Орман шаруашылығы жұмыстары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. ОРМАН – ЕЛ ДӘУЛЕТІ, ЖЕР СӘУЛЕТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

2. Республикамыздың орман
қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2. Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары ... ...12

2.1. Рельеф, өсімдік жамылғысы және
гидрографиясы ... ... ... ... ... .. ... ... .19

2.2. Ауа райының қолайсыз
құбылыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

2.3. Агроорман
мелиорациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 20

3. Орман және аңшылық шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ...22  
3.1. ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР САЛАСЫНДАҒЫ
РЕТТЕУ МЕН БАҚЫЛАУ
БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...23
3.2. ОРМАН
ШАРУАШЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...25

4. Орман шаруашылығы
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

4.1. Орман шаруашылығының негізгі
проблемалары  ... ... ... ... ... .. ... ... ... 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Пайдаланған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...32

Қосымша

Кіріспе

Біздің Республикамызда басқаруды дамытудың маңызды міндеттерінің бірі оның
табиғи-ресурс потенциалын рационалды пайдалану болып табылады.

Бұл мәселені шешу тек аумақтың ресурсты потенциалын кешенді меңгеруде ғана
мүмкін болады. Осындай бағалау негізінде пайдаланушылар басымдылықтары мен
аймақтағы басқа табиғат ресурстары және лимиттерін алып қою туралы шешім
қабылдану қажет.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес табиғат ресурстарының есеп функциясы
Қазақстан Республикасы табиғат органдарының енуіне қатысты болады.
Табиғатты қорғау ұйымдары мен ресурстік блок ведомстволармен табиғат
ресурстарының жеке түрлері бойынша маңызды ақпараттар жинақталды.
Қолданыстағы жинақтау, сақтау, өңдеу тәртібі және аумақтың жағдайы туралы
ақпаратты пайдалану және оның бүтіндей табиғи-ресурстық потенциалына,
табиғат ресурстарының интегралды бағалауына мүмкіндік бермейді, сонымен
қатар табиғатты пайдалану және қоршаған табиғат ортасын қорғауды
басқарудың арнайы тапсырмаларын шешуде бейімделмеген.

Ресурсты үнемдеуге бағытталған табиғатты пайдалануды басқарудың негізгі
элементтері болып табиғат ресурстарының мемлекеттік кадастрларының
ақпараттық жүйесін пайдалану табылады.

Аталған жүйе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі
N1449 геоақпараттық сандық жүйелер негізінде Қазақстан Респуьликасы
табиғи нысандарында мемлекеттік кадастрлардың бірыңғай жүйесін құру
туралы Қаулысына, сонымен қатар Экологиялық кодекстің 18 Тарауына сәйкес
құрылды.

Қазіргі таңда аталған ақпараттық жүйе қолданыста және өз құрамында
келесідей функционалды модулдерді құрайды:

1) Орман кадастрының ішкі жүйесі
2) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кадастрының ішкі жүйесі
3) Жануарлар әлемі кадастрының ішкі жүйесі
4) Балық кадастрының ішкі жүйесі
5) Картографиялық деректердің блогы

Орман кадастрының ішкі жүйесі орман шаруашылығы жағдайы туралы ақпараттық
жүйені (148 аса нысанды құрайды), шаруашылық қызмет бағасын, оның иелеріне
бөлінуін, орман шаруашылығының сандық және сапалық жағдайын ұсынады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кадастрының ішкі жүйесі қорық
аумақтарының барлық түрлері бойынша табиғатты қорғау, ғылыми, шаруашылық
және әкімдік қызмет туралы толық ақпаратты құрайды:- Мемлекеттік табиғи
қорық (2004 жыл – 9 нысан);

- Мемлекеттік ұлттық табиғи парк (2004 жыл – 8 нысан);

- Мемлекеттік табиғи парк (2004 жыл – 2 нысан);

- Мемлекеттік ботаника бағы (2004 жыл – 2 нысан);

- Мемлекеттік табиғи резерват (2004 жыл – 6 нысан);

- Мемлекеттік табиғи қорық (2004 жыл – 58 нысан);

- Мемлекеттік табиғат ескерткіші (2004 жыл – 53 нысан);

- Мемлекеттік қорық аймағы (2004жыл – 8 нысан);

Ақпарат келесідей түрде ұсынылды:

- категориялар мен алқаптар бойынша орман қорын бөлу №1 формасы
статистикалық форма есебі мәліметтері, № формаға 1 және 2 қосымша;
Кәсіпорынның есептік материалдары (орман шаруашылықтары);

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалды аймақтарға және кіші
аймақтарға бөлу, ЕҚТА паспорты, ЕҚТА мекемесінің есеп материалдары, орман
және аңшылық шаруашылығы комитетінің есебі №1-ЕҚТА формасы статистикалық
форма есебі мәліметтері.

- ЕҚТА шекераларының картографиялық материалдары

Жануарлар әлемі кадастрының ішкі жүйесі пайдалану, қорғау және өндіріс
саласында тиімді басқару мақсатында (540 аса нысанды құрайды) жануарлар
әлемі жағдайы туралы ақпараттық жүйені құрайды.

Ақпарат келесідей түрде ұсынылды:

- Аңшылық шаруашылық бойынша есептер, АШМ облыстық аумақтық басқармасының
есептері, шаруашылық субъектілері кәсіпорындарының есеп материалдары - №2
– аңшылық формасы статистикалық форма есебі мәліметтері.

- аңшылық шаруашылық және жануарлар әлемінің тақырыптық карталары

Балық кадастрының ішкі жүйесі су нысандары және балық ресурстары (қазіргі
таңда 1000 аса ірі нысандарды құрайды) жағдайы туралы ақпараттық жүйені
құрайды.

Ақпарат келесідей түрде ұсынылды:

- балық шаруашылығы қызметінің есептері; балықшаруашылығы су қоймасының
паспорты, орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің есептері - №1 форма-
№2 БШҚ формасы статистикалық форма есебі мәліметтері.

- су нысандарының тақырыптық картасы, оларды балықшаруашылығы
кәсіпорындарына бөлу

1. ОРМАН – ЕЛ ДӘУЛЕТІ, ЖЕР СӘУЛЕТІ

Адам денсаулығы көбіне қоршаған ортадағы экологиялық ахуалға
байланысты. Ал, оны жақсартатын жасыл желек екені даусыз. Орманшы қауымының
басым бөлігі ауылдарда тұрғанымен жұмыс орындары тау қойнауында, орман мен
өзен бойында, көл жағалауында болатыны заңдылық. Осы екі аралықтағы жолды
есептемегенде әр орманшы өз қарамағындағы жүздеген, тіпті мыңдаған гектар
жер телімдерін бақылауына тура келеді. Оны қорғау мен күту уақытты,
қаражатты қажет ететіні анық. 
Орманшының жұмыс орнында, орманшы үйінде тұруының тиімділігі оған
төрт түлік ұстап, құс өсіруіне, омарта ұстауына мүмкіндік береді. Осылайша
алтын уақытты үнемдеп, әл-ауқатын жақсартуына мүмкіндік туса, тағы бір қыры
қызметтік тұрғын үймен қамтылғаны. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында:
“Дамудың қазіргі кезеңінде адам факторы айқындаушы фактор болып табылады”
деп атап көрсетілсе, оны қолдау, жүзеге асыру, жас мамандарға кәсіби білім
беру, жоғары және арнайы оқу орындарында оқыту міндетін алға қояды. Осы
орайда жұмысымыз жүйеге түскенімен алдағы уақытта іске асыратын жоспарлар
да жетерлік. Бастысы жас ұрпақты, табиғатты қорғауға, сүюге, өсіруге баулу
бүгінгі басты міндет екенін түсінудеміз.
Ел Үкіметінің 2002 жылғы қарашадағы қаулысына сәйкес, 2003 жылы 23
қаңтардағы Алматы облысы әкімінің өкімімен Алматы облысы табиғи ресурстар
және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 17 орман шаруашылығы
мемлекеттік мекемелерімен бірге облыс әкімінің коммуналдық меншігіне
қабылданған. Қазіргі кезде облыс аумағында 4 млн. 277 мың гектар орман қоры
бар болса, оның 1 млн. 670 мың гектарын орман алқабы көмкерген. 
Орман шаруашылығы 2001-2004 жылдар аралығында реформаланып, екі салаға
бөлінген. Оның ішінде орманды күзету, қорғау жұмыстарын орман шаруашылығы
мемлекеттік мекемелері атқаруда. Сол кезде мекемелерде ескі автокөліктер,
мініс аттары, орманшы үйлері мен кеңселер ғана қалған еді. Орманды
молықтыру, күтіп-баптау, тұқымбақтарда егілімдер, көшеттер өсіру, басқа да
орман шаруашылығы міндеттерін атқару республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың құзырына беріліп, материалдық-техникалық база, оның ішінде
ағаш өңдеу, шырын шығару, ағаш кесетін цехтар, станоктар, ағаш
тасымалдайтын автомәшинелер, тракторлар, тағы басқа ауыл шаруашылығы
техникалары солардың меншігіне өткен еді. 
Қазір облыс бойынша 4,3 млн. гектар орман қорын 425 орман
күтуші – қорықшы күзетеді. Орта есеппен әр орман күтушісіне 10 мың
гектардан аса орман қорын қорғауға тура келеді. Егер әрбір айналымда орман
күтуші тұратын үй – орманшы үйі болса, дала, тау өртіне, заң бұзушылыққа
жол берілмес еді. 
Ағымдағы жылы мекеме бойынша өз қаржыларынан 19 орманшы үйін салу
жоспарланса, қазіргі уақытта 174 орман күтушілері орманшы үйінде тұрады.
Келешекте барлық орман күтушілері өз айналымдарында тұруына мүмкіндік жасау
жоспарланған.
“Жасыл ел” мемлекеттік бағдарламасының аясында мекемелер 288 гектар орман
қоры алқабына 1 млн. 500 мың түп көшет отырғызып, 1500 гектарға табиғи
түлету жұмыстары жүргізілсе, Бақанас, Күрті, Үштөбе мекемелерінде жыл сайын
1512 гектар жерге көпжылдық сексеуіл тұқымы себілген. Мекемелер бойынша
13 орман тұқымбағы 295,5 гектар жерге орналасқан.
Жыл сайын тұқымбақ шаруашылығын одан әрі дамыту, өсірілетін көшеттердің
түрлерін көбейту, өнімділігін арттыру шаралары жүргізілуде. Кеген, Лепсі,
Алакөл, Сарқан орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде тұрақты, базалы
тұқымбақтар, өзгелерінде уақытша тұқымбақтар жұмыс атқаруда. Мәселен, 2001-
2003 жылдар аралығында тұқымбақтарда көшеттер мен балашықтардың 4-5 түрі
болса, бүгінде ол көрсеткіш 25-тен асып отыр. 
Тұтынушы сұранысына ие, өтімді көшеттердің түрін көбейту
мақсатында тұқымбақтарда Павлодар, Ақмола облыстарынан қарағай,
Қырғызстаннан мәңгі жасыл шырша, қарағай, Алматы қаласындағы дендрарийден
көгілдір шырша балашықтары әкеліп отырғызылды. Сонымен қатар облыс
көлемінде 2005-2007 жылдары мемлекеттік “Жасыл ел” бағдарламасы бойынша
елді мекендерді көгалдандыруға 1 млн. түптен аса көшет босатылды. 
Ел Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы қаулысы бойынша 1 текше метр шырша
ағашы заңсыз кесілсе 7-ден 21-ге дейін айлық есептік көрсеткішпен
келтірілген залалды өтеу мөлшерленген. Дегенмен, орман атмосфералық ауа
қабатын реттеуші ғана емес, шикізат пен дәрі-дәрмек қоры екенін әсте
ұмытпаған ләзім. Орман кодексінің 62-бабының 6,7- тармақтарына сәйкес,
мемлекеттік орман қоры аумағында аң аулау мен балық аулау ережелерін
сақтауды қамтамасыз ету, биотехникалық шараларды жүргізу жұмыстары
атқарылуы керек. 
“Өрт – тілсіз жау” деп тегін айтылмаған. Өрттің шығу себептері
көбінесе шөп қалдықтарын, қоқыстарды қадағалаусыз өртеген шаруа
қожалықтарының жауапсыздықтарынан, демалушылар мен балық, аң аулаушылар мен
малшылардың жаққан оттарын сөндірмей кетулерінен дала өртіне айналып
жататынын да жасыруға болмайды. Осындай оралымсыздықтар өткен жылы Алакөл,
Еңбекшіқазақ, Ескелді аудандарында орын алды. Өрт қаупі туралы барлық шаруа
қожалықтарына ескертулер таратылуда. Сонымен қатар орман шаруашылығы
қызметкерлері елді мекендерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. 
Орман күтуші-қорықшылардың, орманшылардың бір-бірімен байланысы
жақсарып, өртті дер кезінде анықтау, тез арада сөндіру жұмыстары
жақсарғанын да ерекше айтқан жөн. Бұл іске деген жауапкершіліктің
артқанының дәлелі деуге болады.

Кесте1. Обыстағы жaсыл aймaқтapды енгізy қapқыны 
Көрсеткіштер 2008 2009 2010 2011
Жыл бoйындa 4500 4700 5100 5000
oтыpғызылғaн opмaн,
гa
Жaсыл aймaқтың ayмaғы10173,8 11357,4 13904,2 15723,4
бapлығы, гa

2. Республикамыздың орман қоры

Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат
баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен
бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9%
осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп
шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. Қазақстан - 2030
стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған. 
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын
алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. 
Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс
Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды. 
50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең
ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола,
Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс
тіркелді. 
Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі
тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі. 
Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері
көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы
біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.
Қазақстандағы орманның жалпы көлемі Қазорман шаруашылығының мәліметі
бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.
Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп
ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен
170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының
ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.
Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман
қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман
аурулары көбейіп барады.
Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан
туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға
байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің
жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды
жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең
алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің
реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде
сирек кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара
ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы
ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы
өрттен көп зардап шекті.
Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал және тозу
процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және
кесімді шараларды қаблдауды талап етеді.
1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының құқықтық
және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізуге
ынталандыруды белгілі шамада арттырды.
Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге
болады.
Бірінші топқа жататын ормандар 18,7 миллион гектарды алып жатыр.
Бұларға егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған
орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық
ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік
қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек
күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана
жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді
пайдалану мен өсірудің маңызы зор.
Қазақстан ормандарының басым көпшілігі – Тянь-Шаньнің таулы ормандары,
Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-
қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен
сексеуіл ормандары.
Екінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа
орманды жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге
сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан
Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады.
Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл
жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда
оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында – 1,5
миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне
барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар
болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде,
Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі.
Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты
ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады.
Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында – Тянь-Шань шыршасынан
тұратын таулы ормандар тұр.
Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері
бойынша Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу
қажет.

2. Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары

Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей
дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды
субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.

Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңт-тегi Алатау
өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай
тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы
басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы геогр.
белдемдiлiк заңына байланысты. Мыс., Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан
жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солт-тен оңт-ке қарай өзгеруi
көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып
жатқан оңт., оңт.-шығыс таулы алқаптарында — тiк белдемдiк (биiктiк
белдеулiк) заңына сәйкес болады.

Жазық алқап топырағы. Ауд. 235 млн. га. Қазақстанның жазық
аймақтарында солт-тен оңт-ке қарай мынадай топырақ белдемдерi кездеседi: 1)
республиканың қиыр солт-н орманды дала белдемi алып жатыр. Негiзiнен бұл
жерлер Батыс Сiбiр ойпатында орналасқандықтан жер бетi жазық, ойпатты,
сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен шайылған сiлтiсiзденген қара
топырағы тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы, негiзiнен жаздық бидай
егiледi. Қалған жерлерiн орман, шабындық пен жайылымдар алып жатыр. Ауд.
400 мың га; 2) осы белдемнен оңт-ке қарай даланың қара топырақты белдемi
(Жалпы Сырттан Ертiс өңiрi жазықтығына дейiн 2000 км-ге созылған) жалғасып
жатыр. Аум. 25,7 млн. га, оның 15 млн. га-сы жыртылған жерлер, негiзiнен
астық дақылдары егiледi. Қара топырақты белдем солт-тен оңт-ке қарай 2
белдем аралығына бөлiнедi: кәдiмгi қара топырақты белдем аралығы Батыс
Сiбiр ойпатының оңт-н Сарыарқа өңiрiнiң және Жайық биiк шығыс жазығының
солт. бөлiктерiн қамтып (енi 100 — 140 км-дей), батыстан шығысқа созылып
жатыр. Аум. 11,8 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы, негiзiнен астық
дақылдары егiлiп, еттi-сүттi мал өсiрiледi; оңтүстiктiк қара топырақты
белдем аралығы — кәдiмгi қара топырақты белдем аралығының оңт-н бойлап
батыстан шығысқа созылып жатыр, енi 50 — 125 км-дей, аум. 13,9 млн. га. Жер
бетi жазық, топырағы құнарлы. Бұл негiзiнен ылғалы жеткiлiктi, дәндi
дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбiр 7 — 9 жылда бiр-екi рет
қайталанады.

3) Республиканың оңт. бөлiгiндегi шөлдi белдемге дейiнгi орт.
аймақты құрғақ-далалы және шөлдi-далалы қара-қоңыр топырақты белдем алып
жатыр. Аум. 90,5 млн. га, яғни республика жерiнiң 33,2%-ы. Мұнда солт-тен
оңт-ке қарай 3 белдем аралығына бөлiнедi: күңгiрт қара-қоңыр топырақты
белдем аралығы — қоңыржай қуаң дала, мұнда жыл сайын егiннен тұрақты өнiм
алынбайды. Топырақтағы қара шiрiк мөлш. 3 — 4%-дай. Аум. 27,7 млн. га.
Топырақ құнары жап-жақсы болғанымен құрғақшылық әрбiр 3 — 4 жылда бiр
қайталанып болып тұрады. Соңғы 10 жылда бұл белдем аралығындағы жыртылған
жер көлемi оларды пайдаланудың тиiмсiздiгiнен, бұрынғы 10 млн. га-дан 3 — 4
млн. га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр топырақ орын алған алқаптың аум. 24,4
млн. га. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 2 — 3%. Құрғақшылық
кейде жыл сайын, кейде 2 жылда бiр рет қайталанады, сондықтан суарылмайтын
егiншiлiкпен айналысу тиiмсiз, ал суару үшiн тұрақты су көздерi жоқ. Тың
игеру кезiндегi асыра сiлтеушiлiкпен бұл белдем аралығында астық үшiн
игерiлген 4 — 5 млн. га жерге соңғы 10 — 12 жылда егiс егiлмейтiн болды,
тек аз ғана малазықтық жем-шөп егiлетiн жерлер қалдырылды. Мұнда соңғы
жылдары тек мал өсiрiледi; ашық қара-қоңыр топырақты белдем аралығы — өте
қуаң шөл (шөлейт) дала, негiзiнен мал ш-на жарамды. Аум. 38,4 млн. га.

4) Шөл дала белдемiнiң аум. 119,4 млн. га, немесе республика
аумағының 44%-ы. Мұнда 2 белдем аралығы бар. Қоңыр топырақты белдем аралығы
— шөлдi аймақ, оның жусаны мол, жайылымы жұтаң жерлер. Аум. 57,4 млн. га.
Жылдық жауын-шашын мөлш. 120 — 150 мм. Топырақтың беткi қабатындағы
қарашiрiк мөлш. 1 — 1,5%. Сұр қоңыр топырақты белдем аралығы шөлдi аймақ,
жусан мен эфемерлi өсiмдiктер басым. Аум. 61,8 млн. га. Жылына түсетiн
жауын-шашын мөлш. 80 — 130 мм. Топырақта қарашiрiк мөлш. 1%-дай. Алқапта
құмды, тақыр, сор жерлер жиi кездеседi. Бұл жерлерде мал ш. дамыған,
егiншiлiк суармалы жерлерде ғана шоғырланған.

Биiк таулы аймақтың топырағы республиканың оңт.-шығысын алып
жатыр. Аум. 37 млн. га, республика жерiнiң 14%-ын құрайды. Қазақстанда
топырағы мен климаты жағынан ерекшеленетiн 4 биiктiк белдеу бар: 1) тау
етегiндегi шөлдi-далалы белдеу теңiз деңгейiнен 450 — 750 м (кейбiр
аймақтарда 300 — 1000 м) биiктiкте орналасқан. Тянь-Шань тау етектерiнде
негiзiнен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегiнде сұр-қоңыр, Солт. Тянь-Шань мен
Алтай таулары етектерiнде ашық қара-қоңыр топырақ таралған. Бұл жерлерде
суармалы және тәлiмi егiншiлiк және мал ш. дамыған. 2) Аласа таулы дала
белдеуi — әр түрлi таулы аймақта 600 — 2200 м биiктiкте орналасқан алқап.
Алтай мен Солт. Тянь-Шаньда таудың күңгiрт қара-қоңыр және қара топырағы
таралған. Ал Бат. Тянь-Шаньда (Оңт. Қазақстанда) сұр қоңыр және таудың
қоңыр топырағы басым. Қарашiрiк мөлш. 10 — 15%-дай. Жайылымы — шүйгiн,
ағашы қалың алқап, мал ш. жақсы дамыған. 3) Орташа таулы орманды-далалы
және шалғынды-орманды белдеулерi әр түрлi таулы аймақтарды 1000 — 2500 м-ге
дейiнгi деңгейдi қамтиды. Негiзiнен таудың шайылған, сiлтiсiз қара
топырақтары мен орманның сұр топырақтары және таулы-шалғынды топырақ
тараған. Бат. Тянь-Шаньда таудың қоңыр, Алтайда күлгiн топырақтар түзiлген.
Жайылымы — шүйгiн, орман ш. жақсы дамыған. 4) Биiк таулы альпiлiк,
субальпiлiк шалғынды және қарлы-мұзды белдеулерi Батыс Тянь-Шань мен Алтай
аралығындағы биiк таулы аумақтардың 1800 — 3800 м кейде одан да биiк
деңгейлердi алып жатыр. Топырағы альпiлiк, субальпiлiк, шалғынды-шымды.
Көпшiлiк жерi топырақсыз тасты шыңдар мен мәңгi мұз, қар басқан шыңдардың
үлесiне тиедi. Шалғынды жерлерi — жазғы жайлау ретiнде пайдаланылады.

Өсiмдiктерi. Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2
мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы — саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы —
қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы — жоғары сатыдағы
түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы
түрлердiң 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр
байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден
аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық
түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн — эндемиктер.
Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон,
жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл,
птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан
флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы
құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ.
ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын
Akdalophyton caradocki пен қырықбуынға жататын — Sarituma tatjanae. Бұлар
шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.

Республикамыздың қазiргi флорасы эоцендiк субтропиктiк (36 — 58
млн. жыл бұрын), олигоцендiк орманды-мезофильдiк (26 — 35 млн. жыл),
неогендiк ежелгi жерортатеңiздiк таулы-ксерофиттiк, субтропиктiк-ксерофиттi
бұталық және миоцен-плиоцендiк алғашқы далалық (13 — 25 млн. жыл),
плейстоцендiк (2 млн. жыл) флоралардың негiзiнде қалыптасқан.

Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң
топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлi. Республиканың
осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биол., экол., эвол.
ерекшелiктерiне байланысты әр түрлiбiрлестiктер мен қауымдастықтарда
жүйеленген.

Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл
белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ — республика
жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, 54Әс.е-тен жоғары Көкшетау мен Петропавл
қ-ларының маңында орналасқан. Орман түзушi түрлер: жылауық қайың, талдың
бiрнеше түрлерi, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл
белдемнiң шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi шөптесiн
өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететiн қауымдастықтар
таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлiнедi: 1) оңтүстiк ылғалы аз қоңыржай
жылы орманды дала белдемi — сұр ормандық топырақта қайыңды-теректi, теректi
ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2)
қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемi — қайыңды-теректi шоқ
ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлi және астық тұқымдасты шөптесiн
өсiмдiктi далалық экожүйелер таралған.

Далалық аймақ елiмiздiң жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аум.
110,2 млн. га, батыстан (Едiл-Жайық өзендерi аралығынан) шығысқа қарай
(Алтай-Тарбағатай тау бөктерi) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның
құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-i — эндемиктер.
Негiзгi басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай,
аласа бадам. Далалық аймақ 3 белдемге бөлiнедi: 1) қоңыржай-құрғақ және
құрғақ дала; кәдiмгi және оңт. қара топырақтағы алуан түрлi шөптесiн —
бозды белдем; 2) қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем—күңгiрт қара-қоңыр
және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелi-бозды дала; 3) шөлейт құрғақ,
қоңыржай ыстық белдем — ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-бозды дала.
Шөлдi аймақ — жалпы аум. 124,6 млн. га. Өзiне тән өсiмдiк жамылғысы алуан
түрлi, 2500 — 2800 түр бар, олардың iшiнде 200 — 215 түрi — эндемиктер.
Шөлдi аймақ 5 белдемге ажыратылады: 1) солтүстiк далалы жердегi құрғақ,
қоңыржай-ыстық шөлдер — аум. 40 млн. га., немесе елiмiздiң жер аумағының
14,7%-ы. Өсiмдiк жамылғысы астық-тұқымдасты — жартылай бұталы (боз,
еркекшөптi-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгiн-раң-шағыржусан-
еркекшөптi) шөлдер тарайды; 2) орталық (солтүстiк тұрандық) өте құрғақ,
ыстық шөлдер — аум. 51,2 млн. га, немесе республика жерiнiң 18,9%-ын алып
жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изендi),
сексеуiлдi, бұталы (қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғысы дамыған; 3)
оңтүстiктегi өте құрғақ, ыстық шөлдер — аум. 30,3 млн. га, немесе
Қазақстанның 11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты — жартылай
бұталы (сұр-жусанды, эфемерлi), ал дөң және тiзбектелген аллювийлi — эолды
құмдарда бұталы-сексеуiлдi-эфемероидты (сексеуiл-қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк
жамылғылары тән; 4) тау етегiндегi құрғақ, өте ыстық шөлдер — аум. 3,2 млн.
га немесе Қазақстанның 1,2%-ы. Негiзiнен эфемероидты iрi шөптесiн-жартылай
бұталы өсiмдiктер өседi; 5) тау етегiндегi өте құрғақ шөлдер — аум. 11,6
млн. га, немесе республиканың 4,3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттiк
бұталы өсiмдiк жамылғысы тән.

Қазақстанның таулы экожүйелерiнiң аум. 18,6 млн. га, яғни
республика жерiнiң 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 — 5 биiктiк
белдеулi биiк таулар ғана. Таулы экожүйелердiң флорасын 3400 — 3600 түр
құрайды деп шамаланады. Оның iшiнде 540 — 570 түр эндемик болып табылады.
Тек Қаратаудың флорасында 165 — 170 эндемик түрлер бар. Олардың iшiнде,
шыршалы (шренктiк шырша, сiбiрлiк шырша); май қарағайлы, самырсынды
(сiбiрлiк самырсын, сiбiрлiк майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды;
алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрiктi (кәдiмгi өрiк), қайыңды-
теректi (түктi қайың, көк терек) — жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге
болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөрiқарақаттың (зеректiң), аршаның,
қылшаның, бетегенiң, сарыкүйiк қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның
табиғи флорасы — пайдалы өсiмдiктердiң қайнар көзi. Мұнда жем-шөптiк
өсiмдiктердiң 700-ден астам түрi, дәрiлiк өсiмдiктердiң 400-ге жуық,
әсемдiк-безендiрушiлiк 700 — 800, ширнелiк (300-ден астам), эфир-майлық
(450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсiмдiктер түрлерi бар.

Жануарлары. Қазақстан жерiнде сүтқоректiлердiң 180, құстың 500,
бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекендiлердiң 12, балықтың 104-ке жуық
түрi бар. Омыртқасыз жәндiктер шаян тәрiздiлер, ұлулар, құрттар, т.б.)
бұдан да көп. Тек жәндiктер түрлерiнiң өзi-ақ 30 мыңнан асады. Қазақстанның
солт-ндегi орманды дала белдемiнде бұлан, елiк, ақ қоян, сұр тышқан, су
егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекiлiк, көл айдындарын су құстары
— аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Едiл өз.
жағалауынан Алтай тауы бөктерiне дейiнгi астық тұқымдас шөп пен жусан,
бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйiрбас сұр тышқан,
кәдiмгi сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан — дуадақ, безгелдек,
жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседi.
Көктемнен күзге дейiн бұл жерлерде ақ бөкен үйiрлерi жайылады, олар қысқа
қарай шөлдi аймаққа ығысады.

Едәуiр бөлiгiн Жайық өз-нiң аңғарындағы орман алып жатқан далалық
белдемнiң батыс бөлiгiн бұлан, елiк жайлаған, мұнда еур. қара күзен,
жұпартышқан, орман сусары да кездеседi. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей
жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекендiлерден
Жайық, т.б. өзендердiң аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседi.
Мұнда бұлдырық, сұр кекiлiк, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман және саябақ шаруашылығын басқару
Орман қорларын қалпына келтірудің негізгі жолдары
Ақмола облысы, Маралзинская орманшылығы
Орман шаруашылығы
Шардара орман шаруашылығы мекемесінің орманды қалпына келтіру жұмыстарының көрсеткіші
Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқару жүйесі
Қазақстанның орман қорларын тиімді пайдалану мәселелері
Орман және орман-парк шаруашылығындағы жаңа техника мен технологияның ролі
Қазақстан Республикасында орман шаруашылығын басқару жүйесі туралы
Орман шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру
Пәндер