Өсімдіктің экологиялық топтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Биологиялық ырғақтар
ІІ.2. Тіршілік формаларының классификациясы
ІІ.3. Өсімдіктің экологиялық топтары
ІІ.3.1. Өсімдіктің ылғалға байланысты экологиялық топтары
ІІ.3.2.Өсімдіктің субстратқа байланысты экологиялықтоптары
ІІ.3.3.Өсімдіктің жарыққа байланысты экологиялық топтары
ІІ.4. Тіршілік нысандарының эволюциясы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Кез-келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз
байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер
бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері
тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір
организмнің өзіне ғана қолайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс.
Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі
мөлшерде қажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет,
екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем қажет емес зиянды болуы мүмкін.
Сонымен орта дегеніміз – организмнің өсіп - көбеюіне, тіршілігіне, дамуы
мен таралуына тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта
компонентерінің жиынтығы. Ал, организмге қажетті жағдайлар деп – тек сол
организм үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтады
Экологиялық факторлар дегеніміз – организм үшін қажетті немесе теріс
әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық
факторлардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Мәселен: ащы суда тіршілік
ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал
тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.
Факторлар үшін негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық
жәнеантропикалық.
а) Абиотикалық факторлар дегеніміз – организмдерге әсер ететін
бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар – химиялық және физикалық деп
бөлінеді.
б) Биотикалық факторлар дегеніміз – тірі организмдердің бір – біріне
және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі.
в) Антропикалық факторлар дегеніміз – айнала қоршаған ортаға тигізетін
адам баласы іс - әрекетінің тікелей немесе жанама әсері.

ІІ. НЕГІГІ БӨЛІМ.
ІІ.1. Биологиялық ырғақтар
Биологиялық  ырғақ – бұл организмнің тіршілігінде, өсіп-дамуында, ағза
жүйелерінің қызметінде, зат алмасуында, олардың үнемі белгілі бір уақытта
маусымда асқындап және баяулап отыратын табиғи құбылысы. Ол организмді
қоршаған ортанын маусымдық өзгерістеріне бейімделуін қамтамасыз етеді.
Биоырғақтар кезең, амплитуда, фаза, орташа денгей, профиль сияқты
параметрлермен сипатталады.
 Табиғатына байланысты биоырғақтар: эндогенді – тірі организмнің өзінде
кенеттен туатын және экзогенді – сырттан кезеңдік әсерлер тудыратын деп екі
топқа бөлінеді. Эндогенді биоырғақтар кері байланыс арқылы  ұсталып тұрады.
Қандай биологиялық деңгейде тұйықталуына байланысты биоырғақты жасуша,
ағза, организм биоырғағы және т.б. деп айырады.  Орындайтын қызметіне
байланысты эндогендік биоырғақтарды мынадай топтарға  бµледі:
1. физиологиялық ырғақтар – жеке жүй        елердегі жұмыс циклі (тыныс
алу, жүректің соғуы)
2. экологиялық немесе бейімділік ырғақтар – қоршаған орта кезеңдігіне
организмнің бейімделуін жүзеге асырады. Физилогиялық биоырғақтың периоды
өте ауқымды шектерде өзгеруі мүмкін. Экологиялық ырғақтың периоды,
керісінше салыстармалы тұрақты, генетикалық бекіген. Экологиялық ырғақтар
табиғи жағдайда қоршаған ортаның маусымдық кезеңдерімен байланысқан. Олар
биологиялық сағат қызметін атқарады.
Биологиялық ырғақтарды организмнің бейімделушілік қабілеті мен шама
критериі ретінде қолдануға болады. Жүрек ырғағын математикалық анализдеу
әдісін организмнің функционалдық жағдайына болжау жасау және бағалау үшін
қолданады. Кардиоинтервалдардың таралу параметрлер қисығы вегетативтік нерв
жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің белсенділік
мөлшерін сипаттайды.
Тірі табиғаттың өзіндік ерекше қасиеттерінің бірі ондағы өтетін
жағдайлардың қайталануында.Жер бетіндегі барлық өмір ,жасушадан бастап
биосфераға дейін,белгілі бір ырғаққа бағынады. Табиғаттағы ағзада өтетін
билогиялық ырғақтар мына түрлерге бөлінеді:
Сыртқы (экзогенді) – қоршаған ортадағы  өзгерістердің қайталануы және
ішкі (эндогенді) – ағзаның  өз өмір әрекетіне байланысты.
       Сыртқы ырғақтар Жердің өз осінен айналуына қарай Күн мен Айға
байланысты. Осыған байланысты остен айналуда өзгереді: жарық режимі,
температура, қысым және ауаның ылғалдылығы, атмосфералық қысым,
электромагнитік кеңістік, теңіздің  қайта толуы мен азаюы.
       Ағзадағы барлық ішкі ырғақтар бір-бірімен байланысты, бір жүйеге
кіріктірілген және ақырында ағзаның жағдайына байланысты ауыспалы болып
келеді. Ағза өзінің физиологиялық фунциясын атқара отырып, уақыт өздырады.
Сондықтан да уақыт – тірі ағзаға әсер етуші экологиялық факторлардың ең
негізгі элементі болып саналады.
Фотопериодизм
Фотосинтез (Фото... және синтез) – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің,
балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік
пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым
қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің
тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез
нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 00 млрд т-дан астам
органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері
түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бқледі.
Фотосинтезді алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж.Сенебье, Н.Соссюр
және неміс химигі Ю.Майер болды.
ІІ.2. Тіршілік формаларының классификациясы.
        Тірі ағзалардың, соның ішінде, жан-жануарлар мен өсімдіктердің
сыртқы қоршаған ортасына бейімделуіне морфологиялық адаптацияның атқарар
ролі ерекше, яғни, ондай ерекшелікке өмір сүрген ету ортасындағы  тіршілік
үшін күресудегі және  тіршілік іс - әрекетін ұтымды жалғастыруда өте қажет
болып табылатын сыртқы құрылысы жатады.
Өсімдіктердің тіршілік формасының классификациясы (Раункиер бойынша).
        1. Фанерофиттер - өсімдіктің жер үстіндегі топырақтан жоғарығы
бүршіктерінің жаңаруы (30 см –ден жоғары).
        2.Хамериттер – топырақ үстінен 20-30 см-ден жоғары  бүршіктердің
жаңаруы.
        3.Гемакриптофиттер – топырақ үстіндегі бүршіктердің жаңаруы немесе
топырақтың дәл үстіндегі бүршіктердің  жаңаруы. Көбінесе олар өсімдік
астына орналасады.
      4. Криптофиттер – топырақтың ішіндегі (геофиттер)  немесе су ішіндегі
гелофиттер мен гидрофиттер) бүршіктердің жаңаруы.
      5.Тероафиттер – жылдың  өсуге  қолайсыз кезеңінен кейінгі тұқымнан
шығып жаңару.
      Жануарлардың тіршілік формаларының классификациясы (сүтқоректілер)
(Формозов А.Н. бойынша).
       1.Жерүсті формалары.
       2.Жерасты (жер қазушылар).
       3.Ағашта өмір сүретіндер.
       4.Ауада тіршілік етушілер.
       5.Суда тіршілік етушілер.
       Бұлардан басқа да классификациялары бар.
       Биотикалық қатынастар.
       Тірі ағзалардың  бір – біріне  әсер етуші іс - әрекеттерінің 
қосындысын ортаның биотикалық факторлары деп атайды. Ағзаны қоршап тұрған 
тірі  денелердің барлығы оның  биотикалық ортасын құрады.
        Биотикалық қатынастардың екі үлкен топтарын бөлуге болады:
       1.Түрішілік.                                             
2.Түраралық.
       Топтық әсер.                                             Аменсализм.
        Массалық әсер.                                       Ком менсализм.
        Түрішілік бәсеке.                                     Түраралық
бәсеке.
       Бірлестік                                                    
Мутуализм (симбиоз)
       Коннибаллизм                                           Нейтрализм
        Жыртқыш – жәбирленуші түріндегі бірлестік
        Паразит – қожа түріндегі қатынастар
  
ІІ.3. Өсімдіктердің экологиялық топтары
Сыртқы орта тірі организмдерге және олардың бірлестігіне әсер
етушілердің жиындығынан тұрады. Тірі организмдер мен оларды қоршап тұрған
орта арасындағы өзара әсер және организмдердің үнемі меңгеріп отыратын
тіршілік жағдайларына бейімделуі жалпы жер бетіндегі тіршілікті қамтамасыз
етеді. Осындай өзара әсерді зерттеу экологияның негізгі міндетіне жатады.
Тіршілік формасы немесе биоморфа (грекше биос өмір; морфе форма)
деп, өсімдіктердің онтогенезінде белгілі бір экологиялық жағдайда пайда
болатын және негізгі бейімделу белгілері жиынтығынан көрсететін  өзіндік
сыртқы бейнесін (габитус) айтады.
ІІ.3.1. Өсімдіктердің ылғалға байланысты
экологиялық топтары
Ылғалға байланысты өсімдіктердің мынадай негізгі топтарын ажыратады:
1.Ксерофиттер (грекше ксерос - құрғақ; фитон - өсімдік) – топырақтағы
және ауадағы ылғалдың тұрақты немесе уақытша жетіспеуіне бейімделген
өсімдіктер. 2. Мезофиттер (мезос - ортанша) – орташа ылғалдық жағдайында
тіршілік ететін өсімдіктер. 3. Гигрофиттер (грекше гигра - ылғал) –
көбінесе атмосфералық ылғал мол  жерде тіршілік ететін өсімдіктер. 4.
Гидрофиттер (грекше гидро - су) – суда өсуге бейімделген өсімдіктер.
Гидрофиттер суда жартылай батып тұрады, сондықтан денесінің жартысы су
астында, жоғарғы бөлігі су бетінде қалқып өседі. 5. Толығынан суға батып
тіршілік ететін өсімдіктерді гидатофиттер (грекше гидатос - су) деп
атайды.
Гидатофиттер – су өсімдіктері. Бұларға балдырлар, сужапырақ (элодея),
валиснерия, көптеген шыландар, егеушөп, мүйіз-жапырақ, тұңғиық, сары
тұңғиық, дүңгіршек т.б. өсімдіктер жатады. Бұлардың бірсыпырасы су түбіне
бекініп (тұңғиық), біразы су қабаттарында (балдыршөп, сукөрік) бос
жүреді.Гидатофиттердің тіршілік ортасында байланысты құрылымында өзіндік
ерекшеліктер бар. Жапырақтары жұқа. Мысалы, сужапырақ клеткаларының екі
қабатынан ғана тұрады. Су асты жапырақтары көбінесе жіп тәрізді бөлшектеніп
кеткен. Бұл ауа алмасуды жеңілдетеді, суда еріген оттегі өте аз. Су
өсімдіктеріне жарық жетіспейді, өйткені жарық сәулелерінің бір бөлігі ғана
сіңеді де, біразы су бетінен шағылысып кетеді. Сондықтан оларға көлеңке
сүйгіш өсімдіктердің ерекшеліктері тән.
Эпидермасының үстіңгі бетінде кутикуласы болмайды, болғанымен өте жұқа,
судың енуіне кедергі жасамайды. Сондықтан судан шығарылған су өсімдіктері
бірнеше минут ішінде солып қалады.
Су ауаға қарағанда едәуір тығыз, сол себептен өзіне батқан өсімдіктерді
ұстап тұрады. Соның нәтижесінде су өсімдіктеріне механикалық ұлпаның аса
қажеті болмайды. Сонымен қатар ауа тапшылығына бейімделу нәтижесінде су
өсімдіктерінде ауаға толы көптеген  жасушааралық қуыстар, аэренхималыр
пайда болады. Жасушааралық қуыстар өсімдіктердің суда жүзіп жүруін және ауа
алмасуын қамтамасыз етеді. Күндіз фотосинтез нәтижесінде оларға оттегі
толады. Оттегі қараңғы түскенде ұлпалардың дем алуына жұмсалады. Тыныстану
кезінде бөлінген көмірқышқыл  газы жасуша аралықтарында жиналып, күндіз
фотосинтезге жұмсалады. Сол сияқты бұларда түтікшелер нашар жетілген немесе
болмайды, өйткені өсімдіктер суды бүкіл денесінің бетімен қабылдайды.
Гидрофиттер - әдетте су қоймаларының жағалауында өседі (жебежапырақ,
қара өлеңшөп, қамыс, қорыс қырықбуыны, көптеген қияқөлендер). Су
қоймаларының түбіне көптеген қосалқы тамырлары тамырсабақтарымен бекінеді
де, су бетіне жапырақтары немесе өркендері шығып тұрады.
Гидрофиттердің барлық мүшелерінде суға батып тұрған бөліктерін
оттегімен қамтамасыз ететін жасушааралық қуыстары жақсы жетілген.  Көптеген
гидрофиттерде пішіні және құрылымы дамып жетілген орта жағдайына байланысты
әр түрлі жапырақтар пайда болған. Мысалы, жебежапырақты алатын болсақ, оның
су бетінен жоғары көтеріліп түрған жапырағының сағағы мықты, жапырақ
тақтасы тығыз, пішіні жебе тәрізді, мезофилінде бағаналы ұлпа жақсы
жетілген; жапырақ сағағында, сол сияқты тақтасында да жасушааралық қуыстары
бар.
Суға батып тұрған жапырақтары үзыншақ, нәзік таспа тәрізді, жапырақ
тақтасы мен сағағына жіктелмеген. Ішкі құрылымы нағыз гидрофиттердің
жапырақтарына ұқсас.
Гигрофиттер – ылғалды ормандар, мен өзен аңғарларының батпақты
шалғындардың өсімдіктері. Өсіп тұрған ортасында ауа ылғалы жоғары
болғандықтан, бұларда судың булануы баяу жүреді немесе буланбайды, мұның
нәтижесінде жоғарғы ағыс жолымен минералдық заттардың қозғалуы баяулайды.
Басым көпшілігінің жапырағы жұқа, жалаңаш (түксіз), кутикуласы жұқа,
лептесіктері жабылмайды жапырақтың екі бетінде де орналасады. Орталық
цилиндрі нашар жетілген, түтікшелері аз, тамыр жүйесі бетіне жақын
орналасқан және аз бұтақтанған. Гидрофиттерге көптеген аройниктер,
көкбұталар, кейбір бегониялар жатады. Қоңыржай аймақтың гигрофиттеріне
баймана, шытырлақ, батпақ қызылбояуы жатады. Мәдени өсімдіктерден күрішті
атауға болады.
Мезофиттер – орташа ылғалды ортада тіршілік ететін өсімдіктер. Бұған
қоңыржай аймақтың жапырағын түсіретін ағаштары мен бұталары: шалғын және
орман шөптесін өсімдіктердің басым көпшілігі (қызылбас беде, шалғын
атқонағы, меруертгүл), егістік дақылдардан -– бидайдың басым көпшілігі,
жүгері, сұлы, асбұршақ, қытайбұршақ, қант қызылшасы, кенепшөп, бадам,
жүзім, жемістік дақылдардың пыстадан басқасының бәрі; көкөніс дақылдарының
көпшілігі: сәбіз, қызанақ, қырыққабат т.б. жатады.
Ксерофиттер – ылғал тұрақты немесе уақтылы жетіспейтін ортада өсетін
өсімдіктер. Олар су  теңдестігін (балансын) әр түрлі бейімделу арқылы
реттейді. Морфологиялық құрылысы жағынан ксерофиттер алуан түрлі. Бұған әр
түрлі тіршілік формалары жатады. Мысалы, сабақтары мен жапырақтарында су
қорын сақтайты суккуленттер (кактустер, агава), сол сияқты жапырақтардың әр
түрлі дәрежеде редукциялануы (дрок, қылша). Бейімделу белгілеріне жапырақ
тақтасының көлемін кішірейту (жусандар), жапырақтың тікенекке айналуы
(жантақ), жапырақ тақтасының түтікше тәрізді ширатылуы (қау), қалың
түктермен жабылуы (аюқұлақ) сияқты буландыруды азайтатын, өсімдікті қызып
кетуден сақтайтын белгілер жатады. Ксерофиттердің құрғақшылыққа бейімделу
белгілері (ксероморфты) анатомиялық  құрылысында да анық байқалады. Олардың
эпидермасын сырт жағынан қалың кутикула қабаты жауып, ол қабат тереңдеп
лептесік саңлауына дейін жетеді. Эпидерманың сыртына балауыз бөлініп,
қабыршақ және таяқша тәрізді пішінге ие болады. Кейбір пальмалардың
өркенінің сыртына бөлінген балауыздың қалыңдығы 5-мм-ге жетеді.
Ксерофиттердің лептесігі крипта (латышна Crupta – төле) деп аталатын
тереңдікте, шұңқырда орналасады және олардың қабырғаларының кескін үйлесімі
күрделі болып келеді. Ксерофиттердің екі тобын ажыратады: склерофиттер
(грекше склерос - қатты) және суккуленттер (латынша суккулентус -
шырынды).
Склерофиттер құрғақ, қатты келеді, олар су мол болатын  мерзімде де
(көктемде) бойына су қорын жинамайды, денесіндегі  ылғалды 25 %-ке дейін
жоғарлатудан зиян шекпейтін ксероморфты құрылымды өсімдіктер.
Склерофиттердің жұлып алынған өркендері солмай ұзақ сақталады. Тамыр жүйесі
жақсы жетілген. Склерофиттерге жоғарыда айтылған ксероморфтық
ерекшеліктеріне қосымша, жасуша шырынының осмостық қысымының жоғары болуы
және жапырақтарында, сабақтарында механикалық ұлпаның (склеренхима) жақсы
жетілуі тән. Склеренхима өткізгіш шоқтарының құрамында ғана емес,
эпидермаға жанаса жатқан қабаттар түзеді. Склерофиттерге жүзгін, сексеуіл
және тағы сол сияқты шөл, шөлейтті, құрғақ дала өсімдіктері жатады.
Суккуленттер керісінше, ет-женді өсімдіктер.
ІІ.3.2. Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары
Өсімдік пен топырақ тығыз қарым-қатынаста болады. Өйткені топырақ -
өсімдіктердің бекіну ортасы, сол сияқты органикалық қосылыстарды синтездеу
үшін қажетті су мен минералдық заттардың негізгі көзі. Өсімдіктердің
тіршілігі үшін топырақтың химиялық құрамы, физикалық қасиеті, құрылымы,
ылғалдылығы және тағы басқа ерекшеліктерінің маңызы зор. Өсімдіктердің
топырақтағы қоректік заттарды қабылдау қабілеті әр түрлі. Осыған байланысты
өсімдіктерді шартты түрде эвтрофты, мезотрофты және  олиготрофты деп үшке
бөледі.
Эвтрофты өсімдіктердің топырақ құнарлығына талабы өте жоғары (дала,
орманды далада, жалпақ жапырақты орман өсідіктері).
Олиготрофты (грекше олигос - аз, троф - қорек) өсімдіктер қоректік
затқа кедей топырақта өсе алады. Бұған құрғақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршілік формалар туралы ғылым
Шардара су қоймасының маңызы
Өсімдіктердің тіршілік формаларының жүйесі
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы туралы
Жобадан күтілетін нәтижелер
Темекі өсімдігін модель есебінде IN VITRO және IN VIVO микроэлементтерді жағдайында өсіргенде қолдану технологиясы және оның экологиялық маңызы
Сезімтал өсімдіктер
Ауыл шаруашылық химикаттарының топырақ микрофаунасына экологиялық әсері
Өсімдік ауруларының жіктелуі
Мал азықтарының топтары
Пәндер