Мектептің қиын оқушыларын тәрбиелеудің теориялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . . …3
І. Мектептің қиын оқушыларын тәрбиелеудің теориялық негіздері.
1. 1. Қиын оқушыларды болдырмаудың әлеуметтік экономикалық және адамгершілік-құқықтық жағдайлары . . . 6
1. 2. Қиын балалардың пайда болу себептері? . . . 11
ІІ. Оқыту процесінде қиын оқушыларды тәрбиелеудің жолдары
2. 1. Пән сабақтары бойынша қиын оқушыларды тәрбиелеу . . . 16
2. 2. Оқыту процесінде қиын оқушыларды тәрбиелеуде педагогикалық басшылықты ұйымдастыру . . . … . . . 23
Қорытынды. . . . . 32
Әдебиет тізімі … . . . . . 33
Кіріспе.
Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.
Осы заманғы білім беру жүйесінің даму барысында мектептердің нарық кезеңіне тап болуы- тағы да бір жаңа жағдайға тіреді. Қатаң бәсекелестік, іскер адамдар, кәсіпкерлер кезеңі басталды. Ендеше өмірге жаңа келген жастар үшін «жалаң» білім беру жеткіліксіз болуы сөзсіз. Олай болса, қазіргі мектептердің басты міндеті аға ұрпақтың өткендігі бай тәжірибесіне бүгінмен жалғастыру. Дәл осы тәжірибе оқушыға білім- білік, дағдыларды меңгертумен ұштастырылса ғана оларды еңбекке ынталандырып, дүниеге жаңаша көзқараспен қалыптастыруға негіз болмақ.
Қиын бала қай кезде де болған, ол педагогика ғылымындағы ең көне, көп ғасырлар бойы келе жатқан, көп талқыға түскен өмірлік проблемалардың бірі. Бұдан 350 жылдай бұрын чехтың данышпан педагогы Ян Амос Коменский тәрбиеге көнгісі келмейтін балаларды зерттеген, оларды қайта тәрбиелеудің жолдарын іздестірген.
Қиын оқушыларды тәрбиелеу мәселесі қазіргі халық ағарту органдары мен барлық тәрбие мекемелерінің ерекше көңіл аударған проблемаларының біріне саналады. Ол әр түрлі мамандықта қызмет атқаратын адамдардың, атап айтқанда, педагогтар мен жазушылардың зерттеу обьектісіне айналады. Педагог ғалымдар М. Алемаскин, И. Костяшкин, А. Кочетов, И. Невский т. б. қиын балалардың шығу себептерін, оларды қайта тәрбиелеудің жолдарын зерттейді. Қазақстанда бұл мәселемен Л. Керимов, В. Трифонов, Э. Шыныбекова, Г. Уманов, И. Мадин, Ә. Жұмабаев т. б. айналысты.
Сонымен зерттеудің көкейкестілігі бүгінгі таңда әлеуметтік сұранысқа айналып отырған, дені сау, ұлттық сана сезімі арқылы оянған рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеумен бірге қайта тәрбиелеу арқылы оқушыларда айтылған белгілерді тәрбиелеу қажеттілігімен анықталып отыр.
Сондай- ақ қазіргі кезеңде қиын оқушылардың пайда болуының себептерін ашып, қайта тәрбиелеудің педагогикалық- психологиялық мәселелерін зерттеп, оқыту процесінің мүмкіншіліктерін ашу қажет. Сол себептен, жалпы білім беретін орта мектептегі қиын балаларды қайта тәрбиелеуде оқыту процесінің дидактикалық мүмкіндіктерін, педагогикалық - психологиялық шарттарын пайдалану негізінде ашу- курстық жұмыстың зерттеу мәселесі болып табылады.
Зерттеу мәселесінің көкейкестілігі мен практикалық мәнділігі «Оқыту процесінде қиын оқушыларды тәрбиелеу» курстық жұмыстың тақырыбын анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты - оқыту процесінде қиын балаларды қайта тәрбиелеудің тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны - қиын балаларды қайта тәрбиелеуге әсер ететін оқу процесі.
Зерттеу пәні - қиын балаларды қайта тәрбиелеудің процесі.
Зерттеу мақсаты, обьектісі төмендегідей зерттеу міндеттерін анықтауды талап етеді:
- Қазіргі кезеңдегі қиын оқушыға педагогикалық- психологиялық сипаттама беру;
- Қиын балаларды қайта тәрбиелеудегі мұғалімнің орны мен ролін анықтау;
- Оқыту процесінде қиын оқушыларды қайта тәрбиелеудің тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу әдіснамалық негізі - таным теориясының философиялық негізі және оған жеке тұлғаның дамуы тұрғысынан келу, жеке тұлға болмысын түсінуге бағытталған іс-әрекет туралы ілімнен, түрлі оқу пәндерінің оқытуға диалектикалық тұрғыдан қарау негізгі қағидалары алынды. Біздің зерттеуіміз үшін психологтар мен педагогтардың, методистердің теориялық еңбектерінің әдіснамалық негізі бар.
Зерттеу көздері мыналар болды: философтардың, психологтардың, педагогтардың зерттеу тақырыбымыз бойынша көкейкесті мәселелерді қарастыратын еңбектері; алдыңғы қатарлы тәжірибені талдау; үкіметтің ресми материалдары (заңдар, қаулылар, баяндамалар, т. б. ) ; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің оқу- тәрбие жұмысы туралы маңызды құжаттары (тұжырымдамалар, бағдарламалар, ұсыныстар т. б) .
Зерттеу әдістері: философиялық, педагогикалық және оқу- әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, әңгімелесу, педагогикалық бақылау арқылы іс- тәжірибені зерттеу.
І. Мектептің қиын оқушыларын тәрбиелеудің теориялық негіздері.
1. 1.
Қиын балалардың тәрбиесі - бұлар оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олардың белгілері:
- Анальды сұраныс олар ішкілік, нашақорлық, ұрлық жасау, төбелес т. б.
- Теріс қасиеттердің тұрақтылығы бұл мейірімсіздік, қаталдық, жалғандық, жалақорлық, өзімшілдік сезімі т. б.
- Ата - аналар және мұғалімдермен тартыс жағдайының тұрақтылығы.
- Сыртқы ортаның көмегінсіз өзін - өзі жөндеуге, реттеуге қабілетсіздігі.
Қазіргі кезеңде Қазақстан нарықтық экономикасы әлеуметтік бағытталған және жаңа принципті түрдегі қоғамдық қарым- қатынастарға негізделген күшті егемен мемлекетті құруға кірісті. Мемлекеттің қоғамдық -экономикалық формациясының ауысымын нақты байланысты болатын орасан зор өзгерістер арқашанда адамдар санасындағы күрделі өзгерістермен бірге жүретіндігі түсінікті. Алайда, саяси және экономикалық жүйелердің ауысуына байланысты қоғамдық санада өзгерістер өздігінен болады деу сенімсіз болар еді. Бұл құбылыстың өзі айтарлықтай елеулі әрі күрделі, өйткені әлеуметтік өмірдің терең процестерімен, дүниетанымдық тағылымдардың өзгерістерімен, психологиялық топтаурындарымен, сонымен бірге қоғам өмірімен, әрбір адам тұрмысының салтымен байланысты.
Н. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде мынадай жолдар бар «біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз қазақстандық Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтық өзі-өзі айқын билеуін қалыптастыру».
Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасау қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуға тиіс. Ал оны елдің туын, елтаңбасын, гимнін қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн. Осы заманғы білім беру жүйесінің даму барысында мектептердің нарық кезеңіне тап болуы-тағы да бір жаңа тығырыққа тіреді.
Тәлім- тәрбие тұжырымдамасында балаларды тәрбиелеуде төмендегі міндеттер мен бағыттарды жүзеге асыру көрсетілген:
-жас жеткіншектің ұлттық сана сезімін, имандылық қадір - қасиетін қалыптастыру.
-мемлекет заңдарын білу және оған сый құрметпен қарау, оны жүзеге асыруға дайын және ынталы болу. Қоғамдық тәртіпті, заң ережелерін бұзушыларға төзбестік білдіру, бұл жолда азаматтық жауапкершілік көрсету, адамгершілікке жат кеселдерге қарсы күресу әрбір жастың күнделікті мінез - құлқына айналуы қажет.
- еңбек тәртібін бұзушылыққа төзбестікпен қарау, еңбектегі иесіздікке, жауапсыздыққа, жалқаулыққа, арамтамақтыққа, басқаның есебінен күн көрушілікке қарсы күрес жүргізу; өндіріс қуаттарын немесе табиғат байлықтарын талан - таражға салушыларға немесе ысырапқорлыққа қарсы күреске жастарды дайындау;
- жастардың ішкілікке, есірткіге әуестенуіне жол бермей, салауаттын өмір сүруге баулу.
Мектеп жасындағы балалар арасындағы қылмыстық көбеюіне тек қана экономиканың әлсіреп тұрған кезі ғана кінәлі деп айтуға болмайды. Мұндай оқушылармен жұмыс жүргізгенде қолданылған тиісті шаралар бір жағдайда оң нәтиже беріп, ал кейде ешқандай нәтиже бермеу себептері неліктен? Оның негізгі себебі оқушының психологиялық ерекшелігіне, бұзақылықтың түріне және оған жаза ретінде қолданылған шараны оның өзі әділетті немесе әділетсіз санауына, сол шараны түрліше түсініп, әсерленуіне байланысты. Сондықтан тәртіп бұзған оқушылармен жұмыстың нәтижелі болуы үшін оған мән беріп, болған оқиғаның себептерін жете талдап және мәселені тәртіп бұзған баланың өзіндік психологиялық ерекшеліктері мен санаса шешкен жөн. Педагог - ғалымдар А. Мұқанбаева, Қ. Қалиматов т. б. қазірде педагогикалық тұрғыдан қарағанда тәртіп бұзатын оқушылармен жұмыс жүргізудегі кездесетін сәтсіздіктің көбі бұзақылыққа оны не итермелегенін, оның аяғына дейін шешпей, үстірт қарап, кейін осыдан асығыс қорытынды жасап, бәлендей шара қолдану керек деп ұсыныс жасай салғаннан болады деп есептейді.
Әдетте оқушының не үшін тәртіп бұзып, оған не түрткі болғанын білу оңай сияқты болып көрінгенмен, бұл кейде тым қиындыққа соқтырады. Мысалы, оқушы тәртіп бұзайын деген мақсатпен тәртіп бұзбайды және ол тәртіп бұзған жағдайда да осының себебін тек болған оқиғаның өзінен іздеп қана қойып, осыған сәйкес шара қолданып, іс осымен бітті десе, онда бұл дұрыс болмас еді. Әрине, тәртіп бұзудың көбі баланың бірденеге көңілсіз қарап ыза болуынан. Бірақ тәртіпсіздікті оқушының тек ыза болып ашулануынан деп тауып, онымен қанағаттанып, негізгі түрткі болған себепті терең қарастырмасақ, онда оның ішкі дүниесін жақсы түсіне алмаған болар едік. В. Трифонов, Л. Керимовтың пікіріне қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болатын себеп баланы бірден тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі теріс көңіл күйге әкеледі. Ал осындай көңіл күй баланы ашуландырып, тәртіп бұзуға итермелейді. Осы сияқты фактормын дер мезгілінде күресіп, тиісті жұмыс жүргізбесе, ересектер мен балалардың арасында түсінбеушілік туып, оқушы істейтін қылықтарының көбін қасақылықпен істейтін болады.
Оқушының осы сияқты психикалық ерекшелігін кейбір ғылыми зерттеулерде «ойлау бөгеті» деп те айтып жүр. Біз өз тарапымыздан бұл мағынаны осындай түсінікпен беруге қосыла алмаймыз. Өйткені түсінбеушіліктің нәтижесінде болатын оқушының осы сияқты қасиетін оны тәрбиелеуге біржола богет боларлықтай деп айтуға болмайды. Мұны шын мағынасында, оқушының бір мнәрсеге ыза болып, кейін осыған әуелі себеп болған оқиға қазірде біржола ұмтылып кетсе де осының салдарынан алдағы мезгілде де қасақылықпен үлкендердің тілін алмай, тәртіпсіздікке айналып кететіні деп, түсіну керек.
Мысалы, оқушы тәртіп бұзып, сабақ тыңдаудың орнына басқа оқушыларға кедергі жасап отыр дейік. Сонда оны тәртіп бұзуға итермелеуші себептің өзі тек қазіргі сабақтың қалай өткеніне ғана байланысты болмай, тіпті осы оқушының көңіліне тиетіндей еш нәрсе айтылмаса да, осыны ол қасақана істеуі мүмкін. Осы мезгілде оқушыдан «сен не себептен тәртіп бұздың?» деп сұраса, осыған кейде өзі де толық жауап бере алмай немесе ішіндегісін өзгелерге білдіргісі келмей, оның себебін басқа бір нәрсеге сылтау ретінде аудара салуы ықтимал. Осыдан шығатын негізгі қорытындының бірі- тәртіпсіздікке түрткі болған себептің көпшілігі оқушыны тәртіп бұзуға бірден әкелмей, оған жанамалы түрде себеп болады. Демек, әуелі уақытта оқушыға түрткі болған оқиға оны бірте - бірте ренжуге әкеліп, осының нәтижесінде оны қасақы қылыққа әкеліп соқтырады, тәртіп бұзудың жиі кездесетіні, міне, осыдан. Олай болса, ең алдымен, оқушының өзіндік ерекшелігімен, психологиясымен санасып, оған сын көзбен қарап, тәртіп бұзудың себебін жете білу тәрбие жұмысының жемісті болуының негізгі шарты екенін аңғаруымыз керек.
Тәртіпсіздікпен күресудің негізгі жолы- ешкім тәртіп бұзайын деген оймен тәртіпсіз болмайды, бұл белгілі тиісті жағдайларға байланысты болғандықтан оқушылардың тәртіпті, әдепті болуына мүмкіндігінше жағдай туғызып, олармен үздіксіз тәрбие жұмысын жүргізу. Әдетте тәртіпсіздікке айналып кетпей тұрып оқушымен жұмыс жүргізу оңай соғатындығынан, тәртіпсіздікпен күресудің бастапқы жолы- кейбір оқушыларға тәртіп бұзғаннан кейін ғана көңіл бөліп қоймай, көңілінің бірте- бірте өзгере бастағанын сезіп, оның өріс алуына жол бермей, дер кезінде тиісті шара қолданып отыру. Тәртіпсіздікпен күресіп, тиісті жұмыс жүргізу балалардың жас ерекшелігіне байланысты болғандықтан бастауыш класс дасындағы оқушылармен жұмыс жүргізу ересек оқушыларға қарағанда әлдеқайда жеңіл келеді. Сондықтан да бұл істің нәтижелі болуы үшін, ең алдымен, төменгі класс оқушыларына ерекше көңіл бөліп отыру керек. Бастауыш класс жасындағыларда мінездің кейбір қырлары онша тұрақты болмай және қимыл әрекеті тез болатындығынан кейде бұлардың қандай іс- әрекеті нендей қасиетінің белгісі екенін бірден ажырату қиын. Кейбір жағдайларда төменгі класс оқушысы бірдеңеге соқтығысып, абайламай бір нәрсе істеп қойғанда, осының себебі тек тәртіпсіздігінен ғана емес, біраз мезгіл ой еңбегімен шұғылданып отырғандықтан қимыл- қуаты жиналып, оны нендей нәрсеге жұмсарын білмегендіктен де болады. Мысалы, 2 класс оқушысы Асқарды мектептің мұғалімі мен тәрбиешісіз оқушыға жатқызады. Ол үлкендердің тілін алмай, қыз балаларға соқтығып, сабаққа әзірленуге жеткілікті көңіл бөлмей жүреді. Осының нәтижесінде ол көпшілік сабақтардан нашар үлгеріп жүрді. Асқардың тәртіпсіздігі мінезінің нашарлығынан емес. Өйткені онда әлі жөнді қалыптасқан мінез де жоқ, оның тәртіпсіздігінің негізгі себебі қимыл әрекетінің күшті дамығандығынан. Класс мұғалімі мен тәрбиешісі Асқардың тәртіпсіздігі ұлғайып, өзгелерге кесірін тигізетіндей болып бара жатқанын ескеріп, онымен әдейі жұмыс жүргізіп, тәртіпсіздігімен күресуде елеулі табыстарға жетті. Олардың табысқа жетулерінің басты себебі- оқушының өзіндік дара ерекшелігі мен психологиясын жақсы біліп, оған «сен- жамансың» деген көзбен қарамай, баланың қандай іске құмар екенін біліп және оның сол қасиетіне сүйене отырып, сенім білдіріп, үздіксіз тәрбие жұмысын жүргізіп отырудан болды. Тәртіп бұзушылықты тек сыңаржақты түсініп, оны оқушының бойына сіңіп кеткен қасиет деп қарауға болмайды. Кейде өзін - өзі жақсы ұстап, тәртіпті болып келген оқушы қолайсыз бір жағдайларға байланысты тәртіпсіздікке салынуы мүмкін. Ондай жағдайда тәртіп бұзған оқушыға жаза беруді негізгі мәселе ретінде қарамай, оның себебін алыстан іздеп, оқушылар мен мұғалім арасындағы түсінбеушілікті жоюға тырысу керек. Тәртіп бұзушылықтың себептері тек мектепке ғана байланысты болмай, уй ішіндегі жағдайларға, айталық, ата-ана мен баланың арасындағы қарым- қатынасына, балаға қойған талаптың әр түрлі болуына да байланысты. Кейбір жағдайларда бала өз жолдастарына ыза болып немесе олардың ықпалына еріп түрлі қолайсыз істерімен шұғылданып кетуі де мүмкін. Ал мектептегі тәртіп бұзушылықтың негізгі бір себебі сабақ үлгере алмаушылықтың нәтижесінде болады. Кейбір оқушылар кейде өзінің қатар- құрбыларынан сабақ үлгеруден артта қалып қойып, өзін оқуда көрсете алмай, тәртіп бұзуды өзінше «батырлық іс» деп санайды, осыны басқалардың көзінше көрсеткісі келеді. Мұғалім тәртіп бұзатын оқушымен жұмыс жүргізгенде баланың істеген қылығына қарай және оның ерекшелігіне сәйкес тиісті шараны өзі ойластырып табуы керек. Осыған сәйкес негізгі ескеретін мәселеге оқушыға тәртіп бұзғаны үшін шара қолдану жолын іздестіріп табудан бұрын, қандай шараны оны жөндеуге қолайлы екенін қарастыру қажет. Оқушы не себептен тәртіп бұзды деген сұрақ әрбір тәрбиешіні ойландыруы тиіс. Осы қағиданың дұрыс екені мынадай: әдетте балалардың жағымсыз қылықтарының көпшілігі біріне - бірі ұқсас болып келгенімен, негізінде оларды түрткі болушы себептер әр түрлі болып кездеседі. Мысалы, оқушы қолындағы бір нәрсені лақтырып жіберіп, терезенің әйнегін сындырды делік. Осы оқиға тәртіп бұзудағы қылықтың бірі болғанымен, оны әркім әр түрлі ниетпен істеуі мүмкін. Айталық, бір бала әйнекті ойнап жүріп, аңдамай сындырса, екінші бала мұны қасақылықпен жасауы мүмкін. Соңғы жағдайда бала терезенің әйнегін әдейі сындырды дегеннің өзінде осыған себепші болған ішкі ниеті түрліше болуы мүмкін. Мысалы, бала терезенің әйнегін сындырайын деп ойлаған жоқ еді, бірақ оның көңіліндегісі болмай, әлде бір нәрсеге ашуланып, біреудің оған істеген ісін өзінше теріс түсініп ызаланып жүр еді демек. Сол кезде жолдастарының бірі оны мазақ етті. Осы уақытта ол өзін- өзі меңгере алмай қолындағы затын терезеге қарай лақтырып жібереді. Осыдан біз тәртіп бұзушыларға қолданатын шараның түрі тек болған оқиғаға тәуелді болмай, негізінде, мұны қандай ниетпен істегенін іске алумен байланысты екенін көреміз. Бірақ бұл да көп жағдайларда жеткіліксіз. Сондықтан оқушының ішкі ниетін, істеген қылығының ауыр не жеңіл екенін де, қателігін түгелдей мойындағанын, мойындамағанын, мұндай оқиға қанша рет қайталанып отырғанын және оның қатар- құрбыларының пікірін де еске ала отырып оған тиісті жаза қолдануға болады.
Мәселенің негізі - жағымсыз қылықты жазалауда ғана емес, оның түпкі себебін ашып, тәртіпсіздікпен күресуде оқушының психикасына сан- алуан әдістермен әсер ете білуде. Әрине, бұл ойды айту жеңіл, орындау қиын. Педагог С. Погровтың пікірінше, біз қиын оқушыларға қалай көмектесуді, олардың ойлауын жаңа жоғары сатыға көтерудің жолын білмейміз. Жағдайды түзету үшін түбегейлі жаңа методика жасау қажет.
1. 2. Қиын балалардың пайда болу себептері?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz