру;

➢ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мәдениет
мекемелері мен кәсіпорындарында ақылы қызмет көрсетуді бақылау
және бюджеттің қалыптасуы және оның мақсатты орындалуы;

➢ Мәдениет мекемелерінің негізгі қызметін, мәдениет ауқымындағы
мемлекеттік бағдарламаларды, мәдениет игіліктерін сатып алуға,
мәдениет саласында ұлттық шараларды өткізуге бағытталған қаржының
жұмсалуын бақылау;

➢ Мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының халық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТЕАТР ӨНЕРІ АРТ - МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕІЗДЕРІ
ТЕАТР ӨНЕРІ АРТ - МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ театрының шығу тарихы
Өнер және эстетикалық дәстүрлер
Көркемөнер шығармаларының қалыптасу ерекшеліктері
Көркемөнер шығармашылығының қалыптасу ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық мәселелері
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері
Режиссуралық жұмыстың теориялық негіздері
Көркемөнерпаз
Пәндер