Оқушылардың білімін, шеберлігін және қабілетін тексеру және бағалау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе.

І. Оқушылардың білімін, шеберлігін және қабілетін тексеру және
бағалау.

1.1. Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін тексеру және бағалау.

1.2. Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің негізгі
әдістері.

ІІ. Мектеппен байланыс.

2.1. Оқушыларды шығармашылық жоба арқылы өнерге қалай әкелуге болады?

2.2. Бұйымды жасау техногогиясы.

Қортынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау
және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып
есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра
білуі, көптеген жағдайда оқу – тәрбие процесінің табысты
болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын
меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс.
Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік,
дағдыларын бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың
көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен
дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.
Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау
мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың
маңыздылығы ерекше
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық
мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исақов,
Е.И.Перовский, С.Ф.Сухорский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің
ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған.
Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық
мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген
деп қортынды шығаруға болады, себебі есепке алу, бақылау,
бағалауды ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие
процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің 5 балдық
жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін
барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік,
оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты
қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінің
сапасын арттыруда мұгалім әркезде бағалау жүйесін дұрыс
қолдана алмайды.
Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отырыа, білім,
білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың
теориялық талдауы және практикада қолдану тәжірибесі
арасында әлі де болса қарама қайшылықтың бар екендігін
байқаймыз.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау
негізінде бұл мәселенің қалыптасуы мен даму динамикасын
бірнеше кезеңге бөлуге болады.
20 жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және
емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды,
соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау
жасау орнына бригадалық-лабораториялық әдіс жүйесіне
негізделген өздігінен бақылаудың түрлері кең көлемде
таратылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда
иесіздік, жауапкершілсіздікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу
сапасының төмендеуіне кері ықпалын тигізді.

Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін тексеру және бағалау.

Оқыту процесінің маңызды компонентерінің бірі –бақылау
және бағалау. Бұл ұғымдардың әрқайсынының өзінше мәні және
ерекшелігі бар. Олар оқу тәрбие процесін мұғалімнің дұрыс
ұйымдастыру басшылығына байланысты.
Бақылау – бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың
танымдық іс-әрекетін меңгерудің функциясы. Бақылаусыз жеке
адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың
психологиялық педагогикалық мәні оқушыларға дер кезінде
көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім
білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау
үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылау процесінде
мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін
білдіруі тиіс. Егер кейбір оқушы тапсырманы орындауда қате
жіберсе, оған дөрекі, өрескіл сөздер айтып ескерту жасауға
болмайды.
Сабақтың барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыларды
іс-әрекетіне ынталандыру және олардың белсенділігін дамытуы
тиіс. Бақылау процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және
баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық
хабар алу өте қажет. Осыған байланысты бақылаудың бірнеше
түрлерін атауға болады. Олар тақырыптық бақылау, тараулар
бойынша оқтын-оқтын бақылау, қортынды бақылау.
Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы бегілі тақырыптар
бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері
негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі
тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір
басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен
толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді
оқушылардың есіне салады.
Тараулар бойынша оқтын-оқтын бақылау әрбір тоқсанның
ағяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан
кейін өткізіледі. Бақылаудың мақсаты оқу бағдарламасы негізінде
бақылау жұмыстары және түрлі техникалық құралдар арқылы
әрбір тоқсанның ағында пәндер бойынша оқушылардың алған
білімінің көлемін және сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау.
Қортынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында
өтізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша
бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған
теориялық және практикалық білімдері анықталады. Сондықтан
қортынды бағалаудың негізгі емтихан және оқушылардың жылдық
үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қортынды
бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының
тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз
етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық
бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап
бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және
машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді. Машинасыз
бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және
бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және
практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру
мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4
вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа
ғана дұрыс жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары: дәл
емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді.
Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны
білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне
басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші
мен қабілетінің ықпал етеді.
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қортындылау сатысы.
Бағалау бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны
оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің
міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық
деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды
көлемін анықтайтын құрал. Бақылаудың білім беру қызметі
негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған
білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.
Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге
үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей
дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады. Дамыту қызметінің
маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда
жаңа білімдерді қабылдайды, қортынды жасайды, баяндамалар
әзірлейді, хабарламалар жасайды.
Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық,
басқарушылық, тәрбиелеушілік.
Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық, бағдарлаушы,
бақылаушы болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және
дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне
мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Екінші топ: ұйымдастырушылық, реттеушілік, дәлдеп түзетушілік
болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты
бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің
мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.
Үшінші топ: қалыптастырушылық, ынталандырушылық, болып
келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға
оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.
Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас
педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады. Ол
әрдайым мұғалімнің назарында болады, педагогикалық процестің
тиімділігі мен нәтижелігін көрсетеді. Сондықтан, жалпы оқыту
процесіндегі оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру
мен бағалаудың қандай орын алатынынын, онда оқыту, дамту және
тәрбие үшін қандай потенциалды мүмкіндіктерді оқу-әрекетін
белсендіру үшін қалай дамытып, пайдалану керектігін, оқыту
жемісті болу үшін нәтижесіне не ықпал ететінін қарастыру
қажет.
Оқуыту нәтижесін тексерудің мәні – оқушылардың белгілі бір
бағдардама, пән бойынша білім беру стандартына сай білімді
меңгеру деңгейін анықтау. Алайда, қазіргі педагогикада тұтас
педагогикалық процесті тексеру мен бақылау ұғымдарының
ауқымы айтарлықтай кең. Оқытуды бақылау дегеніміз, біз жағынан,
мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік –
ресми тәртібі, нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдау
дегеніміз мұғалімнің оқушылар білімін тексеру мен бағалауы.
Отандық ғылымда педагогикалық диагностика атауының қолдану
аясы тар және көбінесе тәрбие саласында көбірек қолданылады,
онда ол тәрбиелік деңгейдің өлшемі мен талдауын білдіріп,
психодиагностикаға жақындай түседі. Оқыту процесіне қатысты
педагогика диагностикасы атауын жоғарыда келтірілген мағнада
қолданған орынды. Бақылау, педагогикалық процесс нәтижелерін
тексеру мен есепке алу сияқты дәстүрлі атаулармен де
қолдануға болады.
Бақылау мазмұнының мәні ерекше. Тексеріске ұшырайтын
оқушылардың білім, білік және дағдылары болып есептелінеді.
Білімдерден басқа шәкірттердің әлеуметтік және жалпы
психологиялық дамуы мектеп жетістіктерін тексерудің мазмұны болып
табылады. Мектеп тек білімдерді қалыптастырып қана қоймай,
тәрбиелеп , дамытатын болғандықтан, мектеп жетістіктерін тексеру
бағыттарында да жүргізілуі керек.
Мектептерде педагогикалық қызмет-әрекеттің нәтижелерін
есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылау жүйесіне
енгізілген. Мектеп ішіндегі бақылау қойылған міндеттерге
сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгізу
мақсатында оқу-тәрбие процесін жан-жақты зерттеу мен талдау.
Мектеп ішіндегі бақылау-күрделі де көп жақты процесс, ол да
барлық тұтастықтар сияқты заңды тәртіп ретінде, бір бірімен
тығыз байланысты және әрқайсысы белгілі бір қызмет
атқаратын бөліктердің тұтастығынан тұрады.
Мектеп ішіндегі бақылау жүйесі белгілі бір дидактикалық
талаптарға негізделеді. Бақылаудың мазмұны мен әдістеріне
деген бұл талаптар үйлесімді, басқару қызметін жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін жағдайларды анықтайды. Қазіргі
зерттеушілер бақылауға келесідегідей дидактикалық талаптар
қояды:
1.Бақылау мазмұнының бағдарламалық талаптарға сәйкес болуы.
Егер талаптар төмен болса, білім беру деңгейі де төмендейді;
ал талаптар жоғары болған жағдайда оқушыларға шамадан тыс
салмақ түседі.
2. Алынған ақпарат мазмұнының объективтілігі мен анықтылығы.
3. Оқушылар дайындығығының негізгі элементтеріне талдау
жаусау қажеттігі.
4.Бақылау шапшаңдығы, жүйелігіне мен жариялылығы .
5.Бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестіру.
Алынған ақпарат көлемі бойынша бақылаудың келесі
түрлерін ажыратуға болады:
а) жаппай бақылау, мұғалім мен оқушының жұмысы жүйесінің
негізгі компоненттері зерттелінеді;
ә) тақырыптық бақылау, кез келген процестің бөлігі болып
келетін мәселенің талдауымен байланысты.
Мектеп ішіндегі бақылаудың белгілі бір формалары бар
және ол тиісті әдістер арқылы жүзеге асырылады. Бақылау
әдістері мен формаларының алуан түрлілігі оның
объективтілігін арттырып, әрбір мұғалім мен тұтас
педагогикалық ұжымының іс-әрекетінің ұжымдық бағалауы үшін
жағдай жасайды. Бақылаудың әрбір формасының мақсаты болу
керек, ол оқу-тәрбие жұмысының әртүрлі кезеңінде пайда болуы
мүмкін қиыншылықтардың алдын алуға жағдай жасауы керек.
Бақылаудың үш түрі бар:
1.Алдын ала бақылау: сабақ өткізу үшін әзірленген
жоспарлар, материалдармен танысу; түсіндіру, бекіту әдістері мен
формалары туралы, оқушылардың өзіндік жұмысының тәсілдері
туралы әңгіме жүргізу.
2. Күнделікті бақылау: сабақты немесе сабақтардың өтуін
бақылау, оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру,
оқушылар жұмысын қарап шығу;
3. Қортынды бақылау: белгілі бір уақыт аралығындағы мұғалімнің
оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтижелерін
зерттеу. Журналдар, мәлімет тізімдерді тексеріп, бақылау
жұмыстары, сұрақ-жауап өткізу.
Мектеп ішіндегі бақылау жүйесіндегі педагогикалық
процестің жай-күйін зерттеу келесі мәселелерді тексеруді
керек етеді: мектеп жасындығы балалардың барлығына
толық білім беру туралы белгіленген талаптарды орындау;
мемлекеттік оқу бағдарламаларын толық көлемде орындау;
оқушылардың білім; білік және дағдыларының деңгейі;
оқушылардың тәрбиелік деңгейі.

Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің
негізгі әдістері. Оқыту процесінің құрамды бөлігінің бірі
болып келген оқушылардың білім, білік және дағыдылардың
тексерудің мақсаты оқушылардың оқу жұмысын бақылау мен
олардың үлгерімін есептеу. Мұғалімге оқушылардың білім,
білік және дағдыны толық және сапалы түрде
меңгеруі аз. Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді
анықтап, мұғалім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой
және практикалық жұмыс тәсілдерін үйретеді. Білім сапасына
ерекше мән беріледі, ол мына қасеттермен сипатталады:
білімнің толықтығы мен ғылымилығы-белгілі бір оқу
пәнінің мектеп бағдарламасына сәйкес өзегі болатын
негізгі мағлұматтар, түсініктер мен ұғымдар, ережелер,
заңдар, теориялар: білімдерді меңгеру саналылығы – оқушының
ғылыми заңдар негізінде фактілерді, құбылыстарды,
материалдық әлем заттарын түсіндіре алуы, білімдерді
ұқсас жағдайларда қолдана алу және білімдер мен іс-
әрекет әдіс-тәсілдерін жаңа жағдайларға көшіре алуы;
білімдер жүйелілігі – жаңа түсініктер мен ұғымдардың оқушы
санасындағы бұдан бұрын игерген білімдермен тығыз
байланысы; беріктік – жинақталған білім саны мен іс-әрекет
әдіс-тәсілдерінің оқушы есінде сақтауы.
Оқушылардың оқуға қатынасы, дербестік, еңбекқорлық,
ынталылық, берілген тапсырманы дер кезінде орындау мен оның
сапасына деген жауапкершілік сияқты оқушы жеке
тұлғасының басты қасиеттерінің қалыптасуы оқушылардың
білімін тексеру мен бағалау қалай жүргізілгеніне
байланысты. Осылайша, тексеруге тек бақылаушылық қана емес,
сонымен қатар, тәрбиелілік пен дамытушылық қызметтері
де тән.
Оқушылар білімінің, білік және дағдыларының сапасын
бақылау келесі элементтерден тұрады:
- білімді қабылдау, мәнін түсіну және есте сақтау
деңгейінде тексеру;
- білімдерді ұқсас жағдайда қолдану деңгейінде, яғни үлгі
бойынша тексеру;
- білімдерді ойлаудың кейбір дәстүрлі емес элементтерін
көрсетуді талап ететін жаңа жағдайда қолдану деңгейінде
тексеру.
Оқушылардың білімінің, білік және дағдыларының сапасын
бақылау келесі мсқсат пен міндеттер арқылы
анықталады:
1.Оқушылардың белгілі бір пән бойынша білімдерінің
шынайы жай-күйі және бұл білімдердің лайықты мемлекет
бағдарламаларының талаптарына сай болуы.
2.Тәжірибелік білік пен дағдыларды ұқсас және жаңа
жағдайлар деңгейінде игеру дәрежсі.
3.Бүкіл сыныптың немесе жеке бір оқушы білімінің нашар
болуының себебі.
Процесс ретінде білім, білім және дағдыларды бағалау жеке
оқушыны бақылау барысында жүзеге асырылады. Бағалаудың
шартты көрінісі баға, ол көбінесе балл түрінде болады.
Отандық дидактикада бағаның 4 балдық жүйесі қалыптасқан: 5-
толық меңгерген: 4-жеткілікті меңгерген: 3-жеткіліксіз
меңгерген: 2-мүлдем меңгермеген.
Үлгерім бағасын оқыту сапасы мен оқушылардың танымдық
белсенділігінен бөліп қарауға болмайды. Оқушылардың оқып
жатқан материалды меңгеру дәрежусіне объективті және әділ
баға берудің маңызы зор болғанымен, қойылатын бағаны
оқушыларды оқу іс-әрекетіне мәжбүр ету амалына
айналдыруға болмайды.
Бақылау әдістері-оқытудың жетістігі, оқу процесінің
тиімділігі туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесінде
қарама-қарсы байланысты қамтамасыз ететін мұғалім мен
оқушылардың бірізді, өзара байланысты диагностикалық
қызтеттерінің жүйесі. Бақылау әдістері оқыту процесі туралы
жүйелі, толық, және жылдам ақпарат алуды қамтамасыз
етулері керек. Бақылаудың мынандай әдістері, жазбаша
бақылау әдістері бар: ауызша бақылау әдістері, дидактикалық
тестер, бақылап-зерттеу. Кейбір зерттеушілер нәтижелерді
зерттеудің басқа да әдістерін ұсынады.
Ауызша бақылау әдістері дегеніміз – сұқбат, оқушы әңгімесі,
түсіндірме, тексті оқу, технологиялық карталар, сызбалар,
тәжірибе туралы хабарлар. Ауызша бақылаудың негізін
оқушының монологиялық жауабы немесе мұғалім сұрақ
қойып, оқушыдан жауап алатын сұрақ-жауап формасы – сұқбат
құрайды. Оқушылардан жеке-дара сұрақ-жауап алу мұғалімге
меңгеру деңгейі туралы толығырақ және нақтырақ мәлімет
алуға мүмкіндік береді, бірақ екінші жағынан, ол
басқа оқушыларды сабақта әрекетсіз қалдырады. Жаппай сұрақ-
жауап алу барлық оқушыларды бірден қамтыса да
олардың бідімді меңгергені туралы үстүртін мағлұмат
береді. Оқытудың белгілі бір уақыт аралығындағы
білімді тексерудің ең тиімді де толық түрі сынақ
пен емтихан болып табылады.
Жазбаша бақылау әдісі білімді меңгерудің терең
әрі жан-жақты тексеруін қамтамасыз етеді, өйткені ол
оқушының білімі мен білігінің тұтас жиынтығын талап
етеді. Жазбаша жұмыста оқушы теориялық білімін де,
оларды нақты бір міндеттер мен мәселерді щешуде
қолдана алуын да көрсетуі керек. Сонымен қатар, бұл
әдіс арқылы оқушының жазба тілін игеру дәрежесі, мәтінді
мәселеге сай, қисынды етіп сөйлем құрап, баяндай
алуы, шығарма, экспериментке, мәселеге баға бере алуы
көрінеді.
Тәжірибелік бақылау әдістері көбінесе кәсіптік
мектептерде қолданылады, өйткені бұл әдіс негізінде оқушылар
лабораториялық сынақтар жүргізеді, бұйымдар жасайды,
аппарат монтаждайды.
Дидактикалық тестер оқыту нәтижелерін тексерудің ең
жаңа әдісі болып табылады. Дидактикалық тест дегеніміз –
белгілі бір материал бойынша оқушылардың оны меңгеру
дәрежесін анықтайтын стандартты сұрақтар жиынтығы. Тестердің
артықшылығы оның объектив-тілігінде, яғни білімді тексеру
мен бағалаудың мұғалімге байланысты еместігінде.
Тестердің төрт түрі бар:
- Оқушының есте сақтау мен еске түсіру керек
фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, барлық
мәліметтерді білетінін тексеру, яғни бұл жағдайда
репродуктивті жауаптар талап етіледі.
- Алынған білімдер негізінде ойлау қызметін орындай алуын
тексеру, бұл, негізінде, типтік міндеттерді шеше алу.
- Өткен тақырыптарға өзіндік сын баға бере алуы.
- Білімдерді алынған мәліметтер негізінде жаңа нақты
жағдайларда қолдана білуі.
Бақылау мен тексеру оқушының артта қалуының себептерін
алуға мүмкіндік береді. Оқушының артта қалу себептерінің
үш тобын ажыратуға болады:
1)Әлеуметтік-экономикалық жанұя әлауқатының нашар болуы,
жанұядағы жалпы бейберекет ахуал, араққұмарлық, ата-ананың
педагогикалық сауатсыдығы. Қоғамның жалпы жай-күйі де
балаларға әсер етеді, бірақ ең бастысы-жанұя өміріндегі
кемшіліктер.
2)Биопсихикалық сипаттағы себептер-мұрагерлік ерекшеліктер,
қабілеттілік, мінез-құлық белгілері. Алғышарттардың ата-ана
арқылы берілетінін, ал қабілеттілік, әуестік, мінез-құлықтың
осы алғышарттар негізінде өмір жолында дамитынын ескеру
керек. Дені сау болып туған балалардың бәрінің әлеуметтік,
жанұялық ортаға және тәрбиеге байланысты даму мүмкіндіктері
бірдей екені дәлелдеген.
3)Педагогикалық себептер. Педагогикалық салақтық көбінесе
қателіктердің, мектеп жұмысының төмен деңгейінің нәтижесі
болып табылады. Оқыту, мұғалім жұмысы-оқушы дамуындағы шешуші
фактор. Педагогтың өрескел қателігі оқушының оқыту
процесінде алынған және кейде тіпті арнайы
психотерапиялық көмек керек ететін психикалық дамуына
әсер етеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінде оқушылардың білімін тексеру және бағалау
Оқшауланған математика
Оқушылардың білімін бағалау әдістері
Білімді бақылау формасы
Оқудағы оқушылардың жас және ерекшеліктерін ескеру принципі
Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы
Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті
Оқытудағы оқушылардың жас және ерекшеліктерін ескеру принципі
Педагогикалық кадрларының жұмысы мен аттестациясы
Пәндер