Музыка мұғалімінің басты практикалық жұмыстары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Музыка сабағы- музыкалық білім берудің негізгі мазмұны, құрылымы, формасы, он ұйымдастыру . . . …. 5

1. 1. Музыкалық іс-әрекеттің әртүрлеріндегі музыка сабағының құрылымының әдістемесі . . . 6

1. 2. Музыка мұғалімінің басты практикалық жұмыстары. …. . 9

1. 3. “Елімай” бағдарламасы. . 14

1. 4. “Мұрагер” бағдарламасы. . …. . 16 2. Музыка мұғалімінің кәсіби педагогикалық іс-әрекеті . . . 18

Қорытынды . . . 20

Қолданылған әдебиеттер тізімі. . 22

Кіріспе

Жоғары дәрежелі педагог музыкант маман дайындауда мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұндарына жетуге бағытталған формалар, түрлер, құралдар жиынтығы.

Курстық жұмыс мақсаты: “Әдістеме”, “Музыкалық білім” ұғымдарын жете зерттей отырып, “Музыкалық білім берудің әдістемесі” пәнінің мақсат, міндеттерін анықтау.

Курстық мазмұны:

1 . “Әдістеме”-деп педагогиканың ненің қалай екендігін яғни қандай дидактикалық негізде қандай әдіс мәселесімен құралдардың неғұрлым тұтас оқу процесін құруға болады және оның құрамына кіретін жалпы және жеке міндетті қалай шешу керектігін түсіндіретін бөлімді айтамыз. Музыка (грек . musire, туралы мағынасында «музалар өнері») - негізінен тондардан (белгілі биіктіктіктегі дыбыстардан) тұратын, адамға өзінің өзгеше түрде ұйымдасқан мазмұнды дыбыстық жүйесімен әсер ететін, өмір шындығын дыбыстық көркем образдар арқылы бейнелейтін өнердің бір түрі. “Музыкалық білім”- музыка жөніндегі ілім.

Мысалы: Музыкалық білім беру әдістемесіне қандай, қалай жетуге болады? Балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру, музыканы қабылдау кезіндегі бастауыш және орта буын назарын аудару. Музыка- адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиалы, нәзік сезімі. Ол өзінің көркемдік және нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл - ой, сана - сезімінің кеңейіп, жақсы мінез - құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді.

2. Балаларды музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын, тәрбиелеуге, эмоциялық сезімталдығын қалыптастыруда, білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде мектептегі музыкалық білімнің алатын орны ерекше. Қазіргі кезде мектептерде музыкадан теориялық және практикалық білім беру жүйесінен біраз тәрбие, тәжірибе бар, солай бола тұра да, музыка сабағын жүйелі түрде оқыту, әсіресе, қазақ мектептерінде ұлттық бай музыкалық мұрамызды мол пайдаланудың жолдары аз зерттелген. Олардың белсенділігін ынталандыру, көркемдік нәтижеге қалай ұмтылдыру керектігін көрсетеді. Музыкалық білім беру әдістемесі педагогикалық ғылым жүйесіне енеді және онда өзіндік орын алады. Ол музыкалық білім беру заңдылықтарын оның мазмұнымен әдістерін одан әрі дамытуға үлкен мән беруі қажет. Эстетикалық әдістеме музыка тану психология және басқа пәндермен сабақтаса отырып, музыкалық білім беру әдістемесі өскелең ұрпақтың музыканы түсіне қабылдауына жетелеуі тиіс. Бұл оның идеалогиялық маңызы. Музыкалық идеалогиялық маңызына қарайтын болсақ, ол қоғамның, мектептің тағы басқа өз міндеттерін шешуде әдістеме психология ғылымына сүйенеді. Мысалы: Музыкалық әдістердің бірі шығармашылық музыканы зерттеу, оның шығуын немесе дамуын білмей және іс-әрекет дегеннің не екенін білмей зерттеу мүмкін емес, сонымен қатар психологиямен тығыз байланыста екенін ескерген жөн.

Әдістемеде түсініктеме болып қолданатын әдебиеттердің пайдасы мол. Мектеп оқушыларының әншілік тұрғыда дамуын зерттеу, балалардың дауыс аппараттарының ерекшеліктерін білуді талап етеді. Сондықтан да бұл жерде әдістеме физиологиялық құбылыстардағы зерттеулерге сүйенеді.

  1. Музыка сабағы- музыкалық білім берудің негізгі формасы, оны ұйымдастыру

Білім беру мекемелерінде музыкалық білім беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі - музыка сабағы. Музыка сабағында балалар ән салу, балалар аспабында ойнау, музыка тыңдау тәрізді іс әрекетпен айналысады музыка сабағындағы әрбір іс - әрекеттерді өткізу барысында, мұғалім оның не үшін қажет екенін айқын сезініп, берілетін тапсырманың қандай маңызы бар екендігіне есеп беруі тиіс. Музыка сабағын ұйымдастыру формасы: басқа пәндер сияқты музыка сабағында да оқушылар ерекше қабілетілігіне, икемділігіне, қызығушылығына қарай бөлінбейді. Бәрі бірдей тәлім алуы тиіс, сонымен қатар сабақтың ұзақтығы, жаңа материалдары түсіндіру, пысықтау, өткен сабақтардан алған білімін тексеру т. б.

Музыка сабағы саналық пен эмоциялықтың бірлігін қамтамасыз етіп, сабақтың әрбір элементін оқушылардың белсенділігін қызығушылығын арттыру тиіс. Мұғалім оқушыларды музыканы тыңдап, ән айтуға, оны қадырлей бағалай білуге, белгі бір шығарманың тәрбиелік мәнің сезіне білуге тәрбиелеу керек. Ол үшін де мұғалім белгілі бір шығарманы тындарда алдын ала айтар әңгімесі, әнді үйретпес бұрын өзі орындап оның әдемілігін, мәнін жеткізе білуі үлкен роль атқарады. Мұғалімнің аса сезімталдықпен айтқан әні, әңгімесі балаларды музыканы қалай болса солай тыңдай салуға емес, оны саналы түрде қабылдауға тәрбиелейді.

Музыка сабағында саналық пен көркем эмоцияның бірлігін қамтамасыз етіп қана қоймай, көркемдік пен техникалық пен бірлікпен іске асырылуына назар аударған жөн. Музыка сабағы өнер сабағы болғандықтан оның әр компонентінің көркем болуы талап етіледі. Бұл тек айтылатын ән мен орындалатын жаттығуларға да тән нәрсе. Әр бір дыбыс өте әдемі, мәнерлеп айтылуы тиіс. Өйткені, ол музыкалық дыбыс. Мәнерлеп орындауға дағдылану үшін техникалық жұмыстар қажет.

Сабақ өткізілмес бұрын, алдын ала оның мақсаты мен міңдетін және оларды іске асыру жолдарын, мазмұны мен құрлысын, оқыту әдісітері мен құралдарын тәрбиелік білімділік мәнін дамытпалы мүмкіндіктерін аңықтап алған жөн. Музыка сабаған қандай пәннен кейін қойылғанын да ескерген жөн. Мысалы, еңбек немесе денешынықтыру сабақтарынан кейін бірден ән айтқызу жемісті болмайды. Өйткені балалардың организмі шаршап отырады, осындай кезде ән айту бала дауысына салмақ түсіреді, бірте-бірте дауыс аппаратына зиян келтіріп, түрлі тамақ ауруларына ұшырауы мүмкін.

  1. Музыкалық іс-әрекеттің әртүрлеріндегі музыка сабағының құрылымының әдістемесі.

Музыка сабағында балалар ән салу, балалар аспабында ойнау, музыка тыңдау тәрізді іс-әрекетпен айналысады. Музыка сабағының мектепте жүргізілетін басқа пәндік сабақтарға тән ерекше айырмашылықтары бар. Жалпы сабақта қолданылатын музыкалық материалдарды таңдай білудің мәні зор, өйткені, ол шығармалар арқылы балалар өмірдің сан қилы оқиғаларынан хабардар болады, сондықтан да музыкалық материалдар уақыт өткен сайын өзгеріп отырады, толықтырылады немесе алынып тасталынады. ән айту барысында кездесетін қиындықтарды балалар оны әдемі, мәнерлі орындауға қажетті бірден-бір жол деп түсінуі қажет.

Балалардың эстетикалық сезімін қалыптастырып, әрі қарай дамытуда, музыкалық ой өрісін кеңейтіп, талғамын тәрбиелеуге тыңдауға арналған репертуардың мәні зор. Музыка туралы әңгіме тыңдай отырып, балалар композитордың өмірі мен творчествасынан мағлұмат алып қана қоймай, шығарманың сипатын, оның образын ашуда қолданылған мәнерлік құралдарын анықтап олардың шығармаға қандай көрік беріп тұрғанын қалыптастырады.

Осылайша музыкаға қызығушылығын, оған эмоциялық көзқарасы қалыптасады. Әр шығарманың мәнерлі құралдары болатынын ажырата алатын болады. Балалармен тікелей жұмыс істеген музыкант-ғалымдар, ұстаздар, зерттеушілер музыканы қабылдаудың әртүрлі жақтарын жан-жақты дамыту керектігіне айрықша назар аударды.

Ең негізгісі-оларды қызықтыра білу. Музыка сабағындағы болып жатқан әрекеттерге эмоциялық қарым- қатынасын дамыту. Орыстың ұлы жазушысы Д. Кабалевский былай деп жазған болатын.

«Музыкаға деген қызығушылық, музыкамен әуестену, ұнату- оның ғажайып сұлулығынтүсіну үшін қажетті шарт. Сонда ғана ол өзінің тәрбиелік және танымдық ролін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған адамға білім және тәрбие беремдеу сәтсіздікке ұшшыратпай қоймайды. Бұдан шығатын қорытынды: балалардың музыкаға деген қызығу сезімін оятпай, олармен музыкалық сабақ өткіземін деу- бос әурелік. Ал, музыканы ұнату, оған қызығу сезімдері балалар музыкалық өнердің нағыз көркем, үлгілерін сезінгенде ғана пайда болмақ»- деп жазды.

Сабақтың өз дәрежесінде өту әрине, мұғалімдерге байланысты. Мұғалім тұлғасы сабақ үстінде жан-жақты әрі қырынан байқалады: ол тек бір шығарманы орындап немесе айтып қана қоймай, ол туындылар жөнінде әңгіме жүргізеді., өзінің композиторға деген көзқарасымен пікір алысады, музыканың әсер ету күшінің мүмкіндігін жеткізе түсуге жағдай жасайды. Әрине мұғалім жұмысында ұйымдасытрушылық қабілетінің үлкен рол атқаратынын атап айтқан жөн.

Музыкалық білім берудің мақсаты мен міндеттерінің сабақтастығы. (музыка сабақтарымен сыныптан тыс жұмыстар. )

Сыныптан тыс жұмыстардың спецификасы: үйірмелер (хор, орекстр, ансамблдер) ; жаннай көпшілік (массовой) формалары (лекция-концерт, мерекелер, мәдени тұнығу) .

Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық трбие беру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпеседе, олардың музыканы білуге деген ықыласы болу керек. Бұл салаға лекция-концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыкалық кештерді ұйымдастыру, жүргізу, корнавалдар, конкурстар, байқаларды өткізу кіреді.

Мектептегі музыка мұғалімі өз сабағында білім беру мен шектелетін білікті маман ғана емес музыкалық тағлымдық жұмыстарды жүргізуші, мерекелік кештерде, концерттерде, түрлі үйірмелерді ұйымдастырушы.

Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың ішіндегі ең сүбелі сала танымдық, тағылымдық мәні зор лекцмя-концерттер ұйымдастыру. Лекция-концерт оқушыларды өнердің сан қилы салаларымен, сазгер шығармашылығымен жеке аспапта оындаушы әнші күйшілердің өнер жолдарымен жеке таныстыруға мүмкіндік береді. Сондай ақ музыка сабағынан алған мағлұматтар мен тыңдаған музыкаларымен әрі қарай терең игеруге жағдай жасайды. Оқушыларға музыканы күйтабақ арқылы жиі тыңдату мүмкіндік бар жерде өнер қайраткерлерін шақырып ұйымдастырылған кездесу кештері осы бағыттағы өткізілетін лекция-концерттерге мектептегі өнер сүйгіш балалардың жиі тартып қатыстару музыка құдіретін жастай ұғынукға бала жүрегінің нәзік те сыршыл және мейірімді болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бұл жерде лектор шеберлігіне тоқталмай кетуге болмайды. Қандай тақырып болмасын оның тыңдаушыларға нәзік сезіммен, әдемі мақаммен, өте дәмді де тартымды жеткізе білу-лектордан өте білімділікті, тапқырлықты талап етеді. міне сондықтанда болашақ музыка мұғалімінің иниститут қабырғасында жүрген кезден ақ бұл өнерге дайындаудың маңызы зор.

Лекция-концерттің құрылысы, мазмұны, өткізу формасы тыңдаушыларға олардың дайындық деңгейіне білім беретін мектептерді алатын болсақ онда ол тікелей балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты болуы тиіс. Әдетте бірнеше сыныптың оқушыларын біріктіріп өткізуге болады. Әрине тақырыпқа орай тыңдаушылар жас ерекшеліктеріне қарап шақырылады: Лекция-концерт жүргізуші өздерінің жүргізетін тақырыптарын жақсы біліп қана қоймай сахынада өзін -өзі ұстау шеберлігіне дұрыс сөйлей білуге жаттығуы тиіс. Лекция-концерттерді өткзуге әртүрлі мазмұнда тақырыптарды алуға болады. Ол тақырыптар оқушыларға немесе жалпы тыңдаушыларға түсінікті болу керек. Одан өзге әр аспаптың шығу тарихы өзіне тән ерекшелігі, белгілі бір музыкалық жанрдың дамуы, музыкалық бейнелеу және мәнерлеу мүмкіндігі, музыка тілі т. б. тақырыптарды алуға болады.

1. 2. Музыка мұғалімінің басты практикалық жұмыстары

Қазақ мектебі өзінің даму жолында көптеген кезеңдерді басынан өткізді. Қаншама жылдар ғасырлар бойы қазақтың сазды әні күмбірлеген күйі елден елге, ауыздан ауызға тарап келсе, енді жаңа дәуірге жаңа мәдениетке көтеріліп, мектептегі қазақ балалары “әнкүй” сабағының үстінде “Музыкалық әліппе” пайдаланатын болды. Тұңғыш 1933 жылы қазақ тілінде “Музыка әліппесі” деген атпен еңбек жолын мектеп мұғалімінен бастаған Ахмет Жұбанов баспадан оқулық шығарды. 1950 жылдары “Ән-күй” сабағына арналған жинақтар, домбыра үйрену мектебі, оркестрді қалай ұйымдастыру туралы оқулықтар, хорды басқару, “Ән музыкасы”, “Ән әліппесі”, “Ән музыка сабағы” атты санаулы оқулықтар, методикалық нұсқаулар шыға бастады. Бұдан соң “Ән-күй” сабағының оқу бағдарламалары ретке келтіріліп, “Музыка” сабағы деп өзгертілді. Бұл салада елеулі еңбек еткен өнер ғылымының докторы академик А. Жұбанов, композитор Л. Хамиди өнер ғылымының кандидаты Б. Ғизатов, музыка зерттеушілері Х. Тастанов, Ө. Байділдаевтар осы еңбектің авторы. Қазақ мектептарінің бағдарламасына тоқталатын болсақ, ол көркемөнер тәрбиесі ғылыми-зерттеу институтының бағдарламасы негізінде жасалған, біраз ұлттық шығармалар енгізілген.

Бағдарлама 1980 жылға дейін өзгеріссіз бірнеше басылым көрумен бірге 1998 жылдарға дейін мектеп мұғалімдеріне қызмет көрсетті. Алайда біздің ойымызша бұл бағдарламада бірқатар олқылықтар кездесті. Үйрену және тыңдау үшін іріктеліп алынған қазақ халқының музыкалық шығармаларының тізімі біртектес болып, үйренуге оңай болу принциптері ескерілмеді. Сол кездегі опера өнерінің балалар хор ұжымдарының орындалуындағы әндердің шетел композиторларыны шығармаларының күйтабақтары аз ұсынылды. Бұл мәселені шешуде факультативтік курстардың: музыка, өнер, эстетика және т. б. да үлесі болды.

Біздің жоғары дәуірімізде мектеп жастарын адамгершілік рухта тәрибелеу жолында мектеп өмірінің, мектептегі әрбір сабақтың, соның ішінде музыка сабағын өткізудің ерекше маңызы бар. Мектептің барлық сабағы секілді музыка сабағында да оқушылырға адамгершілік тәрнбие берудің негзгі мақсаттарын жан-жақты қамтып, оларды білімді, жоғары идеялы, жігерлі етіп тәрбиелеу мақсаты қойылып отыр. Жасөспірімдердің музыка туралы және өнердің барлық салалары туралы түсініктерін байқау және оларың шығармашылық қабілеттерін одан әрі дамыту мәселелері көбінесе музыка сабақтарында іске асырылып отырады мектепте берілетін музыка сабағының маңызы мен мақсаттары өте кең.

Жалпы білім беретін мектептегі музыка сабағының оқу бағдарламасында “оқушылардың көркем өнерге сүйіспенілігін арттыру, оның ішінде музыкалық тәрбие беру, музыкалық сезімталдығын кеңейту, және талабын байқау, есту қабілеттілігі ырғақтық ссзімін, музыкаға деген ынта ықыласын дамытып өрістету” мақсаты көрсетілген. Музыка сабағының оқу бағдарламасы үш бөлімнен тұрады. : Әнді айтып үйрету, музыка сауаты және музыка тыңдау болып табылады. Музыка саьбағының бағдарламасында оқушылырды жастарына сай, көлемі шағын халық әндерімен, сонымен қатар қазақ композиторларының дауысқа арнап жазылған әндері, басқа халықтардың шығармашылығымен таныстыру қарастырылған. Оқу бағдарламаның басты міндеті оқушыларға әнді жалпылама хорға қосылып үйретуге негізі етіп алады. Өйткені хорға қосылып ән салу жүйесінде оқушылардың музыкалық қабілеттілігін дамыту міндеті жүзеге ойдағыдай асырылады, олардың музыкаға деген сүйіспеншілігі мен құштарлығы күшейе түседі.

Д. Б. Кабалевский балалар композиторы , педагог, қоғам қайраткері, СССР халық артисі (1963), өнер тану ғылымының докторы (1965) профессор (1939) СССР Пед. ҒА ның академигі (1971) . 1930 жылы Москва консерваториясын бітірді. “Советская музыка” журналының бас редакторы (1940-1946), СССР ҒА жанындағы Өнер тарихы институтының музыка бөлімінің меңгерушісі (1949-1952), балалар мен жастарға музыкалық эстетикалық тәрбие беру комиссиясының жетекшісі болды. Д. Б. Кабалевскийдің музыкалық шығармаларының дені әлеуметтік тақыроыптарға, балалар мен жастар образын жасауға арналған. Ол балаларға арнап бірнеше шығармалар, әндер жазған. 1973 -1981 жылы Москва қаласының бір шетінде музыка пәнінен сабақ беріп сол сабақ беру мақсатында өзінің практиакда бірнеше эксперимент жүргізеді. Кабалевский мектепке қандай жолмен келеді, оның мақсаты не еді? Ол жаңа бағдарлама жасау мақсатында тарылмай шаршамай еңбек етті. Бұл жаңа бағдарламаның мақсаты балаларға музыканың не екенін қайдан шыққандығын және музыканың ең көлемді жанрларына тоқталып балаларды жан - жақты тәрбиелеу болатын. Бағдарламаның бағыты оқушылырды музыкаға қызықтыруға, тыңдаған әнін өз бойына сіңіруге негізделген. Кабалевскийдің “Алға шығып кету және өткенге оралу” әдісі осы бағдарламада кеңінен қолданылады. Педагогикада бұл әдіс ұтымды және ыңғайлы боп шешілген бұның қолайлылығы болашаққа ұмтылу, ыңғайлылығы өткен шақты көре алу және ережеде кездескен алдына қарай ұмтылу және келешекте сол жерде шешілмеген әдіс - тәсілді жаңартылған түрде қолдану.

2. Музыкалық білім беру салаларында Кабалевский бағдарлама жазып қана қоймай ол балаларға түсінкті болу үшін көптеп көрнекілік құралдар да жасады. Олардың арасында күйтабақтар кездеседі. Балалар және жасөспірімдер арасындағы “Музыка не айтады” атты күйтабақ және мынадай тақырыптарда кітаптар “Балаларға музыканы қалай жеткізуге болады”, “Как раскрывать детям о музыке” “Пра трехтитов и пра многое другие” жазды.

Көрнекті Ресей педагогы музыка бағдарламасының авторы Д. Б. Кабалевский өзінің “Жалпы білім беретін мектептердің музыка программасының негізгі принциптері мен әдістері” атты мақаласында жаңа бағдарламада нота үйретудің тікелей бірінші сыныпта көзделмейтіндігін және басқа сыныптардада осы қарапайым музыка теориясын үйретуге өте сақ болу керек екендігін көрсетеді. Осы мақаласында былай деп жазды: “Музыкалық сауаттылық-шын мәніндегі музыкалық мәдениеттілік, оның деңгейі қаншалықты нота сауатын игергендігімен анықталмайды, әрине, нота сауатын білу оны жандандыра түседі”

Д. Б. Кабалевскийдің музыка педагогикалық концепсиясын негізге алып, бастапқы ұлттық мектеп спецификасын ескере отырып, бар бағдарламалардың мазмұндарын қайтадан ойланып, қарау. Бағдарламадағы музыка материалдарының сипаттамасын анықтау.

Қазақ мектептерінің даярлау топтарына арналған музыка пәнінің программасын жасауда, композитор Д. Б. Кабалевскийдің басшылығымен жасалған музыка жөніндегі программаның құрастыру принциптері негізге алынып, сонымен қатар қазақ мектептерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес ұлттық бай музыкалық мұраны мол пайдалануға баса назар аударылды. Ән, күй, би, марш мектептегі музыка сабағы арқылы оқушыларды үлкен өнерге жетелейді. Аталған жанрларға сүйене отырып, балалар ьірінші сыныптан бастап ақ музыка өнерінің операсы, балет, симфония, кантата тәрізді күрделі саласымен танысып, оның ғажайып сырларын түсінуге талаптанады. Бастауыш сыныптарда күрделі шығармалардан тек прагменттерімен кейбір тақырыптарымен, эпизоторларымен ғана танысады. Бірте-бірте осы фрагменттер арқылы балалар көлемі үлкен, бірнеше бөлімнен тұратын кесек туындыларды қабылдауға дағдыланады.

Төрт жанрға сүйену-мектептегі музыка сабақтарын күнделікті өмірмен тығыз байланыстыруға жұмылдырады. Оқушылар бірінші сыныптан алғашқы саьағынан бастап әр жанрдың өзіне тән ерекшелігі бойынша оларды ажырата білуге, керісінше, ұқсастық тауып, белгілі бір «жанрға» біріктіруге үйренеді. Осылайша алғашқы күннен ақ әрбір программаның негізгі принцибі-«ұқсастық және айырмашылық» жүзеге асырыла бастайды. бұл принцип баланың тек музыкалық мәдениетін дамытуда елеулі орын алып қана қоймай, сонымен қатар оның оқуда, мектептен тыс жұмыстарда, барлық іс-әрекетінде кездесетін түрлі өмірлік әсерлерді саналы қабылдауға тәрбиелеуінде маңызды роль атқарады.

Музыка және өмір-ең негізгі тақырып. Оның өзінше бір бөлім етіп қарауға болмайды, ол музыка сабақтарында өтілетін барлық тақырыбы іспетті. Музыканы игере отырып, балалар бірінші сыныптан бастап өмірдің алуан қырымен сырын танып біледі. Олай дейтініміз, музыканың өзі де өмір.

Бұл бағдарламаның ең негізгі, маңызы ерекшелігі оның тақырыптық жүйеге құрылуында. Әр тоқсанның өз тақырыбы бар. Оның маңызы бірте-бірте күрделеніп, жүйелі түрды сабақтан сабаққа ашыла түседі. Тоқсан тақырыптары бір-бірімен іштей сабақтасып, барлық қосымша және жанама тақырыптарды негізгі жүйелеуге байланыстыра игеруге жағдай жасайды.

Бағдарламаның тақырыптық жүйемен орналасу сабақтың біртұтастығын қамтамасыз етеді. Қолданатын материалдардың бірі сабаққа бағыну, бұрынғыдай сабақтың әрбір элементіне (ән үйрету, музыка тыңдату, музыка сауаты) жеке-жеке өз алдына тоқтауды қажет етпейді, барлық іс-әрекетті бір-бірімен тығыз байланыста болып, қойылатын мақсатқа қарай өрбиді. Бұдан қоса, музыка пәнінің мұғалімі сыныптың қабылдау қабілетіне байланысты, қажетті деп тарпқан қосымшы шығармалармен музыкалыұқ прогменттер ұсынуына болады. Әрине, бұл жағдайда мұғалім тақырыптық құрылымына нұқсан келмеуіне қадағалауы қажет.

  1. “Елімай” бағдарламасы

1988 - 1989 оқу жылы профессор М. Х. Балтабаевтің басшылығымен және авторлар: Сызақбаев, Т Қышқабаев қазақ мектебінің 1-сыныбына арнап “Елім-ай” атты бағдарламаларынг даярлаған болатын.

Бағдарлама мақсаты- оқушылар бойына өз ұлтының әдет ғұрпын, салт-дәстүрін сіңіру ондағы әсемдікті әмоционалдық қабылдай білуге мүмкіндіктер туғызу.

Негізгі міндеттері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагог-музыкантты дайындауда музыкалық-тарихи және музыкалық-теория мәселелері
БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Музыкалық білім берудегі бағдарлама сипаттамасы
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық этнография»
Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті жайында
Музыкалық білім берудегі сатылай кешенді кешенді дамудың ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz