Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сумен қамтамасыз ету және оны пайдалану
2. Су ресурстарын негізгі ластаушы көздері.
3. Су ресурстарының химиялық ластануы туралы түсінік.
4. Қазақстан Республикасының су ресурстары.
5. Қазақстан Республикасының су ресурстарының химиялық ластануы және
экологиялық проблемалары.
ІІІ. Практикалық бөлім
6. Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі. Суды хлорлау.
ҮІ. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Гидросфера – ғаламшарымыздың су қабаты, оны мұхиттар мен теңіздер,
құрлық суы – өзендер, көлдер, жасанды су қоймалары, мұздықтар, литосфераның
жоғарғы бөлігіне сіңетін ыза суы және атмосферадағы ылғал құрайды. Су –
түсі, иісі, дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, үстіңгі кернеуі өте
жоғары, айқын капилярлық (жіңішке түтік пен сұйық заттың жоғары көтерілуі)
қасиеті бар. Осы қасиеті топырақтағы су ерітінділерін өсімдіктер бойынша
сорып алып күн көруі үшін өте қолайлы.
Жер бетінің ауданы 510 млн. км2 –ге тең. Бұл ауданның 361 млн. км2 –
ін немесе 71% бөлігін әлемдік мұхит алып жатыр. Ал құрылықтардың үлесіне
149 млн. км2 аудан немесе планетамыздың 29% бөлігі тиесілі. Жер бетіндегі
судың жалпы қоры шамамен 1386 млн. км2 –ге тең. Өзен арналарындағы су қоры
2120 км3-ге тең, тұщы көлдердегі су -91 мың. км3. Тұщы жер асты суларының
қоры 10,5 млн.км3 мөлшерінде деп есептелсе, тұщы сулардың жалпы қоры-3,5
млн.км3 немесе гидросфера көлемінің 2,53% -ін құрайды. Егер біз тұщы судың
негізгі массасын мұздықтарда жиналғаның есептесек, онда адам қажетіне
жұмсалатын таза тұщы судың көлемі күрт азаяды және ол гидросфераның тек
қана 0,80% құрайды.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Су ресурстарының химиялық ластануы жайлы мәлімет беру;
Қазақстан Республикасының су ресурстарының химиялық ластануы және
экологиялық проблемалары мәселесін қарастыру;
Су ресурстарын хлорландыру арқылы заласыздандыру әдісіне талдау
жасау.
Курстық жұмыстың міндеті:
Қойылған мақсаттарға сайкес мәліметтер жинау;
Жиналған мәліметтерді салыстырып, талдау жасау;
Курстық жұмыстың өзектілігі: Жиналған мәліметтер қорытындылай келе
ұсынылған іс-шаралар аймақта экологиялық жағымды тәсілдерді қалыптастыруда
және су ресурстарының деңгейін жоғарылатуда қолдана алады. Жиналған
мәліметтер жоғарғы оқу орындарында биологиялық, экологиялық бағытына
қолдануға болады.
Ұсынылған іс-шаралар арқылы су ресурстарын жарамды күйде қайта
енгізу арқылы халықтың үмітін ояту, сенімін нығайту және еңбекке деген
құлшынысын арттыру.
Негізгі бөлім

БҰҰ мәліметтері бойынша ΧΧΙ ғасырда ғаламдық жылынудан гөрі судың
жетіспеуі өткір мәселе болады. Су қорының жетіспеуі тек кедейлік пен
мешеулікке ғана әкеліп соқпай, этникалық және мемлекет аралық
қақтығыстардың себебі болады.
Ғалам халқының санының өсуі су қажеттілігін күрт арттырады. Әсіресе,
бұл Азия құрылығының тұрғындары үшін қиындық туғызады, өйткені олардың
негізгі тамағы суда өсетін күріш.
Су – өмір көзі. Бірде бір өндіріс сусыз жұмыс істей алмайды. Сусыз
атмосфера оттегімен толықтырыла алмайды. Су үлкен (геологиялық) және кіші
(биохимиялық) зат айналымына қатысады. Қазіргі көзқарас бойынша өмір суда
пайда болған. Адам ағзасында су 60% -дай болады. Табиғи экожүйедегі судың
алатын орны ерекше.
Мысалы,
бидайдың 1т өндіру үшін 2500 т су,
күріштің 1т – 4500т су,
мақтаның 1т – 10 000 т,
аммиактың 1т– 1000 т,
синтетикалық каучуктың 1т –2000 т,
синтетикалық талшықтың 1т – 2500-5000 т және т.с.с.
Адам үшін су тек биологиялық емес, әлеуметтік те фактор болып келеді.
Биологиялық мақсат үшін адам тәулігіне 5л су жұмсаса, одан басқа тағы 1500-
2000 л жұмсайды.
Судың бағасы жылдан-жылға өсіп барады. Араб әмірлігінде 1 л ауыз
суды 1л шикі мұнайға айырбастауға болады. Табиғи ауыз су ұлт байлығына
айналып барады. Дүкендерде ауыз судың сатылуы қалыпты жағдайға ұласты. Жер
ғаламшарындағы су қоры ~ 1.400 000 км3, бірақ оның көбі ащы (4 кесте).
Су қорын пайдаланғанда оның айналым жылдамдығын ескерген жөн.Тұщы
судың 70%-дайы мәңгі мұздық пен мәңгі қардың үлесінде, бірақ адам ол суды
пайдалана алмайды. Бұл өлі табиғи су қоры. Жердің терең қойнауындағы суды
да пайдалану қиын. Сондықтан адамның қолы жететін су қорының 0,001 % ғана
ішуге жарамды.
Су баға жетпес табиғат байлығы. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға
байланысты. Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Ол зат алмасу процесінде
қарқынды роль атқарады.
4–кесте. Жер ғаламшарындағы су қоры.
Гидросфера бөліктері Көлемі Жалпы көлемнің пайызы
(мың км3)
Әлемдік мұхит 137 023 94,2
Жерасты сулары 60 000 4,12
Мұздықтар 24 000 1,65
Көлдер 230 0,016
Топырақтық ылғал 75 0,005
Атмосфера булары 14 0,001
Өзендік сулар 1,2 0,0001
Барлық гидросфера 1 454 643,2 100,0
Суды жайылымдарды суландыру үшін пайдалану — заңды ұйымдар мен
азаматтардың мал суаруды қамтамасыз ету мақсатымен жайылымдарды суландыру
үшін жер бетіндегі және жер астындағы суды пайдалануы. Жайылымдарды
суландыру үшін суды пайдалану шегенді және
құбырлы құдықтарды, тоғандарды, апа ндарды, суландыру каналдары мен баска да
құрылыстарды салу арқылы жүзеге асырылады. Суару алаңдары мен басқа да
құрылғылар болғанда суды мал суару үшін пайдалануға жол беріледі.
Суды жеке пайдалану— суды жеке пайдалануды талап ететін қызметті
жүзеге асыру үшін заңды ұйымдар мен азаматтарға сутоғандардың немесе
олардың бөліктерінің жеке пайдалануға берілуі. Баска су пайдаланушылардың
жеке пайдалануға берілген сутоғандарын пайдалануына Қазақстан
Республикасының Су Кодесінің 36-бабында көзделген жағдайларда жол беріледі.
Суды жекеменшік қосалқы шаруашылық, бақ өсіру мен бақшашылық
мұқтаждары үшін пайдалану — жекеменшік қосалқы шаруашылық жүргізетін, бақ
өсіру мен бақшашылықпен айналысатын азаматтарға белгіленген лимиттерге
сәйкес суару үшін судың бөлінуі. Жергілікті су ресурстары болмаған кезде
суару үшін су бүрыннан бар су пайдаланушылардың лимиттерін қайта бөлу
есебінен бөлінуі мүмкін.

Бүгінгі таңда судың ластануынын тудыратын 400-ге жуық заттар
белгіленген. Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік,
жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды.
Зияндықты көрсететін: санитарлы - токсикалық, жалпы санитарлық және
органолептикалық көрсеткіштерінің тым болмағанда біреуінің шекгінен асып
кеткен жағдайда, су ластанған деп есептелінеді.
Судың ластануы-оның физикалық және органолептикалық құрамының (оның
мөлдірлігі, иісі, дәмінің бұзылуы) өзгеруінен байқалады, құрамында
сульфаттардың, хлоридтердің, титратттардың, токсикалық ауыр металдардың
көбеюінен, суда еріген ауа оттегі азаюы, радиоактивті элементтердің пайда
болуы, ауру туғызатын бактериялар мен басқа да ластаушылардың судың
құрымында кездесуін айтамыз.
Су ластану көздері:
- Химиялық
- биологиялық
- физикалық ластануларын қарастырады.
Химиялық ластануларға: мұнай және мұнай өнімдері, СББЗ( синтетикалық
беткейлі - белсенді заттар (СПАВ), пестидциттер, ауыр металдар, диоксиндер
және т.б.
Биологиялық ластанулар өте қауіпті, мысалы, вирустар мен басқа да
ауру туғызатын микроорганизмдер.
Физикалық ластануларға- радиоактивті заттар, жылулық және т.б.
Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физикалық- химиялық
қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді:
1.Физикалық күйіне байланысты: ерімейтін, коллоидты, еритін;
2.Табиғатына қарай – минералды, органикалық, биологиялық немесе
бактериалық.
Минералды компоненттерге анорганикалық қосылыстар, яғни суда еритін
және онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер жатады. Табиғи
суларда еріген түрде әр түрлі газдар, сонымен қатар еріген тұзда болады.
Бұлардың бар-жоғы химиялық әдістерді қолдану арқылы анықталады, себебі
еріген қоспалар құмды және қағаз сүзгіштерін ұсталмайды.
Органкалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан, т.б.
жолмен пайда болган органикалық заттар жатады. Өсімдіктен пайда болган
заттарга олардың қалдықтары, өсімдік майлары, қағаз, т. б. ал жануарлардан
пайда болған заттарға, мал ткандары, желім заттар, қи және организмнен
шығатын басқа да заттар жатады.Суда еритін минералды және органикалық
қосылыстардан басқа ерімейтін қалқыма немесе коллоидты бөлшектер.
Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге - бактериялар,
вирустар, балдырлар, ең төменгі сатыдағы жәндіктер, құрттар,
микробиологиялық зауыттардың қалдықтары және т. б. кіреді.
Қазіргі таңда су ресурстарының тез арада ластанудың себебі суға деген
антропогендік жүктеменің артуы. Оның басты себептері дүниежүзіндегі халық
санының күрт өсуі және суға деген сұраныстың жоғарлауы. Осыған қоса ҒТР өз
ықпалын тигізуде. Өнеркәсіптің химиялық және мұнай химиялық салалары су
қоймаларына зиянды заттардың енуіне себепші болып, көп жағдайда оның
сапасын нашарлатады. Адамзаттың тіршілік етуі барысында табиғатқа миллионға
жуық жаңа заттар енген (барлығы 6 миллион химиялық қосындылар белгілі).
Жер бетіндегі сулардың ластану көздеріне мыналар жатады:
- өнеркәсіп өнімдері мен өндіріс қалдықтарын сақтайтын және
тасымалдайтын орындар;
- тұрмыстық, тұрмыс қажетін өтеу барысындағы қалдықтарды жинайтын
орындар, қоймалар;
- тыңайтқыштар, пестицидтер және де химиялық заттар қолданылатын ауыл
шаруашылық салалары;
- жер асты сулары байланыстағы жер бетіндегі обьектілер;
- су көзіне жалғасқан лас орындар;
- жауын-шашынның ластанған жерлерді жууынан пайда болған шайынды сулар;
- өндіріс, бұрғылау, қазу және т.б.
Суды ластайтын көздерге өнеркәсіптік және коммуналдық канализациялық
ақаба сулары және де басқа өндіріс қалдықтары, құрамында әртүрлі
агрохимикаттары (пестициттері тыңайтқыштары т.б.) бар егістік жер
қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шаруашылығы
ағындылары, су қоймаларына жауын шашын арқылы әкелінетін аэрогенді
ластағыштар жатады.
Қазіргі таңда адам коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі үшін ас суды көп
пайдалануда. Қолданатын судың мөлшері аймаққа, өмір сүру деңгейіне
байланысты адам басына шақ қанда 3 литрден 700 литрге дейін келеді.
Су ортасы үшін ең үлкен қауіп тудыратын мұнай, мұнайды өңдеу,
химиялық қосылыстарын алу, радиоактивті заттар және ауыр металдар алу
өндірістері болып табылады. Теңізге төгілген 1 тонна мұнай 2,6 км
аумақтағы судың бетін біркелкі жұқа пленкамен қаптап тұрады. Суға
жайылғанда атмосферадағы ауа мен су газдарының алмасуын және судың булануын
қиындатады.
Ағаштарды сумен тасымалдау кезінде де судың ластануы байқалады. Терең емес
өзендерде ағаштарды тасымалдағанда 10-30 % жуығы батып кетеді. Бұл балық
шаруашылығына зиян келтіреді.
Электростанцияларды салу нәтижесінде көп алқапты алып жататын бірақ
онша терең емес су қоймалары пайда болады. Бұл су қоймаларда өте көп
мөлшерде балдырлар пайда болады бұл өсімдіктер халық шаруашылығына бірқатар
залалын тигізуде. Көкжасыл балдырлардың 9 түрі суды өте қатты ластандыруда.
Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін
заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар.
Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта, коммуналдық-тұрмыстық
шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері
әдетте 5-15 мгл-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0,1
мгл-ді құрайды.
Басқа ластаушылардан: металдарды (сынап, қорғасын, мыс, марганец,
қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс
алқаптарынан және мал шаруашылығы фермаларынан түсетін улы химикаттарды
атауға болады.
Металдардың ішінен су қоры үшін ең қауіптісі сынап, қорғасын және
олардың қосылыстары.
Жылулы ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына
жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне
алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып,
судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңділік
бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш
микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды. Сосын ішкен су арқылы
организмнің ішіне түсіп әртүрлі аурулар тұдыруы мүмкін.
Су қоймаларының ластануы, ондағы су деңгейінің төмендеуі және су –тұз
баланысының өзгеруі, міне осындай жағымсыз құбылыстардың қатарына соңғы он
жылдың ішінде көлдердің қышқылдануы кеп қосылады. Бұл кең ауқымды Швецияда,
Норвегияда, АҚШ-та және Канадада байқалады. Жауын-шашын түскенде және
құрғақшылықта SO2, NO2 атмосферадан шайылып кетеді екен.
Жер асты суы ластанудан жақсы қорғалған әрі онда маусымдық және көп
жылдық ауытқулар болмайды. Алайда, жауын-шашынмен, өзен суларымен,
канализация жарылғанда немесе мұнай өнімі сыртқы шығып кетсе –табиғи
инфильтрация арқылы жер асты суы да ластанады. Мәселен, 1957 жылы АҚШ
базасында авиалайнер 110 мың л реактивті отынды төкті. Су көкжиегінде дейін
ластанатын, 15 жыл бойы сумен қайтамасыз ететін базаны калпына келтірудің
мүмкіндігі болмады. Токсикалық арық суын, әсіресе, радиоактивті суды жер
асты резервуарына көму өте қауіпті: 1 литр радиоактивті су 10 млрд м3 суды
ластайды.
Теңіз суларын мұнай қалдықтарымен ластауда негізгі рөлді танкерлер
атқарады. Қалдықтар суға кеме резервуаларының жуғанда немесе олар апатқа
ұшырағанда құйылады, әсіресе, ірі танкерлердің күйреуі аса қауіпті. Бұл
уақытта суға 200-300 мың тоннадай мұнай өнімдері теңіз суларына ақтарылып,
орасан зор алқапқа жайылады. Оның әсері барлық тірі организімдерге бірден
қауіпті.
Әлемдік мұхиттың мұхиттың ластануы – бүгінгі таңда адамзаттар алдында
тұрған үлкен проблема. Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарын ұзақ уақыт жүзіп
өткен француздық ғалым Жак Ив (Мұхит – ажал аузында) атты мақаласында
жазғандай, мұхиттағы тіршілік 40%-ке кеміген әрі ондағы тіршілік шапшаң
жылдамдықпен құрып бітуде. Мұның бәріне адамзат кінәлі. 50 жылдың ішінде
теңіз жануарларының мыңдаған түрі тұқымымен жойылып кеткен, бұдан былай
олардың орнын толтырудыңмүмкіндігі қалмаған.
Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі
нәтижесінде ластанбаған беттік тұщы су көзі жоқ деуге болады. Солтүстік
суларының тазалығы туралы түсінік тек алдамшы. Бұл сулардың аз ластануы
олардың олиготрофтылығынан тіршіліктің кедейлігі), өздігінен тазару
қабілетінің әлсіз болуы мен төмен температурамен теңеседі. Осы уақытқа
дейін мұхиттың шексіз өздігінен тазаруға қабілеті туралы түсінік
қалыптасқан. Қазір бүкіл адамзат мұхиттың дүниежүзілік қоқыс төгетін жер
көместігіне көз жетіп отыр. Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына
жыл сайын 30- дан 50 млн. Тоннаға дейін мұнай төгілуде. Ал оның әр тоннасы
12 км2 суды қабықшамен жаба алады. 0,05 мгл мұнай су құрамында болса, су
ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мгл болғанда көптеген су ортасымен
байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Иістік құбылыстардың әсерінен балықтар
мен т.б. ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді. Мұнаймен және басқа
ластануға, әсіресе планктон сезімтал. Оның жойылуы көптеген басқа
ағзалардың тіршілік етуінің мүмкін болмауына әкеледі.
Ластанған суды пайдалану адам денсаулығына жағымсыз әсер етеді.
Адамның бактериальді ластанған сумен үнемі байланыста болуы, сонымен қатар
сол судың қасында өмір сүруі немесе ұзақ уақыт болуы, әртүрлі паразиттердің
теріге кіріп және көптеген ауруға душар еткізуі мүмкін. Қазіргі кезде
мынадай жұқпалы ауруға : тырысқақ, іш сүзегі, дизентерия және т.б.
ауруларға адамдардың ұшырауы күннен-күнге көбейеді.
Тіршілікте ақуіп-қатер туғызатын ластанған судың дәрежесін анықтау
үшін биоиндикаторлар бар. Мәселен екі жақтаулы малюскалар токсикалық
пестицидтердің бірі ДДТ-ны залалсыздандыруға және қолайлы жағдайда
организмдерден бөліп шығаруға қабілетті.
Сонымен қатар сулы ортаның микроорганизмдері аса жоғары дамыған
миханизміне байланысты суға түскен ауыр металдарға тұрақты болып, өз
функциясын бұзбайды.

Химиялық ластану - мұнай және мұнай өнімдері, СББЗ( синтетикалық

Су ресуртарының қасиеті қышқылдығы сутек көрсеткішімен(рН) бағаланып,
сутек иондарының (*(Н )) жиынтығын білдіреді.
Су ресуртарының қышқылдығы төмендегі көрсеткіштермен бағаланады. Егер,
- рН-8 болса, онда өзен мен көлдің суы таза болады;
- рН-7 болса онда бейтарап орта болып келеді;
- рН-7 ден кем болса ортаның бәрі қышқыл ортаға жатады;
- рН-6, 6-5,5 болса, орта қышқыл орта болып саналады. Мұндай ортада
кейбір организмдер өмір сүру қабілетінен айырылады.
Ешкімге пайдасы жоқ сфагнум (шым тезекте өсетін) мүктері өсе бастайды.
Жалпы судың рН-ның өзгеруі суға түсетін немесе антропогендік әсерден пайда
болған ластанулардың есебі.
Кейбір улы заттектер мұхиттарда бірнеше жыл бойы сақталып, теңіз фаунасына
және адамдар денсаулығына қауіп туғызады. Ластану мұхиттың бойымен біркелкі
тарамайды, ол негізінде жағалау жазықтықта және континенталды шельф
аудандарында жиналады, бұлардың үлесіне барлық мұхит кеңестігінің шамамен
10 проценті ғана тиеді, бірақ онда балықтың 90 проценті ұрық шашып, өніп-
өсіп және ауланады.
Қышқылды шауын-шашынның немесе ақаба сулар әсерінен ластану
нәтижесінде сулы ортаның рН мағынасының өзгepyi, әcipece төмендеуі
алюминий және ауыр металдар қосылыстарының ерігіштігін жоғарылатады,
epireн түрге айналған қосылыстар өсімдіктер мен организмдерді (ағзаларды)
уландырады.
Судағы ағзалардың таралуы көбіне сутек ионының концентрациясына
байланысты келеді.
Тұщы су бассейндерінің:
- рН 3,7 - 4,7 аралығында болса қышқылданған;
- 6,95 - 7,3 бейтараптанған;
- 7,8 үстінде — сілтіленген болып саналады.
Тұщы суаттарда рН мағынасы тәулік бойы өзгеріп отырады. Қандай су
болса да рН тереңдік деңгеймен байланыс ты болады. Тұщы сулармен
салыстырғанда теңіз сулары сілтілеу келеді, рН мағынасыда өз өзгеріп
отырады. Суы тұщы өзен мен көлдерде рН мағынасы 6 - 7 аралығында болады,
көбіне организмдер осы деңгейге бейімделген.
Тұщы судағы балықтардың кө6i рН 5-тен 9-га дейін ауытқуын көтере
алады. рН оптимум мағынасынан 6ip шамаға ауытқитын болса, олардың көбіci
мазасыз күйге түседі, кейде кейбір түрлер өсіп-өну npoцесінің тоқталуына
байланысты жойылып та кетеді. Мысалы, рН мағынасы 5-тен төмендесе,
балықтардың жаппай қырыла бастайды, ал рН 10-ның үстіне шықса, балықтар мен
басқа жануарлар түгелімен жойылып кетеді.
Қазіргі уақытта Жер бетінде өзінің тіршілік ағзаларынан айрылған
бірнеше мыңдаған көлдер кездеседі. Швецияның 2000 үстіндегі көлінде 6ipде
6ip тіршілік иелері жоқ, ал аса сезімтал ағзалар жойылған көлдер мен
өзендер басқа да елдерде (Норвегияда, Канадада, т. б.) жеткілікті.
Көлдер мен өзеңдер суының қышқылдануы құрылықтағы жануарларға да әсерін
тигізеді, ce6e6i олардың кө6ici су экожуйесінде мекендейтін организмдер
және өсімдіктермен корректенеді. Табиғи су қоймаларына түскен биогенді
элементтердің әсерінен фитопланктондардың, әcipece көгілдір- жасыл, жасыл
және қызылбалдырлардың, сонымен қатар жоғары сатылы су өсімдіктерінің өcin
дамуы өрлейді. Бұл органикалық заттар балдырлар мен басқа да судағы
өсімдіктердің массасының кобеюіне әкеп соғады. Аталған организмдердің 6әpi
аэробты, олар дем алуға судағы epiгeн оттегі қолданылатындарына байланысты
оттек мөлшерінің жетіспеушілігі пайда болады.
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді.
Оларды:
- қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер),
- лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп
жіктейді.
Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%,
минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен
синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар
–химиялық ластану көздері.
Жыл сайын әлемде 250 мың жаңа химиялық заттар белгілі болып, олардың
негізгі бөлігі қоршаған ортаға кері әсерін тигізбей қоймайды. Тәжірибе
жүзінде 500000 химиялық қосынды пайдаланады. Халықаралық экологиялық
ұйымдардың есептеулері бойынша олардың 40000 мыңға жуығы өз қасиеттерімен
адамзат баласына зиянын тигізсе, 12000-ы улы заттар болып табылады.

Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралуы
және Су қоры олардың деңгейлік ерекшеліктсрі ең алдымен климат
факторларына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді.
Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті.
Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей
жылдары су мөлшері қалыпты орташа деңгейден 2–4 есе артық болса, қуаң
жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан
Қазақстанның маңызды табиғи қорларының бірі – жер асты суы. Су қорлары кең-
байтақ аумақта біркелкі таралмаған.
Өзен. Республика территориясында ұзындығы 10 км-ден асатын 8
мыңнан астам өзендер бар. Олардың ішіндегі ірілері – Ертіс, Жайық,
Сырдария, Іле еліміздің шеткі аймақтарын басып өтеді. Ертіс, Есіл, Тобыл
өзендерінің су деңгейі төмен, көктемде ғана жайылып ағады. Еліміздің басты
өзендерінде Жайық, Ойыл, Үлкен және Кіші Өзен, Жем, Тобыл, Есіл, Торғай,
Ырғыз, Нұра, Шідерті, Сілті, Сарысу, Қараертіс, Ертіс, Арыс, Сырдария,
Талас, Шу, Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсіні жатқызуға болады. Таудан басталатын
Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаратал, Есік өзендерінде сел тасқындары болып
тұрады. Егістіктер мен шабындықтарды суландыру, өнеркәсіпті және тұрмыстық
қажетті сумен қамтамасыз ету үшін салынған каналдар да бар. Олардың ішінде
Ертіс-Қарағанды-Жезқазған (пайдалануға берілген ұзындығы 500 км), Арыс-
Түркістан (ұзындығы 200 км), Бөген-Шаян (ұзындығы 29 км) Шыршық(ұзындығы 70
км), Жаңадария (ұзындығы 600км) Қазалының оң жақ (ұзындығы 120 км), және
Сол жақ (ұзындығы 80 км), Басқара (ұзындығы 48 км), Қызылорда су торабының
оң жақ (ұзындығы 80 км) және сол жақ (ұзындығы 70 км), Шиелі-Телікөл
(ұзындығы 90 км), Шиелі-Шіркейлі (ұзындығы 139 км), Көксу (ұзындығы 103
км), Лепсі (ұзындығы 39 км), Шу (ұзындығы 82 км) каналдарын айтуға болады.
Көл. Қазақстан көлдерін ауданына қарай топтастырсақ, онда жалпы 48
262 көл айдынының 45 248-і шағын (ауд. 1 км2-ге дейінгілер) көлдер қатарына
жатады. Ауданы 10 км2-ден астам ірі көлдер саны 296, ал 100 км2-ден астам
аса ірі көлдер 21 (бұл 21 айдын үлесіне Қазақстандағы барлық көлдердің
жалпы ауданының 60%-ы тиеді). Олардың орташа тереңдігі 1-8 м аралығында
болғанымен кейбіреулері онан көп терең. Мысалы, Алакөлдің тереңдігі 45м-ге
дейін, Үлкен Шабақты көлі -37 м-ге дейін, Шортанды -31, Марқакөл -27,
Балқаш -26 м. Көлдердің ішіндегі ең үлкені Балқаш, ұзындығы 605, ені 74 км,
жиналған су көлемі 112 км³.
Екінші орында Алакөл ұзындығы 104, ені 52 км, су көлемі 56,6 км³.
Олардан басқа ірі көлдер қатарына Сасықкөл, Ұялы, Теңіз, Сілетеңіз, Үлкен
Қарой, Кіш Қарой, Шағалалытеңіз, Теке, Құсмұрын, Марқакөл, Шалқар,
Аралсор, Сарықопа, Қамыстыбас, Арыс, Қызықақ, Жалаулы, Қарасор, Индер
көлдерін қосуға болады. Барлық көлдердің су көлемі 190 км³, оның ішінде
тұщы (тұзы 1 грл) сулар тек 20 км³ шамасында ғана.
Қазақстан көлдері пайда болуы жөнінен
- тектоникалық
- экзогендік түрлерге бөлінеді.
Каспий және Арал теңіздері, Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сасықкөл, Марқакөл, т.б.
ірі көлдер тектоникалық қазаншұңқырларда қалыптасқан. Экзогендік көлдерге
Сілетітеңіз, Теке, Жалаулы, Қызылқақ, Үлкен Қараой, т.б. жатады. Орманды
дала және дала белдемдері көлге бай. Жалпы республика айдындарының
көпшілігі абсалютті биіктіктері 100 м-ден 3500 м-ге дейінгі борпылдақ
төрттік шөгінділердің үстінде орналасқан. Көлдердің су жинайтын алаптарының
ауданы көбінесе 10-нан 320 км2-ге дейін, ал шөлейт және шөл белдемдерінде
бұдан да аумақты келеді. Қазақстан көлдері шарасында 190 км3 су жиналған.
Бөгеттер мен бөгендер. Қазақстанда 4 мыңнан астам бөгеттер мен
бөгендер бер. Олардың жалпы көлемі 10 мың км² де, су мөлшері 90 км³
шамасында. Бөгендер негізінен өнеркәсіп орталықтарын су және электр
қуатымен қамтамасыз ету, маңайдағы жерлерді суландыру үшін салынған.
Олардың ішінде ірілері Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Бөген, Теміртау,
Сергеев бөгендері, шығындары – Алакөл, Теріс Ащыбұлақ, Жемсау, Қамыскөл,
Орал, Тайкешкен, Желқуар, Қаратомар, Шербайнұра, Кеңгір, Сарышығанақ, Күрт,
Теле, Шұқырой, т.б. бөгендер.
Теңіз. Қазақстанда екі теңіз бар. Арал теңізі, ұзындығы 428 км, ені
235 км, суының көлемі 1000 км³ еңтереңжері 67 м болатын. Қазіргі көлемі
жөнінде нақты мәлімет жоқ. Теңізге құйылатын өзен суы 76 км³-ден -42 км³-ге
дейін азайып, өнімді көп беретін, суы саяз, балықтар уылдырық шашатын шығыс
және оңтүстік жағалау құрғап, істен шыққан соң, теңіз жануарларына үлкен
нұқсан келуде. Аралдың қазіргі қайғылы жағдайы дүние жүзін алаңдатып отыр.
Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы 2430 км, теңіздің ең терең
жері 1025 м. Мұнда өсімдіктердің 500, балық пен басқа жануарлардың 854
түрлері бар. Өсімдіктері негізінен көкжасыл балдырлар. Соңғы кезде қызыл
қоңыр балдыр да өсе бастады. Жануарлар дүниесінен мекре тұқымдас
балықтарды, майшабақтарды, көк серкені, сазанды, табанды, ит балықтарды
кездестіруге болады.
Жер асты суы. Алаптағы не кендегі су сыйыстырушы жыныстардың сипатына
байланысты:
- жарықшақтық
- жарықшақтық-қабаттық
- қабаттық (пластық) жер асты сулары болып бөлінеді.
Жарықшақтық су таулы, қыратты және ұсақ шоқылы аймақтарда кеңінен
тараған. Құрамы әр түрлі атпа, шөгінді, метаморфтық жыныстардың жер бетіне
жуық үгілу аумағында (30–50 м-ге дейінгі тереңдікте) қалыптасады. Бұлар жер
бетіне көбіне минералд. төмен (0,1–0,1 гл), су шығыны мардымсыз шағын
бұлақтар түрінде ұшырайды. Тектоник. жарылыстар мен жаралу тегі әр түрлі
жыныстардың жапсарларын бойлай қуалаған бұлақтар мен тайыз ұңғымалардың су
өнімд. 5–7, кейде 10–15 лс-ке жетеді.
Жарықшақтық-қабаттық жер асты сулары Маңғыстаудың таулы бөлігіндегі,
Мұғалжардағы, Сарыарқадағы, Оңтүстік және Шығыс Қазақстандағы шағын
құрылымдарды құраушы, палеозой мен төменгі мезозойдың әлсіз цементтелген
терригендік және карбонаттық жыныстарының қат-қабаттарында қалыптасады. Жер
бетінде бұлақтар түрінде кездеседі, не тайыз ұңғымалармен (су шығымы 5 лс-
ке дейін) шығарылады. Карстық құбылыс молынан дамыған әктасты қабаттардағы
бұлақтардың су шығымы кейде 10–35 лс-ке жетеді. Жезқазған – Ұлытау ауданы
мен Үлкен Қаратаудағы (Мырғалымсай, Келтемашат, т.б.) кен қазбалары мен
ұңғымаларға жарықшақтық-қабаттық су көп жиналады.
Қабаттық жер асты сулары негізінен жазық аймақтардағы баяу
цементтелген және цементтелмеген антропогеннен палеозойға дейінгі
терригендік және карбонаттық жыныстардың қат-қабаттарынан орын алған.
Қабаттық су жиналатын жыныстардың қалыңдығы өзен аңғарларында бірнеше
метрге, биіктеу өңірлерде 0,5–1,5 км-ге, Шу-Сарысу, Арал маңы, Сырдария,
Маңғыстау – Үстірт өңірлерінде 3–6 км-ге, Каспий ойпатында 10–23 км-ге
жетеді. Сулы жыныстардың жоғарғы қабаттарында арынсыз грунт сулары,
төменіректе арыны жоғары артезиан сулары қалыптасады. Тұщы және қышқылтым
сулар өзен аңғарларында, эолдық құм алқаптарында, су айырықтық құмдық
түзілімдерде және сонымен бірге Каспий ойпатының шығ. бөлігіндегі,
Солтүстік Арал, Ортаңғы Маңғыстау, Сырдария, Шу-Сарысу, Іле, Ертіс маңы
ойпаттарындағы бор шөгінділерінде, пермь-триас, юра, палеоген-неоген
шөгінділері жиылған жекелеген телімдерінде бірнеше метр тереңдіктен
500–1000 м (Іле ойысында 2700 м-ге дейін) тереңдіктерде кездеседі.
Минералды 50–550 гл тұздықтар Каспий ойпаты, Шу-Сарысу, Теңіз-Қорғалжын,
Торғай қолатының ортанғы мен төменгі горизонттарында, Маңғыстау мен
Үстірттің едәуір бөлігінде, Солтүстік Қазақстанда кеңірек тараған. Жалпы
қабаттық қоры 570 м3с немесе 18 км3жыл. Жылда табиғи жолмен жаңарып (орны
қайта толып) отыратын қорларының шамасы 43 км3жылға тең. Осы қорлар
негізінде жер асты суларының пайдалануға болатын әлуеттік (потенциалдық)
қоры 53 км3жылға жетеді. Мұның 16 км3 барланған. Қазақстандағы Алакөл
артезиан алабы, Бетпақдала артезиан алабы, Каспий маңы артезиан
алабы, Қаратау артезиан алабы, Қызылқұм артезиан алабы, Маңғыстау артезиан
алабы, Мойынқұм артезиан алабы, Солтүстік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz