ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 4
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ ШОЛУ 6
1.1 оқу үрдісіндегі электрондық материалдардың рөлі 6
1.1.1 Дистанциондық оқыту технологиясы 6
1.1.2 Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану тиімділігі 9
1.2 Электрондық оқулық құрау әдістеріне шолу 14
1.3 қазақстан республикасының оқуындағы кредиттік технология 17
2 МУЛЬТИМЕДИА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ 22
2.1 Мультимедиялық технология 22
2.2 MS POWER POINT АРҚЫЛЫ ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРДЫ ЖАСАУ 28
2.3 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 37
ҚОРЫТЫНДЫ 45
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 46
КІРІСПЕ
Өзектілігі. Қазіргі уақытта тез және нақты жаңа өмірге жол ашатын
ақпараттық технологиялар ғылымы физика, астрономия және басқа салалар
үшін өте маңызды роль атқарады. Біз ақпарат алмасу технологиясын күнделікті
өмірде қолдануға тырысып, жиі – жиі оны әдетке айналдыруға тырысамыз.
Себебі оның мүмкіншілігі шектеусіз, жеңіл және қолайлы. Ақпараттық
технологияларды қолдана отырып, астрономияның бір тармағы болып табылатын
астрометрия саласын зерттеп, электронды оқулық құрастыру бұл курстық
жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Астрометрия ғасырдан ғасырға келе
жатқан ғылым. Осыған байланысты оқу орындарында оқыту формасын тиімді
ұйымдастыру мәселесі туындайды[1].
Осы уақытқа дейінгі астрометрияда қолданылып келе жатқан жасанды
интеллект құралдары, бізді көп түсініспеушілікке әкеледі. Мұнда
астрономияның дұрыс жазылуы, оның тиімділігі және қате орындарын анықтау
тәсілдері қарастырылған.
Тасымалдауға арналған ойластырылған зерттеудің жолдары. Яғни оқушылар
мен студенттердің компьютерлік, ақпараттық технологияларын басқа өрісте
қолдана алуды және де математика, физика және астрономия жағынан, логикалық
ой-өрісін қарқынды дамыту, басты мақсат болып табылады.
Астрометрияны оқыту, пәннің өз ерекшеліктеріне байланысты, жаңа
ақпараттық технологиялар құралдарын оқу-тәрбиелік процеске енгізу үшін
жағымды орта болып табылады. Бұл курсты оқытудағы әдістеменің басты талабы
студенттердің ойлау қабілетін дамытуға көмектесетін дамытушы білім беруді
іске асыру болып табылады. Осының бәрі зерттеу тақырыбының өзектілігін
білдіреді.
Астрометрия оқулығында физиканың тарауларының материалдары да,
астрономия элементтері де бір-біріне кіріге біріктірілген әрі толық,
аяқталған курс түрінде берілген. Курс мазмұнына қоршаған орта туралы жалпы
сипаттама, сонымен қатар Әлем құрылысы және әр түрлі табиғат құбылыстары
туралы деректер, негізгі физикалық, астрономиялық ұғымдар енгізілген.
Студенттердің зерттеу әдістерін, физикалық шамаларды өлшеу тәсілдерін
меңгеруі, құралдар, құрылғылармен танысуы, алған білімдерін оқу барысында
пайдалана білуі де қарастырылған.
Жұмыстың мақсаты:жоғары оқу орындағы физика және астрономия
курсының тақырыптарын оқытушының студенттердің жас ерекшіліктерін ескере
отырып, оқытуды ғылыми әдістемелік тұрғыда негіздеу. Астрометрияның негізгі
ұғымдары және оларды практикада қолдануды қарастыру. Астрометриядан
электрондық оқулық жасау.
Зерттеу объектісі:сайт құру технологиялары.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:жоғары оқу орындағы астрометрия пәнінің
мазмұны ғылыми- теориялық тұрғыдан қаралып, әр тақырыбының оқытылуы
оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білімді талдап қорыту және
жүйелеудің тиімді әдістерімен қамтамасыз етілсе, студенттердің физикалық
білімінің сапасы артады.
Шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі заманғы жағдайын бағалау: жасалып
отырған электрондық оқулық жоғарғы оқу орындарындағы астрономия
мамандықтардың оқу жоспарындағы астрометрия пәндерін оқытуда көмекші құрал
ретінде қолданылатын болады.
Автордың қорғауға шығаратын негізгі ережелері:
1) Пәннің Оқу Әдістемелік Кешенін өзгерту, толықтыру, жаңғырту;
2) Астрометрия пәнінің дәрістері бойынша презентацияларды әзірлеу,
дайындау;
3) Мультимедияны қолдана отырып, оқудың негізгі аспектілерін суреттеу;
4) Астрометрия пәні бойынша электрондық оқулық жасау.
Жобаның тәжірибелік мәні:электрондық оқулықты жоғарғы оқу
орындарындағы астрономия пәнін оқытуда көмекші құрал ретінде қолдану болып
табылады.
Қолдану нәтижесі:студенттердің астрометрия пәнін игеруде білім
деңгейлерін жетілдіру үшін көмекші ретінде кеңінен қолдану.
Жұмыстың құрылымы: курстық жоба кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан
және қосымшадан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі – 56 бет.
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ ШОЛУ
1.1 оқу үрдісіндегі электрондық материалдардың рөлі
1.1.1 Дистанциондық оқыту технологиясы
Информатизацияланған мекемелерде оқу мектептеріне түсетін екпінді
үдеріс болып табылатын қазіргі компьютерлер негізінде электронды оқулыққа
білім жолын ашады.
Бұл термин осы уақытта өте төзімді және осы түрлерге біртұтас
компьютерлік курстар кіреді. Классикалық түсінушілікте оқулық оқушылар
немесе студенттерге арналған білімнің негізгі облысында заман талабына сай
ғылымның және мәдениеттің жетістіктері жайлы баяндайтын кітап.
Демек, оқулық электронды да, қолжазба да ретінде болады. Олардың
ортақ белгілері:
• Оқу материалы білімнің нақтылы аясында баяндалады;
• Бұл материал ғылым мен мәдениеттің жетістіктерімен негізделген;
• Оқулықтағы материалдар жүйелі түрде баяндалады, яғни, көп
элементтерден тұратын, оқулықтың біртұтастығын құрайтын, бір
бірімен мағыналық байланыста болатын жалпы қорытындаған шығарма
негізінде болады.
Электрондық оқулық - оқу курсының немесе үлкен бөлімнің дербес
игеруіне мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарламалық әдістемелік кешен.
Оқулық теорияны, анықтамаларды, есептер жинағын, лабораторлық практикумды
диагностика жүйесін және басқа да компонеттерді қосатын интеграцияланған
құрал болып табылады. Оқулықта оқушыларға, студенттерге арнайы
видеофрагменттер және статикалық суреттер мен схемаларымен қоса дәстүрлік
тексттік шығармалар бар.
Электрондық оқу құралытеориялық материалдарды, текст, график немесе
мультимедиялық түрінде болатын жабдықталған анықтаманы қосатын оқу
процессінің компоненті ретінде интеграцияланған құрал болып табылады.
Лабораторлық практикумның болу мүмкіндігі шектелген. Оқу құралы
электрондық оқулыққа қосымша құрал болып табылады.
Елбасының Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында: Біз бүкіл
еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін
көрсетуге қол жеткізуіміз керек делінген, ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам
дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның
денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір [2]. Білім беру
үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра
отырып,оқутәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі менсапасын
жоғарлатуды көздейді.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін
үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс
қабілетін дамыту. Электрондық оқулық – деп білім берудің компьютерлік
технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену
құралдарын айтады. Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен
үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады.
Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық
бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде[3].
Электрондық оқу материалдары көбінесе ашық дистанциялық білімнің
(АДБ) негізгі компонеттері болып табылады. Мұнда ғана дәстүрлі білім мен
АДБның айырмашылықтары айқын білінеді. Электрондық оқу материалын өндеу
барысында қашықтық факторы есепке алынуы тиіс. Материалдар оқу үрдісіне
түрткі және меңгеру үшін жеңіл болуы керек. Өкінішке орай, көпшілік
жағдайда электрондық оқу материалын құру барысында дәстүрлі оқулықтарда
оңай сандауы орын алады. Әрине, осындай өнімдер АДБ құралының функциясын
орындай алмайды, сонымен қатар, АДБ секілді эффективті бола алмайды.
Электрондық оқулықтың ерекше амалы және негізгі айырмашылықтары:
интерактивты және мазмұнды жеңіл меңгеруі болып табылады. Электрондық оқу
материалындағы оқылатын пәндер мазмұнының құрылымы оқулықтағы қағаз
сақтаушыларына қарағанда өте жақсы. Ол иілгіштік принципте, дистанционды
оқудың психологиялық негізінде және оқушының білім ордасын назар аудара
отыратынын өндейді. Электрондық оқу материалдараның типтері қойылған
шарттарға байланысты өзгере алады. Олар дәстүрлі информационды
коммуникациондық технология (ИКТ) негізінде теледидар, радио немесе жаңа
ИКТ, яғни компакт диски, интернет және т.б. ретінде бола алады.
Электрондық материалдардың режимдерінің бірі болып табылатын
дистанционды оқуды қарастырамыз:
Дистанциондық оқыту технологиясы— бұл сыртай оқу және интернет жүйесі
арқылы оқутушымен тікелей байланыста болу. Оқу барысында өзіңіздің
компьютеріңізге тапсырмалар мен оқу материалдарын алып, тест, бақылау
жұмыстарын орындап, оны оқытушыларына жібере аласыздар. Сіз өзіңіздің
оқытушыңызды және әдіскеріңізді танисыз, оған сұрақ қойып дереу жауабын ала
аласыз [4].
Оқудың дистанциондық түрі бұл сыртқы бөлімде білім алуда жаңа , озық
технология және оқу материалдарын оқу бағдарламалар негізінде
тыңдаушыға өзі таңдаған мамандық саласы бойынша интернет жүйесі арқылы кез
келген оқулықтарды пайдалана отырып, өзінше іздене білім алуға үлкен
мүмкіндік жасайды.
Дистанциондық оқу қызметінің негізгі бағыты жаңа ақпараттық және
инновациялық технологиялар әзірлеу және оларды жоғары оқу орнының оқу
үдерісіне енгізу болып табылады:
• электронды оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу;
• қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды және телекоммуникация
құралдарын пайдаланып, оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару жүйесі
болып табылатын ШҚМТУ білім беру порталы жобасын бағдарламалық
қамтамасыз ету;
• дистанциондық оқыту әдістерін қолданып, білім беру үдерісін
ұйымдастыру және жүргізу.
Дистанциондық оқудың негізгі мақсаттары:
• білім мен дағдыларды оңтайлы үйретуді қамтамасыз ететін ашық және
дистанциондық білім беру қағидалары мен технологияларын қалыптастыру,
дамыту және іске асыру;
• тиімді оқу-кәсіби бағдарламалары мен технологияларын, ең бастысы,
дистанциондық білім беру жүйесін құру, дамыту және енгізу бойынша
ғылыми, оқу-әдістемелік және практикалық қызмет жүргізу;
• компьютерлік, аудиовидеотехника құралдарын, телекоммуникациялар және
мультимедиа құралдарын білім беру үдерісінің техникалық негізі ретінде
белсенді түрде пайдалану;
• қызмет бағыты Дистанциондық оқудың мақсаттарына сәйкес келетін және
дистанциондық білім беру саласын кеңейтуге жәрдемдесетін құрылымдар
құру және дамыту бойынша ұйымдастырушылық және үйлестірушілік жұмыс
жүргізу;
• дистанциондық оқу технологиялары негізінде жоғары оқу орнына дейінгі,
орта арнаулы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәні
және оны ұйымдастыру бойынша ережелер әзірлеу;
• қойылған мақсаттарға жету үшін Қазақстан Республикасының және басқа
елдердің жоғары білікті ғылыми-педагогтік кадрларын ынтымақтастық
құруға тарту және бар күшті біріктіру [5].
Оқушыларға мақсатты дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді:
• Оқылатын тақырып бойынша ойлау қабілетті дұрыс келтіру;
• Маңызды мәселелерге ықылас бөлу;
• Текстерге, тапсырмалар мен басқа бағалатын құралдарға мұқият
дайындалып келу.
Дистанционды оқу курсын құру және жоспарлау кезінде педагог
қызметінің үш компонентін есепке алу керек. Олар: оқу материалының
мазмұнын, тәжірибені, кері байланысты.
Дистанционды оқудың жолы:
• Дистанционды оқудың алдында психологиялық тесттен өту қажет;
• Оқу материалы жіктелген түрде келтірілген. Бұл оқушыларға әр тақырып
бойынша білім жүйесін алуға көмектеседі.
• Бақылау білімі әр құрылым бойынша тесттік бақылауының толық және
валидты жүйе көмегімен іске асады.
Дистанциондық оқудың негізгі оқу құралы электрондық оқулық болып
табылады [6].
1.1.2 Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану тиімділігі
Білім туралы заңда білім беру жүйесінің басты міндеті Ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім
алу үшін жағдайлар жасау делінген [2]. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында оқу бітіруші
түлектердің біліміне қойылатын талаптардың ішінде былай делінген:
• өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызмет саласында
қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін
меңгеру;
• өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық
жобаларымен жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын
болу.
Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту процесін де
білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік
мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады [7]. Білім берудің кез келген
саласында Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық
белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім
беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі
заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру
қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып,
біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаттарды қабылдаудың негізгі
арналары: есіту, көру және сезу болып табылады. Өзін қоршаған ортадан
қабылдайтын мәліметтердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту
жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру
жүйесі – есте сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Педагог –
психологтардың зерттеулері бойынша берілетін білім оқушының ішкі
мұқтаждығымен сәйкес келмесе, онда оқу процесінде қиындық туындайды.
Тәжірибе тұрғысынан информатика пәнін алатын болсақ, компьютермен жұмыс
істеу кезінде жаңа ұғымдармен таныс болмауынан және техника құралын бірінші
рет пайдаланып отырғандықтан, оның мүмкіншілігі мен қажеттілігін білмеуі
салдарынан оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігі туады.
Қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының
жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен
мұғалімге байланысты. Қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең білгірі
болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық, саяси
экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық т алап етілуде. Ол
заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс
істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген
жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты
саналады.
Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ беру
шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса,
екінші жағынан мектептің техникалық материалдық базасының жабдықталуы да
әсер етеді. Оқушының мектепте алған білімді тек игеріп қана қоюы
жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне
жарата білуі керек. Соңғы кездері мектебіміз сабаққа қажетті электрондық
оқулықтармен, интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен
жабдықталды [8].
Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында ең
озық әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен
жұмыс істеуде. Солардың ішінде оқушы үшін электрондық оқулықты пайдалану
арқылы:
• оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы
оқыту сапасын арттырады. Оқытудың көрнектілігін арттырып, оқу
материалын саналы игеруге жеткізеді;
• абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың
тиімділігін жетілдіреді;
• оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау
қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді. Есте сақтаудың әсер алу,
қайталау ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді;
• мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын
арттырады.
Қазіргі таңда дайындалған электрондық оқулықтарда мынадай жағдайларды
ескеру керек:
• белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол
пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын, тақырыпқа қатысты нақты
әрі қысқа берілуін ескеру керек;
• электрондық оқулықтар оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты
дәріс конспектісін қамтитын негізгі материалдар;
• зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша
материалдар;
• материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші
материалдар;
• аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест;
• материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері қамтылуы.
Информатикадан оқушы үшін электрондық оқулықты қолдану тиімді [9].
Электрондық оқулықты қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс
жасауға мүмкіншілігі болады:
• Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;
• Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін – өзі
тексеруге;
• Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;
• Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;
• Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды
таңдауға;
• Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.
Ақпараттық технологиялардың мүмкіндері пайдаланып жасалынған
электрондық баспа оқулығын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылардың
өздігінен жұмыс жасай алады [3]. Әсіресе аталған электрондық оқулықты
пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен
мұғалімнің нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға
алдын ала дайындалуларына мүмкіндік туғызады. Электрондық оқулықты қолдану
барысында графикалық безендірулер және сұқбат терезесі түрінде пайдаланушы
интерфейсі оқушыларды бұл кітап пайдалануға деген қызығушылығын арттырады.
Электрондық оқулықты қолдану саласы өте кең: электрондық – оқыту
жүйесі қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы білімге
деген талпыныс бар оқушыларға өте тиімді. Қазіргі заман талабына сай
мүмкіндігін көп дербес компьютерлерді өңдей отырып, тарау бойынша
оқушылардың дағдыларды қалыптастыру, білім бақылау жұмыстарын бағалауға
мүмкіндік береді. Осы арқылы компьютерлік технологияның дамуының
тереңдетілуі білім сапасын жоғарылата отырып, мұғалімнің жұмысын жеңілдете
түседі.
Мен өз сабағымда электрондық оқулықтарды пайдаланып өтемін. Бұның
тиімді жағы көп: сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен сызбалар,
анимациялық көріністер, оқушыларды машықтандыру (практикалық және
тәжірибелік) фильмдері, анықтама сөздік, оқушы білімін бекітетін
дидактикалық материалдар бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың
өзіндік жұмыстары(есептер, диктант) оқушы білімін бақылауда және оқушының
өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор[7].
Электронды оқулық мынадай жағадайларда тиімді:
1) тез арадағы кері байланысты қамтамасыз етеді, яғни интерактивті
болып табылады;
2) қажетті ақпаратты тез табуға көмектеседі, іздеу жай оқулықта
қиынға түседі;
3) гипермәтіндік түсіндірмелерге бірнеше рет енген кезде уақытты
үнемдейді;
4) экранға мәтінді шығарып ғана қоймай, сонымен бірге көрсетеді және
үлгілейді және т.б. – осында мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктері
мен артықшылықтары белгілі болады;
5) нақты тарау бойынша нақты тұлға үшін ең сәйкес келетін білімді
тексеру;
6) Интернет көмегімен қажетті ақпаратты жаңартуы мүмкін.
Қазіргі кезде компьютерлік дидактикалық программалардың келесі
типтері белгілі[14]:
бақылаушы программалар – кейбір істерді жоспарлау және орындау
жолында оқушы белгілі бір мақсатқа жету үшін оқу ортасында тапсырмаларды
көрсету;
2) оқыту програмамлары – оқушыға оқу материалы мен ол жауап бере
алатын сұрақтарды беру;
3) үлгіленуші программалар – оқушыдан талап етілетін тапсырмаларды
беру;
4) жаттығу программалары – есепті шешудің техникалық дағдылануларын
бекіту үшін қызмет етеді. Олар теория бойынша ақпаратты алуды қаматамасыз
етуі тиіс;
5) дидактикалық ойындар – ойын үрдістерін пайдаланып, оқушыға
сұраұқтарға жауап беру;
6) гипермәтіндік жүйелер – негізінен мультимедиалық анықтамалардан
тұрады, ақпаратты іздеу және жаңарту жүйесі жақсы дамыған.
Мұндай жағдайларда студенттің компьютерлік оқыту программаларымен
байланысы оқытушының тәжірибесіне бағытталған. Оқытушы студенттің пән
материалын оқып-үйрену үрдісіне қатысады.
Электрондық оқулықты пайдалану арқылы:
• сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану
тиімділігі;
• мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;
• оқушының пәнге қызығушылығы;
• алынған білім, дағды деңгейі;
• білімнің тереңдігі;
• тексеру түрлері, бағалау;
• практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.
Қорыта келгенде электрондық оқулықты қолдану барысында оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Мұғалімдер де
өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала
алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық
оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі
ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар электрондық материалдарды сабақта
пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен
практикалық тапсырмалар орындайды. әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша
қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға
дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер,
дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға
бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі
қиын тақырыптарды компьютердің көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген
баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.
Тақырыпты өзіндік меңгеру: әр оқушының, студенттің белгілі бір
қабілеті болады. Сондықтан оқушының қабілетін анықтау мақсатында
қолданатын арнайы құралдар: тест, түрлі деңгейдегі тапсырмалар,
сауалнамалар арқылы анықтап, болашақта сол қабілеттерді сабақ барысында
дамыту. Топтық қызметті ұйымдастыру барысында оқушылардың немесе
студенттердің ерекшеліктерін ескере отырып, бірлескен топтық жұмыс жүргізу
барысында әр оқушы оларда не күтілетінін түсінуі үшін, оқушыларға арнайы
нұсқаулар, кеңестер беру арқылы олардың топтық жұмыс жүргізу біліктілігін
дамыту[15] .
Оқушының, студенттердің ойлау және өзіндік білім алу қабілетін
дамыту:
• Оқушыларға, студенттерге білім берудің барлық сатысында берілетін әр
деңгейлі тапсырмалар оқушының өзіндік білім алуын қамтамасыз етеді.
Олардың танымдылық сұраныстарын қамтамасыз ете отырып, бұл тапсырмалар
оқушының ойлау қабілетін оятады.
• Оқушының өзіндік білім алуы, алған мағлұматты жетік меңгеруіне
септігін тигізіп, өзіндік ойлау қабілеті, зейінін алған мағлұматты
талдау барысында дамиды.
1.2 Электрондық оқулық құрау әдістеріне шолу
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, автоматандырылған оқыту
жүйесінің қолданушылары мен құрастырушылары үшін пайдалы және маңызды
жабдықтардың барлық қарастырлған жүйелердегі дамуының кемшіліктерін ерекше
атап өтуге болады. Автоматандырылған оқыту жүйесінде болатын мүмкіндіктер
тізімін беруге болады.
Қолданушылар үшін: әр түрлі деңгейдегі оқытуды ұйымдастыру – алғашқы
таныстырудан материалды толығымен меңгергенге дейін. Оқыту мақсатынан
шығатыны материалды беру мүмкіндігі. Тесттік тексеру нәтижесі бойынша
материалдарды жинақтау. Құрастырушылар үшін:
• енгізілген анықтамалардың дұрыстығын тексеру;
• анықталмаған ұғымдардың тізімін қалыптастыру;
• ерекшеленген ұғымдар үшін байланыс графын тұрғызу.
Бұл жобада оқыту жүйелерінің құрастырушыларына қатысты барлық
мүмкіндіктердің екінші бөлігі берілген. Бірақ берілген жобаның негізінде
қолданушыларға қатысты мүмкіндіктердің бөлігін таратуға болады.
Электронды оқулықтардың құрылымын өңдеу және ерекшелеу жүйесі HTML тілінде
таратылған гипермәтіндік оқулықтарды өңдеу үшін құрылған. Жүйе келесі
негізгі функцияларды орындайды:
• электронды гипермәтіндік оқулық ұғымының құрылымын тұрғызу;
• қолданушы үшін көрнекі және ыңғайлы түрде алынған құрылымды бейнелеу;
• құрылымдағы элементті іздеу;
• құрылымды қараудан оқулықты қарауға көшу мүмкіндігі;
• алынған құрылымды өңдеу:
- құрылымдағы анықтамалардың дұрыстығын тексеру;
- алғашқы ұғымдардың тізімін ерекшелеу;
- ұғымдардың берілген жиыны бойынша ішкі құрылымды ерекшелеу.
Жүйенің құрылымын құру. Жүйе HTML тілінде жазылған гипермәтіндік
электронды оқулықты өңдеу үшін арналған. HTML тілі — Web-парақтарды
сипаттау тілі, сондықтан оқулықты қарау үшін Web-браузер қолданылады [16].
Интерактивті тақтаның көмегімен:
• Жазуға;
• Түстерді өзгертуге;
• Қолданған мағлұматты сақтауға.
ИТ қолдану барысында оқушы:
• Нақты ақпаратты ұғынады;
• Оқушының зейіні ақпараттық көрнекілік, дыбыстық, бейне көріністер
қарау арқылы қалыптасады;
• Жаңа өтетін тақырыптың практикалық маңыздылығына ынталандырады;
• Ақпаратты технологияны сабақ барысында қолдану оқушы мен мұғалімнің
ақпараттық мәдениетін дамытып, информатика пәні мұғалімінің тығыз
қарым-қатынастың болуын қамтамасыз етеді;
ИТ қолдану оқу үрдісіне енгізу сабақтың дидактикалық мүмкіндіктерін,
көрнекілігін, аудио, видео көмегі арқылы білім беру деңгейін көтереді.
Оқушылардың өзіндік білім алуға мүмкіндік жасай отырып, сабақтың түрлі
дәстүрлі емес формаларын ұйымдастыруға болады [10].
Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу артықшылығы:
• Барлық жастағы оқушыларға қолдану;
• Қосымша реурстарды қолдану арқылы жұмыс жүргізу: интернет, веб-
сайттар, электронды оқулықтар;
Сабақты қызықты жүргізу;
• Көрнекіліктердің түрлі түсті болуы;
• Түстерді өзгерту;
Мұғалімнің интерактивті тақтаны қолданудағы артықшылығы:
• Орталықтандырылып оқыта отырып, сабақ барысында барлық сыныпты қамту;
• Кез-келген даярламалардың үстінен сызу, жазу, сурет салуға болады;
• Тақтадағы мәтін, сурет, кестелерді сақтау арқылы оқушыларға басып
беру;
• Сабақ даярламасына қайта қолдану;
• Даярламаларды жылма-жыл пайдалану;
• Кәсіби өсуіне ықпалын тигізеді;
Ақпаратты технологияларды қолдану сонымен қатар оқушылардың
ақпараттық, коммуникативті құзыреттілігін дамыта отырып, пәнге деген
қызығушылығын арттырады [13].
Білім беру негізінде ақпаратты технологиялардың беретін
мүмкіндіктері:
• мультимедиалық кешен арқылы тез арада ақпаратты меңгеру, оқушы мен
мұғалімнің арасындағы кері байланыстың жылдамдығы;
• оқушылардың заман талабына сай жобалардың құруы;
• интернет арқылы алынатын ақпарат түрлерінің алуан түрлілігі;
• оқушының танымдылық қабілеттерін дамытады;
• сабақ барысында оқушының өздігінен білім алуда белсенділігі артады;
Пәнді оқытудағы негізгі жетістіктер:
• Оқушылардың сабақты меңгеру барысында өздерін еркін сезінуі;
• Тапсырмаларды оқушылардың ерекшеліктеріне қарай ескерілуі;
• Тақырыптық бақылаудың жүйелі түрде жүргізілуі;
• Электронды оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: "Оқыту процесін
үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс
қабілетін дамыту". Білім берудің кез келген саласында "Электрондық
оқулыкгарды" пайдалану окушылардың танымдық белсенділігін арттырып
қана коймай ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне
жағдай жасайды.
• Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін
тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту
процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде
компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен
жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.
• Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу
материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады.
Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын
оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке
тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын
оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.
• Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда
болуына және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
• Электронды оқытудың технологиялық құралдарын былайша топтастыруға
болады:
• 1. Аппараттық құралдар, мультимедиалық бағдарламалар және Интернет.
• 2. Электронды оқытуды әзірлеудің бағдарламалық құралдары.
• 3. Оқу үрдісін басқарудың ақпараттық жүйесі.
1.3 қазақстан республикасының оқуындағы кредиттік технология
2002 жылдан бастап, халықаралық ұлттық білім бағдарламасын қолдау
мақсатында оқытушылардың академиялық мобильдігін күшейту үшін, сонымен
қатар білім сапасын жоғарылату үшін және ЖОО барлық білім деңгейлер мен
баспалдықтарын мирасқорлықпен қамтамасыз ету үшін кредиттік технология
енгізілген [17].
Ұлттық білім берудің оқу бағдарламаларының халықаралық танылуын,
білім беру ұйымдарында білім алушылар мен оқытушылардың жұмылғыштығын
қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және білім берудің
барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін білім беру
ұйымдарында бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы жүзеге асырылады.
Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы
көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы,
білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше
жоспарлауы негізінде оқыту.
Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек
сыйымдылығының есебі оқытылатын материалдың көлемі бойынша, яғни кредит
арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, әрбір пән көлемі мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттары және үлгі оқу жоспарлары негізінде
кредиттермен айқындалады.
Кредиттік оқыту технологиясындағы білім берудің оқу бағдарламалары
және оқу жоспарлары
Білім берудің оқу бағдарламаларының мазмұны тиісті мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленеді және оқу жоспарлары
мен бағдарламалары арқылы іске асырылады [18].
Оқу жоспарлары үш нысанда әзірленеді:
• үлгі оқу жоспарлары;
• жұмыс оқу жоспарлары;
• жеке оқу жоспарлары.
Оқу жоспарларының барлық нысандарында әрбір оқу пәніне әріптік және
сандық белгілеріндегі тиісті кодтың қарастыратын пәндерін кодтаудың
бірыңғай жүйесі пайдаланылады.
Үлгі оқу жоспары (бұдан әрі - ҮОЖ) - білім берудің кәсіптік оқу
бағдарламасының оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, оларды оқытудың
тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін құжат.
Жұмыс оқу жоспары (бұдан әрі - ЖОЖ) - мамандықтың ҮОЖ және білім
алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін
құжат.
Жеке оқу жоспары (бұдан әрі - ЖЖ) - білім алушының ҮОЖ және элективті
пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына дербес
жасалатын жоспар.
Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу
үдерісін ұйымдастыру
Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін
ұйымдаcтырудың басты міндеттері:
• білім көлемін біріздендіру;
• оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу;
• білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;
• білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау
рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.
Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді:
1) білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән бойынша еңбек шығынын
бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу;
2) білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруға тікелей
қатысуын қамтамасыз ететін жұмыс оқу жоспарына енгізілген таңдауы бойынша
пәндерді олардың таңдау еркіндігі;
3) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
4) білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін
эдвайзерлерді оқу үдерісіне тарту;
5) оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану;
6) білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік
жұмыстарын жандандыру;
7) оқу үдерісін ұйымдастыруда факультетке (институтқа) академиялық
еркіндік беру;
8) оқу үдерісін қағазды және электронды тасымалдағыштардағы барлық
қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
9) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді
әдістері;
10) әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерін
бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану.
Білім алушылар өздерінің ЖЖ-ын құру барысында:
1) кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру
ережелерімен танысуға;
2) оқу пәндеріне тіркелудің және ЖОЖ-ға өзгерістер енгізудің
белгіленген мерзімдерін сақтауға;
3) осы Ереженің 30-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда,
тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламасын меңгеру үшін оқу жылында
белгіленген кредиттердің кем түспейтін санына жазылуға міндетті.
Білім алушылар академиялық жұмылғыштығын қамтамасыз ету үшін
жекелеген оқу пәндерді басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шет
елдерде оқи алады. Мұндайда білім беру ұйымының басшысы басқа білім беру
ұйымдарында оқу үшін кредиттер санының жоғарғы шегін айқындайды. Жекелеген
пәндерді Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқыған жағдайда,
білім беру ұйымдары арасында белгіленген заңнамалық тәртіппен екіжақты шарт
жасалуы тиіс.
Білім алушы пән бойынша аралық аттестаттаудан өткеннен кейін өзінің
білім беру ұйымының деканатына (бөлімшесіне) емтихан бойынша бағасы, пән
бойынша қорытынды бағасы мен жиналған кредиттер саны көрсетілген емтихан
ведомосын әкеліп тапсырады.
Білім алушылардың аралық аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу офис
Регистраторға жүктеледі. Аралық аттестаттауды бағалау аталған оқу пәні
бойынша білімді қорытынды бағалаудың 30 %-ынан кем емес құрайды.
Пән бойынша қорытынды бағалау рұқсат беру рейтингі бағасын және
қорытынды бақылауды қамтиды.
Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен
игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болады және студенттің транскрипіне
жазылады.
Білім алушылар қорытынды бақылаудан (емтиханнан) қанағаттанарлықсыз
деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.
Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны көтеру мақсатында қайта
тапсыруға рұқсат етілмейді.
Қанағаттанарлықсыз бағасын оң бағаға қайта тапсыру үшін студент
келесі академиялық кезеңдерінің бірінде немесе жазғы семестрде сол пән
бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта
қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.
Қорытынды бақылаудың бағасымен келіспейтін білім алушылар емтихан
өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей апелляцияға береді.
ЖОО басшысының бұйрығымен емтихан сессиясы кезеңіне (аралық
аттестаттау) апелляцияланатын пәндерге мамандығы сәйкес келетін
оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.
Өту балының төменгі деңгейін жинаған және келесі курсқа ауыстырылған
академиялық берешегі бар білім алушылар сол пәнді ақылы негізде қайта оқып,
академиялық қарыздарын жоюы тиіс.
Білім алушылардың оқудағы жетістіктері (білімі, іскерлігі, дағдылары
мен құзыреті) осы Ереженің 1-қосымшасы және төрт балдық жүйе бойынша сандық
эквивалентке сәйкес әріптік жүйемен бағаланады (оң бағалар А-дан D-ға дейін
азаю арқылы, "қанағаттанарлықсызы" - F).
Бір кредиттің құны оқу жылына белгіленген оқыту құны мен аталған
кезеңде игерілген 32-ге тең кредиттер саны арасындағы қатынас ретінде
есептеледі. Оқу жылына арналған оқу құны білім беру ұйымының білім беру
қызметін жүзеге асырумен байланысты барлық шығындарды тікелей есептеу әдісі
арқылы анықталады.
Жеке кесте бойынша оқытудың бір кредитінің құны (пәнді қайта оқыту,
жеке оқыту, оқу жоспарларындағы айырмашылықтарды тапсыру және тағы
басқалары) пәнді оқытуға жұмсалатын нақты шығындар мен білім алушылардың
санына байланысты есептеледі және білім беру саласындағы уәкілеттік
органның келісімімен білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
Білім беру ұйымдарына даярлық жүргізілетін барлық мамандықтар бойынша
оқыту құнынан орташа арифметика ретінде есептелінетін мамандықтарға
қарамастан, бір кредитке бірдей құнды белгілеу ұсынылады.
Аралық аттестаттаудың қорытындылары бойынша барлық емтихандарын "А",
"А-", "В+", "В-" бағаға тапсырған жағдайда, мемлекеттік білім беру гранты
бойынша білім алушыларға стипендия тағайындалады.
Офис регистратор емтихан сессияларының қорытындысы бойынша жаздық
семестр нәтижелерін есепке ала отырып, студенттің оқу жетістіктері
деңгейінің ортасалмақ бағасы болатын өту балын есептейді.
Курстан курсқа көшіру үшін өту балының төменгі деңгейінің көлемін ЖОО-
ның өзі белгілейді.
Ең төменгі өту балын ала алмаған білім алушылар оқу курсын қайта
оқуға қалдырылады.
Курс бағдарламасынан толығымен өтіп, бірақ белгіленген өту балының ең
төменгі деңгейіне жете алмаған білім алушыларға өзінің орташа үлгерім балын
(GРА) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі бір пәндерді (мемлекеттік
емтихан тапсырылатын Қазақстан тарихы пәнінен басқа) белгіленген тәртіп
бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан
тапсыруына мүмкіндік беріледі.
Оқу курсына қайта қалдырылған білім алушылар бұрын қабылданған жеке
оқу жоспары немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады.
Қайта оқу курсына қалдырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы
бойынша оқитын білім алушылар оқытудың кейінгі кезеңінде мемлекеттік білім
беру грантынан айырылады.
Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А - өте жақсы, В-, В, В+ -
жақсы деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің
орта балы 3,5-тен кем болмаса, сондай-ақ мемлекеттік емтихан мен диплом
жұмысын (жобасын) А, А- өте жақсы бағаға тапсырған білім алушыға үздік
диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
Екі дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын жоғары оқу
орындары шетелдік жоғары оқу орындарымен игерілген кредиттерді қайта
сынақтан өткізуді жоо-серіктесте қазақстандық кредиттерге және ТКЕЖ барабар
жүзеге асыруы қажет.
Студенттерді ауыстыру және қайта қалпына келтіру кезінде оқу курсы
пререквезиттерді ескере отырып айқындалады [19].
2 МУЛЬТИМЕДИА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
2.1 Мультимедиялық технология
Қазіргі заман білім беру жүйесі, білім беру жүйесін және оның
әдістемесін жаңартуды сынақтан өткізуді талап етіп тұр. Ғылыми – техникалық
прогрестің дамуы, қазіргі заман жаңа компьютерлік және телекоммуникациялық
техникалардың пайда болуына, әртүрлі ақпараттарды көрсету мен өңдеу
әдістеріне, жоғары оқу орындарының тәжірибесіне қазіргі заман жаңа
мультимедия – жүйелерін ендіруге байланысты жоғары оқу орындарында мамандар
дайындау үрдісін интенсификациялайды және білім беру қызметін тарату
жолдарын түбегейлі өзгертеді[20].
Соңғы жылдары барлық оқу пәндерінің циклы бойынша ақпараттар көлемі
көбейіп жатыр, бірақ, оларды меңгеруге жіберілетін уақыт керісінше азайуда.
Сондықтан, нағыз мамандарды дайындауға жіберілетін білім беру ақпараттар
ағымының тығыздығы көбейіп, ол, өз кезегінде, білім беру жүйесінің кез –
келген деңгейінде бейнеленеді.
Білім берудің ең маңызды мәселесінің бірі ол оқыту ақпараттарын
тиімді көрсету болып табылады. Дәстүрлі білім беру қарапайым статикалық
көрнекіліктерді қолдана отырып, вербалды қарым – қатынас түрінде
құрастырады. Бүгінгі күні мұндай жүйе ескірген немесе, кәсіби жаңартуды
керек ететін жүйе болып табылады.
Оқыту ақпараттарының басқа түрдегі ақпараттардан айырмашылығы, оның
өзінің анықталған сипаттізімі бар және әртүрлі қасиеттері негізінде
жіктеледі: қабылдау әдісі бойынша (дыбыстық, визуальды, сенсорлық), адамға
ақпараттың әсер етуі бойынша (тікелей, ассоциативті) және т.б. Оқыту
ақпараттарының берілу әдістері оның сипаттізімін бейнелейді және әртүрлі
негіздемелер бойынша жіктелінеді.
Қазіргі заманғы жаңа ақпараттарды беру әдістерінің жіктелуі бірінші
кезекте сызықты және құрылымдық материалдарды беру әдістерін ерекшелейді.
Оқыту ақпараттарының сызықты көрсетілімі кезінде оқыту материалын
баяндау құрылымы материалды тәртіп бойынша қарастырумен анықталады.
Берілген әдіс бірқатар жоғары оқыту орындарында және мектептерде дәстүрлі
әдістеме ретінде қолданылады және оның берілетін материалдарының иілгіштігі
мен жалпы алынатын білімдерді қабылдау толықтығының еңбек сыйымдылығына
байланысты кемшіліктері бар.
Оқыту ақпараттарының құрылымдық көрсетілімі оның оқытылуының жүйелік
жолдарына негізделген. Оқыту материалының құрылымы оның моделі ретінде
қарастырылады және бір – бірімен байланысқан және бір – бірімен шарттасқан
элементтер жиынтығы ретінде көрсетіледі. Оқытылатын материалды меңгеруде
оның құрылымын анықтайтын элементтері мен оның байланыстары маңызды роль
атқарады. Оқыту ақпаратын түсіну үшін пәндер арасындағы байланысты білу
міндетті.
Қазіргі уақытта гипертекст – ақпараттар көрсетілімінің жаңа түрі
пайда болды және әдістеме ретінде кірістіріліп жатыр, оның кеңінен тарауы
негізгі компьютерлік және телекоммуникациялық оқыту жүйелерінің (басқаша
электрондық оқулық, интернет және т.б.) дамуына байланысты. Гипертекстілік
ақпараттар көрсетілімі негізінде кеңейтілген дәстүрлі текст түсінігі
алынады, ондағы текстілік фрагменттер арасына ауыспалы байланыстар
орналасады және олардың арасындағы бір текстіден екінші бір текстіге ауысу
тәртіптері анықталады. Гипертекст (сызықты емес текст) негізінде қарапайым
мазмұндалған бір беттен екінші бір бетке ауысатын кітаптан көп
ерекшеленбейді, өзгешелігі тек оның желі сияқты көрсетілуінде ғана болады
[21].
Қазіргі заман жаңа компьютерлік технологиялары гипертекстілік ортаға
тәжірибе жүзінде кез – келген ақпараттарды (текст, бейне, екі-үшөлшемді
графика, дыбыс, видео, анимация және т.б.) енгізуге мүмкіндіктер береді,
сонымен қатар бұл ақпараттар көрсетілімі мен ұйымдастырылуына байланысты
жүйені одан да жоғары деңгейге жеткізіп – гипермедиа немесе мультимедиа деп
қарастыруға болады.
Бұл берілген сөздерге әртүрлі ақпарат көздерінде көптеген түсініктеме
басқа да сөздер кездесіп жатады –біз бұл атаулардың барлығын синоним сөздер
деп есептеп өзіміз мультимедиа сөзін қолданамыз.
Мультимедиа түсінігі кең спектрдегі мәндерді қамтиды: бұл құрастыру
технологиясы ретінде, өнімнің өзі ретінде, аппараттық қамтама ретінде, және
нәтижесінде, жаңа ақпарат түрі ретінде де қолданылады. Мультимедия
түсінігінің пайда болуымен қарапайым әдістемелік көрсетілімдердің
көрнекілігі және материал иллюстрациясының безендірілуі баюда.
Мультимедиа әртүрлі программалық және техникалық құралдар негізінде
құрылады, білім алушыға тиімді әсер етеді, ақпаратты өңдеу, елестету,
сақтау және құрудың компьютерлік құралдар ретінде көрсетіледі, білім алушы
бір мезетте оқырман, тыңдаушы, көрермен және қатысушы бола алады.
Қазіргі заманғы жаңа аудиовизуальды (ыңғайлы навигация, иілгіш
үлестік берілу, интерактивтілік) ақпараттарды өңдеудің әдістерін қолдану,
әртүрлі рецепторлық айқын әрекеттердің бір мезетте қолданылуы білім
алушының оқыту үрдісін интенсивтілігін көтеруге және оқыту ақпараттарын
меңгеру тиімділігін арттыруға мүмкіндіктер береді [22].
Білім беру жүйесінде оқытудың мультимедиа-құралдары қазіргі таңда
кеңінен қолданылуда – оларды көрнекілік құралы ретінде қолданудан
(презентация, WEB-беттер, және басқалар) білім алу және өзін – өзі дамыту
құралдары (электрондық энциклопедиялар, оқулықтар, тестілік программалар,
қашықтан оқыту құралдары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz