Сөздіктің түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе.

I-тарау.
1.1. Сөздік туралы түсінік

II-тарау. Сөздіктің түрлері
2.1. Түсіндірмелі сөздік
2.2. Этимологиялық сөздік
2.3. Фразеологиялық сөздік
2.4. Диалектологиялық сөздік
2.5. Терминологиялық сөздік

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі қазақ тілі лексикасын меңгеру үшін қазақ тілінің сөздік
құрамындағы сөздерді зерттеп, олардың стильдік айырмашылықтарын білу
керек.Ол үшін қазақ тілінің сөздіктерімен пайдалана білу қажет. Сондықтан
ең алдымен сөздік деген не екенін, олардың қандай-қандай түрлері болатынын
ашу керек.
Сөздік деген термин — басында бір-ақ мағыналы атау болғанымен, қазір
түрлі мәнді, кең мағыналы сөз. Бұл жалпы мағынада сөздік қор деген ұғымды
да түгел қамтиды. Мұны көне түркі тілдерінде лүғат деп те атаған.
Сөйтіп, сөздік дегеніміз — белгілі бір тілдің сөздік құрамындағы жалпы
я белгілі бір саладағы жеке сөздердің алфавиттік тәртіппен тізіліп, жүйеге
түскен түрі.
Сөздік кітап болып, басылып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп, тарауы да
мүмкін. Мұндай сөздіктердің жинақты аты — лексикография деп алынады.
Лексикография грекше -жазамын деген екі сөздей жасалған. Мұның
мағынасы бір тілдегі сөздерді жинап, құрастырып, жүйеге (системаға)
келтіріп, сөздік етіп шығару деген боладыі Қазіргі күнде бүл термин бір
тілдің түрлі сөздіктерінің жалйы жинағы деген ұғымда қолданылады. Ерте
кездегі әдебиетте мүны кейде глоссарий деп атаған (тарихи-ғылыми
әдебиеттерде кездеседі). Глосарий деген сөздің мәні — қиын сөздердің
комментариялы тізімі деген мағынаны білдіреді, сондықтан оны — көнеріп,
сирек кездесетін сөздердің түсіндірмесі деген дұрыс, өйткені оған жалпы
халықтық сөздердің көбі енбейді, көлемі шағын, сан жағынан аз, көбінесе
көнеленген текстерді түсіндіруге ғана арналған шолақ көмекші құрал болған. 
Жұмыстың құралы: тілдегі әртүрлі сөздіктер.
Бұл курстық жұмыс ағылшын тіліндегі, осы жұмыстың мақсаты сөздік
ұғымының мәнін ашып, оның түрлерін анықтау болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін қойылатын келесідей тапсырмалар қойылды :
тілдегі сөздіктерді және сөздіктің түрлерін анықтау.
Зерттеудің әдістері: берілген тапсымаларды шешу үшін салыстырмалы әдіс
қолданылды.
Зерттеу материалдары ретінде сөздіктер туралы әр түрлі оқулықтар
қолданылған, олардың тізімі жұмыстың соңында келтірілген.
Теориялық мәні өзектілігімен анықталады. Зерттеу нәтижесі және
жұмыстың теориялық күйі басқа зерттеулерде қолданылуы мүмкін.
Практикалық құндылығы сөздіктерсіз сөздің мағынасын, мәнін түсіну
мүмкін емес. Бұл сөздіктер арқылы әртүрлі көркем әдебиеттерде кездесетін
сан алуан сөздердің мағынасын түсінуге болады.
Курстық жұмыстың зерттелу объектісі сөздіктердің түрлері болып
табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Сөздік туралы түсінік
Қазіргі қазақ тілі лексикасын меңгеру үшін қазақ тілінің сөздік
құрамындағы сөздерді зерттеп, олардың стильдік айырмашылықтарын білу
керек.Ол үшін қазақ тілінің сөздіктерімен пайдалана білу қажет. Сондықтан
ең алдымен сөздік деген не екенін, олардың қандай-қандай түрлері болатынын
ашу керек.
Сөздік деген термин — басында бір-ақ мағыналы атау болғанымен, қазір
түрлі мәнді, кең мағыналы сөз. Бұл жалпы мағынада сөздік қор деген ұғымды
да түгел қамтиды. Мұны көне түркі тілдерінде лүғат деп те атаған. Cөйтіп,
сөздікке төмендегідей анықтама беруге болады:
1. жеке тілдің сөздік құрамының, әлеуметтік топ диалектісінің, жазушы
шығармаларының лексикалық жиынтығы;
2. тілдегі сөздерді, сөз тіркестерін, идиомдарды әліпби негізінде я
тақырыптық тұрғыдан жүйеге түсіріп, олардың мағынасын ашатын,
аудармасын түсіндіретін анықтамалық құралмасы; сөздік кітап болып,
басылып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп, тарауы да мүмкін.
Алғашқы сөздік өзге тілдер сөздерін түсіндіру мақсатында ерте заманда
жасалды. Грекияда б.з.б. 5 ғасырда, Үндістанда б.з. 12
ғасырнда (“Хемачандра”),Ресейде 13 ғасырдан бастап сөздіктер құрастырылды.
Түркі халықтарының алғашқы сөздікі 11 ғасырда жазылған Махмұт
Қашқаридың “Диуани лұғат-ит-түрк” еңбегі саналады. Кейінірек екі тілді
немесе көп тілді сөздіктер жасалды. Мысалы, араб-парсы, түрік-моңғол
сөздерін салыстыру тұрғысынанЗамахшаридың “Мұқаддимат әл-адаб” сөздігі (12
ғасыр), Әбу Хайянның “Китаб әл-идрак Ли-Лисан әл-атрак” атты қыпшақ тілінің
грамматикасы мен ²耀здерінің жинағы (14 ғасыр), Жамал әд-Диннің араб-қыпшақ
сөздігі ретінде құрастырылған “Бұғат әл-мұштақ” (15 ғасыр) еңбектері. Қазақ
тілінің сөздіктері1860 жылдардан бастап жарық көре бастады. Сөздіктің
әлеуметтік қызметінің маңызы ерекше: дереккөзі ретінде жылдам ақпарат алуға
болады; сөздердің мағынасы мен дұрыс қолданылуы туралы нормативтік бағыт
береді, т.б. Сөздік жасаудың әдісін, теориясы мен тәжірибесін,
технологиясын лексикография саласы зерттейді.

2. Сөздіктің түрлері

Сөздіктердің түрлері өте көп, шартты түрде
оларды лингвистиқалық, филологиялық  және анықтама сипатындағы
энциклопедиялық Сөздіктер деп бөледі. Энциклопедиялық сөздіктерде белгілі
бір салаға қатысты ұғым, дерек, зат, құбылыстар сипатталса, лингвистикалық
сөздіктер әліпбилік тәртіппен белгілі бір тілдің лексикасы мен
фразеологиясын түсіндіруді мақсат тұтады. Мұндай сөздіктер әдеби тілдің
әбден қалыптасып, халықтың тіл мәдениеті кемелденген тұста, сөз байлығын
нормалық тұрғыдан сипаттау қажеттілігі туындаған жағдайда
жасалады. Лингвистикалық сөздіктердің бірнеше түрлері бар: екі тілді не көп
тілді аударма сөздіктер, т.б. Аударма сөздіктер бір тілдегі сөздерді басқа
тілдің балама сөздерімен беріп, ұлттар арасында сөз алмасу үрдісін, өзара
қарым-қатынас жасауды дамытса, түсіндірме сөздіктер сөздердің лексика-
грамматикалық сипатын, экспрессивті-эмоционалды бояуын танытып, маңызды
ақпараттық дереккөзін сақтаған рухани қазына ретінде қабылданады.
Көп елдерде ұлттық тілдің түсіндірме сөздіктерін жасау мемлекеттің тіл
саясатының негізгі бөлігі ретінде арнайы мемлекеттік бағдарламаларға
енеді. Синонимдер сөздігі сөздің экспрессивті-стилистикикалық реңі мен
мағынасын сол сөзге мағынасы жағынан жуық келетін басқа бір сөзбен
түсіндіріп, синонимдік шоғыр жиынтығын құрайды. Омонимдер сөздік тұлғасы
бір, мағыналары әр түрлі сөздерді, ал антонимдер сөздігі мағыналары қарама-
қарсы сөздерді қамтиды. Фразеологиялық сөздіктер тілдегі тұрақты
тіркестердің (идиомдар, фразеологизмдер) мағынасын түсіндіріп,
стилистикалық сипатын айқындайды. Этимологиялық сөздіктер жеке сөздердің
тарихын, шығу төркінін ашады. Орфографиялық сөздік сөздердің дұрыс
жазылуын, ал орфоэпиялық сөздік дұрыс айтылуын көрсетеді. Терминологиялық
сөздіктер жеке ғылым салаларына байланысты терминдерді түсіндіреді, олардың
түрлері кәсіп салаларына қарай ұдайы толығып отырады.
Лингвоелтану сөздігі белгілі бір тілде сөйлеушілердің ұлттық
ерекшеліктерін сипаттайды. Топонимикалық сөздіктер жер-су аттарын
түсіндіруге, қаламгер тілінің сөздігі оның шығармаларының көркемдігін,
ұлттық тіл байлығын қолдану ерекшелігін тануға арналған. Мұнан басқа да
диалектологиялық, ономастикалық, паронимдік, жиілік, жаңа атаулар, т.б.
сөздік түрлері бар. Техниканың дамуына байланысты сөздік түзудің
компьютерлік технологиясы жасала бастады. Компакт-дискімен таратылатын
немесе компьютерлік жүйенің серверлерінде орналастырылған түрлі электрондық
сөздіктер бар.

2.1. Түсіндірмелі сөздік

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі – қазақ тіліндегі сөздердің мәнін
ұғындыратын лұғаттық, анықтамалық құрал. Тіліміздің лексика-
граммататикалық, мағыналық, стильдік үлгілерін көрсетеді. Сөздік екі рет
жарық көрген: 1) екі томдық түсіндірме сөздік (1959 – 61, жалпы редакциясын
басқарған – академик І. Кеңесбаев). Мұнда 18135 сөз, 3371 фразеологиялық
тіркес қамтылған; 2) он томдық академиялық сөздік (1974 – 86, жалпы
редакциясын басқарған – А. Ысқақов). Мұнда 66 мың 994 атау сөз, 24 мың 508
фраезологиялық тіркес қамтылған, барлығы 91 мың 502 лексикалық бірлік
алынып, оларға 103 мың 708 мағыналық сипаттама берілген. Сөздердің қазақ
тілінің бүгінгі қолданысында бар екендігін дәлелдеу үшін 1089 автордың 2597
кітабынан, 180 жеке кітап пен жинақтан, 12 аударма әдебиеттен, 17
оқулықтан, 14 журнал мен 7 газеттен – барлығы 2827 жазба нұсқадан жалпы
саны 250 мыңға жуық мысал-үзінділер келтірілген. Сөздерді дұрыс таңдау,
оларды орфография бойынша дұрыс жазу, әрбір атау сөздің қай тілден
ауысқандығын, қай сөз табына қатысты екендігін, қай стилдік тармаққа
жататындығын білдіру барысында түрлі лексикогр. шартты белгілер қою және
мағыналары мен мағыналық реңктерін дәл ашып, айқын түсінік беру арқылы
орындалғандықтан, Қазақ тілі түсндірме сөздігі сөздерді дұрыс қолданудың
анықтамалығы ретінде де маңызды рөл атқарады.
Мысалы, акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес
қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-
ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
Ақша – барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама
айрықша тауар.
Ақша бірлігі –барлйқ тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін,
заңды түрде бекітілген ақша белгісі.
Акционерлік қоғам – жарғылық қоры акционерлердің арасында таратылғанн
акциалардың белгілі бір санына бөлінген заңи тұлға, акциялардың саны
олардың пайдадан өзінің үлесін (дивиденттер) алу құқығын куәландырады.
Акциздер – акцизделетін тауарларға және қызметтің акцизделетін
түрлеріне салынатын, олардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін
жанама салықтардың түрі.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында
дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Облигация - оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын
және эмитенттің осы қаражат сомасы ( номиналдық құны ) мен пайызды қайтарып
беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.
Овердрафт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік
қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несие.
Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несиенің түрі.

Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша бойынша өтелетін қысқа
мерзімді несие.
Банкнота – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы
ақша бірлігі.
Банкаралық несие – бұл комерциялық банктердің бір-біріне беретін
несиелері.
Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын
нарық. Бағалы қағаздар нарығы (банктер, арнаулы несие институттары мен қор
биржалары) арқылы кәсіпорындардың, банктердің , мемлекеттің және жеке
адамдардың қорланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдардың өндірістік және
өндірістік емес жұмсалымына салынады.
Банкроттық – қаржылық күйреу, жұтау , жоспардың күйреуі.
Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқық беретін ақша немесе
тауар құжаттары ; мүліктік құқықты куәландарыратын белгілі бір жазбалар мен
басқада белгілердің жиынтығы. Бағалы қағадарға акциялар, облигациялар және
бағалы қағаздардың заңнамалық актілерімен айқындалған өзге де түрлері
жатады.
Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел
мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері
және төлем құралы.
Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша
бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Жай вексель – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі
бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш
нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Қағаз ақшалар – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және
металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгіленген өзіндік номиналы
бар құнының белгілері.
Қаржылық вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын
қарыздық міндеттеме.
Коммерциялық банк – бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын
немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге
асыратын ақша-несие институты.
Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы
келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін
төлемді жасауға не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
берілетін ссудалық капитал қозғаласы.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып
алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге берілуімен байланысты пайда
болған ақшалар.
Депозит – бұл клиенттердің ( жеке және заңды тұлғалардың) банктегі
белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Дивиденттер – акциялар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СӨЗДІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сөздік құрастырудың техникасы
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс
Электронды сөздік және қағаз сөздіктердің салыстырмалы мінездемесі
Қазақ тілінің лексикографиясының типтері
Идеографиялық оқу сөздігінің тілдік жүйені меңгертудегі орны
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылым негіздері
Шет тілдер сөздерінің сөздігі
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
Пәндер