Арт - терапиялық жаттығулардың бала психикасына әсері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1БӨЛІМ. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . .
1. 1. Арт-терапияның шығу тарихы, қолданысқа енуі . . .
1. 2. Арт-терапияны әр түрлі бағыттар бойынша қарастыру . . .
1. 3. Арт -терапиялық жаттығулардың бала психикасына әсері . . .
2 БӨЛІМ. ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМІ . . .
2. 1. Арт-терапиялық тренинг жаттығулар . . .
2. 2. Тәжірибеден алынған нәтижелер . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ГЛОССАРИЙ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Казіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-терапия болып саналады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапияның әдістердің жаңа түрі болып есептеледі. Қазір Қазақстанда арт-терапия өзінің қалыптасу кезеңінде. Бұл сала Қазақстанда әлі де болса толығымен зерттелмеген деп айтуға толық негіз бар, себебі осы салада елімізде ғылыми жұмысты айтпағанның өзінде бітіру жұмысыда жоқ екендігі дәлел. Сонымен қатар арт-терапия түсінігі біздің елімізде әлі толығымен қалыптаспаған.
Арт-терапиямен айналысу үлкен профессионалды дайындықты, психотерапия аймағында іргелі білімді талап ететін қиын іс-әрекет болып есептеледі. Қазіргі кезде мұндай мамандар жоқтың қасы. Осыған қарамастан арт-терапияны қолдануға деген қызығушылық өте жоғары.
Арт-терапия жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек қана психологтарға ғана емес, сонымен қатар педагогтарға, әлеуметтік жұмыскерлерге, қарт адамдар, жасөспірімдер психикалық ауру адамдарға тағы басқа көптеген жерлерде қолдану маңызды және қажет екендігі дәлелденуде.
Алғашқыда арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, кейін келе оның қолданыс шеңбері кеңейді. Бұл дегеніміз арт-терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуғада жағдай жасайды деген сөз. Мұнда адамның шығармашылық әрекетіндегі әсемдігі емес, сол кезеңдегі басынан өткен сезімдерді, қобалжуларды бейне арқылы жеткізу болып табылады. Түс көрген адамның сөзі: мен мұны сезініп тұрмын бірақ қалай айтарымды және бейнелерімді білмеймін. Психоаналитикалық бағыттың негізін салушы З. Фрейд айтқандай бұл барлық уақытта оңай емес. Яғни бұдан шығатын қорытынды толығымен сезімдерді жеткізе білгенде ғана, сол кезде арт-терапия өз мақсатына жетіп, эффективті болары сөзсіз. Осы еңбекте арт-терапия жаттығуларының қазақ және орыс студент топтарындағы агрессия, мазасыздану көрсеткіштерін төмендету тәсілі ретінде қолдандым.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тәрбие тұжырымдамасында: «баланың танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнделікті өмірінде білім алудың қаншалықты маңызды екеніне көзін жеткізу қажет» -деген нұсқау мәселені қоғам талабынан туындап отырғаның дәлелдейді. Мұғалім үшін баланың қызығушылығы, қабілеті, көркемдік талғамы және басқа да психологиялық ерекшеліктерімен қатар олардың танымдық әрекеттері -зейін, ойлау, қиял мен белсенділігін дамытуға көңіл бөледі. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға үлкен назар аударылуда. Мектепте мұғалімдер мен психологтар балаларға психологиялық көмек көрсетеді. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапияның әдістерінің жаңа түрі болып табылады. Мектепте балалармен жұмыс жасаудың ең бір қолайлы әдіс. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қоданыс аясы, шеңбері кеңеюде, яғни бұл терапияның адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.
Зерттеудің мақсаты: психотерапия салаларының арасында салыстырмалы түрде жаңа және ықпалды тәсіл ретінде арт-терапияны қолдану ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- Психотерапиядағы арт-терапия туралы теориялық мәліметтерді талдау.
- Арт-терапиялық жаттығуларды эксперименттік және бақылау топтарына өткізу, нәтижесін шығару.
- Мектеп жасындағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін бақылау;
- Оқу процесі кезінде пайда болатын қорқыныш сезімдерінен құтылу жолдарын қарастыру;
- Арт-терапиялық жаттығулардың оқушыларға әсерін, оқу процесінде қолданылу ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушылары, колледж студенттері.
Зерттеу әдістері: тренинг жаттығулары, өткізу әдісі.
Зерттеу базасы: Астана гуманитарлық колледжі, Астана №54, 68 мектептері, «Демеу» жастарға психологиялық көмек көрсету орталығы.
Зерттеу болжамы: балалардың психологиялық жағынан дамуын, жас ерекшеліктеріне сәйкес болатын қобалжулар мен қорқыныш сезімдерін жоюға қарсы әрекет ететіндей тренингтер ұйымдастыру және оларды оқу процесінде қолданысқа еңгізу.
Жеке болжамдар:
- Осы психотерапияның түрі, яғни арт-терапияның мән жайын ашу және оны қазақ тіліндегі ортада бейімдеуді іске асыру;
- Ең бастысы жұмыс барысында таланттын көрсету емес, кенеттен пайда болған өзінің қобалжуларын, қиындықтарын, бұрынғыдан қалған елестерін сурет арқылы жеткізу;
- Айналадағы ортаны тану арқылы, ақыл -ойды жетілдіру, адамгершілік қасиеттерді, жағымды мінез құлық ерекшеліктерін қалыптастыру, көтеріңкі көңіл күйдің пайда болуы.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы және теориялық мәндігі.
Психотерапиядағы көптеген әдістемелердің арасында салыстырмалы түрде жаңа, бірақ жеткілікті түрде ықпалды тәсіл ретінде арт-терапияны атауға болады. «Арт-терапия қазіргі замандағы адамның арта түсетін қажеттілігінде оның проблемаларына, өмірдегі сәтсіздіктеріне немесе өзін толық емес жүзеге асыруындағы мәселелерге жұмсақ, экологиялық тұрғыда келуіне байланысты толығымен сәйкес келеді» (Макаров В. В., 2001) .
Арт-терапияның түрлерін жіктеуде оның мынадай формаларын қарастыруға болады: клиникалық, психодиагностикалық, адамгершілік (гуманистік), транстұлғалы (трансперсоналды) және басқалары. Жұмыс істеудің негізгі нұсқасы бар: жеке және топтық. Арт-терапевтті қажетінше дайындау керектігін атап өту керек. Арт-терапияны жүргізу барысында творчестволық өзін білдіру кезінде күшті эмоциялардың сыртқа бұрқ етіп шығу қауіпі бар. Бұл кезде ұстамды және тәжірибелі жетекші болмаса, топ мүшелерінің кейбіреуі өз сезімдеріне тұншығып қалуы мүмкін. Психотикалық ауытқулары бар жеке тұлғалар (индивидтер) әркезде өзінің бұрынғы жарақаттанушы тәжірибесіне қайтып оралуға әзір: көбіне көркемсуреттік творчество процесі кезінде симоликалық түрде өздерінің санадан төменгі бөліктегі күйзелістерін интегрирлеуге және санамен түсінуге шамасы жетпейді. (Champernowne, 1970-1971)
1БӨЛІМ. ПСИХОТЕРАПИЯДАҒЫ АРТ-ТЕРАПИЯҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
- Арт-терапияның шығу тарихы, қолданысқа енуі
Арт-терапия терминін (art-therapy тікелей аударғанда қазақша баламасы “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді) қолданысқа 1938 жылы Адриан Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылармен жұмысында алғаш рет енгізген. Көп кешікпей бұл сөз тіркесі ауруханалармен психикалық денсаулықтың орталықтарда жүргізілетін өнерге қатысты қызметтердің барлық түріне қолданыла бастады. Бірақ, көбісі бұл анықтаманы өте кең мағынада және нақты емес деп санайды. Өнерді сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы құндылығы, символикалық деңгейде әртүрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру және зерттеу болып табылады. Символдарды іске асыруын алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі суреттерден дейінгі және кейінгілерден бақылауға болады. Біздің ертедегі ата-бабаларымыз символикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі орны мен адамның күнелтуін айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрлыспен пайда болған көрінісі болып табылады. Біздің дәуірімізде бұл өнердің жаңа стилдерінің пайда болуы моральдік, мәдениетті құндылықтардың өзгеруінің дәлелденуіне себеп болды. Арт-терапияның дамуы қысқаша осындай. Енді осы арт-терапияның дамуына, оған бағыттардың әсері туралы қарастырайық.
Арт-терапиялық дамуының бастауына психоанализдік көзқарастар әсер етті. Осы көзқарастар бойынша соңғы өнім, көркемдік емделушінің іс-әрекеті ол сурет, картинка болмаса мүсін, ол бейсаналы психикалық процесстердің көрінуі болып саналады. 20 жылдардағы осы салада көп зерттеулер жүргізген Принцхорн (Prinzhorn 1922) өзінің ауруларды емдеушілерінің шығармашылығын және психикалық, классикалық зерттеулерінен мынадай қортындыға келді: өнер ауру адамдарының көбінесе олардың интенсивті ішкі шиеленістеріне әсер етеді.
Америка Құрама Штаттарында өнерді терапиялық мақсаттарда алғаш қолданғандардың бірі Маргарет Наумбург болды. Бұл саладағы еңбек етуін ол Нью-Иорк штатындағы психотерапиялық институтында мінез-құлқында мәселесі бар балалармен жұмыс жасау арқылы бастаған. Кейіннен Маргарет Наубург Нью-Йорк штатында арт-терапия саласында мамандар дайындау үшін психоаналитикалық бағдарламаларды жасайды. Маргарет Наубург жұмыстары психоанализ бағытының психологиядағы негізін салушы З. Фрейдтің көзқарастарына негізделген: ондағы алғашқы ойлар мен қобалжулар, санадан тыс вербальды емес түрде пайда болады, бейне мен символдар формасында көрініс береді. Арт-терапия терапевтпен емделушінің арасындағы символикалық деңгейдегі қарым-қатынастың тәсілі ретінде қолданылады. Көркемдік шығармалардың бейнелерінің барлық түрі бейсаналық үрдістер қорқыныш, ішкі шиеленістер, балалық шақтағы елестер, естеліктер, түс көру және тағы басқа көріністер, психотерапевтермен З. Фрейдтік бағдарлар талданады. Ал З. Фрейдтің өзі болса өз емдеу жұмыстарында арт-терапияны қолданбайды, оған болса да, ол өзіне жоғарғы баға бергенді қалады.
Көру бейнелері көп бөлікте түс көру арқылы қобалжыйды. Түс көруде сезіммен немесе қобалжулар қатысады, одан ойлар - сонымен бірге, түс көру - ең басты орында көру бейнелері. Бақытымызға орай түс көруді суреттегенде қиындықтармен мынадай байланыстар туындайды және олар көбінесе мынадай сөздерді қолданады. Мысалы: “Түс көрген адамның сөзі: мен сурет сала аламын, бірақ мен оны қалай сөзбен жеткізе сипаттай алуды білмеймін”.
Арт-терапия әдістемесін негізге ала отырып сендіру, адамның ішкі “мен”-ін көру бейнелерінде, ол сурет салғанда және мүсін жасағанда өз еңбектерінде ойланбастан, яғни ол кенеттен пайда болады. Бірақ З. Фрейд кейіннен мойындағандай, бейсаналық символдық бейнелерде көрінеді, ол өзі практикада көркемдік шығармада өзінің емдеушілерін оған қызығушылығын тудырмаған. Бірақ психологиядағы аналитикалық теорияның негізін қалаушы Карл Юнг болса өзінің емдеушілеріне өздерінің түстерін, армандарын және қиялдарын сурет арқылы бейнелеулерін талап еткен. Карл Юнгтің идеялары персональды және әмбебаптық символдардың бар болуы және қиялдың күшін терапиялық мақсаттарға қолдану мүмкіндігі бар, қазіргі кезде арт-терапиямен айналысатындарға тереңнен әсер етті.
Арт-терапиямен айналысатын мамандар тек қана психологтармен және психиатрларға қойылған диагнозды нақтылауға немесе емдеу тәсілін таңдап алуға, балалармен немесе стационарлардағы емделіп жатқан үлкендермен жасалған жұмыстардың талдауларына сүйене отырып, көмектескен. Қазіргі кезде арт-терапия мамандары тәжірибе жүзінде мойындалған, тәуелсіз атаққа ие, сонымен бірге, жеке тұлғаны зерттеуге және оны емдеу процестеріне өз үлестерін қоса алады. Бірақ, мұнымен бәрі бірдей келісе бермейді. Тағы айта кететін жайт, бұл осы айтылып кеткен амалдың төңірегінде екі бағыт бар. Мына бағытты жақтаушы мамандарға әлеуметтік реабилитация және еңбек терапиясы саласындағы мамандар. Мысалыға алатын болсақ, осы салада көп еңбек сіңірген Эдит Крамер. Осы бағытты жақтаушылар өнер өзінен-өзі мақсатты іс-әрекетке ие және арт-терапияны суррогат психотерапия ретінде қарастырады. Бұл бағыттағы психотерапевтер өнерді өздерінің терапиялық процедураларынан жоғары қояды және оларды кейбіреулерінен өзінің арсеналынан шығару шығармашылық үрдістің стимуляциясына бағытталған дейді. Екінші бағыттың жақтаушыларына жоғарыда айтылған мысалы, Маргарет Наубург жатады. Оның жеке көзқарасы бойынша, шығармашылық мақсатқа терапиялыққа бола түсуге болады деген. Мұндай психотерапевтер дәрігерлік дайындыққа ие болуы керек. Олар бірақ арт-терапияны өзіндік қолдануға да болады. Ол көп бөлігі дәстүрлі психотерапиялық амалға жәй ғана қолдану деп санайды. Бірнеше бар айырмашылыққа қарамастан, екі бағытта таңдамалы өнерде тұлғаның интеграциясы және реинтеграциясының құралы ретінде қарастырады. Қазіргі уақытта арт-терапия тек қана аурухана бөлмелерінде ғана қолданыста емес, оған қоса психокоррекциялық топтан, көмекші әдістеме ретінде қолданады. Белгілі арт-терапиямен айналысатын мамандардың көп бөліктері Солтүстік Америкада фрейдистік болмаса Юнгтік көзқарасқа сүйенеді. Бірақ көбісі гуманистік психологияның әсерін сезінген және оны дұрыс деп табады, тұлғаның гуманистік теориясы психокоррекциялық топтармен жұмыс кезінде психоаналитикалық теорияға қарағанда көп келісілген түбірік тудырады делінген. Жоғарыда айтылғандай арт-терапияның дамуына психодинамикалық бағыттар көп әсер еткен. Ал дамуына үлес қосқан авторлар олар: ең біріншіден арт-терапия терминін ғылымға енгізген: Адриан Хиллдан бастаған жөн болар. Соныменбірге Маргарет Наубург, З. Фрейд, К. Юнг, Эдит Крамерболыптабылады.
Осы арт-терапияның дамуындағы жаңа кезең ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғы мен 70-ші жылдардың басынан басталады. Әсіресе осы жылдардың бас кезінде арт-терапиялық топтардың жұмысының мынадай формасы, топтық интерактивті арт-терапияның бастауы қалана бастады. Мұндай топтық арт-терапияның жұмысының формасы пайда болуына өмірдегі көптеген жағдайлармен шақырылған, олардың қатарында:
- әлеуметтік-саясаттық, институциональды және мәдениеттік контекстердің өзгеруі;
- клиенттердің психотерапиялық тілектерінің және қажеттіліктерінің өзгеруімен, оған қоса эмоциялық құрылымдық бұзылулары;
- топтық психотерапияларының практика және теориялық тез дамуы және арт-терапиялық іс-әрекетке жетудегі біртіндеп ассимиляциялау;
- арт-терапиялық топ жүргізушілерінің кәсіби өсуімен және арт-терапиялық білім беру жүйесінің дамуымен;
ХХ ғасырдың екінші жартысында алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда, техникасының даралануы тым қиын. Сонымен қатар, айта кететін жайт арт-терапия психотерапияның ішіндегі жаңа әдістердің бірі. Арт-терапияның дамуына Америка Құрама Штаттарында Маргарет Наубург көп әсерін тигізді. Маргарет Наубург З. Фрейдтің көзқарастарына сүйенді, яғни, бейсаналы көріністер спонтандық шығармашылық үрдісінде көрініс беруі мысалы, мүсін соғу және сурет салуда. Арт-терапияның дамуына едәуір әсер еткен З. Фрейдтің бейсаналық туралы ілімі, персональді және әмбебаптық символдар туралы ілімі болып табылады. Қазіргі кезде арт-терапия өнерге қатысты барлық қызмет түрлерінде психотерапиялық мақсаттарға қолданылып келеді.
Жүздеген жылдар бойы өнер адамдар үшін ләззат алу көзі болды, ал өнердің көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа феномен.
1. 2 Арт-терапияны әр түрлі бағыттар бойынша қарастыру
Жүздеген жылдар бойы өнер адамдар үшін ләззат алу көзі болып келді, ал өнердің көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа феномен. Арт-терапия термині (art-terapy тікелей қазақша баламасы «өнермен емдеу» деген мағананы білдіреді) қолданысқа 1938 жылы жоғарыда айтылған Адриан Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылар мен жұмысында алғаш айтқан. Көп кешікпей бұл сөз тіркесі ауруханалармен психикалық денсаулық орталықтарында жүргізілген өнерге қатысты қызметтің барлық түріне қолдана бастады. Бірақ көбнесе бұл анықтаманы өте кең мағынада әрі нақты емес деп санайды. Өнерді сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы құндылығы, символикалық деңгейде әр түрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру және зерттеу болып табылады. Сиволдарды іске асыруын алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі суреттерінен дейінгі және кейінгілерден байқауымызға болады. Біздің ертедегі ата-бабаларымыз сиволикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі орны мен адамның күнелтуін айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрылыспен пайда болған қоғамның көрінісі болып табылады. Біздің дәуірімізде бұл өнердің жаңа стилдерінің пайда болуы моральдік, мәдениеттік құндылықтардың өзгеруінің дәлелдеуіне себеп болды.
Көптеген мамандар арт-терапияда өздерінің практикаларында психодинамикалық көзқараста Фрейд пен Юнгтың символдық формасында бейсаналы түрде көрінеді дейді. Сонымен қатар, Маргарет Наубургтың ойы бойынша психокоррекциялық топта олардың мүшелеріне оңай өздерінің қиялдарын, қорқыныштарын сөз арқылы емес, сурет арқылы көрсетуге болады. Өзінің ішкі қайғыруының емделуші сурет салу үрдісі арқылы сөзбен айту қабілетін жинақтайды. Көптеген психокорекциялық топтың жетекшілері қатысушылардың шығармашылық көркем суретінің нәтежелерін интерпритацияланбайды, тек қана жабық, тұйық қиялдарын көруге көмектеседі. Осы мақсатпен жетекшілері топта жылы шырайлы ортаны құрайды, осындай ортада қатысушылардың сынауынан сақтайды. Сонымен бірге, жетекшілер қатысушылардың еркін ассоцияциясын бағалауы керек. Ең маңыздысы-қатысушылар ассоцияцияны өз бетімен құрастыруы керек. Ол өзіндік сананың дамуына ықпал етеді. Кейбір терапевтер клиенттердің жасаған ассоцияцияларын өздері интерпретациялайды, содан шыққан қорытындылармен клиентті таныстырады. Мысалы, Бернард Леви айтуы бойынша қатысушылардың шығармашылық өнімді интерпретациялайтын терапевт олардың өздерін терең түсінуге мүмкіндік береді. Осыған мысал ретінде, адам өзін-өзі көру бейнесі арқылы тани алaды. 24 жастағы әйел адам дипрессиядағы, суретті қара түспен салған өзінің 4 жасында және бірнеше балетгік аяқ-киімін қолына ұстап алған. Ол әйелдің ассоцияциясында көңіл бөлген, оның есіне 2 жастағы әпкесі жоғалып кеткенде, осылай тұрғаны және ол сол күні әпкесі қаза болған.
Терапевтке өзінің есіне түсірген құбылыстар мен оқиғаларды айта бастағанда оның дипрессиясы төменгі деңгейде болған. Басқа жағдайларда кенет схематикалық сурет немесе эскиздерді салған кезде оны қобалжытып жүрген түсі немесе қиялы болуы мүмкін. Еркін ассоцияция қобалжуды көрсетеді. Саналы деңгейде адам өзінің суреті қандай мағынада берілетініне қарамастан эмоциялық босаңсуды сезеді. Алайда, мұндай құбылыстар топтағы мүшелерге терапевт көмектеседі. Символикалықтан нақтыға, бейсаналыдан саналыға өткен қобалжулардың қайталануы тұлғаның дамуына кедергі жасайды. Топтық арт-терапияда үнемі қолданатын бірігіп сурет салу болады. Әрбір қатысушы, ортақ қағазға сурет салады, әлбетте сол мезетте ойына келгенін, қатысушылар салынған суретті талқылайды. Арт-терапияда психодинамикалык бағыттардың бір түрі Дж. Вассуллусомның «топтық бейнелердің синалактикалық әдісі». Бұл әдістің бір ерекшелігі катысушылар үйлерінен әрқайсысы бір сурет салып алып келеді. Барлығы бірігіп дауыс беріп бір суретті таңдайды. Содан соң сол суреттін авторы өзінде қандай ассоцияцилар бірлескенін айтады, сол сурет жасау кезіндегі сезімдері туралы айтады, топ мүшелері сол суретке қарағанда өздерінде пайда болған сезімдері туралы пікірлерін, ойларын ортаға салады. Ницшидің жүргізген жұмысы, ауруханада жатқан аурулармен болған, олар әйел адамдар. Олар біраз уақыт өз үйлеріне баруға рұқсат алғандардың әрқайсында балалары болған. Соның ішіндегі біреуі аю мен оның қонжығын салған. Бұл суреттің мағынасы «біз терапевтерге тәуелдіміз, бізді олар тамақтандырғанды жөн көреміз, бірақ кей кезде өзіміз аналық рөлді ойнаймыз. Бұл біз үшін өте қиын. Бұл әйелдердің барлығында бала тәрбиелеуде ішкі шиеленіс бар. З. Фрейдтің айтуы бойынша, символикалық суреттер немесе адам қандай түс көріп, соны салса, онда ол бейсаналы үрдісті көрсетеді. «(Синалактикалық» әдіс арқылы терапевт «ұжымдық бейнелерді» табу мақсат болады, ол тақырып та болады. Сол сеонстың топтағы қарым-қатынасты, жағымсыз эмоцияны көңіл-күйдің жинақ болу себебін анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz