Қазақстан суларының балықтарын іргелі зерттеу
Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Дөңгелек ауыздылар (Сусlоstоmаtа) класына сипаттама.
ІІ.2. Миксиндер отряды.
ІІ.3. Миногалар отряды.
ІІ.3.1. Теңіз миногасының (реtгоmуzоп maчiпиs)
ІІ.3.2. Өзен миногасының (Іаmреtга flиvіаtіlis)
ІІ.3.3. Бұлақ миногасы (Іаmреtга рlапегі)
ІІ.3.4. Каспий миногасы (Caspіomyzon wagnerі)
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе.
Ихтиология (ichthys - балық және логия) - балықтар мен
дөңгелекауыздыларды, (миксиндер мен тілтістер) зерттейтін омыртқалылар
зоологиясының бөлімі.
Қазіргі заманның басты проблемалары, ашық мұхитпен ішкі су қоймаларының
балықтар түр құрамын, олардың экологиясын, этологиясын, популяция
динамикасын, эволюциясымен систематикасын зерттеу. Қазіргі уақытта мұхиттық
балық аулау кәсіпшілігіне, ішкі су қоймаларында әртүрлі балық шаруашылығын
ұтымды жүргізу, балық қорын жасау мен сақтаудың биологиялық негіздеріне
көңіл бөлінеді.
Ихтиология балықтардың сыртқы белгілері мен ішкі құрылысын
(морфологиясы мен анатомиясын), балықтардың сыртқы ортаға бейімделуін,
бейорганикалық және органикалық қарым-қатынасын (экологиясын), даму тарихын
– жеке организмнің эмбриологиясын және түрлердің, туыстардың,
тұқымдастардың, отрядтардың, т.б. эволюциясын немесе филогениясын, сондай-
ақ, балықтардың географиялық таралуын (зоогеографиясын) және балықтар
үйірінің санын, оның ауытқу заңдылықтарын зерттейді; балықтардың мінез-
құлығын (этологиясын), өзара қалай қатынаста болатынын, ұрпағына қалай
қамқорлық жасайтынын анықтап, балықтардың өндірістік қорын анықтау
әдістерін жетілдіреді, қысқа және ұзақ мерзімді балық аулау көлемін
болжайды.
Ихтиология мынадай салалардан тұрады: балықтар физиологиясы, балық
өсіру, өндірістік балық аулау, балықтар эмбриологиясы, балық өндірісінің
шикізат қоры, балық тағамдарының технологиясы, балықтар аурулары. Балықты
өңдеу туралы алғашқы деректер Ежелгі Мысырдың (б.з.б. 3700 – 3600 жылы)
папирустары мен жартастарындағы суреттерде кездеседі. Балықтарды ғылым
тұрғыдан зерттеу жұмыстары 16 ғасырдың ортасынан, француз ғалымдары
П.Белона мен Г.Ронделе және италияндық биолог И.Сальвиани еңбектерінен
басталады. 18 ғасырдың басында швед ихтиологы П.Артеди балықтар жіктелімін
жасады. 18 ғасырда Ресейде балықтарды зерттеу С.И. Крашенников, И.Лепехин,
П.Паллас есімдерімен тығыз байланысты. 19 ғасырда К.Бэр мен
Н.Данилевскийдің Каспий, Азов, Қара теңіздеріндегі жүргізген зерттеулері
ерекше орын алды, соның нәтижесінде балықтарды қорғаудың ғылым негізделген
шаралары мен балық аулауды ұтымды ұйымдастыру жолдары ұсынылды.
19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында неміс ғалымы Ф.Гейнке, дат
ғалымы К.Петерсен, Норвегия ғалымы Ю.Иорт, т.б. балық аулау кәсібін ғылым
тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізді, соның нәтижесінде балық қорын анықтау
тәсілдері ұсынылды. Ихтиологияның дамуына кеңестік дәуірдегі ихтиологиялық
бағыттың бастаушысы атанған Л.С. Берг (балық жіктелімі, палеонтологиясы,
таралуы), А.Н. Северцов (балық анатомиясы), В.В. Васнецов пен С.Г.
Крыжановский (балық морфологиясы мен эмбриологиясы), Е.К. Суворов (кәсіптік
И.), Г.Н. Монастырский (балық жасын және өсу жылдамдығын анықтауды), Г.В.
Никольский (арнайы ихтиология және балық экологиясы оқулықтары), т.б.
ғалымдар үлкен үлес қосты. 20 ғасырдың ортасынан бастап ихтиологтар балықты
зерттеудің барлық саласына да көптеген жаңалықтар енгізді. Мысалы, балық
үйірін іздеуге ультрадыбысты қолдану, балық аулауда электр жарығын,
балықтың қоректенуін зерттеуге радиоактивті изотоптарды пайдалану, балық
өсіруде гипофиз гормонын инъекциялау, батискаф, т.б. аппараттармен судың әр
түрлі тереңдігін зерттеу, су асты телевизиясын пайдалану, т.б.
Ихтиологиялық зерттеулерді дамытуға көмектесетін Халықаралық
Ихтиологиялық бірлестік, Халықаралық Ихтиологиялық теңіз зерттеу кеңесі
және т.б. ұйымдар бар. Қазақстан суларының балықтарын іргелі зерттеу 18
ғасырда Палластың еңбектерінен басталады. Ол 1768 – 73 жылы Санкт-
Петербургтен Байкал бойына жасаған саяхаты кезінде Каспий теңізі мен Еділ,
Жайық, Ертіс өзендерінің ихтиофаунасын зерттеді. Арал теңізінің балықтары
туралы алғашқы деректерді Г.Мейендорф берді (1820). 1853–57 жылы Каспий су
алабын зерттеушілер (К.Э. Бэр, [[Данилевский[[) балық үйірінің динамикасы
мен судың биол. өнімділігі теориясының негіздерін қалады. Қазақстанның
ихтиофаунасын тануда 19 ғасырдың 2-ші жартысында ғалым-саяхатшылар Н.А.
Северцов пен А.П. Федченконың, К.Ф. Кесслердің, А.И. Шренктің, Н.М.
Пржевальскийдің, т.б. жинаған мәліметтері мен ғылым-зерттеулерінің маңызы
ерекше болды. Аралда 1929 жылы Бүкілодақтық балық ш. ғылым-зерт. ин-тының
тұрақты ст., 1933 жылы Балқашта бөлімшесі, кейінірек Алтай Ихтиологиялық
базасы ұйымдастырылды. Қазақстан ихтиофаунасын зерттеудің жаңа кезеңі КСРО
Ғалымдар Академиясының 1932 жылы Қазақстанда ұйымдастырылған базасымен
байланысты. Осы кезеңде Қазақстанның ихтиофаунасын зерттеуде Г.В.
Никольский (Арал су алабы), П.Ф. Домрачев (Балқаш су алабы) және т.б.
ғалымдар елеулі үлес қосты. 1959 жылы Қазақстан Ғалымдар Академиясы-ның
Зоология ин-тында әуелі сектор, кейіннен ихтиология және гидробиология
бөлімшесі Арал, Балқаш, Алтай бөлімшелерін қамтитын Қазақ балық ш. ғылым-
зерт. ин-тына (КазНИИРХ) айналды. 1961 жылы ҚазМУ-де (қазіргі Қазақ ұлттық
ун-ті) ихтиология және гидробиология кафедрасы ашылды.
Республикамыздың ірілі-уақты суларын терең зерттеу 20 ғасырдың 40-
жылдарынан басталды. Бұл кездегі Қазақстандағы Ихтиологиялық зерттеу
жұмыстары, негізінен, республика ғалымдарының күшімен атқарылды. 1945–50
жылы Аралда, Балқашта, Зайсанда тұрақты зерттеулер жүргізілді. Олардың
негізгі мақсаты өндірістік бағалы балық қорын зерттеу және балық аулауды
тиімді ұйымдастыру болды.
20 ғасырдың 60-жылдарынан Қазақстанның әр өңіріне лайық балық ш-тарын
құру мәселесі биол. тұрғыдан дәлелденді, кәсіптік мәні бар аса бағалы
балықтар (құбылмалы бахтах, ақ амур, т.б.) жерсіндірілді, барлық балық
түрлерінің морфологиялық және физиол. ерекшеліктері, қоректенуі, паразит
фаунасы мен аурулары зерттелді (В.Н. Доброхотов, М.Дайырбаев, Ә.Бәйімбетов,
Х.Қ. Есмұқанов, т.б.). Қазақстан территориясын ихтиогеографиялық тұрғыдан
сипаттап, кейбір балық түрінің денесінен жерсіндіруге байланысты пайда
болатын морфологиялық ерекшеліктер табылды (В.П. Митрофанов, т.б.).
ІІ. Негізгі бөлім
Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік омыртқалылардың ішіндегі өте
қарапайым құрылысты жануарлар. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық
паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар.
Сырт пішіні мен,тіршілік әрекетіне қарағанда, олар балықтарға ұқсас, ал
кейбір ерекше белгілері, оларды омыртқалылардың ерекше тармағына жатқызады.
Дөңгелек ауыздылардың аяктары мен жактары болмайды. Мұның өзі олардың
құрылысының қарапайым екенін көрсетеді. Иіс капсуласы біреу, ол бір ғана
танау тесігі арқылы сыртқа ашылады. Желбезек аппараты эндодермадан пайда
болған жапырақшалары бар желбезек қапшықтарынан тұрады. Сондықтан бұл
класты қапшық желбезектілер деп атайды. Паразиттік тіршілік етуіне
байланысты, сорғыш воронка-ларының түп жағында ауыз тесігі болады. Дөңгелек
ауыздылар деп аталуы да осыған байланысты. Олардың мүйізді тістері болады,
терісі жалаңаш, бірақ оның бездері соншалықты көп болады.

Сыртқы көрінісі. Денесі балықтардың денесі сияқты ұзын және үш
бөлімнен: бас, көкірек және құйрық бөлімдерінен тұрады, аяқтары болмайды.
Құйрық қанаттары сыртқы және ішкі құрылысына сәйкес симметриялы орналасқан,
оларды протоцеркальды деп атайды. Жиектері өскіншектерімен шашақталған
басының алдыңғы жағында сорғыш воронкасы бар. Мүйізді тістері воронканьщ
ішіндегі етті тілдің ұш жағына орналасқан. Эпидермисті, жалаңаш терісінде
безді клеткалары көп болады және олар тері үстіне көп шырын шығарып тұрады.
Миногаларда дара танау тесігі екі көзінің аралығына, басының үстіне таман,
ал миксиндерде басынын, алдыңғы жағына орналасады. Аналь және зәр —
жыныстық тесіктер кеуде мен кұйрық бөлімінің шекарасында орналасады да
сыртқа ашылатын әрқайсысының жеке жолдары болады.
Денесінің арқа және құйрық жағындағы еттері карапайым құрылысты болады.
Олар қабат-қабат болып жатқан миомер-лерден құралады, ал миомерлер өз ара
жабын дәнекер миосепталар арқылы жіктеліп тұрады. Желбезек қапшықтары, ауыз
воронкасы мен тіл сақиналы еттерден құралады. Ет системасының көпшілігі
жақсы жетіліп жіктелмеген, бұл олардың құрылысының аса күрделі
Тұлға мен құйрық бөлімдерінің скелеті негізінен хордадаи тұрады.
Хорданың сыртын және оның үстінде орналасқан нерв түтігін дәнекер тканьнен
тұратын қалың кабық қаптап тұрады. Бұл дәнекер тканьдерінде омыртқаның,
жоғарғы доғасының алғашқы нұсқасы болатын көптеген жұп шеміршектер
орналасқан. Осы шеміршектердің хорданың жоғарғы жиегіне жалғасуы
нәтижесінде қуыс пайда болады, осы қуыста жұлын жатады.
Бұларда ми сауытының құрылысы да қарапайым болады. Ол мидың астыңғы жағында
төселіп жататын шеміршек плас-тинкасынан ғана тұрады. Осы пластинканың
ортасындағы тесі-гінен гипофиздік өсінді өтеді. Бұл пластинканың бүйіріне
шеміршекті есту капсуласы жалғасады, ал алдыңғы жағында шеміршекті иіс
капсуласы жатады. Демек, дөңгелек ауыздыларда ми сауыты әлі жоқ, мидың
үстіңгі беті жарғақпен қапталып тұрады.
Миногалардың висцеральдық скелеті жіктелмеген тоғыз желбезек доғасынан
тұрады, олар өз ара төрт шеміршек тяжімен байланысады. Осы айтылған
шеміршектер системасына арт жағынан шеміршекті жүрек қалтасы жалғасады.
Желбезек коробкасының алдыңғы жағынан екі ұлтарақ тәрізді шеміршектер мен
көз асты шеміршектері жалғасады, олар түрі езгерген желбезек доғалары болып
саналады. Миксиндердің желбезек коробкасы жетілмеген, ол тек қана алғашқы
нұсқасы түрінде ғана болады.
Ми сауыты мен висцеральдық скелеттің негізгі ерекшелікте-рі: жақтың, ми
сауытының болмауы, желбезек доғасының жік-телмеуі және ауыз воронкасында
күрделі шеміршекті система-сының болуы т. б. жатады.
Ас қорыту органдары — воронкадан, тілден, жұтқыншақтан және ішектен
құралады. Ауыздың алдыңғы жағында ішінде мүйізді тістері бар воронка
орналасқан. Етті тілінде де тістері болады. Воронканың түбінде жатқан ауыз
қуысы жұтқыншақ-пен жалғасады. Жұтқыншақ екі тарамға бөлінеді: жоғарғы
тарамымен қоректік заттар ішке қарай кетеді де, ал төменгі тарамы
тұйықталып, желбезек қапшықтарымен байланысады. Қарыны дамымағандықтан өңеш
бірден ішекке келіп жалғасады, олардың түйіскен жерінде клапаны болады.
Ішек-тер бөлімдерге бөлінбегендіктен құрышталмайды. Ішектердің ішінде винт
тәрізді қатпарларының, спираль тәрізді клапанда-рының болуы ішектің сіңіру
бетін ұлғайтады да, тамақтың ішек қуысынан өтуін баяулатып, оның толық
корытылуына себепші болады.
Ішектің алдыңғы бөлімінен бауыр дамиды, ал ұйқы безі же-тілмеген.
Желбезек аппараты. Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің екі жағынан 7
пар желбезек тесіктері ашылады. Осы тесіктерді қуалай желбезекті ішіне
қарай жарып қарағанда, онда көптеген желбезек пластинкаларынын. болатынын
байқауға болады. Осы пластинкаларда қан тамырының торы құралады. Желбезек
қапшығынық екінші жағындағы ішкі желбезек жол-дары жұтқыншаққа барып
жалғасады. Дөңгелек ауыздыларда ғана желбезек аппараты энтодермальдық
қабаттан пайда бо-лады, ал басқа желбезекпен тыныс алатын омыртқалылардың
желбезек аппараты эктодермадан дамиды.
Тыныс алғанда су желбезек тесіктерінен желбезек қапшық-тарына еніп, ал
тыныс шығарганда осы жолмен қайта шығарылады. Желбезек қапшықтары 5-тен 15-
ке дейін болады.
Қан айналу органдары. Дөңгелек ауыздылардың қан жүретін органдарының
құрылысы ланцетниктікіндей болады. Бірақ олардың екі камерадан (жүрекшеге,
қарынша) тұратын жүрегі болады. Жүрекшеге жұқа қабырғалы веноздық синус
(вена қолтығы) жалғасады, оған барлық вена тамырлары қосылады. Құрсақ
қолқасынан 8 пар қан алып келгіш желбезек артериясы кетеді. Олар желбезек
аралықтарына барады. Әрбір артерия бүтін желбезек қапшығын қанмен
қамтамасыз етпейді, ол екі желбезек аралық қатпарға қан алып келеді,
анығырақ айтканда, алдыңғы желбезек қапшығының артқы жартысына және одан
кейінгі желбезектің алдықғы жарты-сына қан жеткізеді.
Қанды алып кететін желбезек артериялары қолқаның дара түбіріне келіп
құйылады, одан алға карай ұйқы артериялары кетеді де ал қолқа түбірі артқа
созылып, негізгі арқа қолқасы болып есептеледі. Арқа қолқасы хорданың
астымен қуалай отырып, дененің артқы бөлімдеріне артерия қанын таратады.
Вена қаны бастан шықшыттың қос веналарымен келіп вена қуысына құйылады.
Дененің артқы бөліміндегі вена қаны артқы қос кардиналдық веналарымен
келіп, осы вена қуысына құйылады. Ішектерден жиналған вена қаны ішек асты
вена мен бауырға келіп, мұнда қан айналуының қақпалық системасы пайда
болады. Бауырдағы қан бауыр венасымен келіп вена қуысына құйылады. Бүйректе
қан тамырларының қақпалық системасы болмайды.
Нерв системасы. Дөңгелек ауыздылардың миы бес бөлімнен:алдыңғы
(tеlепсерһаlоп), аралық (dіепсерһаlоп), ортаңғы (mеsепсерһаlоп), мишық
(mеtепсерһаlоп), сопақша мидан (mуеlепсерһаlоп) тұрады. Әсіресе алдыңғы ми
және мишық басқа омыртқалылардың миынан кішірек. Көрсетілген ми бөлімдері
бір тегістікте орналасқан, ал жоғарғы дамыған омыртқалылардікі секілді
олардың иректері болмайды. Ми қақпағында нервтік заттар болмайды, ол дерлік
эпителиядан тұрады. Аралық мидың үстіңгі жағында көру төбешіктері мен
эпифиз, ал оның төменгі жағында ми воронкасымен гипофиз орналасқан.
Мидан 10 пар нерв тарайды. Жұлын нервтері екі түбірлі бо-лып (арқа және
құрсақ) кеткенімен, бұлар басқа омыртқалы-лардың нервтері сияқты бір-
бірімен косылмайды, сондыктан ондай нерв аралас нерв болмайды.
Сезім органдары — өте қарапайым. Есіту органы ішкі құлақтан ғана тұрады.
Көздері де нашар жетілген. Миногала-рының қасаң қабығы жетілмеген, ал
миксиндердің паразиттік тіршілігіне байланысты көздері өте нашар жетілген.
Иіс орга-ны дара болғанымен иіс нервтері жұп болады. Иіс қапшықша-сының түп
жағынан іші қуыс өсінді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz